Пятница , 4 июля 2025

САЙЛАУМЕН БІРГЕ ҚУДАЛАУ КҮШЕЙДІ

  • Тір­кел­ме­ген оппо­зи­ци­я­лық Демо­кра­ти­я­лық пар­тия бел­сен­ділері кезек­тен тыс пре­зи­дент сай­ла­уы қар­саңын­да қысым күшей­генін мәлімдеді. 

Қамауда оты­рған пар­тия лидері Жан­бо­лат Мамай­дың жұбайы Инга Иман­бай қысым­ның артын­да билік тұрға­нын айта­ды. Оның сөзін­ше, сай­лау алдын­да аран­да­ту күшейген. 

– Пар­тия лидері Жан­бо­лат Мамай қамауда оты­рған­да, жұбайы мені күн­діз-түні аңдуға қой­ға­ны аздай, Жан­бо­лат­тың жақ­та­ста­рын мені аңдуға үгіт­теу, жос­пар­ла­рым­ды білу­ге тыры­су, маған қаты­сты ақпа­рат жинау сай­лау алды аран­да­ту­лар­дың бола­ты­нын анық көр­се­ту­де. Өзін Дем­пар­ти­я­ның жақ­та­сы­мын деп санай­тын кез кел­ген ада­мға жасалған қысым – билік­тен келіп оты­рған тап­сы­рыс. Біз солай деп баға­лай­мыз. Дем­пар­тия жақ­та­ста­ры­на, маған және Жан­бо­лат Мамай­ға үлкен қауіп төніп тұрға­нын ескер­те­міз. Бұл құзыр­лы орган­дар­дың, Тоқа­ев­тың ісі екенін анық біле­міз және алдын ала жари­я­лай­мыз, – дей­ді Инга Иманбай. 

Бел­сен­ді Гүл­нар Мир­мам­бе­то­ва өзіне Алма­ты қала­сы бой­ын­ша экс­тре­мизммен күрес бөлі­мінің бас­шы­сы Мәу­лен Қасым­жан келіп, Инга Иман­бай­дың алдағы жос­пар­ла­рын айту­ды сұраға­нын айтты. 

– Мәу­лен Қасым­жан жұмыс жағы­ма кел­ді. Жұмысы­ма кел­ген­нен кей­ін сөй­ле­стім. Ол жақ­сы атты болып көрін­гісі келіп, әпке­ме көмек­те­се­мін деді. Ақыр соңын­да біз доспыз ғой, Инга­ның алдағы жос­пар­ла­ры қан­дай, сай­ла­уда не істе­мек­шісіз­дер деп менен бүкіл мағлұ­мат­ты біліп алғы­сы кел­ді. Күні кеше осы бас­пасөз мәс­ли­ха­ты­ның анон­сы шыққа­нан кей­ін Қасым­жан маған тағы да хабар­ла­сты. Оның не деп жазға­ны мен­де сақта­у­лы тұр, – деді Мирмамбетова. 

Сай­лау қар­саңын­да бел­сен­ділер мен жур­на­ли­стер­ді қуда­лау күшей­ді. Кеше «Не дей­ді?» ютуб-арна­сы­ның жур­на­лисі Думан Мұхам­мед­кәрім «бей­біт жиын тәр­тібін бұз­ды» деген айып­пен 15 тәулік­ке қамал­ды. Ол бұған дей­ін халы­қты пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на қар­сы митинг­ке шығуға үнде­ген болатын. 

Осы­дан бір­не­ше күн бұрын Жаңаө­зен­де Дем­пар­тия жақ­та­сы Мұрат­бай Жұмаға­ли­ев үйінің алдын­да соққы­ға жығылған.

Мasa.media/kz

Инга Иманбай: Қастандыққа байланысты ПОЛИЦИЯҒА АРЫЗ ЖАЗДЫҚ

  • Бала­ла­ры­мы­здың өміріне қастан­дық жаса­лу фак­тісі бой­ын­ша ресми түр­де поли­ци­яға шағым тап­сыр­дық, деп хабар­ла­ды редак­ци­яға Жан­бо­лат Мамай­дың жары Инга Иманбай.

«Егер поли­ция бала­лар­дың өміріне қауіп төн­дір­ген темір­лер­дің біздің көлік­тің алдын­да қай­дан пай­да болға­нын, кім тастаға­нын аны­қта­ма­са, билік бұл өздерінің ісі екенін мой­ын­дай­ды деген сөз.

Естеріңіз­ге салай­ын, Нұр­бол Қасым­бе­ков пен адво­кат Ернар Кен­же­ба­ев Жан­бо­лат еке­уміздің бала­ла­ры­мы­зды мек­теп­тен, бала­бақ­ша­дан алып келе жатқан көлік­ке қастан­дық жасал­ды. Біз күн­де бала­лар­мен бір­ге үйге қай­та­тын жолға қол­дан жасалған темір дөң­ге­лек жарғыш қой­ы­лған. Соны басып, дөң­ге­ле­гі жары­лған­да, көлік басқа бір көлік­ке соғы­лып, апатқа түс­кен. Мен Жан­бо­латқа барған­ды­қтан, қаста­рын­да бол­ма­дым. Дәл қазір келіп, қорқып қалған бала­ла­рым­ды алып, үйге кетіп бара­мын. Нұр­бол аға мен Ернар көлік­тің қасын­да қал­ды. Бұл жағ­дай­дың кез­дей­соқ екеніне сен­бей­мін, біздің бала­ла­ры­мы­зға жасалған қастан­дық деп баға­лай­мын. Қалай ол темір тура біздің көлік­тің алдын­да, тура біз жүретін жол­да, тура біз өтетін уақыт­та жата­ды. Егер одан бұрын жат­са, басқа көлік­тің дөң­ге­ле­гін жарар еді ғой. Бұл сұм­дық қой!» – деп хабар­лай­ды оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Жан­бо­лат Мамай­дың келін­ше­гі Инга Иманбай.

  •  

Ресей үшін РАШИЗМ идеал ма?

  • 14 қазан­да Аста­на­да өткен ТМД елдері бас­шы­ла­ры­ның сам­ми­тін­де алдағы жыл­дар­ды қан­дай да бір бағы­тқа арнау мәсе­лесіне ерекше шұқ­шиып­ты. 2024 жыл Ерік­тілер қозға­лы­сы­на арна­лып­ты. Путин­нің ұсы­ны­сы бойынша

2025 жыл­ды Ұлы Отан соғы­сын­дағы жеңістің 80 жыл­ды­ғы – Нацизммен күрес бой­ын­ша Бей­біт­шілік және бір­лік жылы, 2026 жыл­ды Ден­са­улы­қты сақтау жылы деп жари­я­лау тура­лы шешім қабылданыпты. 

Тәу­ел­сіз Укра­и­наға қар­сы қыл­мыстық басқын­шы­лық соғыс жасап оты­рған Ресей Феде­ра­ци­я­сы халы­қа­ра­лық дең­гей­де бұралқы (изгой) мем­ле­кет­ке айнал­ды. Путин бүгін­де Гит­лер­мен теңе­стіріл­ді. Май­дан­да орыс әскері күн­нен-күн­ге жеңіліс­ке ұшы­ра­уда. Ресей қазір жара­лы аюға ұқсай­ды. Жара­лы аю айна­ла­сын жапы­рып кетуі әбден ықтимал. 

Осын­дай жағ­дай­да сая­си амал қол­да­нып, орыс тілін қорға­уға бай­ла­ны­сты халы­қа­ра­лық ұйым құру, он шақты жыл­дан бері «кома­да» жатқан ТМД-ны тіріл­тіп, Путин­ге өзін шала­жан­сар ұйым­ның лидері сезі­нуі арқы­лы оның Орта­лық Ази­яға, дәлірек айтқан­да, Қаза­қстанға ықти­мал агрес­си­я­сы­ның бетін қай­та­руға ұмты­лыс – құп­тар­лық дипло­ма­ти­я­лық әре­кет­тер. Әске­ри қауқа­ры төмен Қаза­қстан үшін бұл өте дұрыс қадам деп есептеймін.

Ал Путин­нің жеңістің 80 жыл­ды­ғы­на бай­ла­ны­сты айтқан­да­ры шын мәнін­де құр сан­ды­рақ. 2025 жылға дей­ін Ресей мем­ле­кеті өмір сүре ме, сүр­мей ме – мұның өзі үлкен сұрақ. Ресей тағ­ды­ры­на тірел­ген ТМД ұйы­мы­ның келе­ше­гі де қыл үстін­де тұр. Салы­нған эко­но­ми­ка­лық санк­ци­я­лар сал­да­ры­нан тығы­ры­ққа тірел­ген Ресей­дің ыды­рап кету ықти­мал­ды­лы­ғы зор. Укра­и­на­дағы соғыс күн сай­ын Ресей­дің бір мил­ли­ард дол­лар­дан астам ресур­ста­рын жеп жатыр. Моби­ли­за­ци­я­мен жаға­ла­са бұл шығын есе­леп арта­ты­ны тағы айқын. Кеше­гі СССР де одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ларға, армия мен мили­ци­яға, мұғалім­дер мен дәрі­гер­лер­ге жалақы тауып бере алмаған­ды­қтан ыды­раған жоқ па? Ресей де қазір «шық­па, жаным, шық­па» деп отыр. ТМД бас­шы­ла­ры­ның кез­де­суі­нен Ресей не әске­ри, не қар­жы­лық көмек ала алмай қайтты.

Совет Одағын­да 1941–1945 жыл­дар­дағы соғы­сты «Ұлы Отан соғы­сы» деп атау жеңістің 30 жыл­ды­ғы қар­саңын­да Л.И.Брежневтің ком­му­ни­стік билі­гі тұсын­да 1975 жылы енгізіл­ді. Бұл ата­удың қазір­гі тәу­ел­сіз Қаза­қстан үшін еш қаты­сы жоқ. Қазақ халқы үшін 150 жылға созы­лған қазақ-жоңғар соғы­сы «Ұлы Отан соғы­сы» болып табы­ла­ды. Ал 1941–1945 жыл­дар­дағы соғыс Қаза­қстан үшін «Совет-гер­ман соғысы».

Екін­ші жаһан соғы­сы Батыс Евро­па, Шығыс Евро­па, Жерор­та теңізі, Афри­ка­лық, Тынық мұхит аумағын­дағы әске­ри қимыл­дар сияқты бес соғыс теат­рын­да өтті. Бесе­удің төр­те­уін­де АҚШ пен Ұлы­бри­та­ния жеңіс­ке жет­ті. Тек Шығыс Евро­па­да гит­лер­лік Гер­ма­ни­я­мен соғы­ста Совет Одағы адам ресур­ста­рын (СССР Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау коми­тетінің 2018 жылы жария болып кет­кен құпия құжат­та­ры бой­ын­ша 47 млн, оның 19,5 млн‑ы сол­дат­тар мен офи­цер­лер) аяу­сыз құр­бан ету арқы­лы жеңіс­ке жет­ті. Онда тек Ресей емес, күл­лі одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар, ленд-лиз заңы бой­ын­ша АҚШ пен Ұлы­бри­та­ния орас­ан жәр­дем жаса­ды. Өкініш­ке қарай, Ресей Путин билі­гі тұсын­да осы жеңісті жеке­ше­лен­діріп алып, бүкіл идео­ло­ги­я­сы­ның басты құра­лы­на айнал­ды­рып отыр.

Нацизммен күрес деген де – олар­дың жыл сай­ын көк­тем мен күз­де өрши­тін дер­ті. Ресей­де­гі нацизмді рашизм деп атай­ды. Орыс ұлтын басқа­лар­дан жоға­ры қоюға ұмты­лыс импе­ри­я­лық астам­шы­лық пен ұлы­дер­жа­ва­лық шови­низ­мнен бастау алып жата­ды. Ресей нацизммен күре­се­мін десе, өзі­нен бас­та­сын. Ресей­де­гі ұлт мек­теп­тері жыл­дан-жылға кеми түсуде. 

1994 жылы Ресей­де саны аз халы­қтар­дың бала­ла­ры­ның 47 пай­ы­зы өз тілін­де оқы­са, 2008 жылы 28 қара­ша­да Ресей­дің Білім мини­стр­лі­гі Бір­тұ­тас мем­ле­кет­тік емти­хан тек орыс тілін­де тап­сы­ры­ла­ты­ны тура­лы бұй­рық шығар­ды. Оры­стың Жоғарғы соты бұй­ры­қты қол­дап қау­лы қабыл­да­ды. Соның сал­да­ры­нан ұлт тілін­де­гі мек­теп­тер қазір жой­ы­луға жақын. Басқа­сын қой­ған­да, Ресей­де бір млн-ға жуық қазақ тұра­ды. Соған қара­ма­стан, Ресей­де жалғыз ғана қазақ мек­тебі бар. Мұны оры­стан­ды­ру сая­са­ты демей, не дерсің?

Сон­ды­қтан Кремль қар­ты­ның сан­ды­рақта­рын дені дұрыс пікір деп айтуға келмейді!

Марат БӘЙДІЛДАҰЛЫ (Тоқаш­ба­ев), жазу­шы-пуб­ли­цист

ПУТИНДІ СОТТАЙТЫН Гаага трибуналы құрылады

  • Гаа­га­да жетек­ші халы­қа­ра­лық заң­гер­лер­дің қаты­суы­мен Пут­ин­ді және Ресей­дің сая­си жетек­шілерінің бәрін сот­тай­тын арнайы три­бу­нал құрылады.

Сая­сат­кер­лер­ді Укра­и­наға қар­сы қыл­мыста­ры үшін сот­тай­ды. Три­бу­нал құру ісін он бір ел жақта­ды. Сот шама­мен бір жыл­дан соң жұмыс істей бастайды.

Арнайы три­бу­нал құру жөнін­де­гі укра­ин жұмыс тобы­ның мүше­сі Олег Гав­риштің айтуын­ша, три­бу­нал құру жөнін­де­гі халы­қа­ра­лық келісім дай­ын болып қал­ды, оған қосы­лғы­сы келетін бір­не­ше ел бар.

Халы­қа­ра­лық құқы­қта өзге елге өктем­дік көр­се­ту қыл­мыстар­дың ең ірісіне жата­ды. Осы­ның өзі өктем­дік жаса­уға қаты­сқан­дар­ды сот­та­уға жет­кілік­ті. Олар Укра­и­на­дағы соғы­сты арнайы әске­ри опе­ра­ция деп атай­ды, біз ауқым­ды басқын­шы­лық деп қарас­ты­ра­мыз, өйт­кені соғыс 2014 жылы бастал­ды, ал ақпан­да басып кір­ді. Бұның бәрін Ресей­дің қауіп­сіздік кеңесі мақұл­да­ды. Оның құра­мы­на Путин, Шой­гу, Лав­ров, Патру­шев, Борт­ни­ков, Мед­ве­дев және басқа­ла­ры кіреді. Бұлар осын­дай қыл­мыс үшін жаза­ла­нуы мүм­кін алға­шқы үміт­кер­лер”, — дей­ді Гавриш.

Олар­дың кінәсі дәлел­ден­се, әрқай­сы 30 жыл­дан бастап, өмір­лік түр­ме жаза­сын ала­ды. Арнайы три­бу­нал­ды құру­ды Бал­тық елдерінің бәрі, Поль­ша, Ұлы­бри­та­ния, Чехия, Сло­ва­кия, Румы­ния қол­дап отыр.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн