Суббота , 5 июля 2025

БАҚЫТЖАН ҚЫЗ БАТЫР АТАНДЫ

  • Қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на АҚШ мем­ле­кет­тік хат­шы­сы­ның «Батыл әйел» халы­қа­ра­лық сый­лы­ғын иелен­ді. Он жеті жыл қата­ры­нан бұл сый­лық өз өмірін қауіп­ке тіге оты­рып, адам құқы­ғын қорға­у­мен айна­лы­сқан әйел­дер­ге беріліп келеді. Биыл мара­пат­тау рәсі­мі алғаш рет Ақ үйде өтпек. Оған Төреғо­жи­на­дан бөлек, әлем­нің өзге елдері­нен 10 әйел іріктелген.

АҚШ мем­ле­кет­тік депар­та­мен­ті қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на­ның 25 жыл бойы адам құқы­ғын қорға­у­мен айна­лы­сқа­нын, 2022 жылғы қаңтар­дан бері Қаңтар оқиға­сы­ның құр­бан­да­ры­на көмек беру және оқиға кезін­де адам құқы­ғы бұзы­лға­нын құжат­тау жөнін­де­гі «Qantar 2022» коа­ли­ци­я­сы­на жетек­шілік еткенін атап өткен.

«Кәсі­би жолын­да Төреғо­жи­на азаптау, зор­лық-зомбы­лық және сая­си қуда­лау құр­бан­да­ры­ның мәсе­лесін қозға­уда бел­сен­ді бол­ды» деп жаз­ды мем­ле­кет­тік депар­та­мент. «Осы жұмысты атқарға­ны үшін қорқы­тып-үркіту­ге және харас­смент­ке душар бол­ды. Оның ондаған жылға ұласқан еңбе­гі құқық қорға­у­шы­лар­дың үкі­мет­тер­ге жау­ап­кер­шілік жүк­те­уде, адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын нығай­ту­да зор рөл атқа­ра­ты­нын дәлел­деп отыр».

Қазір Вашинг­тон­да жүр­генін айтқан Бақыт­жан Төреғо­жи­на бұл сый­лы­қты кәсі­би қыз­меті мен Қаңтар оқиға­сын құжат­та­удағы бел­сен­ділі­гі үшін алға­нын айт­ты. «Куә­гер­лер­мен және зардап шек­кен­дер­мен жүз­де­ген сұх­бат жазыл­ды, жап­пай оқ ату­дың мың­даған құжа­ты, суреті мен видео­сы жинал­ды. Бұл жұмысты бола­шақта ешкім тарих­ты бұр­ма­ла­ма­сын деп жаса­дық…» деп жаз­ды құқық қорғаушы.

Бақыт­жан Төреғо­жи­на бастаған «Ар.Рух.Хақ» қоғам­дық қоры Қаңтар оқиға­сы кезін­де қаза тапқан, із-түс­сіз жоғалған, азапталған аза­мат­тар­дың аты-жөнін аны­қтап, билік­тен жари­я­лы­қты талап етіп келеді. Оқиға кезін­де 238 адам­ның мерт болға­нын айтқан Қаза­қстан билі­гі алға­шын­да түр­лі себеп­ке сіл­теп, марқұм­дар­дың аты-жөнін жари­я­ла­удан бас тар­тып кел­ді. Алай­да құқық қорға­у­шы­лар­дың тала­бы­нан соң, был­тыр тамы­зда ресми тізім­ді жари­я­ла­ды. Бірақ онда тек марқұм­ның фами­ли­я­сы мен есі­мінің алға­шқы әрпі ғана жазыл­ды. Сын­шы­лар билік­ті Қаңтар оқиға­сын әділ тер­ге­мей отыр деп айып­тай­ды. Елде Қаңтар тақы­ры­бын бел­сен­ді көтер­ген жур­на­ли­стер кей­ін­гі айлар­да шабуы­лға ұшы­рап келеді.

Еске сал­сақ, бұл сый­лық 2007 жылғы науры­здан бері жыл сай­ын беріледі. АҚШ өз елшілік­тері қыз­мет ететін мем­ле­кет­тер­ден әйел құқы­ғын нығай­ту, әділ­дік пен бей­біт­шілік­ті наси­хат­тау, адам құқы­ғы мен ген­дер­лік теңдік­ті қорғау ісін­де көз­ге түс­кен әйел­дер­ді ірік­теп, мем­ле­кет­тік депар­та­мент­ке таң­да­уға ұсынады.

Бүгін­ге дей­ін бұл мара­пат 80 елдің 180 аза­ма­ты­на табыст­алған. 2018 жылы бұл сый­лық «жыны­стық зор­лық-зомбы­лық құр­ба­ны болған әйел­дер мен бала­лар құқы­ғын қорғаға­ны» үшін қаза­қстан­дық адво­кат Айман Ома­ро­ваға беріл­ген.

2020 жылы «Батыл әйел» сый­лы­ғын Қытай­дан Қаза­қстанға қашып, Шың­жаң­дағы мұсыл­ман­дар­дың қысым көр­гені жай­лы алғаш мәлім­де­ген­дер­дің бірі – Сай­ра­гүл Сауыт­бай алған еді. Қытай тума­сы Сай­ра­гүл Сауыт­бай ұлты қазақ бол­са да, Қаза­қстан­да босқын мәр­те­бесін ала алмай, отба­сы­мен бір­ге Шве­ци­яға көшу­ге мәж­бүр болған еді.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн