Пятница , 4 июля 2025

СІЗГЕ қандай президент КЕРЕК?

Үлкен-кіші гәзет­тер­ді ауда­рып-төң­керіп, шала-пұла оқып жүр­мін. Гәзет­тің аты­нан редак­ци­я­сы­ның әдрісіне дей­ін түгел оқуға, бірін­ші­ден, көзім­ді аяй­мын, иә, өзім­ді аяма­сам да. Екін­ші­ден, мақа­ла көп, мән аз: бірінің айтқа­нын бірі сылап-сипап қай­та­лап, өзін де, өзгені де адастырады.

Мысалға алдағы пре­зи­дент сай­ла­уы тура­лы жазған­да­рын айт­сам: «Жаңа пре­зи­дент керек!»; «Кім жаңа пре­зи­дент бола­ды?»; «Егер мен пре­зи­дент бол­сам!..»; «Бүгін­гі пре­зи­дент­ті қай­та­дан сай­лай­ық!»; «Пре­зи­дент табы­лған, табыл­ды, табы­ла­ды да!»; «Біз Жаңа Қаза­қстан­ды қалай орна­ту­ды ойлай­ық!» десіп жатыр. Бір­де-біре­уінің бағ­дар­ла­ма­сы менің бағ­дар­ла­ма­ма астар да бола алмай­ды. «Бағ­дар­ла­ма» дегенің оңай шаруа емес, ол жазған сенен бұрын, оны­ң­ды оқы­ған­дарға түсінік­ті болуы керек.

Мәсе­лен, менің мына бағ­дар­ла­мам­ды оқып көрің­дер. «Сіз­ге қан­дай пре­зи­дент керек?» деп отыр­мын, міне­ки. Тари­хи сұрақ. Бірақ бар­лық сай­ла­у­шы­лар­дың дауы­сын түгел­дей алған күн­нің өзін­де мен де, дауы­сқа жаңа түс­кен басқа­лар да пре­зи­дент бола алмай­мыз, біз­де пре­зи­дент сай­ла­у­ға дей­ін сай­ла­нып қой­ы­ла­ды ғой.

Бағ­дар­ла­ма десек, ол мәсе­лені алы­стан қар­ма­май, жақын­нан баста­уға тиіс. Мәсе­лен, менің бағ­дар­ла­мам былайша:

1.Заң бой­ын­ша мен – пре­зи­дент – мем­ле­кет­тің қамқор­лы­ғын­да­мын. Алыс-жақы­нға барып келуім тегін. Азық-түлік, киім-кешек арна­у­лы арзан баға­лы мәгә­зині­міз­де күн­діз-түні дай­ын. Яғни, менің мәсе­лем рет­те­улі. Ал әйелім­нің про­бле­ма­сы ше? Ол – орта мек­теп­те мұғалім. Тарих­шы. «Біздің тарих­шы ғалым­да­ры­мыз қызық өзі. Тари­хи бір оқиға­ны бірі «алай» деп, бірі «былай» деп жаза береді. Әлі күн­ге бірізділік жоқ. Енді «Алаш» жай­ын­да айты­сып-жазыс­ып жатыр» деп қояды. Айлық еңбе­кақы­сы 70 мың тең­ге. 1 қой сатып алуға да жет­пей­ді. Қой етінің 1 кило­сы дүкен­де 3 мың тең­ге, база­рда 4 мың тең­ге, есеп­тей берің­дер. Ұл мен қызым­ның да қауқар­ла­ры сон­дай, ол дұрыс емес.

Демек, мен ең әуелі солар­дың жағ­дай­ла­рын жақ­сар­туға мін­дет­ті­мін. Олар инсти­тут­та оқып алған маман­ды­қта­ры бой­ын­ша емес, табысы мол жер­лер­де қыз­мет істесін. Мен олар­ды сон­дай қыз­мет­тер­ге көте­ре­мін. Бай­ы­сын, шетел­дік әде­мі ауто­мә­шін сатып алсын, кәт­тедж сал­ды­рып алсын. Өзі­міз­де ғана емес, шетел­дер­де де. Бір­лесіп емес, жеке-жеке. Ауа райы жылы, жанға жай­лы шетел­дер­дің көл, теңіз жаға­ла­у­ла­ры­нан жер сатып алып, 2–3 қабат үй сал­ды­рып, айна­ла­сы­на мон­ша, бас­сейн сал­ды­рып, бәлей­бол, бәс­кет­бол алаң­да­рын жаса­тып алсын. Көл-теңіз­де серу­ен­де­у­ге кәтер керек, оны ұмы­туға бол­май­ды, сол елдер­дің ең әде­мі, күшті кәтер­лерін сатып алу керек.

Одан кей­ін туған-туы­сқан­да­рым­ның, содан соң дос-жол­даста­рым­ның хал-аху­ал­да­рын ойла­у­ым, баю­ла­ры­на көмек­те­суім керек. Қаза­қстан – біздің мақта­ны­шы­мыз! Жерінің асты-үстін­де­гі бай­лы­ғы бәрі­міз­ге жетеді!

2. Аппа­ра­ты­ма, жал­пы қола­сты­ма не айта­рым­ды ернім­нің жыбыр еткені­нен сезе қоя­тын елпек­тер­ді, қабағым­ды түй­ген­де қал­там­ды тол­ты­ра қоя­тын ысқа­яқтар­ды, ора­за­сын мені мақта­у­мен аша­тын мыш­бай­лар­ды, мен жазуға тиіс мақа­ла­лар­ды менің айтуым­мен жазып беретін, тіп­ті мені­мен сөй­лесіп, өзі жан-жақты толы­қты­рып, менің атым­мен кітап шыға­ра­тын пысы­қай жор­нал­шы, жазу­шы­лар­ды, мен кісі тани­мын, сон­дай­лар­ды жинап ала­мын. Жоғарғы кеңе­стің төраға­сы кірес­ло­сы­на өзді­гі­нен «әу» дей алмай­тын әпті­шуді оты­рғы­зып, мені қай жылы, қай орден­мен мара­пат­тау керекті­гін ескер­тіп жүре­мін. Шетел­дер­дің орден­дерін ала­тын бол­сам, ол өзім басқа­рып оты­рған Қаза­қстан үшін үлкен абы­рой бола­ды, ол мәсе­ле қай елге кім­ді Бас елші етіп жібе­руім­мен бай­ла­ны­сты бола­ды. Оны асы­қ­пай ойла­на­мын. Уақ-уақ сый­лық алуым… ә, ол оңай! Одан гөрі сери­о­знай про­бле­ма… Аста­на­дағы орта­лық даңғы­лға юби­лей­ім­нің алдын­да атым­ды қой­ды­ру, ескерт­кі­шім­ді орнат­ты­ру, биік­ті­гін 5 метр етіп, қаздитып!

Бұның бәрі оңай мәсе­ле емес, алай­да қисы­нын кел­тіретін қып-қызыл тілің бол­сын, тілің! «…Аспан­дағы бұлт­ты айналдыратын».

3. Иә, иә, мен пре­зи­дент бол­сам… Пре­зи­дент­тің алды­на қой­ы­ла­тын мәсе­ле көп, онсыз рет­тел­мей­тіні аз. Ал мен бәрін пысы­на­май-ақ, тер­ле­мей-ақ рет­тей­мін! Елім­нің бір жағын­да қабағы қалың Қытай тұр. Екін­ші жағын­да бір­де анаған, бір­де мынаған соқты­қ­па­са, соқыр іше­гі бүй­ірін тесіп шыға­тын­дай әулекілер діз­гін-шыл­бы­рын қаса­ры­сып ұстап оты­рған Ресей тұр. Оның ауа рай­ын бағып оты­ру қиын, но нешауа!

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн