Воскресенье , 6 июля 2025

Кремль қазақты «ҰЛТШЫЛ» деп атаған жыл

  • Батыс басы­лым­да­ры бұл апта­да Ресей­дің Қаза­қстан­дағы елшісі Алек­сей Боро­дав­кин­нің елде­гі «ұлт­шыл­дық» тура­лы мәлім­де­месінің аста­рын­да не жатыр деген сұраққа үңілді.

Саясат­та­ну­шы Ақас Тәжуітов Eurasia review басы­лы­мын­дағы мақа­ла­да Ресей­дің Қаза­қстан­дағы елшісі Алек­сей Боро­дав­кин­нің Ресей мем­ле­кет­тік ақпа­рат агент­ті­гінің Қаза­қстан­дағы бөлім­ше­сі − Sputnik Kazakhstan сай­ты­на бер­ген сұх­ба­тын тал­да­ды. Бұл сұх­бат­та Ресей елшісі «Қаза­қстан­да ұлт­тық тен­ден­ци­я­лар анық бай­қа­ла баста­ды», пре­зи­дент Тоқа­ев «кез кел­ген экс­тре­ми­стік я ұлт­шыл­дық әре­кет­ке той­та­рыс беретін қатаң шара­лар қол­да­на ала­ды, егер біз­ге өтініш айт­са, көмек­те­се­міз», − деген еді.

Тәжуітов елде­гі кей­бір шолу­шы­лар «Боро­дав­кин Кремль­дің пози­ци­я­сын жет­кізді» деп есеп­тей­тініне назар ауда­ра­ды. Сая­сат­та­ну­шы Шалқар Нұр­сей­іто­втің айтуын­ша, Ресей бұған дей­ін Қаза­қстанға жасалған ақпа­рат­тық шабуыл­дар­ды «бұл жур­на­ли­стер­дің, депу­тат­тар­дың жеке пікірі» деп ақтап кел­ген. Ал әлгін­дей пікір­ді Ресей елшісі айтып тұр­са, бұл – Кремль­дің ресми позициясы.

Боро­дав­кин­нің мәлім­де­месі сынға ұшы­рап, халы­қтың нара­зы­лы­ғын тудыр­ды. Бірақ Қаза­қстан тара­пы­нан бұған мәжіліс төраға­сы Ерлан Қоша­нов қана реак­ция біл­дір­ді. Ол «сұх­бат­тың кей тұста­ры елшінің мәр­те­бесіне сай кел­мей­ді, дипло­мат про­па­ган­ди­стер мен сая­сат­кер­лер­ге қосыл­мауы керек» деп түйді.

Ал Ресей сыр­тқы істер мини­стрі Сер­гей Лав­ров «Хабар 24» теле­ар­на­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да «Боро­дав­кин Қаза­қстан­дағы кей ақпа­рат құрал­да­ры оған таңып жатқан сөз­дер­ді еш уақыт­та айт­па­ды» деп ақтап алмақ бол­ды. Лав­ров мұн­дай мәлім­де­ме­лер елші мен Ресей сыр­тқы істер мини­стр­лі­гінің ұста­ны­мын біл­дір­мей­ді деп тай­сақта­ды. Көз­ге ап-анық көрініп тұрған бел­гілі нәр­сені жоққа шыға­руға тыры­сқан соң, Лав­ров екі елдің ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сты Путин мен Тоқа­ев қана бел­гілей­ді деп жалтарды.

«Бір елдің ішкі сая­са­ты­нан кем­шілік іздеп, олар­ды Ресей ақпа­рат құрал­да­рын­да әшке­ре ету үшін жүр­ген­дей әсер қал­ды­ра­тын Ресей елшісінің әре­кеті Қаза­қстан­дағы сарап­шы­лар­ды алаң­да­та­ды», дей­ді автор. Боро­дав­кин бұған дей­ін 7 ақпан­да «Неза­ви­си­мая газе­та» басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­тын­да қазақ ұлт­шыл­ды­ғын сынап, қазақ билі­гінің «үңгір­де­гі ұлт­шыл­ды­қ­пен» күресін жоға­ры баға­лаған еді.

Тәжуіто­втің пай­ым­да­уын­ша, елде Ресей идео­лог­та­ры­ның қолай­ы­на жаға­тын аху­ал қалып­тасқан. Қазақ тілін латын қар­піне көші­ру тура­лы ешкім сөз қозғап жатқан жоқ. Аста­на дәліз­дерін­де­гі орыс тілінің жағ­дай­ын жазу­шы Иван Щего­ли­хин­нің мына сөз­дері арқы­лы сипатта­уға бола­ды: «Әлем­де жоға­ры билі­гі өз қыз­метін орыс тілін­де жүр­гі­зетін екі-ақ ел бар. Ол – Ресей және Қаза­қстан». Бірақ осы­ған қара­ма­стан, Ресей­де әлі де «қазақ ұлт­шыл­ды­ғы» тура­лы сөз қозғай­ды. Бұл 2021 жылы Қаза­қстанға жасалған ақпа­рат­тық шабуыл­дарға ұқсас болуы мүм­кін. Был­ты­рғы жыл­дың екін­ші жар­ты­сын­да Ресей ақпа­рат құрал­да­ры Қаза­қстанға үздіксіз ақпа­рат шабуыл­да­рын жасап, ел қазақ ұлт­шыл­да­рын қол­дап, Баты­сқа бет бұрған сая­са­тын өзгерт­пе­се, ішкі істеріңе ара­ла­са­мыз деп, жасы­рын қоқан-лоққы көр­сет­ті. Бұл жала жабу науқа­ны 2021 жыл­дың жел­тоқ­са­нын­да шары­қтау шегіне жетті.

Енді Ресей елшісінің сөзіне қараған­да, Мәс­кеу Тоқа­ев­тан ұлт­шыл­ды­ққа той­та­рыс беру­ге бағыт­талған қатаң шара­лар­ды қолға алуын күтіп отыр. «Кремль­дің бұл демар­шы­ның аста­рын­да шын мәнін­де не тұр?» – дей­ді Тәжуітов.

Бұдан басқа, АҚШ-та шыға­тын Forbes басы­лы­мы Назар­ба­ев пен Тоқа­ев­тың басқа­ру әдістерін тал­дай­ды. Мақа­ла авто­ры Кен­нет Рапо­за­ның жазуын­ша, Тоқа­ев Назар­ба­ев салып кет­кен соқ­пақ­пен жүріп келе жатыр.

«Қаза­қстан бұрын­нан Батыс, Қытай мен Ресей­дің ара­сын балан­стап, тең ұстап отыр­ды, бұл бола­шақта өзгер­мей­тінін көріп отыр­мыз», − дей­ді East Capital мене­джері Дэвид Николлс.

Қазір­гі Қаза­қстан­дағы сая­си рефор­ма­лар Назар­ба­ев тұсын­да жасал­ды. Экс-пре­зи­дент 1992 жылы Қаза­қстан ядро­лық қару­дан бас тар­та­ты­нын мәлім­деді. Елге шетел­дік инве­сти­ци­я­лар­ды тартты.

Деген­мен Қаза­қстан­да бәрі бір­дей экс-пре­зи­дент­тің қызу қол­да­у­шы­ла­ры емес. Автор­дың пай­ым­да­уын­ша, биз­нес қазір­гі және бұры­нғы жетек­шілер­дің ара­сы­нан айтар­лы­қтай үлкен айыр­ма көріп тұрған жоқ. Оларға эко­но­ми­ка­лық рефор­ма­лар, Қаза­қстанға аймақтағы­лар­дың құр­мет­пен қарай­ты­ны ұнай­ды. Бірақ олар ел жемқор­лық пен сыбай­ла­сты­ққа бел­ше­ден бат­ты деп есептейді.

Автор­дың тал­да­уын­ша, Тоқа­ев билік пен бай­лы­қты қай­та бөлу­ге күш сал­ды. Енді жаңа эли­та­лар­ды жасақтап, шағын және орта биз­нес рөлін күшей­ту­ге тал­пы­на­ды. Жаңа ком­па­ни­я­лар­ды жаңа сек­тор­ларға шыға­ру үшін, ашық аук­ци­он­дар мен басқа меха­низмдер қолға алынбақ.

Тоқа­ев сая­си рефор­ма­лар­ды іске асы­рып, елді тиім­ді мем­ле­кет­тік басқа­ру мен мықты аза­мат­тық қоға­мы бар «Жаңа Қаза­қстанға» айнал­ды­руға уәде етті. Бірақ басы­лым Diplomat жур­на­лын­дағы мақа­лаға сүй­еніп, аза­мат­тық қоғам аху­а­лы күр­делі, ал демо­кра­ти­я­лық рефор­ма­лар үстірт, кос­ме­ти­ка­лық екенін кел­тіреді. Тоқа­ев­тың уәдесіне қара­ма­стан, қаңтар­дан бер­гі сая­си аху­ал өзгер­ген жоқ.

Елнұр ӘЛІМОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн