Пятница , 4 июля 2025

БЕТКЕ БАСҚАНДЫ К…ТКЕ ҚЫСТЫРАМЫЗ БА?

  • Бәрін айт та, бірін айт – соны­мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев сай­ла­уда кім­ді жеңді? Бес «қуыр­шақты» жеңді деу – ел-жұрт­тан ұят. Біз­де­гі ел-жұрт түгілі, Еуро­па мен Аме­ри­ка күліп жатыр. Әлем­де­гі дамы­ған демо­кра­ти­я­лық елдер­дің бір­де-бір бас­шы­сы жеңіс­ке жет­кен пре­зи­дент­ке құт­ты­қтау жол­да­ма­ды. Құт­ты­қтаған – сол баяғы авто­ри­тар­лық билік – Ресей және Орта­лық Азия елдері.

Жеке­ле­ген бедел­ді сарап­шы­лар сай­лау таза өткен жағ­дай­дың өзін­де Тоқа­ев бәрібір 60 пай­ы­здан кем дауыс алмай­тын еді деп жатыр. «Қуыр­шақтар­дың» фонын­да бұл да сәу­е­гей­дің айта­тын сөзі емес – айдан анық жәйт еді.

Еуро­па­дағы қауіп­сіздік пен ынты­мақ­та­стық ұйы­мы­ның (ЕҚЫҰОБСЕ) адам құқы­ғы және демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар мен адам құқы­қта­ры бюро­сы­ның (ДИАҚБ) сай­ла­уды бақы­лау мис­си­я­сы Қаза­қстан­да өткен кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­у­ын бәсе­кесі бол­ма­ды деп сана­ды. Бұл жөнін­де ұйым­ның арнайы мәлім­де­месін­де едел-жедел айтыл­ды (қаз-қал­пын­да):

«Іс басын­дағы пре­зи­дент бар­лық пар­ла­мент­тік пар­ти­я­лар аты­нан ортақ кан­ди­дат тәрізді сай­ла­у­ға түсті, бірақ оған шын мәнін­де бәсе­ке­лес болған жоқ. Бай­қа­у­шы­лар­дың сөзін­ше, негіз­гі бостан­ды­қта­ры мен құқы­қта­ры­ның шек­те­луіне бай­ла­ны­сты аза­мат­тар­дың сая­си про­цес­ке толық мән­де қаты­суы бұры­нғы­ша айтар­лы­қтай шек­теліп отыр. Тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тар­дың пре­зи­дент­тік­ке түсуіне рұқ­сат етіл­мей­тіні, олар­дың білі­мі, туған жері, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те неме­се сай­лан­ба­лы орган­да жұмыс істе­ген тәжіри­бесі тура­лы талап­тар Қаза­қстан­ның ЕҚЫҰ алдын­дағы мін­дет­те­ме­лері мен өзге де халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай кел­мей­ді», – деді «ОБСЕ»-нің арнайы бақы­лау миссиясы.

Қысқа­сы, сай­ла­уды бақы­ла­у­шы негіз­гі еуро­па­лық ұйым «бұған дей­ін­гі бер­ген ұсы­ны­ста­ры­мыз орын­дал­ма­ды, Қаза­қстан­дағы сай­лау заң­ды­лы­қта­ры­ның нор­ма­тив­тік-құқы­қтық база­сы халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға сай емес» деді.

Бұлай деудің таса­сын­да сай­ланған пре­зи­дент­тің халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі леги­тим­дік құзіреті тұр. Енді­гі жер­де Тоқа­ев дамы­ған қай елге сапар­лап бар­са да, осы бет­ке басу алды­нан шыға­ды да оты­ра­ды. Оның үстіне «ОБСЕ» мис­си­я­сы­ның мәлім­де­месін АҚШ та толық мақұлдады.

Бір қызы­ғы – осы «бет­ке басуға» Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы емес, ҚР Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі жау­ап бер­ді. Пре­зи­дент­тік пле­бис­цит мәсе­лесіне сол пре­зи­дент­ке бағы­ны­шты мини­стр­лік­тің жау­ап бер­гені таң­да­нар­лық жәйт.

Ал енді «бола­ры – болып, боя­уы сің­ген» соң, сай­ла­удан «сыбаға» болып қалған осы олқы­лы­қтың орнын қалай тол­ты­ра­мыз? Ұза­ққа созбай айтар бол­сақ, оның ең басты жолы – таққа тағы қонған Тоқа­ев мыр­за үшін елде түбе­гей­лі сая­си рефор­ма­лар мен халық 30 жыл күт­кен өзгерістер­дің өзе­гін жасау.

Қаза­қ­ша­лап айтқан­да, «бет­ке басқан­ды к…тке қысты­ру» қажет бола­ды. Басқа­ша болған­да, жеті жылғы құзірет­те қадір қалмайды.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн