Воскресенье , 6 июля 2025

ҚАЗАҚ НЕГЕ КҮРТ ӨСПЕЙДІ? Бізде ұзақ мерзімді даму жоспары жоқ!

  • Өтіп бара жатқан 2022 жыл­ды қосып есеп­те­ген­де, кей­ін­гі уақыт­та Қаза­қстан­да демо­гра­фиялық аху­ал қалай өзгер­ді? Бала туу­ды көбей­ту және шетел­ден қан­дастар­ды көші­ру арқы­лы халық санын ұлғай­ту қан­ша­лықты тиім­ді бол­ды? Шағын қала­лар­ды дамы­ту неге маңы­зды? Алдағы жыл­да­ры Қаза­қстан­да туу көр­сет­кі­ші өсе ме? Осы және қазақ халқы­ның демо­гра­фи­я­лық өсі­міне бай­ла­ны­сты басқа да сұрақтар төңіре­гін­де «Азаттық» демо­граф-ғалым, «Fылым Орда­сы» ғылы­ми кадр­лар дай­ын­дау орта­лы­ғы­ның жетек­шісі Алтын Уәл­та­е­вамен сұх­бат­тасқан екен. Халы­қтың өсім мәсе­лесінің маңы­зды­лы­ғын ескеріп, осы сұх­бат­ты ықшам­дап жари­я­лап отырмыз.

«DAT»

Биыл және соңғы бір­не­ше жыл­да Қаза­қстан­да демо­гра­фия аху­а­лы қалай өзгерді?

Биыл Қаза­қстан үшін маңы­зды жыл бол­ды. Өйт­кені халық дамуы­ның жаңа кезеңі бастал­ды. Соңғы бір-екі жыл­да халық саны­ның өсуіне қаты­сты бар­лық бағыт­та (туу және өлім көр­сет­кі­ші, олар­дың айыр­ма­сы­нан шыға­тын халы­қтың табиғи өсі­мі, көші-қон) оң өзгерістер бай­қа­ла­ды. Биы­лғы туу көр­сет­кі­ші кей­ін­гі он жыл­дың ста­ти­сти­ка­сы­нан жоға­ры бол­ды. 1991–2003 жыл­дар ара­лы­ғын­да бала туу күрт азай­ған еді. Әсіре­се 1997–98 жыл­да­ры. Орта­ша есеп­пен алған­да, бір отба­сын­да бір бала да дүни­е­ге келмейтін.

Қазір жағ­дай түзел­ді. 2022 жыл­дың аяғы­на қарай бір отба­сы­на бір жарым бала­дан келеді. Яғни, бір үйде бес бала бол­са, екін­шісін­де бір бала болуы мүмкін.

Аздап бол­са да, халық саны көбей­іп жатыр. Қазір Қаза­қстан­да 19,5 мил­ли­он­нан астам адам тұра­ды (Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның қара­ша айын­дағы мәлі­метін­де халық саны 19,7 млн деп көр­сетіл­ген – «Азаттық»). Мың ада­мға шаққан­дағы өсім қарқы­ны 13 пай­ыз (орта­ша есеп­пен алған­да, жал­пы демо­гра­фи­я­лық өсім 1,3). Бұл біз­де кері көр­сет­кіш жоғын біл­діреді. Табиғи өсім бала туу есебі­нен қалып­та­сып отыр. Биыл 250 мың сәби дүни­е­ге келіп, 13 мың нәре­сте шетінеген.

Мыса­лы, Ресей «демо­гра­фи­я­лық крест» (туу­дан өлім­нің көп болуы) жағ­дай­ын­да отыр. Қаза­қстан­да мұн­дай жайт 1990 жыл­дар­дың басын­да болған, бірақ жағ­дай ушы­ққан жоқ. Үне­мі сәл ғана «плю­ста» жүретін­біз. Неге? Өйт­кені Қаза­қстан халқы бұрын­нан көп бала табуға бей­ім. Отба­сын құру, бала сүю деген біз үшін акси­о­ма, мен­та­ли­тет, ұлт­тың коды. Өте маңы­зды дүние.

Пан­де­мия халық саны­на әсер етті ме?

Пан­де­мия жыл­да­ры қала­да туу көр­сет­кі­ші сәл жоға­ры­ла­ды. Бірақ өлім көр­сет­кі­ші де өсті. Туу және өлім көр­сет­кі­шінің жоға­ры болуы­нан орта­ша коэф­фи­ци­ент өзгер­ген жоқ. Неке­ге оты­рған­дар азай­ды, ал ажы­расу көбей­ді. Бірақ ста­ти­сти­ка сәл ғана өзгер­ді. Бәлен­дей үлкен өзгеріс болған жоқ.

Орта­ша ста­ти­сти­ка­лық қаза­қстан­ды­қты сипаттап берсеңіз?

Ол 29 жаста. Үйлі-баран­ды, бір бала­сы бар, екін­шісін күтіп отыр. Жұмыс істей­ді. Қала­да тұра­ды. Толық орта неме­се екі курс жоға­ры білі­мі бар. Бол­ма­са арна­у­лы орта білім орнын бітір­ген болуы мүм­кін. Мем­ле­кет­тік меке­ме­де жұмыс істей­ді неме­се шағын биз­не­спен айна­лы­са­ды. Тегін­де Қаза­қстан халқы­ның 0,7 пай­ы­зы ғана ірі кәсіп­кер… Сая­сатқа шорқақ. Аз да бол­са ақпа­ра­ты бар-ау деген адам­ның өзі пре­мьер-министр кім екенін, қан­дай заң­дар қара­лып жатқа­нын біл­мей­ді, басқа да маңы­зды мәсе­ле­лер­ден хабар­сыз. Халы­қтың негіз­гі бөлі­гінің сая­сат­та шаруа­сы жоқ.

Биыл көші-қон көр­сет­кі­ші қалай өзгерді?

– «Қаза­қстанға қан­ша­ма ресей­лік кел­ді?» деп жүр­міз ғой. Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де де осын­дай әле­умет­тік про­це­стер болған. Қазір ресей­лік­тер жап­пай Қаза­қстанға көшіп келіп жатыр деу – дұрыс емес. Иә, кел­ген­дер бар, бірақ кет­кен­дер де көп.

Деген­мен, көп жыл­дан бері алғаш рет мигра­ция өсі­мі тұрақты, жақ­сы дең­гей­де қал­ды. 2021 жылға дей­ін сыр­тқы мигра­ция, яғни аза­мат­тар­дың шетел­ге кетуі кері саль­до көр­се­тетін. Аза­мат­та­ры­мыз шетел­ге көп кететін. 2022 жылғы қаңтар­дан бастап оң саль­до бай­қал­ды. Елге кел­ген­дер көп. Бұл жеке­ле­ген көр­сет­кіш қана, Қаза­қстан өмір сүру­ге тар­тым­ды мем­ле­кет, жұрт­тың бәрі біз­ге ағы­лып жатыр деген сөз емес. Бұған әсер еткен фак­тор көп, соның бірі – Укра­и­на­дағы соғыс.

Сырт­тан кел­ген­дер қай өңір­ге бара­ды? Алма­ты мен Маңғы­ста­уға. Шека­раға жақын және мұнай өнер­кәсібі сияқты жұмыс орын­да­ры болған­ды­қтан, Алма­ты­ға қараған­да, Маңғы­ста­уды көбірек таң­дай­ды. Кей аза­мат­тар биз­нес аша­ды. Бір қызы­ғы – Аста­на­да тұрақтап қала­тын­дар аз.

Жел­тоқ­сан­ның басын­да Қаза­қстан бой­ын­ша сыр­тқы мигра­ция саль­до­сы +397 адам бол­ды. Был­тыр жел­тоқ­сан­да –559, ал 2022 жыл­дың басын­да – 909 адам еді. Маңғы­ста­уда +331 адам. Бұл – ұлт­тық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның ресми дерегі.

1990 жыл­дар­дан бастап халы­қтың көбі шетел­ге көшіп кет­ті. Қазір оң саль­до деп отыр­мыз ғой, бірақ оның екі себебі бар: бірін­шісі – Укра­и­на мен Ресей ара­сын­дағы соғыс (Еңбек мини­стр­лі­гінің 13 жел­тоқ­сан­дағы дере­гі бой­ын­ша, 2022 жылғы 21 қыр­күй­ек­те Ресей­де «іші­на­ра» моби­ли­за­ция жари­я­ланға­лы бері Қаза­қстанға 837 мың ресей­лік кел­ген. Осы кезең­де 780 мың адам басқа елге кет­кен – «Азаттық»). Екін­шісі – көр­ші мем­ле­кет­тер­ге қараған­да, әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың тұрақты болуы.

Ішкі мигра­ция тура­лы не айта аласыз?

Ішкі мигра­ци­яда кері көр­сет­кіш бай­қа­ла­ды. Бұл ауыл­дағы­лар қалаға бел­сен­ді көшіп жатыр деген­ді біл­діреді. Олар көбіне Аста­на, Алма­ты, Түр­кістан, Маңғы­ста­уға көшеді. Ауыл­дан қалаға қоныс аударған­дар осы өңір­лер­де көбірек.

Мем­ле­кет­тік көші-қон бағ­дар­ла­ма­ла­ры бар. Мыса­лы, оңтүстік­тің халқын сол­түстік­ке көші­ру шара­сы. Бірақ мұн­дай бағ­дар­ла­ма­лар­дың тиім­ділі­гі төмен. Оның себебі – шағын неме­се моноқа­ла­лар­ды дамы­ту сияқты бағ­дар­ла­ма­лар­дың бәрі декла­ра­тив­ті (жасан­ды) сипатта болған­ды­қтан. Бағ­дар­ла­ма жазы­ла­ды, бірақ нақты жүзе­ге асы­ру меха­низ­мі жоқ. Жеңіл­дік­тер бар, бірақ олар да уақыт­ша ғана.

Жаңа жер­ге көшіп кел­ген адам оқи­ды, бас­па­на ала­ды. Бірақ ары қарай бола­шағы жоқ. Сосын үйіне қай­та­ды. Оған өмір сүру­ге қолай­лы жағ­дай жаса­май­ды. Өмір сүру тек оқу­мен және бас­пан­амен ғана шек­тел­мей­ді ғой. Оның сол жақта тұрақтап қалға­нын қала­сақ, отба­сын құрып, бала өсіру­ге жағ­дай жаса­уы­мыз керек: бала­бақ­ша, мек­теп қажет. Құжат­тар­да осы­ның бәрі қам­тыл­ма­са, бағ­дар­ла­ма жұмыс істемейді.

Батыс Еуро­па елдері­нен айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз бар. Біз­де қала­да тұра­тын­дар ғана адам сияқты. Мен­та­ли­тет сон­дай. Шағын қала­да тұрған­нан үлкен қала­да тұрған жақ­сы­рақ сияқты. Негізін­де халы­қтың көп бөлі­гі шағын және моноқа­ла­лар­да шоғыр­ла­нуы керек.

Моноқа­ла деген не? Бұл – қала­дағы­дай инфрақұры­лым, бірақ ауыл­дағы­дай дәстүр­лі өмір. Сон­да ауыл­дан көш­кен ада­мға бір­ден үлкен қалаға барып, сая­жай­да өмір сүріп, кедей­лік­те, ашты­қта жүріп, бала­ла­рын бул­линг ныса­ны­на айнал­ды­ру­дың қажеті жоқ…

Әрине, бір­ден қала­дан пәтер сатып алуға шама­сы жететін ауыл тұрғын­да­ры да бар. Бірақ ондай адам аз. Ауыл­дан көш­кен халы­қтың 50 пай­ы­зы үлкен қала­ның тір­шілі­гіне бей­ім­де­ле алмайды…

Халық санын көбей­ту үшін қан­дастар­ды елге көші­ру, туу көр­сет­кі­шін арт­ты­ру сияқты шара­лар қолға алын­ды. Бұл шара­лар тиім­ді бол­ды ма?

Қаза­қстан­да /өтемақылар/ өте аз төле­неді. Бұл төлем­дер адам­дар­ды бала тууға ынта­лан­ды­ра алмай­ды. Бірақ пре­зи­дент­тің Ұлы­та­уда айтқан Ұлт­тық қор тура­лы сөзі жақ­сы сти­мул болар еді (2022 жылы қыр­күй­ек­те Тоқа­ев Ұлт­тық қор­дың жыл сай­ы­нғы инве­сти­ци­я­лық табысы­ның 50 пай­ы­зын бала­лар­дың жинақ шоты­на ауда­ру­ды ұсын­ды. Шотқа жиналған ақша­ны бала 18 жасқа толған­ша алуға бол­май­ды). Өйт­кені бала туған адам өзінің бала­сы 18 жасқа толған­да оның пәтер ала­тын, оқуға түсетін неме­се биз­нес аша­тын ақша­сы бола­ты­нын біледі. Бұл халы­ққа ұзақ мерзім­ді сақтан­ды­ру береді. Шыны­мен де әсері бар шара.

Ал қазір ата-ана бала күті­мі үшін тиын-тебен ғана ала­ды. Қаза­қстан бой­ын­ша, бір отба­сы­на бір жарым бала­дан келеді. Төрт, алты, жеті бала­сы бар отба­сы­лар аз, сон­ды­қтан көп бала­лы отба­сы­ларға арналған жәр­де­мақы азын-аулақ топқа ғана тиеді. Көбіне бірін­ші неме­се екін­ші бала үшін ғана ақша төле­неді. Отба­сы­лар­дың 30 пай­ы­зы – үшін­ші бала­сы үшін, 15 пай­ы­зы – төр­тін­ші бала­сы үшін жәр­де­мақы рәсім­дей­ді. Сегізін­ші балаға мем­ле­кет­тік төлем ала­тын­дар – нөл пай­ыз. Сон­ды­қтан жәр­де­мақы көмек­тес­пей­ді. Жастарға бала­ла­ры кедей­лік­те өмір сүріп, қинал­май­ты­нын көр­се­тетін ұзақ мерзім­ді бағ­дар­ла­ма­лар керек.

«Кедей­лік­ті көбей­тіп қай­те­міз?» деген сөз бар. Көңіл­ге тиетін, ауыр сөз болға­ны­мен, мәсе­ленің мәнін осы­дан-ақ түсі­ну­ге бола­ды. Әрқай­сы­мыз қара басы­мы­зды, бала­мы­зды қалай асы­рай­мыз деп жүр­ген адам­быз. Сон­ды­қтан қазір мем­ле­кет қолға алып оты­рған шара – балаға арналған капи­тал – жақ­сы меха­низм болуы мүм­кін. Бірақ бұл шара 10–15 жыл­дан кей­ін ғана нәти­же береді.

Қан­дастарға кел­сек, 1990 жыл­да­ры шыны­мен Қаза­қстанға көш­кісі келетін­дер көп бол­ды. Бірақ қазір олар­ды ұмы­тып кет­тік. Әлі де көшіп кел­ген неме­се тари­хи ота­ны­на қоныс аударғы­сы келетін­дер бар, бірақ олар­да ешкім­нің шаруа­сы жоқ, өздері тір­нек­теп еңбек етіп, күн көріп жүр. Бұрын қан­дастар ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­сып, мал өсі­ру үшін оңтүстік­те­гі ауыл­дарға көшетін. Қазір бәрі қала­да тұрғы­сы келеді. Өйт­кені олар мем­ле­кет­тің қалаға ғана көңіл бөлетінін көріп отыр.

Халық саны­ның өсуі маңы­зды ма?

Әрине. Өйт­кені халық саны көп болған сай­ын, рефор­ма­лар тиім­дірек жұмыс істеп, мем­ле­кет, өнер­кәсіп, сауда, құры­лыс, меди­ци­на және білім сала­сы дами­ды. Қаза­қстан­дағы халық тығы­зды­ғы – бір шар­шы кило­метр­ге жеті адам­нан келеді. Біз­ге көбею керек. Жастар көп болуы тиіс. Эко­но­ми­ка­мы­здың қазір­гі аху­а­лы­на, даму дең­гей­і­міз­ге бай­ла­ны­сты демо­гра­фи­я­лық өсім­нің кері әсері болуы мүм­кін. Бірақ онсыз бол­май­ды. Ерте ме, кеш пе, көп халы­ққа үйреніп кете­міз. Оның үстіне Қаза­қстан­ның жері кең, мүм­кін­ді­гі бар…

Жыл сай­ын туу көр­сет­кі­ші неге 200 мың­ның төңіре­гі­нен аспай­ды? Қан­дастар келіп жатыр, біздің де өмірі­міз жаман емес, бірақ 250 мың бала ғана туа­ды. Неге 500 мың емес? Неге 13 мың нәре­сте шеті­неп кете­ді, неге бес мың емес? Меди­ци­на дамып жатыр ғой, аз ақша бөлініп оты­рған жоқ, мас­ка киіп жүр­міз, аттап бас­саң, алды­ң­нан дәрі­ха­на шыға­ды. Енде­ше неге? Өйт­кені ұзақ мерзім­ді жос­пар жоқ.

Сон­ды­қтан алдағы жыл­да­ры туу көр­сет­кі­шін­де күрт өсім бол­май­ды. Мүм­кін, 2030 жыл­да­ры бола­тын шығар. Демо­гра­фи­яға тез әрі бір рет­тік шара­лар әсер етпей­ді. Жүй­елі, жыл­дан-жылға артып оты­ра­тын капи­тал­дық, әле­умет­тік, сая­си салым­дар керек. Тұрақты­лы­ққа жұмыс істей­тін, ұзақ мерзім­ді шара­лар қажет.

Мән­шүк АСАУТАЙ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн