Пятница , 4 июля 2025

Қазіргі қазақ саясатындағы ЕҢ ҮЛКЕН СҰРАҚ ҚАНДАЙ?

Қанағат ЖҮКЕШ

  • Қазақ қауы­мы толы­ғы­мен әле­умет­тік-пси­хо­ло­ги­я­лық апа­ти­яға бой ұрды. Қара­пай­ым бұқа­ра­ның басым бөлі­гінің сая­сат, құқық, сай­лау… деген инстру­мент­тер­мен ісі жоқ. Әле­умет­тік бел­сен­ділік­тен жұр­дай, өзінің құқы­қта­рын қорғай алмай­тын ірі­ген мас­саға айнал­ды. Қазір халы­қтың дені қоғам­дық про­гресс үшін күре­сті былай қой­ған­да, өзінің жеке өміріне, ұрпағы­на қажет­ті бұқа­ра­лық сипаттағы әре­кет­тер­ге жола­май­тын бол­ды. Бас бірік­тіріп, сая­си-құқы­қтық сау­ат­ты ұйым құрып, сали­ха­лы іс тын­ды­ра алмай­тын күй­ге түсіп отыр.

Партия құра­мыз деп жари­я­ла­дық. Ұран тастал­ды. БАҚ тарат­ты. Сұх­бат беріл­ді. Митин­гі­ге шақы­ру бол­ды. «Эко­но­ми­ка­ны күрт көте­ре­міз»; «Сыбай­лас жемқор­лы­қты жоқ қыла­мыз»; «Жұмыс орнын жасай­мыз»; «Халы­қты қарық қыла­мыз» деген уәде­лер бағ­дар­ла­маға жазыл­ды. Нәти­же қайда?

Мұн­дай тап­та­у­рын тір­кестер­дің халы­қтың құлағы­на жағу­дан қалға­ны қашан? Қазір керісін­ше, субъ­ект­ті тітір­кен­діру­ші­ге, оның жүй­кесін тозды­ру­шы­ға айналған. Қан­дай көп­ке таны­мал, сали­ха­лы қай­рат­кер бол­са да, митинг­ке шақы­рып, айна­ла­сы­на 20 мың адам топ­та­сты­ра алмайды.

Құры­лып жатқан сая­си пар­ти­я­лар, олар­дың ара­сын­дағы тір­ке­лу­ге тыры­сып жүр­ген­дері, заң­ды әре­кет ету­ге қол жет­кіз­ген­дері, пар­ла­мент­ке бірен-саран депу­тат өткіз­ген­дері, әрқай­сысы жеке­лей неме­се бірі­гіп ештеңе тын­ды­ра алма­ды. Қоғам­да өзгеріс жаса­уға үлес қоса алма­ды. Әре­кет­терінің бәрі өрге тас дома­лат­пақ болған Сизифтің тыра­штанға­нын­дай, нәти­же­сіз болып қалып отыр.

Халық еркін­дік үшін сая­си ұйым­дасқан күре­стің қажет­ті­гін, оның пер­спек­ти­ва­лы­ғын түсін­бей­ді. Өрке­ни­ет­тің тари­хи даму үдерісі­нен жырақтап қалып отыр. Миме­сисін* де жоғал­тқан, баға­лық бағ­дар­ла­ры­нан да ада­сып қалған. Түр­лі қоз­ды­рғы­штарға реак­ци­я­сы жой­ы­лған. Елді дүр­лік­тіретін сен­са­ци­я­ның өзіне қатар­дағы оқиға­дай немқұрай­лы қарай­ды. Ешқан­дай қия­мет-қай­ым оны таң­дан­дыр­май­ды. Оған «Йел­ло­усто­ун атқы­лай бастап­ты» неме­се «асте­ро­ид «Апо­фис» жер­ге соғы­луға таяп келе жатыр екен» десең де, ештеңе есті­ме­ген­дей, кереңдік­пен, хатым­ха­наға қарай аяң­дап бара жатады.

Қоғам­дық бір­ле­стік­тер­дің жұмысы­на қаты­спау – бұқа­ра­ның қоғам­ды басқа­ру үдерісіне қаты­сы бол­маға­нын айғақтай­ды. Мем­ле­кет­тік билік­ке келу-кету – жоға­ры жақта жүр­ген біре­улер­дің кәсібі сияқты. Бұқа­ра тек сал­дар­ды күте­ді, өзі ара­лас­пай­ды. Сая­сат халы­қтың қаты­суын­сыз атқа­ры­луға тиіс жұмыс сияқты. Өйт­кені, расын­да да, Цице­рон сипаттаған­дай дең­гей­де­гі қазақ деген халық жоқ.

Қаза­қстан қоға­мы Негіз­гі заң­да бел­гі­лен­ген мәр­те­бесіне сай бола алмай отыр. Халы­қтың «демо­кра­ти­я­лық, құқы­қтық, әле­умет­тік және зай­ыр­лы мем­ле­кет» құрай ала­ты­ны­на күмән туып тұр. Соңғы отыз жылға жуық уақыт­та ашық, аза­мат­тық қоғам­ның ота­уын көте­ре алма­дық. Өрке­ни­ет­ті дүни­е­ден, олар­да болып жатқан келелі үдерістер­ден ажы­рап қалып отырмыз.

Себеп неде? Қазір­гі қазақ сая­си көк­жи­егін­де­гі ең үлкен сұрақ осы.

Құбы­лы­стың сырын түсі­ну үшін, авто­ри­тар­лық билік­ті төң­керіп тастап, демо­кра­ти­я­лық ұста­ным­дар­ды орнатқан елдер­дің тари­хи тәжіри­бесіне үңі­лу керек. Про­грес­шіл оппо­зи­ци­я­ның құра­мын­да әрқа­шан да елге таны­мал, көр­ке­мө­нер және ғылым қай­рат­кер­лері жүреді. Ал шоғыр­ды сту­дент және жұмыс­шы жастар құрайды.

Біз­де­гі сая­си оппо­зи­ци­я­ның қата­рын қараңыз: ол жұмыс­сыздар мен жал­пы сау­а­ты төмен мар­ги­нал топ­тар­дан тұра­ды. Пар­тия митинг­ке шақы­ра­ды. Оған екі жүз­дей адам қаты­са­ды. Ола­ры поли­ци­я­ның авто­зак­та­рын да толтырмайды.

Сая­си оппо­зи­ция қоғам­ның даму үдерісін­де шешу­ші рөл атқа­ра­тын зия­лы өкіл­дері­мен тіл табы­са алма­ды. Халық ара­сын­да кең таны­мал, көп­шілік­ті аузы­на қара­та ала­тын, бедел­ді адам­дар­дың кей­біре­улері­мен қай­тып жүз­дес­пей­тін­дей бет жыртысты.

Негізін­де қоғам­ның тағ­ды­ры сая­си оппо­зи­ци­я­ның қолын­да емес. Әдет­те ол сая­сат аспа­ны астын­да әре­кет ететін екі рефе­рент­тік күштің – халық бұқа­ра­сы мен билік иелерінің қолын­да бола­ды. Түбін­де билік­ті кім ұстап тұра­ты­нын халық бұқа­ра­сы айқын­дай­ды. Дәліре­гі – бұқа­ра­ның сая­си-құқы­қтық сау­ат дең­гейі жоға­ры бол­са, билік бұқа­ра өкіл­дерінің қолын­да қала­ды; төмен бол­са – адал емес жол­дар­мен билік­ке кел­ген авто­ри­тар­лық топ­тың қолы­на өте­ді. Қазір­гі Қаза­қстан сая­си кеңісті­гін­де қалып­тасқан аху­ал бұқа­ра­ның сая­си сау­ат­сызды­ғы­нан, әле­умет­тік бел­сен­ділі­гінің төмен­ді­гі­нен, билік­тің бір шөкім авто­ри­тар­лық сая­сат­кер­лер­дің қолы­на өтіп кетуі­нен көрініс тауып отыр.

Жүй­елі сая­си оппо­зи­ци­я­ның дүни­е­ге келіп, пәр­мен­ді әре­кет ете алмауы жеке­ле­ген сая­си қай­рат­кер­лер­дің әлсізді­гі­нен, ұйым­да­сты­ру қабілетінің жетіс­пе­ушілі­гі­нен емес. Олар­дың білі­міне, іскер­лі­гіне, ұйым­да­сты­ру­шы­лық қабілетіне де тәу­ел­ді болып түрған жоқ. Бәрі бұқа­ра­ның аза­мат­тық иден­ти­фи­ка­ция дең­гей­іне тіреліп тұр. Былай­ша айтқан­да, халық бұқа­ра­сы­ның әле­умет­тік бел­сен­ділі­гі аза­мат­тық-құқы­қтық қоғам­ның талап­та­ры­на сай бол­май тұр. Сая­сат­та ғана емес, жал­пы руха­ни әлем­де болып жатқан құбы­лы­стар­дың бәрі осы фак­тор­мен айқын­да­ла­ды. Бұл фак­тор­дың толық аты – фор­ма­ци­я­лық арт­та қалу.

Қаза­қтар мен­тал­дық сипатта­ма­сы тұрғы­сы­нан қараған­да, әлі аграр­лы қоғам­да қалып тұр. 80-жыл­дар­дың соңын­да қай­та құру дүр­бе­леңіне ілесіп, бұқа­ра әре­кет қабілеті­мен көріне ала­тын жағ­дай­ға таяп қалып еді. Нөлін­ші жыл­дарға таман бұры­нғы билік жүр­гіз­ген ғылы­ми сау­ат­ты шара­лар­дың сал­да­ры­нан бел­сен­ділі­гі­нен айы­ры­лып қал­ды. Бір кез­де митинг­ке шыға­тын бұқа­ра қазір шық­пай­ды. Аза­мат­тық қоғам­ның табал­ды­ры­ғын аттай­ын деп, көтер­ген аяғын қай­та тар­тып алып, бір адым кері басты. Қазір боран­да ұйлы­ққан отар сияқты, алды­на сер­ке сал­саң да іле­с­пей­тін, нағыз кер­тарт­паға айналған. Сая­си оппо­зи­ци­ядағы қай­рат­кер­лер­дің өздері өза­ра бақай есеп­ке құры­лған ойла­ры­мен баста­ры бірік­пей, шулап жүру­ші топ дең­гей­іне түскен.

Қазір­гі сая­си қай­рат­кер­лер бұқа­ра­мен жұмыс жасау деген­ді өздерінің сая­си мақ­сат­та­рын халы­ққа түсін­ді­ру, бас­пасөз­де мақа­ла­лар басты­ру, әлем­желі­де пост­тар жазу, сұх­бат беру, түр­лі ұйым­да­сты­ру жиын­да­рын өткі­зу… деп түсі­неді. Жөн-ақ!

Бірақ бұл шара­лар халық бұқа­ра­сы­ның тым аз мөл­шерін қам­ти­ды және тиім­ділі­гі төмен. Көтер­ген иде­я­ла­ры потен­ци­ал­ды бел­сен­ділік көр­се­тетін топ­тар­дың – жастар­дың сана­сы­на жет­пей­ді. Соның сал­да­ры­нан 30 жылға созы­лған сая­си күре­стен нәти­же шық­па­ды. Халық ойдан шыға­ры­лған бір мино­тавр­ды жел­ке­ге мін­гізіп алып, оның «ықы» деген­де адым басып, «дыр‑р» деген­де тоқтай­тын мәсте­гіне айна­лып, кре­дит­ке сатып алған екі сиы­ры­ның сүті­нен салық төлеп, өлмес күнін көруді жалға­сты­рып келеді. Оның үстіне «бұдан да жаман күнім­де той­ға барған­мын» деп, жалын күдірейт­пек болады.

Қазір­гі билік­ті қалай сыба­саң – солай сыба. Ол «тың­дай­ды да, жей береді» (И.Крылов). «Митин­гі­ден де, әлем­желі­ден де қоры­қ­пай­ды» (А.Сарым). Егер бұқа­ра­ны диван­нан тұрғы­за алма­саң – осы күй­ің мәң­гі жалға­са бермек.

Не істеу керек?

  • Про­грес­ке қол созу үшін, қоғам­ды фор­ма­ци­я­лық жоға­ры басқы­шқа көте­ру керек. Қаза­қстан қоға­мын­дағы ерекше құбы­лыс осы. Ел тағ­ды­ры осы­ған бай­ла­ны­сты. Қазақ бәрін билік­тен талап ету­ден гөрі руха­ни аялар­да түбе­гей­лі бет­бұры­стар­ды жаса­уды өз мой­ны­на алуға көшуі керек.

Оппо­зи­ци­ядағы қай­рат­кер­лер білім мен мәде­ни­ет тұтқа­ла­рын әре­кет­ке қоса оты­рып, халы­қтың сая­си-құқы­қтық сау­а­тын көте­ру­мен айна­лы­спа­са – тір­кел­мей­тін пар­ти­я­ның мәң­гілік жетек­шісіне айна­лып, түскі асын үйі­нен, кеш­кі асын «СИЗО»-дан ішіп, екі орта­ны із қылып жүр­ген­нен басқа ештеңе таппайды.

Білім беру, ғылым мен мәде­ни­ет­ті ұйым­да­сты­ру – билік­тің қолын­да ғой дер­сіз. Қате тұрғы. Билік­тің қолын­да күштік құры­лым­дар – сот, про­ку­ра­ту­ра, ҰҚК, әскер, поли­ция, абақты… бар. Билік­тің қаси­ет­ті мис­си­я­сы – елдің аумақтық тұта­сты­ғын, халы­қтың аман­ды­ғын… қорғау. Өзгенің бәрін аза­мат­тық қоғам өз қолы­на алуы керек.

Қалай алуы керек? Міне­ки, Қаза­қстан­дағы аза­мат­тық қоғам­ның тра­ге­ди­я­сы осы­ны біл­ме­уде болып отыр. Осы сұрақтың жау­а­бын тап­пай, біз­де келе­шек болмайды.

***

Қазір­гі қалып­тасқан сая­си аху­ал­дың мәнін түсі­ну қара­пай­ым халы­ққа қиын тиіп отыр. Көп­шілік сая­си кеңістік­те­гі бағ­да­ры­нан айы­ры­лып қал­ды. Түр­лі сая­си топ­тар­дың, солар­дың ішін­де әре­кет­те­гі пре­зи­дент­тің қыз­метіне қаты­сты түр­лі баға­ла­у­лар орын алуда.

Әлем­желі Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың шау­жай­ы­нан алып, сық­пыр­тып жатыр. Оны шешу­ші фак­тор ретін­де қапе­ріне алып жатқан ешкім бол­ма­са да, ФБ-дан «үру­шілер» өздерінің шыққан тегін әшке­ре­ле­умен айна­лы­суын тоқта­тар емес.

Сая­сат­кер­лер­дің өздері қалып­тасқан аху­ал­ды нағы­зы­на сай түсін­ді­ре алмай жүр. Оппо­зи­ци­яда көп­тен бері көрініп жүр­ген, әжептәуір тәжіри­белі Мұх­тар Тай­жан­ның қалып­тасқан аху­ал­ды түсін­діруі нағы­зды­ққа сай бола алмап­ты. «Тоқа­евқа бүгін­гі таң­да эко­но­ми­ка­лық, сая­си рефор­ма­ны жүзе­ге асы­руға ештеңе кедер­гі емес, – дей­ді ол. – Елі­міздің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық аху­а­лын жақ­сар­ту үшін, біз­ге нағыз эко­но­ми­ка­лық рефор­ма керек еді. Ал оны біз уәде етіл­ген соңғы 9 айдың ішін­де көр­медік» ДАТ», № 35, 06.10.2022).

Алай­да Мұх­тар Тай­жан Қасым-Жомарт Тоқа­евқа тағып оты­рған кінәсінің себеп­терін өзі ашып береді. Сөйт­сек, былай екен: «Бұры­нғы және бүгін­гі жүйе – бар­лы­ғы бір жүйе. Назар­ба­евқа адал, жан­та­ла­сып, бар күшін салып жұмыс істе­ген шене­унік­тер ешқай­да кет­кен жоқ. Олар бүгін де сол билік­тің басын­да отыр. Үкі­мет, әкім­дер, пар­ла­мент, сот – бәрі сол бұры­нғы­лар. Ешқан­дай жаңа адам­дар­ды мен көріп тұрған жоқпын».

Міне­ки, Тоқа­ев­ты айқын және батыл адым­дарға жібер­мей оты­рған күштің сипа­ты. Осын­дай жағ­дай­да пре­зи­дент­ті рефор­ма жасай алма­ды деп кінәла­у­ға бола ма? Сай­ла­удың кезек­тен тыс өткізіліп оты­руы­ның себебі де осы­мен түсін­діріл­мей ме?

Қасым-Жомарт Тоқа­евқа риза бол­май жүр­ген қатар­дағы адам­дар­дың көбі Ақор­да­ның дәліз­дерін­де орын алып оты­рған ауыр пси­хо­ло­ги­я­лық атмо­сфе­ра­ны көз алды­на кел­ті­ре алмай­ды. Сая­си астар­мен ұсталған­дар­дың боса­ты­луын күй­іт­теп жүр­ген аза­мат­та­ры­мыз да аху­ал­ды түсіністік­пен қабыл­даға­ны жөн болар еді. Жан­бо­лат Мамай­ды да ұстап оты­рған пре­зи­дент емес, жер­гілік­ті күштік құры­лым­дар­дың депар­та­мент­терін­де­гі «ана­ның» адам­да­ры деп жора­мал­да­уға негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқа­ев сай­ла­нып алған­нан кей­ін, сая­си себеп­тер­мен қамалған­дар бостан­ды­ққа шыға бастай­ды деген жора­мал сенім ұялатады.

Қаңтар анти­но­ми­я­сы былай­ша алға тар­ты­лып отыр. «Егер түбе­гей­лі өзгерістер бол­ма­са, адам­дар әділ­дік пен заң­ды­лы­қты көре алма­са, онда қаңтар қай­та­ла­нуы мүм­кін» деп жора­мал­даған екен Арман Шора­ев ДАТ». 13.10.2022). Сон­да «Қаңтар оқиға­сы» әділ­дік пен заң­ды­лы­қты орна­ту үшін жасалған халы­қтың қолы болып шыға ма? Кері тұжы­рым былай дей­ді: «Егер түбе­гей­лі өзгерістер жаса­лып, адам­дар әділ­дік пен заң­ды­лы­қты көре бас­та­са, қаңтар қай­та­ла­нуы мүм­кін». Өйт­кені «қаңтар­ды» ұйым­даст­ру­шы­лар бұры­нғы билік өсіріп шығарған, рефор­ма­ларға қар­сы күш­тер – «оли­гарх­тар мен аса бай­ып алған шене­унік­тер». Қоғам­да заң­ды­лық пен әділет­тілік­тің орна­уы оларға зауал әке­леді. Сон­ды­қтан реван­шты көк­сеп оты­рған солар екенін түсі­ну қиы­нға соқ­па­са керек еді.

Әділет­сіз сай­ла­у­мен демо­кра­тия орна­та­тын адам­ның билік­ке келуі мүм­кін бе?

Ол да мүм­кін. Бір­де бұры­нғы АҚШ пре­зи­ден­ті Рональд Рей­ган қажетіне қарай демо­кра­ти­я­ны күшпен орна­ту­ды жүзе­ге асы­руға бола­ты­нын айтқан еді. Тарих­та әділет­сіз жол­мен билік­ке келіп, халқын қан қақ­сатқан отба­сы­ның өзі­нен шыққан адам­ның қоғам­ды дамы­ту жолы­на түсіріп жібер­ген мысал­да­ры да болған. Біз­де де соған ұқсас жағ­дай болуы мүм­кін еді. Бел­гілі бір шар­тты­лы­қтар­дың жетіс­пе­уі­нен екін­ші нұсқа жүзе­ге аспай қал­ды. Тексіз де ессіз отба­сы мүше­лері өздері ара­ла­рын­дағы потен­ци­ал­ды сала­у­ат­ты сая­сат­шы­ның көзін жой­ды. Енді бірін­ші нұсқа­ны – әділет­сіз сай­ла­у­мен демо­кра­тия орна­та­тын адам­ның билік­ке келуін күтудеміз.

Осы сарап­та­у­лар­дан кей­ін оқыр­ман «Егер Қ.-Ж. Тоқа­ев шын демо­кра­тия орнатқы­сы келетін адам бол­са, осы сай­ла­уды неге әділет­ті өткізу­ге күш сал­май­ды?» деген сұрақ қоюы мүм­кін. Бұл сұрақтың жау­а­бы: қазір әділет­ті сай­лау жүр­гі­зу мүм­кін емес. Өйт­кені халық бұқа­ра­сы­ның өзі әділет­ті сай­ла­у­ға дай­ын емес. Кез кел­ген ұлы қай­рат­кер­дің арты­нан итше аба­лай­тын жағ­дай­лар­ды еске түсіріңіз.

Оппо­зи­ци­я­ның сай­ла­у­ға түсетін ортақ бір кан­ди­дат шыға­ра алмауы нені көр­се­те­ді? Бұл құбы­лыс сая­си кеңістік­те көрініп жүр­ген, сау­ат­ты деген адам­дар­дың өздерінің ұлт­тық мүд­де тұрғы­сы­нан бір татым­ды әре­кет жаса­уға бара алмай оты­рға­нын көр­се­те­ді. Қазір­гі әділет­ті сай­лау кез кел­ген ұлы сая­сат­кер­ді дома­ла­тып жібе­ретіні айдан анық.

Әділет­ті сай­лау жүр­гі­зу үшін, бірін­ші­ден, халы­қта сая­си-құқы­қтық сау­ат пен мәде­ни­ет болуы керек. Ондай салиқа­лы­лы­қтан біздің халық айы­ры­лып қалған. Екін­ші­ден, әділет­ті сай­лау қазір жүр­гізіл­се, кім­нің билік­ке келетіні тағы бел­гісіз. Гит­лер­дің де әділет­ті сай­ла­у­мен билік­ке кел­генін еске түсіріңіз. Осын­дай қалып­тасқан аху­ал­да қазір­гі пре­зи­дент қоғам­ды да, сая­сат субъ­ект­терін де әділет­ті сай­лау жүр­гізу­ге бола­тын­дай кон­ди­ци­яға жет­кізіп алу­ды көз­деп отыр деп жора­мал­да­уға негіз бар. Қаза­қстан­да дәл қазір­гі орны­ққан сая­си аху­ал­да сая­си оппо­зи­ция халық бұқа­ра­сы қол­дай­тын, таны­мал, ірі тұлға ұсы­на алмай оты­рған­да, Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың билік­те қалуы – қоғам­ның келе­ше­гі үшін бір­ден-бір тиім­ді жол екені көрініп тұр.

***

Әлеумет­тік пси­хо­ло­гия ғылы­мы­м­ен айна­лы­са­тын, соның ішін­де мен­та­ли­тет тақы­ры­бын көтеріп жүр­ген бір­ден-бір зерт­те­уші ретін­де көп­шілік­ке айтарым:

Оппо­зи­ци­ядағы қайраткерлер!

Бірін­ші кезек­те бар­ша­ның сая­си-құқы­қтық сау­а­тын, жал­пы мәде­ни­етін көте­ру­мен айна­лы­су керек.

Жүй­елі сая­си оппозиция:

а) көр­ке­мө­нер және ғылым зиялысы;

ә) сту­дент және жұмыс­шы жастар бұқа­ра­лық сая­си істер­ге ара­ласқан­да ғана пай­да болады.

Оппо­зи­ци­ядағы қай­рат­кер­лер аталған сег­мент­те­гі топ­тар­ды соңы­нан ерте алма­са, ешқан­дай сая­си пар­тия құрыл­май­ды, құрыл­са да – ештеңе тын­ды­ра алмайды.

Оппо­зи­ци­ядағы қай­рат­кер­лер мына­ны мең­ге­руі керек: сая­си пар­тия құру­мен, тір­ке­ту­мен, сай­ла­у­ға қаты­су­мен айна­лы­сқан­нан бұрын, сая­сат­ты жаса­у­шы субъ­ек­ті­мен – халық бұқа­ра­сы­мен, нақты­лай айтқан­да, жоға­ры­да аталған сег­мент­ті құра­у­шы­лар­мен жұмыс істе­уі керек. Дүни­е­жүзілік тарих тәжіри­бесі қоғам­дық про­гре­стің қозға­у­шы күші – көр­ке­мө­нер және ғылым зия­лы­сы, сту­дент және жұмыс­шы жастар екенін талай көр­сет­кен. Соңғы ғасыр­лар­да елді алға ұмтыл­ды­рған күш­тер – осы­лар бол­ды және бұдан кей­ін де солай бола береді.

Бұл сег­мент­ті құра­у­шы­лар­дың әле­умет­тік бел­сен­ділі­гін көте­рудің жол­да­ры көп, іске асы­ру мүм­кін­ді­гі де жет­кілік­ті. Сай­лау өткен­нен кей­ін олар тура­лы қопа­ра сөз қозғай­тын боламыз.

  • *Миме­сис – грек сөзі, елік­теу, қай­та­лау, ежел­гі заман­дағы сурет­шілер­дің негіз­гі шығар­ма­шы­лық әдісі.
  • Редак­ци­ядан: Қадір­лі оқыр­ман, құр­мет­ті оппо­зи­ция қай­рат­кер­лері! Әле­умет­тік пси­хо­ло­гия сала­сы­ның ғалы­мы Қанағат Жүкеш мыр­за қозғап оты­рған бүгін­гі қоғам­дағы өзек­ті тақы­рып төңіре­гін­де сөз қозғар­лық, дис­кус­сия туды­рар­лық ой-жоралғы­ңыз бол­са, жазған-сызған пікіріңізді редак­ци­яға жол­даңыз! Ұсы­ны­лып оты­рған мақа­ла­ның маз­мұ­ны­на сәй­кес оң-теріс пікіріңізді қаз-қал­пын­да жари­я­ла­у­ға толық кепіл­дік бере­міз! Тек мақа­ла авто­ры­ның және қоғам­дық-сая­си алаң­да жүр­ген, сіздің жаз­баңы­зға арқау болуы мүм­кін әлдебір кей­іп­кер­дің жеке басы­на қаты­сты жәйт­тер тақы­рып аясы­нан тыс екенін ескертеміз. 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн