Вторник , 13 мая 2025

ТҮЙЕ СҰРАҒАН ҮКІМЕТ

бие түгілі, қой ала алмайды

  • Қазақ елін өрге, өрке­ни­ет­ті елдер ара­сы­на апа­ра­тын үздік баста­ма­лар­ды орын­дау үшін не керек? Негізі­нен, оның бар­лы­ғы қар­жы­ға барып тіре­леді. Ал бұл сала­ны былық-шылық жайлаған.

Қаза­қстан­ның кез кел­ген Үкі­меті «шару­аға қыр­сыз қожай­ын» бол­ды. Себебі жос­пар­лау, соның ішін­де бюд­жет­тік жос­пар­лау жағы қат­ты ақсап тұр.

Ұлт­тық эко­но­ми­ка мини­стр­лі­гі келесі пара­док­сты жағ­дай­ға назар аударт­ты: Қаза­қстан­ның бюд­жеті сонау бірін­ші пре­зи­дент зама­ны­нан – 2007 жыл­дан бері «нәти­же­ге бағ­дар­ланған бюд­жет» болып табы­ла­ды. Бірақ нәти­же­ге бәрібір қол жет­кі­зе алмай­ды. Неге?

Мини­стр­лік­тің түсін­діруін­ше, өйт­кені елі­міз­де­гі бюд­жет­тік жос­пар­лау «әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму болжа­мы­на» негіз­де­леді. Алай­да мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­есін­де­гі құжат­тар­ды әзір­леу кезін­де бюд­жет­тің шынайы мүм­кін­дік­тері мүл­дем ескеріл­мей­ді. Бюд­жет­тің мүм­кін­дік­терін Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тік комис­сия (РБК) ғана бағамдайды.

Көр­кем тіл­мен айт­сақ, мини­стр­лік бір көлік­ке мініп алып, Аста­на­дан Алма­ты­ға жету мақ­са­тын бел­гілей­ді. Ал РБК оған тек Қараған­ды­ға дей­ін жететін ғана жанар­май береді. Өйт­кені бюд­жет тап­шы. Қаза­қстан бюд­жетінің тап­шы­лы­ғы 2023 жылы рекорд­тық 3,2 трил­ли­он тең­ге­ге жетті.

Яғни, көз­де­ген ныса­на­лы мақ­сат жай­ы­на қала­ды. Осы­лай­ша, Мамин­нің үкі­метін­де де, Смай­ы­ло­втың үкі­метін­де де мақ­сат­ты көр­сет­кі­ш­тер толы­ққан­ды қар­жы­лай қам­тыл­ма­ды және жүзе­ге аспады.

Бір мысал кел­тірелік. 2023–2025 жыл­дарға арналған жаңа бюд­жет­ті қалып­та­сты­ру кезін­де Инду­стрия және инфрақұры­лым­дық даму мини­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­есі (МЖЖ) құжат­та­ры­ның ныса­на­лы көр­сет­кі­ш­теріне қол жет­кі­зу қажет­ті­гін еске­ре оты­рып, өз шығы­ста­рын 7,2 трил­ли­он тең­ге­ге қар­жы­лан­ды­ру керекті­гін мәлімдеді:

2023 жылға – 3 трлн теңге;

2024 жылға – 2,5 трлн теңге;

2025 жылға – 1,7 трлн теңге.

Демек, мини­стр­лік­ке жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді жүзе­ге асы­ру үшін осын­ша қар­жы қажет деп есеп­тей­ді. Әрине, бұл жер­де ведом­ство «түйе сұра, бие береді» деген қағи­дат­ты ұста­нып, артық сұра­уы неме­се жеке­ле­ген шене­унік­тер қар­жы­ны көбірек қар­пып қалуға тыры­суы ғажап емес. Бірақ бұл басқа әңгіме.

Қалай болған­да да, Қар­жы мини­стр­лі­гі мен РБК бюд­жет­тің нақты мүм­кін­шілік­терін ескеріп, бұл шығы­стар­ды 2,5 трлн тең­ге сома­сын­да ғана қол­да­ды. Оның ішінде:

2023 жылға – 0,9 трлн теңге;

2024 жылға – 0,8 трлн теңге;

2025 жылға – 0,8 трлн теңге.

Осы­лай­ша, сұралған ақша­ны 4,7 мил­ли­ард тең­ге­ге неме­се үш есе­ге жуық азай­тып тастады.

Көр­кем тіл­мен түй­сек, соғым сою қажет болған­да, отаға­сы қой сатып алуға ғана жететін ақша бөл­се, оның бала­сы тай сатып ала алмай­ды ғой? Қаза­қстан Үкі­меті де осы­лай жұмыс істейді.

Бақыт КӨМЕКБАЙҰЛЫ,

Іinbusiness.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн