Пятница , 4 июля 2025

БІЗДЕГІ ЖАРЫС БАСҚАША

Ғаб­бас ҚАБЫШҰЛЫ 

  • Анау Аме­ри­ка Құра­ма Штат­та­рын­да, құра­ма штат­та­ры жоқ пәлен-түг­лен шетел­дер­де жыл сай­ын: меш­кей­лер­дің, сырақұ­мар­лар­дың, сөз­шең­дер­дің, ұры­сқақтар­дың, мақтан­шақтар­дың, биле­гі­ш­тер­дің, алы­сқатүкір­гі­ш­тер­дің, тіп­ті резең­ке, ағаш, темір­же­гі­ш­тер­дің… бәй­ге­лері болып, жең­ген­дер­ге кәдім­гі жүл­де берілетінін гәзет-жур­нал­дар­дан оқып, радио­дан, теле­экран­дар­дан естіп-көріп жүр­мін. Е, мей­іл­дері ғой, әркім әліне қарай көз­ге түседі.

Ал біз­де олар­дың «қызық-шыжы­қта­рын» бөк­теріп кететін бір «ғажап дода» болған – «тәт­тітіл­ді» жағым­паз­дар­дың сөз­жа­ры­сы. Бірақ біз­де­гі бұл жары­стың жеңім­паз­да­ры жүл­де іздеп, олжа үшін дау­лас­паған. «Атағы­нан ат үркетін» сол кей­іп­кер­лерім­нің қай­сы­бірінің «лебізі­нен» аз-маз­дап көшір­ме жасап жүріп едім, солар­ды, құр­мет­ті оқыр­ман­дар, сіз­дер­ге ұсын­дым. Жағым­паз­дық жары­сы­ның бас бәй­гесі кім­ге тиесілі? Өзіңіз пай­ым­дап көріңіз.

  • Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор (сурет­те):

«…Мен әрдай­ым Елба­сы­ның ата­сы­нан ары­стан боп туған батыр­лы­ғы­на, ана­сы­нан даны­шпан болып туған ақыл­ды­лы­ғы­на қай­ран қала­мын… Әлем­дік тарих­та Қаза­қстан үшін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев орны Ресей­ді өрке­ни­ет­ке жете­ле­ген І‑Петр, Ұлы­бри­та­ни­я­ны аяғы­нан тұрғы­зған Уин­стон Чер­чилль, Аме­ри­ка­ның негізін қалаған Джордж Вашинг­тон, Түр­ки­я­ны іргелі ел еткен Ататүрік секіл­ді тұлға­лар­мен қатар тұра­ды деп жұрт жаза баста­ды. Бүгін­де Назар­ба­ев зама­ны­на сай олар­дың да істей алмаға­нын істеп отыр десе де бола­ды… Бүгін­де жер бетін­де­гі адам­затты толған­ды­рған мәсе­ле­лер­ді Назар­ба­ев­сыз талқы­лау, Назар­ба­ев­сыз шешу мүм­кін емес жағ­дай­ға жетті».

(«Еге­мен Қаза­қстан» гәзеті)

«…Пре­зи­дент Н.Назарбаев – халқын сан мың жыл­дар ізде­ген мұра­ты­на жет­кіз­ген, мем­ле­кет­ті­гі­мізді орна­тып, оны дамы­тып, әлем­ге таны­тқан аса дарын­ды тұлға…

Халқы­ның бар қадір-қаси­етін бой­ы­на жиған, тілін, тарихын, мәде­ни­етін, әдет-ғұр­пын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәні­мен сүй­етін, халқы­ның үмітін, сені­мін ақтап келе жатқан қалың елдің мұң­да­сы, тағ­дыр­ла­сы; елінің есік­те­гі басын төр­ге шығарған, әлем­ге кеңі­нен таны­лған, іргелі елдер­дің бас­шы­ла­ры­мен сөй­лес­кен­де сөзі аса­тын, егес­кен­де еңсесін баса­тын, елдескен­де мей­ірін шаша­тын аузы уәлі, сөзі дуа­лы саясаткер…

Н. Назар­ба­ев – әлем мой­ын­даған, атағы алы­сқа кет­кен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқа­нын істетіп оты­рған бүгін­гі заман­ның лидері; тумысы­нан кие дары­ған қай­рат­кер; табан­ды күрес­кер; гума­нист, туған халқы­ның Бәй­те­ре­гі, Көсе­мі, Кемең­гері… Көк түрік­тің кін­ді­гі­нен жаралған­дар­дың іші­нен озып туға­ны да – Н.Назарбаев…

Сақ Ата дәуірін­де де, Қаға­нат, Хандық зама­нын­да да, Әз Жәні­бек­тің, Ер Абы­лай­дың тұсын­да да еш ұрпақ мұн­ша­лы­қты бақыт­ты, мұн­ша­лы­қты дәу­лет­ті көр­ген жоқ. Арғы-бер­гі заман­да Ұлы дала­да Назар­ба­ев­тай мем­ле­кет орнатқан, жер жүзіне даңқы асқан тұлға туған жоқ. Не бары 20 жыл­дың ішін­де әлем сана­са­тын елге айналдық…

Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы – ұлт­тың көш бас­шы­сы. Көріп­келі. Ұлт намысы­ның қам­шы­гері… Қазір әлем­дік сая­сат­ты иге­ру­де, эко­но­ми­ка­ны еңсе­ру­де, өз халқы­ның тарихын, тілін, мәде­ни­етін білу­де пре­зи­дент­ке тең келетін адам жоқ… Назар­ба­ев Ұлы дала­да өте қысқа мерзім­де бұрын-соң­ды бол­маған бүтін­дей жаңа мем­ле­кет орнат­ты. Орна­тып, қалып­та­сты­рып, дамы­тып, әлем­ге таны­тып, әлем­дік қауым­да­сты­ққа мой­ын­да­тып қана қой­ған жоқ, мем­ле­кет­тілік­тің, ел басқа­ру­дың өзін­дік жаңа қаза­қстан­дық мек­тебін қалып­та­стыр­ды. Өзі де әлем қауым­да­сты­ғы мой­ын­даған кемең­гер­ге айналды…

Нұр­сұл­тан тарих толға­тып туған ғасыр­дың тұлға­сы… Әлем мой­ын­даған, жаһанға атағы жет­кен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқа­нын істетіп оты­рған бүгін­гі заман­ның лидері; тумысы­нан кие дары­ған қай­рат­кер; табан­ды күрес­кер; гума­нист, туған халқы­ның Бәй­те­ре­гі, Көсе­мі, Кемең­гері. Елінің ама­на­тын арқа­лаған тіре­гі, алтын дің­ге­гі. Көк түрк­тің кін­ді­гі­нен жаралған­дар­дың іші­нен озып туға­ны да, түрк тек­тес халы­қтар­дың лидері де – Назар­ба­ев!.. Ол – Алла­ның қаза­ққа бер­ген сыйы… Қаза­қстан­ның пас­пор­ты­на, сим­во­лы­на айналған адам!

(«Тәу­ел­сіздік тағы­лы­мы» мақа­ла­сы­нан. «Еге­мен Қаза­қстан» гәзеті)

«…Сіз қиранды­дан мем­ле­кет орнатқан, оның шека­ра­сын бекітіп, Тәу­ел­сізді­гін баян­ды еткен; әле­уетін арт­ты­рып, бүкіл дүни­е­ге мой­ын­датқан; елі­мізді талай сын­дар­дан, дағ­да­ры­стар­дан аман алып өткен, есік­те­гі басы­мы­зды төр­ге шығарған; халқы­ңы­зды бала­пан­дай бағып, қызғы­штай қорып келе жатқан кемең­гер қай­рат­кер­сіз! Ұлан-бай­тақ дала­сы бар, Аста­на­дай қала­сы бар, Нұр­сұл­тан­дай дана­сы бар Қаза­қстан жасай берсін!

(2016 жыл. «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның съезін­де­гі сөзі­нен. «Еге­мен Қаза­қстан» гәзеті)

«…Н.Назарбаев ел тіз­гінін алмағай­ып, аума­лы-төк­пе­лі, ең қиын кезең­де қолы­на алды. Тарих­тың да, тағ­дыр­дың да сыны­нан абы­рой­мен өтіп, халқын да қыл көпір­ден, жанып тұрған өрт­тен аман алып шықты. Аза­мат­тың тең­десі жоқ осы қаһар­ман­ды­ғын, дана­лы­ғын кей­ін­гі ұрпақтың келе­шек­ке аңыз етіп жет­кі­зетін­ді­гін­де еш күмән жоқ… Бағы тай­ған қаза­қтың есесін қай­та­рып, қабы­рға­лы ел етіп, осын­ша­ма құдірет­ті жасап беріп оты­рған Елба­сы­ның кемең­гер­лі­гі тура­лы қалай айт­сақ та жарасады.

(«Елба­сы тура­лы тебіреніс» мақаласынан)

  • Олжас Сүлей­ме­нов, ақын, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, Қаза­қстан­ның Еңбек Ері:

«Жақын­да мен Елба­сы­ның аузы­нан бір жақ­сы сөз­дер­ді естідім, – оның дуа­лы аузы­нан кіл өңкей жақ­сы сөз­дер шыға­ты­нын өздеріңіз білесіз­дер, деген­мен, дәл сол сөз­дер маған әсіре­се қат­ты ұна­ды. «Қаза­қстан – дүниенің бір бөлі­гі, сон­ды­қтан дүни­е­де болып жатқан­ның бәрі біз­ден көрі­неді», – деді ол. Біздің жер­гілік­ті ұлт­шыл-пат­ри­от­тар, отан­шыл­ды­қтың сой­ы­лын соғу­шы­лар осы сөз­дер­ді жақ­сы­лап ұқса ғой, таза-тақыр тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның неме­се 17 мил­ли­он адам­ның ішін­де 10 мил­ли­он мүл­дем тәу­ел­сіз қазақ этно­сы дей­тін дара­лы­қтың бол­май­ты­нын түсін­се ғой…

(«Қазақ әде­би­еті» гәзеті)

  • Сағын­дық Саты­пал­дин, профессор:

«…Ал мен бол­сам, ғасыр­лар тоғы­сын­да ірі қай­рат­кер ретін­де тарих сахна­сы­на Н.Ә.Назарбаевтай дана тұлға шыққан адам­зат бақыт­ты дер едім… Ол адам­заттың бүкіл тарихын­да бір­де-бір мем­ле­кет бас­шы­сы қолға алмаған жасам­паз иде­я­лар­дың баста­ма­шы­сы ғана емес, соны­мен бір­ге жүзе­ге асы­ру­шы­сы бола жүріп, аңы­здың емес, ақиқат­тың Про­ме­тей­іне айналды.

(«Дала мен қала» гәзеті)

  • Шер­хан Мұр­та­за, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на еңбе­гі сің­ген мәде­ни­ет қайраткері:

«…Елба­сы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев адам­затты топан­с­у­дан алып шыққан Нұх пай­ғам­барға ұқсап, Қаза­қстан­ды сонау 90-жыл­да­ры Тәу­ел­сіздік жолын­да басталған күре­сте аман алып шығып, ел қылды.

(«Алма­ты ақша­мы» гәзеті)

  • Дүкен­бай Досжан, жазу­шы, Мем­ле­кет­тік силы­қтың иегері:

«…Елба­сы­ның есі­мі пері­ш­те дәп­терінің ең төбесін­де тұруға лайық…Періште үнсіз. Осы кез­де Елба­сы­мыз қалың ұйқы­ға кете­ді. Әлден уақыт­та пері­ш­те қай­та ора­лып, пре­зи­дент­ке тіл қатады:

«Пен­дем… мана, әлгі­де, өзің ұйы­қтап жатқан кезің­де жаз­ба­ла­рым­ды Жаратқан Иеге көр­сетіп алай­ын деп, асы­ғыс аспанға ұшпай­мын ба? Жаратқан Иеге жетіп, дәп­терім­ді ашып көр­сет­пей­мін бе? Жаратқан Ие тізім­ге көз салып оты­рып, дәп­тер жиегін­де­гі сенің есі­міңе назар салға­ны… Ол терең ойла­нып, оты­рып-оты­рып, былай деді: «Енде­ше осы пен­дем­нің есі­мін ең төбесіне жаз…

(«Еге­мен Қаза­қстан» гәзеті)

  • Арты­қ­бай Ағы­ба­ев, про­фес­сор:   

«…Елі­міздің аз уақыт­та өркен­деп, өрке­ни­ет­ті елдер­мен тере­зесі тең болуы­на сүбелі үлес қосқан елі­міздің тұңғыш пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев – мем­ле­кет бас­шы­сы, елі­міздің еге­мен­ді­гін тұңғыш жари­я­лап қана қой­май, ерлік­ті – еңбек­пен, дана­лы­қты – әлем­дік сая­сат­пен ұшта­стыр­ды, елдің ел болып өркен жаюы­на, өрке­ни­ет­ті мем­ле­кет дәре­же­сіне таны­луы­на білі­мі мен билі­гін, ойы мен пара­са­тын, күш-қуа­ты мен жігерін жұм­сап оты­рған киелі қайраткер.

(«Пре­зи­дент және халық» гәзеті)

  • Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев, сая­сат­та­ну ғылы­мы­ның док­то­ры, профессор:

«…Мен тәу­ел­сіз қазақ мем­ле­кетін құрған, ТМД бой­ын­ша ең табысты рефор­ма­лар жүр­гіз­ген, әлем­ге әйгілі сая­сат­кер, бар­ша халы­қтың қол­да­уы­на ие өзім­нің Бірін­ші Пре­зи­ден­тім тура­лы жазамын.

(«Айқын» гәзеті)

  • Әбді­мәлік Нысан­ба­ев, академик:

«…Пла­тон өзінің «Мем­ле­кет» атты сұх­ба­тын жазып, оның басқа­ру­шы иде­я­сы – әділет­тілік деп аны­қта­ды. Өзі арман­даған­дай жаңа мем­ле­кет құру иде­я­сын жүзе­ге асы­руға сан рет тал­пы­ныс жасап, еш тыны­шта­ла алма­ды. Өкініш­ке қарай, өзі өліп қала жаз­даға­ны­мен, оның асыл арма­ны болған ізгі ойы сәт­сіздік­пен аяқтал­ды. Пла­тонға дей­ін Кон­фу­ций мем­ле­кет­ті үлкен тату отба­сы ретін­де аны­қтап, онда адам­гер­шілік беделі негізін­де үлкен­дер­ді құр­мет­теу – ли – рәсі­мі сақта­ла­ды деп есеп­те­ген-ді. Бірақ ол өзі арман еткен иде­ал­ды мем­ле­кет­ті таба алма­ды. Әл-Фара­би бар­лық тұрғы­ны биле­ушісінің ақыл-есі мен ерік-жігері­нен сәу­ле­леніп, бір­лес­кен бақы­тқа – өзін өзі руха­ни жетіл­дірудің қамын ойлай­тын ізгі қала моделін жаса­ды. Бірақ ол да тек арман күй­ін­де қал­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бол­са, әділет­ті қоғам құру жоба­сын ғылы­ми тұрғы­дан негіз­деп қана қой­май, оны шынайы өмір­де іске асы­ра біл­ді. («Айқын» гәзеті).

  • Сей­іт Қасқа­ба­сов, академик:

«…Жаңа Қаза­қстан­ды небәрі жиыр­ма жыл­да айдай әлем­ге паш етті… Осы уақыт ара­лы­ғын­да Пре­зи­ден­ті­міздің өте салиқа­лы да сабыр­лы, сараб­дал сая­са­ты мен теге­уірін­ді де сенім­ді түр­де жүзе­ге асы­рған рефор­ма­ла­ры­ның және күн­делік­ті тыным­сыз ізденістері мен ұтым­ды іс-әре­кет­терінің арқа­сын­да Қаза­қстан ғасы­рға тең жол­дан өтіп, жер-жаһанға таныл­ды, адам айт­са сен­гісіз зор табыст­арға жетті.

(«Қазақ әде­би­еті» гәзеті)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн