Суббота , 5 июля 2025

2023 жыл бізге НЕ БЕРЕДІ?

Президент Тоқаев бұған дейін жариялаған саяси өзгерістердің жалғасынан жаңа 2023 жылда сіз не күтесіз? Егер ол өзгерістер тағы да сөз жүзінде қалатын болса, қоғам тарапынан қандай реакция болуы мүмкін?

Жуықта құрамы жартылай жаңартылған үкіметті президент Тоқаевтың командасы деп айтуға толық сеніміңіз бар ма? Әлихан Смайыловтың премьер-министрлік лауазымды сақтап қалуы сізді қандай ойларға жетелейді?

Есік ашқан жаңа жылдың қоғамдық-саяси үмітін бағдарлау мақсатында осы және тағы басқа мәселелер төңірегінде «ДАТ» сауалнама жүргізген еді. Қоғамға танымал азаматтар не айтады – қаз-қалпында жарияланған пікірлерді оқып көріңіз.

Айман ТҰРСЫНҚАН, қаржы сарапшысы: ҮКІМЕТ КОМАНДАСЫ көзін ашпаған МАРҒАУЛАР СЕКІЛДІ

Өкініш­ке орай, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың айтып жүр­ген рефор­ма­ла­ры көз­бо­я­у­шы­лық. Бәрі нақты өзгерістер­ге жете­ле­мей­тін атүсті дүни­е­лер. Ондай жасан­ды өзгерістер билік тар­мақта­ры­ның әділет­ті бөлі­нуін көз­де­мей­ді. Бар­лық билік тіз­гін­дері бұры­нғы­дай орта­лы­қтан­ды­ры­лып, пре­зи­дент ықпа­лы­ның сақта­луы­на бағыт­талған. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­ті алға жете­лей­тін шынайы сая­си рефор­ма­лар­ды бай­қап оты­рға­ным жоқ.

Оны Ата заңға енгізіл­ген еш қажеті жоқ елу шақты өзгер­ту­лер­ден-ақ көру­ге бола­ды. Дәл сон­дай, еш мәнісі жоқ өзгер­ту­лер сай­лау және сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­дарға да енгізіл­ді. Бүгін­де жер­гілік­ті басқа­ру­дың өкілет­ті­гін арт­ты­ру заңы­ның жоба­сы қарас­ты­ры­лу­да. Ол заң­дағы жалғыз үміт – бір ман­дат­тық округ­тар бой­ын­ша өзін-өзі ұсы­ну­дың 50% өсіп, пар­ти­я­лық бөлі­гі жар­ты­лай шегеріл­гені. Аза­мат­тық қоғам өкіл­дері үшін жер­гілік­ті жер­де­гі жағ­дай­ды өзгер­тудің бір­ден-бір жалғыз жолы мен мүм­кін­ді­гі осы ғана болып тұр.

Жал­пы, жаса­лып жатқан заң­на­ма өзгерістеріне қарап, елі­міз­де шынайы сая­си рефор­ма­лар жүр­гізіліп отыр деп еш айта алмай­мыз. Деген­мен, жағ­дай­ды өзгер­те­міз десек, алдағы пар­ла­мент және мәс­ли­хат сай­ла­у­ы­на білек сыба­на ара­ла­суы­мыз керек.

Мем­ле­кет пен билік тара­пы­нан жаса­лып жатқан көз­бо­я­у­шы­лы­ққа аза­мат­тық қоғам­ның жау­а­бы қан­дай бола­ды деген сұраққа кел­сек – ешқан­дай. Өйт­кені сая­си пар­ти­я­лар мен сай­лау тура­лы заң­дарға енгізіл­ген өзгерістер­ге қаты­сты үні­міз шық­па­ды. Кезек­тен тыс өткен өтірік пре­зи­дент­тік сай­лау мен Ата заңға енгізіл­ген өзгерістер­ді де көз жұма қабыл­да­дық. Бірен-саран адам бол­ма­са, оны да үнсіз қалдырдық.

Бай­қап қара­саңыз, аза­мат­тық қоғам­ның бірі­гіп, бір күш бола­мыз деген ынта­сы жоқ. Биз­не­стің де сая­си-қоғам­дық өмір­ге ара­ла­суын көріп оты­рған жоқ­пыз. Бұл өте өкіні­шті жағ­дай. Біздің осын­дай немқұрай­лы­лы­ғы­мыз Кремль ықпа­лы­ның күше­юіне әкеліп отыр. Бұның бәрі бола­шақта мем­ле­кеті­міздің ұлт­тық мүд­де­лерінің қорғал­мауы­на әке­леді. Қаза­қстан­нан бірқа­тар шетел­дік инве­стор­лар­дың кетуі – алдғы уақыт­та кезек­ті санк­ци­я­лар­дың қабыл­да­нуы­ның бел­гісі. Бұл санк­ци­я­лар­дың әсері эко­но­ми­ка­мы­здың аяққа тұруы­на бал­та шаба­ды. Нақты айтқан­да, Ресей­дің эко­но­ми­ка­лық ықпа­лы­ның әлсіре­уін пай­да­ла­нып, Қаза­қстан­ды жаңа қар­жы орта­лы­ғы­на айнал­ды­ра алмаймыз.

Әли­хан Смай­ы­ло­втың пре­мьер­лік крес­ло­ны сақтап қалуы – Тоқа­ев­тың қорқы­ны­шы­ның бір бел­гісі. Ол бәсе­ке­ле­стік­тен қорқа­ды. Сол себеп­ті билік­тің бар­лық тар­мақта­ры­на ынта­сыз тұлға­лар тағай­ын­далған. Әли­хан Смай­ы­лов сон­дай­лар­дың бірі. Ол елі­мізді алға жете­лей­тін эко­но­ми­ка­лық бағ­дар­ла­ма ұсы­нған жоқ. Тек өзінің лау­а­зы­мы шең­берін­де қатар­дағы орын­да­у­шы болып тұр. Оның бой­ын­да стра­те­ги­я­лық жоба­лау, жағ­дай­ға дұрыс сарап­та­ма жасау деген қаси­ет­тер аты­мен жоқ.

Ең өкіні­штісі – үкі­мет­тің нақты жос­па­ры­ның жоқты­ғы. Біздің Мини­стр­лер каби­неті не істеп, не қой­ып жүр­генін өздері біл­мей­ді. Олар ертең не бола­тын біл­мей­тін, көзін ашпаған марға­у­лар секіл­ді. Мини­стр­лер каби­нетінің жаңа құра­мы – қол­да­ры­нан түк кел­мей­тін сол баяғы басқа­ру­шы­лар буы­ны. Олар ешқа­шан шын өндірісті көр­ме­ген, нақты сауда­дағы қиын­ды­қтар­дың қан­дай бола­ты­нын біл­мей­тін, қар­жы нары­ғы­ның ере­же­лерін толық түсін­бе­ген, Ұлт­тық банк­тің сая­са­тын ұқпай­тын, дүкен сөре­лерін­де­гі баға­лар­дың қалып­та­су заңын мең­гер­ме­ген шен­ділер. Халқы­мы­здың қалай күн көріп оты­рға­ны және әле­умет­тік алшақты­қтың күн­нен-күн­ге өсіп жатқа­ны баста­ры­на кіріп шықпайды.

Бұл жағ­дай пре­зи­дент Тоқа­ев­тың лидер­лік қаси­ет­терінің әлсізді­гін бай­қа­та­ды. Шынайы лидер бірін­ші кезек­те өзінің айна­ла­сы­на мықты тұлға­лар­ды жинап, сенім­ді коман­да қалып­та­сты­рып, олар­дың бар күш-жігерін мем­ле­кет мүд­десіне пай­да­ла­на­ды. Олар­дың алды­на мем­ле­кеті­мізді өркен­де­детін мақ­сат­тар қояды. Тоқа­ев 2023 жыл қиын бола­ды деп өзі айт­ты. Мен­де мынан­дай сұрақ туын­дай­ды: Бұны гео­са­я­си жағ­дай­ға қаты­сты айт­ты ма, әлде ішкі бюд­жет­тік жағ­дай­мен бай­ла­ны­стыр­ды ма? Олар тіп­ті өздеріне қан­дай қауіп-қатер­дің төніп тұрға­нын нақты айта алмай отыр. Бұл біздің үкі­мет­тің кәсі­би дең­гей­інің көрінісі.

Сон­ды­қтан жаңа үкі­мет­ті пре­зи­дент коман­да­сы деп айту қиын. Коман­да деп сен тұр – мен атай­ын деген нағыз кәсі­би­лер­ді айтуға бола­ды. Біз­де ол жоқ!

Айбар ОЛЖАЕВ, журналист: ПРЕЗИДЕНТКЕ ДЕГЕН СЕНІМ КВОТАСЫ БАР

Соңғы эко­но­ми­ка­лық бест­сел­лер – Дарон Адже­мо­глу мен Джеймс Робин­сон жазған «Неге кей мем­ле­кет­тер бай, ал кей­біре­улері кедей?» деп ата­ла­ды. Ұзақ мерзім­ді зерт­те­улер жасалған, автор­лар әр құбы­лы­сты терең зерттеген.

Тоқе­тері – тара­зы­ның басын­да азшы­лық пен көп­шілік тұра­ды. Мем­ле­кет­те­гі маңы­зды бар­лық шешім­дер­ді азшы­лық, яғни билік­те­гі топ, соның жанын­дағы оли­гарх­тық топ­тар қабыл­дай­тын елдер кедей мем­ле­кет­ке айна­ла­ды екен. Ал демо­кра­ти­я­лық, яғни халық болып, көп болып шешім қабыл­да­на­тын елдер ауқат­ты бола­ды. Неге?

Себебі азшы­лық түп­тің-түбін­де өзіне ғана тиім­ді, моно­по­ли­стік, яғни бәсе­ке­ле­стік­ті тұн­шы­қты­ра­тын шешім­дер қабыл­дай бастай­ды. Сол уақыт­тан бастап елде жаңа инно­ва­ция, инве­сти­ция, жаңа меха­низмдер, жаңа биз­не­смен­дер пай­да болуын тоқта­та­ды. Бұл – біздің 30 жыл бойы Қаза­қстан­нан көр­ген картинамыз.

Осы­дан шар­шаған адам­дар «Жаңа Қаза­қстанға» үміт артып отыр. Пси­хо­ло­ги­я­лық себебі түсінік­ті. Біз­ге жаңа леп, жаңа самал жел керек. Билік­те уақыт өте аз. Адам­дар қазір­гі роман­ти­ка­лық үміті­нен айнып қал­мауы керек. Олар шыны­мен «Жаңа Қаза­қстан­ның» туға­ны­на сен­се, қуат-қары­мы­на қанат бітіп, кез кел­ген жұмысты қопа­рып тастай ала­ды. Ал егер «Жаңа Қаза­қстан» жоқ екен деп күдер үзсе, өкініш­ке орай, төмен жақ қай­та­дан инерт­ті күй­ге енеді де, жоға­ры жақ ештеңе істей алмай­ды. Сон­ды­қтан мен билік­тің халы­қты тез ара­да «Жаңа Қаза­қстан­ның» басқа мем­ле­кет екеніне, әділет­ті екеніне сен­діруін күте­мін. Пре­зи­дент­ке менің тара­пым­нан үлкен сенім кво­та­сы бар.

Пре­зи­дент­тік коман­да деген мәсе­ле­ге келер бол­сақ, әңгі­ме коман­да­да емес. Әңгі­ме – систе­ма­да. Ескі систе­маға кез кел­ген жаңа адам­ды салып қой­са, ештеңе өзгер­мей­ді. Систе­ма адам­ды аяғын жер­ге тигіз­бей, лен­та­дағы кон­вей­ер сияқты алып жүреді. Бірақ ол өз уақы­ты­ң­ды қор қылған­мен тең.

Шешім қабыл­да­удың жаңа жүй­есі керек. Біз­де бастық бол­сын, министр бол­сын, өз аппа­ра­ты­ның бода­ны сияқты күй кешеді. Соның құр­са­уын­да қала­ды. Осы сең болып қатып қалған мұз­ды жарып тастай­тын күш керек.

PS. Эко­но­ми­ка және қар­жы тақы­ры­бы төңіре­гін­де қазақ тілін­де сау­ат­ты сарап­та­ма­лар жасап жүр­ген жас жор­нал­шы Айбар Олжа­ев елдің биы­лғы эко­но­ми­ка­лық әл-аухаты­на бай­ла­ны­сты «Фейс­бук­те» төмен­де­гі­дей болжам­дар жасаған екен.

2023 жылы Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі мен Дүни­е­жүзілік банк­тың болжа­уын­ша, эко­но­ми­ка­мыз 4 пай­ы­зға арта­ды. Ал Халы­қа­ра­лық валю­та қоры тіп­ті 4,4% өседі деп отыр.

«Мсье, ол ненің есебі­нен?» деп сұрағы­мыз кел­се, қолға каль­ку­ля­тор алуға тура келеді. Келесі жылы Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гінің жос­па­ры­на сәй­кес, 90 млн тон­на мұнай өндіре­міз. Оның 71 мил­ли­о­ны экс­пор­тқа кете­ді. 19 мил­ли­он тон­на мұнай­дан ішкі нары­ққа керек бен­зин, дизель, мазут өндіре­міз. 71 мил­ли­он тон­на – 525,4 мил­ли­он бар­рель мұнай.

Goldman Sachs (әлем­де­гі ең ірі инве­сти­ци­я­лық банк­тер­дің бірі – Ред.) келесі жылы Brent баға­сы орта есеп­пен бар­реліне 90 дол­лар­дың айна­ла­сын­да сауда­ла­на­ды деп топ­шы­лаған. Біз көбірек сата­тын CPC Blend сор­ты Brent-кe бар­реліне 4–5 дол­лар дис­конт­пен жүреді. Яғни, біз өз мұнай­ы­мы­здың әр бар­реліне 85 дол­лар­дан көре­міз. Сон­да бір жыл­да саты­ла­тын қазақ мұнай­ы­ның ақша­лай баға­сы – 44,6 мил­ли­ард доллар.

«Уау» деп қол шапа­лақта­уға әлі ерте. Ол әлі біздің ақша емес. 90-жыл­дар­да жасалған кон­тракт­тар бой­ын­ша, түсім /қазақ мұнай­ын игеретін/ халы­қа­ра­лық кон­сор­ци­у­м­дар­дың акци­о­нер­лері ара­сын­да бөлі­неді. Қаза­қстанға келесі жылы осы 44,6 мил­ли­ард дол­лар­дың шама­мен 20 мил­ли­ар­ды таза келуі тиіс. Ол 9,3 трил­ли­он теңге.

Біздің келесі жылғы бюд­жет­тік шығын­да­ры­мыз 20 трил­ли­он тең­ге екенін ескер­сек, демек, бар­лық шығын­да­ры­мы­здың тең жар­ты­сын осы мұнай­дың табысы жауып отыр. Сәй­кесін­ше, мұнай­ды көп сат­сақ және оның бир­жа­да баға­сы жоға­ры бол­са – біз­де авто­мат­ты түр­де эко­но­ми­ка­лық өсім болады.

Бірақ ең қуан­та­ты­ны мұнай емес.

2022 жылы Қаза­қстан елден заң­сыз шыға­ры­лған 600 мил­ли­ард тең­гені қай­та­ра алды. 2023 жылы осы жұмыс қарқын­ды жалғас­са және терең рефор­ма­лар баста­лып, біз­ге халы­қа­ра­лық биз­нес келе бас­та­са, мұнай­дан бөлек, мүл­де басқа бағыт­тар­дан түсетін ақша көбей­еді. Сол кез­де басқа дәуір басталады.

Марат ТҰРЫМБЕТОВ, азаматтық белсенді: СЕНІМ КРЕДИТІ сарқылуға тақау

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың жари­я­лаған сая­си рефор­ма­ла­ры толы­ққан­ды емес. Қай­сысын алсаң да, бәрі жар­ты­кеш. Тіп­ті бер­ген уәде­лері попу­лизм­ге көбірек ұқсай­ды. Олар­дан нақты өзгерістер­дің иісі де шықпайды.

Біз­ге кере­гі сай­лау тура­лы, сая­си пар­ти­я­лар тура­лы, бей­біт жиын­дар тура­лы заң­дарға демо­кра­ти­я­лық талап­тарға сәй­кестен­діретін шынайы өзгерістер енгізу.

Ал оның орны­на тек көз­бо­я­у­шы­лық таны­тып, үстір­тін, ешнәр­се­ге ықпал етпей­тін өзгер­ту­лер енгізіп, оны бір кере­мет рефор­ма жасаған секіл­ді көр­сет­кісі келеді. Тоқа­ев­тың бүкіл уәде етіп жасаған рефор­ма­ла­ры кос­ме­ти­ка­лық тұрғы­да ғана.

Сон­ды­қтан алдағы уақыт­та шынайы өзгерістер мен сая­си рефор­ма­лар орын алма­са, «Қаңтар оқиға­сы­ның» қай­та­ла­нуы әбден мүм­кін. Бүгін­гі жағ­дай­да халы­қтың шар­шаға­ны және нара­зы­лы­ғы тек өсе береді.

Әзір­ше халық тара­пы­нан Тоқа­евқа деген сенім кре­ди­ті бар. Бірақ ол сенім­нің уақы­ты шек­те­улі. Билік басын­дағы­лар осы­ны жақ­сы түсі­ну­лері керек. Егер жақын бола­шақта саяи өзгерістер бол­ма­са, халы­қтың әл-ауқа­ты жақ­сар­ма­са, жағ­дай­дың бақы­ла­удан шығып кету қау­пі өте үлкен.

Ал жаңа­ланған үкі­мет­ке келер бол­сақ, Мини­стр­лер каби­нетінің басым бөлі­гі осы­ған дей­ін ортақол мене­джер­лер болған тұлға­лар. Ара­ла­рын­да іліп ала­ры жоқ. Олар­дың көбі назар­ба­ев­тың жемқор­лық жүй­есі­нен шыққан адам­дар. Мини­стр­лер­дің көбі жас дегені­міз бол­ма­са, мақта­уға тұрар­лық біре­уі де жоқ. Олар­ды коман­да деп айтуға да ауыз бармайды.

Казбек БЕЙСЕБАЕВ, дипломат, общественный деятель: СУДЬБА СТРАНЫ в руках президента

Конеч­но, я как все граж­дане стра­ны, в ожи­да­нии поли­ти­че­ской модер­ни­за­ции, о кото­рой объ­явил пре­зи­дент. Поли­ти­че­ские рефор­мы дав­но назре­ли и их уже никак нель­зя откла­ды­вать. Толь­ко в слу­чае реформ мож­но рас­счи­ты­вать на обнов­ле­ние поли­ти­че­ской систе­мы и, соот­вет­ствен­но, на дви­же­ние стра­ны впе­ред. Если обе­ща­ния ока­жут­ся пусты­ми сло­ва­ми, то в этом слу­чае нас ждет поли­ти­че­ская неста­биль­ность со все­ми выте­ка­ю­щи­ми послед­стви­я­ми. Поэто­му, образ­но гово­ря, сей­час судь­ба стра­ны в руках президента.

Что каса­ет­ся коман­ды, то у нас чле­ны пра­ви­тель­ства назна­ча­ют­ся пре­зи­ден­том и поэто­му все новые назна­чен­цы явля­ют­ся коман­дой пре­зи­ден­та. Кро­ме того, соглас­но нашей Кон­сти­ту­ции, пре­мьер-министр ответ­стве­нен перед пре­зи­ден­том, а толь­ко потом перед парламентом.

Поэто­му сохра­нит нынеш­ний пре­мьер-министр Али­хан Сма­и­лов свое крес­ло или нет, – по сути, это ниче­го не меня­ет. Нуж­но, что­бы пра­ви­тель­ство фор­ми­ро­ва­лось пар­ла­мен­том и перед ним же отчи­ты­ва­лось. Вот тогда и мож­но будет гово­рить о поли­ти­че­ских реформах.

Марат АБДУРАХМАНОВ, экономист:

Социальные протесты БУДУТ НАРАСТАТЬ

Если после январ­ских собы­тий про­шло­го года пре­зи­дент Тока­ев не про­вел реаль­ных реформ, соот­вет­ствен­но, ждать их сей­час не при­хо­дит­ся. Граж­дан­ское обще­ство сфор­ми­ро­ва­ло общее мне­ние о неспо­соб­но­сти пре­зи­ден­та про­ве­сти рефор­мы после амни­стии сило­ви­ков и поса­док граж­дан­ских акти­ви­стов. Поэто­му ждать от него реаль­ных дел не при­хо­дит­ся. Соци­аль­ные про­те­сты будут нарас­тать по всей стране.

Что каса­ет­ся коман­ды Тока­е­ва, то она сидит в АП, а мини­стры фак­ти­че­ски им под­чи­ня­ют­ся. Так мне это видит­ся со сто­ро­ны. Про­фес­си­о­на­лов отрас­лей как не было так и нет. Сма­и­лов сохра­нил крес­ло и в ито­ге будет назван винов­ни­ком всех про­ва­лов это­го года.

Альнур ИЛЬЯШЕВ, правозащитник:

Мы будем действовать САМОСТОЯТЕЛЬНО

Вре­мя наше­го ожи­да­ния кон­чи­лось, мы с сорат­ни­ка­ми наме­ре­ны само­сто­я­тель­но дей­ство­вать, навя­зы­вая Тока­е­ву и его адми­ни­стра­ции повест­ку пер­во­оче­ред­ных, на наш взгляд, поли­ти­че­ских реформ. В бли­жай­шие дни граж­дане уже уви­дят опре­де­лен­ные наши шаги в пуб­лич­но-пра­во­вом поле.

Отве­том на что мы про­гно­зи­ру­ем уси­ле­ние поли­ти­че­ских репрес­сий в Казах­стане со сто­ро­ны оста­ю­щих­ся во вла­сти «про­дук­тов Назар­ба­е­ва». Рано или позд­но, но они будут вынуж­де­ны идти на нача­ло реаль­но­го диа­ло­га с граж­дан­ским обще­ством. Прав­да, как пока­зы­ва­ет исто­рия, чем боль­ше будет реа­ли­зо­ва­на их поли­ти­че­ская агрес­сия про­тив нас, тем тяже­лее будет их поло­же­ние в гла­зах обще­ства и соот­вет­ствен­но мень­ше шан­сов сохра­нить за собой какую-то власть.

Отно­си­тель­но так назы­ва­е­мой «коман­ды Тока­е­ва» думаю, что здесь боль­ше рабо­та­ет прин­цип «коней на пере­пра­ве не меня­ют». Деся­ти­ле­тия отри­ца­тель­ной селек­ции в гос­ап­па­ра­те лиши­ли их воз­мож­но­сти фор­ми­ро­вать эффек­тив­ные коман­ды из име­ю­щих­ся лояль­ных кадров.

Для «про­дук­тов Назар­ба­е­ва» страш­нее иметь в сво­их рядах более ква­ли­фи­ци­ро­ван­ных и опыт­ных кри­зис-мене­дже­ров, так необ­хо­ди­мых нашим эко­но­ми­ке и обще­ству, чем за каж­дый свой про­вал быть кри­ти­ку­е­мы­ми обще­ством. Появ­ле­ние в их рядах про­фес­си­о­на­лов с неза­ви­си­мым взгля­дом на ситу­а­цию, может стать сво­е­го рода некон­тро­ли­ру­е­мой ими цеп­ной реакцией.

Поэто­му Тока­ев опи­ра­ет­ся на при­выч­ных и понят­ных ему людей, кото­рые по при­ро­де сво­ей не спо­соб­ны на какие-либо рефор­мы. И поэто­му у нас нет иллю­зий отно­си­тель­но воз­мож­но­сти Тока­е­ва и его коман­ды обес­пе­чить хотя бы мало-маль­ски про­рыв в обще­стве и эко­но­ми­ке, а это пря­мой путь к буду­ще­му обще­ствен­но-поли­ти­че­ско­му кри­зи­су, авто­ра­ми кото­ро­го они и будут.

Опрос под­го­то­вил – Аза­мат ШОРМАНХАНУЛЫ, «D»

Биылғы реформалар туралы МЕМКЕҢЕСШІ НЕ ДЕЙДІ?

ҚР Мем­ле­кет­тік кеңес­шісі Ерлан Қарин биыл елі­мізді қан­дай сая­си рефор­ма­лар мен жаңа­шыл­ды­қтар күтіп тұрға­нын былай баяндайды:

«2023 жыл­дың сая­си күн тәр­тібін өткен жыл­дағы­дай пре­зи­дент Е сая­си рефор­ма­лар век­то­ры айқын­дай­ды. Алды­мен ел Кон­сти­ту­ци­я­сын жаңар­ту жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум қоры­тын­ды­ла­рын іске асы­ру жалға­сын таба­ды. Жыл басы­нан жаңа инсти­тут – Кон­сти­ту­ци­я­лық сот өз жұмысын баста­ды. Бұл жұмыстар Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл мен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның кон­сти­ту­ци­я­лық жаңа ста­ту­сы­мен, сон­дай-ақ халы­қтың әле­умет­тік осал топ­та­рын қол­дау бой­ын­ша жаңа­дан омбуд­смен лау­а­зы­мы­ның құры­луы­мен бір мез­гіл­де аза­мат­тар­дың іргелі құқы­қта­рын қорға­удың жаңа жүй­есін қабыст­ы­ра­ды» деп жаз­ды Ерлан Қарин өзінің Telegram-арна­сын­да. Сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік кеңес­ші 1 қаңтар­дан сай­лау заң­на­ма­сы мен сай­лау жүй­есіне қаты­сты бірқа­тар жаңа өзгерістер күшіне енетінін айт­ты. «Бір ман­дат­ты сай­лау округ­тері мен тиісті сай­лау комис­си­я­ла­рын құру про­цесі бастал­ды. Аумақтық сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның мүше­лері енді өз өкілет­тік­терін кәсі­би әрі тұрақты негіз­де жүзе­ге асы­ра­тын бола­ды. Бұл сай­лау рәсім­дерінің сапа­сын арт­ты­руға мүм­кін­дік береді.

Биыл 2022 жыл­дың күзін­де басталған жаңа сай­лау цик­лі жалға­сын таба­ды. 14 қаңтар­да пар­ла­мент сена­ты депу­тат­та­рын сай­лау өте­ді. Содан соң бірін­ші жар­ты­жыл­ды­қта сая­си жүй­ені ілгеріле­мелі қай­та жүк­те­удің пре­зи­дент­тік жос­па­ры­на сәй­кес мәжіліс пен бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат­тар депу­тат­та­рын кезек­тен тыс сай­лау өтуі тиіс. Алдағы сай­лау науқа­ны мүл­дем жаңа ере­же­лер мен нор­ма­лар бой­ын­ша өтетінін атап өткен жөн», – дей­ді ол.

Оның айтуын­ша, биыл­дан бастап пилот­тық режим­де аудан­дар мен облы­стық маңы­зы бар қала­лар­дың әкім­дері тіке­лей сайланады.

«Ауыл әкім­дерінің кор­пу­сын жаңар­ту жалғас­пақ. 350-ден астам ауыл, кент және ауыл­дық округ әкім­дерін тіке­лей сай­лау жос­пар­ла­нып отыр. Сай­лау мың­нан астам ауыл­дық елді мекен­ді қамтиды.

Осы­лай­ша, 2023 жыл өткен жылға қараған­да ішкі сая­си оқиға­ларға толы бол­мақ. Ең басты­сы, пре­зи­дент­тің жаңғыр­ту бағ­дар­ла­ма­сын үде­мелі іске асы­ру жалға­су­да. Бұл 2023 жылғы сая­си күн тәр­тібінің негізі», – деп атап көр­сет­ті Мем­ле­кет­тік кеңес­ші Ерлан Қарин мырза.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн