Пятница , 4 июля 2025

Теңгенің түбіне РУБЛЬ ЖЕТЕДІ

  • Қаза­қстанға кел­ген ресей­лік­тер­ден эко­но­ми­ка­лық жағым­ды эффект бола ма? Өкініш­ке орай, ешқан­дай жағым­ды әсері бол­май­ды. Себебі рубль – доллар/евро емес, ал қашқын­дар – турист емес.

Қаза­қстан­да жинақталған рубль көле­мі БЦК төраға­сы Ғалым Құсай­ы­но­втың есебін­ше, осы мау­сым айын­да 50 мил­ли­ард рубль­ге жет­кен. Және бұл ақша Ресей­ден басқа жер­де кон­вер­та­ци­я­лан­бай­тын­ды­қтан, ал оны Ресей құн­ды қағаз­да­ры­на біздің банк­тер сала алмай­тын­ды­қтан (санк­ция ұшып келеді), ол жұмыс істе­мей­тін ресурс болып қал­ды. Моби­ли­за­ция толқы­ны­мен кел­ген ресей­лік­тер, менің шама­ла­у­ым­ша, кем деген­де тағы 5 мил­ли­ард рубль «тірі ақша» ала келді.

24 ақпан­нан бері қол­ма-қол рубль­ді банк­ке салып, оны ауда­ру опе­ра­ци­я­ла­ры­ның «своп» комис­си­я­сы 15–20%-ды құраған­ды­қтан, біздің банк­тер айы­на кем деген­де 4 мил­ли­ард тең­ге жоғал­тып кел­ді. Кей­ін­нен олар рубль салы­мын қабыл­дау үшін комис­сия енгізді де, шығын­да­рын азайт­ты. Бірақ не бол­са да, артық жүк ретін­де жатқан рубль мас­са­сы­нан қар­жы жүй­есіне де, эко­но­ми­каға да қауіп бар.

Қар­жы жүй­есі – егер рубль бір дем­де құн­сызда­нып кет­се, орас­ан зор шығы­нға ұшы­ра­мақ. Балан­стағы қай­та баға­лау банк­тер есеп­тілі­гін­де­гі жағ­дай­ды нашар­ла­та­ды және оларға қосым­ша про­ви­зия жасақта­уға тура келеді.

Эко­но­ми­каға кел­ген қауіп анағұр­лым мас­шта­б­ты болып тұр. Ресей қант пен бидай экс­пор­тын шек­те­ген­де, біздің оған деген импорт­тық тәу­ел­ді­гі­міз 40-тан 38%-ға дей­ін түс­кен бола­тын. Және импорт­ты әрта­рап­тан­ды­ру үшін Индия сын­ды жаңа импор­тері­міздің үлесі арта бастаған еді. Бірақ елде рубль­дің көп болуы бізді импорт жағы­нан Ресей­ге қай­та­дан бай­лап тастай­тын бола­ды. Бұл – Ресей эко­но­ми­ка­сы жедел құла­са, біз­де­гі біраз сек­тор да құлай­ды деген сөз. Және рубль кана­лы арқы­лы Ресей­де­гі инфля­ция, деваль­ва­ция сын­ды болуы өте ықти­мал жағым­сыз құбы­лы­стар да біз­ге импортталмақ.

Не істеу керек?

Дәл қазір біз­де валю­та­ны сыр­тқа әке­ту­ге шек­теу бар. Бір рет­тік рұқ­сат тек 31 тамы­зға дей­ін жұмыс істе­ді. Дол­лар­дың елден кетуіне тосқа­уыл қою керек, оны­мен келі­се­міз. Бірақ осы валю­та­лар құра­мы­нан рубль­ді алып тастаған дұрыс. Қаза­қстан­нан рубль барын­ша кете бас­та­са, валю­та­ара­лық дис­ба­лан­стар­дан құты­ла ала­мыз. Және қар­жы нары­ғын­дағы құн­сызда­ну тәу­е­келі азаяды.

Айбар ОЛЖАЕВ

«ӨЛГІМІЗ КЕЛМЕЙДІ» – дейді Ресей «қашқындары»

  • Кремль­дің Укра­и­наға соғы­сқа аттан­ды­ру мақ­са­тын­да «іші­на­ра моби­ли­за­ция» жари­я­лап, 300 мың адам әскер­ге алы­на­ты­нын мәлім­де­уі Ресей қоға­мын дүр­лік­тіріп қой­ды. Ұшақ­пен, авто­көлік­пен, я жая­у­лап-жал­пы­лап елден шығуға асы­ққан ресей­лік­тер жай­лы ақпа­рат көп­теп тарап жатыр. «Азаттық» тіл­шілері Ресей­дің Қаза­қстан­мен шека­ра­сын­дағы кей­бір бекет­тер­де­гі жағ­дай­ды өз көзі­мен көріп қайт­ты. Ресей­ден келіп жатқан­дар моби­ли­за­ци­ядан қашуға мәж­бүр болға­нын жасырмайды.

Орал қала­сы­нан 60 шақы­рым жер­де­гі «Сырым» шека­ра бекетін­де абыр-сабыр басыл­май тұр. Ресей­мен шека­ра­ның Қаза­қстан жағын­да адам күтіп тұрған так­си көп. Олар түні­мен осын­да. «Келіп жатқан­дар көп, қала­мен екі ортаға 7–8 рет барып-келіп үлгер­дік», – дей­ді так­си жүр­гі­зу­шілер­дің бірі.

Ресей­ден Қаза­қстанға өтіп жатқан­дар күрт көбей­ген­нен кей­ін, так­си қыз­метінің баға­сы да өскен. Әдет­те бір адам­ды екі мың тең­ге­ге алып бара­тын жер­ге жет­кі­зу үшін, қазір сегіз мың­нан 15 мың тең­ге­ге дей­ін (1000–2000 рубль) сұрай­ды. Бірақ шека­ра­дан өту үшін 12 сағат кезек­те тұрған Игорь сияқты­лар бұл баға­ны қым­бат­сы­нып жатқан жоқ. 33 жастағы про­грам­мист Орал­дан 260 шақы­рым қашы­қтағы Сама­ра қала­сы­нан кел­генін айтты.

– Адам да көп, көлік те көп. Жаяу өттім. Кеден­де көп сұрақ қой­ма­ды. Қаза­қстан­да туған-туы­сым жоқ. Орал­да таны­сым бар, соған кел­дім. Туған қалам­нан әскер­ге шақыр­ту келіп қала ма деп, амал­сыз кет­тім. Досы­ма шақыр­ту кел­ді, мен әлі алма­дым. Сөздің шыны керек, қоры­қтым, біре­уді өлтір­гім кел­мей­ді, өзім де өлгім кел­мей­ді, – дей­ді Игорь.

Шека­ра­дан өтіп жатқан­дар­дың дені жур­на­ли­стер­мен сөй­ле­су­ге құлы­қ­сыз, олар­дың түрі­нен шар­шаға­ны сезіледі. Сөз­дерін­ше, көбі жолға асы­ғыс-үсі­гіс жина­лып, жылы орны­нан шұғыл кету­ге мәж­бүр болған. Ұшақ билетінің баға­сы төрт-бес есе қым­бат­таға­ны­на қара­ма­стан, түгел саты­лып кет­кен, бар­лық бағы­тқа билет жоқ. Амал­сыз 5–7 сағат тіке­ден тік тұрып, шека­ра­дан жаяу өткен. Қаза­қстан жағы­на өткен ресей­лік­тер жақын маң­дағы кафе­ден жүрек жалғап, мызғып алып жатыр.

«Азаттық» тіл­шісі «Сырым» бекетін­де өткіз­ген бір жарым сағат­тың ішін­де шека­ра­дан негізі­нен үлкен жүк көлік­тері өткен екен. Жеңіл көлік көрін­беді. Бес адам жаяу өтті, бәрі Ресей аза­мат­та­ры. Аты-жөнін ата­мауды өтін­ген кеден бекетінің қыз­мет­кері шека­ра­ның арғы жағын­да 100-ге тар­та көлік тұрға­нын айт­ты. «Әдет­те 10–15 қана көлік бола­тын» дей­ді ол.

– «Қашып кеп жатыр­мыз» демей­ді ғой, «қонаққа кел­дік» дей­ді. Үш күн­нің ішін­де көші-қон қыз­метіне тір­ке­луі керек, сөй­тіп 30 күн Қаза­қстан­да виза­сыз жүре ала­ды. Ал егер осын­да қалғы­сы кел­се, еңбек виза­сын жаса­тып, 90 күн­ге дей­ін қалуға мүм­кін­дік ала­ды, – дей­ді Ресей аза­мат­та­ры­на Қаза­қстан­да жүріп-тұру тәр­тібін түсін­дір­ген кеден қызметкері.

Шека­ра­дан жолы­ққан Вита­лий Орал­да қонақта болып, қазір енді Сама­раға қай­тып бара жатқа­нын айт­ты. Кремль «іші­на­ра моби­ли­за­ция» жари­я­лаған кез­де 48 жастағы Ресей аза­ма­ты Қаза­қстан­да жүрген.

– Моби­ли­за­ция тура­лы естідік. Бірақ қай­да бара­мыз? Үйі­міз сон­да ғой. Бізді әскер­ге шақыр­май­тын шығар деп ойлай­мын. Кеше нара­зы­лы­қтың алға­шқы толқы­ны бол­ды ғой. Адам­дар бәрібір ақы­лға салар. Сая­си жетек­шілер­ге бола адам өлті­ру – ақы­лға қон­бай­тын әрі адам­гер­шілік­ке жат қылық деп санай­мын, – дей­ді Виталий.

Жер­гілік­ті так­си жүр­гі­зу­шілер 23 қыр­күй­ек­ке қараған түні шека­ра­ның арғы бетін­де «қару асы­нып, фор­ма киген адам­дар пай­да болған, ер аза­мат­тар­ды Қаза­қстанға жібер­мей жатыр» деген хабар есті­генін айта­ды. Әзір­ге бұл ақпа­рат­ты ресми орын­дар­дан рас­тау мүм­кін болмады.

Ақтө­бе­ден 100 шақы­рым­нан астам қашы­қта орна­ласқан «Жай­саң» бекеті. Қазір мұн­да да адам көп. Ресей­дің Орын­бор облы­сы­мен шека­ра­дағы бекет­те жүк көлік­тері­мен қатар ондаған жеңіл авто­көлік кезек­те тұр.

Ақтө­бе­де­гі «Экс­пресс» авто­бе­кетін­де Ресей­дің Орын­бор, Сама­ра, Уфа мен Қазан қала­ла­ры­на күн­делік­ті және күна­ра жола­у­шы таси­тын рей­стер бар. 22 қыр­күй­ек­те Ресей­ден кел­ген авто­бу­стар­дан түсіп жатқан­дар ара­сын­да жас жігіт­тер көп екені бай­қал­ды. «Азаттық» тіл­шісі сөй­лес­кен төрт жігіт Уфа­дан кел­генін, енді­гі бета­лы­сы Алма­ты қала­сы екенін айтты.

– Шека­ра жабы­лып қал­май тұрған­да шығып кетей­ік дедік. Мен [әскер қата­ры­на] шақыр­ты­ла­тын­дар сана­ты­на кір­мей­мін, деген­мен жағ­дай әп-сәт­те өзгеріп кетуі мүм­кін ғой. Сон­ды­қтан бір күн­нің ішін­де жина­лып, кетіп қал­дым. «АйТи» сала­сы бой­ын­ша маман­мын, қашы­қтан жұмыс істей­мін, сон­ды­қтан жұмыс­сыз қал­мас­пын деп ойлай­мын. Алма­ты­ға бара жатыр­мыз, жақ­сы қала ғой, – дей­ді 29 жастағы Денис.

Ресей­лік­тер­дің сөзін­ше, шека­ра­дан бері өтер алдын­да өздері сияқты жастар­ды оңа­ша бөл­ме­ге кір­гізіп, жеке басы­на қаты­сты мәлі­мет­тер, моби­ли­за­ция жай­лы, Қаза­қстанға қан­дай мақ­сат­пен бара жатқа­нын сұраған.

Астра­хань облы­сын­дағы /Қазақстанмен шекаралас/ өткі­зу пунк­тін­де кей­ін­гі үш күн­де бір­не­ше шақы­рым­дық көлік кеп­телісі пай­да бол­ды, деп жаз­ды «Азатты­қтың» Татар-Башқұрт қыз­меті. Куә­гер­лер­дің айтуын­ша, 23 қыр­күй­ек­те кеш­ке кезек­тің ұзын­ды­ғы жеті шақы­ры­мға жет­кен. Кезек­те тұру­дың орта­ша ұза­қты­ғы шама­мен 15 сағат.

Ресей­дің өзге елдер­мен шека­ра­сын­дағы сияқты мұн­да да ұзан-сонар кезек «іші­на­ра моби­ли­за­ци­я­мен» бай­ла­ны­сты. Қараө­зек ауы­лын­дағы өткі­зу пунк­ті­нен негізі­нен 18–50 жас ара­лы­ғын­дағы Ресей аза­мат­та­ры өтіп жатыр.

– 24 қыр­күй­ек күн­гі сағат 16.00-дегі жағ­дай бой­ын­ша ұзын­ды­ғы алты шақы­ры­мға созы­лған көлік кеп­телісі пай­да бол­ды, көлік­тер саға­ты­на он метр ғана жыл­жып жатыр. Егер қазір кезек­ке тұр­саңыз, екі тәулік­ке дей­ін күту­ге тура келеді. Көбірек тамақ, су алып алған дұрыс, себебі өткі­зу пунк­тінің маңын­да ғана дүкен бар. Шека­ра­ның Ресей бөлі­гін­де ештеңе сұра­май­ды, тек пас­порт, айып­пұл­дар мен қары­здар тура­лы сұрай­ды. Егер қары­зың жоқ бол­са, жібе­реді. Қаза­қстан жағы да еш бөгет­сіз өткізіп жатыр, – деді кезек­те тұрған ер адам­дар­дың бірінің әйелі.

Куә­гер­лер­дің айтуын­ша, Аст­ра­хань облы­сын­дағы өткі­зу пунк­ті­нен тек аст­ра­ханды­қтар ғана өтіп жатқан жоқ. Кезек­те тұрған­дар ара­сы­нан Мәс­кеу, Ростов және өзге де қала­лар­дың көлік нөмір­лерін бай­қа­уға бола­ды. Моби­ли­за­ци­ядан қашқан­дар негізі­нен жеке көлік­тері­мен неме­се облыс орта­лы­ғы­нан жал­даған так­си­лер­мен келіп жатыр.

21 қыр­күй­ек­те құры­лған Free Kalmykia және «Сво­бод­ная Аст­ра­хань – Аст­ра­хань без вой­ны» бел­сен­ділер тобы әле­умет­тік желілер­де­гі парақ­ша­ла­рын­да көр­ші елге қоныс аударған­дарға заң­гер­лік көмек ұсы­нып, жолға ақша­сы жет­пе­ген аза­мат­тарға ақша да жинап жатыр.

Free Kalmykia бел­сен­ділерінің айтуын­ша, кей­бір аза­мат­тар ұзын-сонар кезек­тен қашу үшін вело­си­пед­ті де пай­да­ла­нып жатыр. Шека­ра­шы­лар олар­ды еш кедер­гісіз өткі­зеді. Ресей­дің Қаза­қстан­мен шека­ра­сын­дағы өзге пункт­тер­де де осы­ған ұқсас жағ­дай қалыптасқан.

Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Путин­нің 21 қыр­күй­ек­те­гі «іші­на­ра моби­ли­за­ция» тура­лы жар­лы­ғы­на сәй­кес, Ресей­дің 18 бен 60 жас ара­лы­ғын­дағы аза­мат­та­ры армия қата­ры­на шақыр­ту алған­нан кей­ін үкі­мет жұм­саған жаққа атта­нуға мін­дет­те­леді. Бағын­баған­дар қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­ла­ды. Путин жар­лы­ғы Ресей қоға­мын­да дүр­бе­лең туғы­зды. Соғы­сқа бару­дан қашып, Ресей­ден виза­сыз баруға бола­тын елдер­ге, оның ішін­де Қаза­қстанға да өткісі келетін­дер саны көбей­ген. Олар­дың ара­сын­да Ресей қаза­қта­ры да бар.

Ресей­де «іші­на­ра моби­ли­за­ция» жари­я­ланған­нан кей­ін Қаза­қстанға нақты қан­ша ресей­лік кел­гені әзір­ге белгісіз.

«Жыл басы­нан бері Қаза­қстанға Ресей­ден 1,66 млн адам келіп, 1,64 млн адам елден шығып кет­кен. Еура­зия эко­но­ми­ка одағы­на мүше мем­ле­кет­тер­дің аза­мат­та­ры­на мем­ле­кет­тік шека­ра­дан өткен күн­нен бастап 90 күн­ге дей­ін Қаза­қстан­да жүріп-тұруға рұқ­сат етіл­ген» деді өткен жұма күні Ішкі істер мини­стр­лі­гі Көші-қон қыз­меті коми­теті төраға­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы Аслан Аталықов.

Қаза­қстан заңын­да көр­сетіл­ген жүріп-тұру тәр­тібін бұзған шетел аза­ма­ты елден шыға­ры­ла­ды және 5 жыл мерзім­ге дей­ін Қаза­қстанға қай­та кіруіне тый­ым салы­на­ды деп ескер­те­ді билік өкілі.

Ресей мен Қаза­қстан ара­сын­дағы шека­ра­ның жал­пы ұзын­ды­ғы 7,5 мың шақы­рым­нан аса­ды, оның бой­ын­да 51 өткі­зу бекеті бар.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн