Среда , 30 апреля 2025

«ТАСЖАРҒАНБЫЗ» 

  • «ДАТ»-тың 10 жыл­ды­ғын­да бар­дым жұмысқа. 2008 жыл. Онжыл­ды­қты дүр­кіретіп тұрып өткіздік. Оппо­зи­ци­я­ның кілең сер­ке­лері жинал­ды. Қазір­гі­дей аты-заты жоқ оппо­зи­ция емес, шет­тері­нен «сен – тұр, мен – атай­ын». Содан бері аттай зулап 15 жыл өте шығып­ты. Өзгер­ген ешнәр­се жоқ. Баяғы кедей қазақ, кері кет­кен қоғам…

Мен ол кез­де ҚазҰУ-дың 3‑курсында оқи­мын. Газет «Тасжарған» деген атпен шыға­тын. Айлық тара­лы­мы «Жас Ала­шпен» жан­да­сып тұрған уақыт. Жұмысқа кім алды, қан­дай жур­на­ли­стер бол­ды деген сұрақтар­ды бұған дей­ін талай айт­тық, талай жаз­дық. Оған тоқтал­май­мыз. Бүгін­гі жаз­ба­мыз «Тасжарған­ның» кезін­де редак­ци­яға жасалған қысым, көр­ген құқай хақында. 

Жұмысқа жаңа­дан тұрған, жазу­дың қызы­ғы­на жаңа-жаңа кір­ген кезі­міз. Апта­сы­на екі бет тол­ты­ра­мын. Біре­уі – мін­дет­ті түр­де қоғам­дық-әле­умет­тік, сая­си сұх­бат бол­са, екін­шісі – апта­ның апты­ғы: бас­пасөз оты­ры­ста­ры мен митин­гілер, сая­си репортаждар. 

  • Дін­шіл­дер­дің құқайы

Сол 2007–2008 жыл­да­ры діни ағым­дар­дың саны артып, кей­біре­улері үгіт-наси­хат жұмыста­рын ашық-әшке­ре жүр­гі­зе бастаған-ды. Бек­бо­лат Тіле­ухан мен Мұха­мет­жан Таза­бек­тер ҚазҰУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін­де оқи­тын сту­дент­тер­ді кез­де­су­лер­ге шақы­рып, сұх­бат­тар құрып жата­тын. Сырт­тай естіп, біліп жүре­міз. Ашқұр­сақ сту­дент­тер­ді ресто­ранға, үйлеріне шақы­рып, тамаққа той­ды­рып, түні­мен әңгі­ме-сұх­бат құра­ды. Ол кез­де «уахаб­бист», «сәлә­фит» деген­ді білмейміз. 

Бір күні «Тасжарған­ның» «Бас оқыр­ма­ны» Ермұрат Бапи қаза­қтың ұлт­тық киі­мі қан­дай болуы керек, шолақ балақ шал­бар киіп, теке сақал қой­ып жүр­ген­дер қаза­қтың ұлт­тық киі­мін неге мән­сұқтай­ды деген тақы­рып­та мақа­ла жазуға тап­сыр­ма бер­ді. Ұлт­тық кіта­п­ха­наға барып, ескі қол­жа­з­ба­лар­ды ақта­рып, қаза­қтың ұлт­тық киі­мі тура­лы бір бет­тік мате­ри­ал дай­ын­да­дық. Қаза­қтың шапа­ны мынау, шал­ба­ры анау, сақа­лы былай деп, атап тұрып көр­сетіп, суретіне дей­ін салып бердік. 

Газет шықты. Ертесі түс­ке қарай теле­фо­ны­ма біреу қоңы­рау шалып тұр. 

– «Жұқа­мыр Шөке» деген кім? 

– Мен­мін. 

– Не жазып жүрсің?

– Не жазыппын?

– Кез­де­сей­ік­ші.

– Не үшін? Өзің кімсің?

– Қаза­қтың шапа­ны, сақа­лы тура­лы сөйлессек.

– Сөй­ле­сетін не бар?..

Теле­фон­ды қоя сал­дым. Анау қай­та-қай­та соғып, әбден маза­ла­ды. Жұмысқа кел­ген соң, мән-жай­ды Ермұрат ағаға айт­пай­мын ба!

– Ол қызта­лақтарға не керек екен? Давай, кез­де­скіш бол­са, жұмыс жаққа кел­сін! – деді. Ана­ларға солай жет­кіздім. Редак­торға айтқа­ным­ды, редак­ци­я­ның бәрі білетінін ескерт­тім. Соған қыр­сы­ғып қал­ды ма, бұлар­дың дауы­сы қатқыл­да­на бас­та­сын. Қорқы­тып-үркіту­ге көшті. 

«Сенің қай­да тұра­ты­ны­ң­ды, қай авто­бу­спен жүретініңді жақ­сы біле­міз. Тіп­ті ауы­лы­ң­ды, әке-шешең мен бауыр­ла­ры­ң­ды да жақ­сы тани­мыз. Біз­бен ойна­ма!» – деген­ге көшті. Не керек, кез­де­сетін бол­дық. Ол кез­де редак­ция Жібек Жолы мен Бәрі­ба­ев көше­лерінің қиы­лы­сын­да-тұғын. Орта­лық саябаққа шақыр­дым. Екі ара жақын. Газет­тің фото­тіл­шісі алы­стан еріп жүретін бол­ды, біздің кез­де­суі­мізді түсіріп, әлгілер­дің масқа­ра­сын шыға­рып тұрып, газет­ке жари­я­ла­мақ­пыз. Тағы бір әріп­тесі­міз көлік­пен сыр­ты­мы­здан бақы­лап жүрмекші. 

Саябақтың алды­на келіп, бұлар­ды күтіп тұр­мын. Жол­дың екін­ші жағын­да фото­граф жүр. 10 минут өтпей әлгілер қоңы­рау шалды. 

– Бала, сен біз­бен ойнай­ын деген екен­сің. Неге бүкіл редак­ци­яң­ды ертіп шыққан­сың? Біз бәрін көріп отыр­мыз. Фото­гра­фы­ң­ды ал да, көзіңді құрт. Енді біз­ге рен­жі­ме! – деп, теле­фон­ды қоя салды. 

Қай­тып маза­лаған жоқ. Бірақ сақал­ды­лар тура­лы бір ауыз бір­деңе жаз­сақ, сон­дай үркітіп-қорқы­тып қоңы­рау шала­тын­дар­дың саны арт­па­са, азай­ған жоқ. Кей­ін оған да еті­міз үйреніп кетті.

  • Оқ аты­лған түн

​«Тасжарған» жабы­ла­тын жылы болу керек, редак­ци­я­ның тере­зесіне біре­улер оқ атып, шағып кет­ті. «Бас оқыр­ма­ны­мыз» мұны редак­ци­яға жасалған қоқан-лоққы деп жари­я­лап, БАҚ өкіл­дерін шақы­рып, ақпа­рат тарат­тық. Ауыл­дағы әке-шешем естіп алып: «Сен, бала, қан­дай жер­де жұмыс жасап жүр­сің? «Тасжарға­ның» бас жарған болып жүр­месін. Оқуың бар, өмірің бар. Құры­сын, ондай жұмысты қой!» – деп шырылдады. 

​Ол кез­де сту­дент­піз ғой. Түс­ке дей­ін сабақта бола­мыз, түс қай­та жұмысқа келе­міз. Ыңғай­лы. Жұмыстан кей­ін жатақ­ха­наға баруға ерініп, редак­ци­яға қонып қала­ты­ны­мыз тағы бар. Тере­зе­ге оқ аты­лған түні жатақ­ха­наға қай­тып кет­кенім қан­дай жақ­сы болған! 

Әке-шеше­міздің қар­сы­лы­ғы­на қара­май, «ДАТ»-та бір­не­ше жыл жұмыс жаса­дық. «Тасжарған­ның» кезін­де табысы­мыз жақ­сы-тұғын. 150–160 мың тең­ге! Сту­дент үшін қомақты қара­жат. Кей­ін газет жабы­лып, «Обще­ствен­ная пози­ция» ашы­лған­да, айлы­ғы­мыз шай­лы­ғы­мы­зға жет­пей қал­ды. Сон­да да бола­шақтан үміт күт­тік. Бүгін бол­ма­са, ертең-ақ жағ­дай­ы­мыз жақ­са­рып кететін­дей жарқы­рап жүретін­біз. Марқұм Бақыт­гүл апай жігері­мізді жанып, қай­рат­тан­ды­рып қоя­тын-ды. Сол кісінің сөзіне қанат­та­нып, рух­та­нып, айлы­қтың азды­ғын да еле­мей­ді екен­біз ғой. 

– Боқ­мұрын­дар, аз қал­ды, шыдаң­дар! Назар­ба­ев­тың дәуірі өтіп жатыр. Біздің де жүзі­міз жарқы­рап, еңбе­гі­міз еле­нетін күн әлі-ақ туа­ды! – дей­тін. Бәл­кім, сол сөзіне өзі де сенетін сияқты, жүзі жай­нап кету­ші еді. «ДАТ»-тың той­ын бүкіл Қаза­қстан той­лай­ды» дей­тін жарықтық! 

  • Қол­дан жасалған бомба

​Нақты уақы­ты есім­де жоқ. Бір күні Ермұрат Бапи­дың көлі­гіне біре­улер жары­лғыш зат қой­ып кетіп­ті. Құдай оңдаған­да, Ере­кең олақ қол­дан шыққан әлгі жары­лғы­шты бай­қап қалып, ешкім зардап шек­кен жоқ. Бұл Бапиға ғана жасалған қастан­дық емес. Редак­ци­ядағы­лар қат­ты үрей­лен­дік. Жаңа­дан үйлен­ген жыл. Келін­ше­гім: «Осы жұмысы­ң­ды қой­шы. Айлы­ғы­ң­ның түрі анау. Бас­па­на­мыз жоқ, жатақ­ха­на жаға­лап жүр­міз. Басы­ң­ды бәй­ге­ге тігетін­дей сон­ша не көрін­ді саған?! Қаза­қстан­ды жалғыз өзің түзе­мексің бе?Демократия сен­дер­ге қарап қалып па?!» деп, көз жасын төксін. Сон­да да «ДАТ»-тың бір жұм­бақ күші тар­та­тын да тұра­тын. Әлі күн­ге дей­ін «ДАТ»-та жұмыс жасаған­дар бір-бірі­міз­бен кез­десіп қал­сақ, «Біз «ДАТ»-пыз, «Тасжарған­быз» деп қауы­шып жатамыз!

  • Қай­ран, магистратура!

​Оқу бітір­ген жылы жұрт­пен бір­ге маги­стра­ту­раға тап­сыр­дық. Ол кез­де жур­фак­тің дека­ны Ғалия Жүні­со­ва деген апай бола­тын. Орыс бөлім­дерін­де сабақ беретін кісі, қазақ топ­та­рын­дағы сту­дент­тер­ді таны­май­ды. Өзі­міз­ге сабақ бер­ген ағай-апай­лар­дың айтуы бой­ын­ша, ағы­л­шын тілі­нен жақ­сы балл жинап шықтық. Шешу­ші кезең – маман­дық бой­ын­ша тап­сы­ра­тын емти­хан еді. Қазір­гі­дей емес, ол кез­де­гі емти­хандар ауыз­ша бола­тын. Оны да ойдағы­дай орын­дап шықтық. Өзі­міз­ге сенім­ді­міз. «Ағы­л­шын тілі­нен де, маман­ды­қтан да жет­кілік­ті балл жина­дық» деп, бөр­кі­мізді аспанға атып, «жуу­ды» бастап кеткенбіз. 

​Бір апта­дан кей­ін маги­стра­ту­раға түс­кен сту­дент­тер­дің тізі­мі жари­я­лан­сын. Өзі­мізді тап­пай қал­дық. Тізім­нен ары қарап, бері қарап, ақы­ры дека­натқа кір­мей­міз бе! Бас­шы­лы­қтан ешкім жоқ. «Барып кел – шауып кел­дер­дің» ешқай­сысы мәсе­ленің анық-қаны­ғын біл­мей­ді. Сөй­тіп, маги­стра­ту­ра көзден бұл-бұл ұшсын…

Кей­ін естідік. Сол жур­фак­та сабақ беретін ағай­лар­дың бірі біздің «ДАТ»-та жұмыс жасай­ты­ны­мы­зды, ҚазҰУ-ға қаты­сты кей­бір қыңыр-қисық мате­ри­ал­дар­ды біздің жазып жүр­гені­мізді айтып, рек­то­рат­тағы бас­шы­лы­қтан «сүй­ін­ші» сұрап­ты. «Оппо­зи­ци­о­нер сту­дент­ке грант беру­ге бол­май­ды» деп, жолы­мы­зды жауып­ты. Оппо­зи­ци­ядан тапқан бір «пай­да­мыз» сол болды.

Жұқа­мыр ШӨКЕ

(Жарас КЕМЕЛЖАН)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн