Понедельник , 12 мая 2025

Мәсімов сотталса да,

ҚАҢТАР ЖҰМБАҒЫ

АШЫЛҒАН ЖОҚ

  • ҰҚК-нің экс-төраға­сы Кәрім Мәсі­мо­вті ұзақ жылға сот­тау қан­ды Қаңтар оқиға­сы­на нүк­те қой­ды ма? Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев билік­ті қолы­на шоғыр­лан­ды­рған соң жари­я­лаған «жаңа» Қаза­қстан­дағы әдістер­дің «ескі» Қаза­қстан­дікі­нен айыр­ма­сы бар ма? Тоқа­ев­тың жүй­есі ел ішін­де­гі қар­сы­лық пен шие­леністер­ге қалай жау­ап береді? Сахна сыр­тын­дағы эли­та­ара­лық күре­стің аста­рын­да не жатыр? «Азаттық» бұл сұрақтар тура­лы Ұлы­бри­та­ни­ядағы Глаз­го уни­вер­си­тетінің Орта­лық Ази­я­ны зерт­теу бой­ын­ша про­фес­со­ры Лука Анче­ски­мен сұх­бат­тасқан екен.

– Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін «мем­ле­кет­ке опа­сыздық жаса­ды», «билік­ті күшпен басып алмақ бол­ды» деп айып тағы­лған ҰҚК-нің бұры­нғы төраға­сы Кәрім Мәсі­мов 18 жылға сот­тал­ды. Билік осы­мен Қаңтар оқиға­сы­ның бетін жап­ты ма?

– 2022 жыл­дың қаңта­ры­на дей­ін Қаза­қстан эли­та­сы­ның жік-жік­ке бөлін­гені анық. Pegasus тың­шы бағ­дар­ла­ма­сы теле­фо­ны­на орна­тыл­ды делін­ген шене­унік­тер тізі­мін­де Тоқа­ев­тың болға­ны (2021 жылы шіл­де­де Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы Pegasus тың­шы бағ­дар­ла­ма­сы­ның көме­гі­мен Қаза­қстан­да 2 мың теле­фон тың­далға­нын, олар­дың ара­сын­да пре­зи­дент, үкі­мет мүше­лері, биз­не­смен­дер, жур­на­ли­стер мен бел­сен­ділер бар екенін жаз­ды – Ред.) қауіп­сіздік қыз­меті пре­зи­дент күн тәр­тібіне қой­ған мақ­сат­ты емес, өзге мін­дет­ті көз­де­генін көрсетеді.

Кәрім Мәсі­мо­вті Тоқа­евқа қар­сы эли­та тобы­ның басын­да тұрған­дар­дың бірі деп қарас­ты­ру шын­ды­ққа жанасса да, бұл – Мәсі­мов мін­дет­ті түр­де қан­ды Қаңтар оқиға­сы­на дем беру­ші бол­ды деген­ді біл­дір­мей­ді. Режим оның ісінің көп деталін құпи­я­лаған­ды­қтан, бұл Мәсі­мо­втің әділ сотқа жүгі­ну құқы­ғы қан­ша­лы­қты сақтал­ды деген сұрақты ғана туды­рып қой­май­ды. Сон­дай-ақ Мәсі­мо­втің Қаңтар оқиға­сын­дағы рөлін түсі­ну үшін, біз­ге жет­кілік­ті ақпа­рат беріл­ді ме деген мәсе­ле тудырады.

Алай­да ҰҚК-нің бұры­нғы төраға­сы­на ұзақ жыл түр­ме жаза­сын кесу режим­ге қан­ды Қаңтар оқиға­сы­ның бетін жабуға мүм­кін­дік бер­мей­ді. Оқиға­ның анық-қаны­ғы­на жетіп, Алма­ты­дағы көп адам қаза­сы­на кім­дер жау­ап­ты екенін аны­қтау үшін, тәу­ел­сіз тер­геу жүруі қажет.

– Бұрын «ескі» Қаза­қстан­да жұмыс істе­ген шене­унік­тер­дің кей­бірі көз­ден таса бол­ды, Мәсі­мов пен орын­ба­сар­ла­ры жау­ап­кер­шілік­ке тар­тыл­ды, енді біре­улер жаңа жүй­е­ге қосыл­ды. Экс-пре­зи­дент­тің ет жақын туы­ста­ры, інісі мен үлкен қызы жау­а­пқа тар­тыл­ма­ды. Қуда­лау науқа­ны нелік­тен таң­да­ма­лы түр­де жүр­ді, олар неге ныса­наға алынбады?

– Менің­ше, Назар­ба­ев төңіре­гі мен Тоқа­ев айна­ла­сы ара­сын­да келіс­сөз жүріп, тран­зит келісіл­ді. Қаза­қстан­да ықпал­ды адам­дар­дың бірі болған Кәрім Мәсі­мо­втің түр­ме­де оты­руы – ескі режим сег­мен­ті тек қана Тоқа­ев­тың бақы­ла­у­ын­да деген­ді біл­діреді. Экс-пре­зи­дент­тің кей туы­ста­ры қуда­лан­ды, бірақ отба­сы­ның өзі ныса­наға алын­ба­ды. Дариға [Назар­ба­е­ваға] ештеңе болмады.

Менің­ше, не болып жатқа­нын түсі­ну үшін, он жыл кезеңді алып қарау керек. Назар­ба­ев кететінін біл­дік, бірақ қашан кететінін біл­медік. Алай­да әр қадам, әрбір әре­кет режим­ді сақтап қалу үшін жасал­ды, соның ішін­де Тоқа­ев сияқты адам­ды орны­на әке­лу де бар. Тоқа­ев­тың өзі де жаңа адам емес, бірақ ол эли­та­ның бір бөлі­гіне Назар­ба­ев­пен бай­ла­ны­сты сақта­уға мүм­кін­дік бер­ді. Артын­ша 2022 жылғы ауыр оқиға­лар­дың ұшқы­ны­нан Назар­ба­ев­тан ары­лу бастал­ды. Осы себеп­ті отба­сы ныса­наға алын­баға­ны таң қала­тын дүние емес. Менің­ше, Назар­ба­ев эли­та­сы мен Тоқа­ев эли­та­сы ара­сын­да келіс­сөз жалға­сып жатыр.

– Тоқа­ев­тың рефор­ма­ла­ры тура­лы сөз болған­да, Батыс сарап­шы­ла­ры «бел­гілі бір нақты көр­сет­кі­ш­тер­ді күтей­ік, іске асы­руға уақыт берей­ік» деген­дей пікір айта­тын. Енді көр­сет­кі­ш­тер бұры­нғы­ға қараған­да нақты­ланған тәрізді. Пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан кей­ін Тоқа­ев бұл − сая­си жаңа­ру­дың соңғы қада­мы болға­нын мәлім­деді. Бірақ бұры­нғы мәжіліс төраға­сы, пре­мьер-министр орнын­да қал­ды, үкі­мет­те тек аздаған өзгеріс бол­ды. Мұны сая­си жаңа­ру деу­ге бола ма?

– Менің бұл жай­лы пікірім (басқа сарап­шы­лар­дікі­нен) өзге­ше. Мұның себебі Тоқа­ев өзгеріс жасай­ды деген­ге сен­ген­дік­тен емес, мұны 2019 жылғы 19 науры­зда Назар­ба­ев отстав­каға кет­кен соң басталған тран­зит бөлі­гі деп қарас­ты­рған­ды­қтан. Бұл тура­лы зерт­теу жасап жатыр­мын, ол Тоқа­ев­тың жеке-дара режи­мінің кей­бір эле­мент­тері 2019–2022 жыл­дар ара­лы­ғын­да көріне бастаға­нын көр­сет­ті. Соған қарап үкі­мет, басқа­ру әдістері мен сая­сат өзгер­мей­ді деген ойға келдім.

  • «Кәрім Мәсі­мо­вті Тоқа­евқа қар­сы эли­та тобы­ның басын­да тұрған­дар­дың бірі деп қарас­ты­ру шын­ды­ққа жанасса да, бұл – Мәсі­мов мін­дет­ті түр­де қан­ды Қаңтар оқиға­сы­на дем беру­ші бол­ды деген­ді біл­дір­мей­ді… Оқиға­ның анық-қаны­ғы­на жетіп, Алма­ты­дағы көп адам қаза­сы­на кім­дер жау­ап­ты екенін аны­қтау үшін, тәу­ел­сіз тер­геу жүруі қажет.

Өзгерістер іске аса­ды деген үміт 2021 жыл­дың орта­сын­да сөн­ді, өйт­кені Назар­ба­ев дәуірі­нен айтар­лы­қтай алшақтау болған жоқ. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін де Тоқа­ев пен оның төңіре­гі сол сая­сат­ты сақтап қал­ды. Эли­та сол қал­пы қал­ды, деген­мен эли­та­ның төмен­гі дең­гей­ін­де едәуір өзгерістер бол­ды. Мыса­лы, мен [зерт­те­у­ге] жинаған деректер­ге сүй­ен­сек, облы­стар­дың көп­шілі­гі мен рес­пуб­ли­ка­лық дең­гей­де­гі үш қала – Алма­ты, Аста­на мен Шым­кент әкім­дері кей­ін­гі 12 айда ауы­сқан. Пар­ла­мент­те айтар­лы­қтай ауыс-түй­іс бол­ды, көп жаңа адам кел­ді. Әрине, бұл негізі­нен [мәжілі­сте] бұрын­нан оты­рған пар­тия мүше­лері болған­ды­қтан, жаңа сая­сат жүр­гі­зетін адам­дар емес. Сіз айтқан­дай, үкі­мет те, мәжіліс спи­кері де бұры­нғы, тек төмен дең­гей­де өзгеріс бол­ды. Сон­ды­қтан эли­та ауы­спаған жер­де сая­сат та өзгер­мей­ді. Сол себеп­ті сая­си тұрғы­дан алған­да, мен үшін бұл − бұры­нғы Қазақстан.

– Тоқа­ев пре­зи­дент қыз­метіне кел­гелі төрт жылға жуық уақыт өтті. Ол пре­зи­дент қыз­метіне кіріс­кен­де өзін «рефор­ма­тор­мын» деп атаған. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін де пар­ла­мент­ті күшей­тіп, пре­зи­дент билі­гін әлсіре­тетін сая­си өзгерістер мен кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар іске аса­ды деп уәде етті. Қазір мәжілі­сте бұры­нғы­дай үш емес, алты пар­тия отыр. 29 депу­тат бір­ман­дат­ты округ­тер­ден сай­лан­ды. Пар­ти­я­лық тізім­де жастар мен әйел­дер­ге кво­та беріл­ді. Мұның бәрін рефор­ма деу­ге бола ма?

– Жоқ. Себебі сай­ла­у­ға түсетін кан­ди­дат­тар мен пар­ти­я­лар алдын ала ірік­тел­ді. Сай­ла­у­ға қаты­сқан пар­ти­я­лар­дың бар­лы­ғы Тоқа­ев пен оның төңіре­гі таңған сая­сатқа сай бол­ды, демек, нағыз оппо­зи­ция мен бала­ма бол­ма­ды деген сөз. Тіп­ті бір­ман­дат­ты округ­тер­ден түс­кен азған­тай тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тар­дың ешқай­сысы­на жеңіс­ке жету­ге мүм­кін­дік беріл­меді. Демек, жалған плю­ра­лизм бар. [Пар­ла­мент­те] көбірек пар­ти­я­ның болуы және әйел­дер мен жастарға беріл­ген кво­та билік­ке қар­сы адам­дар­дың онда баруы­на рұқ­сат етіл­ді деген сөз емес.

Былай­ша айтқан­да, режим сай­ла­уды өткі­зу тәсіліне бірқа­тар өзгеріс енгізді. Алай­да нәти­же­сін­де режим­нің айтқа­ны­мен жүретін жаңа пар­ла­мент құрыл­ды. Жаңаө­зен­де­гі нара­зы­лық − мұның жарқын дәлелі. Мұнай сала­сын­да шешіл­ме­ген про­бле­ма­лар бар. Депу­тат­тар наза­рды басқа жаққа бұру үшін, шетел­дік­ке тұр­мысқа шыққан­дарға салық сала­тын заң қабыл­да­уды ұсын­ды. Олар елде күн тәр­тібін­де тұрған негіз­гі про­бле­ма­ны көтер­мей, жоға­ры жақтан түс­кен тап­сыр­ма­ны орын­дап, кей­де тіп­ті шек­тен тыс ұсы­ныс жасап, [билік­ке] адал екенін көр­се­ту­ге тырысты.

– Депу­тат­тар мұнай­шы­лар мәсе­лесін шешпей, басқа дүни­е­лер­ді көтер­ді. Бірі ЛГБТ тақы­ры­бын көте­ретін фильм­дер­ге тый­ым салу­ды ұсын­ды, бір депу­тат­тың не ұсы­нға­нын жоға­ры­да айтып өттіңіз. Мұның бәрі нені көрсетеді?

– Пар­ла­мент атқа­ру­шы билік­тен тәу­ел­сіз емес, атқа­ру­шы билік бұй­ы­рған­ды орын­дай­ты­нын көр­дік. Бұл – пар­ла­мент­тің режим рұқ­сат етпе­ген тақы­рып­ты көтер­генін неме­се сая­сатқа өзгеріс енгізу­ге тал­пы­нға­нын еш уақыт­та көр­мей­сіз деген сөз.

Маған рефор­ма иде­я­сы мүл­де жой­ы­лған­дай көрін­ді. 2019 жылы болған сер­пін, «ести­тін үкі­мет» тәрізді дүни­е­лер жоқ болып кет­ті. «Жаңа Қаза­қстан­ды» құру үшін жаса­лып жатқан өзгерістер­дің бел­гісі жоқ. Был­тыр Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін бай­лы­қты қай­та бөлу, билік­тің жаңа жүй­есін құру жай­лы көп мәлім­де­ме естідік. Бірақ мұның бәрі бос сөз болып шықты. Бұған көз жет­кі­зу үшін, елдің баты­сын­да әле­умет­тік аху­ал мен мұнай­шы­лар­дың еңбек дауы мәсе­лесі қай­та­ланған­да, режим қалай әре­кет еткеніне үңілей­ік. Олар Жаңаө­зен­де дағ­да­ры­сты басу­дың ымы­рас­ыз, репрес­си­я­шыл әдісіне жүгін­ді. Осы себеп­ті маған атқа­ру­шы билік, яғни пре­зи­дент пен пре­мьер-министр және пар­ла­мент­тің қарым-қаты­на­сын­да баланс сақталған болып көрі­неді. Депу­тат­тар­дың ешқай­сысы жұмыс­шы­лар­ды қорға­ма­ды. Олар [Аста­наға Жаңаө­зен­нен кел­ген жұмыс­сыз қалған мұнай­шы­ларға] үйге қай­ты­ң­дар деді неме­се мүл­де үнде­меді. Сон­ды­қтан пар­ла­мент режим қолын­дағы құрал болып қалды.

– Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гінің алдын­да түнеп шыққан күн­нің ертесіне Жаңаө­зен­нен Аста­наға кел­ген «БерӘ­ли Маңғы­стау Company» жұмыс­шы­ла­рын поли­ция ұстап әкет­ті. Түн орта­сын­да боса­ты­лған соң, таңғы пой­ы­з­бен Жаңаө­зен­ге кету­ге мәж­бүр бол­ды. Әле­умет­тік жары­лыс қау­пінің алдын алу жүй­есі бұры­нғы қал­пын­да қалған ба, қалай ойлайсыз?

– Қаза­қстан эко­но­ми­ка және сая­си мәсе­лені көте­ретін нара­зы­лы­қты бір-бірі­нен бөліп қарай­ты­ны анық. Сая­си нара­зы­лы­ққа тый­ым салы­нған және оны жіті бақы­лай­ды. Ал эко­но­ми­ка­лық сая­сат, өмір сүру дең­гейі тәрізді мәсе­лені көте­ретін митин­гілер­ді аз-маз­дап амал­дап өткізу­ге мүм­кін­дік береді.

Деген­мен, билік бұры­нғы әдіс­ке салып жау­ап бер­ген­дік­тен, бұл про­бле­ма­лар нелік­тен қай­та­ла­на береді деген сұрақ қой­ған орын­ды. Жаңаө­зен мен Батыс Қаза­қстан­дағы жұмыс­шы­лар нелік­тен кей­ін­гі он жыл­да бір­не­ше мәр­те көтеріл­ген мәсе­лені қай­та-қай­та күн тәр­тібіне шыға­ра береді? Себебі эко­но­ми­ка­лық сая­сат өзгер­ген жоқ, халы­ққа 2011, 2016, 2019 жыл­да­ры уәде етіл­ген рефор­ма­лар іске аспа­ды. Эко­но­ми­ка­лық сая­сат, оны жүр­гі­зу, шешім қабыл­дау режим­нің қолын­да, бұл шын мәнін­де бай­лы­қты бөлу­ге мүм­кін­дік бермейді.

Қаза­қстан­да бай­лық әділ бөлініп, әділ Қаза­қстан орнай­ды деген сөз көп айтыл­ды, бірақ ол іске аспа­ды, орта тап жой­ы­лып жатыр. Билік халы­қ­пен жаңа эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік келісім жасай алмады.

Теңсіздік, эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма­лар мен аймақтарға табыст­ың тең­дей бөлін­бе­уі нара­зы­лы­қтың қай­та­ла­нуы­на алып кел­ді. Ал оған үне­мі репрес­сия неме­се созба­лаққа салып, кей­ін­ге қал­ды­ру әдісі­мен ғана жау­ап береді. Уақыт өткен сай­ын теңсіздік күшейе береді, бірақ режим бұры­нғы әді­стен таймайды.

– Мұның арты неге апа­рып соқты­ра­ды? Режим мен сая­си тұрақты­лы­ққа төнетін қауіп бар ма?

– Бұл рет­те 2019 жылы айтқан мына пікір­ден айны­ған жоқ­пын: Қаза­қстан халық көңілі­нен шыға­тын қан­дай да бір өзгеріс жаса­ма­са, одан сай­ын авто­ри­тар­лы, репрес­си­я­шыл ел бола түседі. Өзбек­стан мен Қаза­қстан­дағы билік­тің ауы­суын салы­стыр­сақ, 2016–2018 жыл­да­ры Өзбек­стан­да энту­зи­азм бай­қал­са, Қаза­қстан­да Тоқа­ев кел­ген­де мұн­дай көңіл күй болған емес. Тоқа­ев алғаш сай­ланған­да, халық көше­ге нара­зы­лы­ққа шықты. Мұн­дағы мәсе­ле тек леги­тим­дік­ке келіп тірел­мей­ді. Қаза­қстан өзгерістер­ді желеу етті, бірақ шын мәнін­де ештеңе өзгер­ме­генін, ескі сая­сат сақта­лып қалға­нын көрдік.

Шын мәнін­де, сырт­тан ғана емес, іштен қара­саң да, эко­но­ми­ка аху­а­лы­ның нашар­ла­уы – елде өзгеріс бол­маға­нын көр­се­тетін сиг­нал. Бұл рет­те плю­ра­лизм де емес, авто­ри­тар тұрақты­лы­қты сақтап қалу үшін, халық ынта­сын оята­тын аз-маз эко­но­ми­ка­лық өзгеріс жасау жет­кілік­ті болар еді. Бірақ эко­но­ми­ка­лық сая­сат­та өзгеріс бол­ма­ды, сая­си өмір өзгер­меді, нара­зы­лық қай­та туды, билік­тің қолы­нан келетін жалғыз нәр­се – қуғын-сүр­гін жүр­гізіп, басып тастау.

Әрине, плю­ра­лизм жоқ жер­де тұрақты­лық тек уақыт­ша сипатқа ие. Бірақ Өзбек­стан мыса­лын­да эко­но­ми­ка­ны басқа­ру әдісіне өзгерістер енгізіп, қоғам­ды ара­ла­сты­ру сая­си режим­ге леги­тим­дік беретінін көрдік.

– Сай­лау алдын­да кей сарап­шы­лар «сай­лау нәти­же­сі сая­си рефор­ма­лар­дан халы­қтың көңілін одан бетер қал­ды­руы мүм­кін, Тоқа­ев отпен ойнап отыр. Билік пен халы­қтың қарым-қаты­на­сы бұрын-соң­ды бұлай шие­леніс­кен емес» деген. Сіз билік егер аздаған эко­но­ми­ка­лық өзгерісті іске асыр­са, бұл уақыт­ша тұрақты­лы­қты қам­та­ма­сыз ете­ді дедіңіз. Олар мұны істе­ме­се, не бол­мақ? Сая­си тұрақты­лы­ққа төнетін неме­се үлкен толқуға алып келетін қауіп бар ма?

– Бірін­ші­ден, «Тоқа­ев отпен ойнап отыр» деген әріп­те­стерім­нің пікірі­мен келіс­пей­мін. Менің­ше, қазір авто­ри­тар билік­ті қолы­на шоғыр­лан­ды­рға­нын көр­дік. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін билік­ті күшей­тіп, халық қамын ойла­уды кей­ін қал­дыр­ды. Шын мәнін­де­гі оппо­зи­ция да, сая­си пар­ти­я­лар да жоқ, бел­сен­ділер өте аз. Бірік­кен қозға­лыс жоқ. Сон­ды­қтан олар отпен ойнап отыр деп ойла­май­мын, себебі от тұта­та ала­тын ешкім жоқ.

Үлкен толқу бола­ды деген қауіп көріп тұрған жоқ­пын. Менің­ше, Қаңтар оқиға­сы­на эли­та­ара­лық күрес түрт­кі бол­ды, көше­де­гі нара­зы­лық – сол күре­стің ашық көрінісі. Бұл эле­мент (эли­та­ара­лық күрес) күштірек және бір­тұ­тас режим құру арқы­лы жой­ыл­ды. Қазір бұл − Тоқа­ев бастаған эли­та. Олай бол­са, оқиға­ның қай­та­ла­ну қау­пін көріп тұрған жоқ­пын, сая­си алаң­да оппо­зи­ция жоқ.

– Жақын­да әле­умет­тік желі­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың «некесіз туған ұлы энер­ге­ти­ка мини­стрі Алма­са­дам Сатқа­ли­ев­тің қызы­на үйлен­ді» деген видео тара­ды. Видео фото­су­рет­тер мен видео­кадр­лар­ды құрап-жамап жасалған. Кей­ін Энер­ге­ти­ка мини­стр­лі­гі бұған жау­ап беріп, «мини­стр­дің қызы видео­дағы сынып­та­сы­мен жеке қаты­на­ста емес, ал мини­стр­дің экс-пре­зи­дент­пен туы­сты­ғы жоқ және бұрын-соң­ды бол­маған» деді. Мұн­дай видео­ның тараға­ны кез­дей­соқтық па? Мұның артын­да не тұр?

– Шынын айтқан­да, бұл видео­ны көр­ген жоқ­пын. Бірақ эли­та­ны таза­лау қалай жүр­геніне қарап, Назар­ба­ев жанын­да жүр­ген кей кадр­ларға қалуға рұқ­сат етіл­ді, енді бірі шет­тетіл­ді деу­ге бола­ды. Мәсі­мов пен күш құры­лы­мы – соңғы топқа жата­ды. Тегіс таза­лау науқа­ны жүр­меді, бұл тек кос­ме­ти­ка­лық сылап-сипау. Сон­ды­қтан мұн­дай қау­е­сет­тің тараға­ны­на таң қал­май­мын. Оның үстіне Назар­ба­ев 30 жыл бойы билік басын­да бол­ды, бір адам елді осы­лай ұзақ уақыт басқарған­да, жеке өмір­ге мұн­дай қызы­ғу­шы­лық бола­ты­ны түсінікті.

Менің­ше, эли­та­ның жоға­ры дең­гей­ін­де Тоқа­ев­тың тобы­на қосы­лғы­сы кел­мей­тін­дер, яки күмән туды­ра­тын­дар шет­тетіл­ді. Көп келіс­сөз жүр­ген сияқты, оның анық-қаны­ғын, Назар­ба­ев не айта ала­ты­нын, не айта алмай­ты­нын, не істей ала­ты­нын, не істей алмай­ты­нын, отба­сы­на неге иелік ету­ге рұқ­сат етіл­генін біл­мей­міз. Бұл – зерт­теу арқы­лы дәлел­де­у­ге кел­мей­тін нәрсе.

Кезін­де Назар­ба­ев­тың төңіре­гін­де жүр­ген биз­нес-эли­таға Тоқа­ев қалай қарай­ты­ны қызық. Назар­ба­ев сая­сат пен биз­нес-эли­та ара­сын­да күр­делі қарым-қаты­нас қалып­та­сты­ра алды. Тоқа­ев ол адам­дар­мен қарым-қаты­на­сты қалай рет­теп жатқа­нын біл­мей­мін, себебі бұл тақы­рып­ты зерт­те­медім. Бірақ бұл алдағы екі-үш жыл­да бел­гілі болып қалады.

Елнұр ӘЛІМОВА,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн