Пятница , 4 июля 2025

ЖАНБОЛАТТЫ ЖАЗҒЫРУ амалдары дәйексіз болып шықты

  • Халы­қа­ра­лық ұйым­дар қысы­мы­ның нəти­же­сін­де 2 қара­ша­дан бастап абақты­дан үйқа­маққа ауы­сты­ры­лған Жан­бо­лат Мамай­дың соты жалға­сып жатыр.

Жалға­сып жатыр деген аты бол­ма­са, екі апта­да бір сағат­тық про­цесс өткізіп, сот сағыз­ша созы­лып, əбден сиы­рқұй­ым­шақта­нып бара­ды. Оның себебі де түсінік­ті: сот созыл­са, Жан­бо­лат­тың үйқа­мағы да ұза­ра түседі. Ал бұл жағ­дай­да оған не қоғам­дық қыз­мет­пен айна­лы­суға, не бас­пасөз­ге сұх­бат беру­ге, не интер­нет эфи­ріне шығып, өз пікірін біл­діру­ге, не өз жақ­та­ста­ры­мен кез­де­су­ге тый­ым салы­нған. Яғни, билік Мамай­ды қамауды одан əрі соза түс­пек. Тыны­шты­қта неғұр­лым ұза­қтау отыр­са, соғұр­лым билік­ке тиім­ді деген сөз.

Ал енді сот­тың өзіне кел­сек, Жан­бо­лат­ты сегіз айдан астам тар қапа­с­та ұстаған тер­ге­ушілер əлі күн­ге дей­ін оның бір­де-бір қыл­мысын дəлел­дей­тін айғақ кел­ті­ре алмай, дал болып жатыр. 7 қара­ша­дан бері жүріп жатқан сот про­цесіне айып­та­у­шы тарап­тың куə­гер­лері мен жəбір­ле­ну­шілері түгел­дей дер­лік қаты­сып, жау­ап­та­рын беріп бол­ды. Солар­дың бірі де оның «қыл­мысын» əшке­ре­леп, нақты «ұстап» бере алмады.

Жан­бо­лат Мамай­ға тағы­лған бірін­ші айып – поли­ция өкіліне тіл тигі­зу бабы. Про­ку­рор­дың ойын­ша, Мамай өткен жылғы митин­гілер­дің бірін­де поли­ция қыз­мет­кер­леріне «ұлты­на опа­сыздық жасаған сатқын­дар» деген сын­ды пікір айтып, олар­дың ар-намысы­на тіл тигізген.

Бұл іс бой­ын­ша екі жəбір­ле­ну­ші кел­ді: бірі – Медеу аудан­дық жер­гілік­ті поли­ция қыз­метінің сол кез­де­гі бас­шы­сы Тоқ­сан­ба­ев пен оның орын­ба­са­ры Болат­ба­ев. «Ар-намысым қор­лан­ды», «маған тіл тигізді» деп рен­жі­ген поли­цей­лер Мамай­дың үсті­нен арыз жазған көрі­неді. Бірақ көде­дей көп поли­ци­я­ның ара­сын­да неге нақты осы еке­уі «қор­ланға­нын» түсін­ді­ре алған жоқ. Себебі Жан­бо­лат дəл еке­уіне қара­тып, «Тоқ­сан­ба­ев пен Болат­ба­ев – сатқын­дар» деп айтқан жоқ. Айт­са, өз халқы­на қар­сы күш қол­да­нып, бей­біт митин­гілер­ді күшпен тара­тып, бас­сыздық таны­тып жүр­ген поли­цей­лер­ге қаты­сты сыни пікірін білдірді.

Ал бұл еке­уі өзге поли­цай­лар­дан ерекше неге «қор­ла­на» қал­ды? Оны Тоқ­сан­ба­ев та, Болат­ба­ев та түсін­ді­ре алма­ды. Оның үстіне дəл сол митинг тұсын­да алаң­да жүз­ден астам поли­ция қыз­мет­кері болға­нын əлгі еке­уі де мой­ын­дап тұр. Сон­да жүз поли­цей­дің 98-нің шамы­на тиме­ген сөзді дəл осы еке­уі неге «көңіліне алды»? Белгісіз.

Бірақ бір аны­ғы – Жан­бо­лат­тың үсті­нен арыз жаз­ба­стан бұрын Тоқ­сан­ба­ев өз бас­шы­лы­ғы­мен «ақыл­да­стым» деген­ді айтып қал­ды. Демек, «Мамай­дың үсті­нен арыз жазу» баста­ма­сы бұл еке­уінікі емес, жоға­ры­дағы бас­шы­лар­дан болуы əбден ықти­мал емес пе?

Жанбо­латқа тағы­лып оты­рған ең ауыр айып – ақпа­рат құрал­да­рын пай­да­ла­ну арқы­лы жалған ақпа­рат тара­ту. Көп­шілік­ке мəлім, пан­де­ми­ядан соң Дем­пар­тия жетек­шісі халы­ққа бір рет­тік неси­елік амни­стия жари­я­лау мəсе­лесін көтер­ді. Яғни, қары­здың қамы­ты­на түс­кен елге билік жəр­дем көр­се­туі тиіс, жеке мен­шік банк­тер­ді «қорға­уға» қар­жы­ны үйіп-төк­пей, халы­қтың мəсе­лесін шешу керек деген­ді айт­ты. Осы талап­пен бүкіл Қаза­қстан­нан жүз мыңға тар­та қол жинап, оны Ақор­даға да тапсырды.

Ал был­тыр несие қыспағын­да қалған жүз­де­ген адам­ды топ­та­сты­рып, бұл талап­ты билік алдын­да көте­ру үшін, Алма­ты­дағы Қар­жы нары­ғын рет­теу жəне дамы­ту агент­ті­гіне де барған бола­тын. Ол жер­де бір­не­ше рет ел-жұрт­ты меке­ме бас­шы­ла­ры­мен кездестірді.

Міне, осы жағ­дай­да билік «Жан­бо­лат жалған ақпа­рат тара­тып, жүз­де­ген адам­ды агент­тік алды­на жина­ды» деп, сая­сат­кер­ге қар­сы пай­да­ла­нып отыр. Сон­да ашық түр­де талап қой­ып, мем­ле­кет­тік органға арыз жазу­дың қай жерін­де қыл­мыс бар?

Сот­та жау­ап бер­ген жəбір­ле­ну­ші тарап шынын­да да агент­тік халы­қтан арыз қабыл­да­уға мін­дет­ті деген­ді айт­ты. Ондай бол­са, елдің бұл меке­ме­ге арыз жазуын­да не қыл­мыс бар? Ал сотқа куə­гер ретін­де кел­ген дəл осы агент­тік­тің депар­та­мент бас­шы­сы Алек­сандр Терен­тьев Мамай­дың тара­пы­нан ешқан­дай заңбұ­зу­шы­лы­ққа үндеу болған жоқ, тіке­лей оның аузы­нан «неси­елік амни­стия жари­я­лан­ды деген­ді есті­медім» деп жау­ап бер­ді. Ондай бол­са, Жан­бо­лат­ты сотқа сүй­ре­удің қан­дай аста­ры бар? Əрине, бастан-аяқ сая­си тап­сы­рыс екені сөзсіз.

Жанбо­лат Мамай­ға тағы­лған үшін­ші айып – Қаңтар оқиға­сы тұсын­да Алма­ты­да заң­сыз митинг ұйым­да­сты­ру болып отыр. Сегіз ай қамауда оты­рған сая­си тұтқын бұл айып­пен де келіс­пей­ді. «Бүкіл Қаза­қстан бей­біт митинг­ке шығып жатқан кез­де үнсіз оты­ра алма­дым, бұл менің аза­мат­тық пары­зым бол­ды»,– деді сот­та. Расын­да да, ол күн­дері жалғыз Жан­бо­лат емес, бүкіл ел бей­біт нара­зы­лы­ққа көтеріл­ді. Маңғы­ста­удан басталған қар­сы­лық акци­я­ла­ры бүкіл елді шарпыды.

Олай бол­са, Жан­бо­лат Мамай­ды неге сот­тап жатыр? Сотқа куə­гер ретін­де тар­ты­лған Ала­тау аудан­дық про­ку­ро­ры Мамай­дың тəр­тіп бұзуға шақыр­маға­нын, жол­ды жап­паға­нын айтып отыр. «Алма­ты-Аре­на­ның» алды­на жиналған Мамай бастаған бұқа­ра­ны алға­шқы­да қуып тарат­паған­да, олар­ды ұста­маған­да, кім біледі, мүм­кін, Алма­ты­да да нара­зы­лы­қты бей­біт түр­де ұстап қалуға болар ма еді? Бірақ аран­да­ту­ды көз­де­ген билік бей­біт тұрған елді ұрып-соғып, олар­ды ұстап əкет­ті де, арты­нан бей­бе­ре­кет­сіздік­ке өздері жол беруді көз­де­ген­ге ұқсай­ды. Міне, сот­та бұл да Жан­бо­лат­тың қорға­у­шы­ла­ры тара­пы­нан айтылды.

Алдағы уақыт­та Жан­бо­лат Мамай­дың өзі де сот­та жау­ап бер­мек. Егер сот про­це­стерін апта­лап шегер­мей, уақты­лы өткі­зетін бол­са, алдағы күн­дері Дем­пар­тия жетек­шісіне қаты­сты үкім шығуы əбден ықти­мал. Бірақ билік­тің ойын­да не бары беймəлім.

Сай­ла­удың алдын­да халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен Еуро­пар­ла­мент, Бри­тан пар­ла­мен­ті депу­тат­та­ры­ның қысы­мы­м­ен Жан­бо­лат­ты бостан­ды­ққа шығар­ды да, енді оны қай­та қамауды көз­деп отыр ма – ол жағы тағы бел­гісіз. Бірақ ондай жағ­дай бол­са, Ақор­да елдің алдын­да да, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да да нағыз суайт бола­ры анық.

Оның үстіне сай­лау алдын­да Аста­наға кел­ген Еуро­па одағы Сыр­тқы істері мен қорға­ныс сала­сы бой­ын­ша Жоға­ры Өкілі Жозеп Бор­рель де Жан­бо­лат Мамай­дың ісін көтеріп, оның жағ­дай­ын ашық түр­де сұраған. Оның бəріне қара­май, билік Жан­бо­лат­ты қай­та­дан түр­ме­ге жабуға бар­са, бұл бас­сызды­ққа Батыс сая­сат­кер­лері көніп отыр­ма­сы анық. Билік ол жағын да бағам­дап отыр деп ойлаймыз.

Айсұ­лу ОСПАН,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн