Пятница , 4 июля 2025

Досым Сатпаев: Билікті сақтап қалу ҚОРҚЫНЫШЫ ең нашар мотиватор

  • Қаза­қстан­дық сая­сат­та­ну­шы, «Қауіп-қатер­ді баға­лау тобы­ның» дирек­то­ры Досым Сәт­па­ев «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­тын­да пре­зи­дент сай­ла­уды дәл қазір өткізу­ге не түрт­кі болға­нын, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си жүй­ені өзгер­ту­ге неге құлы­қ­сыз екенін және Қаза­қстан­ды алдағы жеті жыл­да не күтіп тұрға­нын айтып бер­ді (ықшам­да­лып жарияланды).

– 2022 жылғы пре­зи­дент сай­ла­уы Тоқа­ев айтқан «Жаңа Қаза­қстан­мен» және сая­си рефор­ма­лар­мен мүл­де үйле­с­пей­ді. Сай­ла­у­ал­ды науқан Назар­ба­ев кезін­де­гі ескі сце­на­рий бой­ын­ша жүріп жатқан сияқты. Мұның сыры неде?

– Бұған таңға­ла­тын нәр­се емес. Өйт­кені Назар­ба­ев жүй­есі жой­ы­лған жоқ. Сол баяғы сая­си инсти­тут­тар мен адам­дар өз орнын­да қалды.

«Сай­ла­у­ға» дай­ын­дық жұмысы­на жау­ап­ты шене­унік­тер Назар­ба­ев тұсын­да ман­са­бын бастап, осы жүй­е­де қалып­тасқан бюро­кра­тия аппа­ра­ты­ның прин­циптерін бой­ы­на сіңір­ген. Бұл прин­циптер авто­кра­ти­яға арқа сүй­ей­тін жүй­е­ге бей­ім­дел­ген. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев отыз жыл бойы өзіне ыңғай­лы жүйе құру­мен болды.

Соның нәти­же­сін­де мем­ле­кет әртүр­лі сала­да отыз жыл­ды тек­ке өткізді, жеке басқа табы­ну­шы­лық, оли­гар­хи­я­лық эко­но­ми­ка қалып­та­сты. Назар­ба­ев өзіне қар­сы тұра ала­тын күш­тер шық­па­уы үшін, гла­ди­а­тор­лар алаңын­да сая­си эли­та өкіл­дерін бір-біріне қар­сы қой­ып, шекістіріп отыр­ды. Мұн­дай­да жүйе өз бетін­ше жұмыс істеп, қоғам пікірін елемейді.

Қазір Тоқа­ев­тың «Жаңа Қаза­қстан» ұра­ны­мен құрып жатқан жүй­есі Назар­ба­ев моделіне ұқсай­ды: пре­зи­дент жүй­е­де­гі басты ойын­шы болуға тыры­са­ды, бәрін өзіне тәу­ел­ді етіп, бақы­ла­уда ұстап, билік тар­мақта­ры­ның, сот және заң орган­да­ры­ның қыз­метін қадағалайды.

Мәсе­ле сай­ла­уда неме­се жалған сай­ла­уда (псев­до) емес (бұл науқан­ның немен аяқта­ла­ты­нын бәрі біледі), Тоқа­ев­тың алдағы жеті жыл­да не істей­тінін­де болып отыр. Ол пре­зи­дент қыз­меті­нен кет­кен­де, бәрі бір адам мен оның маңай­ын­дағы­ларға бай­ланған тұй­ық жүйе жой­ы­ла ма?..

– Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін кезек­тен тыс сай­лау бола­ты­ны бел­гілі еді. Ақор­да­ның бұл қада­мға баруы­ның басқа да себеп­тері бар ма?

– Мау­сым­дағы Кон­сти­ту­ци­яға өзгер­ту­лер енгі­зу жөнін­де­гі рефе­рен­дум алдағы сай­ла­у­ға дай­ын­дық еді. Бірін­ші­ден, рефе­рен­дум кезін­де пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен сай­ла­у­ға дай­ын­ды­қ­пен айна­лы­са­тын адам­дар қоғам­дық көңіл-күй­ді бақы­лап, Тоқа­ев­тың рей­тин­гін сынап көрді.

Екін­ші­ден, қарқын­ды гео­са­я­си өзгерістер баста­лып, әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық аху­ал нашар­лап, Қаза­қстан үшін үлкен қауіп сана­ла­тын инфля­ция артып келе жатқан тұста билік алдағы бір-екі жыл­дың өзін болжай алмаудан қоры­қты. Билік сай­лау өтетін 2024 жыл­ды былай қой­ған­да, келер жылы не бола­ты­нын біл­меді. Сон­ды­қтан Тоқа­ев мықты оппо­зи­ция жоғын пай­да­ла­нып, уақыт ұтуға тырысты.

Қазір­гі іс-қимыл­дар екі мотив бой­ын­ша жүріп жатыр. Бірін­ші­ден, Тоқа­ев жеке билі­гін күшейт­кісі келеді, екін­ші­ден, әле­умет­тік жары­лыс неме­се эли­та іші­нен шыққан жаңа қар­сы­ла­стың әсері­нен билі­гі­нен айы­ры­лып қалу­дан қорқа­ды. Бірақ ұзақ мерзім­ді бола­шақтағы қорқы­ныш – ең нашар моти­ва­тор, өйт­кені ол қоға­мға қысым­ды күшейтеді.

– Билік­тен айы­ры­лып қалу­дан қоры­қ­пай­тын авто­ри­тар мем­ле­кет­ті көр­ген жоқпын…

– Қорқы­ныш тура­лы неге айтып отыр­мын? Бұл – өте маңы­зды пси­хо­ло­ги­я­лық дүние. Тоқа­ев неге дәл осын­дай сай­лау өткізіп жатыр деген­де, 2019 жылғы сай­лау билік­ке «соққы» болға­нын ұмыт­па­уы­мыз керек. Билік­тің қол­дан құра­с­ты­рған әде­мі жүй­есі бір сәт­те қирап қала­ды деп ешкім күт­кен жоқ. Тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар сай­ла­у­ға бел­сене қаты­сып, мықты сая­си күш­ке айнал­ды. 2019 жылы Тоқа­ев әлсіздік таныт­са, әде­мі сце­на­рий­лер­дің күлі көк­ке ұша­ты­нын түсінді.

Сон­ды­қтан қазір билік 2019 жылғы жағ­дай қай­та­лан­ба­уы үшін, қысым­ды күшей­те баста­ды. Пре­зи­дент­тік­ке кан­ди­дат ретін­де тір­кел­ген адам­дарға қараңыз­шы: мүл­де солғын. Ара­сын­да бір­де-бір бел­гілі тұлға жоқ.

Иә, бұл тізім­де­гілер­дің кей­бірін сай­ла­у­ға дей­ін мүл­де таны­маға­ным­ды жасырмаймын.

– Сая­сат­та­ну­шы­лар­дың көбі көп жыл көлең­ке­де жүріп, Назар­ба­ев­тың ұжы­мын­да болған адам­дар­ды көр­ген­де таңғал­ды. Әрине, кей кан­ди­дат­тар сәл де бол­са бел­сен­ділік таны­тып кел­ді, бірақ Назар­ба­ев бел­гіле­ген шең­бер­ден шыққан жоқ.

Мем­ле­кет­тік қыз­мет­те бес жыл еңбек етуі керек деген талап – Қаза­қстан­да сая­си өзгерістер бол­маға­нын бай­қа­та­тын негіз­гі көр­сет­кіш. Өйт­кені көп адам­ды сай­ла­удан шет­тет­кен бұл сүз­гі Назар­ба­ев­тың кезін­де сай­лау про­цесі мен қаты­су­шы­ла­рын бақы­лау үшін енгізілген.

Қызыл сөз бен кон­сти­ту­ци­я­лық өзгерістер­ге қара­ма­стан, Тоқа­ев сая­си сегре­га­ци­яға негіз болған анти­кон­сти­ту­ци­я­лық талап­ты сол күй­ін­де қал­дыр­ды. Бұл талап бой­ын­ша, ақ адам­дар және қалған­да­ры бар. Ақ адам­дар дегені­міз – жүйе ішін­де жүр­ген­дер. Жүйе олар­ды өз ада­мы көріп, сай­ла­у­ға түсу­ге мүм­кін­дік береді.

Ал қалған­да­ры, оның ішін­де елге қыз­мет еткісі келетін аза­мат­тық қоғам мен биз­нес өкіл­дері сай­ла­у­ға қаты­са алмай­ды, өйт­кені шене­унік бол­маған. Бұл да Тоқа­ев­тың қорқы­ны­шын біл­діретін маңы­зды көр­сет­кіш: жүй­е­ден тыс адам­дар сай­ла­у­ға қатыс­са, билік­ке қауіп төн­діреді. Сон­ды­қтан Назар­ба­ев кезін­де­гі­дей кан­ди­дат­тар­ды жүйе ішін­де­гі адам­дар­дан тағай­ын­даған әлдеқай­да жеңіл.

– Кон­сти­ту­ци­яға пре­зи­дент­тің өкілет мерзі­мін жеті жыл деп бел­гілеу тура­лы өзгеріс енгі­зуді Тоқа­ев­тың осы­ған дей­ін билік­те болған уақы­тын есеп­тен шыға­ру ама­лы­на жатқы­зуға бола ма?

– Иә. Тоқа­ев Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін бер­ген сұх­ба­тын­да «Мен – Назар­ба­ев емес­пін, Кон­сти­ту­ци­я­ны өзгерт­пей­мін» деп сен­діру­ге тыры­сты. Бірақ жаз­да Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зу жөнін­де­гі рефе­рен­дум өтті, кей­ін пре­зи­дент­тік сай­лау кезек­тен тыс өтетіні жари­я­лан­ды. Бұл сай­лау Тоқа­ев­тың билі­гін заң­да­сты­ру үшін ғана өткелі отыр.

Бірақ леги­тим­дік пен заң­ды билік­ті шата­стыр­мау керек. Билік қағаз жүзін­де ғана заң­ды болуы мүм­кін. Мыса­лы, пре­зи­дент сай­ла­уы өте­ді, әлем­дік тәжіри­бе бой­ын­ша, кан­ди­дат­тар ара­сын­да бәсе­ке бола­ды, Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы сай­лау қоры­тындыс­ын жариялайды.

Билік леги­тим­ді­гі сай­ла­удан кей­ін қоғам­ның Тоқа­евқа, ол құрған жүй­е­ге деген сені­мі арта ма, жоқ па, соған бай­ла­ны­сты. Тоқа­ев­тың қазір­гі іс-қимы­лы­на қарап, Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін пре­зи­дент жүй­ені өзгер­те­ді деп сен­ген адам­дар­дың өзі «Неге «жаңа» Қаза­қстан «ескі» Қаза­қстанға ұқсай­ды?» деп ойла­на бастады.

– Тоқа­ев­тың алдағы жеті жыл­да елді қалай басқа­ра­ты­ны тура­лы болжам­дар бар ма?

– Негіз­гі мәсе­ле: Тоқа­ев пре­зи­дент қыз­метін­де соңы­на дей­ін қала ала ма? Жеті жыл ішін­де не жасай ала­ды? Шыным­ды айт­сам, Тоқа­ев Қаза­қстан­да жаңа ере­же­лер, сая­си инсти­тут­тар мен ойын­шы­лар­дан тұра­тын, күш­тер тепе-теңді­гіне негіз­дел­ген жүйе құра ала­ды деген­ге күмәнім бар.

Ол сая­си рефор­ма­ны сот-құқық жүй­есі­нен баста­уы керек еді. Бұл – елде­гі кез кел­ген рефор­ма­ның негізі, құқы­қтық мем­ле­кет құруға алға­шқы қадам. Тоқа­ев жүз пай­ыз жаңа сая­си жүйе құрып үлгер­ме­се де, мықты сот-құқық жүй­есінің негізін қалап үлге­рер еді. Сон­да сот жүй­есі пре­зи­дент кет­кен­нен кей­ін де эли­та­лық топ­тар­дың билік­ті тар­тып алуы­на, заң­ды бұзып, Кон­сти­ту­ци­я­ны қай­та жазуы­на жол бермейді.

Пётр ТРОЦЕНКО,

Azattyq.org

  • «DAT». 10.10.2022.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн