Пятница , 4 июля 2025

АЛЫС ЖОЛ алғашқы қадамнан БАСТАЛАДЫ

Серға­зы МҰХТАРБЕКОВ, жур­на­лист

  • Ұлы наға­шым Смағұл ақсақал сонарға шығар тазыс­ын бап­тап, ішін айнал­ды­рып, таза­лап, қоя­сын түсіру­ге ерекше мән беретін. Жал­пы, тамы­здың соңы­на қарай тазы өзгеріп, елге­зек, елең­де­гіш мінез таны­та бастай­ды. Сол кез­де ауыл сыр­тын­дағы қырға алып шығып, жүгір­тіп, сіңір тара­мысын соза­тын. Беретін тамақ мөл­шерін азай­тып, «жат­ты­ға­тын» уақы­тын – физи­ка­лық ауырт­па­лы­қты күн­делік­ті арт­ты­ра түсетін. Сөй­тіп, алғаш қар түсер күн­ге әзір­леп, қан­со­нарға дай­ын­дап отыратын.

Мынау біздің кезек­ті кезек­тен тыс сай­ла­у­ы­мыз сол қоя­сы түс­пе­ген, сіңір тара­мысы созы­лып, іші айнал­маған – бір сөз­бен айтқан­да, бабы келіс­пе­ген­дер­дің ши айна­ла жүгір­генін­дей ғана әсер қалдырды.

Тоқ етерін айтар бол­сақ, «сай­ла­на­ты­нын» өзі де, сіз бен біз де Баян Есен­та­е­ва түс көр­мей тұрып-ақ біл­ген сай­ла­удағы «жеңісіне» Тоқа­ев қалай дай­ын­дал­ды? Аппа­ра­тын­дағы негіз­гі тұлға­лар­ды ауы­сты­рып, мини­стр­лер мен әкім-қара­лар­ды ірік­теп, жаңа қадам жаса­уға әре­кет­тен­ді ме? Әлде желет­ке киіп жел­пініп, бір ай бойы үгіт­шілері болған депу­тат­тар Тоқа­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен жасы­рын жаңа заң жоба­ла­рын дай­ын­дап, оны әне-міне қараға­лы жатыр ма? Әншей­ін­де сай­ла­удан соң іле-шала отстав­каға кететін үкі­мет неге қыңқ етпеді?

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – ащы тері алын­бай-ақ бәй­ге­ден кел­ген Тоқа­ев бір­ден батыл рефор­ма­лар жасай­ды деген­ге сене алмай­мын. Жал­пы, өзгеріс жасап, тың­нан тар­ту үшін, ада­мға мінез керек. Харизм қажет.

Десек, «ұста­зы» құр­бан­дық деп көр­сетіп бер­ген Мәсі­мо­вты ғана місе тұтып, өзін «сай­лаған» жұрт басты ұры деп баға­лап оты­рған кісінің «айтқа­ны­на көніп, айдаға­ны­на жүр­ген» адам­нан қан­дай мінез, қан­дай сая­си рефор­ма­лар күту­ге бола­ды? Тұлы­пқа мөңіре­ген­ді қоя­тын мез­гіл жет­ті ғой.

Әрине, «дипло­мат адам бәрін ішіне тығып отыр», «шама­лы мүм­кін­дік беру керек» деген сияқты әңгі­ме айтып, жақтау сөзді бет­ке баса­тын­дар көп бола­ты­нын біле­мін. Оларға ақыл иесі ретін­де алдағы күн­нен жақ­сы­лық күт­кен­мен, жаман­ды­ққа да дай­ын болай­ық дегім келеді.

Айт­пағым – «әрқай­сы­ң­ды қол­да­ры­ң­нан жетек­теп, түр­ме­ге алып бара ала­мын» деген адам­ның қолын­да Тоқа­евқа қаты­сты ком­про­мат­тың жоқты­ғы­на кім кепіл­дік бере ала­ды? «Тұңғыш пре­зи­дент тура­лы» заңға қаты­сты қабыл­данған өзгер­ту­лер күшіне енбей, кеше­уіл­деп жатқа­ны­ның төр­кінін осы төңірек­тен қарау керек болар.

Десек, қол-аяғы мата­у­лы Тоқа­ев кім­ге тұлға болған­дай? Кім­мен бір­ге «Жаңа Қаза­қстан» құрғандай?

Әңгі­менің бәрі айна­лып келіп, назар­ба­ев­тық жүй­е­ге және кадр мәсе­лесіне тіре­леді. Сенетін сері­гі, сүй­е­нетін тіре­гі жоқ адам – Тоқа­ев­тың дәл бүгін­гі жағ­дай­ын «Құдай есір­кесін» деген­нен өзге сөз­бен жет­кі­зу қиын. Жанын­да ең бол­ма­са шын жаны аши­тын бірер тұлға жоқ жан тура­лы басқа не айтуға болады?

Жал­пы, әлем елдерін­де қалып­тасқан дәстүр­лер­ге жүгі­нер бол­сақ, Назар­ба­ев кла­ны­нан толық құты­лып, мем­ле­кет­тік аппа­рат­ты олар­дан толық таза­лау үшін, кри­зи­стік мене­джер­лер­ді қыз­мет­ке тар­тып, солар арқы­лы жаңа кадр­лар құра­мын жасақта­уға ұмтыл­мақ керек. Жаңа кадр­лар кел­мей, «Жаңа Қаза­қстан» құрылмайды!

Назар­ба­евқа ақиқат­ты айтқан­да­ры үшін ғана қуғы­нға ұшы­раған Әке­жан Қажы­гел­дин, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Жәкі­шев сияқты аймаң­дай­лар­ды шақыр­са, олар жалғыз-жарым кел­мей­тіні және эко­но­ми­ка­да сіл­кініс туды­ра­ры, шетел­ге шығып кет­кен қар­жы­ны қай­та­руға жұмыста­нар­ла­ры бел­гілі ғой. Ал өзге­лерін тіз­бек­те­мей-ақ қояй­ын, елге таны­мал Мұх­тар Тай­жан, Арман Шора­ев, Дина Елге­зек сын­ды тәу­ел­сіз тұлға­ларға қолқа салар бол­са, олар­дың аянып қал­май­тын­да­ры ақиқат.

Алай­да бұған Тоқа­ев­тың айна­ла­сын­да әлі сіресіп оты­рған Назар­ба­ев­тың қаң­сы­қта­ры мұр­ша бер­мей­ді. Ал олар­ды қуып шығып, айна­ла­сын түгел жаңар­туға тағы да тәу­е­кел­шіл мінез керек.

Әрине, мінез­сіз адам бол­май­ды! Тоқа­ев­тың Петер­бор­дағы жиын­да Пут­ин­ді жер­ге тыққа­ны­на бәрі­міз куә­міз. Қаңтар­да «мен ешқай­да кет­пей­мін» деп кесіп айтқа­нын да біле­міз. Сон­ды­қтан да «осы сай­ла­удан соң…» деген­дер­мен талас­пай­мыз. Күт­пе­ген­де, қай­да барамыз?

Деген­мен, шыдам­ның да шегі бар. Бер­ген уәденің де бітер тұсы болуы керек. Әсі­ре адал­дық ақы­мақты­қ­пен шен­десетінін Тоқа­ев менен артық біледі деп ойлай­мын. Енде­ше ұлт­тық, мем­ле­кет­тік мүд­дені әлі күн­ге дей­ін бір адам­ның аяғы­ның астын­да тап­та­тып қой­ға­ны­мыз қалай? Сөздің ашы­ғы – назар­ба­ев­тық мұра толық талқан­да­лып, Тоқа­ев­тың қабыл­даған шешім­деріне аппа­рат­тық бой­кот жари­я­лап, жүзе­ге асуы­на кедер­гі жасап оты­рған билік­те­гі назар­ба­ев­тық клан кет­пей­ін­ше, ештеңе өзгермейді.

Бүтін бір халы­қты бір ауыл­дан ғана шыққан «даны­шпан­дар­дың» басқа­руы­нан құтқа­рар кез туды. Көше­ден жинап әкеліп, бас­шы­лы­ққа қой деп оты­рған ешкім жоқ. Көзді ашып қара­са, клан­дық һәм рулық, жер­шіл­дік прин­циптер­ден арыл­са – бол­ды. Адам табы­ла­ды. Тақа бол­маған­да жаны­на ештеңе­ден қай­мы­қ­пай, ақиқат­ты айта ала­тын, ұлт пен мем­ле­кет­тік мүд­дені қоя тұрай­ық, тіке­лей өзіне шынайы жаны аши­тын бірер адам­ды тар­тып, солар­дың ақыл-кеңе­стеріне құлақ асса – кәне­кей?! Ондай тұлға­лар жоқ емес қой! Әли­хан Смай­ы­ло­втың орны­на Мұх­тар Жәкі­шев­ті неме­се Айман Тұр­сы­нқан­ды қой­ып, мүм­кін­дік бер­се, қалған кадр­дың өзі-ақ рет­те­летініне күмәнім жоқ. Бұл бір мысал ғана.

«Халы­ққа – хан, қара жер­ге – халық ие» деген тұрғы­дан қара­сақ, Тоқа­ев үшін енді­гі кезең­де – алдағы 7 жыл­да – халы­қтың көңілі­нен шығу маңы­зды деп ойлай­мын. Ол үшін жүде­ген жұрт­тың жағ­дай­ын жасап, ел мүд­десіне қыз­мет қылу керек. Ол үшін Назар­ба­ев­тан қалған мұраға реви­зия жасау маңы­зды. Айта­лық, назар­ба­ев­тық клан­ның қан­жы­ға­сын­да кет­кен қар­жы­ны толық қай­та­руға кірі­сер бол­са, жұрт 81% емес, 99% қол­дай­ты­ны­на еш күмән жоқ. Мұнай баға­сы төмен­деп, шетел­дік инве­сти­ция азай­ған шақта эко­но­ми­каға сол қай­тқан ақша құй­ы­лар бол­са, көр­мей­тін­дей – жұрт соқыр емес. Баға­ла­май­тын­дай – биша­ра емес. Қысыр сөз­ден жалы­ққан жұр­тқа енді­гі жер­де әре­кет­пен дәлел­деу маңызды.

Десек, әлі де ауы­зда­ры­нан ақ май ағып, ойқастап жүр­ген оли­гарх­тар ауы­зды­қта­лып, ұлт­тық һәм мем­ле­кет­тік мүд­дені ман­сұқ етіп жасалған жеке­ше­лен­ді­ру келісім­шар­тта­ры заң­дық негіз­де қай­та қара­лып жат­са – кәне­кей?! Сот жүй­есін шын мәнін­де тәу­ел­сіз етіп, құқық қорғау орган­да­рын­дағы парақор­лар құры­қтал­са, жұрт әділ баға­сын беретін­ді­гіне еш күмән жоқ.

Жалпы, мына фәни­де дұшпа­ны­ң­ның да ақыл­ды болға­ны тиім­ді екені ешкім­нен жасы­рын емес. Десек, аль­тер­на­тив­ті ойлай­тын оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы адам­дар­ды «халық жауы» санаған­нан қашан тиы­ла­мыз? Олар бар болға­ны пікір­лерін ашық айтып жүр­ген аза­мат­тық қоғам­ның бел­сен­ді өкіл­дері ғана ғой! Бол­ма­са, жеке кез­де­су­де билік­ті, әсіре­се билік­те­гі жеке­ле­ген тұлға­лар­ды өкір­тіп сынап, ертесіне түк бол­маған­дай, сол билік өкіл­деріне «әке-көке» деп жүр­ген жан­дар­ды өз басым тым көп көр­дім. Және сол әре­кет­теріне ешбір қысы­лып, бет­тері қызар­май­тын­да­ры­на куә­мін. «Мына жұрт бәрін көріп отыр-ау, мен тура­лы не ойлай­ды екен?!» демей­тін­деріне таң қала­ты­н­мын. Және сол ұлы Абай «жалт бер­гіш, қай­та ойланғыш, көті айналғыш» деп баға бер­ген най­сап­тар­мен ауыз жаласқан билік­те­гілер­ді көр­ген­де жиіркенетінмін.

Жоқ, билік­те­гілер олар­дың «…көті айналғыш» най­сап екен­дерін біл­меді емес, бек жақ­сы біл­ді. Сол «жалт бер­гі­штік­терін…» пай­да­ла­нып кел­ді. Десек, енді­гі­міз­ге не жорық?! Олар­дан – сая­си жәләп­тар­дан – жиір­ке­нетін, жері­нетін, жалы­ға­тын уақыт туды ғой! Аль­тер­на­тив­ті ойлай­тын, тосын пікір айта­тын, ойы­ңа ой қоса­тын адам­дар­мен кез­десіп, пікір алмасқан­нан Тоқа­ев ұтпа­са, ұтыл­май­ты­ны­на кепілмін.

Ал ондай адам­дар қазақ қоға­мын­да жет­кілік­ті. Тек аппа­ра­тын­да арнайы бөлім ашып, көзқа­рас алу­ан­ды­ғын зерт­те­у­ге зей­ін қой­са бол­ды. Мәсе­лен, қоғам қай­рат­кері Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның ой-пікір­лерін сарап­тап, өмір­шеңді­гін уақыт­тың өзі дәлел­деп оты­рған құн­ды пікір­лерін мем­ле­кет­тің қажетіне жаратқан­нан кім зиян шек­пек? Сая­си тәжіри­бесі мығым, оқы­ға­ны тәжіри­бесі­нен де көп қоғам қай­рат­кері Төле­ген Жүке­ев­тің пара­сат-пай­ы­мы­на құлақ түр­ген­нен билік жапа шек­пей­ді ғой.

Мәсе­лен, шет­те жүріп, мың сан маман­мен пікір­лесіп, бұры­нғы­сы­нан да мықты сая­сат­кер­ге айналған бір­бет­кей аза­мат, ұста­ны­мы­на берік тұлға Төлен Тоқ­та­сы­но­втың қай­та оралға­ны мем­ле­кет­ке тиім­ді емес пе?

Мәсе­лен, әлем елдерін ара­лап, дәріс беріп жүр­ген, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық дүл­діл эко­но­мист ретін­де тани­тын Ораз Жан­до­со­втың потен­ци­а­лын неге пайдаланбасқа?

Сырқа­ты­ма бай­ла­ны­сты соңғы 10 жыл­да қоғам­дық орта­дан шет­теп қалған адам ретін­де жал­пы аза­мат­тық қоғам­ның, жә оппо­зи­ци­я­ның да бүгін­гі жағ­дай­ы­мен етене таныс емес­пін. Әрине, «бір бие­ден ала да туа­ды, құла да туа­ды». Оппо­зи­ци­я­ның ішін­де де күні үшін жүр­ген­дер жетер­лік болар. Ана бір жыл­дар­дағы­дай баста­ры бірі­гіп, бір жұды­рық болып қимыл­да­май, мына сай­лау алдын­дағы­дай «анау сатқын», «мынау шпи­он» деп, бас-басы­на би болып жүр­ген жұрт­пен билік­тің сана­спа­сы хақ. Деген­мен, сол орта­да шынайы ұлт­шыл, мем­ле­кет­тік мүд­дені бәрі­нен жоға­ры қоя білетін, жағым­паз­да­ну­ды біл­мей­тін қыңыр мінезді, бірақ ойла­ры орам­ды жан­дар да бар­шы­лық екеніне күмәнданбаймын.

Енде­ше 7 жылға сай­ла­нып, халық сені­мін ақтай­мын деген Тоқа­евқа сол тұлға­лар­мен – қоғам­дық пікір­дің бел­гілі бір бөлі­гінің өкіл­дері­мен кез­десіп, ортақ мәм­ле­ге келіп, ел мүд­десі үшін бір­ге жұмыста­нуға неге әре­кет­тен­бес­ке? Олар­дың пара­сат-пай­ым­да­рын, ұтым­ды ойла­рын неге мем­ле­кет­тің қажетіне жарат­пасқа? Қыры­қ­пы­шақ болып жүр­ген оппо­зи­ция өкіл­дері де осы­нау жол­да бір мәм­ле­ге келіп, қадау-қадау мәсе­ле­лер­де ортақ бір бай­ла­мға тоқтап, сол ойла­ры ел пре­зи­ден­тіне жететін­дей қаре­кет­тер жаса­уы қажет емес пе? Тоқа­ев – ішкі қай­шы­лы­қтар­ды ортақ мүд­де­ге жеңді­ре біл­ген оппо­зи­ци­я­мен сана­спай­тын­дай адам емес деп ойлаймын.

«Бар­лық адам қате­ле­седі. Сол қате­ле­су­шілер­дің ара­сын­дағы ең жақ­сысы өз қателі­гін мой­ын­дап, тәу­бе­ге кел­гені» деген әпса­наға тоқтап, қателік­тері­міз қасірет­ке айнал­май тұрған­да, ұлт­тық ортақ мүд­де­ге қыз­мет жасай­тын күн туған жоқ па?!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн