Понедельник , 12 мая 2025

«ДАТ» БЕЛГІСІМЕН ШЫҚҚАН

бір газет «Жұма-таймс» еді

Мен 2000–2003 жыл­дар ара­лы­ғын­да Алма­ты қала­лық ақпа­рат және қоғам­дық келісім басқар­ма­сын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істеп жүр­ген­мін. Сол кез­де біздің басқар­ма­ның бір мін­деті – оппо­зи­ци­я­лық бас­лым­дар­ды бақы­лау еді. Бірақ мен басқар­ма­да негізі­нен бас­пасөздің тіл жағын қара­дым да, оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дар­ды бақы­ла­удан сана­лы түр­де алыс жүр­дім. Яғни, шын­дап кел­ген­де, билік­те мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жүр­сем де, менің оппо­зи­ци­я­лық басы­лым­дарға ішім тар­та­ты­ны өтірік емес еді.

Басқар­ма­дағы мем­ле­кет­тік қыз­метім­де тағы да тыныш жүр­мей, ҚР «Мем­ле­кет­тік тілі» тура­лы заң­ды бас­шы­лы­ққа алып, сол кез­де Алма­ты­да тір­кел­ген элек­трон­ды бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын­дағы (ЭБАҚ) заң­ның орын­да­лу бары­сын қала­лақ про­ку­ра­ту­ра­мен бір­ле­се тек­се­ру­ге баста­ма­шы­лық жаса­дым. Алма­ты­дағы ЭБА құрал­да­ры атал­мыш заң­ды өрес­кел бұзып оты­рға­нын аны­қтап, «КТК», «31-арна» «Шахар», «Хабар» теле­ар­на­ла­ры­на дей­ін, қала­лық радио редак­ци­я­сын, Алма­ты қала­сын­дағы жар­на­ма­лар бюро­сын, Қазақ авиа­ци­я­сын – бірі­нен кей­ін бірін сотқа беріп, айып­пұл­дар төле­те бастаға­ным өз алды­на бөлек әңгіме.

Мені­мен қаса­ры­са қай­та-қай­та сот­тасқан «КТК» теле­ар­на­сын түбін­де жеңіп шықтым.

Бір есім­де қалға­ны, Алма­ты­дағы көше жар­на­ма­ла­ры­ның иесі – сол кез­де­гі пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың жақын туы­сы болып шығып, қала әкі­мі В.Храпуновқа шағым­да­нып, менің соңым­нан шырақ алып түс­кені. Сол кез­де Мере­ке Құл­ке­нов бас редак­то­ры болып оты­рған «Ана тілі» газеті мені ашық қол­дап, жоға­ры жақтан басталған қысым­ның бетін қай­тар­ды. Мыр­зан Кен­же­бай «Билік Көк­бөрі­ге күн көр­сет­пей жатыр» деп мақа­ла жазып, оны «Ана тілі» газеті бірін­ші бетіне жариялады.

Міне, осын­дай жағ­дай­да жүр­ген күн­дерім­де, яғни 2003 жылы біздің басқар­ма «DAT»-тың сол кез­де­гі басы­лы­мы «Сол­ДАТ» газетін жауып тынға­нын жақ­сы біле­мін. Марқұм Бақыт­гүл Мәкім­бай қарын­да­сым мені­мен жақын ара­ла­сып тұра­тын. Оның үстіне біз де «Мамыр» ықшам ауда­нын­да тұра­мыз – көр­ші едік. Бақыт­гүл­дің айтуы­нан «ДАТ»-тың жаңа басы­лы­мын тір­ке­те алмай жүр­ген­дерін білдім.

Сол кез­де мен жоға­ры­да баян­даған оқиға­лар­дан кей­ін атал­мыш басқар­ма­дағы жұмысым­нан шығып, Мұх­тар Шаха­нов Қырғыз­стан­дағы елшілік қыз­меті­нен елге оралған соң, қай­та­дан шығарға­лы жатқан «Жалын» жур­на­лы­на қыз­мет­ке ауы­сқан едім.

Сол күн­дер­дің бірін­де маған Ермұрат Бапи інім жолығып:

– Аға, сіз ақпа­рат басқар­ма­сын­да қыз­мет істе­діңіз, жаңа басы­лым­ды өз аты­ңы­здан тір­кет­сеңіз қай­те­ді? Оның үстіне Ақпа­рат мини­стр­лі­гіне жазған ары­зда­ры­мыз үне­мі кері қай­та­ры­лу­да. Бір көме­гіңіз бол­са екен? – деді.

Мен бір­ден келістім. Ол кез­де Алтын­бек Сәр­сен­бай ақпа­рат мини­стрі бола­тын, газет шығар­мақ ойым бар екенін айтқа­ным­да, ол бір­ден келісі­мін бер­ді. Сөй­тіп, «Жұмаш-Көк­бөрі» ЖШС-ын ашып, оның атқа­ру­шы дирек­то­ры өзім болып, «Жұма-таймс» деген газет­ті мем­ле­кет­тік тір­ке­уден өткізіп алдым.

Артын­ша Ермұрат Бапи, Бақыт­гүл қарын­да­сым, Кен­же Айт­бақи­ев інім және мен төр­те­уі­міз бір­ден газет шыға­руға кірісіп те кет­тік. Сол кез­де­гі оппо­зи­ция өкіл­дері – Серік­бол­сын Әбділ­дин, Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Заман­бек Нұрқа­ді­лов, абақты­да оты­рған Ғалым­жан Жақи­я­нов және т.б. сая­сат­кер­лер­мен тығыз бай­ла­ны­ста бол­дық. Олар бер­ген сұх­бат­тар «Жұма-таймс» газетін­де жиі жари­я­ла­нып тұр­ды. Аз уақыт­тың ішін­де газеті­міздің аты шыға бастады.

Менің Заман­бек Нұрқа­ді­ло­втен алған сұқ­ба­тым «Мен Назар­ба­евқа неге қар­сы шықтым?» деген тақы­рып­пен басы­лым­ның екі саны­на қатар жари­я­ла­нып, кезін­де үлкен қоғам­дық резо­нанс тудырды.

«Шідер­ті­де шідер­леніп жүр шын­дық» деген тақы­рып­пен түр­ме­де оты­рған Ғалым­жан іні­ме өзім арнайы барып, сұх­бат алға­ным, т.б. дүни­е­лерім басы­лым бетін­де жарық көріп жат­ты. «СолДАТ»-ты жапқан сот­тың шеші­мі­мен Ермұрат Бапиға бес жыл бойы газет редак­то­ры болуға тый­ым салы­нған еді. Соның себебі­нен негізі­нен газет­ті шыға­рып оты­рған, бар ауырт­па­лық бір өзінің мой­нын­да жүр­ген Ермұрат Бапи інім өзін газет­тің соңғы бетіне «Бас оқыр­ман» деп көр­сетіп, жазған мақа­ла­ла­рын жасы­рын аттар­мен жари­я­ла­у­ға мәж­бүр еді. Ең уыт­ты мақа­ла­лар­ды Ермұрат дай­ын­дай­ты­ны тағы да өтірік емес еді. Жазған­да­ры­мы­зды ашық, өз аты­мы­з­бен жари­я­лай­тын – негізі­нен Бақыт­гүл Мәкім­бай қарын­да­сым еке­уміз едік. Кей­ін­нен соның зардаб­ын аз тартпадық.

Билік біздің газет­ті жиі-жиі сотқа беріп, жаңа басы­лым­ды бас­па­ха­на­дан тәр­кілеп, әр сот сай­ын мой­ны­мы­зға көп мөл­шер­де айып­пұл­дар сала­ты­нын бүгін­гі ұрпақ біл­ме­се керек. Сол кез­де пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға оппо­зи­ция аты­нан түсіп жатқан Жар­ма­хан Тұяқ­бай, оның орын­ба­са­ры Болат Әбі­лов сол тау­сыл­май­тын айып­пұл­дар­ды төле­у­ге көмек­тесіп оты­ра­тын. Газет­ке сот тара­пы­нан салы­нған айып­тар да, билік тара­пы­нан біз­ге жасалған басқа да алу­ан түр­лі қысым­дар­да есеп жоқ десе де болады.

Мәсе­лен, мені ЖШС-ның иесі деп, Бақыт­гүл Мәкім­бай­ды газет редак­то­ры ретін­де ныса­наға алған Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті, Алма­ты қала­ара­лық экон­но­ми­ка­лық соты, Алма­ты қала­лық қар­жы поли­ци­я­сы әртүр­лі сыл­та­у­лар­мен еке­умізді жиі-жиі сотқа сүй­ре­лей­тін. Іс сотқа түс­кен­нен кей­ін мін­дет­ті түр­де біз­ге жаза бел­гі­ле­неді. Алма­ты қала­лық әкім­ді­гінің бір аза­мат­ты біздің қыр соңы­мы­зға салып қой­ып, қай­та-қай­та сот­та­суын қой­маға­ны, бізді әбден қажы­тқа­ны – тау­сыл­май­тын хикая.

Ақы­ры 2006 жылы Алма­ты қала­лық эко­но­ми­ка­лық соты «Жұма-таймс» газетін жауып тынды.

Жұмаш Кене­бай-Көк­бөрі

ӨТКІР СӨЗБЕН биліктің тасын ЖАРҒАНДАРҒА

«ДАТ» газетінің өткен сан қилы 25 жыл­дық жолын, оның негізін қалаған­дар­дан – қазір­гі қыз­мет­кер­леріне дей­ін олар­дың ұлты­на, Ота­ны­на руха­ни, иде­я­лық қай­сар жан­ке­штілі­гін жазып, әр ақыл­ды, сана­лы қаза­қтың ойы­на, жүре­гіне жет­кі­зу, менің­ше, Тоқа­евқа не оның ақы­л­шы­ла­ры­на Аллам аян бер­ді ме, бірақ мың өліп, мың тіріл­ген ұлты­мы­здың өміріне қалай да келер «Жаңа Қаза­қстанға» қажет аса маңы­зды қоғам­дық іс бола­ры күмән­сіз. Ол іс «ДАТ» деген сая­си-иде­я­лық құбы­лы­стың 25 жыл бойы қазақ өмірін­де­гі орнын, сабақта­рын қажет­ті дең­гей­де ұғы­нып, мем­ле­кеті­міздің қазір­гі бол­мысы­на оң ықпа­лын тереңі­нен ашып көр­се­ту – енді­гі жас буын зерт­тей­тін тақы­рып бола­ды. Мен тек «ДАТ»-тың соңғы санын­да екі бауы­ры­мыз – Кен­же­тай­дың «көр­ме­ген қор­лы­ғы» мен Аза­мат­тың «ДАТ»-қа қалай кел­гені тура­лы жүрек­жар­ды айтқан­да­ры­на бай­ла­ны­сты екі сабаққа назар аударайын.

Бірін­ші, Назарбаев–Тоқаев билік құры­лым­да­ры­ның қаза­ққа деген қатыг­езді­гі, не десек те – бел­гілі дәре­же­де­гі қоғам­дық құбы­лыс. Сол құбы­лыс ретін­де олар да Назар­ба­ев­тың бірін­ші күй­еу бала­сы кезін­де «еркін» қалып­та­сып, Жаңаө­зен оқиға­ла­рын­да жиір­кені­шті ұсқы­нын халы­ққа ашып көр­сетіп, қаза­қты заң­сыз қамау, азаптау, қисық сот­тау арқы­лы жетіліп, Қаңтар­дағы «жұм­сақ, жақ­сы» Тоқа­ев­тың айтқа­ны­мен туған халқы­на ескер­тус­із оқ атып, өз дамуын­да ең жоғарғы нүк­тесіне жет­ті. Қазір бірін­ші кезек­те билік­те­гілер­дің ара­сын­да Аза­мат сияқты ада­ми қаси­ет­тері бой­ын­ша жібі түзу­лер қазақ мем­ле­кетінің ішкі қауіп­сізді­гі тұрғы­сы­нан, Ота­ны­ның тағ­ды­ры­на бай­ла­ны­сты мына­ны ойла­нып, түсі­нуі керек: билік пен қоғам қаты­на­ста­ры жау­ап­кер­шіліксіз айу­ан­дық жағ­дай­ы­ның ең жоғарғы кезеңі­нен өтіп, төмен­де­у­ге барады.

Себебі қазір қазақ та, қоғам да өзгер­ді. Қазір билік БАҚ-тары бол­сын, ұлт бел­сен­ділері бол­сын, аз бол­са да, бел­гілі демо­кра­ти­я­ны жақта­у­шы­лар бол­сын, бұры­нғы­дай «өзі­міз біле­міз» сияқты заң­сызды­қтарға аңдап барып, ашық жауы­зды­қтан тай­са­ла бастаған­дай. Алай­да «бүкір­ді тек мола түзей­тін­дей», қазір, мүм­кін, Назар­ба­ев­тың екін­ші күй­еу бала­сы жанар­май мен газ баға­сын сығым­дап көте­ру арқы­лы халы­қтың өмір жағ­дай­ын, биз­нес өкіл­дерінің тір­шілі­гін қиын­да­ту арқы­лы Тоқа­ев билі­гіне «еңбек­те­ген» аран­да­ту («пол­зу­чая» про­во­ка­ция) жасай бастаған­дай. Мүм­кін, Қаңтар­дан ұққан ақыл­сыз «сабаққа» сүй­еніп оты­рған шығар. Демек, билік құра­мын­дағы, не бол­са да, бала­ла­ры­мен Қаза­қстан­да қала­тын 99 пай­ы­здың ішін­де­гі «дұры­ста­ры» Қаңтар­дың қай­та­лан­ба­уы­на бар күшін салып, бірін­ші кезек­те моно­по­ли­яға қар­сы шешу­ші құқы­қтық қадам­дар жасап, халық өміріне тиісті бар­лық сала­лар­да (жанар­май, газ, энер­ге­ти­ка, су, жылу, тамақ) мем­ле­кет еншісін 51 пай­ы­зға жет­кі­зуі керек.

Екін­ші сабақ – Аза­мат­тың «ДАТ»-қа кел­ген жолы. Билік­тің бар­лық буын­да­ры, құры­лым­да­рын­дағы «дұрыс» қаза­қтар – ұлты­ңа, Ота­ны­ңа, атқа­ра­тын жұмысы­ңа жау­ап­кер­шілік­ті, адал болып, адам­гер­шілік­тен еш тай­мау, бар бауы­ры­ңа өз-өзін сый­лай­тын, табысты еңбе­гі­мен өзі, ұрпағы бақыт­ты өмір­ге қол­да­ры жететін, дамы­ған елдер­де сияқты ақыл­ды еркін­дік пен тәр­тіп­ке негіз­дел­ген қоғам­дық жағ­дай – демо­кра­ти­я­ны тілеу, оның орна­уы­на атса­лы­су – нағыз аза­мат­тық іс екенін түсі­нуі, келі­суі керек.

Міне, жан­ке­шті бауыр­ла­рым­ның жүре­гі­ме тиген сөз­деріне аға­лық жауабым.

Р.S. Алмат Аза­ди бауы­ры­ма алғы­сым – 2013 жылы бірін­ші орыс тілін­де­гі мақа­лам­ды «Три­бу­на» газетін­де «Мани­фест граж­да­ни­на» деген атпен жари­я­лаған. Қоғам­дық қажет­ті­гін баға­лаға­ны – мақа­ла­ла­рым­ды кітап етіп басқы­зуға кеңес бер­ген де осы бауы­рым. Редак­тор­дың орын­ба­са­ры болып, Мамай кел­ген­нен жазған­да­рым­ның маз­мұ­ны редак­ци­я­лық орын­сыз «жөн­де­улер­ден» кей­ін түсініксіз бола баста­ды, ой сапа­сы төмен­деді. Содан кей­ін жазған­да­рым­ды «ДАТ» газетіне беретін бол­дым. Бұл жер­де­гі автор құқын сый­лау мәде­ни­етіне, иде­я­лық үндестік­ке ризамын.

Алмат бауы­ры­ма: Каза­хи важ­ней­шее зна­че­ние при­да­ва­ли умно­му, остро­му сло­ву, кото­рое раз­би­ва­ло самые твер­дые лбы и камен­ные серд­ца. Пото­му – «Тасжарған», вер­нее, не цве­ток, но сло­во, раз­би­вав­шее 25 лет камень лжи­вой, бес­со­вест­ной, жад­ной, по ито­гом 30 лет, неда­ле­кой назар­ба­ев­ской власти.

Құр­мет­пен,

«ДАТ»-ты қол­да­у­шы –

Әлім­хан НҰРЕКЕЕВ 

Ермұратты депутат еткен –

«ДАТ» ГАЗЕТІНІҢ ОҚЫРМАНЫ

«Жақ­сы­ның жақ­сы­лы­ғын айт – нұры тасысын» демек­ші, тәу­ел­сіз «ДАТ» газетінің бас редак­то­ры Ермұрат Бапи – үлкен­ге пана, кіші­ге аға бола біл­ген аптал­дай аза­мат­тың нағыз өзі. Жиыр­ма бес жыл­дан бері бір сала­да жұмыс атқа­рып келеді. «ДАТ» газетін­де тын­бай атқарған еңбе­гінің арқа­сын­да кезін­де газет­тің тара­лы­мы 50 000 дана­дан асты. Ал қазір­гі, демек, соңғы тара­лы­мы – 18 700 дана.

Міне­кей, осы­дан қан­ша­ма оқыр­ма­ны бар екенін бағам­дау қиын емес екенін аңға­рып отыр­мыз. Кең бай­тақ Қаза­қстан­ның түп­кір-түп­кірін­де­гі ауыл­дар­ды айт­паған­да, бір Алма­ты­ның өзін­де оқыр­ма­ны жеткілікті.

Қала­дағы дүң­гір­шек­тер­де «ДАТ» газетін сатып алушы­лар­дан есті­генім­ді айтай­ын. Ере­кең халы­қтың қамын ойлаған қаза­қтың жана­шы­ры, нағыз тар­ла­ны, жүзі жылы аза­мат деп баға берді.

Соны­мен қатар біз Ере­кеңді сый­лай­мыз, жақ­сы көре­міз және депу­тат­ты­ғын қол­дай­мыз деген көп­тің көр­кем сөзіне қанық бол­дым. Ере­кеңді Пар­ла­мент депу­тат­ты­ғы­на жет­кіз­ген – бір­ден-бір сол оқыр­ман­да­ры және сенім артқан артын­дағы халқы деп білем.

Ере­ке, ман­дат құт­ты бол­сын! Әр қаза­ғың – жалғы­зың! Халы­қтың сені­мі, халы­қтың көзі – сізде.

Бек­тұрған БАТЫРХАНҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн