Пятница , 4 июля 2025

Халықтың қаржысы

ҚАШАН ҚАЙТАДЫ?

Түр­лі схе­ма­лар­мен сыр­тқа шыға­ры­лған актив­тер­ді елге қай­та­ру – ҚР пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­са­тын­да күн тәр­тібін­де тұрған басты мәсе­ле­лер­дің біре­гейі. Бұл жөнін­де мем­ле­кет бас­шы­сы пре­зи­дент­тік сай­лау кезін­де қоға­мға уәде етіп, тиісті заң жоба­сын биы­лғы науры­здың 31-іне дей­ін дай­ын­дау жөнін­де был­ты­рғы қара­ша­да үкі­мет­ке тап­сыр­ма бер­ген еді. Бірақ бел­гі­лен­ген мерзім өтіп кет­ті – пре­зи­дент­тік пәр­мен әлі орын­далған жоқ.

Назар­ба­ев­тық клеп­то­крат­тар сан түр­лі айла-амал­мен ұрлап-жыр­лаған қазы­на­ны халы­ққа қай­та­ру ісіне үлес қосу – жаңа пар­ла­мент­тің де бір мұра­ты болуы тиіс деп санаған Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи ҚР пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­ло­втың аты­на депу­тат­тық сау­ал жолдады.

Құрмет­ті Пре­мьер-министр мырза!

Сонау 1998 жылы ұлт­тық ком­па­ни­я­лар қар­жы жылы­ның қоры­тындысы бой­ын­ша өздерінің жыл­дық балан­ста­рын жари­я­ла­уды тоқтатқан­да, біз – Демо­кра­ти­я­лық күш­тер фору­мы­ның бір бөлі­гі саналған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­лық Халы­қтық пар­ти­я­сы (ҚРХП) қоғам мен билік­ке мен­шік­ті ысы­рап ету ныша­ны қалып­тасқа­нын және қазы­на қара­жа­тын жымқы­руға жағ­дай жаса­лып жатқа­нын ескерт­кен едік. Кей­ін­нен дәл солай болып шыққа­нын уақыт көрсетті.

 Ұзақ жыл­дар бойы аза­мат­тық қоғам мен оның бел­сен­ділері билік­тен елі­міздің қаз­ба бай­лы­қта­рын иге­ру бары­сын­да есеп берудің толық ашы­қты­ғын талап етіп, инве­стор­лар­ды жіті қадаға­ла­уды сұрадық.

 Бірақ дәл осы қаз­ба бай­лы­қтар­ды пай­да­ла­ну және ұлт­тық мен­шік­ті бақы­лау тақы­ры­бы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты қол­дай­тын ескі билік­тің кла­ны мен табысты (арсыз ұрлы­қты) қай­та бөлудің бұры­нғы тәжіри­бесін тоқта­та­тын кез кел­ді деп, баста­ма көтер­ген­дер ара­сын­да қай­шы­лық болып тұр.

 Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев кла­нын билік­тен түп­кілік­ті кетіруді, ұрланған бай­лы­қты қай­та­ру­ды және эко­но­ми­ка­ны ел мен халы­қтың әле­умет­тік қажет­тілік­теріне қыз­мет ету­ге жұмыл­ды­ру­ды талап еткен жап­пай нара­зы­лы­ққа әкеп соқты­рған қақты­ғыс ескі билік­тің зардаб­ы­нан пай­да бол­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та, оның жақ­та­ста­ры да жағ­дай­ды өзгер­ту үшін ешбір шара қол­дан­ба­ды және пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қоғам мен билік ара­сын­да жаңа қарым-қаты­нас орна­ту әре­кеті олар­дың мүд­де­леріне сай келмеді.

 Міне, сон­ды­қтан да актив­тер­ді қай­та­ру және оны халы­ққа табыст­ау – иелік­тен шыға­ру (отчуж­де­ния) үдерісін тек­се­ру, мем­ле­кет мүл­кін жымқы­ру тақы­ры­бы сай­лау қар­саңын­да пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың сая­си күн тәр­тібін­де­гі және біздің де кам­па­ни­я­ның басты мәсе­ле­лерінің біріне айналды.

 Ел-жұрт актив­тер­ді қай­та­ру про­цесін­де билік­тен жыл­дам, әрі батыл қадам­дар күту­де. Осы орай­да пре­зи­дент­тің пәр­мені­мен арнайы комис­си­я­ның құры­луы, қай­та­ру тура­лы жаңа заң­ның әзір­леніп жатқа­ны жай­лы жаңа­лы­қтар әкім­шілік­тің басты тақы­ры­бы бола­ды деген Тоқа­ев мыр­за­ның уәдесі ел аза­мат­та­ры­на біраз сенім ұялатты.

 Алай­да сол комис­си­я­ның тара­пы­нан ешбір нақты әре­кет көрін­бей­ді, егер бір­деңе-сір­деңе істеліп жат­са, бұл біз­ден, қоғам­дағы аза­мат­тар­дан құпия түр­де өту­де. Бұл не сон­да: пре­зи­дент­тің пәр­меніне қар­сы сабо­таж жасау ма, жоқ әлде бұры­нғы талан-тараж­ды жалға­сты­ру мақ­са­тын­да әлі күн­ге дей­ін жалға­сып жатқан астыр­тын ымы­ра­ның бел­гісі ме?!

 Бар­лық мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер­ге, ең алды­мен құқық қорғау орган­да­ры қыз­мет­кер­леріне халық аты­нан тіке­лей сай­ланған депу­тат ретін­де ескер­ту жасағым келеді: сіз­дер бұрын да жасы­рын жұмыс жаса­ды­ңы­здар, Назар­ба­ев­тар отба­сы мүше­леріне тиесілі және олар­дың жақын­да­ры бақы­лай­тын жасы­рын шека­ра өткел­дері мен кеден бекет­терін­де арнайы салық режим­дерін қам­та­ма­сыз еттіңіз­дер! Енді бұлай бол­мауы тиіс.

 Премьер-министр мыр­за!

 Біз – бір ман­дат­ты округ­тер­ден сай­ланған Мәжіліс депу­тат­та­ры, бұдан былай мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі бұл талан-тара­жға, мил­ли­ард­тап сыр­тқа ағы­лып жатқан ұрлық-қар­лы­ққа «бақы­ла­у­шы-келісім­паз» бола алмай­мыз! Біз мем­ле­кет­тік және халы­қтық мүд­де жағындамыз!

 Ел мен оның аза­мат­та­ры бүкіл атқа­ру­шы билік жүй­есін­де әзір­ге тек пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­евқа ғана сенеді және ол уәдесін­де тұра­ды деп күтеді.Біз сай­лау алдын­дағы уәде­мізді қалай және қашан орын­дай­ты­ны­мы­зды халық жіті қадаға­лап, аса қырағы­лы­қ­пен бақы­лап отыр.

 Капи­тал­ды қай­та­ру, жеке­ше­лен­діруді қай­та қарау және инве­стор­лар­дың ойра­ны­нан қалған күй­ре­уді жою бары­сын­да, cон­дай-ақ ұлт мүд­десі үшін жұмыс істеп, елдің қауіп­сізді­гі мен еге­мен­ді­гін қам­та­ма­сыз етуі тиіс ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың жұмысын тек­се­ру мәсе­лесін­де біз пре­зи­дент­тің баста­ма­сы­мен одақтаспыз!

 Сон­ды­қтан мүм­кін­ді­гін­ше пре­зи­дент­тің бағ­дар­ла­ма­сы­на қастан­дық жаса­уға жол бер­мей­міз, бұл мақ­сат­та аза­мат­тық қоғам­мен бір­ге жұмыс істейміз.Себебі әле­умет­тік әділет­тілік­ті қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да капи­тал­ды елдің игілі­гіне қай­та­ру иде­я­сын жүзе­ге асы­руға пәр­мен беретін пре­зи­дент­тік билік инсти­ту­ты­нан басқа – әзір­ге басқа қуат­ты күш жоқ.

 Құқық қорғау орган­да­ры жұмысы­ның тиім­сізді­гін бәрі­міз де көріп кел­дік. Өткен жыл­дар­да олар сыбай­лас жемқор­лы­ққа және халы­қтық қар­жы­ны сұға­нақ қол­дар­дың жымқы­руы­на қар­сы­лық көр­се­те алма­ды. Оның үстіне олар Назар­ба­ев­тар кла­ны­ның ұрлық-қар­лы­ғы­на көмек­тес­кені сөз­сіз. Оларға сену­ге бола­ды дей­тін­дей, біз­де әзір­ге дәлел де, өзгер­ді деу­ге – негіз де жоқ.

 Оған қоса, біз­дер – аза­мат­тық қоғам­ның куә­гер­лері кей­бір жағ­дай­лар­да ұрлы­қтың жаса­лу жолы тетік­терін жер­гілік­ті про­ку­ра­ту­ра­дан кем біл­мей­міз. Ел аза­мат­та­ры ұрлық фак­тілері тура­лы ақпа­рат­ты күн­де жари­я­лай­ды, алай­да тәр­тіп сақ­шы­ла­ры­ның сол фак­тілер­дің дәй­ек­тілі­гін аны­қтау мақ­са­тын­да жедел әре­кетін көрмейміз.

 Біз, мыса­лы, Батыс елдері юрис­дик­ци­я­ла­рын­да Назар­ба­ев қорын «сақта­у­шы­лар­дың» актив­теріне тый­ым салы­на бастаға­нын біле­міз, бірақ Бас про­ку­ра­ту­ра бұл тұрғы­да шұғыл шара қол­данға­нын естімедік.

 Премьер-министр мыр­за!

 Соны­мен бір­ге біз При­бал­ти­ка рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның бірін­де Қаза­қстан­ның клеп­то­крат­та­ры тыққан ақша­сын «жуып-шай­ып» жатқа­ны жөнін­де күдік­ке ілініп, Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне тағай­ын­далған жаңа бас­шы­ның бұры­нғы кең­сесіне (Анти­кор) сұрау салы­нға­нын да біле­міз. Алай­да бұл тұрғы­да біздің құқық «қорға­у­шы­ла­ры» недей әре­кет етіп жатқа­ны біз­ге белгісіз.

 Мәсе­лен, Лат­ви­я­ның құқық қорғау орган­да­ры Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жеке­ле­ген аза­мат­та­ры салы­қтан жал­тар­ды және Қаза­қстан­нан заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер есебі­нен Лат­вия аумағын­да мүлік сатып алу­да деген күдік келтіруде.

 Атап айтқан­да, сөз Қай­рат Боран­ба­ев тұрғы­сын­да айты­лу­да. Дей тұрған­мен, Боран­ба­ев мыр­за­ға қаты­сты тер­геу едел-жедел жүр­гізіліп, ол Қыл­мыстық кодекстің бір­не­ше бабы­мен сот­та­лып та кет­ті. Бірақ латыш құқық қорға­у­шы­ла­ры­ның Боран­ба­евқа бай­ла­ны­сты бұрын­нан бер­гі күді­гі Қаза­қстан­ның тиісті орган­да­ры тара­пы­нан тек­серіл­меді, сот үкі­мін­де дәл осы қар­жы кри­ми­на­лы­на қаты­сты тиісті бап­тар аталмады.

  • Қар­жы мони­то­рин­гі агент­ті­гі Боран­ба­ев­тың Лат­вия мен Еуро­па елдерін­де­гі қыз­метін, оның отба­сы мен ком­па­ни­я­ла­ры­на жазы­лған сырт­тағы актив­тер­ді неге тек­сер­меді? Боран­ба­ев мыр­за­ның негіз­гі бай­лы­ғы мен актив­тері Батыс елдерін­де тығы­лған еді ғой, бұл жағ­дай Агент­тік пен Бас про­ку­ра­ту­ра­ның наза­ры­нан неге тыс қалды?

 Пре­мьер мыр­за, Боран­ба­ев мыр­за­ның келін­ше­гі өз аты­на жазы­лған биз­нес-ұшақты (само­лет) сатып жібер­гені сіз­ге бел­гілі ме? Маман-экс­перт­тер­дің айтуы­на қараған­да, бұл ұшақтың нары­қтағы құны 30 мил­ли­он дол­ларға дей­ін баға­ла­на­ды екен. Біздің елдің тиісті орган­да­ры осы сауда-сат­тық жағ­дай­ын біле тұра, ұшақтың қан­дай қар­жы­ға сатып алы­нған аны­қтағанға дей­ін, бұл актив­ті «мұз­да­тып» қоюға неге әре­кет жасамады?

 Латыш өкі­меті Қаза­қстан билі­гі­мен бір­лесіп, Боран­ба­ев­тың мүл­кін, ком­па­ни­я­ла­рын және есеп­шот­та­рын аны­қта­уға үміт­ті болған еді. Бірақ біздің тарап­тан тып-тыныш үнсіздік болған соң, бұл мәсе­лені өздері тек­се­ру­ге кірісті. Лат­вия Боран­ба­ев­тың актив­терін «мұз­да­тып» таста­ды, ол актив­тер­дің құра­мын­да бүкіл Бал­ти­яға бел­гілі ірі гольф-клуб пен отель бар. Тек­серіс бары­сын­да тағы қан­дай мүлік­тер аны­қта­ла­ды – ол жағы әзір­ге біз­ге бел­гісіз. Бұны біз­ден бұрын Қар­жы мони­то­рин­гі агент­ті­гі де біл­мей­тін сияқты…

 Сол сияқты «Jusan bank»-тың иелері Қаза­қстан­нан шығарған ірі көлем­де­гі қара­жат Батыс елдерінің бірін­де «мұз­да­ты­лға­ны» тағы да біз­ге бел­гілі болды.

  • Осы­ған бай­ла­ны­сты Агент­тік не істе­мек, «Jusan bank» олжа­лаған ақша­ның ізін қуа ма? Бас про­ку­ра­ту­ра мен нақты­лап айтқан­да, Бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры Ұлан Бай­жа­нов (сурет­те) мыр­за бұл про­це­сті бақы­ла­у­ға ала ма?

 Бұл сұрақтар­ды нақты­лап оты­рған себебім – біздің клеп­то­крат­тарға ұрлаған ақша­сын басқа жаққа тығып үлге­ру­ге мұр­ша беріп оты­рған біре­улер бар сияқты көрінеді.

 Әлихан Асханұ­лы!

 Біз ұрланған актив­тер­ді қай­та­ру тура­лы заң­ды бірін­ші кезек­те қабыл­да­уды басты мақ­сат етіп отыр­мыз. Осы заң­ның арқа­сын­да біз ұрланған капи­тал­ды қай­та­ру­ды неғұр­лым тиім­дірек бақы­ла­у­ға ала ала­мыз және мем­ле­кет үшін осы кесір­лі тәжіри­бенің одан ары жалға­суы­на жол бермейміз.

 Өткен жыл­дың қара­ша айын­да Пре­зи­дент Тоқа­ев мыр­за үкі­мет­ке тиісті заң жоба­сын науры­здың 31-іне дей­ін дай­ын­да­уды тап­сы­рған еді. Міне, ел пре­зи­ден­ті бел­гіле­ген мерзім­нен бір айға жуық уақыт асты, бірақ ол заң жоба­сы­нан тырс еткен хабар жоқ.

  • Сіз үкі­мет басы­на жаңа­дан кел­ген бас­шы емес­сіз, бұған дей­ін­гі Мини­стр­лер каби­нетін басқар­ды­ңыз, енде­ше Пре­зи­дент­тің тап­сыр­ма­сын орын­дау неге созы­лып бара жатқа­нын қалай түсін­діресіз, пре­мьер мырза?

 Біз Қаза­қстан­нан ұрланған актив­тер жасы­ры­лған елдер­дің пар­ла­мент­терін­де­гі әріп­те­стері­міз­ге қар­жы­ны қай­та­ру­мен айна­лы­са­тын біздің мем­ле­кет­тік орган­дарға барын­ша көмек көр­се­туді сұрап, өтініш жол­да­уға дай­ын­быз. Егер біздің мем­ле­кет­тік орган­дар капи­тал­ды тез ара­да қай­та­руға күш сал­ма­са, біз бұл меке­ме бас­шы­ла­ры­на сенім­сіздік көр­се­ту мәсе­лесін көте­ре­міз. Біздің мем­ле­кет пен қоғам қазір бұл ақшаға бұры­нғы­дан да мұқтаж.

 Иә, пре­мьер-министр мыр­за, біз­ге көп сенім бер­ген бұл заң әлі ұсы­ны­лған жоқ. Оның іс жүзін­де қалай қол­да­ны­ла­ты­нын әлі білмейміз.

  • Үкі­мет осы бағыт­тағы жұмысы тура­лы аза­мат­тар­ды қалай хабар­дар етпек? Пре­зи­дент тағай­ын­даған комис­сия қалай жұмыс істейді?
  • Бұл комис­сия құқық қорғау орган­да­ры­ның жұмысын қалай үйлестірмек?

 Айт­пақ­шы, құр­мет­ті депу­тат мыр­за­лар, осы өзек­ті сұрақтар бой­ын­ша Бас про­ку­ра­ту­ра­ның есебін тың­да­уды ұсы­на­мын. Бұл орай­да Бас про­ку­рор­дың орын­ба­са­ры – Пре­зи­дент тағай­ын­даған комис­сия төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Ұлан Бай­жа­нов нақты немен айна­лы­са­ты­нын тың­дау өте маңы­зды. Актив­тер­ді қай­та­ру комис­си­я­сы­ның қыз­метін жақ­сар­ту үшін, Пар­ла­мент іс-жүзін­де қан­дай көмек жасай ала­ды? Бұл да талқы­ла­уды қажет ететін мәселе.

 Сон­дай-ақ мем­ле­кет мүл­кін заң­сыз ием­де­ну фак­тілерінің бар­лы­ғы­на бір­дей тер­геу жүр­гізіл­ме­уі де бізді алаң­да­та­ды. Іші­на­ра ірік­теп алып, тек­се­ру жүр­гі­зу сыңай­ын таны­ту – бұл алдарқа­ту, қоғам­ды алдам­сы­ра­ту ама­лы бола­ды. Мәсе­лен, бел­гілі бір әуе­жай ел мен­ші­гіне қай­та­ры­лған бол­са, оны кім, қалай ием­ден­генін біз неге біл­мей­міз? Бұл үшін жау­ап­кер­шілік­ті кім көте­реді және бұл актив­ті пай­да­ла­ну­дан түс­кен диви­денд­тер қай­та­ры­ла ма? Айтып оты­рған сома­лар­дың мөл­шері қандай?

  • Кәрім Мәсі­мов, Тимур Құлы­ба­ев, Алек­сандр Кле­ба­нов, Айгүл Нури­е­ва тобы және басқа­ла­ры елден алып кет­кен бай­ла­ныс қыз­мет­тері нары­ғын пай­да­ланға­ны үшін диви­денд­тер қашан және қалай қай­та­ры­ла­ды? Бұл жер­де бір­не­ше мил­ли­ард­таған дол­лар тура­лы айты­лып отыр.

 Осы орай­да, Смай­ы­лов мыр­за, қалай ойлай­сыз, елі­міз­де жер қой­на­уын пай­да­ла­ну салы­ғы және бай­ла­ныс қыз­меті­нен түсетін пай­да мен диви­денд­тер­ге салы­на­тын салы­қтар­дың жаңа нор­ма­ла­ры тура­лы заң жоба­сын енгі­зетін уақыт жет­кен жоқ па?

 Премьер-министр мыр­за!

 Елден ұлт­тық актив­тер­ді ұрлау күн сай­ын жалға­сып жатқа­нын сіздің наза­ры­ңы­зға салғым келеді. Қаза­қстан­ның бюд­жеті күн­нен-күн­ге кедей­леніп бара­ды. Қар­жы сек­то­ры­на көмек­те­су үшін, мем­ле­кет­тік қазы­на­дан ондаған мил­ли­ард дол­лар­дың қалай ауда­ры­лға­нын ешкім тек­сер­мей­тінін көріп отыр­мыз. Назар­ба­ев­тар отба­сы әлі де елдің стра­те­ги­я­лық актив­терінің қомақты бөлі­гіне ие. Бұл актив­тер олар­дың қолы­на қалай жет­кенін әлі аны­қтау қажет. Егер оның тиісті ақы­сы төлен­бе­се, бар­лық ақша­ны соңғы тең­гесіне дей­ін өндіріп алуға тиіс­піз. Әзір­ше олар­дың жұмысын бақы­ла­уды бастау керек.

  • Ел ресур­ста­ры­на бақы­лау әлі бар­лық сала­да толық жолға қой­ыл­маған. Ел игілі­гі үшін ол ресур­стар қалай пай­да­ла­ны­лу­да? Қан­дай да бір офф­шор­лық құры­лым­дар арқы­лы ма неме­се шетел­дер­ден басқа­ры­ла ма?
  • Үкі­мет пен оның орган­да­ры экс­пор­тқа қалай бақы­лау жүр­гізіп жатыр? Ал бұл ресур­стар біздің дағ­да­ры­стағы эко­но­ми­ка үшін өте маңы­зды. Мем­ле­кет бай­лы­ғы­на мұқи­ят және жау­ап­кер­шілік­пен қарау – ел аза­мат­та­ры­ның сені­мін сақта­удың кепілі.

 Экс­пор­тқа бақы­лау орна­ту – тіп­тен оңай. Темір жол мен авто­мо­биль көлі­гіне арналған бар­лық кеден­дік өткел­дер бел­гілі. Енде­ше үкі­мет үшін экс­порт­ты бақы­лау қан­ша­лы­қты қиын? Егер сіз­дер осы қара­пай­ым нәр­сені жасай алма­саңы­здар, үкі­мет ретін­де несіне қажетсіздер?

 Біз әрбір сай­ла­у­шы­дан «неси­е­ге» сенім алдық және оған нұсқан кел­тір­ме­уі­міз керек. Әртүр­лі мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­дан (НПО) келетін сиг­нал­дарға қараған­да, импорт та жет­кілік­ті түр­де бақыланбайды.

 Бұған кім кінәлі? Нелік­тен актив­тер­ге ие болған «инве­стор­лар» маңы­зды ресур­стар­ды тұты­ну өскен жағ­дай­да сұра­ны­сты өтей­тін­дей өндірісті ұлғайт­па­ды? Оның орны­на, түс­кен пай­да­ны шетел­ге шыға­руға, сол жақта зәулім үйлер тұрғы­зуға, яхта­лар­да дема­лып, мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар есебі­нен отба­ста­рын жеке ұшақтар­мен тасы­мал­да­уға олар­дың мүм­кін­ді­гі қалай болып отыр?

  • Осы жыл­дар ішін­де «Қаз­Мұ­най­Газ» нақты не бітір­ді, тапқан пай­да­сы қай­да кетті?
  • «Қаза­қ­мыс» ком­па­ни­я­сы қаз­ба бай­лық ресур­сы­ның 30 пай­ы­зы­на қалай ие бол­ды? Соңғы он жыл­да бұл ком­па­ния осы 30 пай­ы­здың есебі­нен қан­ша­лы­қты бай­лы­ққа кенелді?
  • Сол сияқты, құра­мын­да назар­ба­ев­тық клан­ның үлесі бар «Еура­зи­я­лық топ» халы­қтық бай­лы­қтың 40 пай­ы­зын қалай ием­деніп кет­ті? Аталған осы екі ком­па­ния соңғы он жыл көле­мін­де қазы­наға қан­ша салық төледі? Бұлар ием­ден­ген шаше­тек бай­лы­қтың (тиісін­ше – 30 және 40 пай­ы­здың) қан­ша бөлі­гін біз елдің иелі­гіне қай­та­ра аламыз?
  • Осы кәсі­по­рын­дар­дың өндірістік-қар­жы­лық қыз­метін қадаға­ла­уы тиіс «Самұрық-Қазы­на» Ұлт­тық қоры және оның бөлім­ше­лері қан­дай әре­кет­тер жасап жатыр?

 Әлихан мыр­за!

 Міне, актив­тер­ді қай­та­руға қаты­сты менің депу­тат­тық сау­а­лым­да бір­не­ше сұрақ көтеріл­ді (қара қаріп­пен теріл­ген сөй­лем­дер­ге назар ауда­ры­ңыз). Осы сұрақтарға бай­ла­ны­сты үкі­мет­тік түсінік­те­ме жау­ап­ты жаз­ба­ша түр­де қай­ы­руы­ңы­зды сұраймын.

Ермұрат БАПИ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты,

13.04.2023 ж.

  • Бұл талап-сау­ал­ды депу­тат­тар – Қазы­бек Иса, Абзал Құс­пан, Ринат Зай­ы­тов, Жанар­бек Әшім­жан қолдайды.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн