Пятница , 4 июля 2025

Мұнайшылар мен «ҚазМұнайГаз»

ӘЛІ ОРТАҚ КЕЛІСІМГЕ КЕЛМЕДІ

  • Аста­на­да жаңаө­зен­дік нара­зы мұнай­шы­лар мен «Қаз­Мұ­най­Газ” ұлт­тық ком­па­ни­я­сы, энер­ге­ти­ка, еңбек мини­стр­лік­тері және «Самұрық-Қазы­на» әл-ауқат қоры өкіл­дері ара­сын­дағы келісім әлі біт­кен жоқ. 17 сәуір­де Аста­на­да нара­зы мұнай­шы­лар мен билік ара­сын­дағы келісім­нің алтын­шы раундының бірін­ші бөлі­мі нәти­же­сіз аяқталды.

Жаңаө­зен­дік мұнай­шы­ла­ры­ның лидері Жол­мұрат Лұқ­пан­ның сөзін­ше, 17 сәуір­де «Қаз­Мұ­най­Газ» тағы бір жеке мен­шік «Мөл­дір-Мұнай» меке­месін келісім жиы­ны­на қаты­сты­рып, оларға осы меке­ме­ге жұмысқа бару­ды ұсынған.

– Біз өткен тен­дер­де сыбай­ла­стық бол­ды деп күдік­те­не­міз. Әйт­пе­се ешқан­дай жедел жағ­дай, апат бол­ма­са да, тағы бір «Мөл­дір-Мұнай» деген ком­па­ни­я­ны әкеліп, соған баруы­мы­зды сұрай­ды. Шама­сы, «біз жұмыс ұсы­нып отыр­мыз, бар­май отыр» деген­ді айтқы­сы келетін сияқты, – дей­ді Лұқпан.

Мұнай­шы­лар ашық әрі тәу­ел­сіз комис­сия құрып, тен­дер­ге қаты­сты зерт­теу жаса­уды, оған жур­на­ли­стер­ді қосу­ды талап еткен. Айту­ла­рын­ша, түр­лі себеп­тер­мен бұған дей­ін­гі өткен кез­де­су­лер хат­та­ма­сы да берілмеген.

– Біз өмір­ге бір-ақ рет келе­міз. Осы өмірі­мізді қатер­ге тігіп, ескі тех­ни­ка­мен жұмыс істей алмай­мыз. Біз­ге еңбек жағ­дайы cақталған; жұмыста киініп, шешініп, дема­ла­тын таза, жылы орын­да­ры бар; қауіп­сіз зама­на­уи тех­ни­ка­мен жаб­ды­қталған ком­па­ни­я­ны ұсы­ны­ңыз. Бірақ сіз­дер­де ондай жоқ. Неге бізді «Бұрғы­лау», «Мұнай­фил­дсер­вис», «Өзен­мұ­най­сер­вис» тәрізді тұрақты меке­ме­лер­ге жұмысқа орна­ла­стыр­май­сыз? Біз – еңбек өтілі­міз бар, тәжіри­бе­міз бар маман­дар­мыз. Біз – осы елдің толы­ққан­ды аза­ма­ты­мыз, – деді нара­зы мұнай­шы­лар­дың бірі Нұр­сұл­тан Нұрымұлы.

Келіс­сөз­де комис­сия тара­бы қар­сы уәж айта алма­ды. Олар мұнай­шы­лар талап еткен ком­па­ни­я­лар қыз­мет­тің мұн­дай түрі­мен айна­лы­спай­ты­нын айтты.

Еске сал­сақ, сәуір­дің басын­да «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­ның мер­ді­гері «БерӘлі Маңғы­стау Company» меке­месі тен­дер­де жеңіліп, жүз­ден аса адам жұмыс­сыз қалған. Жаңаө­зен­де жұмыс талап еткен жүз­ге жуық мұнай­шы 10 сәуір­де Аста­наға жина­лып, тұрақты жұмыс талап еткен. Бір тәулік Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі алды­на қонған мұнай­шы­лар­ды 11 сәуір күні кеш­ке қарай поли­ци­я­ның арнайы жасағы күш­теп ұстап, Аста­на­ның поли­ция бөлім­ше­леріне апарған. 12 сәуір күні таңер­тең мұнай­шы­лар­дың көбін пой­ы­з­бен Жаңаө­зен­ге қай­та­рып, он адам­ды келісім жүр­гі­зу үшін қал­ды­рған. Бірақ 12 сәуір­ден бері екі тарап әлі келісім­ге кел­ген жоқ.

Кей­ін Жаңаө­зен­ге пой­ы­з­бен кетіп бара жатқан мұнай­шы­лар­дың ара­сы­нан ондаған адам поли­ци­ядан шыққан соң «бүй­рек­тері ауы­рып», «қабы­рға­ла­ры, бел­дері соққы­дан ауы­рып жатқа­нын» айтқан. Бірақ поли­ция мұнай­шы­лар­ды соққа­нын жоққа шығарған.

Қаза­қстан­ның баты­сын­да мұнай­шы­лар жұмыс беруді, жалақы өсіруді сұрап, жиі ере­уіл­ге шыға­ды. Жер­гілік­ті билік оларға ере­уіл заң­сыз екенін айтып, жиі ескер­ту жасай­ды, әрі лидер­лерін поли­ци­яға шақы­ра­ды. Мәсе­ле­лері шешіл­ме­ген жағ­дай­да кей­бірі аштық жари­я­лай­ды, кей­бірі Аста­наға баруға мәжбүр.

Батыс өңір­лер­де бір­не­ше ком­па­ни­я­ның жұмыс­шы­ла­ры ере­уіл­дің арқа­сын­да жоға­ры жалақы­ға, жақ­сы еңбек шар­ты­на қол жеткізген.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

ЖАҢАӨЗЕНДІ ЖАЗҒЫРУ

технологиясы қалай жасалды 

  • «700 мың тең­ге жалақы»: билік Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры­на қар­сы нега­тив пікір­ді қалай қалып­та­стыр­ды? Әле­умет­тік желі мен БАҚ бетін­де Жаңаө­зен жұмыс­шы­ла­ры­ның нара­зы­лы­ғы­на қаты­сты бір жақты, жан­сақ пікір тарады.

Хабар­ла­ма мәтіні бір сарын­да: «700 мың тең­ге ұсы­нған екен, «Өзен­мұ­най­газ-дан жұмыс сұрап отыр, бірақ ол жақта 9000 адам кезек­те тұр», «бұған Өзбек­стан мен Түрік­мен­стан­нан кел­ген қан­дастар кінәлі» делінген.

Айт­пақ­шы, Жаңаө­зен­дік­тер­ге қара күйе жағуға арналған Facebook-тегі бло­гер, жур­на­ли­стер­дің жаз­ба­сы­на 100–200 мың тең­ге ақша ұсынған.

Билік­шіл медиа, бло­гер мен рес­пуб­ли­ка­лық БАҚ «Жаңаө­зен­дік­тер 700 мың тең­ге­ден бас тарт­ты» деген тек бір жақты пікір­ді бер­ді. Олар Жаңаө­зен жұмыс­шы­ла­рын «масы­ққан, қанағат­сыз» деп көр­се­ту­ге тырысты.

700 мың тең­ге жалақы­дан өздері бас тар­тқа­нын және ұсы­нған ақша Қаза­қстан­дағы ресми орта­ша жалақы­дан (338 мың тең­ге­ден) екі есе көп екенін алға тарт­ты. Ал жұмыс­шы­лар бұл ұсы­ны­стан неге бас тар­тып отыр, себебі қан­дай екенін жазбады.

Осы тұста жалақы­ға қаты­сты Маңғы­ста­удағы инфля­ция дең­гей­ін де ескер­ген жөн. Өзге өңір­лер­ге қараған­да, Маңғы­ста­уда азық-түлік едәуір қым­бат. Ұлт­тың банк­тің 2023 жылғы наурыз айын­дағы дере­гі бой­ын­ша, ең жоға­ры жыл­дық инфля­ция көр­сет­кі­ші Маңғы­ста­уда тіркелген.

Қаза­қстан бой­ын­ша азық-түлік ақпан айын­да 26,2%-ға қым­бат­та­са, Маңғы­ста­уда көр­сет­кіш 32,1%-ға жет­кен. Өткен айлар­да да Маңғы­ста­удағы инфля­ция дең­гейі рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша жоғары.

Одан бөлек, Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры жоға­ры жалақы­ны емес, тұрақты жұмыс беруді талап еткен еді. Олар тен­дер өткі­зу рәсі­мін өзгер­туді сұра­ды. Себебі жұмыс­шы­лар­дың бола­шағы тен­дер­ді кім жең­геніне тәу­ел­ді. Кезек­ті тен­дер­ден кей­ін бір-екі айдан соң, мұнай­шы­лар қай­та­дан жұмыс­сыз қала­ды. Тіп­ті жалақы­сы 1 мил­ли­он тең­ге, бірақ уақыт­ша жұмыс бол­са, одан мәсе­ле шешіл­мей­тінін айтты.

Аста­на­да ұсталған жұмыс­шы­лар арнайы жасақтан таяқ жегенін, аяу­сыз ұрып-соққа­нын мәлім­деді. Бірақ бұл тура­лы да елі­міз­де­гі тәу­ел­сіз медиа­дан өзге­лері хабарламады.

Ал Ішкі істер мини­стр­лі­гінің өкілі бұл ақпа­рат­ты жоққа шығар­ды. Себебі, оның сөзін­ше, бұл тура­лы ешкім арыз жазбаған.

Тағы бір мани­пу­ля­ция, «Қаз­Мұ­най­Газ» жұмыс­шы­лар­дың «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы­нан тұрақты жұмыс беру тала­бы орын­сыз екенін хабар­ла­ды. Себебі қазір ком­па­ни­яда жұмысқа орна­ла­суға 9 мың адам кезек­те тұр.

Бірақ жаңаө­зен­дік­тер мұның жалған екенін және «Қаз­Мұ­найГазға» жалған ақпа­рат тара­туын доға­ру­ды сұра­ды. Себебі жұмыс­шы­лар мәлім­де­месін­де «Өзен­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сын мысалға алып, сол жақтағы­дай әле­умет­тік пакет­пен қам­та­ма­сыз етуді сұраған.

  • Ras aitamyn телеграм-арнасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн