Пятница , 4 июля 2025

Мені түлеткен

«ДАТ» ЕДІ

  • «Таныл­май­тын Талғат Кеңе­сба­ев неме­се рақай­лас­паған әде­би­ет». Сен­сеңіз, дәп-дәл осы тақы­рып­тың шара­па­ты ма, әлде күт­пе­ген сәй­кест­ік­тің құдіреті­нен бе, әйте­уір сол тұста атақты «ДАТ» газетіне бір-ақ күн­де жур­на­лист болып қабыл­данға­ным бар. Онда да қара шаңы­рақ ҚазҰУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетін енді тәмам­даған «сары ауыз бала­пан» мені Ермұрат Бапи­дың осы бір мақа­ла­дан соң жылы қабыл­да­уы – мен үшін үлкен жетістік болға­ны рас. 

Жетістік бол­май қайт­сін, оқи жүріп «Қазақ әде­би­еті» сын­ды газет­ке бір­ді-екілі мақа­ла, «Хабар» арна­сын­да Арман аға Ысқа­был­дың тұсын­да аз-кем істе­генім бол­ма­са, басқа еш дүние тын­ды­ра қой­маған шағы­мыз еді. Ара-тұра салаң етіп Жазу­шы­лар одағын­дағы түр­лі кеш­тер­ге барып қай­ту­ды «уәжіп­тей» көр­гені­міз­бен, пуб­ли­цист болып бір кетік­ті «жамай» қой­маған кезіміз.

Қысқа­сы, төрт жыл «тай­раң­датқан» уни­вер­си­ти­тет­ті тамам­даған соң, тау «қопарғы­штар» арми­я­сы­на біз де қосыл­дық. «Бүй­тер едік»-ті бүтін кур­стар бойы оң бүй­ір­де бүл­кіл­детіп шыққан біз үшін қай­рат бар да, мін­бер жоқ сияқта­на­тын. «Қайт­кен­де де жұмыс табу керек» деп біз шарқ ұрға­ны­мы­з­бен, ойдағы­дай жұмыс сұл­ба­сын да көр­сет­пей­тін. Ара­сын­да ауы­лға барып, екі күрек қи атып, енті­гіп Алма­ты­ны әрең таба­тын тұсы­мыз. Сосын да бүгін­де таны­лып қалған жур­на­ли­стер Абай Аймаған­бе­тов, Еркебұлан Кена­хан сын­ды «хабар­лық» һам квар­ти­ра­лас жігіт­тер­мен «Ата­кент­тің» қасын­да күн­де «жиын» өтетін. Кеңе­стің ақы­рғы шеші­мін­де әлде Абай­дың, әлде Еркебұлан­ның нұсқа­уы­мен «Жас Қазақ» газетіне бара­тын болып шештім. Бақ­сам, олар­дың айтуын­ша, мен сол газет­тен өз орным­ды «ойып» тұрып алуым керек екен. 

Не керек, «жасты­қта бәрі жара­са­ды» деген тәм­сіл мені тас қылып ұстап алды да, дедек­те­те жүріп «Жас Қаза­қтың» есі­гіне енте­ле­те алып кел­ді. Арғы жағы бел­гілі, сол кез­де­гі бас редак­тор­дан «ән мәтін­дерін­де­гі қателік­тер­ді тізіп жазып кел» деген дәстүр­лі тақы­рып­ты алып шықтық. «Жақ­сы жаз­саң, ала­мын» дей­ді. «Ала­ды екен» деп іштей мен де қай­та­лай­мын. Кеңес­шілері­ме қоңы­ра­у­ла­там, «онда ала­ды екен» деп олар да жөп­тей­ді. Сол үміт­ті үрлей-үрлей шығып бара жатқан­да, кур­с­тас Аршын деген жігіт­тің аға­сы «Жарас Кемел­жан осын­да істей­ді» деген ақпар ойға түсе қал­ма­сы бар ма? Сабақты иненің қан­ша­лық сәт­тілік әке­летінін қай­дам, мөр­ті келіп тұрға­сын, алдын ала жат­тап алған номер­лі есік­тің тұтқа­сын да ептеп тарттық. 

Аз-кем әңгі­ме­ден соң, Жарас «Жас Қаза­қтың» жиі шыға­ты­нын, ақпа­рат­тық дүни­е­ге екі-күн­нің бірі батып-шығып оты­ра­ты­ны­ң­ды айтып: «Мен саған бір ақыл айта­тын, сен «ДАТ»-қа бар­саң­шы. Сол жер­ден көп нәр­се үйреніп шыға­сың» демесі бар ма! «Үйреніп шыға­сың» деген сөз­ге «сра­зу» ұйы­сам керек, «бол­ды, «ДАТ»-қа барам» деп, жігіт­тер­ге кел­дім. Тап сон­да біреу шақы­рып тұрған­дай сеніммен.

«Жас Қазақ» бол­ма­ды ма, неге?» деп сұрай­ды олар? Мен: «Олар өздеріне алса алар еді, бірақ басқа газет­ті «үйре­несің» деп нұсқа­са, бір себебі бар шығар» дей­мін өз ойым­ды құптап.

Сөй­тіп, не керек, «ДАТ» газетінің бас оқыр­ма­ны (бұлай ата­луы­ның себебін кей­ін біл­дік – Қ.Қ.) Ермұрат Бапиға да жолы­қтық. Фур­ма­нов көше­сінің бой­ын­дағы бұры­нғы бас­пасөз клу­бы­ның екін­ші қаба­ты­на көтеріл­ген­де, жалғыз-ақ есік сізді кең каби­нет­ке алып кіреді. Кір­ген бет­те оң жағы­ңы­здан бір қараған­да түсі салқын сияқта­на­тын, ада­мға сынай қарай­тын­дай көрі­нетін жары­қтық Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды көрер едіңіз. Бұл кісінің сон­ша мей­ірім­ді, сон­ша мәрт, сон­ша әділ адам екенін кей­ін­нен біл­дік қой. Біл­дік те, «Бақыт апай» деп үйіріліп жүр­дік. Көп көме­гі, ана­лық үлкен махаб­ба­ты өтті біз­ге. Қинал­саң, өзі дәрі­ге ақша тап­пай оты­рып, қолын­дағы сақи­на­сын жұлып беретін миға «сый­май­тын» жомарт кісі еді, иман­ды болғыр Бақыт апайымыз. 

Редак­ция қыз­мет­кер­лері­мен жылы аман­дасқан соң, басты­қтың каби­нетін сұрай­мын ғой әдет­те­гі әдеп­пен. Сөйт­сем, кіш­кен­тай каби­нет­те ком­пью­тер­ді «азаптап» бір адам отыр. Мұр­ны­ның тақау үшіне қарай көзіл­дірі­гін құла­тып тастап, газет шыға­тын күні де ақ тер «сұрап» оты­рған бас оқыр­ман – Ермұрат Бапиы­ңыз екен. Сынай бір-екі сұрақ қой­ды да, мұн­да келіп, істей алмай кететін жазғы­штар­дың көп екенін айтып, өзің қалаған бір тақы­ры­бы­ң­ды жазып кел деді. Сөз осы­мен тәмәм бол­ды. «Мате­ри­а­лың жақ­сы бол­са, бір апта бай­қап көре­міз» деген­ді де ол кісі ұмы­тқан жоқ.

«Келіп-кететін­дер көп». Мақа­ла­ны ойлаған сай­ын, осы сөз арқа­дан осып жібе­ретін­дей. Ертең мен де сол «келіп-кететін­дер» тізі­мін­де тұр­май­ын деген ой миды қаза­ды келіп-келіп. Көз­деп қазы­лған жер­ден қазы­на шыға­ты­ны қан­дай шын­дық бол­са, ізде­ген жер­ден бір жақ­сы идея шығу керек дей­мін. Содан не керек, ойға бір­ден Шығы­ста «қаза­ққа жұмыс жаса­май­тын одаққа түкір­генім бар» деп Жазу­шы­лар одағы­ның сол жақтағы фили­а­лы­нан шығып кет­кен Талғат Кеңе­сба­ев еске түседі. Кере­мет жазу­шы еді, жары­қтық. «Ұлт.кз» пор­та­лын­да ол тұста әде­би шығар­ма­лар көп­теп салы­нып, пікір­та­лас қат­ты жүріп жата­тын. Сол жер­де мен басқа­лар­мен қатар Кеңе­сба­ев­тың шығар­ма­ла­ры­ның кем-кеті­гін үне­мі сынай­ты­н­мын. Сынаған адам­ды жақ­сы көр­ген қалам­гер­ді мен содан кей­ін көр­ме­ген шығар­мын. «Хабар» арна­сын­да жүр­генім­де, Қанат Рама­зан деген жазу­шы інісі арқы­лы мені­мен өзі таны­сып, ол кісінің кей­ін­нен Алма­ты­ға іздеп кел­ген кезі де болды.

Тоқе­тері сол – «Таныл­маған Талғат Кеңе­сба­ев неме­се рақай­лас­паған әде­би­ет» деген тақы­рып сей­сен­бінің кешін­де дай­ын тұр­ды. Түн бол­са да, бір қуа­ныш, бір үміт­пен сол мате­ри­ал­ды бас редак­тор­дың адресіне жібе­ре қой­дым. Ара­да аз уақыт өткен жоқ, Талғат Кеңе­сба­ев­тың өзі звон­дап тұр. «Әй, Қозы­бай, қалай­сың? Сен «Датқа» барып­сың ғой. Ермұрат «маған мықты жур­на­лист кел­ді, ертең «бом­ба жары­ла­ды» деді. Дұрыс болып­ты» деп разы­лы­ғын біл­дір­ді. Құдая шын, жоба­сы дәл осы­лай айт­ты. Осы­лай­ша аяқ асты уыста­та салған қуа­ны­шты қай­да сый­ғы­за­рым­ды біл­сем, не керек?!

Мына­дай жылы пікір­ден көңіл толас­сыз өрек­пи қуа­нып тұрған­да, Ермұрат аға­ның өзі хабар­ла­сты да, «Ертең­нен бастап жұмысқа шық» деп қысқа қай­ыр­ды. Ертесі кір­ген бет­те өзі қар­сы алып, әріп­те­стер­ге: «Сіз­дер­дің орта­ла­ры­ңы­зға 4‑курсты жаңа бітір­ген емес, өздеріңіз­дей қала­мы қалып­тасқан жур­на­лист келіп жатыр. Құт­ты­қтап қой­ы­ңы­здар!» деп таны­стыр­ды. Содан бастап бас редак­то­рым бір­те-бір­те Ер-ағаға, өзім Ер-аға мен Бақыт апай­ым­ның (жаны жән­нат­та бол­сын) «Қошақа­ны» ата­нып шыға келдім.

Шығар­ма­шы­лық «тісі» была­мы­ққа да сынып қалар­дай был­жыр-бол­быр шәкірт­ті де илеп, қалы­бы­нан қайт­пас­тай жауын­гер шыға­ра­тын «ДАТ» ұста­ха­на­сы мені сөз­сіз шың­да­ды. «Мәсі киген Мәсі­мов» деп бастап, «Қаза­қтың билі­гі қаза­қты неге бөле қырқа­ды» деген сын­ды өткір тақы­рып­та шен­ділер­ге шебер де мей­лін­ше шүй­лік­тіріп алса, бір­де «Пан­те­он мен Луврға қай қазақ жете­ді?», «Алтын күн астын­дағы алтын­сыз ел», ал бір­де «Бұл одақта өтірік айту­дан басқа айыр­бас жоқ!» деген сын­ды үлкен тақы­рып­тарға «жұм­сай­ды» ұтылатып-ұтылатып.

Кей­де баулы­ған тастүлек­тей өзің-ақ тіле­несің. Тілен­бей қай­тесің, газет­тің тиіп кет­кен жерін ойып түсер­дей өткір тақы­рып­та­рын оқи­сың да, сен де ұқсап көр­гің кел­мей ме?! 

Мәсе­лен, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың құр бос әуре­шілік екенін әшке­ре­лей­тін «Бұл одақта өтірік айту­дан басқа айыр­бас жоқ!» деген тақы­рып­ты өзім сұра­нып жазып едім. «Төрт аяқтап» қол­дай­тын­дар тұсын­да бұл тақы­рып­тың дауы да ұза­ққа созы­лға­ны рас. Бір аны­ғы – бүгін одақта өтірік айту­дан басқа айыр­ба­стың жоқ екені дәлел­деніп келеді. 

Аталған одақтың «теат­рын» айта­мыз-ау, «бас оқыр­ман­ның» кезек­ті сынағы­мен «Қорқыт­тың көрін» көр­діңіз бе?» деп, театр сын­шы­сы­на айна­лып кете жаз­да­саң, бір­де Аңсаған Мұста­фа­ның сурет көр­месіне қалай салаң етіп жетіп барға­ны­ң­ды, әрі санаң­да сапы­ры­лы­сқан қалың сурет­тің ішін­де тұрып, қалай «ДАТ» болып, ойлап қай­та­ты­ны­ң­ды біл­мей қаласың.

Тыста қаза­ққа тісін баты­рғы­сы кел­ген­ге қатал бол­са да, жұмыста «қызыл кіта­пқа» енетін соңғы жай­лы басты­қтай көрі­нетін Ер-аға­мен редак­ци­яда бір кесенің шетін тісте­ген­дей туыс-дос сияқта­на­мыз. Қағаз­дай есі­гін қай қазақ кел­се де «жапы­рып» кіріп жатқа­ны, сапы­рып сая­сат айтып отырғаны. 

Әлде дей­мін кей­де, мені «Қошақан» дей жүріп, сон­ша ерке­лет­ті ме екен, қуы­қтай «асха­на­мы­зда» тер-тер болып шай ішіп оты­рға­ның. Орын­ба­са­ры Бақыт­гүл апай аузы­ңа үйі­нен тасып, асын тос­са, сөз­сіз ішуі тиіс дәрісі­нен қиып, тиын-тебенін қал­таңа «құлат­са», қалай бұн­дай ұжым­нан айналмайсың?!

  • Ал «көз май­ын тауы­су» деген сөздің заң­ды мұра­гері сияқты Айман тәте­міз мақа­ла­ны «қағып-сіл­кіп», ара­сын­дағы шаң-тоза­ң­ды «сыпы­ра­ды» да, ұқып­ты қол­дың мүкә­ма­лын­дай жарқы­ра­та қояды.

Тари­хи есім­дей «ДАТ» Кен­же­сі ше? Газет­тің мол қиын­ды­ғын үйіне тасып әкетіп, тасып әкеліп жүретін­дей басы­лым­ның тари­хи жауын­гері Кен­жеңіз де макет­тің май­тал­ма­ны дер­сіз. Сөй­те тұра, Ермұра­ты­ңы­зға күн­де шәкірт сияқта­на­ды. Қыр жел­кесіне мінер­дей болып, «бас оқыр­ман» тұра­ды да, миға «сый­май­тын» кол­ла­жды «сал да сал» деп бір «әлек­те­се», әне-міне шыққа­лы тұрған газет­тің шетін­де­гі «май­ы­сып» тұрған екі сызы­қты көр­се, тағы «ашу­ла­на­ды». 

Кейде түн­де­летіп Кең­сай­дағы ағам­ның үйіне қай­та­тын мен үшін редак­ция екін­ші үйім бола­тын. Мақа­ла­ны ептеп бітір­гесін, тыныш каби­нет­те ұйы­қтай салу да сон­дай жай­лы­лық сезіндіретін.

Ара­сын­да «Жол жүретін тиы­ның бар ма?» деп сұрай­тын да, қал­та­сы­нан жырып, тиын беретін. «Жырып» деп айта­ты­ным, газет­тің ішкі «кух­ня­сын» біл­мей­тін бәз біре­улер «бұл не сөз?» дер. Ондай­да біз­бен қатар ара­сын­да дай­ын кес­пе жеп оты­ра­тын бас редак­тор­ды көр­се­тер ме еді дей­сің. Бұл жағ­дай­ды басы­лым­нан өткен, әсіре­се кей­ін­гі жур­на­ли­стер жақ­сы біледі. 

Бұл рет­те «кей­ін­гі» деуі­міздің себебі да анық, тәу­ел­сіз басы­лым­ның жағ­дайы Дариға­ның дүң­гір­шек аулау «науқа­ны­нан» кей­ін тіп­ті қиын­дап кет­кен бола­тын. Бұры­нғы жур­на­ли­стер «ұрып-соғып» кететін деп аңыз қыл­са, біз де жай тұр­май, «аш» қалу­ды ешкім­нің басы­на бер­месін деп «бәл­сі­не­міз». Сөй­тіп, «дау­ласқан» екі тарап та бұн­дай сынақты күн­нен сағы­мы­зды сын­дыр­май алып өтетін «Ер-аға еді» деп «мәміле­ле­сетін­біз». 

Бір­де тұрып жатқан квар­ти­ра­мы­зда сол шақта әнге сөз жазып жүретін ақын досым Еркебұлан Кене­хан еке­уі­міз таңға дей­ін дала­да жүр­дік те қой­дық. Ана­ны айтып – бір, «мына­ны тың­да­шы» деп – екі гулей­міз. Сөй­тіп таңғы бес тілін рұқ­сат «сұрай» соққан­да бәле басталған. Ұйқы­сы­нан ұйқы-тұй­қы болып оянған орыс кем­пір бір керіліп алып, төмен­де­гі екі қаза­қты көріп, зір­кіл­десін келіп. 

Ұрсып-ұрсып қой­ды ғой деп, енді ұйқы­ға «қой­ып» берелік деп тұрған­да, поли­ция келіп: «Тыны­штық уақы­тын­да тәр­тіп бұз­ды­ң­дар» деп, айып­тай жөнел­месі бар ма?! Шақар көр­ші шақы­рып қой­ып­ты аны­ғы. Әлгілер «Қаза­қ­пыз ғой, айқай­лаған да жоқ­пыз, жай әңгі­ме айтып тұрған­быз» деген сөз­ге тоқта­май, бізді поли­ция бөлі­міне алып кетсін. 

Беті іскен, көзі шыққан, тісі ұшқан Алма­ты содыр­ла­ры­ның орта­сын­да екі «све­жий бұза­қы» тұр­дық солай. Арма­ту­ра­дан сом ғып тоқы­лған төрт бұрыш көзді тор­дың ар жағы­нан тұз­ды көз­дер біз­ге тесіледі.

Істің ақы­ры біздің аңғал­ды­ғы­мы­здан ба, әлде олар­дың тісті әлде­не­ше рет қағып үйрен­ген әккілі­гі­нен бе, «түсінік­те­ме алдық, енді кей­ін де іске бай­ла­ны­сты хабар­ла­са­мыз, теле­фон ала­тын болы­ң­дар» деген қатқыл ескер­ту­мен нүктеленген.

Алай­да бұл «нүк­тенің» де жыры бар екен. Ара­да екі-үш күн өткен­де, әлгі сақ­шы­ңыз маза бер­се, кәне­киіңіз. Ана­ны сұрап, мына­ны тер­геп, жүй­ке­ле­те жүріп, бір күні кеш­ке «Ата­кент­те­гі» адре­стеріне шақыр­сын деңіз. Кеш­кі сағат 7 мөл­шері. Ел жұмыстан қай­тып, күн қарай­ып, абыр-сабыр болып жатқан бейуақыт. 

Ер Төстік алып қарақұ­стың қана­тын қиналған­да қалай тұтат­са, біз де Ер-аға­ның қоңы­ра­уын солай жедел тер­ген­біз. Қашанғы мінезі­мен: «Иә, Қошақан, не шаруа болып қал­ды?» десін. Мән-жай­ды жедел­де­те айтып шыққа­сын, әлгі жай­ма-шуақ мінездің соңы қаһарға ұласқан­дай: «Поли­цай­дың шақы­руы­на бар­маң­дар! Маған теле­фон­да­рын бер. Мен сөй­ле­сей­ін олар­мен!» деп шорт қайырды. 

Іштей қорқып тұр­мыз, істің ақы­ры насы­рға шап­пас па екен дей­міз. Сөй­тіп, «Ата­кент­ке» таяу жер­де қаз­дай қатқан біз­ге: «Бол­ды. Енді маза­ла­май­ды. Сен­дер бар­саң­дар, олар сен­дер­дің қал­та­ла­ры­ңа зат сала ма, бір бәле­ге ұрын­ды­ра­тын еді. Бұн­дай­да сақ болы­ң­дар!» – деп ес жиғы­зған. Артын­ша осы мәсе­ле­ге орай маған мате­ри­ал дай­ын­дат­ты. Тақы­ры­бын да өзі қой­ып, олар­ды бір сойды-ау. 

Атақты Мәшһүр Жүсіп айт­ты дей­тін «әуелі Жара­ту­шы­ң­ды, сосын Анаң­ды, сонан соң барып ұста­зы­ң­ды сый­ла» деген бір лепес маған үлкен мек­теп­тің есі­гін ашып, аза­мат прин­ци­пі деген­нің не екенін толық үйрет­кен Ермұрат Бапи­ды сый­лат­ты. Тіп­ті осы адам алмағай­ып «қате­лесіп­ті» дей­тін көл­де­нең сөз шық­са да, ақтап ала­тын «сенім» деген мықты «адво­кат­ты» ішке енгізіп­ті. Құдай­дан басқа да қателік бола­ды дей­тін әке ұста­ны­мы қашан да өз адал­ды­ғым­да табан­ды болуға сеп болғандай.

Қан­ша жер­ден нашар адам бол­сын, мей­лі, күні кеше Назар­ба­ев­ты ісін­тіп-кебін­тіп мақтап, мақтап қана қой­май, шынайы ықы­ла­сы­на шомы­лып өскен-өнген­дер бір-ақ күн­де теріс айналған­да, сатқын­ды­қта шек бол­май­ды екен ғой деп ойлаға­ны­мыз рас. Ең құры­ған­да үнде­мей қалу деген прин­цип бұй­ыр­май, Тоқа­евқа жан-дәр­мен қоше­мет «уыстап» жүгір­ген­де, жар­ты қоғам шалқа­сы­нан түс­кен­дей күй кешпе­ді ме?!

Тағы бір қызы­қты айтай­ын. Сол Ер-ағаң­ның тәр­би­есінің арқа­сын­да ма дей­мін, өмірім­де өзім сый­лай­тын адам­дар «ақы­мақ­сың» деп беті­ме айтқан бір уақиға­ның да бастан өткеніне биыл тура бес жыл болыпты. 

Алма­ты облы­стық «Жеті­су» газетін­де жүр­ген 2018 жылы ата басы­лым­ның 100 жыл­дық мерей­той­ын­да сол кез­де­гі облыс әкі­мі Аман­дық Бата­ло­втың шеші­мі­мен бір топ газет­те­гі қанат­тас жастарға үй беріл­ді. Сол тізім­ге менің де атым еніп­ті. Не керек, су жаңа екі бөл­мелі пәтер бұй­ы­рға­лы тұрған. Бұл тұста ұжы­мға айтар алғы­стан басқа дауым жоқ еді. Алай­да мен пәтер­ді емес, «Жас Алаш» газетін таң­да­дым. Сол сәт­те, той­ға бір-екі күн қалған­да ауы­сып кет­тім. Нәти­же­сін­де екі бөл­мелі үй газет­те­гі еңбе­гі сің­ген фото­жур­на­лист­ке бұй­ы­рып, дай­ын шта­тым тағы бір әріп­тесі­ме табыст­алған еді.

Сол тұста тіп­ті осы бір «ақы­мақтау» шеші­мім­ді әке-шеше­ме айтуға қоры­қ­сам да, іште бір «есеп» бол­ды. Әкім­шілік­тің балан­сын­да тұра­тын, әкім үле­стір­ген үйден алсам, сөз жоқ, аузы буы­лған өгіз­ге айна­ла­тын ба едім, кім біліп­ті. Сосын еркін сөз айды­ны болған «Жас Ала­шты» таң­дау мүм­кін­ді­гі тұрған жер­ге таба­ны бүр­лі кез кел­ген тәу­ел­сіз жур­на­лист менің орным­да бол­са да, солай істей­ді ғой деп ойлаға­ным рас. Тиісін­ше, «ДАТ»-тан басталған, «Жас Алаш»-пен жалғасқан, артын­ша рес­пуб­ли­ка­лық тәу­ел­сіз деген сайт­тар­дан тәжіри­бе жинатқан сапар әлі жалға­сып келеді. Үй де тек қызыл алақанға «қолқа» салып жүріп тұрып алды. 

Міне, менің сүй­ік­ті мек­тебім болған «ДАТ» газетінің мерей­тойы да қоңы­рау қаққа­лы «ірге­де» тұр. Алғаш табал­ды­ры­ғын аттаған­да-ақ: «Мынау нарық зама­нын­да өзіңді сұра­ны­сқа сай тау­ар ретін­де қалып­та­стыр. Өтім­ді «тау­арға» айна­лып, мен лай­ы­қты бағаң­ды төлей алма­сам, ары қарай өз таң­да­уы­ң­ды жасай­тын­дай дең­гей­ге жет. «ДАТ»-тан талай қым­бат «тау­ар» шыққа­нын, шыға беретінін де ұмыт­па!» – деген Ермұрат Бапи да газет­те ашы­нып оты­рып, әр әріп­ке қон­ды­ра­тын датын енді биік мін­бер­де айтуға мүм­кін­дік алды. Демек, қазір­гі даңғыл жолын маң­дай­ы­мен тегістеп жет­кен «ДАТ»-тың тойы – біз күт­кен ұлы той деу­ге болады. 

Той демек­ші, «Қошақан, біздің ауыл­да да той бола­ды» деп, тары­ққан­да өзе­гі­міз­ге үміт арқа­уын жалғап беретін Ер-аға айта­тын той­дың да кезе­гі келді. 

​​Қазір «қия­мет» көпірін­дей ұрыс-керіс, атыс-шабысқа толы өткен күн­дер­де, дәлірек айтқан­да, «ДАТ» пен қалың оқыр­ман өткен 25 жыл­да бір ауыз тәу­ел­сіз ой айта алмаған бүгін­гі диван-батыр­лар­дың саны көбей­іп тұрға­ны рас. Тіп­тен кей­де әйдік басы­лым абы­рой­ын қызға­на­тын­дар да табы­лып қала­ды. Бәрін уақыт – төре­ші тез­дер де түзетер. 

Ал мен «ДАТ» газетін сүй­іп оқи­тын оқыр­ман­дар мен сүй­ік­ті әріп­те­стері­ме «Той құт­ты бол­сын!» дегім келеді. 

Қозы­бай ҚҰРМАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн