Четверг , 3 июля 2025

ҚЫТАЙМЕН ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ:

10 түрлі қауіп пен биліктің 3 түрлі сылтауы

1. Қаза­қстанға қытай­лар қап­тап, бар­лық өндіріс орын­да­ры, базар­лар, завод­тар қытай­дың қолын­да болып, Афри­ка халқы сияқты Қаза­қтар да қытай­ларға құл болады.

2. Қаза­қтың асты-үсті бай­лы­ғын қазып, Қазақ жерінің тоз-тозын шыға­рып, мұнай мен газын Қытай­ға құй­ып, қызы­ғын қытай­лар көріп, 5 жылға жет­пей эко­ло­ги­я­лық апат әкеледі.

3. Ұзақ жыл бір бала­мен шек­тел­ген Қытай­да қазір ер адам­дар­дың саны әйел­дер­ден екі есе өсіп, мил­ли­он­даған сұр­бой­дақ қытай­лар Қаза­қстанға келіп, бір-бір ком­па­ния құрып, жап­пай Қаза­қтың қызда­рын қатын­ды­ққа ала­ды, себебі олар­да қар­жы да, билік те бар, қол­да­рын­да ештеңе жоқ Қаза­қтың қызда­ры оларға амал­сыз тиеді.

4. Қаза­қстан сияқты жемқор­лық жай­лаған мем­ле­кет­те қытай­лар мол қар­жы­мен билік­тің кез кел­ген сала­сын сатып алып, екін­ші Син­га­пур сияқты билік­ті қолға алады.

5. Қазақ жаста­рын Қытай­да ақы­сыз оқы­та­мыз деп, оң-солын таны­маған, енді ғана 11-сынып бітір­ген жас қыздар мен бала­лар­ды ішкі Қытай­да 5 жыл оқы­тып, мила­рын жуып, зом­би етіп, қызда­рын қатын қылып, ұлда­рын құл етіп, Қаза­қстанға қай­тып әкеліп, солар арқы­лы Қаза­қтар­ды қолын­да ұстайды.

6. Қара­пай­ым халы­қты дәрілік өсім­дік­тер­ді жиюға жұмыл­ды­рып, Қазақ жерінің астаң-кестеңін шыға­рып, жай­ы­лым­дық, орман­шы­лық, егін­шілік жер­лер­ді эро­зи­яға айнал­ды­рып, орас­ан зиян алып келеді.

7. Қаза­қстан­да құпия қыз­мет­кер­лерін дай­ын­дап, Қаза­қстан­да орнатқан сер­гек каме­ра­ла­ры арқы­лы әрбір Қаза­қты бақы­ла­уда ұстап, елде­гі ұлт­шыл, бел­сен­ді аза­мат­тар­ды тырп еткіз­бей ұстап, сот­тап, түр­ме­де шірітеді.

8. Қаза­қтың жасыл жай­ла­у­ла­рын сая­хат, туризм аша­мыз деп жай­ла­у­лар­ды сатып алып, Қытай тури­стерін қап­та­тып, Қаза­қтар­ды жай­ла­у­ға шығар­май, өз жай­ла­у­ы­на өздерін зар етіп қояды. 

9. Қаза­қстан­дағы мек­теп­тер­ге қытай тілін оқы­ту­ды мін­дет­теп, бара-бара қытай тілін оқуға да, жұмысқа да негіз­гі тіл етіп, одан өтпе­ген­дер­ді жұмыс­сыз қалдырады.

10. Қытай­дың ірі банк­тері келіп, Қаза­қстан банк­терін сатып алып, банк­ке қарыз Қаза­қтың бәрін Қытай­ға қарыз етіп, олар­дың қой­ған жыл­жы­май­тын мүлік­терін тар­тып алады.

БИЛІКТІҢТҮРЛІ СЫЛТАУЫ:

1. Билік Қытай­дағы 3 мил­ли­он Қаза­ғы­мыз «виза­сыз режим» арқы­лы елге келеді деген жалған сыл­тау айта­ды, бірақ Қытай­дағы Қаза­қтар­дың қолын­да шетел­ге шыға­тын пас­порт­та­ры жоқ, олар­ды Қытай­лар 2017-де тар­тып алған, сон­ды­қтан Қытай­дан тек қана қытай­лар келеді.

2. Қаза­қстан аза­мат­та­ры Қытай­ға виза­сыз бара ала­ды дей­ді, бірақ Қаза­қстан аза­мат­та­ры болып табы­ла­тын, бұрын Қытай­дан кел­ген Қаза­қтар Қытай­ға бара алмай­ды, себебі Қытай­лар олар­ды Қытай­дағы туы­ста­ры­мен ара­ла­сып, олар­ды Қаза­қстанға алып кете­ді деп, «бұрын Қытай­да тір­ке­уі өшпе­ген» деген сыл­та­у­мен олар­ды шека­ра­дан өткізбейді.

3. Қаза­қстан­дағы сауда­гер­лер «виза­сыз режим» арқы­лы Қытай­ға барып, товар әке­луіне жағ­дай жаса­ла­ды дей­ді, бірақ топыр­лаған қытай­лар Қаза­қстанға кел­ген соң, бүкіл база­рды ием­деніп, товар­ла­рын әкеліп, біздің сауда­гер­лер­ден екі есе арзан сатып, бүкіл кәсіп­кер­лер­ді банк­рот жасай­ды. Қытай­мен басе­ке­ле­се алмаған сауда­гер­лер Қытай­ға құл болады.

*ОЙЛАН, ҚАЗАҒЫМ, ОЯН, ҚАЗАҒЫМ! ҚЫТАЙЛАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ БЕРУГЕ ЖОЛ ЖОҚ!*

ҚЫТАЙЛАР

Алматыға баяғыда

КЕЛІП АЛҒАН

  • Алма­ты қала­сын­да Қытай капи­та­лы­ның қаты­суы­мен мың­нан аса кәсі­по­рын жұмыс істей­ді, деп хабар­лай­ды үкі­мет­тің бас­пасөз қызметі.

 «Алма­ты қала­сын­да Қытай капи­та­лы­ның қаты­суы­мен 1064 кәсі­по­рын жұмыс істей­ді. 2022 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша, екі ел ара­сын­дағы екі­жақты тау­ар айна­лы­мы 40%-ға өсіп, 6,8 млрд АҚШ дол­ла­рын құра­ды», – делін­ген хабарламада.

 Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Ербо­лат Доса­ев Қытай­дың «Синь­син кор­по­ра­ци­я­сы» ком­па­ни­я­сы дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы Чжан Цзянь­мен кез­де­сті. Жер­гілік­ті өндіру­шілер үшін өткі­зу нары­қта­рын кеңей­ту­ге және екі ел ара­сын­дағы эко­но­ми­ка­лық про­це­стер­ді жедел­де­ту­ге мүм­кін­дік беретін элек­трон­дық сауда плат­фор­ма­сын әзір­ле­умен бір­лес­кен кәсі­по­рын құру мәсе­лесі қаралды.

 Ақпа­ратқа сүй­ен­сек, 2021 жылы Alibaba.com мар­кет­плей­сте «Gold Supplier» иелері ретін­де Алма­ты­ның 12 ком­па­ни­я­сы атан­са, ал 2022 жылы – 56 ком­па­ни­яға жетті.

Қаз­ТАГ

Азаттығымызға

ОРАСАН ҚАУІП

Марат Бәй­діл­даұ­лы

(Тоқаш­ба­ев),

жазу­шы-пуб­ли­цист

  • Бұл күн­дері қазақ қоға­мы Қаза­қстан мен Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы ара­сын­дағы виза­сыз режим тура­лы қау­лы жоба­сын қызу талқы­лап, оған нара­зы­лы­қта­рын ашы­қтан-ашық білдіруде.

Қаза­қстан мен Қытай үкі­меті екі бағыт­та да өз аза­мат­та­ры үшін виза­сыз режим енгі­зуді жос­пар­лап оты­рға­ны бас­пасөз­де айты­лған. Мұн­дай қаулы­ның жоба­сын Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі әзір­ле­гені­нен де хабардармыз. 

Қау­лы жоба­сы­на сәй­кес, қаза­қстан­ды­қтар Қытай­ға, ал ҚХР аза­мат­та­ры Қаза­қстанға виза­сыз бара ала­ды, тури­стер шека­ра­дан өткен сәт­тен бастап 30 күн­нен және 180 күн­дік кезең­де 90 күн­нен аспай­тын мерзім­де бола ала­ды дейді.

Тарап­тар өза­ра виза­сыз режим тура­лы мәсе­лені 2022 жыл­дың мау­сым айын­да талқы­лап­ты. Бұдан кей­ін Қаза­қстан бір­жақты тәр­тіп­те Қытай аза­мат­та­ры үшін 14 күн­тіз­белік күн­ге дей­ін­гі мерзім­ге виза­сыз режим ашқан. Алай­да бұл шешім­ді Қаза­қстан жұр­ты, оның ішін­де мем­ле­кет құра­у­шы қазақ халқы қол­дап оты­рған жоқ. Эко­но­ми­ка­лық, тури­стік бай­ла­ны­стар­дың виза­сыз режим­ге күні қарап қал­ма­сы анық. Оның басқа да ондаған жол-жосы­қта­ры жетіп жатыр.

Ең басты­сы – виза­сыз келетін елдер санын жүз­ге жет­кі­зе­міз деген ұмты­лы­спен мини­стр­лік мәсе­ленің мәнісіне бой­ла­май, үстірт шешім қабыл­дау сал­да­ры ел тәу­ел­сізді­гіне қауіп төн­діруі аса ықти­мал! Әрине, шене­унік­тер өз ұста­ны­мын жан сала қорғап баға­ты­ны түсінік­ті. Бірақ мәсе­ле­ге бай­ып­пен қарай­тын бол­сақ, Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­да виза­сыз режим­нің түк­ке де қажеті жоқ! 

Мұн­дай үстірт қадам­ның Қаза­қстан үшін эко­но­ми­ка­лық, демо­гра­фи­я­лық, сая­си сал­да­ры бола­ты­ны анық. Қытай­дың айна­ла­сын­дағы елдер­ге экс­пан­си­я­лық сая­сат ұста­на­ты­ны ешкім­ге құпия емес. Бүкіл Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қазір Қытай­дың ықпа­лы аясын­да. Қытай­лы­қтар­дың бұл аумақтағы ең үлкен 500 ком­па­ни­я­сы­ның жал­пы активі – 540 млрд долл. Олар айғай­лат­пай, үнде­мей жүріп-ақ өз шаруа­сын біті­ре береді. Айта­лық, түр­лі жол­дар­мен өтіп алған қытай­лы­қтар Таи­ланд халқы­ның 10 пай­ы­зын құрай­ды, бірақ елдің ЖІӨ-нің тең жар­ты­сы солар­дың еншісінде. 

Үңіліп зерт­тей бер­сең, небір сұм­дық цифр­лар алдан шыға­ды. Қытай­лар Малай­зия халқы­ның үштен бірін құрай­ды, бірақ хуа­цяо-қытай­ла­ры ел эко­но­ми­ка­сы­ның 80 пай­ы­зы­на ие. Қытай­лы­қтар Үнде­не­зия тұрғын­да­ры­ның неба­ры 3 пай­ы­зы­нан аспа­са да, бірақ эко­но­ми­ка­ның 70 пай­ы­зы солар­дың қолын­да. Филип­пин еліне кір­ген қытай­лы­қтар әзір­ге 1 пай­ы­зға да жете қой­ған жоқ, бірақ азды­ғы­на қара­ма­стан, олар елдің өндіріс өні­мінің 35 пай­ы­зын ұстап отыр. Ақша қара­жа­ты­ның көп­ті­гі, «арзан несие» мүм­кін­дік­тері, Қытай­дың экс­пан­си­я­лық тәбетін ашқан үстіне ашып барады. 

Бүгін­гі таң­да Афри­ка­ның көп­те­ген елдері Қытай­дың эко­но­ми­ка­лық бодан­ды­ғын­да. Қытай­дың Афри­ка елдерін­де ашқан ком­па­ни­я­ла­ры­ның саны 4 мыңға таяу бол­са, салған инве­сти­ция көле­мі 50 млрд дол­ларға жетіп қал­ды. Қазір Қара құр­лық Қытай­дың ашса – алақа­нын­да, жұм­са – жұдырығында. 

Қытай­дың Қаза­қстанға қаты­сты ресми сая­са­ты достық пей­іл­де болға­ны­мен, бірқа­тар шене­унік­терінің ұлы­ха­нь­дық ішкі ұста­ным­да­ры басым түсіп жата­ды. Эко­но­ми­ка­лық сая­сат­пен іле­се демо­гра­фи­я­лық сая­сат та қосар­ла­на жүреді. Бұған қоса Қытай­дың «хуа­цяо» сая­са­тын естен шыға­руға бол­май­ды. Бөтен елдер­ге барып, сон­да үйленіп, бала-шаға­лы болып, бірақ Қытай мүд­десіне жұмыс істеу құбы­лы­сы – «хуа­цяо» деп ата­ла­ды. Сол сая­сат дәл Қаза­қстанға кел­ген­де тоқтап қала­ды деген­ге кім сенеді? Виза­сыз режим ақша­лы қытай аза­мат­та­ры­ның қазақ қызда­ры­на үйле­нуіне кеңі­нен жол ашқа­лы отыр. Олар­дың ұрпақта­ры жаңағы хуа­цяо сая­са­ты­ның нақты жемісі бол­мақ. Сөз ара­сын­да виза­сыз режим­нің Қытай­да тұра­тын қаза­қтарға да еш пай­да­сы жоқты­ғын айта кетей­ік. Өйт­кені олар пас­порт­сыз болған­ды­қтан, Қаза­қстанға келе алмайды!

Тағы бір үрей­лі жағ­дай – Қаза­қстан қоға­мы Қытай­мен виза­сыз режим құбы­лы­сы­на демо­кра­ти­я­лық тұрғы­дан дай­ын емес. Қаза­қстан шене­унік­терінің мем­ле­кет­шіл­дік қаси­еті мүл­де төмен. Кор­руп­ция жай­лаған елде мем­ле­кет­тік мүд­де қол­ма-қол саты­лып кете береді. Осын­дай жағ­дай­да виза­сыз режим Қаза­қстан бай­лы­ғы­ның жасы­рын-көрі­неу жол­дар­мен Қытай мен­ші­гіне өтіп кетуіне даңғыл жол ашады.

Виза­сыз режим – азатты­ғы­мы­зға қауіп! Сон­ды­қтан бұл қазір­гі жағ­дай­да үзіл­ді-кесіл­ді тоқтау сала­тын құбылыс!

Осы жайт­тар­ды еске­ре келе, Қаза­қстан Үкі­меті Қытай елі­мен ара­дағы виза­сыз режим­ге қаты­сты қол қой­ы­луы ықти­мал қау­лы жоба­сын күн тәр­тібі­нен алып таста­уға тиіс!

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн