Пятница , 4 июля 2025

САЙҚЫМАЗАҚ САЙЛАУДАН ҚАЗАҚ ҚАШАН ҚҰТЫЛАДЫ?

Сағын­дық ЖҮРСІМБАЕВ,

ҚР Жоғарғы Кеңесінің депу­та­ты (1994−95), заң ғылым­да­ры­ның док­то­ры, профессор

Прези­дент­тік сай­лау науқа­ны да өз мәресіне жетіп қал­ды. Бұл сай­ла­удағы басты үміт­кер тұлға Қасым-Жомарт Тока­ев – қазір­гі мем­ле­кет бас­шы­сы, үлкен лау­а­зым­дар­дың бас­пал­дағы­нан өткен, тәжіри­бесі мол, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық мой­ын­даған бел­гілі дипло­мат. Билік пар­ти­я­ла­ры мен қоғам­дық ұйым­дар, мәде­ни қай­рат­кер­лер мен кәсіп­кер­лер халы­қтық коа­ли­ция құрып, оны аса бел­сен­ділік­пен жұмы­ла қол­дап жатыр. Әрине, халық оның 75%-ға жуық дауыс алып, сай­ла­уда жеңетінін біледі.

Басқа елдер­де енді кім ел басқа­рар екен деген­ге дау-дамай бол­са, біздің билік қаза­қтың көн­гіш, қой­дан жуас екенін біліп, өзіне ыңғай­лап, қажет­ті заң­ды ерте­де қабыл­дап қой­ған. Екін­ші тур – қай­та дауыс беру деген біз­де бол­май­ды. Аме­ри­ка­да 2000 жылғы пре­зи­дент­тік сай­ла­уда Джордж Буш пен Аль­берт Гор тең түсіп, Фло­ри­да шта­тын­да дауы­стар­ды қай­та санап, соңы­нан АҚШ-тың Жоғарғы соты 5–4 дауы­спен ғана соңғы шешім­ді қабыл­даған. Жақын­да Бра­зи­ли­ядағы пре­зи­дент­тік сай­ла­удың екін­ші турын­да Луис да Сил­ва мем­ле­кет бас­шы­сы Джа­ир Бол­со­на­ро­дан 0,9% қана артық дауыс алып, жеңіс­ке жетті.

Бұры­нғы пре­зи­дент бұл мәсе­лені ерте­ректе пысы­қтап, алдын ала ойла­сты­рып қой­ған. Сай­ла­у­ға бедел­ді, өзін­дік ұста­ны­мы бар, билік­ке қар­сы шыға­тын үміт­кер бол­май­тын­дай етіп, бір­не­ше кедер­гілер жасалған. Көп мем­ле­кет­тер­де сай­лау шегі (ценз) бар, бірақ та өрке­ни­ет­ті елдер­де ол кем­сіту­шілік сипатта бол­май­тын­дай, аза­мат­тың құқы­ғын еркiн жүзе­ге асы­руы­на кедер­гі кел­тір­мей­тін­дей етіп белгіленген.

Қаза­қстан­да пре­зи­дент­ке үміт­кер соңғы 15 жыл­да елі­міз­де тұрған болуы, мем­ле­кет­тік қыз­мет­те кемін­де 5 жыл­дық тәжіри­бесі болуы және қазақ тілін жете мең­гер­ген болуы тиіс. Оны тек сая­си пар­ти­я­лар неме­се рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­стік­тер қол­да­ма­са, ол сай­ла­у­ға өзін-өзі ұсы­на алмай­ды. Кан­ди­дат­ты облы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дың кемін­де үштен екісін тең дәре­же­де біл­діретін сай­ла­у­шы­лар­дың жал­пы саны­ның кемін­де 1 пай­ы­зы қол­да­уға тиіс. Оның үстіне сай­ла­уды кезек­тен тыс өткі­зу, басқа үміт­кер­лер­ге дай­ын­да­луға мүм­кін­дік бер­меу әдісі біз­де бұрын­нан үрдіс­ке айналған. Сол себеп­тен егер билік қол­да­ма­са, үміт­кер болу өте қиын.

Мұн­дай шек­те­у­ге халы­қтың қар­сы­лы­ғы бұрын­нан бел­гілі. Себебі көп маман­дар шетел­де қыз­мет істеп, білі­мі мен тәжіри­бесін шың­да­уда. Елі­міз­де не болып жатқа­нын күн­делік­ті интер­нет­тен, туы­ста­ры мен жол­даста­ры­нан біледі. Егер бұл қыз­мет­ке зиян­ды бол­са, шетел­де тұрып кел­ген, білім алған­дар министр не үлкен кәсі­по­рын­ның бас­шы­сы болып тағай­ын­дал­мас еді. Ал кәсіп­кер­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ген еңбек өтілі қажет те емес. Ол өз жұмысын жете мең­геріп, халы­қты қиын­шы­лы­қтан шыға­ру­дың жолын біліп, елге бас­шы­лық жаса­уға лай­ы­қты бол­са, неге оны шек­теу қажет? Үміт­кер мем­ле­кет тілін­де сөй­ле­се алса, халы­қтың әдет-ғұр­пы мен салт-дәстүр­лерін сый­ла­са, фило­лог дең­гей­ін­де білім­ді болуы да керек емес. Пре­зи­дент­тік қыз­мет­тің мін­деті кең, өте ауқым­ды екені бел­гілі. Онда неге үміт­кер­ден халы­қа­ра­лық сая­сат, эко­но­ми­ка, заң мен мәде­ни­ет сала­ла­ры­нан емти­хан алмай­ды? Сон­ды­қтан билік үміт­кер­ге негіз­сіз кедер­гі жаса­май, сай­ла­у­шы­ның кім­ге дауыс беру шеші­мін өзіне қал­ды­руын халық әділет­ті деп біледі.

Бірін­ші пре­зи­дент елде тап­жыл­май тұрып, мем­ле­кет­тің нешетүр­лі қыз­метін істеп, қазақ тілін жақ­сы мең­геріп, көп әйел­дер­дің көңілі­нен шыға біл­ді, бірақ одан не пай­да бол­ды? Оның 30 жыл авто­ри­тар­лық жүй­есін­де билік­ті кілең ала­яқ пен той­ым­сыз жемқор­лар басқарған­да, неге жеттік?

Міне, содан Қаза­қстан­ның 2022 жылғы 1 қаңтар­дағы сыр­тқы боры­шы­ның көле­мі 165,1 млрд дол­ларға жет­ті. Ұлт­тық валю­та­мыз – тең­ге дол­ларға бала­ма­ланған­да 100%-ға жуық құн­сыздан­ды. Эко­но­ми­ка­мыз Ресей­ге толы­қтай тәу­ел­ді бол­ды. Мақтан­шақтық пен даңғой­лық еті­міз­ге сіңіп, уәде­де тұр­мау, тек пай­да­ны ойлау үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айна­лып, қонақ­жай­лы­лық пен ысы­рап­шыл­ды­қтың шека­ра­сын аңғар­май­тын бол­дық. Сыбай­лас жемқор­лы­қтың дең­гейі аспан­дап, көп кәсі­по­рын­дар, жай­ы­лым­дық жер­лер, оқу орын­да­ры ұстаған­ның қолын­да, тісте­ген­нің аузын­да кет­ті. Қаз­ба бай­лы­ғы­мыз, мем­ле­кет мүл­кі талан-тара­жға түсті. Тек Қай­рат Саты­бал­ды­ұлы­нан 230 млн дол­лар­дан аса­тын экс­клю­зив­ті асыл тастар мен зер­гер­лік бұй­ым­дар тәр­кі­лен­ді. Оның шетел­де­гі актив­тері 300 млн дол­ларға баға­ла­ну­да. Бірін­ші пре­зи­дент­тің басқа да туы­ста­ры мен жақын­да­рын осын­дай бел­сен­ділік­пен тек­сер­се, елі­міз­ге қыру­ар қар­жы қай­та­ры­лар еді.

Халық күн­делік­ті тамаққа, көп­шілік – бас­па­наға, сту­дент­тер жатаққа­наға зәру болып жүр­ген­де, Аста­на­да көле­мі 68 мың шар­шы метр бола­тын, әлем­де­гі онды­ққа енетін ең үлкен мешіт қыру­ар ақшаға салын­ды. Сон­да оған барып, құдай­ға құл­шы­лық еткен­дер пей­і­штің төрін­де оты­ра­ды да, ал ауыл­дағы кіш­кене мешіт­ке барған­дар дәліз­де қала ма? Енді кеше­гі «нұро­тан­ды­қтар» елор­да­дағы зәулім діни ғима­ратқа тұңғыш пре­зи­дент­тің атын беруді сұрай­тын болды.

Халы­қтың жағ­дайы ескеріл­мей, ЭКС­ПО-ға 2,1 млрд дол­лар (ресми), Қысқы Азия ойын­да­ры­на 1,65 млрд дол­лар жұм­сал­ды. Ал LRT жоба­сы­ның құны 1,3 млрд дол­лар­ды ысы­рап етіп, енді оны аяқта­уға тағы 1 млрд дол­лар­дай қара­жат ізде­лу­де. Қары­зға бел­ше­сі­нен батқан үкі­мет енді кезек­ті төле­мін қай­та­ру үшін, жақын­да Дүни­е­жүзілік банк­тен 345,7 млн евро қарыз алды. Шер-аға Мұр­та­за айтқан­дай, «алтын сан­ды­қтың үстін­де жалаңбұт отырмыз».

«Қай­рат Саты­бал­ды­ұлы­нан 230 млн дол­лар­дан аса­тын экс­клю­зив­ті асыл тастар мен зер­гер­лік бұй­ым­дар тәр­кі­лен­ді. Оның шетел­де­гі актив­тері 300 млн дол­ларға баға­ла­ну­да. Бірін­ші пре­зи­дент­тің басқа да туы­ста­ры мен жақын­да­рын осын­дай бел­сен­ділік­пен тек­сер­се, елі­міз­ге қыру­ар қар­жы қай­та­ры­лар еді.

Қоры­тын­ды­лай кел­ген­де, халы­ққа мем­ле­кет бас­шы­сы­ның тіл­ді жете біл­ген­ді­гі, не мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­гені неме­се нағыз қазақ болған­ды­ғы аса қажет емес. Пре­зи­дент халық қамын өз жеке басы­нан жоға­ры қоя­тын, ар-ұятын өте биік­те ұстай­тын, көкіре­гі ояу, қолы таза, жем­кор­лы­ққа жол бер­мей­тін, көп­шілік­ке бас болып, мем­ле­кет сая­са­тын ақыл­ды­лы­қ­пен шешетін аза­мат болуы керек.

1810 жылы Шве­ци­я­ның королі Карл XIII бала­сыз болған­ды­қтан, басқа елдің аза­ма­ты, фран­цуз мар­ша­лы Жан Бер­на­дот­ты таққа оты­рғы­зып, Шве­ция мен Нор­ве­ги­я­ның королі еткен. Ол Карл XIV Юхан деген атпен Шве­ция үшін 25 жыл­дан астам таза қыз­мет жасап, оның эко­но­ми­ка­сы­ның қарқын­ды өсуіне аян­бай еңбек етті. Карл Ман­нер­гейм гол­лан­ди­я­лық швед бол­са да, Фин­лян­дия халқы­на ең қиын заман­да үлкен абы­рой­мен бас­шы­лық жасап, тарих­та қалды.

Жақын­да ғана 60 млн астам халқы бар Ұлы­бри­та­ния 42 жасар Риши Сунак­ты ұлты индус бол­са да, өзінің пре­мьер-мини­стрі етіп тағай­ын­дап, елдің бар­лық ішкі мен сыр­тқы сая­са­тын жүр­гі­зуді сеніп тап­сыр­ды. Сол себеп­тен Кон­сти­ту­ци­я­мы­здағы заң мен сот алдын­да жұрт­тың бәрі тең, ешкім­ді тегіне, лау­а­зым­дық және мүлік­тік жағ­дай­ы­на, нәсіліне, ұлты­на, тіліне неме­се өзге жағ­да­ят­тар бой­ын­ша ешқан­дай кем­сіту­ге бол­май­ды деген бап­ты ескеріп, негіз­сіз шек­те­улер­ді алып тастау керек. Елге кім бас­шы болу керек екенін әділ сай­ла­у­шы­лар өздері шеше алады.

Ал енді, міне, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы осы орын­сыз кедер­гілер­ден мем­ле­кет пре­зи­ден­ті түгілі, тіп­ті аудан бас­шы­сы болуға лай­ық емес үміт­кер­лер­ді тір­кеді. Көп­шілік олар­дың мәде­ни дең­гей­інің төмен­ді­гіне таң­да­на қарай­ды. Дені сау, кіш­кене ар-ұяты бар, зей­нет­кер жасын­дағы адам кон­сер­ва­то­ри­яға құжат тап­сы­рып, ком­по­зи­тор болам деп талас­пай­ды ғой! Осы уақы­тқа дей­ін облы­сты, не өндіріс сала­сын басқа­рып, өз тәжри­бесін көр­сетіп, қоғам­да бел­сен­ділі­гі­мен, ақыл­ды ой-пікірі­мен таны­мал болып, халы­қтың әл-ауқа­тын жақ­сар­туға, эко­но­ми­ка­ның өсуіне бағыт­талған ұсы­ны­ста­ры­мен бел­гілі бол­са, онда түсі­ну­ге болар еді. Ең қиы­ны – халық осын­дай қуыр­шақ сай­ла­у­ға, театр­лан­ды­ры­лған қой­ы­лы­мға еті үйреніп кет­ті, әсіре­се өсіп келе жатқан жастар­дан, шетел­дік бақы­ла­у­шы­лар­дан ұят болды.

Осын­дай­да елдің таны­мал, бедел­ді аза­мат­та­ры, зия­лы қауы­мы­м­ыз қай­да деген ой туа­ды. Ел аға­ла­ры билік­тің 30 жылғы сай­қал сая­са­тын, Ата заңы­мы­зды ойын­шы­ққа айнал­ды­рға­нын, жемқор­лы­қтың ерекше етек алға­нын, халы­қтың қиналға­нын көре тұрып, үнсіз оты­рып, тек жеке басын, өз күн­көрісін ойлаған­да­ры таңқал­ды­ра­ды. Осын­дай жағ­дай­лар­дың жиын­ты­ғы қаңтар­да жастар­дың көше­ге шығуы­на себеп­ші болды.

Табиғи талан­ты бар таны­мал аза­мат­ты, егер елге жана­шыр­лы­ғы жоқ, адам­гер­шілік дең­гейі мен аза­мат­тық ұста­ны­мы төмен бол­са, олар­ды зия­лы қауым қата­ры­на қосу қателік болып табы­ла­ды. Кей­біре­улері Жаңаө­зен­де, Алма­ты­да көп жастар­дың қыр­шын­нан қиы­лып, қаза болған­да­ры­на, абақты­да жазы­қ­сыз оты­рған­да­ры­на жаны ашы­май, үнсіз оты­рып, енді түй­ені түгі­мен жұтқан, мәде­ни­ет­тілі­гі­мен көріне алмаған қамаудағы мини­стр­лерін қорға­шта­уда. Сана­у­лы ғана тұлға­лы аза­мат­тар бол­ма­са, көбісін зия­лы қауым­нан зиян­ды­ға жатқы­зған дұрыс. Арман­да­ры – орден­мен мара­пат­тал­са, келе­шек­те көше­ге аты беріл­се, мем­ле­кет­тік сти­пен­ди­я­ның иегері бол­са. Көп мәде­ни­ет қай­рат­кер­лері был­тыр Тұңғыш пре­зи­дент сти­пен­ди­я­сы­ның иегері ата­нып, енді айы­на бұры­нғы 20-дан 55-ке есе­лен­ген айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де ақы ала­тын бол­ды. Онсыз да үнде­мей­тін­дері енді Иван Кры­ло­втың мысал-өлеңін­де­гі қарға­ның күй­ін ойлап,аузына ілін­ген ірім­ші­гі­нен айы­ры­лып қал­мас үшін, дау­сын шығар­май, тыныш оты­ра­тын болды.

Сайлау жүй­есін­де тағы бір аса көңіл бөлетін мәсе­ле – ол сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сын санау. Билік 30 жыл­да оның әдісін ең жоғарғы дең­гей­ге дей­ін жет­кізіп, өздеріне қажет­ті пай­ыз «жина­уды» үйреніп алды. Неге Алма­ты­да сай­ла­у­ға дауыс беру кезін­де бару­шы­лар аз, ал облы­стар­да көп бола­ды? Айыр­ма­шы­лы­ғы – Алма­ты­дағы сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның көп мүше­лері әртүр­лі аудан­дар­да қыз­мет істей­ді, әкім­шілік­ке тәу­ел­ді емес. Негізі­нен дауыс беретін­дер – мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер, сту­дент­тер мен әскер­де­гілер. Ал шалғай аудан­дар­да олар жер­гілік­ті әкім­шілік­ке толық тәу­ел­ді. Егер аудан әкі­мі бел­гілі кан­ди­датқа тиесілі жоға­ры пай­ыз жина­та алма­са, онда ол өз бас­шы­ла­ры­ның теріс тізі­міне еніп, жұмыстан кетуіне мәж­бүр болады.

Оның үстіне Қаза­қстан­да 10 мыңға жуық сай­лау участ­ке­лері бар, оның көбісі ауыл­дық жер­лер­де. Ал төраға­ла­ры мен мүше­лері – мек­теп пен емха­на бас­шы­ла­ры, мұғалім­дер мен әкім­шілік қыз­мет­кер­лері. Оларға сай­ла­у­шы­лар­дың келуін қам­та­ма­сыз ету қиын емес, себебі бала­ла­ры оқи­тын, өзі ем ала­тын, әртүр­лі аны­қта­ма құжат­тар сұрай­тын сай­ла­у­шы шақы­руға бар­ма­са, келе­шек­те қиын­ды­ққа тап болады.

Әкім­шілік­тер шағын қала­лар мен аудан орта­лы­қта­рын­да ерекше әдісті де үйреніп алды. Сай­лау учас­кесіне жау­ап­ты қыз­мет­кер жақын жер­де авто­көлі­гін­де оты­рып, өтіп бара жатқан таныс сай­ла­у­шы­ға: «Әй, Мырқым­бай, мың­да кел!» деп шақы­ра­ды. Үгіт-наси­хат жұмысы­нан кей­ін, алда­мас үшін, кан­ди­датқа бел­гі қой­ы­лған бюл­ле­тень­ді беріп, сай­лау каби­на­сы­на кір­ген соң, қой­ны­ң­нан алып, осы­ны тастай­сың, ал өзің алған таза бюл­ле­теніңді қай­тып әке­лесің деп тап­сы­ра­ды. Оны орын­даған сай­ла­у­шы маши­на ішін­де «ақы­сын» ішіп, дәм татып, риза болып кетеді.

Жұмыс­кер дауы­стың қалай сана­ла­ты­нын, кім­нің жеңетінін онсыз да біледі, ал келіс­пе­се, бәрібір өзінің кім­ге дауыс бер­генін дәлел­дей алмай­ды. Шағым­да­ну – бос әуре­шілік, қай­да бар­са да, бәрі билік­тің сар­ба­з­да­ры екенін біледі. Егер тіп­ті авто­бус билетін­де нөмір бол­са, сая­си маңы­зы бар құжат сана­ла­тын бюл­ле­тень­де ондай бел­гі жоқ, себебі жалған санақты жасы­ру үшін ол көр­сетіл­мей­ді. Ал кей­де дауыс беру пай­ы­зын жоға­ры­ла­ту үшін, бюл­ле­тень­дер­ді бума­лап сал­саң да, жер­гілік­ті лау­а­зым­ды қыз­мет­кер­лер­ге ешкім қар­сы шыға алмай­ды. Билік бел­сен­ді сай­лау құқы­ғы бар 11 827 277 аза­матқа 12 млн астам бюл­ле­тень дай­ын­дап та қойды.

Сол себеп­тен келе­шек­те бюл­ле­тень­дер номер­леніп, дауыс бер­ген сай­ла­у­шы шағым­дан­са, ол оны тауып, дәлел­дей ала­тын болуы керек, сон­да ғана сана­у­шы­лар­дың жау­ап­кер­шілі­гі арта­ды. Жари­я­ланған шешім­нің жалған екенін, комис­си­я­сы­ның экзит-полл­дың қоры­тындыс­ы­на сіл­те­ме жасаға­ны­нан-ақ білу­ге бола­ды. 10 мың­дай сай­лау учас­кесі түгілі, үлкен қала­да сау­ал­на­ма жүрі­зуді қам­та­ма­сыз ете алмай­тын қоғам­дық ұйым­ның экзит-полл нәти­же­леріне сүй­е­ну – көз­бо­я­у­шы­лы­қтың бел­гісі. Олар­ды сай­ла­удың алдын ала дай­ын­далған нәти­же­леріне қосым­ша дәлел есебін­де пайдаланады.

Енді әрбір ақы­лы бар аза­мат рет­сіз шығы­нға баты­ра­тын осын­дай сай­қы­ма­зақ сай­ла­удан қашан құты­ла­мыз дей­ді. Менің­ше, оның тек екі жолы бар. Бірін­шісі, Қ.-Ж.Тоқаевтан сай­лау жүй­есі демо­кра­ти­я­лық қоғам­ның негізі екенін, халық дауыс беру арқы­лы мем­ле­кет бас­шы­сы мен заң шыға­ру­шы депу­тат­тар­ды таң­дай­ты­нын, оның ең бол­ма­са келе­шек­те әділ болуын талап етуі керек. Егер ол ақыл­ды, әділет­ті, көре­ген бол­са, оны түсі­нер деп үміттенейік.

Екін­ші жолы – алды­мы­зда бола­тын пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға халы­қтың қамын шын ойлай­тын пар­ти­я­лар мен аза­мат­тар­ды сай­лап, солар арқы­лы сай­лау жүй­есін түбе­гей­лі өзгер­ту қажет. Алды­мы­здағы пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға 70 пай­ы­зы пар­ти­я­лық тізім­дер арқы­лы бар­са, депу­тат­тар­дың 30 пай­ы­зы аумақтан тіке­лей сай­ла­на­ды. Ал келе­шек­те ол 50 пай­ыз болуы кажет.

Ең басты­сы – идео­ло­ги­я­сы бір, тек өтірік үшке бөлініп оты­рған билік пар­ти­я­ла­рын бюд­жет­тің қара­жа­тын пай­да­ла­ну арты­қ­шы­лы­ғы­нан айы­ру керек. Ол әділет­тілік пен нақты бәсе­ке­ле­стік­ті қам­та­ма­сыз ету үшін аса қажет. Мем­ле­кет­тік орган­дар­да пар­тия ұйым­да­рын құруға жол беріл­мей­ді, қоғам­дық бір­ле­стік­тер заң алдын­да бір­дей деген Ата заңы­мы­здағы бап­ты бас­шы­лы­ққа алып, қоғам­дық бір­ле­стік­тер­ді мем­ле­кет­тік қар­жы­лан­ды­руға жол беріл­мей­ді деген алға­шқы рефе­рен­дум­да бекітіл­ген Кон­сти­ту­ци­я­ның 5‑бабын қал­пы­на кел­ті­ру керек. Пар­ти­я­лар­ды тір­ке­у­ге кедер­гі бол­мау керек.

Демо­кра­ти­я­лық, өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет­тер қата­ры­на қосы­лу – билік­ке тек әділ жол­мен, тең жары­ста жең­ген­дер­дің келуін қам­та­ма­сыз ететін сай­лау жүй­есі болу­ды талап етеді.

  •  

Үміткерлерге СЕНІМ ЖОҚ

Бұл сай­ла­у­ға пре­зи­дент Тоқа­ев қай­бір жаңа­лы­ғы­мен кел­ді? Жаңа Қаза­қстан құра­мын деді. Құр сөз­бен үй тұрғы­зуға бол­май­ды. Сай­ла­у­шы­лар соны еске­руі керек. НӘН-нің тобы­на ештеңе істей алмай­ды, оның аты-жөні жер-жер­де сай­рап тұр. Аста­на­да мешітін салып ол жүр. Керек десе, Тимур Құлы­ба­ев­ты жаңа ман­са­пқа оты­рғы­зды. Өздері Қаза­қстан­да тай­раң­дап (маған не істей ала­сың деген­дей) жүр. Өздерінің ада­мын сай­ла­у­ға кан­ди­дат етіп үлгер­ген де бол­са керек. Тонаған ақша­сы көп қой…

Жазы­қ­сыз жан­дар әлі күн­ге түр­ме­де отыр. Тоқа­ев «аны­қтаған» 20 мың тер­рор­шы­ны табу үшін, шаш ал десе, бас ала­тын поли­цей­лер жазы­қ­сыз адам­дар­ды ұрып-соғып, үтік­пен күй­діріп, «мен – тер­рор­и­спін» дегізіп, әлі қамауда ұстауда.

Сай­ла­у­ға түсетін үміт­кер­лер­дің бос сөзі, құрғақ уәдесі мен жазы­қ­сыз жан­дар­ды боса­та­мын деген құр сөзі­мен жаңа Қаза­қстан құруға бол­май­ды. Шетел­дер­ге (Араб Әмір­лі­гі, Аме­ри­ка, Англия, Швей­ца­рия, Афри­ка мем­ле­кет­теріне) инве­сти­ция деп тыққан ақша­ны қай­та­рып, Қаза­қстан­ның қары­зы­нан құты­лып, эко­но­ми­ка­сы күшті мем­ле­кет­ке айнал­ды­ра­мын деп уәде бере­мін деген үміт­кер­дің жалаң сөзіне жан бала­сы сен­бей­ді. «Мен Назар­ба­ев кла­ны­нан емес­пін», «менің ақшам көп емес» деп, халы­ққа теле­ди­дар­дан, я халық алдын­да айтуы керек. Халық осы уәдені күтіп отыр.

Сай­ла­у­ға санақ жүр­гіз­ген кез­де абай болу керек. Мүд­делі клан­дар сай­ла­у­шы­ға ақша­ны көбірек бер­се, дауыс берудің нәти­же­сі де олар үшін сон­ша­лы­қты «жақ­сы» бола­ды. Бюл­ле­тень­дер­ді күн-түн демей өздері тол­ты­рып, кім озуы керек екені сай­ла­у­шы­ға алдын ала айты­лып қой­ыл­ды. Жер­гілік­ті бақы­ла­у­шы­ларға да ақша бол­са – бол­ды, «сай­лау адал түр­де өтті» деп шыға келеді.

Убай­дул­ла ФАЙЗУЛЛАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн