Пятница , 4 июля 2025

«БҰРЫНҒЫЛАР» мен «ҚАЗІРГІЛЕР» немесе Тоқаевты таңдау бар

  • Төмен­де жари­я­ла­нып оты­рған мақа­ла Қаңтар қырғы­ны­нан кей­ін әр жер­де айты­лған, жеке­ле­ген сұх­бат­тар­да қозғалған болжам-жоралғы­ның жиын­ты­ғы. Шашы­рап қалған сол пікір-пай­ым­дар­ды тағы бір ой еле­гі­нен өткізіп, қай­та­дан қозға­удың себебі – билік­тің биік басын­да жүр­ген аза­мат­тарға, тіке­лей Тоқа­ев мыр­за­ның өзіне құлаққағыс қылу­дың реті еді.

Соңғы кез­дері бұры­нғы «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­ның «Әділет­ті Қаза­қстанға» алма­суы пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Қаңтарға қаты­сты ақиқат­ты қоға­мға айта алмай жүр­ген тал­пы­ны­сы­нан туған, дәр­мені қысты­ққан әре­кет пе дер­сің. Артын­да ауыз аштыр­мас «айтқы­з­ба­сы» бар сияқты көрі­неді де тұра­ды. Әйт­пе­се пре­зи­дент­тік пәр­мені «періп тұрған» ада­мға Қаңтар­дың қитұрқы­сын жай­ып салу қан­ша­лы­қты қиын болар еді?!

Жоқ жер­ден пай­да болған «Екін­ші Рес­пуб­ли­ка» баста­ма­сы­на да түрт­кі болған – Қаңтар­дан кей­ін «шашы­лып қалған» өзіне деген ел сені­мін қай­та­руға құштар­лы­қтың әлпе­тін­дей сезіледі. Бұл оның пуб­ли­ка­лық әр сөзі­нен тай­ға таң­ба басқан­дай аңға­ры­ла­ды. Енді, міне, кезек­ті рет кезексіз өтетін пре­зи­дент­тік сай­лау тағы бір карт-блан­штың қажет­ті­гі­нен туған шығар деп, өз-өзіңді алдарқа­туға көн­дір­гің келеді.

Оның үстіне Қаңтар­дың қай­ғы-қасіретін жылы бүр­кеп, келесі ұрпақтың шеші­міне қал­ды­ру мүм­кін емес. Қаза болған­дар­дың қаны қара жер­ге сіңіп, қабір топы­рағы кеуіп кет­се де, шер­мен­де көкірек­те­гі запы­ран қоғам­ның лоқ­суын қажет қылады.

Ал пре­зи­дент­тің пай­ы­мын­да Қаңтар қотарған қоғам­ды тын­шы­ту­дың басты ама­лы – алдағы сай­лау болып тұр. Тоқа­ев мыр­за­ның аузы­нан «өңделіп» шыққан «Әділет­ті Қаза­қстан» іс жүзіне аспай­тын бол­са, тағы бір Қаңтар тууы әбден мүм­кін. Бұл әділет­тілік қоға­мға ғана емес, Тоқа­ев­тың өзіне де ауа­дай қажет қағи­дат болуы тиіс. Бітеу жара­ның түбі бір жары­лар шағы туа­рын пре­зи­дент пай­ым­да­май отыр деу­ге келмейді.

Сон­ды­қтан билік­тің «қорас­ы­нан» оқшау ой туды­рып, алдағы сай­ла­у­ға қам жасаған қоға­мға Тоқа­ев мыр­за қалай қара­рын қай­дам, бірақ өзгерісті аңсаған халы­қтық про­це­стің пәр­менін тоқта­ту енді мүм­кін бол­май­тын шығар. Ал сай­ла­удан кей­ін тағы да таққа оты­ру­дан, жеті жыл­дық құзы­рет­ті иеле­нетін дәмесі зор пре­зи­дент өзді­гі­нен өзгеріс жаса­уға бара ма? Бұл сай­ла­удың басты гәбі – осы.

Қаны шап­шып тұрған «Қаңтар қырғы­нан» соң, еңіре­ген елмен бір­ге назар­ба­ев­тық ной­ыс режим­нің мұра­сын жой­ып, сірес­кен сеңді бұзуға бел буып, пар­тия құр­мақ аза­мат­тар­дың баста­ма­сы да өзгеріс жаса­удың қамы. Тоқа­ев­тың іште бүгіп жүр­ген ой-ниеті бұл қаре­кет­ке тұс­па-тұс келе ме, жоқ па – бұл әзір­ге біз біл­мей­тін құпия.

Бірақ «пар­тия құру» демек­ші, бұл жер­де билік­тің басын бүгін бол­ма­са, ертең әбден қаты­рар бір қитұрқы қылаң береді. Мәсе­лен, пар­тия құр­маққа қам жасап жүр­ген бұры­нғы­лар – қоға­мға етене таныс тұлға­лар: абақты­да оты­рған Жан­бо­лат Мамай, пар­ти­я­сын тір­ке­те алмай, «жабық есік­ті» басы­мен ұрып жүр­ген Болат Әбі­лов, Тоғ­жан Қожа­лы, Мұх­тар Тай­жан, Нұр­жан Әлтаев…

Оның бер жағын­да қиы­ры­на қатер төн­ген елдің бір шетіне шығып, шыр-пыр болған Арман Шора­ев, билік­тің қия­на­ты­нан қана­ты қай­ы­ры­лған Марғұлан Сей­сем­ба­ев, елді сай­лау арқы­лы өзгер­ту­ге тән­ті Арай­лым Назар мен Тоғ­жан Қожа­лы… тағы басқа бұры­нғы оппо­зи­ция бар. Олар – назар­ба­ев­тар нығы­здап қалып­та­сты­рған, тоқа­ев­тар тан­баған бұралқы заң­ның аясы­нан шық­паған, ради­кал­дық қада­мға бар­май, әзір­ге сая­си әдеп сақтаған, салқы­нқан­ды өзгеріс жолын таң­даған тәр­тіп­тің адам­да­ры. Олар пар­ла­мент­тің пар­та­сын­да оты­рып, қоғам­ның қоты­рын жаза­мыз деген ада­ми және аза­мат­тық нысап­тағы ниет­ті қалай­ды. Қаңтар­дың қай­та­ла­нуы­на тіп­тен де мүд­делі емес.

Бұл ара­да «бұры­нғы­лар» дей­тін себебі­міз – Ақор­да­ның басын әңкі-тәңкі қылар, елде қалған жалғыз ғана леги­тим­ді пре­зи­дент­тік билік­ті тар­тып алу үшін қаре­кет­ке кіріс­кен «қазір­гілер» бар. Тағы бір Қаңтар­ды қол­дан жаса­уға бей­ім ной­ы­стар нақұрыс пар­тия құруға кіріс­кенін тоқа­ев­тар біле ме екен? Қаңтар­дың кегі­нен қашқан кеше­гі «назар­ба­ев­шы» бай­бек­тер шетел­де шіреніп жат­паға­ны анық: олар өз қол­да­ры­нан сусып шыққан билік­ті қай­та­рып алу­дың алты ама­лын ойла­сты­ру үстін­де. «КНБ»-ның сая­си басқар­ма­ла­ры­на тіке­лей бас­шы­лық жасаған Самат Әбіш пен оның жан­дай­шап нөкер­лері де бұры­нғы «мамы­ра­жай күніне» ертіп апа­рар билік­ке қай­тып келу­ге мүдделі.

Тіп­ті биы­лғы жаңа жыл­дың алдын­да «өз еркі­мен» депу­тат­ты­қтан кетіп, Түр­кия асқан тіле­ухандар да тыныш жатқан жоқ. Жат­са-тұр­са оқи­тын дұға­сы – билік­ке қай­тып келу.

Ал Тоқа­ев мыр­за Наурыз жол­да­уын­да ұсы­нған, бірақ әлі күн­ге бүр­ке­улі жатқан сая­си баста­ма­лар заң тіліне көшетін бол­са, билік­ке қай­тып келудің бүгін­гі жалғыз және төте жолы – пар­ла­мент­ті «басып алу». Осын­дай озбыр ойдың жете­гін­де­гі «қашқын­дар» қазір­дің өзін­де ел ішін­де аты мен заты бар аза­мат­тарға «құда түсіп», ашқұр­сақ қоғам­да қай­ыр­шы­ның кебін киген таны­мал тұлға­лар­ды өзіне тар­тып жатқа­нын Ақор­да аңға­ра ма? Алдағы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсу­ге тән­тілер­дің қата­рын­да «эми­рат­тық эмис­сар­лар» жоқ па?

Кім біл­сін, мүм­кін, билік­те­гілер сезетін шығар: ол озбыр­лар – халы­қтың қазы­на­сын аяу­сыз талан-тара­жға салып, ұрлы­қтың ұсқы­ны­мен «тапқан» мил­ли­он­да­ры мен мил­ли­ард­та­рын шет­те­гі шотқа тыққан «кек­шіл» реван­ши­стер. Олар – өздерінің арам пиғы­лын қоға­мға таңу үшін, түп­кі ниеті – кек қай­та­ру­дың құн­кер пар­ти­я­сын құру­дың қамын күйттегендер.

Жан­бо­лат­тар пар­ла­мент­ке елді өзгер­те­міз деп барар бол­са, Эми­рат­тан екі­леніп келетін эмис­сар­лар таса­да тұрған қожай­ы­нын қай­та­дан билік­ке әке­лей­ін деп бара­ды. Оларға «Әділет­ті Қаза­қстан» қажет емес. Оларға бұры­нғы билі­гін қай­та­рып алу, қаза­қты қанап тапқан бай­лы­ғын сақтап қалу әлдеқай­да қымбат.

Сонда мынау қара­ма-қай­шы­лы­ққа қараңыз: сай­лау науқа­ны бары­сын­да «қазір­гілер» Тоқа­ев пен оның билі­гін жер-жебіріне жетіп сынай­тын бола­ды. Сай­ла­у­ал­ды үгіт-наси­хат­тың нобай­ы­мен ком­про­мат­тар тасқы­нын сел­дей ағы­за­ды. (Ком­про­мат­тың алға­шқы легі Швей­ца­ри­ядан бері ағы­ла баста­ды, ал әзір­ге қан­ша­сы қым­та­лып жатқа­ны бір Құдай­ға ғана мәлім).

Мұн­дай­да «елді заң жолы­мен өзгер­тей­ік» деп жүр­ген «бұры­нғы­лар­дың» рито­ри­ка­сы айда­ла­да қала­ды. «Қазір­гілер­дің» төсек­тен өсек­ке дей­ін­гі қаңқуы сөз аңды­ған қалың қаза­қтың құлағы­на май­дай жаға­ры айдан анық. Біз­де­гі әдет сол: «Отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарай­ды». «Қазір­гілер» халы­қтың жақта­уы мен сай­ла­удағы дауы­сын жинау әре­кетіне дол­ла­ры мен дол­ба­рын аямай­ды. Өйт­кені олар үшін тара­зы­ға тар­ты­лған өл-тіріл мүд­делі мәсе­ле бар – билік­ке қай­тып келу!

Дәл осын­дай жағ­дай­да бұры­нғы оппо­зи­ци­яға не істе­мек керек? Эми­рат­ты­қтарға еріп, Тоқа­ев­ты тоңқа­лаң асы­ру­дың арам айла­сы­на қосы­ла ма, жоқ әлде әлі де өле қой­маған үміт­пен тоқа­ев­тық «Жаңа Қаза­қстан» жағы­на шыға ма? «Бұры­нғы­лар» үшін екі таң­да­удың қай­сысы қолай­лы? «Қазір­гілер­ге» еретін бол­са, елді «бұры­нғы Қаза­қстанға» қай­та­ра­ды. Оларға іле­с­пей­ін десе, Ақор­да «бұры­нғы­лар­ды» маңай­ы­на жолатқы­сы жоқ.

Міне, осы екі таң­да­удың қай­сысы тоқа­ев­тық билік­ке қолай­лы бол­мақ? Енді осы сұрақтың бірі Тоқа­ев­тың таң­да­уы­на бұй­ы­рып тұрған жоқ па?

Айтпақ­шы, сай­лау кам­па­ни­я­сы кезін­де «бұры­нғы­ларға» үшін­ші жол бол­май­ды. Сыр­тын­да «сақал­ды­лар» тұрған пар­ти­я­ның сөзін жақтай­тын бол­са, Қаза­қстан­ды қай­та­дан баяғы боғы­на баты­ру­дың қамын қыла­ды; ал назар­ба­ев­тық мұраға мұрын­дық болған Тоқа­ев­тың «ит терісін басы­на кеп­те­удің» керін қыл­ма­са, сай­ла­у­шы элек­то­рат­тан айырылады.

Міне, Ақор­да­ның басын қаты­руы тиіс бола­шақ қитұрқы­ның қисы­ны мен пара­док­стың пай­ы­мы – осы. Бұры­нғы оппо­зи­ци­я­мен алы­су­дың, олар­ды абақты­ға айда­удың алдын­да бүгін­гі билік екі таң­да­удың бірін, бірі болған­да, халық пен елге етене жақын «бұры­нғы­лар­ды» осы бастан өзіне дос қылу­дың қамын жасаға­ны дұрыс-ау!

Қал­жы­ңы мен қағыт­па­сын ара­ла­сты­рып жүретін қазақ мұн­дай­да «ежел­гі жау аты­спаққа жақ­сы» дей­ді. Ал билік­ке ора­лу­дың озбыр­лы­ғын ойлап, қай­тып келудің қамын­да жүр­ген «қазір­гілер­дің» көзі қан­та­лап тұра­рын болжап білу қиын бол­ма­са керек…

Ойла­на­тын жәйт! Қасым-Жомарт мыр­за мен Қасе­кеңнің қасын­дағы­лар қат­ты ойла­нуы тиіс жағ­дай: бас жарып, көз шығар­маған «бұры­нғы­лар­мен» бір­ге бола ма, жоқ әлде «реван­штың» реті­мен билік­ті тар­тып алмақ пиғыл­дағы бүл­дір­гі­мен бірі­гіп кете ме?

Басқа таң­дау жоқ!

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн