Пятница , 4 июля 2025

«КЕНТАВР»

  • Марат Қабан­бай – өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­ры қазақ көсем­сөзін жаңа бір кезең­ге көтер­ген дарын­ды қалам­гер. Өліа­ра кезең­де қарым­ды қала­мы­нан туған мақа­ла­ла­рын жұрт іздеп жүріп тұщына оқы­ды, мей­ірі қан­ды, риза болды.

Марат аға­ның жазу­шы­лы­ғы өз алды­на. Өз орта­сын­да мой­ын­далған талант. Әттең, өмір болған­да, ұлтқа қажет­ті талай сүбелі туын­ды­лар жазар еді. Амал қан­ша, дүние жалған деген сол, нағыз толы­сқан шақта фәниді тастап, бақиға оза берді.

Кезін­де Марат аға­мен оппо­зи­ци­я­лық «Сол­ДАТ» басы­лы­мын­да бір­ге қыз­мет істе­дім. Ол – редак­тор. Мен – жай тіл­ші­мін. Таны­сқа­ны­мыз да қызық. Билік­тің құтын қашы­рған «Дат» газетінің алғаш шыққан кезі. Өзім істеп жүр­ген «Арай» жур­на­лы­ның тір­лі­гі шатқа­яқтаған соң, алға­шқы саны­нан бастап сөз бостан­ды­ғын ту етіп, билік­тің келеңсіз істерін соққы­ның асты­нан алып жатқан «Дат» газетіне барып орна­ла­стым. «Дат­тың» алға­шқы редак­то­ры, қазір марқұм болып кет­кен Шәріп Құрақ­ба­ев бір­ден жұмысқа алды. Сон­да жүріп жат­тық. Біздің жазған­да­ры­мы­зды қой­шы, сол кез­де басы­лым бетін­де оқтын-оқтын Марат Қабан­бай­дың билік­ті сынаған мақа­ла­ла­ры шығып жүрді.

Мәкеңді сырт­тай танып, көр­кем шығар­ма­ла­рын оқып жүр­сек те, қол алы­сып аман­да­сып, ара­ла­сып көр­ме­ген кезім. Бір­де редак­ци­яға аққұ­ба өңді, орта бой­лы, ұзын ақ сұр плащ киген, қара кеп­ка­лы, иығы­на асы­нған қара сум­ка­сы бар бір аза­мат кел­ді. Жаным­дағы­лар «Марат Қабан­бай – осы» десті. Бас редак­тор Шәріп­тің каби­нетіне кіріп кет­кен ол біраз­дан соң шығып, дәліздің бір бұры­шын­да темекі тар­та­тын жер­ге барып, шылы­мын тұтат­ты. Темекі тарт­па­у­шы едім. Бірақ Мәкең­мен тіл­десіп, таны­сып қалу үшін, жаным­да оты­рған аза­мат­тар­дың бірі­нен бір тал темекі сұрап алып, Марат аға­ның жаны­на бар­дым. Таны­стық сол жер­ден бастал­ды. Әңгі­ме­міз тақыл-тұқыл бол­са да, біл­генім – Марат аға алдағы апта­да шыға­тын газет­тің жаңа саны­на «Пахандар рес­пуб­ли­ка­сы» деген көлем­ді мақа­ла даяр­лап әкеліпті.

Еліміз­де «Дат» газетін басты­руға тый­ым салы­нған соң, бас­шы­лық газет­ті Ресей­дің Алтай өлкесін­де­гі бір шағын қала­да басты­рып, Алма­ты­ға келетін пой­ы­зға тиеп алып келетін. ҰҚК қат­ты жұмыс істе­ді ме, қай­дам, Марат Қабан­бай­дың «Пахандар рес­пуб­ли­ка­сы» деген аты­шу­лы мақа­ла­сы басы­лған газет­тің саны Қаза­қстан мен Ресей шека­ра­сын­да тәр­кі­леніп, біздің қолға жет­пе­ді. Тек арты­нан азын-аулақ тира­жы кел­генін біле­мін. «Апыр-ай, басқа – басқа, газет­тің сол саны елге жет­кені керек еді. Билік­тің артын аяу­сыз ашып беріп едім» деп, сол тұста Марат аға­ның күй­ін­генін көр­ген­мін. Кей­ін­нен «Дат» сот­ты бол­ды. Жабылды. 

Одан кей­ін оның орны­на «Сол­Дат» деген екін­ші басы­лым дүни­е­ге кел­ді. Онда да біз қыз­мет еттік. Сол «Сол­Дат­тың» бас редак­то­ры болып Марат аға Қабан­бай кел­ді. Жақ­сы ара­ла­стық. Мені інісін­дей көр­ді. Жаны­на жақын тарт­ты. Кей­де оңа­ша қалған сәт­тер­де сырын ақта­ру­шы еді. Көкей­ін­де көп­тен бері жүр­ген үлкен бір шығар­ма­ның қаңқа­сын сөз ететін. Бірақ тағ­дыр ол дүни­есін аяқта­туға жаз­бап­ты. Соңғы рет ауру­ха­на төсе­гіне таңы­лып жатқан­да кез­де­стік. Төбе­ге қарап ойла­нып жатқан Марат аға бір сәт: «Әттең, бұл Құдай азған­тай ғана ғұмыр бер­се, «Кен­тавр­ды» жазып тастар едім-ау! Соған жете алмай қалам ба деп қорқа­мын. «Жаман айт­пай, жақ­сы жоқ» демек­ші, олай-бұлай болып кет­сем, толғағы келіп, шыр етіп жарық дүни­е­ге шығуға аз қалған шығар­мам өзім­мен бір­ге көміледі-ау! Жаным­ды қинай­ты­ны сол. Оны дәл мен­дей жалға­сты­рып жаза­тын ешкім бол­мас. «Кен­тавр» – талай жыл жүре­гі­ме ұя салған ақ қанат құсым еді. Соның қанат қаққа­нын көре алмай­мын-ау!» – деп күрсінген.

Содан кей­ін көп ұза­ған жоқ, дүниенің жалған екенін айғақтап, кел­ме­стің сапа­ры­на атта­нып кете бар­ды. Дүние жалған деген – осы. Деген­мен Марат аға­ның аяқа­сты өлі­мі кұпия болып қал­ды. Бүгін-ертең бұ дүниені тәрк етіп, о дүни­е­ге атта­нып кететін жан емес еді. Ол кісінің аяқа­сты өлі­мі бір Аллаға ғана аян. Біз тек топ­шы­лай­мыз. Марат аға – соңы­на өлме­стей шығар­ма­ла­рын тастап кет­кен қаза­қтың аса бір талант­ты ұлы екені анық. Ел бар­да, қазақ әде­би­еті бар­да, ұлтық жур­на­ли­сти­ка бар­да, Марат аға ұмы­тыл­ма­сы хақ.

Сей­сен ӘМІРБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн