Пятница , 4 июля 2025

БІЗ КӨРМЕГЕН ҚОРЛЫҚ БАР МА?

  • «Бұл «ДАТ» газетіне қалай кел­дің?» деп, менің мұн­да 25 жыл­дан бері үзіліс­сіз жүр­гені­ме таңы­рқап сұрай­тын­дар бар.

Мен «Датқа» кел­мес бұрын, Алма­ты­дағы «Тастақ» база­рын­да арба сүй­реп, күн­дік нәпақам­ды тауып, жұмыс істеп жүр­дім. Ол кез­де мен әлі бой­дақ­пын, аға-жең­гем­мен бір­ге олар­дың бір бөл­мелі жатақ­ха­на­сын­да тұр­дым. Алма­ты­ға жаңа­дан кел­ген кезім, қала­ны да дұрыс білмеймін.

Сөй­тіп, «Тастақта» тәш­кі сүй­реп жүр­генім­де, Мәлік Мамыр­ба­ев деген жер­лес досым «бос кезің­де менің қасы­ма келіп, ком­пью­тер үйрен­сең­ші» деп ұсы­ныс жаса­ды. Ақы­лын алдым, жұмысы­на барып жүр­дім. Бірақ ком­пью­тер­дің не екенін де біл­мей­мін. Ол жұмысын жасай­ды, мен қасын­да қарап оты­ра­мын. Сөй­тіп жүріп, менің үйрен­генім тек теру ғана бол­ды. Оның өзін де қатырмаймын.

1998 жылы ол жоға­ры оқу орны­на оқуға түсіп кет­ті. Мен бол­сам, қай­та­дан сол баяғы арба­ке­шті­гім­де жүр­мін. Соны­мен ара­да бір­не­ше ай өткен соң, әлгі досым келіп тұр. «Мен жұмысқа тұр­дым, бір газет шыққа­лы жатыр екен, менің қасым­да болғын, мен сабақта болған­да, сен сон­да оты­рып бер­сең бол­ды, ақша­ны бөліп ала­мыз», – деді.

Сөй­тіп, ол орна­ласқан «Дат» газетіне кел­дім. Ол кез­де бас редак­то­ры – Шәріп Құрақ­ба­ев (марқұм) екен. Менің жұмысым сол – досым кел­ген­ше, орнын ауы­сты­ра тұру бол­ды. Бір күні Шәкең шақы­рып алып, «еке­уіңнің біре­уің ғана қала­сы­ң­дар» деді. Оған дос жігіт сабағын тастай алмай­ды, ал мен бол­сам, жөн­деп газет бет­те­уді де біл­мей­мін. Не керек, еке­умізді де жұмыстан босатты.

Бір күні көше­де «ДАТ»-тың жау­ап­ты хат­шы­сы кезі­гіп қал­ды. «Біз­ге жұмысқа келесің бе, баяғы «Дат» газетіне?» – деді. Айлы­ғын сұрап едім, тәп-тәуір екен. «Мені алмай­ды ғой…» дей беріп едім: «Уай­ым­да­ма, қазір бас­шы­мыз басқа кісі», – деді.

«Басқа кісі» дегені – Ермұрат Бапи екенін ертеңін­де жау­ап­ты хат­шы­ның ұсы­ны­сы­мен жұмысқа кел­ген­де біл­дім. Таны­стық. Ұмыт­па­сам, дәл сол 1998 жыл­дың тамыз айы­ның орта­сын­да Рахат Әли­ев­тің «фин­пол» жен­дет­тері «ДАТ»-та мас­ка-шоу шабуыл жасап, редак­то­ры Шәріп Құрақ­ба­евқа қыл­мыстық іс қозғап кет­кен. Бұған дей­ін газет­тің шығуы­на сырт­тан бақы­лау жасап жүр­ген Ермұрат Бапи бас­шы­лы­ққа келіпті.

«Біз газет­ті 36 бет қылып шыға­рай­ық деп жатыр­мыз, бет қат­та­уды білесің бе? Вер­сталь­щик керек боп тұр», – деді Ерекең.

«Иә, білем…» – дедім сөзім­нің соңын­да күміл­жіп. Сон­дағы білетінім шама­лы, бірақ жалақы­сы тәуір болған соң, тәу­е­кел­мен айта салдым.

«Енде­ше мына бет­ті жасап қой, біраз­дан кей­ін келіп көрем!» – деп, Ере­кең каби­нетіне кіріп кет­ті. Ол кісі кел­ген­ше, әйте­уір басқа­лар­дан сұра­с­ты­ра жүріп, бет­ті қат­тап қой­дым. Біраз­дан кей­ін Ере­ке кел­ді де, жасаған бетім­ді қарап шығып: «Бәре­кел­ді, ертең­нен бастап бұй­рық шыға­ды, жұмысқа кіріс!» – деген­де, төбем көк­ке бір-ақ елі жет­пей қуан­дым. Сөй­тіп, 1998 жыл­дың 20 тамы­зы­нан бастап «Датқа» бет қат­та­у­шы болып қабыл­дан­дым. Қара­ша айын­да сот­тың шеші­мі­мен «Дат» жабы­лған­ша, сол жер­де жұмыс істедім.

Бізді аңду­шы­лар көп: тех­ни­ка­мы­зды түн­де­летіп көлік­ке тиеп, апта сай­ын орын ауы­сты­ра­мыз. Редак­ция – бір орнын­да оты­ра­ды, ал біз – газет қат­та­у­шы­лар жасы­рын пәтер­лер­де дымы­м­ы­зды шығар­май, газет жасай­мыз. Ермұрат Бапи жетек­шілік­ке кел­ген соң, газет апта­сы­на үш рет шықты. Қат­та­у­шы­лар­да дема­лыс жоқ, астыр­тын жұмыстың қызы­ғы­на кірісіп кет­тік. Жатар орны­мыз да, асха­на­мыз да – жасы­рын пәтерде.

Газет­тің бір тира­жы – 35 мың, апта­сы­на 105 мың тираж шыға­ра­мыз. Сол бір шыққан 35 мың­ды газет тара­ту­шы­лар түн­де­летіп, жүр­гелі тұрған пой­ы­здар мен «питак­тар­да» тұрған «Камаз­дарға» тией­ді. Облыс орта­лы­қта­рын­да кел­ген тираж­ды күтіп алып, оны оқыр­манға жет­кі­зетін, ары қарай аудан­дарға жөнел­тетін арнайы адам­дар бол­ды. Олар да жасы­рын жұмыс істеді.

  • Менен бүгін­де «Бақыт­гүл Мәкім­бай апай­ы­ң­сыз қалай жүр­сің?» деп сұрай­тын­дар да бар. Жүре­гім қан­жы­лап оты­рып, апай­ым­ның жоқты­ғы жаны­мы­зға батып жүр­генін айтып беремін.

Арада бір апта өткен­де Бақыт­гүл апай­ым­мен таны­стым. Ере­кең ерке­летіп, «Бақан», «Бақаш», «Бақалөк» деп атай­тын апай­ым менен бір жеті­ден кей­ін жұмысқа кіріп­ті. Ол кез­де біздің ком­пью­тер­лік орта­лық жур­на­ли­стер­ден бөлек оты­ра­мыз. Қауіп­сіздік үшін редак­ция кең­сесі бөлек бола­тын: біз қала­ның бір шетін­де, олар басқа шетін­де бол­ды. Редак­ция жур­на­ли­стері біздің қай­да оты­ра­ты­ны­мы­зды білмейтін.

Бір күні Ермұрат аға­мыз: «Қат­талған бет­тер­ді алып кел» деген соң, редак­ци­яға кел­дім. Бақыт апай­ым­мен, Ғалым­жан Мұқа­нов, Құмар­бек Қыбы­ра­ев, Айгүл Ома­ро­ва сын­ды мықты жур­на­ли­стер­мен сон­да – редак­ци­яда таныстым.

Сөй­тіп жүр­ген­де, сот­тың шеші­мі­мен газет­ке 500 мил­ли­он тең­ге айып салы­нып, Шәріп ағаға қыл­мыстық іс қозға­лып, қара­ша айы­ның соңын­да «Даты­мы­зды» жауып тынды.

Ара­да 5–6 ай өткен­нен кей­ін, «Сол­ДАТ» газеті ашыл­ды. Ол газет­тің «сол­дат» – «әскер» емес, «сол – бағы ДАТ» екенін бүгін­гі ұрпақ біл­мес, бірақ 25 жыл бұры­нғы оқыр­ман бір­ден біл­ді. Алға­шқы нөмір­ден бастап 25 мың тираж­бен шықтық.

Бақыт апай­ым­мен осы тұста етене ара­ла­сып кет­тік. Ол мені өзінің бауы­рын­дай көріп, мен оны өзім­нің апай­ым­дай қат­ты сый­лап, ара­лас-құра­лас болып кеттік.

Бастан қан­ша­ма қызы­қты да қиын күн­дер өтті ғой. Осы «СолДАТ»-та жүр­генім­де 1999 жылы мен үйленіп, отба­сын құр­дым. Жол­да­сым Шығы­стың Тар­баға­тай­ы­нан бол­ды. Ерағам – Зай­сан­нан, Бақан апай­ым – Ақсу­ат­тан, Тар­баға­тай­дың екі қап­та­лын­дағы көр­шілес аудан­дар. Сон­ды­қтан мені Бақыт апай «күй­еу» деп те ерке­летіп қоя­тын. Осы «СолДАТ»-та жүріп, ең бірін­ші қызым дүни­е­ге кел­ді. Оны пер­зент­ха­на­дан шыға­рып алған да – осы аға-апай­ла­рым бола­тын. Атын Құра­лай деп Әке­жан Қажы­гел­дин қой­ған. Қызым­ды «СолДАТ»-тың қызы дейміз.

Бақыт­гүл апай еке­уі­мізді ұрып-соғып, қол-аяғы­мы­зды скот­ч­пен бай­лап, редак­ци­я­ны түгел­дей көз алды­мы­зда тонап кет­кен де кез бол­ды. 2002 жыл­дың 21 мамы­рын­да редак­ци­я­мы­зға қарақ­шы­лық шабуыл жасал­ды. Сол күні «Таң» теле­ар­на­сы­ның фидерін (тарел­ка­сын) снай­пер атып кет­кен еді, Ере­кең соған бай­ла­ны­сты митин­гі­ге кет­кен. Мен жұмысқа әдет­те жай киім­мен бару­шы едім, сол күні бір той­ға бара­тын­дай болып, костюм-сым киіп алғам. Ол кез­де Бай­за­қов пен Тими­ря­зев көше­лерінің қиы­лы­сын­да жеке пәтер жал­дап жұмыс жасай­тын­быз. Ол редак­ци­я­ны Ере­кең, Бақыт­гүл апай­ым, мен және Зей­драхым деген (бүгін­де марқұм болып кет­ті) ком­пью­тер­ші жігіт қана білетін. Төр­те­уміз­де төрт кіліт бар. Біздің қай­да жұмыс жасай­ты­ны­мы­зды тіп­ті автор­ла­ры­мы­здың өздері де біл­мей­тін. Құпи­я­лық үшін редак­ци­я­ның мекен­жайы газет­те жазылмайтын.

Түс­ке таман есік­ті ашып, Бақыт­гүл апай­ым кіріп кел­ді. Ере­кең де келіп қалар деп, шай жөн­де­у­ге кірісіп кет­ті. Мен ком­пью­терім­ді шұқы­лап отыр­мын. Бақыт­гүл апай­ым да көңіл­ді, ол кісі де мен сияқты той­ға кел­ген­дей, әде­мі көй­ле­гін киіп, шашын сән­деп алыпты.

Содан не керек, сөй­тіп оты­рған­да, есік­ті тыр­сыл­да­тып, біреу кілт­пен ашып жатыр. Апай­ым: «О, міне, Ере­кең де кел­ді!» – деп есік­ке қарай жүрді.

Сөйт­сек, Ере­кең деп жүр­ген­дер басқа жігіт­тер болып шықты. Апай­ым есік­ке жақын­дай бер­ген­де, маң­дай­дан бір-ақ ұрып, шалқа­сы­нан түсір­ген ғой. Мен айна­лып үлгер­ген­ше, біре­уі мені де шалқам­нан түсір­ді де, тез­детіп бетім­ді костю­мім­мен бүр­кеп таста­ды. Содан мені ұра баста­ды. Оны көр­ген апай­ым ыза­ла­нып, әлгілер­ді боқтай жөнел­ді. «Оған тимең­дер, нелерің бар, ол жай ғана ком­пью­тер­щик», – деді. Олар ұрып жатыр: «Сен­дер­ге ескерт­тік қой, арт­та­ры­ң­ды қысы­ң­дар деп!» – біре­уі мені одан сай­ын ұру­да. Содан қол-аяғым­ды скот­ч­пен орай баста­ды. Апай­ым­ды диванға оты­рғы­зып қой­ды. Костюм­нің саңла­у­ы­нан апай­ым­ның аяғын көрдім.

Содан апай­ым орыс­ша­лап: «Пусть ваш Назар­ба­ев сгни­ёт!» дегені сол еді, біре­уісі тұр­ды да, мына­ны алып кет­ші деп бұй­рық бер­ді. Екін­шісі келіп апай­ым­ды жер­ге құлат­ты да, екін­ші бөл­ме­ге шашы­нан сүй­рей жөнел­ді. Апай­ым­ның тұр­па­ты да ірі ғой, анау малғұн­дар шашы­нан сүй­ре­ген­де, апай­ым шыңғы­рып жібер­ді. Содан мен «өлген жері­міз осы ғой» деп ойла­дым. Ішім­нен апай­ым неге өйтіп айта қал­ды екен, соған ыза­ла­нып, енді бұлар өлтіріп қой­ма­са бол­ды дей­мін. Бір-екі минут­та апай­ым­ның үні шық­пай қал­ды. Мына сұмы­рай­лар өлтір­ді ғой деп ойла­дым. Содан олар ком­пью­тер­лер­ді, газет­тің түгел архив­терін, доку­мент­терін сыр­тқа таси баста­ды. Менің қал­там­дағы жолға деген ақшам­ды, қолым­дағы неке жүзі­гім­ді, не бар – соның бәрін тып-типыл­дай сыпы­рып алды. Ара­сы 5 минут­та бөл­мені тап-таза қыл­ды ғой. Шықты да, есік­ті сыр­ты­нан іліп кетіп қалды.

Содан мен қолым­ды әрең деген­де шешіп, екін­ші бөл­ме­де жатқан апай­ы­ма жүгір­дім. Қара­сам, апай­ым­ның да қол-аяғын аузы­на дей­ін скот­ч­пен орап тастап­ты. Бай­ла­удың бәрін шешіп, Бақыт апай­ым­ды боса­тып алдым. Апай­ым бір­ден теле­фон­ды бер, Ере­кең­дер­ге зван­дай­мын дей­ді. Бірақ қарақ­шы­лар жұмыс теле­фонға дей­ін сыпы­рып кет­кен ғой. Ол кез­де сото­вый деген біз­де жоқ. Сум­ка­сын қарап еді, сум­ка­сы пустой ғой, пома­да­сы­на дей­ін алып кеткен.

Апай­ым одан сай­ын жылай­ды. «Не бол­ды, апай?» десем: «Оңбаған сор­лы­лар, саған пәте­рақы­сын төлесін деп, көр­ші­ден қары­зға ақша алып едім, соны да алып кетіп­ті» дей­ді. Сол кез­де қара­саңыз­шы, өзі таяқ жеп жат­са да, маған деп алып кел­ген ақша­ны алып кетіп­ті!» деп мені ойлап, жылап отыр ғой. «Ой, апай, қой­ы­ңыз енді, өзі­міз аман­быз, соған шүкір­шілік!..» – дедім.

Содан не керек, асты­на жүгіріп түстік. Ондағы ойы­мыз – митинг өтіп жатқан жер­ге, Ере­кеңе тезірек жетуі­міз керек, жур­на­ли­стер­ге барып, болған бар жағ­дай­ды айтқы­мыз келді.

Сөй­тіп көше­ден көлік тоқта­та баста­дық, бірақ қал­та­мы­зда көк тиын жоқ. Деген­мен, бір так­си тоқта­ды, жүр­гі­зу­шісіне сол жер­ге барған­да, ақшаң­ды бере­міз дедік. Соны­мен салып ұрып, митинг өткен жер­ге кел­дік. Гүл­жан Ерға­ли­е­ва апай­ы­мыз бізді көріп, жаны­мы­зға жетіп кел­ді де, жүр­гі­зу­ші­ге ақша­сын төлеп, бір­ден Ере­кеңе теле­фон шал­ды. Ермұрат аға біз­ден мән-жай­ды естіп-біл­ген соң, лез­де пресс-кон­фе­рен­ция өткізді. Поли­ция қыз­мет­кер­лері мен жедел жәр­дем қыз­мет­кер­лерін шақырт­ты. Бақыт­гүл апай­ы­мы­зды шұғыл түр­де емха­наға алып кет­ті де, мені № 12 қала­лық емха­наға апар­ды. Бірақ артым­нан поли­ция қыз­мет­кер­лері бір­ге кел­ді. «Сенен түсінік­те­ме ала­мыз, қазір осы емха­на­дан шыққан соң, бөлім­ше­ге бара­мыз», – деді.

Емха­наға кір­ген кез­де есі­ме жол­да­сым­ның үйді торуыл­дап жүр­ген бөтен­дер­ді көр­дім дегені есі­ме түсіп кетіп, отба­сым­ды уай­ым­да­у­мен бол­дым. Не де бол­са, тез­детіп үйге жетуім керек деп ойла­дым. Сөй­тіп орным­нан тұр­дым да: «Менің еш жерім ауы­рып тұрған жоқ…» – деп, поли­ция қыз­мет­кер­лері­мен бір­ге «РОВД»-ға бар­дық. Сол жер­ге сағат кеш­кі 4–5 кез­дері барған адам­ды түн­гі сағат 11-лер шама­сын­да үйі­ме әзер жібер­ді. Түн­нің орта­сын­да тез­детіп Абай көше­сінің бой­ы­на кел­дім, қал­там­да көк тиын жоқ. Бағы­ма орай, 19-трол­лей­бус келе жатыр екен, бірақ ішін­де адам­да­ры жоқ. Соған қол көтеріп едім, тоқтай қал­ды. Оларға да жағ­дай­дың бәрін түсін­діріп, қал­там­да ақшам жоқ екенін айтып едім, біз парк­ке кетіп бара­мыз, оты­рып ал деді. Олар Рысқұ­лов – Пет­ров қиы­лы­сын­дағы парк­теріне бара­ды екен, мені Рай­ым­бек – Пет­ров қиы­лы­сы­на дей­ін жет­кізіп тастады.

Үйі­ме кел­сем, дар­ба­за­ның есі­гін үй иесі ашты. Қап, бұл кісі менен пәте­рақы­ны сұрай­тын бол­ды десем, мені ұрып кет­кенін олар теле­ди­дар­дан көріп­ті. Пәте­рақым­ды кешіретінін айтып, асты-үсті­ме түсті. Соны­мен үйі­ме келіп отба­сым­ның аман екенін көр­ген соң, «уһ!» деп демім­ді алдым ғой. Міне, осын­дай да жағ­дай­лар болған еді.

  • Соңғы кез­дері «бұл газет­тен неге кет­пей­сің, бала-шағаң өсіп келе жатыр, тір­лік жаса­май­сың ба?» деген сөзді де жиі ести­мін. Бірақ «кету» менің еркім­нен тыс мәсе­ле екенін кім­ге түсін­діруім мүмкін?

Осы соққы­дан кей­ін Ере­кең бізді 1 айға дема­лы­сқа жібер­ді. Себебі газет жасай­тын ком­пью­тер­лер­ді Рахат­тың бан­дит­тері тонап әкет­кен. Бақыт­гүл апай бол­са емха­на­да жатыр. Содан мен отба­сым­ды алып, ауы­лға кет­тім. Шешем ол кез­де тірі бола­тын, бар­лық болған жағ­да­ят­ты естіп­ті. «Балам, осы қиын газет­ті таста­шы, басқа да жұмыстар бар ғой…» деген сыңай­лы ойын айтты.

Бірақ мен сол қарақ­шы­лық шабуыл­дан кей­ін өзім­ді одан сай­ын батыл­ды­рақ сезін­дім бе, біл­мей­мін, әйте­уір газет­тен кету тура­лы ойы­ма да алма­дым. «ДАТ»-ты тастап кет­сем, қоға­мға сатқын­дық жасаған­дай бола­тын сияқты сезім­нің күй­ін кештім…

Кей­ін­нен тағы бір­де мені бір топ бел­гісіз жігіт­тер теп­кілеп, соққы­ға жығып, қала­ның сыр­ты­на апа­рып тастаған екен. Екін­ші күні Ермұрат аға мен Бақан апай поли­ция арқы­лы мені тауып алып, Алма­ты облы­стық ауру­ха­на­сы­на жатқы­зды. «Раз­вил­ка­дағы» емха­на­да 1 ай емдел­дім. Жағым­ды сын­дыр­ды, басы­ма соққы алға­ным бар, миым шай­қалған… дегендей.

Оның бәрі өткен шақ­пен кет­сін делік.

Деген­мен, бар­лы­ғы өтті-кет­ті ғой, енді, міне, «ДАТ»-тың 25 жыл­дық мерей­той­ы­на да жет­тік. «Дат» газет­тер жоба­сын 25 жыл басқа­рып келе жатқан Ер-аға­ма тек жақ­сы­лы­қтар тілей­мін! «Біздің де ауыл­да той бола­ды…» деуші едік, міне, сол той­ға да жет­тік. Ере­кең Пар­ла­мент мәжілісінің депу­та­ты бол­ды. Тек өкіні­штісі – осы күн­ге жете алмай кет­кен Бақыт­гүл апай­ым­ның жаны жан­нат­та бол­сын. Бақыт­гүл апай­ым­ның ыстық алақа­нын, басым­нан иіс­кеп: «Құлы­ным-ай!» дей­тін жылы сөз­дерін қат­ты сағы­нып жүрмін…

Кен­же­тай АЙТБАКИЕВ,

«ДАТ» газет­тер жоба­сы­ның жау­ап­ты хатшысы,

«ДАТ-Обще­ствен­ная пози­ция» газеті бас редак­то­ры­ның мін­детін атқарушы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн