Воскресенье , 6 июля 2025

ЖЫЛҚЫ КІСІНІСКЕНШЕ

  • Абыз ақсақал Әзіл­хан Нұр­шай­ы­қо­втың 10 том­ды­ғы­ның тұса­у­ке­серіне кел­ген, осы жинақтың деме­ушісі болған Бекет Тұрға­ра­ев ақсақал­мен Алма­ты­да жүз­де­стім. Әз-аға­мы­здың Бекет аға­мыз тура­лы жан тебірен­тер­лік мақа­ла­сын да оқыдым.

Бекең бұрын біл­ме­ген­дік­тен, өзінің қазақ руха­ни­я­ты­на атса­лы­сып істе­ген көп­те­ген жұмыста­ры­мен кеңірек таны­стыр­ды. Биы­лғы жылғы Абай атын­дағы әде­би­ет пен өнер сала­сын­дағы Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа тари­хи-этно­гра­фи­я­лық «Мәң­гілік ел» саябағы ұсы­ны­лға­ны тура­лы және Мем­ле­кет­тік сый­лық жөнін­де біраз әңгі­ме-дүкен құр­дық.

Бұрын­да­ры Бекет аға тура­лы БАҚ пен ғалам­тор желісін­де және теле­ди­дар­да «экс-судья өзіне алдын ала кесене тұрғы­зып­ты» деген ақпа­рат­тар қап­тап шыққан бола­тын. Осы­ның негізін­де 2022 жылғы 6 қазан­да «Мем­ле­кет­тік сый­лы­қты мазақ қыл­май­ық» деген тақы­рып­пен мақа­ла жариялағанбыз.

Бекет аға оның себебін, кім­дер ұйы­тқы болға­нын да, оны жазған жур­на­ли­стер­дің кешірім сұрап, тату­ласқан видео-жаз­ба­ла­рын да көр­сет­ті. «Тірі кезін­де өзіне о дүни­елік орын дай­ын­да­удың «Мәң­гілік елге» қан­дай бай­ла­ны­сы бар?» деп, біз де аң-таң қалғанбыз.

Тари­хи-этно­гра­фи­я­лық «Мәң­гілік ел» саябағын­да орна­ласқан «Киелілер кесе­несі» тура­лы жазы­лған БАҚ бетін­де­гі ақпа­рат­тар жалған болған­ды­қтан, мен де сол ашық ақпа­ратқа алда­нып, мақа­ла­да жаң­сақтық жібер­генім үшін Бекет аға Тұрға­ра­ев­тан кешірім сұрай­мын. Түр­кістан облы­сы­ның туризм басқар­ма­сы бұл саябақты «Түр­кістан – Самарқанд» тури­ст­тік бағы­ты­на енгізіп, бүгін­гі таң­да аталған саябақ тури­ст­тер мен жер­гілік­ті халық жиі шоғыр­ла­на­тын нысанға айналған екен.

Кезін­де Фран­ци­ядағы инже­нер Эйфель­дің «ЭКСПО»-ға жасаған мұна­ра­сы осын­дай­да еске түседі екен. Оны алға­шын­да ешкім аса наза­рға да алмаған. «ЭКСПО» біт­кен соң, алып тастай­мыз деп жатқан­да, Дүни­е­жүзілік соғыс баста­лып, радио­толқын­дар­ды ұстай­тын биік жер керек болған соң, Эйфель мұна­ра­сы бел­гісіз уақы­тқа тұрып қалған бола­тын. Ақы­ры жұрт­тың көзі үйреніп, Пари­ждің сим­во­лы­на айналды.

Сол сияқты, сын эти­ка­сы­на сай пікір алу­ан­ды­ғы бола береді, бар­лық кез кел­ген шығар­ма­ның кере­мет­тілі­гін тек уақыт қана екшей­ді. Ол әле­умет­тік нәр­се екенін тарих дәлелдеген.

Жанар­бек БЕРІСТЕН,

арт-сын­шы, профессор,

фило­со­фия ғылым­да­ры­ның кандидаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн