Пятница , 4 июля 2025

Экібастұздағы апат: ОЛИГАРХ-ҚОЖАЙЫН жауапқа тартылуы тиіс

  • Кеше Екі­ба­стұз­дағы жылу-энер­гия орта­лы­ғын­да болған апатқа бай­ла­ны­сты қыл­мыстық іс қозғал­ды. Қат­ты аяз­да жылу­сыз қалған қала­дағы «ТЭЦ»-тің қожай­ы­ны – оли­гарх Алек­сандр Кле­ба­но­вты жау­а­пқа тар­ту мәсе­лесі билік басын­да сөз болуда.

«ЦАЭК» (Цен­траль­но-Ази­ат­ская Элек­тро­энер­ге­ти­че­ская Кор­по­ра­ция) ком­па­ни­я­сы (басты құры­л­тай­шы­сы – Алек­сандр Кле­ба­нов) «Екі­ба­стұз қала­сы тұрғын­да­ры­ның бар­лық шығы­нын өтеп беруі тиіс» деп, кеше вице-пре­мьер – сауда және инте­гра­ция мини­стрі Серік Жұманға­рин әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сын­да мәлім­де­ме жаса­ды (қаз-қал­пын­да): «Дал пору­че­ние рабо­тать с прес­сой в режи­ме нон-стоп. Скры­вать нече­го. Ситу­а­ция нор­ма­ли­зу­ет­ся. Соб­ствен­ник ЦАЭК воз­ме­стит все мате­ри­аль­ные убыт­ки жителей.

Ал апат­ты қалаға арнайы барған мәжіліс депу­тат­та­ры тобы­ның өкілі Ерлан Сай­ы­ров (жол­ма-жол): «Алек­сандр Кле­ба­нов (сурет­те – сол жақта) и дру­гие оли­гар­хи долж­ны воз­ме­стить ущерб наро­ду и госу­дар­ству. Два дня назад в аки­ма­те было собра­ние, там был Кле­ба­нов, мы поста­ви­ли перед ним этот вопрос. Он нам заявил, что готов про­дать объ­ект за 1 тен­ге. Мы ска­за­ли: «Нет, так не пой­дет. В первую оче­редь, вы долж­ны выяс­нить и опла­тить раз­ни­цу меж­ду сте­пе­нью изно­шен­но­сти объ­ек­та на момент его при­ня­тия вами и теку­щей сте­пе­нью изно­шен­но­сти. Во-вто­рых, разу­ме­ет­ся, народ Казах­ста­на сей­час стра­да­ет, поэто­му хотя бы насе­ле­нию Эки­ба­сту­за долж­ны запла­тить за мораль­ный ущерб», – деп, депу­тат мәжіліс дәлізін­де жур­на­ли­стер­дің сау­а­лы­на жау­ап берді.

Бұл екі ара­да әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық сег­мен­тін­де оли­гарх Кле­ба­но­вқа қаты­сты қыл­мыстық іс қозғау жөнін­де талап­тар айтылуда.

«Екі­ба­стұз­ды жылу­сыз қал­ды­рған Кле­ба­нов, – деп жаза­ды Usbanov arnasy теле­грамм-кана­лы. Екі­ба­стұз­да жүз­де­ген халық қыстың күні қыра­уда жылу­сыз қалды. 

Екі­ба­стұз «ТЭЦ»-іне қожа­лық етіп оты­рған адам – Алек­сандр Кле­ба­нов деген терең қал­та­лы, дөң­ше­ке, дәу оли­гарх. Екі­ба­стұз «ТЭЦ»-ін «Екі­ба­стұз­жы­лу­энер­го» ЖШС басқа­ра­ды. Бұл ЖШС «Пав­ло­дар­энер­го» АҚ-ның еншілес құры­лы­мы. Ал «Пав­ло­дар­энер­го» Кле­ба­но­вқа тиесілі «ЦАТЭК» ком­па­ни­я­сы­ның құра­мы­на кіреді. 

Биыл Екі­ба­стұз­да апат екі рет орын алып отыр. Алға­шқы­сы 20 науры­зда Пет­ро­павл «ТЭЦ»-інде апат болып, үш мұр­жа­ның бірі опы­ры­лып түс­кен. Бір қыз­мет­кер оқиға орнын­да қаза тапқан. Қыл­мыстық іс қозғалған. Апат себеп­терінің бірі – Кле­ба­нов қыз­мет­кер­лерінің жау­ап­сызды­ғы деп үкім айтылған. 

Кле­ба­нов – Қаза­қстан­ның ең бай 50 ада­мы­ның бірі. 2022 жыл­дың көк­те­мін­де­гі есеп бой­ын­ша, Кле­ба­но­втың бай­лы­ғы 580 млн долл­ларға баға­ланған. Тең­ге­ге шақ­сақ – 270 млрд тең­ге. Кле­ба­нов экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев отба­сы­мен өте-мөте жақын қарым-қаты­на­стағы адам. Ал Екі­ба­стұз халқы 30 гра­ду­стық аяз­да жылу­сыз қал­ды», – деп хабар­лай­ды телеграмм-канал.

ДАТ-ақпа­рат

 

«БАЙТАҚ» ПАРТИЯ БОЛДЫ.

Тіркеуді күткен басқалары не болады?

  • Қаза­қстан­да «Бай­тақ» деп ата­ла­тын жаңа сая­си пар­тия тір­кел­ді. Бұл – кей­ін­гі он шақты жыл­да елде тір­кел­ген алға­шқы сая­си пар­тия және Қаза­қстан­дағы бірін­ші жасыл­дар партиясы.

Пар­тия құру­шы­лар «эко­лог­тар­ды бірік­тіріп, эко­ло­гия мәсе­ле­лерін көтеріп, қор­шаған орта­ны қорғап, кәсі­по­рын­дар­ды жаңа­лау, еңбек қауіп­сізді­гін арт­ты­ру­ды көз­дей­ді». Пар­тия лидері – Ақор­да­ның жоба­ла­ры­на қаты­сып жүр­ген эко­бел­сен­ді Аза­мат Әмір­тай. Ол биыл пре­зи­дент Тоқа­ев жанын­дағы Ұлт­тық құры­л­тай­ға мүше болған. Оған дей­ін пре­зи­дент жанын­дағы Сенім кеңесінің және «ҚазА­гро» ұлт­тық хол­дин­гінің дирек­тор­лар кеңесінің мүше­сі болған. Бұған қоса, Әмір­тай биы­лғы кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да Тоқа­ев­ты қолдаған.

Әділет мини­стр­лі­гі биыл 18 пар­ти­ядан тір­ке­у­ге құжат түс­кенін хабар­ла­ды. Қазір оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Жаса­рал Қуа­ны­шә­лин бастаған баста­ма­шыл топ «Алға, Қаза­қстан» пар­ти­я­сын тір­кей алмай жүр. Әділет мини­стр­лі­гі бұл топ­тың құжа­тын «заңға сай емес деп» бір­не­ше рет қай­та­рып тастаған. Сон­дай-ақ оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай «Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ны» тір­кей алмаған. Оппо­зи­ция Қаза­қстан билі­гі өзіне қолай­лы пар­ти­я­ны ғана тір­кей­ді деп санайды.

Тоқа­ев сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заң­ды өзгер­туді, пар­тия құруға қажет­ті баста­ма­шыл топ санын мың­нан жеті жүз­ге түсіруді, тір­ке­у­ге қажет­ті қол­ды 20 мың­нан 5 мыңға азай­ту­ды ұсы­нған. Қазір бұл заң жоба­сы пар­ла­мент­те қаралуда.

Сарап­шы­лар билік қолын­да пар­ти­я­ны тір­ке­ме­удің көп­те­ген тетік­тері бар екенін айта­ды. Қазір Қаза­қстан­да ресми түр­де бес пар­тия – билік­те­гі «Ама­нат», билік­ке жақын «Ақ жол», «Ауыл», «Қаза­қстан­ның халық пар­ти­я­сы» (бұры­нғы Ком­му­ни­стік пар­тия) және өздерін оппо­зи­ция санай­тын ЖСДП – тіркелген.

Azattyq.org

 

Тұжырымдама бекітілді – ЕНДІ КӨШІ-ҚОН ОҢА МА?

Қаза­қстан­да көші-қон сая­са­ты­ның жаңа тұжы­рым­да­ма­сы бекітіл­ді. «Тұжы­рым­да­ма­да «бір тере­зе» қағи­да­ты бой­ын­ша мигрант­тар­дың қозға­лы­сын есеп­ке алу­дың біры­ңғай ақпа­рат­тық жүй­есін құру көз­дел­ген. Ол мигрант­тар­ды цифр­лық сәй­кестен­діру­ге, қажет болған жағ­дай­да олар­дың жүріп-тұруын бақы­ла­у­ға мүм­кін­дік береді», – деді пре­мьер-министр Әли­хан Смай­ы­лов сей­сен­бі күні.

«Бұл санат­тағы кадр­ларға он жыл­дық «Ғылы­ми-педа­го­ги­ка­лық виза» берудің оңай­ла­ты­лған тәр­тібін енгі­зу көз­деліп отыр. Соның негізін­де оларға Қаза­қстан­да тұрақты тұру үшін ықти­яр­хат алу, одан кей­ін аза­мат­тық алу мүм­кін­дік­тері қарас­ты­ры­ла­ды. Дәл осын­дай мүм­кін­дік­ті тап­шы маман­ды­қтар бой­ын­ша оқи­тын шетел­дік сту­дент­тер қата­ры­нан маги­странт­тар мен бака­лавр­ларға да беру қарас­ты­ры­лған», – деді Тама­ра Дүйсенова.

«Ашық Қаза­қстан 500+» атты көші-қон сая­са­ты­ның жаңа тұжы­рым­да­ма­сы­ның бірін­ші бағы­ты – Қаза­қстан­ды өңір­лік­білім беру хабы­на айнал­ды­ру­ды көз­дей­тін білім беру имми­гра­ци­я­сы. Бұл бағыт­тағы жұмыс жоға­ры оқу орын­да­ры­ның про­фес­сор-оқы­ту­шы­лар құра­мын күшей­ту­ге және білім беру сапа­сын арт­ты­руға арналған. Ол үшін 100 үздік оқы­ту­шы мен сұра­ны­сқа ие тех­но­ло­ги­я­лар бой­ын­ша ғалым­дар­ды Қаза­қстанға тар­ту ұсы­ны­ла­ды», – деп мәлім­деді Т. Дүйсенова.

Қаз­ТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн