Пятница , 4 июля 2025

Ермұрат Бапи: «САЙЛАУҒА НЕГЕ ТҮСПЕДІҢ?» деген сұраққа жауабым дайын

  • Соны­мен, заң­на­ма­лық талап­тар бой­ын­ша ҚР пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер­лер­дің өтіні­шін қабыл­дау мерзі­мі аяқтал­ды, 12 мил­ли­онға жуық сай­ла­у­шы­ның 1 пай­ыз дауы­сын (120 мың) жинау кезеңіне өткен 12 кан­ди­дат­тың аты-жөні бел­гілі бол­ды. Бірақ елде­гі Демо­кра­ти­я­лық күш­тер аль­ян­сы өз қата­ры­нан неге бір­де-бір үміт­кер шыға­ра алған жоқ деген сау­ал «жұтыл­май» қал­ды. Әле­умет­тік желілер мен жеке­ле­ген аза­мат­тар ара­сын­да мүм­кін болар үміт­кер ретін­де Ермұрат Бапи аталған еді. Бірақ ол баста­ма­ның қан­дай себеп­тер­мен баян­сыз қалға­нын ел-жұр­тқа жет­кі­зу мақ­са­ты­мен бел­гілі жор­нал­шы Қой­шы­бек Мүбәрәк өзінің ютуб-арна­сын­да Ермұрат Бапи­мен жүр­гіз­ген сұх­бат­ты ықшам­дап және редак­ци­я­лап жари­я­лап отырмыз.

– «Пре­зи­дент Тоқа­евқа мүм­кін­дік берей­ік» деп, біраз қоғам өкіл­дері сөз қылып жүр­генін білесіз. Ал алдағы сай­ла­удың нәти­же­сін­де пре­зи­дент­тің өкілет­тік мерзі­мі 7 жылға созы­луы – сол «берілетін мүм­кін­дік­тің» бел­гісі ме?

– Қаңтар оқиға­сы­на дей­ін мен өзім де, шынын айтқан­да, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың айтып жүр­ген уәде­леріне үміт­ті едім. Пре­зи­дент болған­нан бері ара­да үш жылға жуық уақыт өтсе де, әйте­уір бұры­нғы­ға қараған­да сең қозғал­ды ғой, бүгін бол­ма­са, ертең өзгерістер­ді бастай­тын шығар деген дәмелі ойым бол­ды. Тоқа­ев мыр­за бір жағы­нан ішкі дүни­есі жұм­сақ, дипло­мат адам болған­ды­қтан, әбден бой­ы­на сіңіп қалған қаси­ет­пен асы­қ­пай жүр­ген шығар, оған мүм­кін­дік беру керек деген ішкі ойым болған. Бірақ «қаңтар қырғы­ны» ондай ойдың бәрін жоққа шығар­ды. Егер де ол өзгеріс­ке құштар, елде сая­си рефор­ма жүр­гізу­ге ынта­зар бол­са, алдағы екі жылға жуық өкілет­ті мерзі­мі ішін­де біраз дүниені бітіріп таста­уға болар еді. Мүм­кін­ді­гі бар еді алда, оған тіп­ті қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін әбден зәре­зап болып қалған халық қай­та­дан алаңға шығып, әлдебір толқын туды­рып, қар­сы шығып жатқан жоқ. Бірақ оған да, міне, наурыз жол­да­уы­нан кей­ін де 8 айға жуық уақыт өтіп кет­ті, әлі жылт еткен өзгеріс жоқ.

– Пре­зи­дент өзінің айтқан және пре­зи­дент­ті жақта­у­шы­лар­дың айтып жатқан «халы­қтың сенім ман­да­тын» алған­да, не өзгер­те алады?

– Қазір сарап­шы­лар­дың ара­сын­да екіұ­дай пікір бар: бірін­шісі – осы үш жыл­дың ішін­де ештеңе өзгерт­пе­ген, батыл қадам­дарға бар­маған Тоқа­ев пре­зи­дент­тік құзы­ры­ның 7 жылын­да бір­деңе өзгер­те қояды деген сенім жоқ. Екін­шісі –Тоқа­евқа мүм­кін­дік берей­ік, осы сай­ла­удан кей­ін өзгерістер­ді бастай­ды, біз оны талап етей­ік, біз қашан бастай­ты­нын күтіп отыр­май­ық, қоғам, халық ретін­де өзгерістер­ді баста­уға өзі­міздің талап, қысы­мы­м­ы­з­бен мәж­бүр етей­ік деген пікір бар.

Енді осы екі пікір­ді сара­лай кел­ген­де, шынын­да да, біз өзгерісті алаң арқы­лы талап ете алма­сақ, қар­сы­лық қозға­лы­сқа қажет­ті мөл­шер­де халы­қты жинап, билік­ті өзгеріс­ке мәж­бүр ете алма­сақ, оның үстіне алдағы сай­ла­уда қай­та­дан сай­ла­на­тын, оның пре­зи­дент бола­ты­ны­на күмән бол­ма­са, онда біз­де енді Тоқа­ев­тан осы өзгерістер­ді бей­біт және заң­ды жол­мен талап ету­ден басқа амал қал­май­ды. Елде­гі өзгерістер­ді тағы да 30 жыл күтетін уақыт біз­де жоқ. Онсыз да бір ұрпақтың өмірі кетті.

Менің ойым­ша, осы сай­ла­удан кей­ін қоғам­ның теге­уріні, тала­бы және өзгеріс­ке деген құштар­лы­ғы бұры­нғы­дан да қат­ты бола­ды. Сон­ды­қтан билік, оның ішін­де, әрине, Тоқа­ев­тың өзі қоғам­дағы күр­делі өзгерістер­ге баруға мәж­бүр болуы тиіс. Әйт­пе­ген жағ­дай­да елде­гі тең­селіс, про­те­стік қозға­лыс одан әрі күшейе түсуі әбден мүмкін.

– Демо­кра­ти­я­лық күш­тер коа­ли­ци­я­сы құра­мын­да сіз де бар­сыз ғой… Ел-жұрт ара­сын­да біре­гей кан­ди­дат ретін­де коа­ли­ция сізді ұсы­на­ды деген сөз болды…

Бол­ды. Бірақ бұл тұтас коа­ли­ци­я­ның емес, жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың пікірі еді. Осы қоғам­да мені білетін, кім­нің кан­ди­дат­ты­ққа баруға мүм­кін­ді­гі бар деген­де, мені атаған жігіт­тер­дің жасаған ұсы­ны­сы. Бірақ бұл мәсе­ле коа­ли­ци­яда талқы­ланған жоқ. Себебі алға­шқы оты­ры­стан кей­ін-ақ осы қауым­да­сты­қтың ара­сын­да іріт­кі туды. Жал­пы, осы сай­ла­у­ға қар­сы көзқа­рас­ты біл­діріп, қауым­да­стық алға­шқы қабыл­даған үнде­уде билік­тен тиісті заң­дарға өзгерістер енгі­зуді талап етті. Бірақ оның екін­ші пунк­ті бой­ын­ша, егер де билік ондай қада­мға бар­май жатқан жағ­дай­да, бірік­кен оппо­зи­ция өз кан­ди­да­тын ұсы­нып, сай­ла­у­ға түсе­міз деген шешім болған. Алай­да келесі оты­ры­сы­на жет­пей, коа­ли­ци­я­ның өз ішін­де­гі пікір екі­ге жары­лып, нақты бір ұста­ным бол­май, ой-пікір, мақ­сат-мүд­де быты­рап кетті.

Осы біра­уы­зды­лық бол­маған жағ­дай­дан кей­ін, жеке­ле­ген аза­мат­тар­дың ұста­ны­мын қол­дап, үміт­кер­лік­ке баруға мен де алға­шқы ықы­ла­стан айны­дым. Бірін­ші себебі – мұн­дай ала­у­ы­здық жағ­дай­да үміт­кер болып, сай­ла­у­ға түсіп, бере­ке таппайсың.

Екін­ші­ден – коа­ли­ци­я­ның «кан­ди­дат­ты­ққа ұсы­на салай­ық» дегені сияқты жал­пақ­ше­шей ұста­ны­мы маған қажет емес. Сон­ды­қтан менің өз басым, 2005 жылғы оппо­зи­ци­я­ның бір­тұ­тас болып бірі­гіп, Жар­ма­хан Тұяқ­бай­ды біре­гей кан­ди­дат ретін­де шығарға­ны сияқты, біры­ңғай ұста­ны­мы бол­маған жағ­дай­да ырың-жырың орта­да опа тап­пай­тын едім. Себебі өзіңнің әріп­те­стерің тара­пы­нан толық қол­дау бол­май, бірі – ортақ кан­ди­дат ұсы­нып, екін­шісі сай­ла­у­ға толық қар­сы болып, тіп­ті жеме-жем­ге кел­ген­де, өзіңе де қар­сы шығып, үшін­шісі бой­кот жари­я­лай­мыз деп жатқан­да, бұл сай­ла­уда абы­рой­лы нәти­же­ге жететін іс бола­ды деп ойла­май­мын. Тіп­ті коа­ли­ция ұсы­нып жатқан­ның өзін­де осын­дай ырың-жыры­ң­нан кей­ін менің үміт­кер болуға ынтам болмады.

Бірақ қоғам­ның алдын­да өзің ішкі дүни­ең­мен қабыл­даған, ешқай­да жазыл­маған бір жау­ап­кер­шілік пары­зың бар – ортақ мүд­де­ге жұмыс істей­ін деген. Менің ықы­ла­сым осы пары­зды өтеу үшін ғана бол­ды. Әйт­пе­се адам құқы­ғын өрес­кел бұзған заң­ның аясын­да пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсіп, «атым­ды шыға­рай­ын» деген ықы­ла­стан аулақпын.

Ал шынын­да да, үміт­кер­лер тір­ке­уден өткен­нен кей­ін-ақ, оппо­зи­ция тара­пы­нан кан­ди­дат ұсы­на алмаған қоғам сер­ке­лері халы­қтың сөзіне қала­ты­нын біліп отыр­мын. Тіп­ті «бір қора аза­мат жүріп, ара­ла­ры­ң­нан бір адам тап­па­ды­ң­дар» деген халы­қтың нала­сы мін­дет­ті түр­де бола­ды. Мен 25 жыл­дың ішін­де ел алдын­да мой­ны­ма алған мін­детім жоқ қой, тек аза­мат­тық парыз ретін­де осы демо­кра­ти­я­лық қоғам­да жүр­генім бол­ма­са, ешкім­нің алдын­да мін­дет­те­ме алғам жоқ. Бірақ өзіңнің ішкі дүни­ең­мен, ішкі сезі­мің­мен, аза­мат­тық ұста­ным­мен осын­дай жолға түс­кен­нен кей­ін, өзіңнің аза­мат­тық жау­ап­кер­шілі­гіңді, халы­қтың, қоғам­ның саған деген сұра­ны­сын түсі­нуің керек.

Сон­ды­қтан ертең­гі күні «ара­ла­ры­ң­нан неге бір кан­ди­дат ұсын­ба­ды­ң­дар» деген сұрақ біз­ге қой­ы­ла­ды. Сол кез­де, әрине, менің өз тара­пым­нан айта­тын жау­а­бым дай­ын – жоға­ры­да айтқа­ным­дай. Ал біре­гей кан­ди­дат ұсы­нуға біра­уы­зды тоқтам жасай алмаған басқа аза­мат­тар­дың айта­ры үшін мен жау­ап бере алмай­мын. Қалай болған­да да, біз­ге сен­ген ел-жұрт­тың мүд­десі үшін, осы сай­ла­у­ға біре­гей кан­ди­дат ұсы­на алмаға­ны­мыз үшін біз қоғам алдын­да ақта­лып кете алмаймыз.

– Сай­ла­у­ға тір­келіп жатқан үміт­кер­лер жай­ын­да әле­умет­тік желі­де біра­зын сай­қы­ма­зақ ретін­де қаты­сты­рып жатыр деген ауыр сөз­дер де айты­лып жатыр…

– Бұл енді сай­ла­у­ға «қуыр­шақ» ретін­де үміт­кер болған аза­мат­тар­дың өзі бағам­да­уы тиіс және олар­дың өз аты­на сөз келетін мәсе­ленің мәнісі. Тіп­ті кан­ди­дат ретін­де ұсы­ныл­маған мені де «билік­тің жоба­сы» деген­дер бол­ды. Бұл ежел­ден ала­у­ыз қаза­қтың қаны­на сің­ген жаман әдет­тің әлпеті.

Жал­пы, сай­ла­у­ға «қуыр­шақ» кан­ди­дат­тар ұсы­ну – билік­тің бел­гілі тех­но­ло­ги­я­сы ғой. Билік­тің өзі ұсы­нып оты­рған кан­ди­да­ты­на қара­ма-қар­сы әлжу­аз, әлсіз, кей­де бір топас біре­улер­ді қой­ып қоя­ты­ны бел­гілі. Билік­тің өзі акцент қой­ып оты­рған кан­ди­да­тын өткі­зу үшін, басқа үміт­кер­лер­ді халы­ққа кем­шін көр­сетіп, одан гөрі мынау дұрыс қой деген сияқты аху­ал қалып­та­сты­ра­ты­ны елге мәлім жәйт.

Осы тұрғы­дан кел­ген­де, әрине, ұсы­ны­лып жатқан кан­ди­дат­тар­дың бәрін Тоқа­евқа бала­ма бола­тын, мықты аза­мат, халық мүд­десі­мен сай­ла­у­ға түсетін үміт­кер­лер деп ойла­май­мын. Кей­біре­улерінің аты-жөні, тіп­ті қоғам­да бұрын-соң­ды естіл­ме­ген. Олар­дың аяқ асты­нан шыға келуі, әрине, күл­кілі жәйт. Сай­ла­уды мазақ қылу­дың амалы.

Ал пре­зи­дент­тік сай­ы­сқа түсу­ге лай­ы­қты небір мықты аза­мат­тар бар, қоғам­ды өзгер­ту­ге ықы­ла­сы күшті, қан­ша уақыт­тан бері жанып жүр­ген жігіт­тер­ді атай бас­та­саң, біраз тізім шыға­ды. Елге таны­лған, қазір қаза­қтың ұлт­тық мүд­десін қорғап жүр­ген Арман Шора­ев, жасы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсу тала­бы­на тол­ма­ды деме­сең, қай­сар­лы­ғы қай­ра­лып тұрған Жан­бо­лат Мамай, қаңтар­дан кей­ін оппо­зи­ци­я­лық май­данға қай­тып оралған Болат Әбі­лов, тағы басқа лай­ы­қты жігіт­тер жетер­лік. Бұлар еліне, жеріне деген сүй­іспен­шілі­гі, елді өзгер­ту­ге деген құштар­лы­ғы мықты жігіттер.

Керісін­ше, сай­лау бастал­май жатып, күл­кілі пікір­дің ныса­на­сы­на айналған Жигу­ли сияқты үміт­кер­лер­ден не қай­ыр, не опа? Шынын айтқан­да, бұл сай­ла­удың сал­мағын маза­ққа айнал­ды­ру­дың әре­кеті деп ойлай­мын. Түп­теп кел­ген­де, бұл күл­кілі жағ­дай емес, халы­қтық тра­ге­дия, елдің ертеңіне деген қастандық!

– Ер-аға, алдағы пре­зи­дент сай­ла­у­ы­на егер бел­сен­ді қар­сы­лық бола­тын бол­са, қаңтар қырғы­ны қай­та­ла­нуы мүм­кін бе? Тоқа­ев тағы да ескер­тус­із оқ атуға баруы мүм­кін бе?

– Негізі, қазір­гі осы сай­ла­у­ға деген халы­қтың салғырт ынта-ықы­ла­сы­на қарап оты­рып, дәл сон­дай нара­зы­лық қозға­лы­сы туа қала­ды деп ойла­май­мын. Себебі қоғам осы сай­ла­у­ға өзгер­ген заң­дар­мен келу­ге мүд­делі болған­да, қазір­дің өзін­де алаңға шыға­тын еді. «Назар­ба­ев­тан қалған заң­дар­мен біз сай­ла­у­ға қаты­спай­мыз!» деп, мың­даған адам Алма­ты мен Аста­на алаң­да­рын­да тұра­тын бол­са, билік халы­қтық ықпалға көну­ге мәж­бүр болар еді.

Бірақ дәл қазір­гі сай­ла­у­ға халық тара­пы­нан ешқан­дай ықы­лас таны­лып тұрған жоқ. Менің ойым­ша, бұл сай­ла­у­лар­дан ешқан­дай нәти­же шық­пай­ты­ны әбден халы­қтың қаны­на сің­гені сон­дай, сай­лау бар ма, жоқ па, кім сай­ла­нып жатыр – оған қара­пай­ым халық тара­пы­нан ешқан­дай реак­ция жоқ сияқты.

Сон­ды­қтан осы сай­ла­удың нәти­же­сін­де егер де Тоқа­евқа нақты, аль­тер­на­тив­ті кан­ди­дат шығып, билік­тің ара­ла­суы­мен ол жеңіліп жата­тын бол­са, онда әлдебір толқу­лар­дың пай­да болуы мүм­кін еді. Ал енді Жигу­ли­лер үшін кім алаңға шыға­ды, кім толқу тудырады?

Осы тұрғы­дан қараған­да, бұл сай­ла­уда ешбір интри­га бай­қал­май­ды. Халық үшін бұл сай­ла­удың еш қызы­ғы қал­ма­ды. Ары­қ­пен ағып жатқан егін­нің мимырт суы сияқты жыбыр­лап өткен сай­ла­удың құны бар ма?!

Рас айта­сыз! Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

 Қой­шы­бек МҮБӘРАК, жур­на­лист-бло­гер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн