Четверг , 3 июля 2025

ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ

Қытайдың «жасырын жоспар»

АЙЛАСЫ ЕМЕС ПЕ?

  • Өткен апта­да «Халық пар­ла­мен­ті» кезек­ті оты­ры­сын өткізіп, онда қоғам қауіп қылған тақы­рып­тар сөз бол­ды. Соның бірі – Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­дағы виза­сыз қарым-қаты­нас режи­мі. Бұл қоғам­ның қызуын қат­ты көтеріп тұрған тақы­рып болған­ды­қтан, төмен­де осы орай­да таны­мал пуб­ли­цист-қай­рат­кер Нұр­та­за Қадыр­ни­я­зо­втың жиын­да жасаған баян­да­ма­сын қаз-қал­пын­да жари­я­лап отырмыз.

18 мамыр күні пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Қытай­ға ресми сапа­ры аясын­да екі елдің ара­сын­да 30 күн, 180 күн ара­лы­ғын­да – 90 күн­ге қытай­лы­қтар­дың біздің елге ВИЗАСЫЗ КІРУІНЕ рұқ­сат беретін құжатқа қол қой­ыл­мақ­шы. Осы мәсе­ле­ге қаты­сты бір­не­ше про­бле­маға назар аударғым келеді.

БІРІНШІСІ – Қаза­қстан­ның Қытай алдын­дағы ҚАРЫЗЫ – бүгін­гі күні 9 млрд дол­лар.

Ал халы­қа­ра­лық «Аи-Дата» ста­ти­сти­ка агент­ті­гінің ақпа­ры бой­ын­ша, біздің елдің Қытай алдын­дағы «жасы­рын» қары­зы – 31 млрд 536 млн дол­лар (бұл жер­де «мате­рин­ский» ком­па­ни­я­лар­дың, «доч­ка­лар­дың» және ква­зи-мем­ле­кет­тік сек­тор­дың қары­зы айты­лып отыр).

Тоқа­ев мыр­за­ның пре­зи­дент­ті­гі кезін­де – 2020 жыл­дың қара­ша айын­да Ази­я­лық даму бан­кі мен Ази­я­лық инфра­струк­ту­ра­лық инве­сти­ция банк­тері­нен 1,5 млрд еуро қарыз алдық. Бұл банк­тер­дің артын­да да Қытай қар­жы инсти­тут­та­ры тұр.

Соны­мен қатар, біздің Ұлт­тық банк­тің ресми ақпа­ра­ты бой­ын­ша, Қытай Қаза­қстанға 21 млрд 300 млн дол­лар инве­сти­ция құй­ған. Ал ресми емес ақпа­ратқа сүй­ен­сек, қытай­лы­қтар қазақ дала­сы­на 40 мил­ли­ард­тан – 85 млрд дол­ларға дей­ін инве­сти­ция салған. Бұл жер­де Қаза­қстан­ның Қытай­дан көшіріп әке­ле­міз деген 54 заво­ды тағы бар.

Шынын айту керек, эко­но­мист-қар­жы­гер­лер біледі – «инве­сти­ция» дегені­міз де қар­жы­лық мін­дет­те­ме. Себебі біздің елге құй­ы­лған инве­сти­ция мол пай­да­мен Қытай­ға қай­туы керек, инве­сти­ци­я­ның негіз­гі халы­қа­ра­лық эко­но­ми­ка­лық мақ­са­ты – ПАЙДА ТАБУ!

Қытай алдын­да қарыз бат­пағы­на бел­ше­ден бату про­бле­ма­сын айтқан кез­де мынаған ерекше назар ауда­руы­мыз керек: Қытай ешқа­шан бекер­ден-бекер қары­здай көмек бер­мей­ді және ол бер­ген қары­зын ешқа­шан кешірмейді.

Осыған қаты­сты мың­даған дәлел­дер кел­тіру­ге болады: 

Мыса­лы: Қары­зға бел­ше­сі­нен батқан Гре­ция билі­гі өздерінің Жерор­та теңізін­де­гі «Пирей» пор­тын Қытай­ға 436 млн дол­ларға сатуға мәж­бүр болды;

– Шри-Лан­ка­ны 20 жыл билеп-төсте­ген пре­зи­дент Раджа­пак­стар­дың парақор семья­лық кла­ны (өздері 8 ағай­ын­ды – Гато­бая – пре­зи­дент, аға­сы Махин­да – пре­мьер-министр, інісі Безил – қар­жы мини­стрі, кіші інісі Чамаль – пар­ла­мент спи­кері). Бұлар Шри-Лан­ка­ның эко­но­ми­ка­сын Қытай­дың 1,1 млрд дол­лар қары­зы­на баты­рып, ақы­ры Қытай инве­сти­ци­я­сы­на салы­нған ең ірі «Хам­бон­то­та» аэро­пор­ты мен мұхит пор­тын Қытай­дың мен­ші­гіне беру­ге мәж­бүр болды. 

Был­тыр жаз­да Шри-Лан­ка­да бен­зин, азық-түлік, дәрі-дәр­мек қым­бат­таған­да, халық көтеріліс­ке шығып, Раджа­пак­стар кла­нын елден қуып шықты. Сон­да осы семья­лық клан қап­шық-қап­шық дол­лар­ды ұшаққа тиеп, елден қашып кет­ті. Алай­да Қытай­дың қары­зы елдің мой­нын­да про­бле­ма болып қалды!

Зим­баб­вені 35 жыл басқарған пре­зи­дент Роберт Муга­бе елді қытай қар­жы-инве­сти­ци­я­лық қары­зы­на баты­рып, ақыр аяғын­да алтын, пла­ти­на, алмаз шыға­ра­тын ірі кен орын­да­рын Қытай­ға беріп, қытай әске­ри база­сын елге орна­ла­сты­рып, тіп­тен инфля­ция жеп қой­ған өз ақша­ла­ры­нан да айы­ры­лып, юань­ды ұлт­тық валю­та қылып енгізу­ге мәж­бүр болды. 

Қытай қары­зы­на батқан Джи­бу­ти өз жер­лерін қытай­лы­қтарға 20 млн дол­ларға жалға беру­ге мәж­бүр болып отыр.

  • «Қытай­да «Бір семья – бір бала» деген сая­сат­тың кесірі­нен «ген­дер­лік дис­ба­ланс» пай­да бол­ды – ол дегені­міз ер бала­ның қыз бала­дан көп болуы. Яғни, 2021 жылғы ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, ер адам­дар­дың саны әйел­дер­ден 34 млн 900 мыңға көп болып шықты, ал біз­де керісін­ше. Қытай­да 16 мен 20 жастағы жігіт­тер­ге 13 млн қыз бала жетіс­пей­ді, олар қазір қыздар­ды Лаос пен Вьет­нам мем­ле­кет­тері­нен сатып алып отыр.

ЕКІНШІ ҮЛКЕН ПРОБЛЕМА – олҚа­за­қстан­ның ең ірі мұнай-газ кен орын­да­рын игеріп жатқан мем­ле­кет­тің мен­ші­гін­де­гі ірі ком­па­ни­я­лар­ды Қытай­ға сатып жіберу!

​Мен «Қытай айдаһа­ры қаза­қтың мой­ны­на салған инве­сти­ци­я­лық-кре­дит­тік қыл арқа­ны», «Қытай­дың Қаза­қстанға экс­пан­си­я­сы – фан­та­сти­ка емес, 21 ғасыр­дың ащы шын­ды­ғы», «Қытай­лық гастар­бай­тер­лер­дің Тал­ды­қорған­дағы күзі», «Қытай­дың этни­ка­лық тұза­ғы­на түс­кен елдер­дің тарихы біз­ге сабақ бол­сын», «Қытай-Зим­баб­ве-Қаза­қстан – мәң­гілік достар» атты мақа­ла­ла­рым­да ол тура­лы көп жаздым.

Сонды­қтан біздің билік Қытай мен­ші­гіне сатып жібер­ген бір­не­ше мұнай-газ ком­па­ни­я­сы­на ғана тоқталайын.

​Мыса­лы, Ақтө­бе облы­сын­дағы ең ірі мұнай-газ шыға­ра­тын «Ақтө­бе­мұ­най­газ» ком­па­ни­я­сы толы­қтай Қытай меншігінде;

• Ақтө­бе­де­гі «Мар­тук мұнай», «Көк­жи­де мұнай», «Құм­сай мұнай» атты ең ірі мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры – толы­қтай Қытай мен­ші­гіне саты­лып кет­ті («Көк­жи­де» мұнай кен орны­ның асты­нан ірі таза су қой­ма­сы табы­лған бола­тын, сол таза суға қазір қауіп төніп тұр);

• Қызы­лор­да облы­сын­дағы ең ірі «Құм­көл» мұнай-газ ком­па­ни­я­сы, Шым­кент­тің «ШНОС» бен­зин шыға­ра­тын зауы­ты­мен қоса Қытай меншігінде;

• «Маңғы­ста­у­мұ­най­газ» (49 %), «Қара­жан­бас­мұ­най» ең ірі мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры жар­ты­лай Қытай меншігінде.

Жал­пы айтқан­да, Ақтө­бе облы­сы­ның мұнай-газ өндірісінің 90 пай­ы­зы, Қызы­лор­да облы­сы­ның мұнай-газ өндірісінің 65 пай­ы­зы, Аты­рау облы­сы­ның мұнай-газ өндірісінің 30 пай­ы­зы Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның үлесінде.

Яғни, Қытай ком­па­ни­я­ла­ры эко­но­ми­ка­мы­здың әр сала­сы­на барын­ша кіріп жатыр және оларға біздің билік сатып жібер­ген акци­я­лар үлесін кері қай­та­рып алу өте қиын, тіп­тен мүм­кін емес деу­ге болады.

ҮШІНШІ ЕҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМА Қытай­дың мигра­ция мәселесі.

Қытай халқы­ның саны биыл 1 млрд 425 мил­ли­онға жетті.

Жыл сай­ы­нғы Қытай халқы саны­ның өсі­мі 10–12 млн. Қытай билі­гі 2016 жыл­дан бастап «Бір семья – бір бала» деген заң­ды алып таста­ды. Қытай демо­граф­та­ры­ның айтуы бой­ын­ша, қала­лар­да 40 млн-нан астам жанұя тағы бір бала туу­ды жос­пар­лап отыр.

2016 жылы Қытай­да 17 млн 800 мың бала дүни­е­ге кел­ді – бұл рекорд­тық көр­сет­кіш. (Қаза­қстан­да бала туу­дың мак­си­мал­ды рекор­ды 330 мың ғана).

Қытай­да «Бір семья – бір бала» деген сая­сат­тың кесірі­нен «ген­дер­лік дис­ба­ланс» пай­да бол­ды – ол дегені­міз ер бала­ның қыз бала­дан көп болуы. Яғни, 2021 жылғы ста­ти­сти­ка бой­ын­ша, ер адам­дар­дың саны әйел­дер­ден 34 млн 900 мыңға көп болып шықты, ал біз­де керісінше.

Қытай­да 16 мен 20 жастағы жігіт­тер­ге 13 млн қыз бала жетіс­пей­ді, олар қазір қыздар­ды Лаос пен Вьет­нам мем­ле­кет­тері­нен сатып алып отыр.

Қытай­дың бір ғана Гуан­дун про­вин­ци­я­сын­да (облы­сын­да) 126 млн халық тұра­ды, бір ғана Шан­хай қала­сын­да – 24 млн тұрғын бар.

Бір шар­шы кило­метр­де­гі халы­қтың тығы­зды­ғы 153 адам, кей про­вин­ци­я­сын­да 400 адам, ал біз­де 7‑ақ адам.

Қытай­даіш­кі мигра­ция қорқы­ны­шты қауіп­те өсу­де және қазір оның мөл­шері 261 мил­ли­онға жет­ті, соның ішін­де ауыл­дан жұмыс тап­паған 188 млн шаруа қалаға көш­кен, ал 24 млн жұмыс­сыз – қала­дан-қалаға көш­кен­дер. Яғни, Қытай­да 261 млн адам тұрақты жұмыс тап­пай, көшіп жүргендер.

Ресми ақпа­ратқа сүй­ен­сек, Қытай­да 7 млн жұмыс­сыз бар, жылы­на 12 млн түлек оқу орнын бітіріп, жұмыс нары­ғы­на шыға­ры­ла­ды, олар­дың бәріне жұмыс тауып беру мүм­кін емес.

Қытай­да жұмыс­сыздар­дың нара­зы­лы­ғы күше­ю­де, тек бір жыл­дың ішін­де 87 мың бұқа­ра­лық нара­зы­лық (про­тест, бунт) орын алған, жұмыс­сыздық ковид эпи­де­ми­я­сы­на бай­ла­ны­сты тіп­тен өршіп кетті.

Сон­ды­қтан Қытай билі­гі «Ішкі жұмыс нары­ғын тұрақтан­ды­ру, жұмысқа жарам­ды адам ресур­ста­рын жұмыспен қам­та­ма­сыз ету» атты жасы­рын құжат-бағ­дар­ла­ма қабыл­даған бола­тын. Сол бағ­дар­ла­маға сәй­кес, жұмыс­сыздар­дың бір бөлі­гі шека­ра­лас мем­ле­кет­тер­ге – Ресей мен Қаза­қстанға экс­порт­та­уға бағыт­та­луы керек.

Қазір­гі кез­де Қытай­дың сыр­тын­да 40 млн қытай­лық тұрақты тұрып жатыр, ресми ста­ти­сти­каға сенетін бол­сақ, жыл сай­ын 300 мың қытай басқа елдер­дің жұмыс нары­ғы­на экс­порт­та­ла­ды. Ал 4 млн қытай­лық ресми түр­де шетел­дер­де жұмыс істеп жатыр. Алай­да бұл цифр өте аз, шын­ды­ғын­да жар­ты­лай жасы­рын жұмыс істеп жүр­ген қытай­лы­қтар шетел­де әлдеқай­да көп.

2019 жыл­дың қазан айын­да Алма­ты – Өске­мен авто­жо­лын салып жатқан қытай­дың «Ситис кон­стракшн» ком­па­ни­я­сын­да жұмыс істеп жүр­ген 134 қытай­дың 70-сі Қаза­қстан­да заң­сыз жүр­ген болып шықты.

Қаза­қстан­да 2674 қытай ком­па­ни­я­ла­ры жұмыс істей­ді, сон­да олар­да қан­ша қытай заң­ды және заң­сыз жұмыс істеп жүр­генін кім біледі? 

Бұл – виза­мен кір­ген қытай­лар, ал ВИЗАНЫ АЛЫП ТАСТАСАҚ, НЕ БОЛМАҚШЫ?!

Ұлттық банк­тің ақпа­ра­ты бой­ын­ша, 2019 жыл­дың бірін­ші жар­ты­сын­да қытай­лы­қтар Қаза­қстан­нан 14 млрд 300 млн тең­ге, дол­ларға шаққан­да, 38 млн 600 мың дол­лар алып кеткен. 

Ал 2022 жылы Қытай аза­мат­та­ры біздің елден 33 млрд 700 млн тең­ге, дол­ларға шаққан­да, 74 млн дол­лар­ды еліне аударған. Бұл тек Қытай­дың ірі ком­па­ни­я­ла­рын айтпағанда.

Біздің өзі­міз­де 3,5 млн адам жұмыс­сыз (үкі­мет олар­ды «само­за­ня­тые» деп атай­ды), ал қытай­лар­ды ВИЗАСЫЗ ЖІБЕРСЕК, ішкі жұмыс нары­ғын кім қорғайды?

Маңғы­стау облы­сын­дағы жұмыс­сыздар­дың Аста­наға келіп, мини­стр­лік­ті қор­шаған жанай­қай­ын естідіңіз­дер, негізі­нен соларға тиесілі жұмыс орны­ның бір­ша­ма­сын шетел­дік­тер алып отыр! 

Баян­да­мам­ды қоры­тын­ды­лай келіп, сіз­дер­дің назар­ла­ры­ңы­зды мына фак­тілер­ге ерекше аударғым келеді:

Біз Қытай­мен көр­шілес неме­се оған жақын орна­ласқан мем­ле­кет­тер­де­гі Қытай этно­сы про­бле­ма­сы­ның тәжіри­бесіне басты назар ауда­руы­мыз керек.

Мыса­лы, Индо­не­зи­яда 8 млн-нан астам, Малай­зи­яда – 6,5 млн, Филип­пин­де – 1 млн 200 мың, Мьян­ма­да – 1 млн-нан астам этни­ка­лық қытай сол елдің аза­мат­ты­ғын алған.

Соның ішін­де Австра­ли­яға ерекше тоқталғым келеді: Тер­ри­то­ри­я­сы 7,7 млн кв. км, ал халқы­ның саны – біз сияқты – 25 млн-нан сәл аса­ды. (Біз­де 2,7 млн кв. км кең бай­тақ жері­міз бар, ал халқы­мы­здың саны 19,7 млн).

Сол Австра­лия ХХ ғасыр­дың 90-жыл­да­рын­да өздерін­де жұмыс қолы жетіс­пей, қытай­лар­ды виза­сыз кір­гіз­ген бола­тын. Соның сал­да­ры­нан қазір Австра­ли­яда 1,5 МЛН этни­ка­лық қытай сол елдің аза­мат­ты­ғын алған, ал 1 млн 200 мың қытай сол елдің «еңбек виза­сын» алып, жұмыс істеп отыр.

Жыл сай­ын Австра­ли­яға 200 мың жұмыс­шы кел­се, соның 70 пай­ы­зы – этни­ка­лық қытайлықтар.

Ең қорқы­ны­шты­сы – Австра­ли­яда жылы­на туа­тын сәби­лер­дің ішін­де этни­ка­лық қытай бала­ла­ры­ның ҮЛЕСІ жыл­дан-жылға көбей­іп бара жатыр және англо түстес ақ нәсіл­ді әйел­дер­дің этни­ка­лық қытай­ға тұр­мысқа шығу фак­тісі көбейді.

Біздің қызда­ры­мы­здың да қытай­ға тұр­мысқа шығу фак­тілері бар, қытай­лы­қтар­дың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алу фак­тілері де аз емес!

Біз Гре­ция мен Вене­су­э­ла сияқты Қытай­дан мың­даған кило­метр қашы­қты­қта жатқан ел емес­піз, біздің Қытай­мен бір­лес­кен шека­ра­мыз 1 мың 783 км.

Сон­ды­қтан қытай­ды қазақ дала­сы­на ВИЗАСЫЗ кір­гі­зу – үлкен сая­си соқыр­лық. Бұл – қазақ елінің бола­шағы­на бал­та шаба­тын сая­сат. БҰЛ СОҚЫР САЯСАТҚА ЖОЛ БЕРМЕУІМІЗ КЕРЕК!

Мен 17 сәуір­де пре­зи­дент Тоқа­евқа, Сенат төраға­сы Әшім­ба­евқа, Мәжіліс төраға­сы Қоша­но­вқа Қытай­ды Қаза­қстанға виза­сыз кір­гі­зу құжа­ты­на қол қой­ыл­ма­сын» деп ПЕТИЦИЯ жаз­дым. Сол пети­ци­яға қол (под­пись) жинап жатыр­мын, соған қол қою­ла­ры­ңы­зды өтінемін.

Сөз соңын­да мына­дай ұсы­ны­ста­рым бар:

  • Қытай­дың жеке мен­ші­гіне саты­лып кет­кен мұнай-газ кен орын­да­рын иге­ру­ші ірі ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­сы мем­ле­кет­тің, яғни ХАЛЫҚТЫҢ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛСЫН!
  • Қытай­дан 30 жыл­да алы­нған қарыз ақша толы­қтай өздеріне қай­та­рыл­сын, бола­шақта Қытай­дан біздің билік­тің ҚАРЫЗ АЛУЫНА ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙЫЛСЫН!
  • Қытай мен Қаза­қстан ара­сын­да виза­сыз режим­ге рұқ­сат беретін құжатқа ҚОЛ ҚОЙЫЛМАСЫН! БІЗ ҚЫТАЙЛЫҚТАРДЫҢ ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ ВИЗАСЫЗ КІРУІНЕ ҚАРСЫМЫЗ!

Нұр­та­за ҚАДЫРНИЯЗОВ,

фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кандидаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн