Пятница , 4 июля 2025

Азамат Шорманханұлы:

Мен «DАТ»-қа

ҚАЛАЙ КЕЛДІМ?

  • Соңғы сегіз жыл­дан бері газеті­міздің бір пұшпағын арқа­лап келе жатқан үзең­гілесі­міз Аза­мат Мол­да­са­нов бұған дей­ін апта­лы­қтың «ДАТ!» және «ДАТ-Диа­лог» айда­ры аясын­да автор-кей­іп­кер­ден сұх­бат ала­тын. Ал «DАТ»-ымыздың 25 жыл­ды­ғы­на арналған осы мере­келік нөмір­де біз Аза­мат­тың өзі­нен сұх­бат алу­ды жөн көрдік.

– Аза­мат, газеті­міздің оқыр­ман­да­ры сені біраз жыл­дан бері «Димаш АЗАМАТОВ» деген жур­на­ли­стік лақап ата­у­мен ғана тани­тын еді. Осы соңғы Пар­ла­мент және қала­лық мәс­ли­хат­тар сай­ла­у­ы­на үміт­кер ретін­де қаты­сып, «чеки­ст­тер­дің» тілі­мен айтқан­да, «лега­ли­зо­вать­ся» еттің. Жақын айна­лаң бол­ма­са, қауым жұрт­шы­лық сенің «ДАТ»-қа «кон­тор­дан» кел­геніңді біле бер­мей­ді. Сон­ды­қтан әңгі­ме­мізді осы мән-жай­ды жария ету­ден бастасақ?

– Мені «ДАТ»-қа жете­леп кел­ген дүние – бой­ым­дағы әділ­дік­ке деген құштар­лық. Ел ара­сын­да «кон­то­ра» деп ата­ла­тын «КНБ»-дан кетуі­ме де сол құштар­лық әсер етті. Адам­ның қалып­та­суы бала күн­нен бастал­май ма, менің аза­мат ретін­де қалып­та­суым алмағай­ып 90-жыл­дар­мен сәй­кес кел­ді. Сол заман­ның басты құн­ды­лы­ғы – осы күні мәні май­ы­сып бара жатқан – сөз бен істің жау­ап­кер­шілі­гі еді.

Деген­мен, өмірім­ді жур­на­ли­сти­ка­мен бай­ла­ны­сты­рам деген жос­пар мен­де мүл­де бол­маған. Тіп­ті мың ұйы­қ­та­сам да, түсі­ме кір­ме­ген. Мені жур­на­ли­сти­каға, оның ішін­де қала­мы­ң­ды қақ­пай­тын тәу­ел­сіз жур­на­ли­сти­каға итер­ме­ле­ген жағ­дай – «кон­тор­дан» кетуім­мен, аны­ғы «кетіру­мен» тіке­лей бай­ла­ны­сты. Тура­сын айтай­ын: тек қана жүрек қала­у­ы­мен әділ­дік үшін шай­қа­сам деп, оппо­зи­ци­яға кел­дім десем, өтірік болар еді. Менің аза­мат­тық өмір­ге ара­ла­суым «КНБ»-дағы бұры­нғы бас­шы­лы­ғым­мен болған ере­гі­стен басталды.

– «КНБ»-ның өз ішін­де де ере­гес болу­шы ма еді?!

– Бұл сұрақтың жау­а­бын қысқа қай­ы­рай­ын. Мен офи­цер аты­на кір кел­тіретін жайт­тарға табиға­тым қар­сы бол­ды. Сол қар­сы­лы­ғым үшін жұмыстан кету­ге мәж­бүр бол­дым. Деген­мен таң­дау алдын­да тұр­дым. Арым­нан аттап, орган­ның қата­рын­да қалу неме­се абы­рой­ым­ды сақтап, жұмыстан кету. Қаза­қта «Атақтан айыр­саң да, абы­рой­дан айыр­ма» деген сөз бар. Сон­ды­қтан екін­шісін таң­да­дым да, әске­ри тіл­мен айтқан­да, «граж­дан­каға» кет­тім. Сол кез­де кім­нің – кім екені бел­гілі бол­ды. Ешкім­нің есі­мін ата­май-ақ қояй­ын. Осы сұх­бат­ты оқы­ған, сол кез­гі мән-жәй­ді білетін бұры­нғы әріп­те­стерім онсыз да түсі­неді. Деген­мен, сый­лап, сеніп жүр­ген адам­да­рым ашып кет­кен айран екен­дерін көр­сет­ті. Керісін­ше, жақ­сы­лық күт­пе­ген адам­дар қол ұшын беріп, қол­дау мен ілти­патта­рын білдірді.

Менің «кон­тор­дан» кет­кенім­ді есті­ген сол кез­гі ата­уы «ҚР Пре­зи­дент күзеті қыз­метінің» бас­шы­лы­ғы маған жұмысқа кіру жөнін­де ұсы­ныс жаса­ды. Әрине, мен ол ұсы­ны­сты қуа­на қабыл алдым. Бірақ менің жұмыстан кетуі­ме себеп болған жоға­ры шен­ділер бұл жос­па­рым­ды біліп қой­ып, ол қыз­мет­ке қабыл­дан­ба­уы­ма әре­кет жасаған соң, әске­ри китель­ді қай­та кию мүм­кін­ді­гі мүл­дем жой­ыл­ды. Оған да бойұсындым.

Отба­сын асы­рау үшін, аза­мат­тық меке­ме­ге жұмысқа тұруға мәж­бүр бол­дым. Әске­ри қыз­мет­те жинақтаған тәжіри­бе және қолға алған іске аса үлкен жау­ап­кер­шілік таны­ту қаси­етінің арқа­сын­да екі жыл­дан соң бас­шы­лық жұмысқа ұсы­ныл­дым. Бірақ бұл жолы да «бұры­нғы доста­рым» сол лау­а­зы­мға тағай­ын­да­луға кедер­гі кел­тір­ді. Кезек­ті аяқтан шалу­ды бұл жолы кеші­ре алма­дым. Қаза­қ­ша айтқан­да, қаным басы­ма шап­ты. Тып-тыныш «граж­дан­ка­дағы» өмірім­ді бұзып, өздері ере­ге­стір­ді. Сол ере­гістің сал­да­ры­нан «Запис­ки быв­ше­го опе­ра КНБ» атты мақа­лам­ды жазып, Ере­ке­ге келдім…

– «Ере­кеңіз» Ермұрат Бапи ма? Таны­сты­қта­ры­ңыз сол мақа­ла­дан басталған екен ғой…

– Жоқ. Ере­кені бұрын­нан тани­ты­н­мын. Жал­пы, жұмысы­ңа адал, әске­ри анты­ңа берік, ниетің таза бол­са, ешкім­нің алдын­да қорқы­ныш деген­ді біл­мей­сің. Мен ұлт­тық қауіп­сіздік орган­да­рын­да жұмыс жасап жүріп, кез кел­ген оппо­зи­ция өкілі­мен ұлт­тық мүд­де, мем­ле­кет­тік құн­ды­лық тура­сын­да ортақ тіл таба біл­дім. Себебі бәрі­міздің көзі­міз ашық, көкіре­гі­міз ояу, көз­де­ген мақ­са­ты­мыз бір – елі­міздің дамып, зама­ны­мы­здың тыныш болуы. Елге төніп тұрған қауіп-қатер­ді түсі­ну үшін, арнайы қыз­мет­те болу шарт емес.

Сол қауіп-қатер­дің қата­рын­да ради­кал­ды діни ағым­дар бар. Бұл қатер­ге жалғыз ғана арнайы қыз­мет неме­се мем­ле­кет­тік орган­дар жеке-дара қар­сы тұра алмай­ды. Ондай қауіп­ке тек қоғам, ел болып қана қар­сы тұруға бола­ды. Сон­ды­қтан өз жұмысым­да көп­те­ген БАҚ өкіл­дері бас­шы­ла­ры­мен таны­сып, ол таны­сты­ғым­ды ел мүд­десіне пай­да­ла­нып, ради­кал­ды экс­тре­мизм­ге қар­сы ақпа­рат­тық жұмысты бір­ге жаса­дық. Ел мүд­десін күйт­те­ген ең өткір мате­ри­ал­дар «ДАТ» газетінің бет­терін­де жарық көр­ді. Өйт­кені оны басып шыға­руға кез кел­ген бас редак­тор­дың баты­лы бар­май­тын. Жаңа айтып өткен «Запис­ки быв­ше­го опе­ра КНБ» атты мақа­лам­ды да тек «ДАТ» қана баса алды.

– Сол үшін бұры­нғы әріп­те­стер­дің тара­пы­нан қуда­лау бол­ма­ды ма?

– Қуда­лау бірін­ші күн­нен, мақа­лам­ды бастыр­маудан бастал­ды. Газет типо­гра­фи­яға жіберіліп, енді басы­лай­ын деп тұрған­да, бұры­нғы әріп­те­стерім типо­гра­фи­я­ның жұмысын тоқта­тып, заң­сыз әре­кет­тер­ге бар­ды. Бірақ Ере­кенің батыл­ды­ғы мен жур­на­ли­стік қауым­да­стық туды­рған резо­нан­стың арқа­сын­да номер жары­ққа шықты. Әлгі мақа­лам­ның жары­ққа шығуы мен үшін прин­ци­пи­ал­ды маңы­зды еді. Сөй­тіп, есеп ҰҚҚ – Аза­мат 1:1 бол­ды. Еттің қызуы­мен артын­ша тағы бір­не­ше мақа­лам жарық көр­ді. Тіп­ті сол кез­де­гі дүр­кіреп тұрған «Рес­пуб­ли­ка» сай­ты­на сұх­ба­тым да шықты. Жасыр­май­мын, елдің мұңын төте айту өзі­ме қат­ты ұна­ды. Көп толған­бай, «ДАТ»-тың редак­ци­я­сы­на келіп, Ере­ке­мен ойым­ды бөлісіп, жур­на­ли­сти­ка­дағы шәкір­ті болуға ұсы­ныс жаса­дым. Ере­кең де бетім­ді қай­тар­ма­ды. Сөй­тіп, ұстаз-шәкірт болға­ны­мы­зға биыл сегіз жыл болды.

– «Быв­ших чеки­стов не быва­ет» деген сөз ше?

– Ол қалып­та­сып қалған алдам­шы сте­рео­тип. Деген­мен, тура­сын айтай­ын. Офи­цер құн­ды­лы­қта­ры сенің үстің­нен сыпы­ры­лған китель­мен бір­ге шешіліп қал­май­ды. Ол құн­ды­лық сенің бой­ы­ң­да. Сенің санаң­да. Мен бала күнім­нен «Офи­це­ры», «Место встре­чи изме­нить нель­зя», «Сем­на­дцать мгно­ве­ний вес­ны» секіл­ді фильм­дер­ді көріп өсіп, офи­цер осын­дай болуы керек деген қаси­ет­тер­ді бой­ы­ма сіңір­гем. Кез кел­ген офи­цер заң­сыздық пен әділет­сіздік­пен кез­дес­се, әре­кет жаса­уға мін­дет­ті. Айты­ңыз­шы, осы мін­дет­тің газет­те­гі жұмыстан қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар? Оның үстіне «ДАТ»-ты «Сол­ДАТ» кезін­де сту­дент болып жүріп оқи­ты­н­мын. Не деген батыл басы­лым деп таңы­рқай­ты­н­мын. Енді сол батыл газет­тің шеф-редак­то­ры болып жүр­мін. Ол мен үшін үлкен мәртебе.

– Оппо­зи­ция тара­пы­на өту­ге бұры­нғы бас­шы­лы­ғы­ңы­з­бен болған ере­гі­стен басқа өзге себеп бар ма?

– Әрине. Мына нәр­сені мой­ын­дай­ық. Ел басы­на қиын-қыстау күн туса, өзге ұлт­тар­дың барар жері бар. Тіп­ті бай-қуат­ты қаза­ғың да елден сол күні кетіп қала­ды. Әйт­пе­се шетел­ден вил­ла мен пәтер­лер­ді не үшін алып жатыр дей­сіз?! Елде қала­тын сол – баяғы жалаңа­яқ қазақ. Сол жалаңа­яқ қаза­қтың бірі мен­мін. Отба­сым­ды шетел­ге алып кете алмай­мын. Сон­ды­қтан бала­ла­рым қала­тын елім­нің ертеңі мен үшін бәрібір емес.

– Бүгін­де елге қауіп төн­діріп тұрған басты қатер не деп ойлайсың?

– Жемқор­лық, жау­ап­сыздық және бүкіл сала­дағы кәсі­би­лік­тің құл­ды­ра­уы. Мен бір сөзім­де: Қаза­қстан­да туы­лған­нан бастап, өлген­ше пара беріп өту­ге мәж­бүр­сің деп айтқан­мын. Бұл ащы шын­дық. Аяғы ауыр әйеліңді дұры­стап қара­там десең – иә таны­сың болуы керек, иә ақша беру керек. Әрі қарай бала­бақ­шаға, жақ­сы мек­теп­ке орна­ла­сты­ру, «ЕНТ» мәсе­лесін шешу, жақ­сы жұмысқа тұру, жұмыс саты­сы­мен өсу, … ең соңын­да морг­та денені аштыр­мау неме­се Алма­ты­ның «Кең­сай­ын­да» жер­леу үшін де пара бересің.

Мысал үшін, алы­сқа бар­май, білетінім­ді айтып кетей­ін. Отба­сын асы­рау үшін, құры­лыс сала­сын да мең­ге­ру­ге тура кел­ді. Жемқор­лық дегені­міз үйдің фун­да­мен­тін құю­дан баста­ла­ды. Құры­лыс ныса­ны­на кел­ген бето­но­ме­шал­ка­лар­дағы бетон сапа­сы «Абрамс кону­сы» деген шелек­пен тек­серіледі. Бетон­ды құяр алдын­да әлгі шелек­ке бетон­ды тол­ты­рып, жер­ге төң­ке­реді. Бетон­ның жай­ы­лу биік­ті­гінің өз нор­ма­ла­ры бар. Егер ол нор­ма­ларға сәй­кес кел­ме­се, бетон брак­та­лып, зауы­тқа кері қай­та­ры­луы тиіс. Ол үлкен шығын, құры­лыс­шы­лар үшін де «про­стой» бола­ды. Оның бәрін қадаға­лап, шешім шыға­ра­тын – тех­ни­ка­лық бақы­лау қыз­меті. Сон­ды­қтан тех­над­зор­дың көзін жабу үшін, про­раб пен бетон зауы­ты­ның өкілінің қал­та­сын­да алдын ала дай­ын­дап қой­ған «рақ­мет­тері» бола­ды. Сон­дай бетон­нан үй соғып, оны ипо­те­каға алға­ны­мы­зға мәз­біз. Ертең жер сіл­кін­се, не бола­рын бір Жара­ту­шы мен әлгі «тех­над­зор» ғана біледі.

Осы кеше­гі мысал. Мәжіліс­ке жаңа жай­ғасқан «Ауыл» пар­ти­я­сы­ның өкілі Жигу­ли Дай­ра­ба­ев­тың ұлда­ры­ның ауыл шару­а­шы­лық суб­си­ди­я­ла­рын жымқыр­ды деген істі алы­ңыз. Осын­дай жағ­дай­да ел бола­мыз ба?!

Мем­ле­кеті­міздің құл­ды­ра­уы­ның басты себеп­терінің бірі – кәсі­би­лік­тің құл­ды­ра­уы. Ол құл­ды­рау бар­лық салаға қаты­сты. Үкі­меті­міз – соның айна­сы. Мен попу­ли­стік ұран­дар­дан аулақпын.

Деген­мен, мұнай­лы ел бола тұра, тәу­ел­сіздік алға­лы бері бір­де-бір жаңа мұнай өңдеу зауы­тын іске қос­пай, енді келіп жанар-жағар­май тап­шы­лы­ғын көріп отыр­мыз. Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын – Кры­ло­втың «Инелік пен құмыр­сқа» аңызы­мен салы­сты­руға әбден лай­ық. Тек Алма­ты­ны алай­ық. Бұры­нғы өндіріс зауыт­та­ры мен фаб­ри­ка­лар­дың орны­на ойын-сауық, сауда нысан­да­ры мен бір-бірі­мен жары­сқан той­ха­на­лар бой көтерді.

Бүкіл отыз жылы­мыз той-той­ла­у­мен өтті. Енді келіп, бен­зин мен сәләр­кінің баға­сын қым­бат­тат­па­сақ бол­май тұр деген әңгі­ме – был­жы­рақ. Мына цифр­ланған заман­да, өз халқын жанар-жағар­май­ды қол жетім­ді баға­мен қам­та­ма­сыз етудің еш қиын­ды­ғы жоқ. Жанар-жағар­май қым­бат­шы­лы­ғы бүкіл нәр­сенің қым­бат­та­уы­на әке­летіні сөз­сіз. Кезек­ті қым­бат­тау – жығы­лғанға жұды­рық болай­ын деп тұр.

– Соңғы өткен сай­лау дода­сы­на Ере­ке­мен бір­ге сен де түсіп, Алма­ты қала­сы­ның мас­ли­ха­ты­на үміт­кер бол­дың. Үмітің ақталмады…

– Жеке өз басы­ма келер бол­сақ, бұл сай­ла­удан жоғал­тқа­ным­нан гөрі, тапқа­ным көбірек бол­ды. Мен кез кел­ген іске мак­си­мум және мини­мум бағ­дар­ла­ма­сы тұрғы­сы­нан қарай­мын. Мак­си­мум бағ­дар­ла­ма­сы іске аспа­са да, мини­мум бағ­дар­ла­ма­сы аясын­да тәжіри­бе жинақтап, үміт­кер­лер­ден құралған жақ­сы адам­дар коман­да­сы­ның мүше­сі бола алдым.

Ал өткен сай­ла­у­ға халық тұрғы­сы­нан қарай­тын бол­сақ, кезек­ті алдау бол­ды. «Қаңтар оқиға­сы­нан» кей­ін бұқа­ра халық екі­ге бөлін­ген еді. Бірі – пре­зи­дент Тоқа­ев жария еткен «Жаңа Қаза­қстанға» сенім арт­са, екін­ші бөлі­гі күдік­тен әлі айы­рыл­маған. Шыным­ды айт­сам, мен де сен­ген едім. Бұры­нғы сай­ла­у­лар­да дауыс ұрлау бол­са, бұл жолы анық тонау болды.

– Ал біздің Ере­ке ше, Мәжіліс­ке өтті ғой?

– Билік бір­бет­кей беті­нен айны­маған біздің Ере­кеңді бұрын да мой­ын­даған. Сон­ды­қтан Ермұрат Бапи сияқты бір­не­ше тәу­ел­сіз кан­ди­дат­ты өткізу­ге мәж­бүр бол­ды. Олай жаса­маған­да, мүл­де масқа­ра болар еді.

– Өзің пре­зи­дент Тоқа­евқа сенесің ба?

– Сен­гім келеді, әрине, бірақ сенім­нен гөрі күдік басым. Бұл жер­де мәсе­ле тек Тоқа­ев­та емес. Мәсе­ле – мүд­де­лес және жақ­тас адам­дар­да. Егер шынайы өзгерістер­дің нәти­же­сі керек бол­са, коман­да­дағы бұры­нғы адам­дар­ды ауы­сты­ру керек. Ал ауы­сты­ра­тын жаңа адам­дар билік­те жоқтың қасы. Себебі соңғы отыз жыл бойы адам­дар кәсі­би дей­гей­мен емес, таны­стық, туы­стық, жағым­паз­дық тұрғы­сы­нан ірік­тел­ді. Нәти­же­сін­де кері селек­ци­яға ұшы­ра­дық. Сон­ды­қтан Тоқа­ев қан­ша тырыс­са да, ескі­ден қалған коман­да­сы­мен алы­сқа шаппайды.

– Елде­гі жағ­дай­ды түзеу үшін, не қажет деп ойлайсың?

– Ел бола­мыз десек, бірін­ші кезек­те демо­кра­ти­я­лы, әділ заң­дар­ды қабыл­дап, сол заң­дар­дың дик­та­ту­ра­сын орна­ту қажет. Заң алдын­да етік­шінің бала­сы да, әкім­нің бала­сы да бір­дей жау­ап беруі керек. Әділ­дік осы­дан басталады.

Жағ­дай­ды түзеу үшін, бар­лық сала­да әділ, таза бәсе­ке­ле­стік­ке жағ­дай жасау керек. «Сен – тұр, мен – атай­ын» деген жақ­сы­ның-жақ­сысы топ­ты жарып, өз сала­сын­да еңбек атқар­са, нәти­же бола­ды. Бірақ авто­ри­тар­лы жүй­енің табиға­ты оған жол бер­мей­ді. Жақ­сы­ны тамы­ры­нан қиып оты­ра­ды. Өзі­нен ақыл­ды­ны, өзі­нен мықты­ны басқа­ру ісіне жолат­пай­ды. Бұл жағ­дай­да бола­шақ бұлы­ңғыр болады.

Соны­мен қатар біз­ге қоғам­ды бірік­тіретін ортақ идея қажет. Менің ойым­ша, Қаза­қстан­да тұра­тын бар­лық адам­дар­ды бірік­тіретін идея – бір тіл, бір ұлт иде­я­сы. Оған көзім талай рет жет­кен. Қазақ өзіне құр­мет көр­сет­кен­ді қашан да төріне шығарған. Қаза­қстан­да тудың ба, қазақ тілін мең­гер­дің бе – бол­ды, сен қаза­қ­сың. Ұлтың кім екені маңы­зды емес.

Мен­де өзге ұлт өкіл­дері ара­сы­нан доста­рым көп. Жүр­ген жерім­де айтып жүре­мін. Қазақ тілін мең­гер­сең­дер, Қаза­қстан­дағы кез кел­ген есік­ті аяқ­пен теуіп ашып кіресің­дер, кез кел­ген қаза­қтың жүре­гі сен­дер үшін ашық бола­ды, қазақ тілі сен­дер­ге қорған бола­ды деп.

Бірақ тіл­ді күш­теп, мәж­бүр­леп үйре­те алмай­сың. Ол махаб­бат секіл­ді. Сен бір қызға: «Ешнәр­се біл­мей­мін, бірақ сен мені ертең­нен бастап жақ­сы көресің» деп айтып көр­ші, не болар екен? Ал егер сен өзіңе ұнаған қызды өзіңнің бой­ы­ң­дағы жақ­сы қаси­ет­терің­мен қара­та алсаң, ол қыз сен үшін барын жасай­ды. Мем­ле­кет те солай. Әділ заңы бар, өз аза­мат­та­ры үшін жағ­дай жасап бер­ген мем­ле­кет үшін аза­мат­тық қай­та­рым бола­ды. Ондай мем­ле­кет­тің тілін біл­меу – ерсілік болып қабыл­да­на­ды. Ондай мем­ле­кет­тің тілін үйрен­бек тұр­мақ, өміріңді қия­юға бара­сың. Біз­ге осын­дай ұлт­тық иде­я­лар керек. Сон­да ел бола­мыз, сон­да бала­ла­ры­мыз бен елі­міздің бола­шағы­на уайымдамаймыз.

Сұх­ба­ты­ңа рақ­мет, тасың өрге домаласын!

Айсу­лу ОСПАН,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн