Пятница , 4 июля 2025

Айдос Мелдехан: АЙКӨРКЕМНІҢ БАС СҮЙЕГІН полицейлер жоғалтып жіберген…

  • «Пре­зи­дент жари­я­лаған рақым­шы­лы­қтың арқа­сын­да талай қыл­мыс­кер құты­лып кетей­ін деп отыр… Менің бала-шағам­ды атқан­дар осы амни­сти­я­мен құты­лып кететін бол­са, атқан адам­ды да, бұй­рық бер­ген­ді де көрі­нен қазып алам!» – дей­ді төрт жасар Айкөр­кем­нің әкесі Айдос Мелдехан.

Пре­зи­дент Тоқа­ев /Қаңтар оқиға­сы кезінде/ атуға бұй­рық бер­ген соң, бәрін шеті­нен ата бер­ді. Менің бала-шағам сол аты­стың ішін­де қал­ды. 7 қаңтар күн­гі кеш­те оққа ұшты. Бір маши­на­да 4 балам бол­ды. Ішін­де­гі 7 жастағы Бекис­ла­мға оқ тиген жоқ, қалған үше­уі оққа ұшты. Үлкен бала­ма бір оқ, қызы­ма – 7 оқ, кен­же қызым Айкөр­кем­ге оқ тиген­де, бас сүй­ек­тері шашы­лып қал­ды. Маши­на­да 20-дан астам оқтың ізі қалды.

Қыл­мыстық іс қай­да бол­ды, не бол­ды, қалай бол­ды деген сұрақтарға ешкім жау­ап бер­ме­ген­нен кей­ін, мен 16 қаңтар­да поли­ция депар­та­мен­тіне бар­дым. Осын­дай /қазалы/ жағ­дай бол­ды, есті­ген шығар­сыздар дегенім­де, естідік деді. Іс қай жақта қозға­лып жатыр, не болып жатыр деп талап еткенім­де, тіп­ті 7 қаңтар­дан бастап, 16-сына дей­ін іс қозғалмаған.

Кей­ін маши­на­ны қараған поли­цей­лер мен кий­лер, әскер­лер бәрін сурет­ке түсір­ді, маши­на іші­нен, менің қолым­нан, бала-шаға­ның киі­мі­нен шыққан оқтар­ды алды. Солар­ды түген­де­ген­де, қызым­ның бас сүй­е­гін тап­пай қал­дық. Мен /полициядан/ тауып беруін талап еттім. Олар маған: «Аға, несіне талап етесіз, ертеңіне өзіңіз бәле­ге қала­сыз, экс­гу­ма­ция жасай­ды ғой…» – деп жау­ап бер­ді. Өздерінің іс қаға­зын­да Айкөр­кем­нің бас сүй­е­гі сурет­те тұр, ал кім жоғал­тқа­нын тап­пай­мыз деді.

«Адам­ның басын кім жоғалт­ты, сол жаза­ла­нуы керек емес пе?!» десем: «Сіз енді бәрібір оны дәлел­дей алмай­сыз…» – дейді.

Қалай­ша?! Түсір­ген сурет­терің­де, менің теле­фон­дағы сурет­те, шашы­лған сүй­ек­тер­ді пакет­ке салып жинаған­да бас бар, қыл­мыстық істі зерт­теп жүр­ген поли­цей­лер­дің де суреті бар, ал бас қалай­ша жоғалады?

 Шын­ды­ққа жетем деп, талап ете бас­та­саң, «сенің бала-шағаңа бір­деңе болып қалуы мүм­кін, үйің­нен неме­се мәши­нең­нен тый­ым салы­нған заттар табы­луы мүм­кін» деп қорқыт­ты. Сон­дай сөз­дер әбден шаршатты!

Кім­ге барып көмек сұра­рым­ды біл­мей­мін. Қаза­қстан үкі­меті­нен пай­да жоқ, олар тек зиян­дық жаса­уды біледі, оған көзім жет­ті. Нақты /оқ атқан/ сол 4 сол­дат Сәт­ба­ев пен Жел­тоқ­сан көше­лерінің қиы­лы­сын­да тұрған, олар­ды тап­тық деді, бірақ аты-жөнін айтпайды.

Менің және адво­кат­тың ойы: жур­нал­дағы жаз­ба­ны әдейі жоқ қылып жібер­ді! Төрт сол­дат­тың әрқай­сысы авто­мат қабыл­даған кез­де аты-жөн­дері, қару­дың нөмірі жазыл­май ма – ол жоқ. 90 авто­матқа коман­дир өзі қол қой­ып шыққан. Қазір зерт­теп, тек­се­ру үшін Бас про­ку­ро­ту­раға жібе­ре­міз, солар шешім қабыл­дай­ды деп отыр.

Ұлым Мел­де­ха­нов Бауы­р­жан­ды оқ жарақа­ты­на қара­ма­стан, мәж­бүр­лі түр­де әскер­ге 22 сәуір­де алып кет­ті. 23-інде Отар гар­ни­зо­нын­да бол­ды, мед­ко­мис­си­ядан өткіз­ген жоқ. «Бір кісі біре­у­ге теле­фон соқты, бір сағат­тай күт­ті, сосын түскі ас ішу­ге кет­кен­де, басқа бір кісі келіп, меда­ны­қта­маға қол қой­ды да, өткізіп жібер­ді», – дей­ді балам. Отарға барған күн­нен бастап сол жер­дің сер­жан­ты, басқа­сы бар – қысым көр­се­те баста­ды. Балам­ның бар­лық затта­рын тар­тып алған. Ертесіне затта­рым қай­да деп сұра­са, мусорға лақты­рып таста­дық деп­ті. Алма­ты­дан шақы­ры­лған 20 шақты бала­ның ара­сы­нан менің балам­ды ортаға шыға­рып: «Енді осы­ның кесірі­нен бәрің зардап шегесің­дер!» – деп­ті. Мен бұл оқиға­ны кей­ін естідім.

Қызым: «Папа, мен шар­шап кет­тім, аға­ма қай­та-қай­та тиісіп жатыр, барып сөй­ле­сесіз бе?» – деді. Артын­ша балам теле­фон соқты. «Осын­дай жағ­дай болып жатыр ма?» деп сұраға­ным­да, «иә» деген соң, Отарға бар­дым. Адво­кат еке­уі­міз Қорға­ныс мини­стріне, про­ку­ра­ту­раға дей­ін шығып, шағым жазып, бала­ны қалаға ауы­сты­рып алдық. Шүкір, қазір боры­шын өтеп жүр. Коман­ди­рі­мен, оның сая­си істер жөнін­де­гі орын­ба­са­ры­мен де сөй­лесіп тұра­мын. Бала­ның жағ­дай­ын адво­ка­ты да қадаға­лап отырады.

Қызым­ның жасы қазір 16-да. Осы тамыз айы­ның аяғын­да Тур­ци­ядан кел­ді. Сол жер­де денесін­де қалған оқты алдыр­ды. Оны әске­ри зерт­те­у­ге өткіздік. Қазір енді қызым­ның дене біті­мін­де дефор­ма­ция бар, денесінің бір жағы кішірей­іп, солып бара­ды. Бұл сұрақ­пен көмек сұрап, қала­лық про­ку­ра­ту­раға /Ауғанбаевқа/ кір­дім. Көмек көр­се­те­міз деген, бір айдан асты – хабарсыз.

Қызым­ның денесі қисай­ып бара­ды, 7 оқтың еке­уі тесіп өткен, денесі­нен 5 оқ алды, бір­не­ше ота­дан өтті, жал­пы 4 ота жасал­ды. 11-сынып­та оқи­ды, мек­теп­ке өзі­міз апа­рып, өзі­міз алып келе­міз, жалғыз, жеке жібе­ру­ге қорқа­мын. Өйт­кені маған «КНБ» жақтан бір­не­ше қауіп болған. Сай­лау кезін­де тыныш отыр дегені ғой. «Сіз қай­та-қай­та интер­вью бере бер­меңіз, бер­ген сай­ын үкі­мет сіз­ге ыза­ла­на­ды, ешқан­дай көмек бер­мей қояды», – дей­ді. Сөй­тіп, үш ай бол­ды – әлі күтіп отырмын.

Қазір пре­зи­дент Тоқа­ев амни­стия жари­я­ла­ды. Бұл енді өздерінің арт­та­рын таза­лап, адам­да­рын сақтау үшін жаса­лып жатыр ғой. Рақым­шы­лы­ққа ілі­нетін­дер­дің ішін­де әске­ри­лер, поли­цей­лер – бәрі бар, солар үшін істеп отыр. «Жұмыс бары­сын­да бай­қа­май атты» дей­ді. Ал менің бала-шағам­ды қасақа­на атты, бірақ олар амни­сти­яға кіреді, мұн­дай рақым­шы­лы­қтың кере­гі не? Пре­зи­дент жари­я­лаған рақым­шы­лы­қтың арқа­сын­да талай қыл­мыс­кер құты­лып кетей­ін деп отыр. Кәме­лет­ке тол­маған бала­лар­ды да атқан­дар бар. Менің бала-шағам­ды атқан­дар осы амни­сти­я­мен құты­лып кететін бол­са, атқан адам­ды да, бұй­рық бер­ген­ді де көрі­нен қазып алам.

Осы интер­вью­ден кей­ін маған тағы бір қастан­дық жаса­луы мүм­кін, ол прак­ти­ка­да болған жағ­дай, бірақ мен бар­лы­ғы­на да дай­ы­н­мын. Менің де зардап шек­кен бала-шағам барын ұмыт­па­сын! «Судың да сұра­уы бар» дей­ді, менің бала­ла­рым, бауыр­ла­рым бар, істің ақиқа­ты­на жету­ге олар аяғы­на дей­ін барады.

Мені тоқта­тар, бірақ бала­ла­рым тоқта­май­ды! Айкөр­кем­нің қаны сатыл­май­ды! Шын­ды­ққа жете­міз! Қаза­қстан­да жете алма­сақ, сырт мем­ле­кет­ке шыға­мыз. Тер­геу амал­да­рын жаса­уды халы­қа­ра­лық тер­ге­ушілер­ден сұрай­мыз. ООН-ға, адам құқы­ғын қорғау жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық дең­гей­де­гі меке­ме­лер­ге дей­ін бара­мыз. Шетел­дің жур­на­ли­стерін тар­та­мыз, сіз­дер­ден соған жәр­дем беру­леріңізді сұрай­мын. Менің білетінім: біздің елде қазір­гі үкі­мет­пен шын­ды­ққа жету мүм­кін емес!

Қой­шы­бек МҮБАРАК

«Qazaq Times» ютуб-арнасының жорналшысы

ПОЛИЦИЯ халықтан КЕК АЛУДА

  • Қаңтар оқиға­сы кезін­де азапталған жүз­де­ген адам­ның ісі сотқа жет­пе­стен жабы­лып жатыр. Жәбір­ле­ну­шілер жазған ары­здар бой­ын­ша тер­геу құпия әрі шала жүр­гізілу­де дей­ді адво­кат­тар. Құқық қорға­у­шы­лардың сөзіне қараған­да, билік азапталған­дар­мен саудаласуға көшкен.
  • БАРЛЫҚ ІСІ ЖАБЫЛҒАН 

Қаза­қстан­ның бір­не­ше қала­сын­дағы дүр­бе­лең­нен соң ұсталған жүз­де­ген адам поли­ция бөлім­ше­лері мен тер­геу изо­ля­тор­ла­рын­да аяу­сыз соққы­ға жығыл­ды. Аза­мат­тар­дың денесін қай­наған сумен күй­дір­ген, тоқ соққан, үтік­пен басқан… Кемін­де алты адам азапта­уға шыда­май көз жұмды.

– Қабы­рға­ла­ры, сау­сақта­ры сынған. Кей­бірінің денесін­де жарақат орны әлі ісініп тұр. Күн суы­ған сай­ын қақ­сап ауы­ра­ды. Бәрі үйінің жалғыз асы­ра­у­шы­сы еді. Шеті­нен мүге­дек қылып қой­ды, – дей­ді алма­ты­лық адво­кат Жалғас Сапар­ха­но­ва жәбір­ле­ну­шілер жайлы.

Оның қорға­уын­да дүр­бе­лең­нен соң ұста­лып, Алма­ты­дағы поли­ция бөлім­ше­лері мен СИ-18 меке­месін­де азап көр­ген 13 аза­мат бар. Адво­кат мау­сым-шіл­де айла­рын­да азаптау бабы­мен қозғалған істер­ді тер­геу «тоқтаға­нын», кей­інірек «шеті­нен жабы­лға­нын» айтады.

Сапар­ха­но­ва қорға­уын­дағы аза­мат­тар­мен бір­ге Алма­ты про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Нұр­лан Ауған­ба­ев­тың қабыл­да­уы­на жиі бара­ды. Мау­сым айын­дағы қабыл­да­удың бірін­де азапталған екі адам – Болат Төле­п­бер­ге­нов пен Ғалым­бек Биса­ев­тың ісі тура­лы сұрай­ды. Ауған­ба­ев олар­дың шағы­мы бой­ын­ша қозғалған іс қысқарға­нын айтады.

– Қаулы­сы қай­да? – дедім. Ауған­ба­ев сон­дағы орын­ба­сар­ла­ры­на айтып, қаулы­ны алдырт­ты. Қара­сам, істің бірі сәуір­де, бірі мамыр­да қысқа­рып кетіп­ті. Ал біз мұны сол кез­де бір-ақ біліп отыр­мыз, – дей­ді адво­кат. – «Неге қысқарған?» десем, Ауған­ба­ев маған «Қысқа­рып кетіп пе?» дей­ді. – «Сіздің қолы­ңыз тұр ғой енді!» деймін.

Ісі қысқарған екі аза­мат, адво­кат­тың сөзін­ше, ең ауыр азап көр­ген­дер­дің қата­рын­да. Олар­ды әуелі Алма­ты облы­сы Қара­сай аудан­дық поли­ция бөлім­ше­сін­де ұстап, кей­ін Алма­ты қала­сын­дағы поли­ция депар­та­мен­тіне жет­кі­зеді. Сосын СИ-18 тер­геу изо­ля­то­ры­на апарады.

Осы­лай үш меке­ме ара­сын­да 7–13 қаңтар ара­лы­ғын­да жүр­ген Төле­п­бер­ге­нов пен Биса­ев «аяу­сыз соққы­ға жығы­лған». Төле­п­бер­ге­но­втің омыр­тқа­сы мен бір­не­ше қабы­рға­сы сынған. «Қабы­рға­сын қат­ты ұрға­ны сон­ша­лық, өкпе­сін қарай­тып жібер­ген». Ал қаңтарға дей­ін так­си айдап, жеті бала­сын асы­рап кел­ген Ғалым­бек Биса­ев «азаптау кезін­де алған жарақа­ты­нан көлік­ке оты­ра алмай қалған».

Адво­кат Сапар­ха­но­ва­ның қорға­уын­дағы жәбір­ле­ну­шілер ары­зы бой­ын­ша қозғалған азаптау істерінің бәрі қыл­мыс құра­мы жоқ деген себеп­пен қысқарған.

Алма­ты тұрғы­ны Ермек Әбдіре­шов митин­гі­ге бара жатқан жол­да көзіне оқ тиіп, ауру­ха­наға түседі. Оны жасақ түр­ме­ге әкетіп, көлік ішін­де де, меке­ме жет­кен соң да азаптаған. Адво­кат­тың сөзін­ше, оқиға куә­гер­лері болға­ны­мен, про­ку­ра­ту­ра ешбірін тер­ге­ме­ген. Әбдіре­шо­вті азаптау ары­зы бой­ын­ша түсінік алуға екі рет шақы­рған, ал бірер айдан соң істі жауып тастаған.

Қады­р­жан Аби­за­ны азаптау кезін­де сау­сағы сынған. Көзі көгер­ген. Ол тер­геу кезін­де өзін ұрған­ның бәрін таны­ған. Бірақ ісі қысқарған.

Диас Шол­панұ­лы мен Аза­мат Қосы­лған еке­уін 6–10 қаңтар ара­лы­ғын­да әуелі Алма­ты поли­ция депар­та­мен­тін­де, кей­ін СИ-18 меке­месін­де азаптаған. Олар­дың таяқ жегенін көр­ген­дер бар. Адво­кат Сапар­ха­но­ва арыз жазға­ны­мен, тер­ге­уші ешбір куә­ден түсінік алма­стан, істі жауып тастаған.

Марат Ихса­ни­ев­ті ауру­ха­на­да жатқан жері­нен жасақ күш­теп әкетіп, СИ-18 меке­месін­де соққы­ға жыққан. Адво­ка­ты оның алған жарақат­тан жұмыс істей алмай жүр­генін айта­ды. Оның да азаптау ісі қысқарған.

Мерей Ескер­ме­со­втің азаптау кезін­де омыр­тқа­сы сынып, әлі күн­ге дей­ін кор­сет киіп жүру­ге мәж­бүр. Оның да ісі жабылған.

Бақыт Оңтай мен Жеңіс­хан Өжет Есік қала­сын­да ұста­лып, поли­ция басқар­ма­сын­да азап көр­ген. Кей­ін Алма­лы ауда­ны­на әкеліп, артын­ша поли­ция депар­та­мен­тіне жібе­реді. Еке­уіне бір кісен кигізіп, қараңғы­да ұрып-соғып азаптаған. Азаптау бой­ын­ша істері сотқа жетпеген.

Адво­кат Сапар­ха­но­ва тер­геу изо­ля­то­рын­дағы кез­де­су кезін­де Ермек Қадыр­ба­ев­тың көзі мен аяқ-қолы көгеріп тұрға­нын көр­ген. Оның да азаптау бой­ын­ша ары­зы сот­та қаралмаған.

Поли­ция Бағлан Сеид­ра­ма­нов пен Болат Төле­п­бер­ге­нов сақа­лын өз қолы­мен жұлуға мәж­бүр­ле­ген. Жер­ге жатқы­зып, арқа­ла­ры­на секір­ген. Еке­уінің тік іше­гі шығып кеткен.

– Мұның бәріне көз жұмып отыр. Маған про­ку­ра­ту­ра­дан «қысқар­тыл­ды», «қысқар­тыл­ды», «қысқар­тыл­ды» деген хат­тар бірі­нен соң бірі келіп жатыр, – дей­ді адво­кат Сапар­ха­но­ва. – Беріл­мей­міз. Жаза бере­міз, жаза бере­міз, жаза береміз!

  • ІСІН ЖАУЫП, ӨЗІН ҚАМАДЫ

Алма­ты­дағы Қаңтар оқиға­сы кезін­де Жаңаө­зен жұр­тын қол­дап шығып, алаң­да жүр­ген 38 жастағы Қосай Махам­ба­ев­тың (сурет­те) аяғы­на үш жер­ден оқ тиеді. Ол есін ауру­ха­на­да жиған.

Үш күн­нен соң, 8 қаңтар­да Қосай жатқан пала­таға арнайы жасақ басып кіреді. Олар жара­ланған­ның бәріне ауру­ха­на сыр­тын­дағы авто­за­кқа оты­ру­ды бұй­ы­ра­ды. Қосай әлі аяғын қозғал­та алмай­тын. Жасақ мәж­бүр­ле­ген соң, авто­за­кқа еңбек­теп барады.

Тар көлік­те ауру­ха­на­дан күш­теп шыға­ры­лған 15 адам­мен бір­ге сығы­лы­сып оты­ра­ды. Жол­да жасақ Қосай­ды он шақты рет ұрады.

Олар­ды Алма­ты шетін­де­гі СИ-18 меке­месіне жет­кі­зеді. Онда басқа жара­лы­лар­мен бір­ге Қосай­ды да шешін­діреді. Бетон үстіне жатқы­зып, басы­нан тебеді.

Қосай жүре алмай, еңбек­теп екін­ші қабатқа шыға­ды. Қыз­мет­кер­лер тер­геу кезін­де бір­не­ше рет бүй­ре­гі­нен ұрады.

Дәрі­гер­ге қарат­пай, ас-су бер­мей, ешкім­мен хабар­ла­стыр­май, бір­не­ше күн ұстай­ды. Азаптау 13 қаңтарға дей­ін жалғасады.

Қосай Махам­ба­ев көр­ген аза­бын» Азатты­ққа» бес ай бұрын, мамыр­да баян­дап бер­ген. Ол өзі куә болған қатыг­ездік­ті «фашиз­мнен де сорақы» деп сипаттап еді.

Қосай­дың азапта­уға шағы­нып жазған ары­зы бой­ын­ша кей­ін қыл­мыстық іс қозғал­ды. Ол тер­геу кезін­де өзін ұрып-соққан сегіз қыз­мет­кер­ді таны­ған. Бірақ адво­кат Айна­ра Айдар­ха­но­ва­ның сөзін­ше, олар мұны мойындамаған.

Тер­ге­уші Қосай­ды 25 тамы­зда қыз­мет­кер­лер­мен төр­тін­ші рет бет­те­стіреді. Ал бес күн­нен соң, 30 тамы­зда Қосай мен адво­ка­ты­на ескерт­пе­стен, істі тоқта­ту тура­лы қау­лы шыға­ра­ды. Құжат­ты 9 қыр­күй­ек­те Алма­ты қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы мақұл­дап жібереді.

Адво­кат Айдар­ха­но­ва мұны бір айдан соң кез­дей­соқ біл­ген. Ол істің жабы­луы­на нара­зы болып, 6 қазан­да про­ку­ра­ту­ра қаулы­сы­ның үсті­нен шағым түсіреді. 14 қазан­да ауда­на­ра­лық тер­геу соты адво­кат­тың ары­зын мақұл­да­май, азаптау ісін тоқта­ту­ды заң­ды деп табады.

– Про­ку­ра­ту­ра сот кезін­де «[Махам­ба­ев­тың ары­зы бой­ын­ша] азаптау ісі бей­та­рап, жан-жақты, толық тер­гел­генін» айт­ты. Ал мен тіп­ті іс мате­ри­ал­да­ры­мен толық таны­сқан да жоқ­пын. Про­ку­ра­ту­ра сот­та біз көр­ме­ген әлдебір құжат­тарға сіл­те­ме жасап отыр­ды. Ол құжат­тар­дың қай­да екенін нақты айт­пай­ды, – дей­ді адвокат.

Осы­лай­ша Қосай­ды ауру­ха­на­дан күш­теп әкетіп, «көлік ішін­де сабаған» жасақ, түр­ме­де «басы­нан теуіп, бүй­ре­гі­нен ұрған» қыз­мет­кер­дің ешбірі де жаза­лан­бай­тын болды.

Азаптаған­дар­ды сот­та­уды талап етіп, нара­зы­лы­ққа шығып жүр­ген Қосай­дың өзі мау­сым айын­да қай­та қамауға алын­ды. Ол Қаңтар оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты «Жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­су» бабы­мен тер­геліп жатыр.

  • ЖӘБІРЛЕНУШІМЕНСАУДАЛАСУ

Қаза­қстан­дағы бір­не­ше үкі­мет­тік емес ұйым­нан құралған Азапта­уға қар­сы коа­ли­ция дере­гін­ше, Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін құқық қорға­у­шы­ларға азаптау дере­гі бой­ын­ша 188 шағым түскен.

Алма­ты­дан – 45, Тал­ды­қорған­нан – 44, Тараз­дан – 33, Өске­мен­нен – 12, Қызы­лор­да­дан – 11 шағым түс­кен. Бұдан бөлек он бір өңір­дің әрқай­сы­нан азаптау бой­ын­ша он шақты хат түс­кен. Азапталған­дар­дың он бірі – әйел, он үші – кәме­лет жасы­на тол­маған бала.

Қазір­ге дей­ін 11 өңір­де­гі азаптау ары­зы бой­ын­ша қозғалған 72 қыл­мыстық іс тоқтаған.

Қаза­қстан бой­ын­ша тек бір өңір­де – Тал­ды­қорған қала­сын­да азаптау бой­ын­ша 24 жәбір­ле­ну­шінің ары­зы сот­та қара­лып жатыр. Іс бой­ын­ша күдік­ке ілін­ген поли­цей­лер үйқа­мақта. Олар сот кезін­де жәбір­ле­ну­шілер­дің жанын­да оты­ра­ды. Адво­кат­тар­дың сөзін­ше, таяқ жеген аза­мат­тар тер­геу кезін­де таны­ған кей­бір қыз­мет­кер іске тартылмаған.

– Азаптау ары­зда­рын мұқи­ят тер­ге­мек түгілі, сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы қыз­мет кей­бір істі тіп­ті реестр­ге тір­ке­мей отыр. Істі тір­кеу тура­лы сот мін­дет­те­месін де еле­мей­ді, – дей­ді Азапта­уға қар­сы коа­ли­ция мүше­сі Гүл­ми­ра Қуатбекова.

Құқық қорға­у­шы бөлім­ше­лер мен тер­геу изо­ля­то­рын­да азап көр­ген жиыр­ма­дан аса аза­мат­тың ісін жүр­гізіп отыр. Қуат­бе­ко­ва билік­тің азапта­уға шағы­нған жәбір­ле­ну­шілер­мен келіс­сөз жүр­гізіп жатқа­нын айтады.

– Бір­не­ше жігіт­ке «Азаптау тура­лы ары­зы­ң­нан бас тарт­па­саң, мой­ны­ңа басқа да бап­тар­ды іле­міз» деген екен. “Ал ары­зы­ң­ды қай­та­рып алсаң, үстің­нен жап­пай тәр­тіп­сіздік­ке қаты­су бабы­мен қозғалған істі де тоқта­та­мыз» деп сауда жүр­гізіп жатыр, – дей­ді ол. – Мұн­дай ұсы­ны­сты кім айтып жатқа­нын ашық айта алмай­мын, өйт­кені менің қорға­уым­дағы адам­дар да оны ашық айт­пай отыр.

Қуат­бе­ко­ва­ның бақы­ла­у­ын­дағы бір­не­ше аза­мат осы­дан соң «құқық қорғау қыз­мет­кер­леріне ешқан­дай шағы­мы­м­ыз жоқ» деп қол­хат жазып берген.

– Кей­бір аза­мат тұрғы­лы­қты жер­де­гі учас­келік поли­цей қысым көр­сетіп жатқа­нын айт­ты. «Бізді «под­ста­вить» етіп жібе­ре ме» деп қорқа­мыз. «Поли­ция кек ала­ды ғой» деді. Біз азаптау арызы­мен қозға­лып, бірақ сотқа жет­пе­ген бар­лық істің артын­да билік қысы­мы тұр деп санай­мыз, – дей­ді құқық қорғаушы.

«Азаттық» Алма­ты қала­сы­ның про­ку­ра­ту­ра­сы­на «Азаптау ары­зы бой­ын­ша қан­ша іс тер­геліп жатыр? Азапталған­дарға про­ку­ра­ту­ра мен поли­ци­ядан қысым болып жатқа­ны рас па? Қала­да бұл бап бой­ын­ша қозғалған бір­де-бір іс неге сотқа жет­кен жоқ?» деп сау­ал жіберген.

Қала про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры Нұр­лан Ауған­ба­ев ресми жау­ап­та Қаңтар оқиға­сы­на бай­ла­ны­сты азаптау фак­тілері бой­ын­ша 91 қыл­мыстық іс тер­геліп жатқа­нын айта­ды. Бірақ про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры «Азатты­қтың» бұдан өзге ешбір сау­а­лы­на жау­ап бермеген.

  • «АЗАПТАУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ»

Қаза­қстан билі­гі Қаңтар оқиға­сы кезін­де ұсталған аза­мат­тар­дың азапталға­нын мойындайды.

Биыл ақпан­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Қаңтар­дан кей­ін азаптау тура­лы «Маған аза­мат­тар құқы­ғы аса маңы­зды. Әрбір іс бой­ын­ша әділ шешім шығуы – менің негіз­гі прин­ци­пім» деген еді. Ал науры­здағы жол­да­уын­да «Азаптау деректері жария бола бастаған­да-ақ, олар­ды мұқи­ят тер­геу тура­лы тап­сыр­ма бер­генін» айтқан.

Бірақ халы­қа­ра­лық ұйым­дар мен қаза­қстан­дық құқық қорға­у­шы­лар Қаза­қстан билі­гінің Қаңтар оқиға­сын тер­ге­уді баяу әрі құпия жүр­гізіп жатқа­нын сынап келеді.

7 қазан­да аме­ри­ка­лық сена­тор­лар – Боб Менен­дес, Бен Кар­дин, Дик Дур­бин пен Шер­род Бра­ун АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден­нен «Қаза­қстан билі­гінің Қаңтар оқиға­сы кезін­де­гі нара­зы­ларға көр­сет­кен қатыг­езді­гіне халы­қа­ра­лық тер­геу жүр­гі­зу үнде­уін қол­да­уды» сұрады.

Сена­тор­лар хатын­да «Қаза­қстан билі­гі оң қадам­дар жасаға­ны­мен, ұсталған­дар­ды азаптау деректері әлі күн­ге дей­ін жари­я­лан­баға­нын, азапталған аза­мат­тар өз ісі жай­лы ақпа­рат ала алмай оты­рға­нын» баяндайды.

20 қазан­да АҚШ сена­тор­ла­ры­ның хаты тура­лы «Азаттық» сау­а­лы­на Қаза­қстан­ның сыр­тқы істер мини­стрі Мұх­тар Тіле­убер­ді Тоқа­ев­тың мұн­дай үнде­улер­ге бұған дей­ін бер­ген жау­а­бын – «Аста­на халы­қа­ра­лық тер­геу жүр­гі­зу керек деп сана­май­ды» деген сөзін қайталады.

– Мем­ле­кет­тің поли­ция әре­кетін жасы­рып, оның мүд­десін қорғай­тын мына пози­ци­я­сы заң үстем­ді­гін, әділ­дік пен ада­мға құр­мет­пен қарау деген­ді Қаза­қстан­да таяу ара­да көр­мей­тіні­мізді біл­діреді, – дей­ді құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на. – Қаза­қстан билі­гі ұсталған­дар­дың азапталға­нын мой­ын­да­уға мәж­бүр бол­ды. Оны тіп­ті жоққа шыға­ра алмас та еді. Бұл­тарт­пас айғақтар бол­ды. Ал енді көп­тің көзін­ше бір­не­ше поли­ци­я­ны жау­а­пқа тар­та­ды да, қалған қыз­мет­кер­дің бәрі жаза­сыз қалады.

– Бұл жағ­дай азаптау фак­тісін тер­геу, жау­а­пқа тар­ту және жаза­ның орын­да­луын бақы­лау жүй­есінің жұмыс істе­мей­тінін көр­се­те­ді. Азапта­уды тер­гей­тін тәу­ел­сіз орган құру керекті­гін жиыр­ма жыл­дан бері айтып келе­міз, – дей­ді Адам құқы­ғы жөнін­де­гі бюро жетек­шісі, құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис. – Азаптау істерін дұрыс тер­ге­меу – жаза­дан жал­та­руға жол беру. Олар­да «баяғы әдісті қол­да­нуға бола­ды екен» деген сенім бола­ды. Осы­лай­ша азаптау жалға­са береді.

Аян ҚАЛМҰРАТ,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн