Пятница , 4 июля 2025

Софы Сматаев: «Еңбек Ері» атанған ҚАЙ ЖАЗУШЫДАН МЕН КЕМ БОЛДЫМ?

  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев мырзаға!

Алты рет инфаркт, екі мәр­те инсульт алып, қыл­та­мақ буын­ды­рған асқа­за­ным­ды түгел алғы­зып тастаған, жұбай­ын мәң­гілік мекеніне аттан­ды­рып, сыңа­ры­нан айы­ры­лған аққу­дай жетім шал­дың кебін киген менің жасым 81-ден асып бара­ды. Биы­лғы жыл­дың сәуір айын­да аға­ра бастаған қаным­ның қызыл түй­ір­шік­терін аз-аздап көтеріп, 3 айда бір жатып, емделіп жүр­ген Алма­ты­дағы Орта­лық кли­ни­ка­лық ауру­ха­на­ның кон­тин­гент­тер тізі­мі­нен сызы­лып қалған едім. Сол ауру­ха­наға қай­та тір­ке­луім үшін не мем­сый­лы­қтың иегері, не «Қаза­қстан­ның Еңбек Ері» деген атақты алуым қажет екен.

Хош! Мен қазақ қалам­гер­лерінің ара­сы­нан алға­шқы болып, тек қана көр­кем әде­би­ет­тен құралған 26 (жиыр­ма алты) том­дық шығар­ма­лар жинағын шығарған жазу­шы­мын. Осы жинақтың «Елім-айдың» үш кіта­бы, өлең­мен жазы­лған «Жары­лғап батыр», «Мей­рам­со­пы – Қарқа­бат» роман­да­ры, «Мен – тірі­мін», «Мұң­лы ойлар», «Аға­ла­рым – жаға­ла­рым, інілерім – ірілерім», «Бота­сы­мын боздаған бозда­лам­ның», «Өмірім – өзе­гім» атты 11 (он бір) томы Жазу­шы­лар одағы­ның әде­би жыл­дық қоры­тындысы бой­ын­ша «Жыл­дың ең үздік» кітап­та­ры атанған-ды.

Был­тыр 80 жасқа толған 22 мау­сым күні Ерлан Қоша­нов /мәжіліс спи­кері – Ред./ теле­фон шалып, мені мере­кем­мен құт­ты­қтап, «Қ.-Ж. Тоқа­ев сіз­ге «Еңбек Ерін» береді» деген сәлем­де­меңізді жет­кіз­ген-ді. Сол уәде­ге сеніп, Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Бақыт­жан Сағын­та­ев мені «Еңбек Еріне» ұсы­нған болатын.

Сіз, Тоқа­ев мыр­за, жыл аяғын­да Сма­та­евқа «Еңбек Ерінің» алтын медалі тұр­мақ, ешбір орден, медаль­ды да бұй­ырт­пай қой­ған соң, сезім­тал қалам­гер емес­пін бе, қос сау­сағы­ңы­здың ара­сы­нан бас бар­мағы­ңы­зды қыл­ти­тқан­дай өкіне күрсінгенмін.

Қалам иесі қашан да кешірім­ді ғой. «Пре­зи­дент­тің ұят­сыз, арсыз, жағым­паз, жал­да­ма­лы көмек­шілері мен кеңес­шілері әлгі ұсы­ны­сты Тоқа­ев­тың көзіне көр­сет­пе­уі мүм­кін-ау…» деп, биыл Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы­ның мені «Еңбек Ері» атағы­на қай­та­лап ұсы­нуы­на келісі­мім­ді беріп едім. Алай­да «Еңбек Ерінің» медалі түгілі, Сма­та­ев­тың аты-жөні анау орден-медаль алушы­лар­дың ұзын тізі­міне де ілін­бей қалыпты.

Пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев мыр­за, сіз бұры­нғы әдетіңіз­ше қос сау­сақтың ара­сы­нан бас бар­мақты тағы сыға­лат­ты­ңыз-ау деген күдік­ке бой­лап кет­кенім­ді жасыр­май­ын. Осын­дай­да қазақ: «Әкеңді мен өлтіріп пе едім?!» деп, ыза­лы ашуын көмей­ден төге салатын.

1986 жылы өз ажа­лы­нан қай­тыс болған қадір­мен­ді Кемел аға мені 1981 жыл­дың мау­сы­мын­да /Қазақстан Жазу­шы­лар одағының/ Шығар­ма­шы­лық үйін­де жатқа­ны­мы­зда, өз нөміріне шақы­рған бола­тын. Есік­ті іштен кілт­теп тастап, үстел үстіне бір коньяк пен жар­ты қазы­ны қой­ып, мені қонақ еткен-ді. Сон­да сіздің әкеңіздің: «Әу, Софы­жан, менің сенен он шақты күн­дей қашқақтап жүр­генім­ді сезген шығар­сың. Қауіп­сіздік коми­тетінің тап­сыр­ма­сы­мен сенің «Елім-ай» дило­ги­яңа тез­детіп пікір жазып беруім қажет болып, содан кіта­бы­ң­ды оқы­дым ғой. Қобал­жуым бекер екен. Халқы­мы­здың арғы-бер­гі тарихын терең қозғап, ұлты­мы­здың арман-мүд­десін аялай жазып­сың. Біз «Мұх­тар Әуе­зо­втың «Абай жолы­нан» кей­ін сон­дай сүбелі шығар­ма жазыл­май келеді» деп, аузы­мы­зды құр шөп­пен сүр­ту­мен жүр­міз. Сенің «Елім-айың» – Мұхаң­ның «Абай жолы­мен» тең түсер құн­ды дүние. Шынын айт­сам, Мұхаң­ның соңғы үшін­ші-төр­тін­ші том­да­ры сая­сат үшін дик­тов­ка­мен жазы­лған нәр­се ғой», – деп, оңа­ша отыр­сақ та, маған сыбыр­лап қана шешіл­гені бар.

Қасым-Жомарт бауыр, сіз әкеңіздің сол сыбы­рын да есті­ме­ген­дік­тен, әке жолы­нан да ада­сып қалып оты­рған сияқты­сыз. Ана тілін уызы­нан қанып ішкеніңіз­де, менің 26 томым­ның ең бол­ма­са бір томын ақта­рып қарар едіңіз-ау! Менің кім, қан­дай жазу­шы екенім­ді таны­май­сыз да.

Мен өзім­нің кім екенім­ді таны­сты­ра кетейін.

1. «Қаза­қстан­ның Халық жазу­шы­сы» құр­мет­ті атағы­на екі рет ұсы­ны­лған­да, Әбіш Кекіл­ба­ев пен Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­со­втың килі­ге ара­ла­суы­мен сол атақты ала алмай қалғанмын;

2. Орта­лық ауру­ха­на тір­ке­луі­нен қай­та-қай­та сызы­ла бер­ген соң, «Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кер­лі­гіне» 2008–2020 жыл­да­ры 13 (он үш) рет ұсы­ныл­сам да, кім-көрін­ген­ге берілетін сол атақ маған бұйырмаған-ды;

3. Жоға­ры­да айтып кет­кен «Жыл­дың ең үзді­гі» аталған кітап­та­рым 11 (он бір) рет Мем­ле­кет­тік сый­лы­ққа ұсы­ны­лып, 11 (он бір!) рет «баты­раш доста­рым­ның» арқа­сын­да жүй­рік­терім­нің 11 рет мой­ны үзіліп, көм­бе­ге жете алмаған;

4. Елба­сы Назар­ба­ев­тың уәдесі­мен бір мәр­те «Халық қаһар­ма­ны­на», 2 (екі) рет «Еңбек Еріне» ұсы­ныл­сам, Тоқа­ев мыр­за, сіздің зама­ны­ңы­зда 2 мәр­те «Қаза­қстан­ның Еңбек Ері» мәр­те­бесіне ұсы­ны­лып, осы бес кезең­де де дәме­леніп, ашы­лған алақа­ны­ма былш еткен қақы­ры­қтан басқа түк түс­пеп еді.

Мәр­те­белі Қасым-Жомарт бауыр, осы төрт тіз­бек­ті Гин­нес­стің Рекорд­тар кіта­бы­на кір­гіз­сеңіз, «Жаңа Қаза­қстан», «Екін­ші Рес­пуб­ли­ка», «Есті­гіш билік» дей­тін баста­ма­ла­ры­ңы­здың қыр-сыры­на қаны­ққан әлем жұрт­шы­лы­ғы не айтар еді?

1986 жыл­дан бері мем­ле­кет­тік бас­па­лар­дан бір кіта­бым жарық көр­ме­се, отыз бір жыл бойы бірін-бірі ауы­сты­рған Мәде­ни­ет мини­стр­лерінің қаулы­сы­мен БАҚ пен театр сахна­ла­ры­нан ажы­рап қалған мені сіз түгілі, қалың қаза­ғым­ның тоқ­сан пай­ы­зы біле бермейді.

2007 жыл­дан бер­гі 15 жыл­да орден, медаль тұр­мақ, бір парақ қағазға аты-жөнім жазы­лған алғыс хат та беріл­ме­се, менің қалам иесі екенім­ді өз отба­сым да біле бер­мей­ді-ау деп кей­де ойлаймын.

Ал «Еңбек Ерінің» алтын медалін төсіне таққан Әбді­жә­міл Нұр­пей­і­сов, Әкім Тара­зи, Дулат Иса­бе­ков, Ілия Жақа­но­втан өзім­ді кем сана­май­тын жазу­шы­мын. Осы­лар­дың «Елім-аймен» қатар тұрар қай кітап­та­ры бар еді?

Жиыр­ма жыл­дан бері науқас пен кесел әлсірет­кен дене­мнің арқа­сын ағаш төсек­ке төсеп, қол көте­ре­рдей шағын дәп­тер­ге қала­мым­ды жүйт­кі­те беру­ден жаңыл­мап­пын. Осы уақыт­та 26 томым­ның 12 томын өлер­мен тір­лік­пен шалқа­лап жатып жазып шығып­пын. Бұл – сіздің пре­зи­дент­тік­ке қай­та­лап түсем дей­тін әре­кетіңіз­ден әлдеқай­да ауыр, ерлік­ке тең еңбек. Сіздің тәл­тірек­теп ілес­кен қар­сы­ла­ста­ры­ңы­здың өзіңіз­бен тай­та­ла­сар қауқар­ла­ры­ның жоқ екенін айт­пай-ақ қояй­ын. Анау жал­да­ма­лы мұғалім­дер­дің қажет­ті сай­ла­у­шы­лар санын қитұрқы есебі­мен тол­ты­рып, хан тағы­ңы­зды тақы­мы­ңы­здан шығар­май, сақтап қала­ты­ны­ңы­зды да білемін.

Бірақ әр аза­матқа тең құр­мет көр­сет­пей, мен сияқты­ларға асқақтай қарай­тын сіздің сол жеті жыл­да қаза­ғым­ды қан­дай «ұшпаққа» шыға­ра­ты­ны­ңы­зды көре алмай­ты­ным өкіні­шті. Өйт­кені сіз, Қасым-Жомарт бауыр, мені Орта­лық ауру­ха­на тізі­мі­нен шыға­рып тастаған­дарға бас изеп келісім бер­ген бол­саңыз, сарғая бастаған қаным­ды теп-тез ағар­тып, о дүни­е­ге кідірт­пей аттан­ды­ру­дан тіз­гін тарт­пай­тын тәріздісіз…

Сәлем­мен,  Софы Сматаев

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн