Четверг , 3 июля 2025

ТЕРІСКЕЙДІ халыққа толтыра АЛАМЫЗ БА?

  • Әр апта­ның сәр­сен­бі күні Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің пле­нар­лық оты­ры­сын­да ел мен қоғам­ның мүд­десіне қаты­сты маңы­зды мәсе­ле­лер жөнін­де тиісті мини­стр­лік­тер мен орган­дар бас­шы­ла­ры­ның аты­на депу­тат­тық сау­ал­дар жол­да­на­ды. Пар­ла­мент­тің жұмысы­нан ақпа­рат тара­ту­дағы кей­бір кен­де­шілік­тің кесірі­нен мұн­да көтерілетін мәсе­ле­лер­дің толық нұсқа­сы көп­шілік­тің наза­ры­нан тыс қала­ды. Біздің газет бұдан былай қоғам­ды құлағ­дар ету мақ­са­тын­да сол депу­тат­тық сау­ал­дар­дың халы­ққа қызғы­лы­қты деген тақы­рып­та­рын толық мәтін­де тұрақты жари­я­лап тұрмақ.
  • Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­сар­ла­ры Р.Склярға, А.Көлгіновке

Бүгін­гі депу­тат­тық сау­а­лы­мыз – Теріс­кей­ге көш жай­ын­да бол­мақ. Елі­міз­де­гі еңбек күшін рет­теу мақ­са­тын­да жүзе­ге асы­рып келе жатқан оңтүстік­тен – сол­түстік­ке қоныс ауда­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның жүзе­ге асып жатқа­ны­на да бір­не­ше жыл­дың жүзі болды.

 «Қуат­ты өңір­лер – елді дамы­ту­дың драй­вері» ұлт­тық жоба­сын іске асы­ру шең­берін­де 2022 жылы Теріс­кей­ге 7923 адам қоныс аударған. Олар­дың ара­сын­да 1320 қан­дас және 6603 ішкі қоныс ауда­ру­шы­лар болған.

Ал биыл 8652 ада­мға кво­та бөлін­ген. 2021–2025 жыл­дарға бұл бағ­дар­ла­маға 46,7 мил­ли­ард тең­ге бөлін­се де, оң нәти­же­сін бер­мей отыр. Себебі – көшіп барған­дар көп ұза­май кел­ген аймақта­ры­на қай­та­дан көшіп жатыр. Ресми ста­ти­сти­каға сүй­ен­сек, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы­ның өзін­де-ақ мигра­ция саль­до­сы теріс мән­ге ие. Соңғы жыл­да­ры оңтүстік аймақтан көшіп кел­ген 600 адам бұл облы­стан қай­та көшіп кет­кен. Ал олар­дың саны жыл санап артуда.

Адам­дар­ды көші­ру емес, көшіп барған­дар­ды сол мекен­де ұстап қалу қиын. «Арқа жай­лы бол­са, арқар ауып несі бар»? Сол­түстік Қаза­қстан­да жұмыс көзі аз, орта­ша жалақы төмен, мем­ле­кет тара­пы­нан беріл­ген бас­па­на­лар­дың сапа­сы сын көтер­мей­ді. Беріл­ген жос­пар­ды орын­дау үшін сан қуып жүр­ген­де, сапа ұмыт қалғандай.

Сол­түстік­ке көшу­ге ынта­лы аза­мат­тар көп. Өткен жылы «Dauletten» қай­ы­рым­ды­лық қоры ұйым­да­сты­рған «Бала-шаға­мен Сол­түстік­ке» жоба­сы­на 5 оры­нға 1311 отба­сы­дан өтінім келіп түс­кен еді. Қор отба­сы­лар­ды таң­да­уды кон­кур­стық негіз­де өткізіп, көп бала­лы отба­сы­ларға басым­дық беріп, пси­хо­логпен жүз­де­стіріп, арнайы комис­си­я­ның алды­нан өткізді. Бүгін­де қор көме­гі­мен қоныс теп­кен отба­сы­лар бір жыл қыстап шықты. 36 жан болып қоныс аударған 5 отба­сын­дағы бала саны да өсті. Тіп­ті бес отба­сы да сол аймақта кәсібін дөң­ге­летіп отыр. Олар­дың қай­та­дан көш­кісі жоқ. Көшу­ге ниет­ті елдің көшін көлік­ті, қоны­сын жай­лы ету – мем­ле­кет алдын­дағы басты мәсе­ле­лер­дің бірі.

Өз тәжіри­бем мен қоныс ауда­ру­шы­лар сұра­ны­сын еске­ре оты­рып, төмен­де­гі ұсы­ны­стар­ды жолдаймын:

  1.  Қоныс аударған отба­сы­ларға тұрғын үй сатып алуға үй құны­ның 50%-ын, бірақ 4 млн тең­ге­ден аспай­тын сома­да қар­жы беріледі. Бұл қоныс ауда­ру­шы­ларға үлкен көмек. Әйт­се де, Үкі­мет тара­пы­нан салған бас­па­на­ның сапа­сызды­ғы­на ары­зданған жан­дар өте көп. Жаңа­дан салы­нған үйлер­дің сапа­сыз екенін еске­ре оты­рып, мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма аясын­да екін­ші дең­гей­лі нары­қтан тұрғын үй сатып алу неме­се өздеріне үй салу мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру­ды ұсынамын;
  2.  Ауа-райы мен қоныс ауда­ру­шы­лар­дың адап­та­ци­я­лық кезеңін еске­ре оты­рып, қоныс ауда­ру­ды тек ерте көк­тем­де жүзе­ге асы­рған жөн. Қоныс аударған ағай­ы­нға жат жер­дің тыныс-тір­шілі­гіне үйрені­су­ге жәр­дем­ші бола­тын арнайы бей­ім­деу орта­лы­ғы мен біре­гей сайт, жедел желі теле­фо­ны іске қосы­луы керек. Себебі қоныс ауда­ру­шы қан­даста­ры­мы­здың көбі кирилл қаріп­терін оқы­ған­да, қиналған­да­ры бай­қа­ла­ды. Ал өзі­міздің жер­гілік­ті халық бол­са, көші-қон жай­лы толық ақпа­рат біле бер­мей­ді. Себебі ақпа­рат­тан­ды­ру, түсін­дір­ме жұмыста­ры өте аз;
  3.  Қоныс ауда­ру­шы­лар­ды арнайы комис­сия негізін­де ірік­теп, кәсіп­ке ике­мі бар көп бала­лы отба­сы­ларға басым­дық берілуі керек. Қоныс аударған­нан кей­ін туы­лған әр сәби­ге де берілетін жәр­де­мақы дең­гей­ін арт­ты­ру демо­гра­фи­яға сер­пін бере­рі сөзсіз;
  4.  Жұмыс орын­да­ры­ның санын көбей­ту мақ­са­тын­да жұмыс беру­ге мүм­кін­ді­гі бар кәсіп­кер­лер­ді көшіру­ге ықпал ету неме­се жас кәсіп­кер­лер­ді қызы­қты­ра­тын арнайы өңір­лік бағ­дар­ла­ма әзер­лен­гені дұрыс. Қоныс аударған жан­дар­дың кәсібін дөң­ге­летіп кету­ге 2,5 пай­ы­з­бен берілетін жеңіл­детіл­ген неси­е­лер санын арт­ты­рып, суб­си­ди­я­лар, грант­тар­ды ұлғай­ту керек.

Алтай Сей­дірұ­лы, биы­лғы жылы халы­қты оңтүстік­тен сол­түстік­ке көші­ру үшін қан­дай өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізіл­ді? Қоныс ауда­ру жұмыста­ры мен ақпа­рат­тан­ды­ру қан­дай жос­пар­да жүр­гізіліп жатыр? Жоға­ры­да айтқан ұсы­ны­стар­ды еске­ре оты­рып, жау­ап­ты заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген мерзім­де жаз­ба­ша ұсы­ну­ла­ры­ңы­зды сұраймын.

Дәу­лет МҰҚАЕВ, жеке ман­дат­ты депутат

  • Қол­да­у­шы депу­тат­тар: Н. Сәр­сенға­ли­ев, С. Мұса­ба­ев («Ама­нат» пар­ти­я­сы), Н. Тау («Рес­пуб­ли­ка»), Қ. Иса («Ақ жол»), Е. Мәм­бе­тов («Ауыл»)

«БЛОГЕР» ДЕГЕН КІМ?

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-мини­стрі Ә.Смайыловқа

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы бас про­ку­ро­ры Б.Асыловқа

Осыдан он шақты жыл бұрын «бло­гер» деген сөз қазақ қоға­мы­на алғаш енген­де – біз олар­ды сапа­лы кон­тент жасай­тын жас маман­дар деп қабыл­даған едік. Алға­шын­да, бәл­кім, солай болған да шығар, бірақ қазір «бло­гер» деген кім?

Қазір өзін бло­гер­мін деп жүр­ген­дер­дің дені – ақпа­рат­тың рас-өтірі­гін тек­сер­мей, оңай жол­мен баю мақ­са­тын­да кез кел­ген ада­мға жала жабу­дан тай­ын­бай­тын, бопса­лап ақша таба­тын, атаққұ­мар, елдің бере­кесін бұзып, қауіп­сізді­гіне қатер төн­діретін сау­ат­сыз адамдар.

Өзін бло­гер санап жүр­ген­дер­дің басым бөлі­гі шын мәнін­де блог­тың не екенін түсініп жүр деп айта алмай­мыз. Көп­шілі­гі ел алдын­дағы беделін, атақ-дәре­же­сін пай­да­ла­нып, халы­ққа көмек жасап жатқан­дай сыңай таны­тып, әле­умет­тік желілер­де түр­лі «хайп» ұйым­да­сты­рып әлек.

Дәл осы бло­гер­лер талай жыл­дан бері ұмыт болған қар­жы­лық пира­ми­да­ның жан­да­нуы­на да себеп болға­нын бәрі­міз жақ­сы біле­міз. Сол ала­яқтарға сеніп қалған қан­ша­ма адам суи­цид жаса­ды, қан­ша­уы ден­са­улы­ғы­нан айы­рыл­ды, тағы қан­ша­ма­сы үйсіз-күй­сіз қалып, қаңғы­рып кет­ті?! Олар­дың оба­лы кімге?

Елде болып жатқан түр­лі әле­умет­тік жағ­дай­лар­ды өз ыңғай­ы­на бұр­ма­лап, оған ұлта­ра­лық рең беріп, елге жалған ақпа­рат таратқан бло­гер­лер­дің де ісі май­шам­мен қара­луы керек еді. Рас­тал­маған қау­е­сет­тің әле­умет­тік желі арқы­лы тез тара­уы­нан Қор­дай оқиға­сы­ның немен аяқталға­ны бәріңіз­ге мәлім.

Жеке аза­мат­тар­дың ішкен-жегенін, киген киі­міне дей­ін аңдып, қоғам­да кибер­бул­линг жасап жүр­ген бло­гер­лер тобы тағы бар.

Өкініш­ке қарай, өмір­ге деген көзқа­ра­сы енді қалып­та­сып келе жатқан жаста­ры­мыз осы бло­гер­лер­ге елік­теп, жаты­пі­шер­лік­ке әуе­стеніп бара­ды, олар ұлты­мы­зға жат мәде­ни­ет пен теріс идео­ло­ги­я­ны бой­ы­на сіңіріп жатыр. Сон­дай-ақ осы бло­гер­лер­дің сөзіне сеніп, шетел­ге күңдік­ке түс­кен қызда­ры­мыз қаншама?!

Біз қысқа ғана уақыт ішін­де сөзі мен ісіне жау­ап бере алмай­тын бло­гер­лер­дің ота­ны­на айна­лып кет­кен­дей­міз. Бұл – қоғам үшін де, мем­ле­кет үшін де қауіп­ті құбылыс.

Ал мұның бәрі біз­де­гі заң­на­ма­да бло­гер мәр­те­бесі айқын­дал­маған­нан. Жау­ап­кер­шілік­тің жоқ екенін сезін­ген мұн­дай адам­дар, әрине, ойы­на кел­генін істейді.

Көпке топы­рақ шашу­дан аулақ­пын. Халы­ққа шын жана­шыр бло­гер­лер де біздің елде жоқ емес. Көп бала­лы жалғы­з­ба­сты ана­ларға, мүге­дек жан­дарға жәр­дем беріп, әле­умет­тік желі арқы­лы халы­ққа пай­да­сын тигізіп жүр­ген жер­ле­стері­ме тек бас иемін. Оқыр­манға қызы­қты әрі пай­да­лы ақпа­рат тара­тып, жеке бло­гын жүр­гізіп жүр­ген­дер­ге де айтар дауы­мыз жоқ.

Бірақ әле­умет­тік желілерін пай­да­ла­нып, аза­мат­тар мен ұйым­дар­дың құқы­ғы мен заң­ды мүд­де­леріне зиян кел­тіретін жалған ақпа­рат таратқа­ны үшін оларға қол­да­ны­ла­тын шара қарас­ты­рыл­маған. Сол себеп­ті олар­да ешқан­дай жау­ап­кер­шілік жоқ. Артын зерт­теп, шын­дық па, жоқ па – баста­рын қатыр­май­ды. Басты­сы шу. Басты­сы сөз.

Кім­нің бол­ма­сын алдын­да тікең­деп, бет­тен алып, жеке басы­на тиі­седі. Сөз бостан­ды­ғы деген осы ма? Біз осы­лай­ша тұта­стай бір маман­ды­қты қор қылып отыр­мыз. Жур­на­ли­стер­дің көбі жұмыс­сыз! Олар­дың білі­мі де, тала­бы да бар. Олар­дың бло­гер­лер­ден айыр­ма­шы­лы­ғы – әдеп­ті, сон­ды­қтан да жұмыссыз.

Осы­дан бір жыл бұрын мем­ле­кет бас­шы­сы Қаза­қстан халқы­на Жол­да­уын­да: «Мем­ле­кет­тің мүд­десін, қоғам­ның сұра­ны­сын және медиа­са­ла­ның даму үрдісін еске­ре оты­рып, БАҚ тура­лы заң­ды қай­та қарау керек» деп тап­сы­рған болатын. 

Алай­да бұл заң­ның әлі дай­ын еме­сті­гін көріп отырмыз. 

Сон­ды­қтан, бірін­ші­ден, аталған заң жоба­сы­на жау­ап­ты­лар­дың әре­кетіне тиісті баға берілуі керек.

Екін­ші­ден, тез ара­да БАҚ тура­лы заң­ды пысы­қтап, Мәжілістің ашық талқы­ла­у­ы­на енгі­зу қажет. Ақпа­рат сала­сын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті тек жур­на­ли­стер емес, бло­гер­лер де сезі­нетін уақыт жет­ті. Бұл мәсе­лені аталған заң жоба­сы­ның аясын­да дереу қарас­ты­руы­мыз қажет. Себебі жау­ап­кер­шілік­ті түсіне алмай­тын бло­гер­лер­дің саны уақыт өткен сай­ын артуда.

«Ауыл» фрак­ци­я­сының депу­тат­та­ры

«Қара майорды»

ҰМЫТПАЙЫҚ!

Сурет­ті осы қал­пын­да бер.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-мини­стрінің орын­ба­са­ры А. С. Көлгіновке 

Борис Төкенұ­лы Керім­ба­ев­ты біл­мей­тін қазақ жоқ. «Қара май­ор» деген лақап атпен таны­лған жер­лесі­міз күр­кіре­ген күн­дей «Ауған соғы­сын­да» қазақ ерлі­гінің үлгісі болды.

Иә, бұл – күр­делі соғыс, кеңе­стік май­дан. Деген­мен осы жан қаза­қтың кім екенін танытты.

Менің қояр сау­а­лым – осын­дай ержүрек аза­мат әлі «батыр» атағын алған жоқ. Тіп­ті оның атын­да көше де жоқ! Борис Төкенұлы­ның батыр­лы­ғын наси­хат­тай­тын әде­би шығар­ма жазы­лып, көр­кем фильм түсіріл­ген жоқ.

Тарих бүгін­нен ғана емес, ертең­нен де құра­ла­ды. Неге осын­дай батыр­лар еске­русіз қалды?

Бүгін қазақ әскерінің неме­се сар­ба­зы­ның кес­кінін қалып­та­сты­ру­да кем­шін қалып жатыр­мыз. Өкініш­ке орай, Отан қорғау ісі бүгін мақта­ны­шты, абы­рой­лы мін­дет бола алмай жүр.

Бұған басты себеп – қазақ сар­ба­зы­ның жағым­ды обра­зын жасай алмай қал­дық. Біздің соғыс жай­лы туын­ды­мыз Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­спен бітіп жүр. Ал ата­ла­ры­мыз, аға­ла­ры­мыз қан кеш­кен «Ауған соғы­сы» әлі күн­ге өз баға­сын алған жоқ.

Бей­біт­шілік іргесі шай­қал­мау үшін, біз бар май­данға да рух­тық тұрғы­дан сай болуы­мыз керек.

Сол себеп­ті «қара май­ор» обра­зы­на жаңа­ша қарап, батыр­дың ерлі­гін ескеріп, «Халық қаһар­ма­ны» атағын беруді сұраймыз.

Дани­яр ҚАСҚАРАУОВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

  • Бұл депу­тат­тық сау­ал­ды қол­даған­дар: Ж. Аман­тай­ұ­лы, Е. Бапи, А. Қалықов

Жерді банктер

ТҰЗАҒЫНАН

ҚҰТҚАРАЙЫҚ!

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары

Р. В. Склярға

Қазақстан Республикасының бас прокуроры Б. Н. Асыловқа

Жай­ы­лым­ды жер­лер­ді халы­ққа қай­тар­сақ, банк­тер­ді ауы­зды­қта­удан бастау керек! 30 жыл­да неше рет банк­тер­ді кұтқар­дық! Халы­қтың қазы­на­сын­дағы ақша есебі­нен Тимур Құлы­ба­ев­тың, Болат Өте­мұра­то­втың, Әділ­бек Жақ­сы­бе­ко­втың және басқа да оли­гарх­тар мен жоға­ры шен­ділер­дің банк­терін құтқа­ру­ды қашан доғарамыз?

Банк­тер­ді емес, халы­қты аштық пен жұмыс­сызды­қтан құтқа­ру керек. Соның бір­ден-бір жолы – банк­тер­ге кепіл­ге қой­ы­лған ауыл шару­а­шы­лық жер­лер­ді қай­та­руы­мыз керек. Ол банк­тер­дің артын­да кім тұрға­нын, кім­нің иелі­гін­де оты­рға­нын және қан­дай жол­мен ауыл шару­а­шы­лық жер­лер­ді кепіл­ге қой­ып жібер­генін қоғам, халық білуі қажет.

Қазір­гі таң­да, Бас про­ку­ра­ту­ра­ның ақпа­ра­ты бой­ын­ша, екін­ші дең­гей­лі банк­тер мен кар­жы инсти­тут­та­ры­ның иелі­гін­де кепіл­дік ретін­де көле­мі 2 мил­ли­он гек­тар 3,9 мың ауыл шару­а­шы­лық мақ­са­тын­дағы жер­лер жатыр. Оны банк­тер және кар­жы ұйым­да­ры өздері пай­да­лан­бай­ды және сол жер­лер­ді мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қай­та­руға асы­қ­пай­ды. Осы банк­тер­де кепіл­ге қой­ы­лған, камауда жатқан 2 мил­ли­он гек­тар жер­дің ішін­де үле­стік ауыл шару­а­шы­лық мақ­са­тын­дағы жер­лер бар екен­ді­гін халық біле ме?

Заң­сыз, жемқор әкім­дер­дің кесірі­нен пай­ла­ры, яғни шар­тты жер үле­стері­нен айы­ры­лған ауыл халқы таба­нын тозды­рып, ақиқат іздеу жолын­да пай­ла­рын қай­та­ру үшін сот­та­сып әлек болып жүр. Сот­тар талап ары­здың көп­шілі­гін қара­у­сыз қал­ды­ра­ды, не бол­ма­са талап­тың ескі­ру мерзі­мін қол­да­нып, үлес­кер­лер­дің жер­лерін банк­ке кепіл­ге қою жөнін­де­гі келісім-шар­тта­рын бұзу тура­лы талап ары­зда­рын қанағат­тан­ды­ру­сыз қалдырады.

Қаза­қстан бой­ын­ша жер үлес­кері бар 169 кәсі­по­рын бар, онда 80 мыңға жуық үлес­кер өзінің шар­тты жер үле­стерін кәсі­по­ры­нға салып, бірі дивен­денд алып жүр­се, көбісі кедей­дің күнін кешу­де. Бұл 169 кәсі­по­рын­ның жал­пы жер көле­мі 2 мил­ли­он гек­тар және аталған жер­дің көбісі банк пен қар­жы ұйым­да­рын­да кепіл­ге қой­ы­лған. Халы­қтың көп­шілі­гі өзінің жер­лерінің банк­ке заң­сыз кепіл­ге қой­ы­лға­нын 5–10 жыл­дан кей­ін ғана біл­ген, ал қалған­да­ры оны да білмейді.

Кәсі­би заң­гер ретін­де менің сот тәжіри­бем­де қолы­ма түс­кен кепіл шар­тта­ры­ның заң нор­ма­ла­рын қатаң бұзу жол­да­ры­мен жасалған­ды­ғын, халы­қтың шар­тты жер үлесі­нен тұра­тын жер­лерін кепіл­ге қою үшін, кәсі­по­рын бас­шы­ла­ры фик­тив­ті жал­пы жина­лыс жасап, құжат­тар­ды фаль­си­фи­ка­ци­я­ла­у­ға дей­ін барған.

Мұн­дай фак­тілер толып жатыр, құжат­тар жет­кілік­ті. Өкіні­штісі, мұны құқық қорғау орган­да­ры да бай­қа­май­ды, сот та көр­мей­ді. Соның сал­да­ры­нан халы­қтың ашу-ыза­сы күн­нен-күн­ге көбей­іп бара жатыр.

Нақты қадам жаса­удың уақы­ты кел­ді. Нақты жер рефор­ма­сын бастап, екін­ші дең­гей­лі банк­тер мен қар­жы инсти­тут­та­ры­ның иелі­гін­де­гі жер­лер­ге қамқор болуы­мыз керек. Бұл да халы­қтың жері екен­ді­гін ұмыт­па­уы­мыз керек.

Сонды­қтан Үкі­мет­пен және Бас про­ку­ра­ту­ра­мен бір­ле­се отырып:

Бірін­ші­ден, 2025 жылға дей­ін бүкіл елде жер амни­сти­я­сын жари­я­лап – шар­тты жер үлесі­нен тұра­тын және банк­тер­де кепіл­ге қой­ы­лған жер­лер­ді үлес­кер­лер­ге қай­та­дан қай­та­ру­ды көз­дей­тін мем­ле­кет­тік жоба­ны қабыл­дау керек. Үлес­кер­лер­ге еркін жау­ап­кер­шілі­гі шек­те­улі серік­те­стік­тер мен өзге шару­а­шы­лық ұйым­дар­дан шығу­дың заң­ды мүм­кін­ді­гін қарас­ты­ру керек.

Екін­ші­ден, ком­мер­ци­я­лық банк­тер­дің иелі­гін­де­гі 2 мил­ли­он гек­тар көле­мін­де­гі жер­лер­ді мәж­бүр­лі түр­де Жер кодексінің 92–94-бабына сәй­кес мем­ле­кет­тік мен­шік­ке қай­та­ру­ды дереу қам­та­ма­сыз етуі­міз қажет.

Үшін­ші­ден, аза­мат­тар­дың шар­тты жер үлесі­нен тұра­тын жер пай­да­ла­ну құқы­ғын екін­ші дең­гей­лі банк­тер мен қар­жы ұйым­да­рын­да кепіл­ге қоюға 2 жылға мора­то­рий енгі­зу қажет.

Төр­тін­ші­ден, заң­сыз банк­тер мен қар­жы ұйым­да­рын­да кепіл­ге қой­ы­лған ауыл шару­а­шы­лық жер­лер­дің тағ­ды­ры бой­ын­ша Құқық қорғау орган­да­ры­ның ведом­ство­ара­лық комис­си­я­сын құру­ды және Комис­сия қоры­тын­ды нәти­же­сін­де кінәлі тұлға­лар­ды қыл­мыстық қуда­лау науқа­нын бастау қажет.

30 жыл­да онсыз да той­ған банк­тер мен оның артын­да тұрған оли­гарх­тар­ды той­ғы­з­бай, халы­қты той­ды­ра­тын уақыт кел­ді. Банк пен биз­не­стің көңілін аулай­мыз деп, ауыл халқын бақыр мен тақы­рға оты­рғы­здық. Енді ояна­тын, еңсе­мізді көте­ретін уақыт кел­ді, ағайын!

Бақыт­жан БАЗАРБЕК, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн