Пятница , 4 июля 2025

ТОҚАЕВТЫҢ жаңаша әрекет етпеске ШАРАСЫ ЖОҚ

Қанағат ЖҮКЕШ

  • Соны­мен, бұл жолғы сай­лау арқы­лы Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаза­қстан­ның сая­си билі­гін­де толық леги­тим­дік­ке қол жет­кізді, сая­си пози­ци­я­сын өз ойын­дағы­дай нығай­тып алды. Енді оның орын­тағы мығым, беті жарық, алды ашық деп айтуға бола­ды. Біз енді ғана Қаза­қстан­дағы билік тран­зи­ті толы­ғы­мен аяқтал­ды деп айта ала­мыз. Бұл кон­ста­та­ция бұған дей­ін талай айты­лып жүр­се де, ол нағы­зды­ққа сай емес бола­тын. Қаза­қстан билі­гін­де­гі толық тран­зит 2022 жыл­дың 20 қара­ша­сын­да ғана жүзе­ге асы­рыл­ды деп тарих оқулы­қта­ры­на жазуға болады.

Қасым-Жомарт Тоқа­ев сай­ла­у­ға халық бұқа­ра­сы­ның денінің қол­да­уы­мен келіп отыр. Элек­то­рат­тың бел­гілі бір бөлі­гінің бұл кісі­ге нара­зы­лы­ғы негізі­нен Қаңтар оқиға­ла­ры­мен бай­ла­ны­сты туын­даған болатын.

Қаңтар оқиға­ла­ры­ның орын алуы, сипа­ты, себеп­тері тура­лы аз жазы­лған жоқ. Солай бол­са да, оқиға­лар­дың терең сыр­ла­рын қатар­дағы бұқа­ра­ны қой­ып, кей­бір сая­сат­шы­лар мен сараб­дал сарап­та­ма­шы­лар­дың өздері толық түсініп отыр­маға­ны­на куә болып отыр­мыз. Пано­ра­ма­ны толық көз алды­мы­зға кел­ті­ру үшін, әлі талай зерт­те­улер жүр­гізу­ге тура келетін түрі бар. Жаңа пре­зи­дент­тің қадіріне қаты­сы болған­ды­қтан, осы оқиға­лар тура­лы кей­бір ой ұшқын­да­рын ортаға сала кету артық бол­май­тын сияқты.

 Тоқа­ев Қаңтар бүлі­гі бой­ын­ша азапталған­дар­дың құқы­ғын қорғау қажет­ті­гін, олар­дың ісін мұқи­ят тек­се­руді бұған дей­ін де бір­не­ше рет айт­ты. Мәсе­ле – осы оқиғаға қаты­сты тер­ге­удің баяу және жабық жүр­гізіліп жатуы­ның себеп­терін­де, пре­зи­дент нұсқа­уы­ның орын­да­лу бары­сын­дағы түйт­кіл­дер­де болып отыр. Қаңтарға әділ баға беруді талап ету­шілер осы айғақты да ескеріп сөй­ле­уі тиіс.

Қаңтар­да ешқан­дай сая­си пар­тия, кәсі­по­дақ неме­се өзге бір сали­ха­лы ұйым халы­қты шеру­ге шығуға үнде­ген жоқ (М.Аблязовты тың­дап жатқан ешкім жоқ). Сау­ат­ты ұйым­да­сты­ры­лған шара бол­ма­ды. Қазір­гі халық ешқан­дай сая­си шараға қаты­спай­тын зом­биға айналған…

Иә, газ­дың қым­бат­та­уы­на бай­ла­ны­сты бұқа­ра­ның нара­зы­лы­ғы болға­ны рас. Адам­дар көше­ге шықты. Бұған қан­дай фак­тор­лар әсер етті? Сұрақтың үлкені осы­дан туындайды.

Халық көше­ге шыққан­дар­ды «поли­ци­я­ның өзі қол­дап, олар­мен бір­ге шеру тар­тып бара жатқа­нын» көр­ді. Содан қатар­дағы сал­паң­бай­дың деле­бесі қозып, «жал­пы­ха­лы­қтық қозға­лыс осы екен» деп, шеру­ге қосы­лып, жал­пы қара­ны көбей­тіп жібер­ді. Оқиға­лар сырт­тай бұқа­ра­лық сипат алған көтеріліс­ке ұқсап кет­ті. Құбы­лы­стың осы­лай бет алуы ұйым­да­сты­ру­шы­ларға жап­пай бей­ба­стақты­ққа жол ашу мүм­кін­ді­гін тудыр­ды. Ары қарай олар оқиға­ны жымысқы әре­кет­терінің әле­умет­тік-пси­хо­ло­гия қағи­да­ла­ры тұрғы­сы­нан сау­ат­ты басқарға­нын көре­міз. Аран­да­ту­шы­лар­дың алда­уы­мен оқиға бүкіл­ха­лы­қтық ере­уіл сияқты болып көрініп, сая­сат­шы­лар­дың өздері осы­лай, қате түсін­діріп жүр.

Бұл жер­де аран­да­ту­шы­лар­дың кім екен­ді­гі, лаң­кестер ме неме­се емес пе, олар­дың саны, кім қару­лан­ды­рға­ны тура­лы сөз қозғал­май­ды. Мәсе­ле аран­да­ту­шы­лар­ды кім дай­ын­даға­нын­да, әре­кет­ке қосқа­нын­да, коман­да­мен жоға­ры­дан басқарға­нын­да болып отыр. Қаңтар оқиға­ла­ры­ның сыры осы сұрақтар­дың жау­ап­та­ры­мен ашылады.

Бұл сұрақтың жау­а­бы­на қаты­сты бірін­ші ойға келері – мүлік­ті, ғима­рат­тар­ды бүл­дір­ген, өрте­ген, маши­на­лар­ды атқы­лаған қатар­дағы бұқа­ра емес. Мұн­дай шек­тен шыққан бүл­діру­шілік­ке бару – біздің халы­қтың қолы­нан кел­мей­ді. Бұған дей­ін өткен сая­си шара­лар­дың ешқай­сысын­да бұқа­ра мате­ри­ал­дық бүл­діру­шілік­ке, ғима­рат өрт­те­у­ге, бей­біт адам­дарға қар­сы оқ атуға барған жоқ. Бұл жолы да солай бол­ды. Қолын­да қаруы жоқ. Біздің халық ондай­ға дай­ын емес.

Бұл оқиға­лар – арнайы әдіс­на­ма­мен дай­ын­далған, қару­ланған, жоға­ры­дан беріл­ген нұсқа­уды орын­дап жүр­ген адам­дар­дың қолы. Солар ғана ондай­ға бара ала­ды. Олар­дың қира­тып бара жатқан әре­кет­тері кең ауқым алып, күшпен тоқтат­пасқа бол­май­тын жағ­дай қалып­та­сты. Тоқа­ев­тың атуға бұй­рық беруінің себебін осы­дан іздеу керек. Жөпел­де­ме­де бұй­ры­қтың фор­му­ли­ров­ка­сы жатық шық­паға­ны рас.

Қаңтар оқиға­ла­ры­на қаты­сқан­дар­ды үш әле­умет­тік топқа жік­те­у­ге бола­ды. Бірін­шісі – пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың билі­гі, оның қара­уы­на толық өткен, нұсқа­уын орын­дай­тын мем­ле­кет­тік құры­лым­дар. Екін­шісі – шеру­ге шыққан қатар­дағы халық бұқа­ра­сы. Үшін­шісі – бұры­нғы билік­тің аран­да­ту­шы бүлік­шілері, реваншшылар.

Біз мына шека­ра­ны айы­рып алуы­мыз керек: қару­лы қақты­ғыс бірін­ші және екін­ші субъ­ек­тілер­дің ара­сын­да болған жоқ. Бұлар­дың арақа­ты­на­сы бұры­нғы­ша, ере­уіл­ге шыққан демон­странт­тар мен қазір­гі билік­ке бағы­на­тын поли­ци­я­ның про­фи­лак­ти­ка­сы дең­гей­ін­де өтуі керек еді. Үдерісті үшін­ші күш бұзып жібер­ді. Бар­лық түйт­кіл бірін­ші және екін­ші субъ­ек­тілер­дің ара­сы­на реван­ш­шы-бан­дит­тер­дің кіріп кетуі­нен болды.

Негіз­гі қақты­ғыс бірін­ші мен үшін­ші күш­тер­дің ара­сын­да өтті. Алай­да алда­нып қалған екін­ші топ­тың адам­да­ры көп зардап шекті.

Қаңтар оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты Тоқа­евқа өкпе­ле­у­ге құқы­қтық негіз жетіс­пей­ді. Ол басқарған құры­лым­дар­дың әре­кет­тері тек реван­ш­шы-бүлік­шілер­ге қар­сы бағытталды.

Ал жазы­қ­сыз зардап шек­кен­дер­ді одан ары қинап, адам төз­гісіз айу­ан­ды­қ­пен тәни қастан­дық жасап жатқан­дар­дың бәрі – бұры­нғы­ның реван­ш­шы­ла­ры екенін ажы­ра­ту қиы­нға соқ­пай­ды. Тоқа­ев­тың жазы­ғы – үшін­ші күштің, реван­ш­шы­лар­дың көсе­мін ашық айта алмауында.

Азапта­у­шы­лар­дың жазы­қ­сыз адам­дар­ды қинау почер­кіне, қотиын­дық дең­гей­іне және түп­кілік­ті сая­си мақ­са­ты­на ана­лиз жасай оты­рып, кім­нің «көсем» екенін есеп­теп шыға­руға болады.

Бұры­нғы КСРО мен кей­ін­гі Ресей­де болып жатқан оқиға­лар­да, Қаза­қстан­да 1986-ның жел­тоқ­са­ны мен 2022-нің қаңта­рын­да қатар­дағы бұқа­ра өкіл­деріне қол­да­ны­лған қинау аппа­рат­та­ры­ның квинт­эс­сен­ци­я­сы В.Путин жиі қол­да­на­тын жалғыз сөз­бен сипатта­ла­ды. Ол – «кош­ма­рить» деген сөз. Ал Пут­лер­дің сая­са­тын Қаза­қстан­да жүр­гізіп оты­рған «намест­ни­гі», біз­де­гі «кош­ма­рит­ті» жасап, өз халқын өзгенің аяғы­на жығып беру­ге, қырып беру­ге жоға­ры­дан нұсқау беріп, демо­гра­фи­я­лық сая­сат­ты сол­түстік­те­гі көр­шінің мүд­десіне ыңғай­лап жүр­гізіп кел­ген кім екенін бажай­лап көріңіз. Сон­да сіз халы­ққа айу­ан­ды­қ­пен, тәни қастан­дық жасап жатқан­дар кім­нің адам­да­ры екенін өзіңіз-ақ тауып аласыз.

Бұры­нғы­ның кеге­же­гі кері тар­тқан шене­унік­терінің қаса­ры­сқан қар­сы­лы­ғы жағ­дай­ын­да Қасым-Жомарт Кемелұ­лы түбе­гей­лі бет­бұры­стың баста­ма­сы болар­лы­қтай әжептәуір іс тын­дыр­ды. Халы­қтың ұсы­ны­ста­ры мен ынта­ла­ры тың­да­ла­тын, дәстүр­лі алаңы «Ұлт­тық құры­л­тай» өткізіліп, өзек­ті мәсе­ле­лер талқы­лан­ды. Қоғам­дық ұйым болып қалған Ғылым ака­де­ми­я­сы­на мем­ле­кет­тік мәр­те­бе беріл­ді. Орта мек­теп­те «үш тіл­де білім беруді енгізу­ге тосқа­уыл қойылды».

Сыр­тқы сая­сат­та еле­улі адым­дар жаса­лып, үлкен істер тын­ды­ры­лып жатыр. Ресей­мен арақа­ты­на­ста бұры­нғы­дай, не айт­са да, жығы­ла беретін, не сұра­са, бере беретін, сұра­ма­са да, өзі апа­рып аузы­на тыға­тын құл­дай қыз­мет көр­се­ту­шілік пси­хо­ло­ги­яға тый­ым салын­ды. Ресей­ге итар­шы бола­тын жағ­дай кел­мес­ке кет­ті. Қ.-Ж. Тоқа­ев елдің қадірін кетір­ген қылы­қтар­дан бас тар­тып, Қаза­қстан­ның мүд­десі тұрғы­сы­нан сөй­леу үлгісін көр­сетіп, бұқа­ра­ның рухын көтеріп таста­ды. Бұл бағыт­тағы атқа­ры­лып жатқан шара­лар шынай­ы­лы­ғын­да ұлы істер екен­ді­гін түсін­гісі кел­ген адам соңғы үш ғасыр бой­ын­дағы «сол­түстік аюы­мен» арақа­ты­нас тарихын еске түсіруі керек. Ғала­мат қырғын­дар­дың, мил­ли­он­дар­дың жанын жал­маған ашар­шы­лы­қтың, шет­ке қашу­лар­дың… соңғы 30 жыл ішін­де­гі отан­са­ту­мен жалға­сып, ұлт­ты толық тығы­ры­ққа тіре­луіне тосқа­уыл қой­ыл­ды. Тоқа­ев қаза­ққа алды­мен қас пен досты ажы­ра­тып алу қажет­ті­гін өз ісі­мен көр­сетіп отыр.

Қаза­қстан­ның қауіп­сізді­гі тұрғы­сы­нан ҚХР-мен, Түр­ки­я­мен арақа­ты­нас сын­дар­лы жолға қой­ы­ла баста­ды. Ел мүд­десін сау­ат­ты қорға­уға көшіп жатырмыз.

Бұры­нғы пре­зи­дент­тің былы­қты­рып кет­кен мұра­сын қай­та қарау үрдісі жүріп жатыр. Кадр сая­са­тын­да непо­тизм ұста­ны­мы­ның орын алу мүм­кін­ді­гі заң­ды түр­де жойылды.

Бірін­ші пре­зи­дент адам таны­май­тын қателі­гін кеш түсін­ді. Қаңтар оқиға­ла­ры – оның тоқа­ев­тық жылы­мы­қты күл­ге көміп тастау арқы­лы өзі құрған режим­ді кері қай­та­ру әре­кеті бола­тын. Қаңтар­дың себеп­теріне қаты­сты осын­дай түсін­діруді айтқан адам­дар бар­шы­лық. Солар­дың бірі – аңға­рым­паз сая­сат­шы Марғұлан Сей­сем­ба­ев: «Тоқа­ев­ты ада­сты­рған гене­рал­дар бол­ды. Назар­ба­ев­тың кла­ны оны кетіруді көк­седі. Қаңтар­ды ұйым­да­сты­рған тер­ро­ри­стер, шет­тен кел­ген жал­да­ма­лы­лар, десант­ник­тер емес, олар­дың өздерінің қолы», – деген еді.

Шынай­ы­лы­қтың осы­лай екен­ді­гі сырт көз қырғы­здарға да бел­гілі. Тек біздің қаза­қта­ры­мыз ғана Қаңтар­дың «қан­ды қағи­да­сын» түй­сі­ну­ге бой­лап бара алмай отыр.

«Тоқа­ев­тың жазы­ғы – үшін­ші күштің, реван­ш­шы­лар­дың көсе­мін ашық айта алмауын­да… Аңға­рым­паз сая­сат­шы Марғұлан Сей­сем­ба­ев: «Тоқа­ев­ты ада­сты­рған гене­рал­дар бол­ды. Назар­ба­ев­тың кла­ны оны кетіруді көк­седі. Қаңтар­ды ұйым­да­сты­рған тер­ро­ри­стер, шет­тен кел­ген жал­да­ма­лы­лар, десант­ник­тер емес, олар­дың өздерінің қолы», – деген еді.

Қазақ тілін ауқым­ды рефор­ма­лау жари­я­лан­ды. Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің мәжілісін­де Қ.-Ж. Тоқа­ев тіл мәсе­лесіне «ғылы­ми тұрғы­дан келу,… қазақ тіліне рефор­ма жасау,… тілі­мізді модер­ни­за­ци­я­лау» қажет­ті­гін айт­ты. Кей­інірек бұл бағы­тқа қаты­сты «Еуро­па елдерінің тәжіри­бе­леріне көңіл ауда­ру керек, олар­дың жас ұрпаққа тіл үйре­ту­де­гі маңы­зы зор» деген­ді тағы ескерт­ті. Содан кей­ін­гі уақыт­та бұл бағыт­тағы шара­лар­ды жүзе­ге асы­руға мұр­ша бол­май қалға­ны әркім­ге түсінік­ті болар.

Қазір Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың алдын­да ғасыр­лар бойы шешіл­мей келе жатқан, ұлт­ты­ққа, елдік­ке сын бола­тын ұлы істі атқа­ру­дың орайы келей­ін деп тұр. Бірақ Тоқа­ев мыр­за сол мүм­кін­дік­ті қалт жібер­ме­уі тиіс. Бәл­кім, Қаңтар­дың қай­ғы­сы мең­де­ген қазақ менің бұл сөзі­ме дау айтуы мүм­кін. Бір қараған­да, қаны кеуіп үлгер­ме­ген қасірет тұрғы­сы­нан қара­сақ, бұл рені­штің жөні бар. Бірақ, менің ойым­ша, ұлт­ты ұлы мақ­са­ты­на жет­кіз­гені үшін Тоқа­евқа кей­ін­гі қазақ, бола­шақ ұрпақ алғыс айтып жүретін болады.

Қаза­қстан өрке­ни­ет­ті даму­дың сара жолы­на бағыт алды. Енді тек қана алға қарау, жасам­паз­ды­ққа, жаңғы­руға бет­бұрыс жасау керек. Одан жал­та­руға бол­май­ды. Ол мүм­кін емес. Қоғам­ның қары­штай алға басуы­на тари­хи мүм­кін­дік туып тұрған­да, жаңа пре­зи­дент­тің де жаңа­ша әре­кет етпес­ке шара­сы жоқ. Әйт­пе­ген­де, Тоқа­ев­тың «жеті жылы» еш кетеді!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн