Пятница , 4 июля 2025

АЛАШ АРЫСЫНА ескерткіш ашылды

Кеше Алма­ты­да Алаш ары­сы Ахсмет Бай­тұр­сы­нұлы­ның ескерт­кі­ші ашыл­ды. Ескерт­кі­штің ауто­ры – мүсін­шілер Айдос Бүр­кіт­ба­ев пен Тимур Ермұхаметов.

Жұрт­шы­лық көп­тен күт­кен ескерт­кіш тұта­стай қоладын құй­ы­лған, тұтас гра­нит­тен жасалған тұғы­рын қоса есеп­те­ген­де, ескерт­кі­штің биік­ті­гі – 5 метр.

Мем­ле­кет қай­рат­кері, көр­нек­ті линг­вист, түр­кіта­ну­шы, ақын, аудар­ма­шы, әде­би­ет­та­ну­шы, бірқа­тар оқулы­қтар мен оқу құрал­да­ры­ның ауто­ры Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы қазақ өрке­ни­етінің аса көр­нек­ті тұғыр­лы тұлға­ла­ры­ның бірі.

Элек­трон­ды ақра­пат құрал­да­ры жедел хабар­лаған­дай, ескерт­кі­шті Алма­ты­ға сай­ла­у­шы­лық науқа­ны­мен кел­ген ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев ашты.

ДАТ-информ.

Қазақтың қаржы түсімін РЕСЕЙ ҚЫСҚАРТТЫ

  • Қаза­қстан 2022 жыл­дың қаңтар-қаза­нын­да мұнай өндірісін 2,5% және газ өндірісін – 1,5%-ға қысқарт­ты, деп мәлім­деді ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стрі Әлі­бек Қуан­ты­ров (Қаз­ТАГ).

«Газ өндірісі көр­сет­кі­шінің төмен­де­гені аны­қтал­ды –1,5%-ға, мұнай өндірісі – 2,5%-ға», — деді Қуан­ты­ров сей­сен­бі күні үкі­мет оты­ры­сын­да баян­да­ма жасау барысында.

Мини­стр­дің айтуын­ша, басқа да пай­да­лы қаз­ба­лар­ды өнді­ру көле­мі 9,9%-ға қысқарған. «Тау-кен өндірісі өнер­кәсібін­де өндіріс көле­мі 1%-ға төмен­де­ген», — деді Қуантыров.

Бұл екі ара­да, тағы да Қаз­ТАГ хабар­лаған­дай, соңғы тоғыз айда «ҚазТран­сОйл» ком­па­ни­я­сы­ның таза пай­да­сы 2021 жыл­дың осы мерзі­мі­мен салы­сты­рған­да 49 пай­ы­зға қысқарған. Бірін­ші­ден, пай­да­ның қысқа­руы – кірістің кемі­гені­нен. Яғни, ұлт­тық опе­ра­тор­дың бюд­жет­ке берер үлесі де тиісін­ше қысқарған.

Екін­ші­ден, «ҚазТран­сОйл» елде өндіріл­ген мұнай­ды тасу­шы негіз­гі және моно­поль­ды про­вай­дер. Енде­ше, егер мұнай өнді­ру көле­мі күрт төмен­де­ме­ген жағ­дай­да, опе­ра­тор­дың кірісі неге қысқа­руы керек?

Терең кон­спе­ро­ло­ги­яға бар­май-ақ, ашық ақпа­рат көз­дері­нен алы­нған мәлі­мет­ке жүгі­нер бол­сақ, опе­ра­тор­дың тасы­мал мүм­кін­ді­гі құбыр логи­сти­ка­сы­на тіке­лей бай­ла­ны­сты. Біз­де­гі, әсіре­се сыр­тқа шыға­ры­ла­тын мұнай­дың тасы­мал желісі негізі­нен Кас­пий құбыр кон­цор­ци­у­мы­на (КТК) бай­ланған. Ал қазақ мұнай­ын Еуро­па нары­ғы­на шыға­ру мүм­кін­ді­гін қысқар­туға, сол арқы­лы әлем­дік нары­қта мұқтаж­дық туды­руға тыры­сқан Ресей «КТК» құбыр тасы­ма­лын қата­ры­нан екі рет істен шығар­ды. Яғни, сыр­тқы мұнай тасы­ма­лы мен тиісін­ше, мем­ле­кет­тік бюд­жет­ке түсетін кірі­сте кідірістер бол­ды. Соның сал­да­ры­нан бюд­жет­тің кіріс бөлі­гі тап­шы­лық тартты.

Айна­лып кел­ген­де, Ресей­дің Укра­и­наға жасаған окку­па­ци­я­лық соғы­сы Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­сы­на еле­улі залал әкел­ді. Бірақ қаза­қстан­дық билік Кремль­дің ашуы­на тиіп кет­пес үшін, елде­гі мұнай өндірісінің қысқа­руы мен тасы­мал­дың шек­те­лу про­бле­ма­сы­на Ресей кінәлі екенін айта алмай отыр. Мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің кемісті­гі халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық аху­а­лы­на тіке­лей әсер ететін фак­тор екенін ескер­сек, қым­бат­шы­лық қамы­ты қылқын­дарған халы­ққа нақты жағ­дай­дың жай-жап­са­рын ашық айту керек-ақ.

Сырым ДАТОВ,

«D»       

Сайлау қарсаңында БЕЛСЕНДІЛЕРДІ қамау қамы басталды

  • 20 қара­шаға бел­гі­лен­ген кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да оппо­зи­ция бел­сен­ділері жари­я­лаған бей­біт митин­гі­ге бай­ла­ны­сты, Қаза­қстан­ның түр­лі өңірін­де бел­сен­ділер­дің ұста­лып жатқа­ны жөнін­де «Азаттық» хабар таратты.

Мәсе­лен, 11 қара­ша­да Аста­на соты “Алға, Қаза­қстан” оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­сын құру жөнін­де­гі баста­ма топ өкіл­дері Вене­ра Жан­ба­е­ва, Сан­дуғаш Қаңтар­ба­е­ва, Мере­ке Нұғы­ма­нов, Марат Жылан­ба­ев (фото), Марат Мұса­ба­ев­ты 15 тәулік­ке қама­ды. Оларға “бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұз­ды” деген айып тағы­лған. Бел­сен­ділер­дің қуда­ла­нуын бақы­лай­тын топ ұстау кезін­де оларға “дөрекі күш қол­да­ны­лға­нын” хабарлады.

Ең қызы­ғы – бел­сен­ді аза­мат­тар­ды әкім­шілік қамауға алуға бұдан үш ай бұры­нғы қоғам­дық оқиға­лар желеу болу­да. Мәсе­лен, олар­дың бірқа­та­ры 21 тамы­зда Еуро­пар­ла­мент деле­га­ци­я­сы­ның Қаза­қстанға сапа­ры қар­саңын­да Аста­на­да өткіз­ген бей­біт митинг үшін айып­таған. Митин­гі­шілер сол кез­де сая­си тұтқын­дар­ды боса­ту­ды, сая­си қуда­ла­уды доға­ру­ды, бар­лық сая­си пар­ти­я­ны тір­ке­уді талап еткен еді.

Sud.kz сай­тын­да жари­я­ланған сот шеші­мін­де Жылан­ба­ев, Нұғы­ма­нов, Мұса­ба­ев, Жан­ба­е­ва және Қаңтар­ба­е­ва­ның 21 қара­ша­да Аста­на­да “Цве­точ­ный сад” алаңын­да “рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гі­ге” қаты­сқа­ны жазы­лған. Оларға 488-бап­тың 6‑бөлігі бой­ын­ша айып тағы­лған. Сот­та бел­сен­ділер тағы­лған айып­тар­ды мой­ын­да­маған. Бел­сен­ді Марат Мұса­ба­ев сот­та “сұрақтарға жау­ап бер­мей, өзіне тол­ты­ры­лған хат­та­ма­ны заң­сыз деп санай­ты­нын” айтқан.

Фейс­бук­тағы “Бел­сен­ділер экс­тре­мист емес” тобы­ның мәлі­метін­ше, поли­ция бөлім­ше­сін­де бел­сен­ді Сан­дуғаш Қаңтар­ба­е­ва­ның жағ­дайы нашар­лап, жедел жәр­дем шақыр­ты­лған. Бірақ соған қара­ма­стан сот оны әкім­шілік қамауға жіберген.

Сол сияқты 15 қара­ша­да Алма­ты соты “бей­біт жиын өткі­зу тәр­тібін бұз­ды” деп айып­талған аза­мат­тық бел­сен­ді Әсет Әбі­шев­ті 15 тәулік­ке қама­ды. Сей­сен­бі күні түстен кей­ін поли­ци­я­ның “Алға, Қаза­қстан” оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­сын құру жөнін­де­гі баста­ма топ­тың мүше­сін дүкен­ге шыққан жері­нен ұстап әкет­кені бел­гілі болған еді.

Сот шеші­мін­де Әбі­шев­тің 16 тамы­зда Фейс­бук желісін­де видео жари­я­лап, халы­қты “рұқ­сат етіл­ме­ген митин­гі­ге” шақы­рға­ны жазы­лған. Сотқа видеобай­ла­ны­спен шыққан бел­сен­ді тағы­лған айып­тар­ды мой­ын­да­маған. Оның алдын­да интер­нет­те поли­цей­лер­дің бел­сен­дінің үйін күзетіп тұрға­ны жөнін­де видео жари­я­ла­нып, Әбі­шев оны “сая­си қуда­лау” деп бағалаған.

Еске сал­сақ, осы­ған дей­ін “Алға, Қаза­қстан” оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­сын құру жөнін­де­гі баста­ма топ өкіл­дері сай­лау күні – 20 қара­ша­да бей­біт митинг өткі­зетінін мәлім­де­ген. Топ мүше­лері бұған дей­ін “әділет­сіз сай­ла­уды өткіз­бе­уді”, сая­си қуда­ла­уды доға­ру­ды, сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­ке­уді талап еткен еді.

Құқы­ққорға­у­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, күрт күшей­ген қамау – сай­ла­уды «тыныш» өткі­зудің қамы деп есеп­тей­ді. Бей­сен­бі­ден бастап, алдағы жұма және сен­бі күн­дері «қауіп­ті тұлға­лар­ды» әкім­шілік тұтқын­дау науқа­ны бұдан ары күше­юі мүмкін.

ДАТ-информ.

 

«OYAN. QAZAQSTAN»

Назарбаев көшесіне

«ШАБУЫЛ» ЖАСАДЫ

  • 14 қара­ша­да Алма­ты­да Oyan, Qazaqstan жастар қозға­лы­сы­ның бел­сен­ділері елдің бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың атын­дағы даңғыл­ды “Қаңтар” деп атау жөнін­де акция өткізді. Биыл Қаңтар оқиға­сын­да осы көше бой­ы­на көп адам оққа ұшқан еді.

Акция өткіз­ген­дер “Қаңтар” деген жазуы бар тақтай­ша мен Qantar2022.org сай­ты­ның QR кодын Назар­ба­ев даңғы­лы­ның бой­ын­дағы үйдің қабы­рға­сы­на жапсырды.

Фото Асем в папке

 «Oyan, Qazaqstan» қозға­лы­сы­ның бел­сен­дісі Әсем Жәпі­ше­ва (фото) “халық қаны төгіл­ген жер­ге “Қаңтар” ата­уы берілу­ге тиіс” деп санай­ды. «Бірін­ші­ден, қан­ды Қаңтарға бір жыл бола­ды. Аз уақыт емес. “Жиналған­дар­ды ескер­тус­із атуға” бұй­рық бер­ген Тоқа­ев­тың өзі де осы уақыт­та қай­та сай­лан­бақ­шы. Екін­ші­ден, адам­дар­ды азаптаған­дар, өлтір­ген­дер әлі жаза­ланған жоқ, бостан­ды­қта жүр. Біз соған қар­сы­мыз. Үшін­ші­ден, бұл көше­ге авто­крат Назар­ба­ев­тың есі­мі лай­ық емес. Алма­ты­ның басты көше­сінің бірі, қан­ды Қаңтар болған жер “Қаңтар” деп ата­луға тиіс», — дей­ді бел­сен­ді Әсем Жәпішева.

Бел­сен­ділер өздерінің сая­си акци­я­сын бітіріп кет­кен соң, бір топ поли­ция “Қаңтар” деген жазуы бар тақтай­ша­ны алып кетті.

Azzattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн