Пятница , 4 июля 2025

Арайлым Назар: КЕЛЕШЕКТЕ ТАҒЫ ДА кезектен тыс сайлау БОЛАТЫН СИЯҚТЫ

20 қара­ша күні өткен кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға қаты­сты мем­ле­кет­тік ақпа­рат құрал­да­ры «сай­лау әділ, таза өтті, Тоқа­ев үлкен басым­ды­қ­пен жеңіс­ке жет­ті» деген сыңай­да бір-бірі­мен жары­са шулап жатыр. Ал әле­умет­тік желілер керісін­ше, сай­лау бары­сын­да көп­те­ген заңбұ­зу­шы­лы­қтар орын алды деген фото-видео мен жаз­баға толы. Шын­дық қашан да қақ орта­да деген ұста­ным­ды желеу етіп, сай­ла­у­ға бақы­лау жүр­гіз­ген «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қоғам­дық бір­ле­сті­гінің» кең­сесіне ат басын бұрып, елге таны­мал болған атал­мыш ұйым жетек­шісі Арай­лым Назар­мен сұх­бат­та­сып қайттық.

– Арай­лым, сұх­ба­ты­мы­зды күні кеше өткен, сіз бақы­лау жүр­гіз­ген пре­зи­дент­тік сай­ла­удан бас­та­сақ. Сай­лау про­цесі мен нәти­же­сіне көңіліңіз тол­ды ма, жал­пы бақы­лау қалай өтті?

– Көңілім толған жоқ. Өйт­кені осы күні ресми жари­я­ланған 28%-бен (Алма­ты қала­сы­ның сай­ла­у­ға қаты­су көр­сет­кі­ші) келі­се алмай­мыз. Себебі біз жүр­гіз­ген бала­ма есеп нәти­же­сі бой­ын­ша, сай­ла­у­ға қаты­су көр­сет­кі­ші 18%-ды құра­ды. Бұған қоса, көп­те­ген бақы­лау учас­ке­лерін­де тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­ды бюл­ле­тень санағы­на жолат­пай қой­ды. Санақ көп жер­де ашық бол­ма­ды. Біздің бақы­ла­у­шы­лар­ды сай­лау учас­кесі­нен шыға­рып жібе­ру үшін, нешетүр­лі про­во­ка­ци­я­лар жасал­ды. Көп­те­ген учас­ке­лер­ден қоры­тын­ды хат­та­ма­лар­ды ала алма­дық. Себебі дауы­сты ұрлау – осы хат­та­ма тол­ты­ру кезін­де жасалады.

Тіп­ті хат­та­ма­ны алған­ның өзін­де көп­те­ген хат­та­ма­лар­дағы көр­сет­кіш бақы­ла­у­шы­лар­дың санағы­нан ең кемі 100-ден артық бол­ды. Кей учас­ке­лер­де бұл сан 400-ге жетті.

– Сон­да Алма­ты қала­сы сай­лау комис­си­я­сы­ның жари­я­лаған мәлі­мет­тері бақы­ла­у­шы­лар­дың санағы­нан кем деген­де 10% артық болға­ны ма?

– Иә, сай­лау комис­си­я­ла­ры қаты­су нәти­же­сін барын­ша үлкей­ту­ге тыры­сты. Деген­мен, өте көп­ке бара алма­ды. Өйт­кені өтірік­тері ашы­лып қалар еді. Мыса­лы, учас­ке­ге кел­ген 300 адам­ның үстіне 1000 адам­ды қосу – мүм­кін емес. Мен біздің бақы­ла­у­шы­лар оты­рған учас­кені айтып отыр­мын. Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар жоқ жер­де біл­генін жасай­ды. Оны талай көрдік.

– Осы жолғы сай­ла­уда қан­ша сай­лау учас­ке­лерін қамтыдыңыздар?

– Науры­з­бай ауда­нын толы­қтай және Жеті­су ауда­нын жар­ты­лай жап­тық. Осы­ның өзі өзге аудан­дар­ды біз жасаған санақтан қат­ты асыр­мауға мәж­бүр­леді. Мыса­лы, санақ біт­кен соң, Ала­тау ауда­ны­ның аудан­дық сай­лау комис­си­я­сы­на барып хат­та­ма алдық. Онда сай­ла­у­ға қаты­су нәти­же­сі 26% бол­ды. Сон­ды­қтан өзге аудан­дар­дың нәти­же­сі бақы­ла­у­шы­лар­дың санағы­нан көп асқан жоқ. Бұл да бақы­ла­у­шы­лар­дың жұмысы­ның нәти­же­сі деп санаймын.

– Бүкіл қала­ның сай­лау учас­ке­лерін бақы­ла­у­мен қам­та­ма­сыз ету­ге мүм­кін­дік бол­ма­ды ма?

– Бірін­ші­ден, бақы­ла­у­шы­лық жаса­уға ынта­лы адам аз. Алма­ты қала­сы бой­ын­ша 600-дей сай­лау учас­кесі бар. Сон­ды­қтан өзі­міздің ада­ми ресур­сы­мы­зға қарап, мүм­кін­дік­ке сәй­кес жос­пар құрдық.

– Бұл өзі бір стра­те­гия болып тұр. Сіз­дер бар­лық аудан­ды әр жер­ден жапқан­ша, толы­қтай бір аудан­ды жабу­ды дұрыс көр­діңіз­дер. Дәл осы тәсіл­ді рефе­рен­дум кезін­де де қол­дан­ды­ңы­здар. Бұл тәсіл­дің авто­ры кім?

– Әрине, біздің коман­да – «Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар қоғам­дық бір­ле­сті­гінің» ұжы­мы. Біздің қата­ры­мы­зда кре­а­тив­ті ойлай­тын жастар көп. Ақы­лын айтып оты­ра­тын аға-апа­ла­ры­мыз да аз емес. Сон­ды­қтан жақ­сы иде­я­лар жағы­нан біз­де еш про­бле­ма жоқ. Оған қоса, өзі­міз де өте ұйым­шыл­мыз. Осы­мен бір­не­ше сай­ла­уды бір­ге өткізіп, бір отба­сы болып кет­тік десем, өтірік емес.

«…Тоқа­ев бәрібір жеңер еді. Ол жеңістің пай­ы­зы аз бол­са да, әділ жеңіс болар еді. Адам­дар­дың Тоқа­евқа деген сені­мі артар еді. Тіп­ті біздің бақы­ла­у­шы­лар­дың санағы бой­ын­ша, Тоқа­ев 69% жинаған. Өкіні­штісі – қосып жазған қай­дағы бір 12%-ға бола билік сай­ла­удың сүй­кі­мін кетірді.

Дәл осы стра­те­ги­я­ны алғаш рет рефе­рен­дум­да пай­да­лан­дық. Осы жолы бұл әдісті Аста­на­ның бақы­ла­у­шы­ла­ры пай­да­лан­ды. Аста­на қала­сы кілең мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­дің қала­сы бола тұра, сай­ла­у­ға қаты­су көр­сет­кі­ші 48%-ды құра­ды. Бұл Алма­ты­дан кей­ін­гі ең төмен көрсеткіш.

– Сай­ла­у­ға дей­ін көп­те­ген пози­ци­я­лар айтыл­ды. Біре­улер сай­ла­у­ға мүл­де қаты­спай, бой­кот жари­я­лаған дұрыс десе, енді біре­уі сай­лау учас­кесіне емес, алаңға шығай­ық деді. Сай­ла­у­ға бақы­лау жасау қажет емес деген­дер де аз болған жоқ. Айна­лып кел­ген кез­де біз тек бақы­ла­у­шы­лар­дың жұмысы­ның нәти­же­сін көріп отыр­мыз. Рефе­рен­дум мен осы пре­зи­дент сай­ла­у­ын­да дауы­сты есе­леп ұрла­у­ға кедер­гі кел­тір­діңіз­дер. Бұған өмір­дің өзі дәлел болып тұр. Осын­дай бақы­ла­уды тек Алма­ты­да емес, бүкіл ел аумағын­да ұйым­да­сты­руға не кедергі?

– Бақы­ла­у­шы­лар­дың сай­лау учас­кесін­де бол­мауы кім­ге тиім­ді? Тек билік­ке. Сон­ды­қтан билік біздің жұмысы­мы­зға барын­ша кедер­гі кел­тіріп отыр. Бұған қоса, билік­тің диір­меніне су құй­ып, бақы­ла­у­ға қар­сы наси­хат жасай­тын адам­дар бар. «Бақы­ла­у­ға бар­маң­дар, оның несін бақы­лай­сы­ң­дар, бақы­ла­у­шы­лар билік­тің адам­да­ры…» деген секіл­ді сөз­дер­ді айтқан адам­дар да, өкініш­ке орай, аз емес. Осы­ның бәрі билік­тің ұпай­ын арт­ты­рып отыр.

– Бақы­лау жасау маңы­зды деген ұста­ны­мға өзіңіз қашан келдіңіз?

– 2019 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда. Өзім бақы­ла­у­шы болып, сай­ла­у­ға бақы­лау жаса­удың қан­ша­лы­қты маңы­зды екенін сон­да көр­дім. Дәл сол кез­де таза сай­лау өткізу­ге бола­ты­ны­на көзім жет­ті. Бірақ ол үшін біз көп болуы­мыз керек. Егер сай­ла­у­ға немқұрай­лы қара­сақ, билік сай­ла­уды өз сце­на­рий­і­мен өткі­зеді. Ол сце­на­рий­ді бұзу үшін, сай­лау про­цесінің ішіне ара­ла­су керек.

– Сай­лау алдын­да сіз­дер­де біраз қиын­шы­лы­қтар бол­ды деп естідік. Ол не жағдайлар?

– Сай­лау өтер алдын­да дәл біздің кең­се­міз­де жарық бол­ма­ды. Бүкіл ғима­рат­та, көр­ші бөл­ме­лер­де жарық бар, ал біз­де жоқ. Бақы­ла­у­шы­ларға арналған үлкен семи­нар-тре­нинг өткі­зу үшін, қонақ үйлер­дің бірі­нен арнайы кон­фе­ренц-зал жал­даған едік, бір күн қалған­да біз­ге хабар­ла­сып, ғима­рат­ты су басып кет­ті деп, зал­ды беру­ден бас тарт­ты. Біз оның өтірік екенін түсін­дік те: «Біз қайт­кен­де де келе­міз. Өзге бара­тын жері­міз жоқ. Қажет бол­са, сіз­дер­дің авто­тұрақта тре­нинг өткі­зе­міз. Өйт­кені қан­ша­ма адам­ды шақы­рып қой­дық» деп, текетірес­ке дей­ін барған соң, амал жоқ, келісім беру­ге мәж­бүр бол­ды. Артын­ша ғима­рат­ты ешқан­дай су бас­паға­нын көр­дік. Бұл тек біз­ге кедер­гі кел­тірудің ама­лы болды.

– Осы жолғы сай­ла­уда «Бәріне қар­сы­мын» деген гра­фа бол­ды. Бақы­лау нәти­же­сі бой­ын­ша осы гра­фа қан­дай нәти­же көрсетті?

– «Бәріне қар­сы­мын» және бүлін­ген бюл­ле­тень­дер­ді қосқан­да, басқа бес үміт­кер­лер­ден басып озып, Тоқа­ев­тан кей­ін екін­ші орын­да тұр. Яғни, бұл гра­фа өз жұмысын атқар­ды. Деген­мен, «Бәріне қар­сы­мын» гра­фа­сы­ның нәти­же­лері жари­я­ланған жоқ. Өйт­кені ол про­те­сттік көр­сет­кіш. Билік оны көр­сет­кісі келмеді.

– Сай­ла­у­ға түс­кен үміт­кер­лер сай­лау бітісі­мен бір-бірі­мен жары­са, Тоқа­ев­ты жеңісі­мен құт­ты­қтап жатыр. Сапа­сыз, ел таны­май­тын адам­дар­дың пре­зи­дент­тік додаға жібері­лу себебі неде деп ойлайсыз?

– Оның басты себебі – пре­зи­дент Тоқа­ев­тың таза сай­лау өткізу­ге мүд­делі емес екен­ді­гі. 2019 жыл­дан кей­ін пре­зи­дент әкім­шілі­гі мүм­кін болар­лық қатер­лер­ді барын­ша азай­туға тыры­сты. Додаға шынайы үміт­кер­лер қаты­сқан­да, сай­лау нәти­же­сі мүл­де басқа­ша болар еді. Тіп­ті екін­ші тур­ды да көрер едік. Содан қоры­қты. Сол себеп­ті осы жолы бар күшін сал­ды. Тіп­ті про­пис­ка­сы жоқ адам­дар­дың дауыс беруіне мүм­кін­шілік жаса­ды. «Откри­пи­тель­ный талон­ды» сай­ла­у­ға бір күн қалған­да алуға мүм­кін­дік бер­ді. Ол «кару­сель» жаса­уға жағ­дай жасай­ды. Осы мақ­сат­та тіп­ті қау­лы қабыл­дап үлгерді.

– Сай­лау учас­ке­лерін­де әртүр­лі ұйым­дар мен пар­ти­я­лар­дың бақы­ла­у­шы­ла­рын көр­дік. Оның көбі теле­фон­да­рын шұқы­лап, уақыт өлтіру­мен бол­ды. Ақ тер, көк тер болып, кел­ген адам­ды санап оты­рған – сіз­дер­дің ұйым­ның бақы­ла­у­шы­ла­ры. Сон­да бақы­ла­у­шы­лар­дың өзі жік-жік­ке бөлініп кет­кен бе?

– Иә, осы күні билік­шіл бақы­ла­у­шы­лар мен халы­қ­шыл бақы­ла­у­шы­лар болып екі­ге бөлініп кет­кен­біз. Тура сай­лау алдын­да ұйым құрып, оны тез ара­да тір­кеп, бюд­жет­тік меке­ме қыз­мет­кер­лері есебі­нен бақы­ла­у­шы­лар шығарған­дар­ды – билік­шіл дейміз.

Ал біздің бақы­ла­у­шы­ла­ры­мыз – аза­мат­тық бел­сен­ділер. Көзі ашық, көкіре­гі ояу аза­мат­тар. Оларға бір тиын төле­мей­міз. Төлей­тін ақша­мыз да жоқ. Қажет­ті керек-жарағы­мы­зды өз ақша­мы­зға ала­мыз. Тіп­ті деме­ушілер табы­лған жағ­дай­дың өзін­де ол бақы­ла­у­шы­ла­ры­мы­здың түскі асы­на кете­ді. Біздің бақы­ла­у­шы­лар­ды жете­лей­тін азарт – ол әділет­тілік­ке деген құштарлық.

Өзіңіз бай­қаған­дай, билік­шіл бақы­ла­у­шы­лар күні бойы қалғып, мау­жы­рап оты­ра­ды. Олар үшін жұмыс кеш­кі сағат 20:00-де дауыс санағы­мен бір­ге баста­ла­ды. Олар­дың басты мақ­са­ты – біздің бақы­ла­у­шы­ларға кедер­гі жасап, комис­сия мүше­лерінің сөзін сөй­леу. Олар біздің бақы­ла­у­шы­лар­дың каме­ра­сын жауып, комис­сия мүше­леріне кедер­гі кел­тір­мең­дер деп, жұлқы­нып жүреді.

– Пре­зи­дент­ті ауы­сты­ра алма­сақ та, бақы­ла­удың қажет екеніне адам­дар­дың көзі жет­кен шығар. Осы бақы­ла­у­шы­лар­дың санын қалай­ша арт­ты­руға болады?

– Бірін­ші кезек­те тиісті үгіт-наси­хат жұмысын жүр­гі­зу қажет. Тағы бір ойым – бақы­ла­у­шы­ларға таны­мал тұлға керек деген ойым бар. Қаза­қтар қашан да көсе­мі мен батыр­ла­ры­ның арты­нан ерген халық қой.

Өкініш­ке орай, ақпа­рат­тық соғы­ста біз жеңіліп жатыр­мыз. Алпа­уыт мем­ле­кет­тік БАҚ-тарға қар­сы шай­қа­су үшін тым азбыз. Мүм­кін, дау­сы­мыз қат­ты шық­пай жатқан болар. Бұл сұрақ өзі­мізді де маза­лай­ды. Атқарған ісі­міз сөз емес, іс жүзін­де. Оған сай­лау нәти­же­лері айқын дәлел. Бірақ ақпа­рат алаңын­да басым­дық жасай алмай отырмыз.

– Өткен сай­ла­уда «ХАҚ» қозға­лы­сы аты­нан Тоғ­жан Қожа­ли­е­ва да бақы­лау ұйым­да­стыр­ды. Оның жинаға­ны қан­дай бақы­ла­у­шы­лар болды?

– Білуім­ше, Тоғ­жан Қожа­ли­е­ва­ның өзі нөмірі 17 сай­лау учас­кесін­де бақы­ла­у­шы болып отыр­ды. Бәл­кім, ол кісінің ұйым­да­сты­ру­шы­лық қабілеті мықты болу керек. Өйт­кені өзі учас­ке­де оты­рып, 1100 бақы­ла­у­шы­ны басқа­ру деген – үлкен талант. Біз бір­не­ше адам шта­б­та оты­рып, жүз­ден астам бақы­ла­у­шы­ның жұмысын қадаға­ла­у­ға әрең үлгер­дік. Тіп­ті тамақ жеу­ге уақыт бол­ма­ды. Учас­ке­лер­ді ара­ла­у­ға тым бол­ма­са 1 сағат уақыт бөл­гім кел­ген, бірақ оған да үлгер­медім. Сон­ды­қтан Тоғ­жан Қожа­ли­е­ва­ның жұмысы­на қызы­ға да, қызға­на да қарадым.

Ол кісінің эфир­лерін қарап шықтым. Сай­лау про­цесіне басы­нан аяғы­на дей­ін қаты­сқан, толық видео түсір­ген. Ал біздің бақы­ла­у­шы­ларға видеоға түсіріп, тіке­лей эфир­ге шық­пақ түгілі, дауыс санау кезін­де орын­да­ры­нан тұруға да мүм­кін­дік бер­ме­ген. Орны­нан тұрып, видеоға түсір­ген­дер­ді поли­ция шақы­рып, учас­ке­лер­ден шыға­рып отырды.

– Егер бақы­лау еш заңбұ­зу­шы­лы­қ­сыз өткен жағ­дай­да кім жеңер еді деп ойлайсыз?

– Тоқа­ев бәрібір жеңер еді. Ол жеңістің пай­ы­зы аз бол­са да, әділ жеңіс болар еді. Адам­дар­дың Тоқа­евқа деген сені­мі артар еді. Тіп­ті біздің бақы­ла­у­шы­лар­дың санағы бой­ын­ша, Тоқа­ев 69% жинаған. Өкіні­штісі – қосып жазған қай­дағы бір 12%-ға бола билік сай­ла­удың сүй­кі­мін кетірді.

– Осы уақы­тқа дей­ін Қасым-Жомарт Тоқа­ев біраз уәде беріп кел­ді. Қай уәдесі орын­дал­ды, қай­сысы уәде болып қана қалды?

– Пре­зи­дент­тің көп уәдесі әде­мі айты­лған. Бірақ сөз – бөлек, іс бөлек екенін ұмыт­паған жөн. Мыса­лы, «Сай­лау тура­лы заңға» өзгерістер енеді, демо­кра­ти­яға бір қадам жасай­мыз деп әде­мі айтыл­ды. Иә, өзгерт­ті. Бірақ демо­кра­ти­яға қарай алға бір қадам емес, керісін­ше, демо­кра­ти­ядан екі қадам артқа жасал­ды. Мыса­лы, аккре­ди­та­ци­я­ны алай­ық. Бұл заң нор­ма­сы бой­ын­ша, біздің ұйым­ның келесі сай­ла­у­ға қаты­суы екіта­лай. Аккре­ди­та­ция бер­ме­се, алдағы сай­ла­у­ға қаты­са алмай­тын болып тұрмыз.

Айты­ңыз­шы, осы­ның қай жері демо­кра­тия?! Аккре­ди­та­ци­я­ны тек билік­шіл бақы­ла­у­шы­ларға ғана беріп, біз­дер­ді ысы­рып таста­мақ­шы. Бұдан бөлек, бақы­ла­у­шы­лар­дың фото-видеоға түсіруіне шек­теу қой­ы­ла­тын өзгерістер қабыл­дан­ды. Тура­сын айтқан­да, билік өз ұрлы­ғын мей­лін­ше жасы­руға әре­кет жасап отыр.

Митинг тура­лы заңға өзгеріс енгіздік деп жар сал­ды. Ал іс жүзін­де бәрі бұры­нғы қал­пын­да қал­ды. Митинг­ке бәрібір рұқ­сат керек. Тек рұқ­сат қағаз­дың аты ғана өзгер­ді. Ұйым­да­сты­ру­шы­ларға қиын талап­тар қой­ып таста­ды. Жос­пар­ланған митинг­ке неше адам келетінін жазу керек, оларға жау­ап­ты­сың, биодәрет­ха­на мен БАҚ өкіл­дері жай­ға­са­тын орын дай­ын­да­уға мін­дет­тісің. Әдей­ілеп, жаңа өзгерістер­мен ұйым­да­сты­ру­шы­ның мой­ны­на көте­ре алмай­тын жүк іліп тастаған. Сон­ды­қтан сөз жүзін­де бәрі тама­ша, ал заң­ның ішіне үңіліп қара­саң, бұры­нғы­дан бетер қиын­да­тып тастаған.

– Әле­умет­тік желі­де сіз бастаған бақы­ла­у­шы­лар тобы қала­лық сай­лау учас­кесіне кіре алмап­ты деген ақпа­рат тара­ды. Осы жөнін­де айтып берсеңіз.

– Біздің үзең­гілесі­міз Әлнұр Илья­шев әдет­те­гі­дей қала­лық сай­лау учас­кесіне барып, қоры­тын­ды хат­та­ма алып жүр­ген. Оны алу үшін, таңға дей­ін күтетін. Бұл жолы оған хат­та­ма­ны бер­ме­гені былай тұр­сын, өзіне бір­не­ше адам жабы­лып, сыр­тқа шыға­рып, есік­ті іштен жауып алған. Қала­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның төрай­ы­мы Жан­на Аса­но­ваға теле­фон шал­са, ол кісі ұйы­қтап жатыр­мын деп жау­ап бер­ген. Дауыс санау про­цесі жүріп жатқан кез­де ол кісі қалай­ша ұйы­қтай­ды?! Мыса­лы, рефе­рен­дум кезін­де екі ғана гра­фа болған. Соның өзін таңғы сағат 6‑ға дей­ін санаған. Осы жолы сегіз гра­фа­ны кем деген­де таңғы 10-ға дей­ін санау керек еді. Ал бұлар түн­гі бір-екі шама­сын­да санақты бітіріп, ұйы­қтап қалған екен.

– Не десек те, пре­зи­дент Тоқа­ев сай­ла­уда жеңіп, құзіретін жеті жылға ұзарт­ты. Алдағы жеті жыл­да не күтіп тұр деп ойлайсыз?

– Түсін­ді­ре алмай­мын. Бірақ өзім­нің ішкі сезі­мім бой­ын­ша, Тоқа­ев 7 жыл пре­зи­дент болып отыр­май­ды. Өйт­кені елде­гі сая­си-эко­но­ми­ка­лық аху­ал күрт нашар­ла­ды. Бұл жағ­дай­мен Тоқа­ев­тың пре­зи­дент­ті­гі ұза­ққа бар­май­ды. Алдағы екі-үш жыл­да тағы да кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­удың куәсі бола­тын сияқты­мыз. Осы сай­ла­уда халы­қтың 80%-ы қаты­сқан жоқ. Бұл – осын­ша­ма халық сені қол­да­май­ды, саған сен­бей­ді деген бел­гі. Осын­ша адам­ның сені­міне ие болу үшін, пре­зи­дент нақты қадам­дар жаса­уы керек.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет! Бақы­ла­у­шы­лық қыз­метіңіз­ге тәнтіміз!

Аза­мат ШОРМАНХАНҰЛЫ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн