Пятница , 4 июля 2025

Тоғжан Қожалы: Тоқаевты қолдау арқылы БИЛІККЕ ЕМЕС, елге қызмет еткім келеді

Өткен сен­бі күні ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев биыл мау­сым айын­да өткен Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу жөнін­де­гі рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­нан кей­ін қабыл­данған бірқа­тар маңы­зды заңға жария түр­де қол қой­ған еді. Оқыр­ман­ның есіне сала кетей­ік, ол заңдар: 

1. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық соты тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы;

2. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы;

3. «Про­ку­ра­ту­ра тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы;

4. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір кон­сти­ту­ци­я­лық заң­да­ры­на Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2022 жылғы 16 науры­здағы Жол­да­уын іске асы­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы;

5. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2022 жылғы 16 науры­здағы Жол­да­уын іске асы­ру мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңы;

6. «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодексіне өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңы.

Қаза­қстан­дық қоғам­да бұл заң­дар тура­лы пікір әрқи­лы: бірі – жар­ты­кеш десе, екін­шілері – ел-жұрт көп күт­кен сая­си өзгерістер­дің сеңін бұза­ды дей­ді. Біз осы орай­дағы пікір­лер жиын­ты­ғын топ­шы­лау үшін, «иә» және «жоқ» деген тұрғы­да таны­мал сая­сат­кер­лер Тоғ­жан Қожа­лы мен Мұх­тар Тай­жан­ның ой-тұжы­рым­да­рын жари­я­лап отырмыз.

– Тоғ­жан бике, өткен сен­бі күні пре­зи­дент Тоқа­ев алты бір­дей заңға жария түр­де қол қой­ды. Сіз­ге бел­гілі – бұл заң­дар пре­зи­дент­тің Наурыз жол­да­уын­да айты­лған, кей­ін­нен рефе­рен­дум­да елді демо­кра­ти­я­лан­ды­руға бағыт­талған баста­ма­ла­ры­ның жалға­сы ретін­де жал­пы­ха­лы­қтық дауы­сқа салы­нған еді. Бұл заң­дар­дың жал­пы нобайы сіздің көңіліңіз­ге қон­ды ма?

– Әрине, елі­міз­де­гі өзгерістер неғұр­лым толық, сер­пін­ді болға­ны жақ­сы, біз ол үшін либе­ри­за­ция үдерісін баста­уы­мыз керек еді. Менің ойым­ша, «Мәс­кеу бір­ден салы­нған жоқ» деген­дей, бұл заң­дар елде­гі сая­си өзгерістер­ге түрт­кі бола­ды деген сенім­де­мін. Сай­ла­удағы тәу­ел­сіз бақы­лау және пар­ти­я­лық жүй­ені либе­ри­за­ци­я­лау – қоға­мға сер­піліс береді деп ойлай­мын. Халы­қта бар­лық сай­лан­ба­лы лау­а­зым­дарға, соның ішін­де пре­зи­дент­тік­ке шек­те­усіз сай­ла­ну мүм­кін­ді­гі болуы керек. Бұл негіз­гі идея, оны әлі де дамы­ту керек.

– Бұл ара­да ұзақ уақыт­тан бері қоғам талап етіп жүр­ген «Сая­си пар­ти­я­лар тура­лы заңға» енгізіл­ген өзгерістер жар­ты­кеш болған жоқ па?

– Бар­лы­ғы­мыз пар­ти­я­лар тура­лы заң­ның жаңа­руын күтіп жүр­гені­міз рас. Иә, мәс­ли­хат­тар мен мәжілістер­ге бір ман­дат­ты жүй­е­мен кіру­ге мүм­кін­дік болға­ны маңы­зды, бірақ бір ман­дат­ты жүй­е­мен өту және көп пар­ти­я­лы­қты дамы­ту үшін, біздің елде Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетіне, Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне және ішкі сая­сат бөлім­деріне оларға деген көзқа­рас­ты өзгер­ту қажет. Біз­де өкі­мет­ке ұна­май­тын тәу­ел­сіз ұйым­дарға үне­мі кедер­гілер жаса­ла­ды. Сон­ды­қтан мұн­дай көзқа­рас өзге­руі керек. Бірақ бар­лық кінәрат­тар алты заң­мен толы­қтай жой­ы­ла­ды деу­ге кел­мей­ді. Ол үшін билік пен қоғам­ның сая­си қаты­на­стар мәде­ни­еті өрке­ни­ет­ті негіз­де қалып­та­суы қажет.

– Жал­пы, Тоғ­жан бике, соңғы кез­дері сіз әле­умет­тік желілер­де пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сая­са­тын қол­дай­ты­ны­ңыз тура­сын­да ашық пікір айтып жүр­сіз. Бұл қол­да­уға негіз бола­тын­дай қан­дай ұста­ны­мы­ңыз бар? Кеше ғана оппо­зи­ци­я­лық орта­да жүр­ген Тоғ­жан Қожа­лы неге өзінің сая­си көзқа­ра­сын өзгертті?

– Біз «ХАҚ» қозға­лы­сы­мыз – ол деген «халы­ққа адал қыз­мет ету», ал халы­ққа адал қыз­мет ету «мен билік­ке көзқа­ра­сым жаман, ал оппо­зи­ци­яға жақ­сы» деген­ді біл­дір­мей­ді. Біздің елде халы­ққа адал қыз­мет шын мәнін­де төмен дәре­же­де. Үш жыл­дан астам уақыт­тан бері үкі­мет­ті сынап та, құп­тап та келе­мін. Оппо­зи­ци­я­ны да сынай­мын, қол­дай­мын да.

Нелік­тен? Өйт­кені біз – «хақты­қтар» тек мем­ле­кет үшін шын мәнін­де пай­да­лы шешім­дер­ді ғана қолдаймыз.

Сон­ды­қтан қазір­гі гео­са­я­сат жағ­дай­ын­да, біздің көр­шілес елдері­міз үне­мі әске­ри төң­керіс, окку­па­ци­я­лық соғы­спен басып алу неме­се әске­ри қақты­ғы­стар жағ­дай­ын­да оты­рған­да, Қаза­қстан үшін тұрақты­лық өте маңы­зды деп есеп­тей­мін. Кезін­де Төле би баба­мыз мем­ле­кет­тер ара­сын­да татулық орна­ту үшін, туған ұлы Жолан­ды ама­натқа жоңғар­ларға бер­ген екен. Соның арқа­сын­да 10 жыл ішін­де қаза­қтар­дың әске­ри аху­а­лы нығай­ып, жоңғар­лар­дың шапқын­шы­лы­ғы­на той­та­рыс бере алды.

Қазір біз үшін де тұрақты­лық өте маңы­зды, сон­ды­қтан дипло­ма­ти­я­лық келіс­сөз­бен, гео­са­я­си айла-шарғы­лар арқы­лы тұрақты­лы­қты сақтай­тын және бізді сыр­тқы агрес­си­ядан қорғай ала­тын пре­зи­дент керек. Бұл өте маңы­зды. Қазір елі­міз­ге дипло­мат пре­зи­дент қажет. Өйт­кені біз­ге бей­біт­шілік, тыныш өмір керек.

– Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дарға енгізіл­ген өзгерістер билік­тің мүд­десін күйт­теп, Тоқа­ев мыр­за екін­ші Назар­ба­ев сияқты авто­ри­тар­лық билік иесі болып кет­пей ме? Мәсе­лен, қоғам­да мұн­дай сақтық пен күдік бар екені анық қой?

– Кез кел­ген ел басқа­ру­шы пре­зи­дент­тің авто­ри­тар­лы болу қау­пі бар, бірақ қоғам мен оның сая­си инсти­тут­та­ры, тәу­ел­сіз медиа ондай пиғы­лға қар­сы тұра­тын­дай әле­ует­те болуы керек. Өкініш­ке қарай, біздің елде мұн­дай инсти­тут­тар әлі күн­ге мешеу жағдайда.

Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың сай­ла­уда жеңіс­ке жет­кен­нен кей­ін­гі басты мін­деті – билік инсти­тут­та­ры мен аза­мат­тық инсти­тут­тар­ды құру. Ол өзінің келесі пре­зи­дент­тік құзы­ры кезеңін­де көп­пар­ти­я­лық жүйе құруға бар­лық жағ­дай­ды жасап, халы­қтан қоры­қ­пай, үміт­кер­лер­дің ешқан­дай қуда­лау­сыз мәс­ли­хат­тар мен мәжілістер­ге ұсы­ны­лу және сай­ла­ну мүм­кін­ді­гін туғы­зып, бей­біт митинг­тер­ге шығуға қауіп­сіз жағ­дай жасай­ды деп сене­міз. Тоқа­евқа деген біздің сенім осын­дай өзгерістер­ге әке­летініне үлкен үміт арта­мыз. Өз билі­гіне бел­ше­сі­нен, бел­ше­сі­нен емес-ау, кеңір­де­гі­нен батқан Назар­ба­ев­тың тарихы мен тағ­ды­рын қай­та­ла­май­ды деп сенеміз.

– Тағы да сол әле­умет­тік желілер арқы­лы бел­гілі болған­дай, сіз қазір пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бақы­лау жасау мәсе­лесі­мен шынайы айна­лы­су­ды бастаған екен­сіз. Егер бұл сай­ла­уда демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның үміт­кері бол­ма­са, бақы­лау жаса­удың қан­дай қажет­тілі­гі бар деп ойлайсыз?

– Біз екі про­це­сті ажы­ра­та білуі­міз керек: тәу­ел­сіз бақы­лау және дауыс беру. Иә, қазір біз­де оппо­зи­ци­ядан шыққан кан­ди­дат­тар жоқ. Бірақ бұл – осы­лай­ша сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лап, аза­мат­тық қоға­мы­м­ы­здың мем­ле­кет­ті басқа­ру про­цесіне қаты­спау керекті­гін біл­дір­мей­ді. Бақы­лау – аза­мат­тық қоғам­ның даму про­цесінің маңы­зды инсти­ту­ты екенін атап өту керек. Кез кел­ген пост­кеңе­стік ел: Гру­зия, Мол­до­ва, Укра­и­на… олар­дың бар­лы­ғы көп­те­ген тәу­ел­сіз бақы­ла­у­лар арқы­лы әділ сай­ла­у­ға қол жет­кізді. Біз де осы­ған ұмты­луы­мыз керек.

Егер біз бұл про­це­стер­ге бой­кот жари­я­лай бер­сек, онда қоға­мы­м­ыз авто­ри­та­ризм­ге қарай сырғи береді. Сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау және ел мен халы­қтың бола­шағы­на тіке­лей қаты­сы бар осын­дай сая­си науқан­ды еле­меу – әрқа­шан авто­ри­та­риз­мнің құра­лы бол­ды және кез кел­ген елде авто­ри­та­риз­мнің дамуы­на ықпал етті. Авто­ри­та­ризм­ге бей­ім кез кел­ген ел үшін халы­қтың сай­ла­у­ға, оның ішін­де сай­ла­уды бақы­ла­у­ға қаты­спаға­ны тиім­ді. Сон­ды­қтан біздің бел­сен­ділер мен қоғам қай­рат­кер­лерінің мін­деті – керісін­ше, бар­ша жұрт­шы­лы­қты тәу­ел­сіз бақы­ла­у­ға шақы­ру. Қазақ әрдай­ым әуес болып кел­ген түр­лі өсек-аяңға құлақ аспай, өздері әділ неме­се әділет­сіз сай­ла­удың қаты­су­шы­сы бол­сын. Бұл – халы­қтың сая­си ерік-жігері мен сая­си мәде­ни­етін дамы­туға бір­ден-бір үрдіс екенін түсі­нуі­міз керек.

Мен сай­ла­у­ға бақы­лау жасай­мын деген­де, Тоқа­ев­тың неме­се басқа бір үміт­кер­дің мүд­десін күйт­те­уден аулақ­пын. Менің мақ­са­тым – сай­ла­удың адал және таза неме­се керісін­ше өткеніне көз жеткізу.

– Пре­зи­дент Тоқа­ев­ты қол­дау және сай­ла­у­ға бақы­лау жасау арқы­лы сіз өзіңіз жетек­шілік ететін «ХАҚ» қоғам­дық бір­ле­сті­гін сая­си пар­ти­яға айнал­ды­рып, кей­ін­нен пар­ла­мент­ке өтудің қамын күйт­теп жүр деген сұраққа қалай жау­ап берер едіңіз?

– Сай­лау науқа­ны кезін­де, әсіре­се мәжіліс сай­ла­уы өтетін кез­де пар­тия құру – бұл үлкен ұйым­да­сты­ру­шы­лық пен күш-жігер­ді, көп қар­жы­ны қажет ететін іс. Сон­ды­қтан қазір пар­тия құру­мен айна­лы­су өз мәнін жоғалт­ты. Сон­ды­қтан «ХАҚ»-тың алдын­дағы мін­деті – мәжілі­сте өзі­міздің фрак­ци­я­лар мен блок­тар құру. Біз соған қарай жұмыс жасай­мыз, өңір­лер­де мәс­ли­хат­тар мен мәжіліс­ке ұсы­на­тын адам­да­ры­мыз бар.

Ал пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өтпе­лі кезең­де­гі сая­са­тын қол­дау арқы­лы «ХАҚ»-ты пар­ти­яға айнал­ды­ру ама­лы жаса­лу­да деген қаңқу сөздің ешқан­дай негізі жоқ. Біз пар­ла­мент­тік инсти­тут­тарға билік­ке жарым­сақта­ну арқы­лы емес, өзі­міздің тұрақты және берік сая­си ұста­ны­мы­м­ыз арқы­лы қол жет­кі­зе­міз! Бұл ара­да біз ең алды­мен мем­ле­кет­тің және халы­қтың ұлт­тық қауіп­сізді­гін басты мүд­де деп санай­мыз. Ал егер әлдекім біздің бұл ұста­ны­мы­м­ы­зды билік­ке жағу ама­лы десе – бұл сая­си надан­дық пен қоғам­дық көр­соқыр­лы­қтың кебі болғаны!

– Осын­дай сай­лау науқа­ны­мен қатар сіздің жеке өміріңіз­де­гі өзгерістер де аста­сып кет­кен сияқты. «Күй­е­уім­мен ажы­рас­тым» деп әле­умет­тік желі­де ашық айтқан екенсіз…

– Бұл жай­лы әле­умет­тік желілер­де көп айтыл­ды. Сон­ды­қтан қай­та-қай­та қозғай берудің қажеті жоқ. Ең басты­сы – мен енді Тіле­ухан әулетінің келіні емес­пін. Мен 40 жасқа тақаған кезім­де ол әулет­ке келін болып түс­кен бола­ты­н­мын. Ал 50 жасым­да ол отба­сы­нан кеттім.

Енді­гі менің көз­дей­тінім – өзім­нің еркін мұрат-мақ­сат­та­рым мен көзқа­рас­та­рым. Нақты­рақ айтқан­да, халы­ққа пай­дам­ды тигіз­гім келеді. Ол үшін мен­де қазір бар­лық мүм­кін­дік бар. Бірін­ші­ден, менің басым бос. Екін­ші­ден, мен бұры­нғы­дан гөрі еркін ой-өріс­ке бері­ле ала­мын. Үшін­ші­ден, халқы­ма адал қыз­мет ету­ге деген зор тал­пы­ны­сым бар.

– Бәре­кел­ді, Тоғ­жан бике! Әйел пен­десінің мұн­дай ұста­ны­мы ерлік­ке пара-пар жағ­дай бол­са керек! Іске сәт! Сұх­ба­ты­ңыз үшін сіз­ге көп рақмет!

Сырым ДАТОВ,

«

«DAT». 10.10.2022.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн