Пятница , 4 июля 2025

ҚАЙДАСЫҢДАР,

ҚАҺАРМАНДАР?!

  • неме­се Әлқис­са­сы Әке­жан Қажы­гел­дин­нің НӘН-дик­та­ту­раға қар­сы аты шулы бас­кө­те­руі­нен баста­лып, ұзын сона­ры Ермұрат Бапи­дың 25 жылға ұласқан ДАТ-эпо­пе­я­сы­на қаты­сқан күн­дерім жай­лы әзіл-шыны ара­лас естелік-эссе.

Шындық үшін шырыл­дап (ойба-ай, шыры­лың не, ол жәй сөз ғой!), шыбын жанын (әлгі әулие аға­штың басы­на іліп қоя­тын­дай) бір жапы­рақ шүбе­рекке түй­іп, бір жаратқан­ның қолы­на табыст­ап, «аққа – құдай жақ» деп қой­ып, «ДИКТАТОР» атты тажал­мен ашық шай­қасқа (асы­лы, халы­қтық май­данға) атып шыққан «ДАТ» басы­лы­мы­ның алға­шқы саны жарық көр­геніне де ширек ғасыр болып­ты-ау, пәлі!..

1. Менің «ДАТ»-ым

Бәрі де күні кеше­гі­дей бүге-шігесі­мен бір­ге есімде…

Күздің бір жылаңқы күні еді. Редак­ция табал­ды­ры­ғын имене атта­сам да, өзім­сініп, бас редак­тор­дың орын­ба­са­ры Нұр­дәу­лет Ақы­штың (еке­уміз Серік­бол­сын Әбділ­дин аға­мыз басқарған Жоғарғы Кеңе­стің «Халық кеңесі» атты басы­лы­мын­да иық түй­істі­ре қыз­мет атқарған едік, өзім­сі­нетінім содан ғой) бөл­месіне қарай бет алдым. Дәл осы сәт­те бас редак­тор­дың бөл­месі­нен шығып келе жатқан басын­да қара тел­пек, үстін­де ақ сулы­ғы (плащ), қолын­да джен­тель­мен­дік қара қол­ша­ты­ры бар кісі көзі­ме оттай басы­лға­ны. Ол да тоқтай қалып, үсті-басым­ды сүзе қарап (фой­енің іші ала көлең­ке­ле­утұғын): «Жан­бысың?» – деп сұра­ды, көзін сығы­рай­тып. Иә, дәл өзі – жазу­шы Марат Қабан­бай. Ол «Ана тілі» газетін­де бас редак­тор­дың орын­ба­са­ры болып тұрған­да, аз ғана уақыт қара­мағын­да жұмыс істе­гем-ді. Қол алы­сқан­нан кей­ін: «Сіз мұн­да?..» – деп бастаған сұрағым­ды қақ орта­дан бөліп:

– Өзің осын­да­сың ба? – деп сұрады.

– Жоқ әлі…

– Енде­ше, іске сәт, інім! – деп, қолым­ды бір қысты да, кете бар­ды. Мен Нұр­дәу­лет Ақы­штың бөл­месіне бас сұқтым.

– Ал, Нұраға, алды­ңы­зға Жан кел­ді, сіздің басы­лы­мға дәл кел­ді, – деп әзіл­деп едім, ол бай­сал­ды қал­пын жоғалтпастан:

– «Сөзі­міз­ге сән бер­ді, өзі­міз­ге мән бер­ді» дегің келеді ғой баяғы, – деп іле жөнел­ді де, есік жаққа иегін қағып, орны­нан тұр­ды. – Жүр, Шәріп ағаңа кіріп шығайық.

Шыны керек, газет­тің бас редак­то­ры Шәріп Құрақ­ба­ев­тың атын есті­генім бол­ма­са, оны­мен жеке таны­сты­ғым жоқ еді. Өз басым оның жазуын ауыр артил­ле­ри­яға балай­ты­н­мын, содан ба, өзінің мінезі де ауыр сияқты болып көрін­ді. Алға­шқы таны­сты­ғы­мыз да жар­ты­лай ресми сипатта өтті.

– Жан, жур­на­лист өз жазған­да­ры­мен таны­луы тиіс. Бір-екі мақа­ла жазып, өзіңді көр­сет. Сосын бір айлық шар­тты мерзім­мен жұмысқа қабыл­дар­мыз, – деді ол, мұрын дөңесін­де­гі көзіл­дірі­гін сұқ сау­сағы­мен бір көтеріп қойып.

Осы сәт­те орта бой­лы, сым­дай тар­ты­лған сым­бат­ты, қияқ мұр­ты қара­то­ры жүзіне жарасқан жігіт аға­сы кіріп келіп, үнсіз бәрі­міз­бен қол алы­сты. Нұре­кең «осы­мен әңгі­ме тәмам» деген­дей, маған мой­ын бұрып қараға­сын, еке­уміз бас изесіп, бөл­ме­ден шықтық.

– Әлгі жігіт Арғы­нға­зы Мади­я­нов деген дирек­то­ры­мыз, бүкіл қар­жы-мате­ри­ал­дық жағ­дай­ы­мыз соның мой­нын­да, – деді Нұре­кең. – Маман­ды­ғы жур­на­лист, орыс бөлі­мін­де оқы­ған, өзі­міздің басы­лы­мы­м­ы­здың кура­то­ры Ермұрат Бапи­дың кур­с­та­сы, – деді өзіне тән мінез­бен бай­ып­тап түсін­діріп. «Е‑е, мақұл…».

Обалы не керек, алға­шқы жаз­ба­ла­рым­ды бас редак­тор да, басқа жігіт­тер де ұна­тып, газет­ті күш­теп жабар алдын­дағы бас-аяғы бір айдың ішін­де көп­тен көріс­пе­ген ескі таны­стар­дай арқа-жарқа ара­ла­сып кет­тік. Марқұм Шәкең (Шәріп Құрақ­ба­ев) маған хат бөлі­мін жүк­теп қой­ды. «Әр хат­та – халық қыжы­лы» деп қой­ған айдар­ды құп көр­ді. Тағы бір­де хат­тарға шолу жасап, тақы­ры­бын «Назар­ба­ев хан емес» деп қой­ып, оның жалға­сын тақы­рып­ша есеп­ті «халық игілі­гі үшін қыз­мет ету­ге тиіс мем­ле­кет бас­шы­сы. Енде­ше ол Ата заң­ды атта­май, өз құзы­рын­дағы мәсе­ле­лер­мен айна­лы­сып, өзінің талап-тілек­терін орын­да­сын деп жаза­ды оқыр­ман­дар редак­ци­яға жол­даған хат­та­рын­да» деп шұбырт­тым келіп. Сол сәт­те мен жазу­дың қызы­ғы­на енді ғана түс­кен­дей едім. «Король жалаңаш!» деген мақа­лам­ды «ХХІ век» атты оппо­зи­ци­я­лық газет жари­я­лаған бәй­ге­ге де ұсындым.

Сол күн­дері «ДАТ» газетінің басы­на қара бұлт үйірі­ле бастаған-ды. Ақы­ры, шын­ды­қты шырқы­ра­та жаза­тын шынайы тәу­ел­сіз басы­лы­мға өшік­кен билік оны жауып тын­ды. Билік­тің погон­ды жан­дай­шап­та­ры басы­лым­ның 1998 жыл­дың 4 жел­тоқ­са­нын­да соңғы рет шығып үлгер­ген санын жарым-жар­ты­лай тәр­кілеп алып, редак­ция оты­рған ғима­рат­ты бейне бір қыл­мыс жасалған орын­дай ала­ба­жақ жіп­пен қор­шап тастап, қақ­па­сы­на дәу қара құлып­ты іліп қойды.

Сол күн­нің ертесіне жұмыс­сыз қалған бір­не­ше­уі­міз (Құмар­бек Қыбы­ра­ев, Сая Исса, Ғалым­жан Мұқа­нов және мен) келісіп қой­ған­дай, қақ­па алдын­да жинал­дық та, бірі­міздің «ішей­ік» деген ұсы­ны­сы­мен басы­мыз сал­бы­рап, база­рға қарай тарттық…

Түн­нің бір уағын­да ұйқы қашқан мен күн­делі­гім­ді қолға алып, кей­ін үзін­ділері «Сол­ДАТ» газетін­де жари­я­ланған кезек­ті бір опу­сым­ның («ДАТ», Қажы­гел­дин, «мұд­жа­хед», халы­қтық май­дан және басқа­лар) алға­шқы жол­да­ры­на айналған екі сөй­лем­ді бат­ти­та жаз­дым: «Қыза­рып күн бат­ты. «ДАТ» өлді»!..»

Ертеңіне өзі­ме-өзім «жоқ!» дедім: «ДАТ» өлмей­ді! Оның өлуі де мүм­кін емес. Өйт­кені ДАТ деген­ді тарқа­та айтсақ –

Д – ДЕМОКРАТИЯ,

А – АЗАТТЫҚ,

Т – ТӘУЕЛСІЗДІК

2. Сол «ДАТ»-ым – махаббатым

Ежел­гі грек аңы­зда­рын­да Феникс атты құс бар. Оның бір ғажап қаси­еті – от боп жанып, күл­ге айна­ла­ды да, қай­та түлеп, жан бітіп, тіріліп шыға келеді. «ДАТ» газеті атын «Сол­ДАТ» деп өзгер­тіп, қай­та шыға бастаған­да, мен оны сол бір аңыз құсқа – Феник­с­ке ұқсат­тым. «ДАТ» газетінің өзі де аты аңы­зға айналған айту­лы басы­лым бол­ды ғой, не айта­ры бар!

Тағы бір қуанға­ным – басы­лым құры­л­тай­шы­ла­ры бас редак­тор­лы­ққа жазу­шы Марат Қабан­бай­ды лай­ық деп тауып­ты. Бала күнім­де жазу­шы­ның «Ары­стан, мен, вио­лон­чель және қаса­п­ха­на» атты қой­ған тақы­ры­бы­ның өзі-ақ елең еткі­зер­лік хика­я­тын сүй­сіне оқы­ған мен оның кей­ін «Ана тілі» газетінің бет­терін­де алдас­пан­дай жарқыл­даған пуб­ли­ци­сти­ка­сын да қызы­ға оқып, кей­де елік­тей­тін­мін де.

Бір­де ол маған: «Әй, Жан, сен өзің «бал­та­лай» беретін «бал­та­шы» екен­сің ғой. «Жони» да білу керек», – деп, аға­лық ақы­лын айтқан-ды. Жазу сти­лім­ді мең­зе­гені. Мен де қарап тұр­май: «Аға, «сию­ге де стиль керек» емес пе?» – деп, оның өз сөзін өзіне қара­та, қой­ып қал­дым. Ол басын шай­қай күл­ді де қой­ды. Расын­да да, сыр­тқы түрім қан­ша сыпайы көрін­се де, сол тұстағы жазу сти­лім сон­ша­лы­қты «сұмпайы»-тұғын («қара юморға» бер­гісіз, жор­та қисық-қыңыр, қыр­шаңқы, тіп­ті анайы деу­ге келетін­дей сөз­дер­ді ара­ла­сты­рып жаза­тын жаман әдетім де бар еді).

Қош делік. Сөй­тіп, бұры­нғы «дат­ты­қтар­дың» бәрі бол­ма­са да, біра­зы қай­та бас қостық. Алты айдан астам уақыт бойы сер­гел­дең­ге түс­кені­міз бір күн­гі­дей бол­май өте шығып, ұмы­ты­лып, әрі-бері­ден соң тал­таң басып шыға кел­дік емес пе?!.

Бір қызы­ғы, атал­мыш газет­тің алға­шқы саны тұп-тура шіл­денің 6‑сы күні шықты. Кура­то­ры­мыз Ермұрат Бапи көзі күлім­деп тұрып: «Бұл енді біздің Назар­ба­евқа жасаған өзін­дік «арнайы сый­лы­ғы­мыз» бол­сын», – деді. Сол күні ол 59 жасқа келіп­ті (қазір ойлап қара­сам, өзім енді­гі «кет­кен шал­дың» сол жасы­нан асып та кетіп­пін, тәйірі).

Әлбет­те, аста­ры­на үңі­ле қараған адам аса алаңға­сар бол­ма­са, «Сол­ДАТ» деп, бас әріп­тер­мен жазы­лып беріл­ген ата­удың соңғы буы­ны «ДАТ» деген­ді біл­діретінін анық аңға­рар еді. Алай­да Ақпа­рат мини­стр­лі­гінің бас­пасөзді тір­ке­у­ге жау­ап­ты бөлі­мі ондай қулы­қты аңғар­мап­ты. Бәл­кім, тиісті адам­дар сол аңғал­ды­ғы үшін жаза­сын алған да шығар, кім біл­сін? Әйте­уір, бір білерім – «ұялған тек тұр­мас» деген­дей, аузы аңқиып қалған Ақпа­рат мини­стр­лі­гі «Ана тілі» газетіне біздің басы­лым­ды бір түй­реп өту­ге тап­сыр­ма беріп­ті. Оны­сы да Қожа­на­сыр­дың тір­лі­гі сияқты солақай болып шықты. Бас редак­тор маған дәл сол жәйт­тің мән-жай­ын жіп­ке тіз­ген­дей түсін­діріп бер­ді де: «Жан, сенің «бал­та­лай­тын» өнерің бар еді ғой, осы­дан бір қысқа­ша опус «жонып» бер­ші», – деп өтін­ді. «Осы «опус» (шығар­ма) дегенің сенің сүй­ік­ті сөзің емес пе? Айтқан­дай, бұны кура­то­ры­мыз Ермұрат Бапи­дың жеке тап­сыр­ма­сы деп ұқ», – деп қосып, қолы­ма «Ана тілі» газетінің атал­мыш санын ұстат­ты. Тап­сыр­ма тап-тұй­нақтай түсінікті.

Алды­ма газет­ті жай­ып қой­ып, жалы күдірей­ген ары­стан­дай үстел бетіне төне түстім. Бір бай­қаға­ным – «Ана тілі» газеті сол тұста аяқ асты­нан амби­ци­яға беріліп, өзін «Ұлт газеті» деп атай­тын болып­ты. «Е‑е, мақұл» деп қой­дым іштей. Содан шекесіне «Уақыт уыты» деп айдар тағып, «Тік тұр, «Сол­ДАТ!» деп «бұй­рық беріп», тас төбесі­нен ұрдым ғой:

«СолДАТ»-тың» жур­на­ли­сти­ка сапы­на қосы­лға­ны сол-ақ екен, жан-жақтан «ақыл­ман­дар» көбей­ді. Алды­мен «Ана тілі» «ауыз сал­ды». «Ұлт газеті» соңғы санын­да (№28, шіл­денің 15‑і, қоян жылы, 1999 ж.) «Сөз жоқ, соның іздері» деген «детек­тив­ті» хабар беріп­ті. Сон­дағы айт­пағы: «Сол­ДАТ» мини­стр­лік­ті (Мәде­ни­ет, ақпа­рат және қоғам­дық келісім мини­стр­лі­гін айта­ды) сан соқты­рып­ты, бұл басы­лым СОЛ баяғы ДАТ екен…». Қосар ақы­лы: «Сол­ДАТ» жабы­лып қал­са, басы­лым­ды «Ман­ДАТ» деген атпен шыға­ру керек… Е, түсінік­ті бол­ды. Әріп­те­стері­міз бізді баяғы «ДАТ»-пен бай­ла­ны­сты­рып қой­ып­ты. Оған әрі рен­жідік, әрі қуан­дық. Рен­жі­гені­міз – «ДАТ»-тың «ескі» датын еске салып қай­те­ді? Қуанға­ны­мыз – біз­ге тегін жар­на­ма жасап отыр. «Ұлт гене­ра­лы­ның» «Сол­Дат­ты» көз­ге ілгені үлкен ғани­бет екен. Гене­рал болу­ды ойлай­тын газет­ті жабы­лып қала­ды деп «сәу­е­гей­суі» ғана күдіктендіреді.

Ал «ДАТ» есі­мін пай­да­ла­нып, газет шығарғы­сы келетін­дер­ге оны сан құбы­л­туға бола­ды: АҢДАТ, ШАҢДАТ, ЫМДАТ, ТЫҢДАТ, ШЫҢДАТ, БЫЛҚЫЛДАТ, ЫҢҚЫЛДАТ…».

Қызық-ай, ә, авто­ры көр­сетіл­ме­ген осы опу­сым ойда-жоқта «хит» боп кет­кені-ші. Әсіре­се жұрт­ты таң қылып, там­сан­ды­рға­ны – соңғы «ЫҢҚЫЛДАТ» деген сөз. Қазір­гі жастар тілі­мен айт­сақ, «өтті» ғой әзілім. Сөз тани­тын жұрт оның иесін де таба­ды емес пе? Сол бір мағы­на­сы екіұ­шты­лау сөз біразға дей­ін қыр соңым­нан қал­май, өзім­ді мезі қылға­ны бар. «Боя­у­шы, боя­у­шы деген­ге сақа­лын бояп­ты­ның кебін кидің, әне!» деп өзі­ме ұрсып қоямын.

Әйт­се де, «жаман­ның сан­ды­рағы келеді» деген­дей-ақ, әлгі «ұлт газетінің» «СолДАТ»-ты жабы­лып қала­ды деп «сәу­е­гей­суі» дәл келетінін, бір күні алды­мы­здан шыға­ты­нын уақыт өте келе өзі­міз де қат­ты сезініп жүр­дік. Мен бей­бақ сол тұста ешкім­ге айт­пай, алдын ала қам­да­нып, «Алдаб­ай» атты газет тір­кеп алға­ным бар.

Ол – ол ма, «пысық бол­дым, міне­ки» деген­дей, сол басы­лым­ның аты­нан бәй­ге­ге түсіп, «Сорос» қоры­нан грант та ұтып алып, шекем бір май­ла­нып қалған (ой, пәлі-ай десей­ші). «Дәнік­кен­нен құны­ққан жаман» деген бар емес пе, әлгін­дей шетел­дік грант­тар­дан дәметіп, араға уақыт салып, «Айна плюс» атты басы­лым тір­кетіп алдым. Ол пысы­қты­ғым­ның титім­дей бол­са да пай­да­сы, айна­лып кел­ген­де, «ДАТ» жоба­сы­на тиді. Өйт­кені «Сол­ДАТ» газеті бір­не­ше қай­та­ра заң­сыз әре­кет­тер­мен жабы­лған­да, 2004–2005 жыл­да­ры ол «Жұма-таймс» (ақын, жор­нал­шы Жұмаш Кене­бай­дың құрған кәсі­пор­ны­на қарас­ты басы­лым) деген атпен шығып тұрған-ды. Ал «Жұма-таймс» жабы­лған соң, мен өзім тір­ке­ген «Айна плюсім­мен» көмек қолын ұсы­на қойдым.

Жоға­ры­да айты­лған­дай, Ақпа­рат мини­стр­лі­гі басы­лым­дар­ды тір­кеу мәсе­лесін қатаң бақы­ла­у­ға алған-ды. Әсіре­се қоғам­дық-сая­си басы­лым­дар­ды жіті наза­рда ұстай­тын. Бас­пасөзді тір­ке­у­ге жау­ап­ты бөлім­де­гі адам­дар­дың алдын­да «ойбай, оппо­зи­ци­яға еш қаты­сым жоқ» деп өтірік ант-су ішіп, талай алда­дық қой. Бірақ билік­тің «ұр, тоқ­пағы» менің де маң­дай­ым­нан оңдыр­май соқты. Сөй­тіп, бар-жоғы үш-ақ ай өмір сүр­ген «Айна плюс» те жабы­лып тын­ды. Оған бола «қыңқ» етіп мой­ы­ған жоқ­пын, рас. Қай­та «өліп» бара жатып, «Сол «ДАТ»-ым – махаб­ба­тым» деп үн қату­дың роман­ти­ка­сын сезі­нуді айтсаңшы.

Халы­қтық жобаға айналған «ДАТ»-қа жүрек әмірі­мен қаты­сқан­ның бірі марқұм Бақыт­гүл Көп­бай­қы­зы Мәкім­бай еді. Бақыт­гүл өз аты­нан «Тасжарған – Цве­ток, про­бив­ший камень» атты басы­лым тір­кетіп алып, атал­мыш газет­тің әрі мен­шік иесі, әрі бас редак­то­ры ретін­де абы­рой­мен қыз­мет атқар­ды. Сол тұста (нақты­рақ айтқан­да, 2003–2008 жыл­дар ара­лы­ғын­да) жоба­ның бас үйле­стіру­шісі Ермұрат Бапи сот­тың жасан­ды, аяр­лық шеші­мі­мен бес жылға дей­ін редак­тор­лық қыз­мет­пен айна­лы­су құқы­ғы­нан айы­ры­лған еді. Сон­ды­қтан оған қазақ бас­пасөз тарихын­да Бей­ім­бет Май­лин­нің бір басы­лым­дар­да «бас жазу­шы» болға­ны тура­лы деректер­ге сүй­ене оты­рып, «газет­тің бас оқыр­ма­ны» деген ойдан шыға­ры­лған лау­а­зым иесі болуға тура келді.

Қош делік. Әйт­се де, мен тарих («ДАТ» жоба­сы­ның тарихын айтам) дөң­ге­ле­гінің алды­на шығып алдым білем.

Мұн­дағы айтағым – «ат қазы­ғын айна­лып табар» деген­дей, бұры­нғы «дат­ты­қтар» өз шыққан шек­пе­ні­міздің иісін ұмыт­пай, демо­кра­ти­я­лық бол­мысты аңсаған нағыз халы­қтық жобаға ертелі-кеш ора­лып отыр­дық. Оның бір жарқын мыса­лы – «ДАТ» газетінің алға­шқы редак­то­ры болған марқұм Шәріп Құрақ­бай да өз бетін­ше тал­пы­нып бір­не­ше басы­лым шығарған­нан кей­ін, алға­шқы жобаға қай­та ора­лып, «Сол­ДАТ» газетінің сая­си шолу­шы­сы болып жұмыс істеді.

Айтқан­дай, «дат­ты­қтар» алты ай бойы сер­гел­дең­де жүр­ген­де, Шәріп Құрақ­бай өзі ашқан «Дат, тақ­сыр!» атты тағы бір оппо­зи­ци­я­лық басы­лым бол­ды. Оған мен өз шығар­ма­шы­лық қор­жы­ным­да сары май­дай сақтап жүр­ген «Бәлө‑ө, демо­кра­тия есе­гін қай­да бай­лай­мыз?» атты бір опу­сым­ды қиып бер­гем-ді. «Дат­ты­қтарға» ол әзіл әңгі­мем­нің ұнаға­ны сон­дай, Сая Исса: «О‑о, енді мен сен­дер­мен «Сәлем, демо­кра­тия есек­тері!» деп аман­да­са­тын болам!» – деп мәз бол­ды. «Есек­тің еті – арам, еңбе­гі – адал» деген сөз бар ғой қаза­қта, Сәке!» – деп күл­дім мен сонда.

Десе-дағы, өз адал еңбе­гіңнің жемісін көр­ген­ге не жет­сін! Оған да жет­тік. «СолДАТ»-тың құры­л­тай­шы­ла­ры арнайы шығар­ма­шы­лық бәй­ге жари­я­лап, марқұм Жұма­тай Сабы­р­жанұ­лы еке­уміз оның алға­шқы лау­ре­ат­та­ры ата­нып, ақша­лай сый­лы­қ­пен мара­пат­тал­дық. Сон­да Аста­на­да тұра­тын Жұме­кең маған арнайы қоңы­рау шалып (ол тұста мобиль­ді теле­фон біз­ге әлі жет­пе­ген) хабарласып:

– Ал, Жан батыр, еке­уміздің сый­лы­ғы­мыз құт­ты бол­сын! – деп құт­ты­қта­ды, дау­сы жарқын-жарқын шығып.

– «Сол­ДА­Ты­ма» һәм халқы­ма қыз­мет ете­мін! – деп, тақ ете түстім мен де. Кеуде­мізді кер­ген қуа­ныш пен мақта­ны­штан көңіл­деніп, күлісіп жатырмыз.

Қазір ойла­на қара­сам, сол аз ғана бол­са да сый­лық ақша­мыз «ора­мал тон емес, жол болар» демек­ші, басы­лым­ның демо­кра­ти­я­лық өзгерістер­ді қалаған мың­даған оқыр­ман­да­ры­ның, азатты­қты аңсаған алаш жұр­ты­ның біз­ге бер­ген баға­сы екен ғой. Асы­лы, халы­қтың бұл баға­сы­на, асы­ра айт­сам, «ДАТ» қаһар­ма­ны деген құр­мет­ті атаққа тек Жұма­тай Сабы­р­жанұ­лы еке­уі­міз ғана емес, «ДАТ» жоба­сы­на қаты­сқан ұзын саны жүз­ден асып жығы­ла­тын ұл-қыздар­дың әрбірі лай­ық деп әбден айтуға бола­ды. Өкіні­штісі – олар­дың бір­ша­ма­сы бұл өмір­ден озып та үлгер­ді. Көз алды­ма марқұм болып кет­кен әйдік әріп­те­стерім­нің аяу­лы бей­не­лері келеді. Кино кадр­ла­рын­дай алма­сып жатқан көріністер­ден олар­дың бол­мыс-бітім­дерін, мінез-құлы­қта­рын жаз­бай таны­ған­дай боламын.

Қашан­да редак­ция қыз­мет­кер­лерінің бар­ша­сы­на қамқор болып жүретін Бақыт­гүл Көп­бай­қы­зы маған күлім­дей қарай­ды. Еке­уміз құр­дас бол­сақ та (тіп­ті мен одан әлдеқай­да үлкен­де­умін), оның қасын­да өзім­ді бір­түр­лі кіші сезініп, ығы­ңқы­рап жүре­мін. Дон Кихот пен Сан­чо Пан­са­дай жұбы­мыз жазыл­май­тын Кен­же еке­уміз кей­де түс­ке қарай жыл­тың етіп көше­ге шығып кел­ген­де, Бәкең біз­ге көзінің асты­мен сүзе қарап оты­ра­тын. «Бір­деңе бүл­діріп жүретін» тен­тек­теу кіші бауыр­ла­ры­ның үне­мі сыр­ты­нан қадаға­лап жүретін құд­ды үлкен апа­мыз. Біз де оның қас-қабағы­на қарап жүре­міз. Бәкеңнің бір осал тұсы – тәт­ті­ге үйір. Әде­мі ора­ма­дағы бір түй­ір шоко­лад әкеп бер­сең де, соған бала­ша қуа­нып қала­тын еді, жарықтық.

Бақыт­гүл редак­ци­яда хат бөлі­мін басқа­ра­тын. Бір­де ол маған Орал­дан хабар-ошар жол­дап тұра­тын Қажы­мұқан Ғаб­до­лов деген тұрақты автор­дың келіп оты­рға­нын қуа­на хабар­ла­ды. Оба­лы не керек, Қажы­мұқан­мен ескі таны­сы­мы­здай тез-ақ шүй­ір­ке­лесіп кет­тік. Ол таны­сты­ғы­мы­зға бір­ден-бір дәне­кер болған Бақыт­гүл еді. Әйт­пе­се менің кісі­ге аса жұғы­сты­ғым да жоқ, шыным­ды айтсам.

Бір күні қата­ры­мы­зға Асхат Шәрі­п­жа­нов келіп қосыл­ды. Ол өзі орыс тілін­де жаза­тын жур­на­лист. Газет­тің орыс­ша шыға­тын мате­ри­ал­да­ры­на жау­ап­ты бол­ды. Ойы­ның ұшқыр­лы­ғы­на шек жоқ еді. Маман­ды­ғы – фило­лог (мен де орыс тілі мен әде­би­етінің мама­ны болға­сын, оны әріп­тес ретін­де өзі­ме жақын тұт­тым). Білім­дар­лы­ғы бай­қа­лып тұра­тын. Әлем клас­сик­тері­нен жатқа айтып цита­та кел­тір­ген­де, аузы­мыз ашы­лып қалатын.

– Е‑е, мына кереқа­рыс маң­дай­ы­ңа сый­маған ойла­рың одан да жоға­ры өрлей түсіп, тас төбең­де­гі шашы­ң­ның біра­зын баудай қағып түсір­ген екен ғой, – деп, қаза­қы қал­жы­ңға баса­мыз Кен­же екеуміз.

– Әй, менің бауы­рым­ның басын­да не жұмыста­рың бар-ей? Кен­же еке­уіңнің басы­ң­ды қос­са да, бір Асхат­тың басы­на жете ала ма екен­сің­дер? – деп күледі Бақыт­гүл. Бәкең үшін Баты­стың қаза­ғы не, Шығы­стың қаза­ғы не – бәрі бауыр.

Асхат­тың әкесі аты күл­лі қаза­ққа мәшһүр сати­рик жазу­шы Тоқтар Шәрі­п­жа­нов екенін біл­ген­де, оған деген сый­ла­сты­ғым есе­леп арта түсті. Бара-бара еке­уміз сыр­лас дос бол­дық. Үйлен­бе­ген, бой­дақ-тұғын. Өзінің жеке өмірінің ұңғыл-шұңғыл­да­рын әңгі­ме­леп, кей­де кеңесіп тұратын.

2004 жыл­дың көк­те­мін­де Заман­бек Нұрқа­ді­лов өзінің аты­шу­лы мәлім­де­месін жасап, оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы жур­на­ли­стер­ді айна­ла­сы­на топ­та­сты­ра бастаған­да, ара-тұра ара­ла­сып тұра­тын Асхат еке­уміз (ол «Нави­га­тор» атты интер­нет-пор­та­лын­да жұмыс істей­тін, ал мен «Азат» газетін­де жау­ап­ты қыз­мет­те бол­дым) ардақты аға­мы­здың қасы­нан табы­ла кет­кен­біз. Сол тұста елдің сая­си өмірін­де әлдебір ию-қию иірім­дер­ге толы қозға­лы­стар бастал­ды да, оқиға­лар қою­ла­на түсті.

Назар­ба­ев­пен ашық кез­де­су бел­гі­лен­ген 1 мамыр күні Зәкеңнің шақы­руы­мен басқа­лар сияқты Асхат еке­уміз де алаңға барған едік. Назар­ба­ев­тың жан­дай­шап­та­ры Зәкеңе жұмыр­тқа­мен бір­ге тас лақты­рға­ны­на да куә бол­дық (жұды­ры­қтай тас Зәкеңді кеудесі­мен қорға­штап жүр­ген ҚРХП мүше­сі Әли­хан Рама­за­но­втың иығы­на келіп сарт етіп тигенін өз көзі­міз­бен көр­дік сонда).

Сол оқиға­дан соң жұрт тарай бастаған­да, Нұрқа­ді­лов Асхат еке­уміз­ге қарап: «Қай­сың орыс­шаға жүй­ріксің?» – деп сұра­ды. Асхат: «Мен», – деді. Зәкең оны қол­ты­қтап алып: «Жүр, үйге барып сөй­ле­сей­ік», – деп, мәши­несіне қарай бет­те­ді. Мен еке­уін көзім­мен ұза­тып тұрып, екі ары­сты соңғы рет көріп тұрға­ным­ды біл­генім жоқ…

Асхат­тың өлі денесін өз көзі­мен көр­ген куә­гер­лер­дің бірі оның көй­ле­гінің төс қал­та­сы­нан «Сол­ДАТ» газетінің бейдж-куәлі­гі шыққа­нын айта­ды (бір қызы­ғы, дәл сон­дай бей­джик менің де жан қал­там­да жыл­дар бойы жүрген-ді).

«Как это сим­во­лич­но, Асе­ке! – деген орыс­ша ой басы­ма кел­ді сол сәт­те. – Сен «Сол­ДАТ» газетінің ыстық табын өле-өлген­ше жүре­гің­де сақтап­сың. Соңғы сәт­те де жүре­гің «Сол­ДАТ» деп соққан ғой: «Сол «ДАТ», «Соул (жан, душа) «ДАТ»… Сен жарқ еткен жұл­ды­здай ДЕМОКРАТИЯ СОЛДАТЫ болып, жұр­тқа таны­лған едің, солай­ын­ша аққан жұл­ды­здай болып ағып өттің. «ДАТ» та сені мәң­гі ұмыт­пай­ды. Өйт­кені «ДАТ» – мәң­гі өшпес халық махаббаты».

Жан ТІЛЕУБАЙҰЛЫ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн