Пятница , 4 июля 2025

ЕСКІ СҮРЛЕУМЕН «Жаңа Қазақстан» ҚҰРА АЛМАЙМЫЗ

Нұр­жан Әлтаев: 

  • 20 қара­ша­да өткен сай­лау «сар­саңы­на» ілін­бей қалған, аны­ғы нақақ кедер­гілер кесірі­нен үміт­кер­лер тізі­мі­нен шыға­ры­лған тәу­ел­сіз кан­ди­дат – Нұр­жан Әлта­ев еді. Соңғы жыл­да­ры сая­сат сахна­сы­на шыққан сая­сат­кер жігіт құрып жатқан «Ел тіре­гі» пар­ти­я­сы мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге де ілін­бей жатқа­нын еске салып, төмен­де газет тіл­шісі жүр­гіз­ген сұх­бат­ты оқыр­ман­дар наза­ры­на ұсы­нып отырмыз.

– Енді сіз қай­та­дан сай­ланған пре­зи­дент Тоқа­ев­тан не күтесіз?

– Қаза­қстан халқы бұл сай­ла­удан аты ғана өзгер­ген Қаза­қстан­ды көріп отыр. Билік­тің өз халқы­нан, тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тан жүрексін­гені сон­ша­лық, өзінің ықпа­лы­нан тыс бір­де-бір кан­ди­дат­ты өткіз­бе­ген­ді­гі – бұл билік­тің бұры­нғы­дан ешқан­дай өзгер­ме­ген­ді­гін біл­діреді. Сон­ды­қтан пре­зи­дент Тоқа­ев­тың ина­у­гу­ра­ци­я­лық мәлім­де­месін күтей­ік: тағы да уәде­ге толы көп сөз бола ма екен, жоқ әлде нақты іске көше ме – әліп­тің артын бағайық.

– Деген­мен, бірқа­тар сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ықпа­лы­нан толық құты­лған мем­ле­кет бас­шы­сы Тоқа­ев билік жүй­есін сая­си рефор­ма­ла­у­ға батыл кірі­седі деп ойла­май­сыз ба?

– Сіздің сұрағы­ңы­здың төр­кіні­нен Тоқа­ев мыр­за экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың ықпа­лы­нан шықты деген иша­ра сезіледі. Бірақ көз алды­мы­зда біре­уді түр­ме­ге жауып, біре­удің қоғам­дық қыз­мет-қары­мы­нан қолын қысқар­тып жатқан­ды­ғы Назар­ба­ев­тың ықпа­лын­сыз болып жатыр деп айту қиын. «Жұмыр­тқа тауы­қты үйрет­пей­ді» деген сөз бар. Халық ара­сын­да «жиһаз билік» бір-бірінің айтқа­ны­нан шық­пай­ды деген пікір жоқ емес. Сон­ды­қтан атой­лап, думан­да­тып, сай­ла­уда жеңдік деп, көзіне жас алған­дай қуа­нып жатқан жағым­паз­дар­ды көр­ген­де, еріксіз күл­кің келеді.

Міне, сон­ды­қтан билік­ті жағым­паз­дар­дан тазар­тып, өткір пікір айта ала­тын, ел іші­нен, оппо­зи­ци­ядан шыққан адам­дар­ды билік­ке – мем­ле­кет басқа­ру ісіне тар­ту керек. Әрине, өз қолы­мен мұны жасау қиы­нға соқ­са да, түр­ме­ге тоғы­тып, елдің сөзін сөй­леп жүр­ген бел­сен­ділер­ді қуда­ла­уды тоқта­ту қажет. Олар да халы­қтың бір өкілі, жақ­сы­лы­қты, өзгерісті қалай­тын адам­дар айт­па­са, кім айта­ды? Ертелі-кеш елі­міз­де өзгеріс бола­тын күн туса, қан төгіс бол­май тұрған­да, халы­қтың үніне құлақ түрілуі керек.

– Бәл­кім, билі­гін жан-жақты қам­та­ма­сыз ету үшін, қысым­ды күшей­тетін шығар?..

– Қысым­ды күшейт­кен­нен билік ештеңе ұтпай­ды. Қазір елдің көзі ашық, көкіре­гі ояу, халық билік­тің әр қада­мын екшеп, тек­ше­леп, көріп отыр. Елдің қаз­ба бай­лы­ғы­на басқа­лар алты­нға шомы­лып, ал қара­пай­ым халық титы­қтап, бір айдан екін­ші айға қары­з­бен күн кешетін бол­са, елі­міз­де әле­умет­тік теңдік болмайды.

«Жаңа Қаза­қстан» деп жаңа айдар тағып, көз­бо­я­у­шы­лық жасаған­ша, айта­лық, ел үшін қазы­на­дан әле­умет­тік көмек бері­лу бағ­дар­ла­ма­сын дай­ын­да­са, әрбір қаза­қстан­дық үйлі бола­тын­дай қол­жетім­ді шын бағ­дар­ла­ма­лар жасал­са, пай­ы­зы аспан­даған неси­ені тек бай­лар ғана ала­тын мүм­кін­дік жой­ыл­са, елге еркін­дік енер еді. Қара­пай­ым өрт сөн­діру­ші, әлде айы­на тек 60 мың тең­ге айлы­қ­пен күн көріп жүр­ген күзет­ші үй сатып алуға бола­тын­дай шын бағ­дар­ла­ма­лар жасал­сын. Міне, сон­да «Жаңа Қаза­қстан» деген ұранға сену­ге болар еді.

– Ел эко­но­ми­ка­сын толы­ққан­ды рефор­ма­лау үшін, үкі­мет­ті және облыс әкім­дері кор­пу­сын отстав­каға жіберіп, кри­зи­стік мене­джер­лер каби­нетін жасақтау мүм­кін­ді­гін пай­да­ла­на­ды деп ойлай­сыз ба?

– Өкі­мет­те 30 жыл­да ешқа­шан өзгеріс бол­маған, «баяғы жар­тас – сол жар­тас», бірі түш­кір­се, екін­шісі саулық тілеп оты­рған жағым­паз­дар­дан не күте­міз? Шын өзгеріс болға­нын қала­сақ, 1993 жыл­дағы Кон­сти­ту­ци­я­ны, яғни билік­тің үш тар­мағын қай­тар­сақ қана өкі­мет халы­қ­пен сана­сар еді.

– Део­ли­гар­хи­за­ция сая­са­тын жалға­сты­рып, ел мүд­десіне сәй­кес кел­мей­тін жеке­ше­лен­ді­ру келісім­шар­тта­рын қай­та қарау тұрғы­сын­да не айтар едіңіз?

– Део­ли­гар­хи­за­ция сая­са­ты қазір елдің қыты­ғы­на тиіп жүр­гені өтірік емес, елі­міздің үсті де, асты да қаз­ба бай­лы­қтарға толы болған­мен, одан түсіп жатқан көк қағаз­дар бай­ше­ке­ш­тер­дің, яғни Тоқа­ев мыр­за­ның өзі айтқан «162 адам­ның» қолын­да жүр­ген­ді­гі бесе­не­ден бел­гілі. Бұл бай­лы­қты елге қай­тар­май­ын­ша, елдің жағ­дайы оң ала­ды деп айту қиын.

– Ал шетел­ге заң­сыз және ұрлық жолы­мен кет­кен капи­тал­ды қай­та­ру үрдісі жалға­сын таба ма?

– Сіз айтып оты­рған заң­сыздық шешілуі үшін, біздің елі­міз­де сот­та­ры­мыз тәу­ел­сіз болуы керек. Халқы­мыз «тура биде туған жоқ» деп неге айтқан? Қазір туған бол­мақ түгілі, билік­ке бала­ша жал­тақтап оты­ра­тын сот­та­ры­мыз өзін­дік шешім шыға­ра алмай жүр­гені шындық.

Ең қара­пай­ым мысал – біздің пар­ти­я­мы­здың тір­ке­ле алмай жүр­геніне биыл 2 жыл тол­ды. Ең алға­шқы сот­та біз жеңіп, тізім­де өлген тұлға­лар­дың қай­сы­лар екенін олар көр­се­туі тиіс деп, шешім айтқан соты­мыз үзіліс жари­я­лап кетіп, біраз­дан кей­ін сол шеші­мі­нен жал­та­рып кет­ті. Бізді дұрыс емес деп, шешім­ді өзгер­тіп жатқа­нын көз көріп жүр, біз оны тіп­ті видеоға да жазып алған­быз. Біздің «Ел тіре­гі» пар­ти­я­сы тір­кел­се, одан қорқа­тын не бар, бар­лы­ғы­мыз осы ел қамы үшін жүр­ген адам­дар­мыз ғой?!

Билік­ке айта­рым: жағым­паз, қол­шақ­пар пар­ти­я­лар­дан бөлек, билік­ке ащы шын­ды­қты айтып, өзгеріс­ке бір­ге қадам жасай­тын сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­ке­уден қоры­қ­па­сын. «Жаңа Қаза­қстан» шын өзгер­генін қала­сақ, сая­си өзгерістер де болуы керек.

– Жаңа сенім ман­да­тын иелен­ген пре­зи­дент­тің енді­гі құзыр-қыз­метіне бай­ла­ны­сты өз тара­пы­ңы­здан қан­дай аза­мат­тық ұсы­ныс, пікір біл­дірер едіңіз?

– Халы­қтың сенім ман­да­ты бері­ле ме, жоқ па – ол билік­тің енді­гі қада­мы­на бай­ла­ны­сты. Себебі 30 жыл құрғақ уәде­ге той­ған елдің үміті үзілу­ге шақ тұр. Осы­ны дер кезін­де өзгер­тіп, халы­ққа шын әле­умет­тік көмек беріліп, қара­пай­ым 60–70 мың айлы­қ­пен титы­қтап өмір сүріп жүр­ген халы­ққа үй сатып ала­тын­дай жағ­дай жасал­са, ел жетім бұрыш жаста­нып жүр­ме­се, бір айдан екін­ші айға жету үшін қарыз алмай­тын­дай, завод, фаб­ри­ка­лар ашы­лып, елдің аху­а­лы шын жақ­сар­са, сая­си пар­ти­я­лар тір­келіп, билік халы­қ­пен санасса ғана «Жаңа Қаза­қстан» орна­ды дер едік.

Менің ұсы­ны­сым – 30 жыл бір жақты көзқа­рас­та кел­ген билік Қаза­қстан халқы­ның да үніне құлақ асса, елдің қаз­ба, кен бай­лы­қта­ры­нан халы­ққа әле­умет­тік көмек беріл­се, сая­си пар­ти­я­лар тір­кел­се, шын демо­кра­ти­я­лық, бай­лы­ғы өзіне бұй­ы­рған елге айна­лар ма едік?!

Уақы­тқа еншіледік, жаңа Қаза­қстан ел үніне құлақ асса, қане­кей?! Біз билік­тен диа­лог бола­рын күтеміз.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақ­мет! Іске сәт!

Айсұ­лу ОСПАН,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн