Пятница , 4 июля 2025

ҚМЖ ҚАЖЕТ ЕМЕС!

  • Айман Сағи­дол­ла­ның есі­мі елде­гі мек­теп мұғалім­деріне етене таныс. Жуы­қта ол редак­ци­яға хабар­ла­сып, ҚР оқу-ағар­ту мини­стрі Асхат Аймағам­бе­то­втің наза­ры­на арнап жазған шағын мақа­ла­сын газет бетін­де жари­я­лап беруді сұра­ды. Біз әділет­шіл және жаңа­шыл ұста­здың өтіні­шін қабыл алып, Айман бикенің мақа­ла­сы­на орай «Фейс­бук­те» жазы­лған пікір­лер­ді қоса жари­я­лап отырмыз.

Құрмет­ті Асхат Аймағам­бе­тов мырза! 

ҚМЖ деген керек емес құжат! Бір ай бұрын «Фейс­бук­те» осы тура­лы мұғалім­дер­ге сұрақ қой­дым. ҚМЖ құжа­ты­ның қажет еме­сті­гін мұғалім­дер­дің 99,9 пай­ы­зы айтты. 

ҚМЖ деген не? Қысқа мерзім­ді жос­пар. Бұй­ры­қ­пен бекітіл­ген жазы­лу үлгісі бар. Бір сабақтың ҚЖМ-сын жазу үшін, кемі 3 сағат уақыт керек. Бір күн­де 4 сағат сабағы­ңыз бол­са, 12 сағат оты­рып, ҚМЖ жазуы­ңыз керек. 

ҚМЖ бол­ма­са, сабаққа кіру­ге құқың жоқ. Таңер­тең мек­теп оқу ісінің мең­ге­ру­шісі қолы­на қам­шы­сын алып, ҚМЖ тек­серіп тұра­ды. Ал оны мұғалім­дер оқу­шы­лар үшін емес, бас­шы­лық үшін жаза­ды. Өйт­кені оны сабақта қол­да­на алмайды. 

Неге? 

Сабақта оқу­шы­ның не айта­ты­нын оқу­шы­ның өзі ғана біледі. Бір күн бұрын мұғалім бал ашып біл­мей­ді ғой. Мұғалім­нің айта­тын сөзі де сабақ үстін­де ауы­сып кетуі мүмкін. 

Дик­та­тор бас­шы­лар ҚМЖ-ны сабаққа дай­ын­дық деп есеп­тей­ді. Негізі бұл сабаққа дай­ын­дық емес. Сабаққа дай­ын­дық жасау үшін, таны­сты­ры­лым (слайд) жаса­уың керек. Қима қағаз­дар мен берілетін тап­сыр­ма­лар дай­ын­дай­мыз. Балаға қызы­қты мате­ри­ал­дар дай­ын­да­лу керек. 

Соған жұм­са­ла­тын уақыт­ты ҚМЖ жазуға жібе­ру – ақымақтық. 

Бірақ ҚМЖ мін­дет­ті. Тап­сыр­ма дай­ын­да­ма­саңыз да, ҚМЖ дай­ын­да­уы­ңыз керек. ҚМ жос­па­ры бар мұғалім ғана – жақ­сы мұғалім. Бұл тек қағаз жеудің жолы ғана. Мен солай ойлай­мын. Бала үшін неме­се мұғалім үшін жазыл­май­ды, басты­қтар үшін жазылады. 

Ешқан­дай заң­да неме­се бұй­ры­қта ҚМ жос­па­ры­на дирек­тор­дың орын­ба­са­ры қол қою қажет­ті­гі тура­лы жазыл­маған. Сон­да да олар қол қой­ып, түрт­пек­теп, мұғалім­ді езу­ге әуес. Ақы­лы оқу орта­лы­қта­рын­да ҚМЖ мүл­дем жоқ. Бұған Аят­жан Ахмет­жанұ­лы куә. Тұр­сы­най Басқын­ба­е­ва – сон­дай орта­лы­қта сабақ беретін мұғалім. Бұл еке­уі менің сөзім­ді дәлел­дей алады. 

Қазір­гі таң­да 11-сынып оқу­шы­ла­ры мек­теп­ке емес, ақы­лы орта­лы­ққа жүгіру­де. Олар­да ҚМЖ жаз­ба­са да, оқу сапа­сы бар. 

ҚМЖ жазған есіл уақы­тқа ешкім жалақы бер­мей­ді. ҚМЖ негізі­нен түн­де жаса­ла­тын жұмыс түріне кіреді. Көбіне таңғы 4‑те тұрып жаза­мыз. Оны жаз­ба­саңыз, жұмыстан кетуіңіз де ғажап емес. Мін­дет­ті құжат­тар қата­ры­на жатады. 

Соңы­мы­зда жанып тұрған жас мұғалім­дер келе жатыр. 

Олар­ды мек­теп қажет­сіз құжат­пен езіп тастамасын!

Мек­теп­ті түзеу керек. Бар­лық жұмыс тек қана сапа­лы білім беру­ге бағыт­та­луы керек. Сабақтың мақ­са­ты жыл­дық жос­пар­да көр­сетіл­ген. Сол да жетеді. 

Қол­дай­сыздар ма, әріптестер? 

Дене шыны­қты­ру мұғалім­дері! ҚМ жос­пар­ды қалай қол­да­на­сыздар? Бала­лар­мен бір­ге жүгіріп бара жатып, тоқтап ҚМЖ оқып алып, қай­та жүгіресіз­дер ме? 

– Бала­лар, оты­ра тұры­ңы­здар, ҚМЖ оқып алай­ын, – деп отыр­сақ қана оны қол­да­на ала­мыз. Басқа жағ­дай­да бұл мұғалім­нің алтын уақы­тын жей­тін, оқу­шы үшін ешбір қажеті жоқ құжат! 

ҚМ жос­пар­ды алып тастаңыз, Асхат мырза!

Айман САҒИДОЛЛА

Comments:

  • Өте орын­ды мәсе­ле. ҚМЖ – мұғалім­нің алтын уақы­тын босқа өлтірудің құра­лы. 30 жылға жақын еңбек өтілім бар. ҚМЖ-ны қарап оты­рып, сабақ бер­мей­мін. Сабақ беру – жос­парға бағын­бай­тын шынайы өнер. Министр мыр­за осы мәсе­лені шешіп бер­се деп үміттенемін!

Айнұр ҚАДЫРОВА

  • Бұған қоса, БЖБ мен ТЖБ да бос әуре­шілік екенін түсі­нетін кез кел­ді. Міне, /мектеп жүй­есіне енгізілгелі/ алты жыл бол­ды. Оқу­шы­лар­дың білі­мінің ілгеріле­генін көр­медім. Егер кере­мет бол­са, енді­гі бір нәти­же­сін берер еді ғой.

Серік ЗИЯТОВ

  • Мұғалім­нен басқа ешбір маман­дық иесі ертең­гі жасай­тын жұмысын минутқа бөліп, жос­пар жазып, уақы­тын кетір­мей­ді. Жай ғана қой­ын дәп­теріне түр­тіп алуы мүм­кін неме­се ойша жос­пар­лап, жүй­е­леп алады.

Арай­лым ГУМАРОВА

  • Мұғалім­дер түні­мен ҚМЖ жазып, үне­мі ұйқы­сы қан­бай, мек­теп­те шар­шап жүреді. Бір күн­де 4–5 сабағың бол­са, түн­де мүл­де ұйы­қта­май­сың. Оқу­шы­лар сабаққа жақ­сы көңіл-күй­мен баруы керек дей­ді. Ал мұғалім ше? Түні­мен ұйы­қта­май, ҚМЖ жазып шар­шаған мұғалім­де қан­дай көңіл-күй бола­ды деп ойлай­сыздар? Білесіз­дер ме, қазір­гі мұғалім­дер­дің көбі маман­дық таң­да­удан қате­ле­с­кен екен­мін деген ойда.

Бай­қай­сыздар ма, оқы­ту­дың, баға­ла­удың, кері бай­ла­ны­стың әдіс-тәсіл­дері­мен-ақ оқу­шы­лар­ды шар­ша­тып жібер­дік. Сабақты зерт­те­уді айт­саңыз­шы, мүл­де өтірік жүреді ғой, көзбояушылық.

Жанат САДВАКАСОВА

100% қол­дай­мын. Балаға білім беру жай­ы­на қал­ды. Мұғалім үйін­де ҚМЖ-сын жазып болған­да, таң ата­ды, тап­сыр­ма­сын дай­ын­да­уға уақы­ты жет­пей қала­ды. Содан басы бар, аяғы жоқ дай­ын­ды­қ­пен мек­теп­ке бара­мыз. Жай ұйы­қтау – ден­са­улы­ққа өте зиян. Ден­са­улы­ғым да кетіп бара­ды. Шар­шап барған күні нашар энер­ге­ти­каң­ды бала­лар да сезіп қояды. Сабақ аз күні шар­ша­май, мек­теп­ке жақ­сы энер­ги­я­мен бара­сың, ол күні бала­лар да жинақы оты­рып, сабақ діт­те­ген мақ­са­ты­на жете­ді. Бала­ларға тек қажет­ті тап­сыр­маң­ды ғана дай­ын­дап бара­тын күн туа ма екен?!

Айжан САПАРҒАЛИЕВА

  • Мұғалім­нің еңбе­гін сабағы­на кіріп баға­ла­сын. Сон­да қан­дай дәре­же­де­гі ҰСТАЗ екенін өз көз­дері­мен көріп, әрі баға­ла­рын беріп кете­ді. Қазір­гі кез­де жар­на­ма­шыл ұста­здар, автор­лық бағ­дар­ла­ма, әдісте­мелік құрал­дар, ғылы­ми жоба жазып бере­міз дей­тін­дер көбей­іп кет­ті. Бір-бірі­нен көшіріп жазу, интер­нет­ті ашып қал­саң – сол көрініс. Әділ­дік жоқ. Бұлай жат­тан­ды дүни­е­мен, көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен жүр­сек, жас ұрпаққа қалай тәр­бие мен білім береміз?

Гүл­да­на БАЙЫШЕВА

  • Өз пәнін дұрыс білетін, дұрыс сабақ бере ала­тын, тақы­рып бой­ын­ша оқу­шы­ға нені мең­гер­ту керек екенін, сол тақы­рып­та берілетін білім­ді өзі түсініп тұрған мұғалім­ге ешқан­дай ҚМЖ-ның қажеті жоқ. 40 жыл мұғалім бол­дым, сол ҚМЖ-ны жаз­дым, бірақ оған ешқа­шан қара­мап­пын. ҚМЖ – мұғалім­нің уақы­тын босқа кетіру.

Күл­зи­па САДУАҚАСОВА

  • Кеңес Одағы кезін­де орыс мек­теп­терін­де әр пән­нен, әр сыны­пқа арналған, бағ­дар­ла­маға сәй­кес құры­лған «Обу­че­ние» деген әдісте­мелік көмек­ші құрал, қалың кітап бола­тын. Ішін­де әр пән­ге сабақ жос­па­ры түзіл­ген, әдістің сан алу­ан түр­лері бар еді. Мұғалім­дер оны өз мүм­кін­дік­теріне сай икем­деп қол­да­нып жүретін. Сон­дай бір әдісте­мелік құрал шыға­руға бола­ды деп ойлай­мын. Әйт­пе­се қазір­гі ҚМЖ-ны жазу керек болған соң ғана жаза­мыз, оны жүзе­ге асы­ра­ты­ны­мыз шама­лы, жастар жағы тіп­ті бетіне де қарамайды.

Сәу­ле СЕЙДАЛИНА

  • Өте дұрыс, қосы­ла­мын! Егер А4 парақтан үй салуға бол­са ғой, шір­кін! Онда ҚМЖ-ға кет­кен қағаз­дан көп қабат­ты үй сала­тын едік. Қытай­дың ақ парағы­ның сауда­сы жүріп тұр: КТП, БЖБ, ТЖБ, ҚМЖ, т.б.

Гүл­за­да ДІЛДӘБЕКОВА

  • Жос­пар­сыз сабақ бол­май­ды. ҚМЖ-ның кестесін қолай­лы етіп, өзгеріс жаса­сақ – бола­ды. Мүл­дем жос­пар керек емес деген сөз жоқ.

Күл­ма­раш ЖАЙЫҚБАЕВА

  • ҚМЖ-ның бұй­ры­ғын жыл­да ауы­сты­ра­ды, әйте­уір біт­пей­тін өзгер­ту­лер. Ол кім­ге керек? Жазып кел­гені­мен, оған қара­май­мыз да. Одан да мек­теп­тер­ге интер­ак­тив­ті тақта бер­сін, дай­ын­дап кел­ген тап­сыр­ма­лар мен виде­о­ла­ры­мы­зды көр­се­ту үшін. Көрнекілік­ті қағазға шыға­рып алып келіп, тақтаға іліп көр­сетіп жүр­міз, қағаз­дың соры.

Гүл­жан АБАНОВА

«ДАТҚА» ЖАЗЫЛ, АҒАЙЫН!

Алда келе жатқан 2023 жыл­дың газет-жур­нал­да­ры­на жазы­лу бастал­ды. Елде­гі эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс дің­ке­лет­кен, қым­бат­шы­лық құр­са­уы­на қамалған «ДАТ» газеті бұл науқан­да кемін­де 20 мың оқыр­ман жинай алма­са, келесі жылғы жағ­дай жаман болай­ын деп тұр. 25 жыл­дық мерей­тойы (16.04.2023) қар­саңын­да газет­тің жабы­лып қалу қау­пі де жоқ емес. Сон­ды­қтан осы жағ­дай оқыр­манға жал­ба­ры­нған күй кешу­ге мәж­бүр етіп оты­рға­нын жасырмаймыз.

Газет қаға­зы­ның құны қым­бат­таған соң (тон­на­сы 300 мың тең­ге­ден асты), бас­па­ха­на қыз­меті де қым­бат­та­ды. Газет­тің бір дана­сын басу құны 35 тең­ге­ге жет­ті. Апта сай­ын шыға­тын газет­ке жар­ты мил­ли­онға жуық (айы­на 2 млн) ақша жинау оңай бол­май барады.

 «ДАТ»-та деме­уші (спон­сор) жоқ, соңғы 10 жыл­да болған да емес. Ал нарық тары­қты­рған Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да деме­ушінің қол­да­уын­сыз газет­ті аймақтарға жет­кі­зу – қия­мет-қай­ым машақатқа айналды.

  • СОНДЫҚТАН, АРДАҚТЫ АҒАЙЫН, «ДАТ» ГАЗЕТІНЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ!

Жазы­лу жер­гілік­ті жер­де­гі «Қаз­по­шта» бөлім­ше­лері арқы­лы жүреді. Жазы­лу ката­ло­гын­да «ДАТ»-тың ресми мем­ле­кет­тік тір­ке­уде­гі ата­уы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті деп көр­сетіл­генін ескер­те­міз. Ката­лог­та көр­сетіл­ген жазы­лу индексі – 64258.

Ал егер пошта бөлім­ше­сіне баруға уақы­ты­ңыз тап­шы бол­са, біз сіз­ге газет­ке жазы­лу­дың редак­ция арқы­лы жүр­гізілетін жеңіл жолын ұсынамыз.

ОЛ ҮШІН:

1. Газет тара­ту бөлі­мінің аты­на тір­кел­ген +7–700-300–47-70 Кас­пи-голд номеріне (Эрик Бапи­ев) тиісті жазы­лу баға­сы­на сәй­кес сома­ны аударасыз;

2. Бұдан соң осы уатсаб-номерге:

  • толық аты-жөніңізді
  • жер­гілік­ті пошта­ның индексі (мін­дет­ті түр­де) мен тұрғы­лы­қты адресіңізді жазып жібересіз.

Тара­ту бөлі­мі сіздің аты­ңы­зға жазы­лу­ды рәсім­де­ген соң, ары кет­кен­де бір айдың ішін­де жазы­лу түбір­те­гін сіз­ге пошта арқы­лы неме­се уат­саб-СМС хабар­ла­ма арқы­лы жолдайды.

Әлбет­те, біз жақ­сы түсі­не­міз: сіздің бір жылға жазы­лған 5 мың тең­геңіз­ге екі-үш күн­дік азық-түлік сатып алуға бола­ды. Таң­дау өзіңіз­де – екі-үш күн­нің тамағын ала­сыз ба, жоқ әлде бір жыл бойы үйіңіз­ге газет жаз­ды­рып алу қажет пе?

«DAT» медиа-жоба­сы­ның редакциясы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн