Четверг , 3 июля 2025

Үкімет агросубсидияны

БЫЛЫҚҚА БАТЫРДЫ

  • Қаза­қстан­да көк­тем­гі егіс науқа­ны бастал­ды. Бірақ «шару­а­лар қара­жат­сыз отыр», деп ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Анас Баққо­жа­ев ел пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­ло­втың аты­на аграр­шы­лар­дың жанай­қай­ын жеткізді.

Қаза­қстан аграр­лық ел болған­ды­қтан, оның эко­но­ми­ка­сы­ның бола­шағы да ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на тіке­лей бай­ла­ны­сты. Алай­да осы аграр­лы салаға Үкі­мет тара­пы­нан бөлініп оты­рған көңіл мен мем­ле­кет­тік қол­дау дең­гейі уақыт тала­бы­на сай емес! Шару­а­лар жеңіл­детіл­ген неси­е­ге жары­май жүр. Кре­дит­ті арзан­да­та­тын суб­си­дия дер кезін­де берілмейді. 

Бюд­жет­тен суб­си­ди­яға бөлі­нетін қар­жы­ның жал­пы мөл­шері бүгін­гі сұра­ны­стан 4 есе кем. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы өндірісіне қажет бар­лық зат – тех­ни­ка, химия, қыз­мет түр­лері қым­бат­тап жатыр, ал өндіріл­ген өнім­нің құны өзгеріс­сіз тұр. 

Ресей мен Бело­рус­си­яда аграр­лық сала­ны қол­дау дең­гейі біз­бен салы­сты­рған­да әлдеқай­да жоға­ры, яғни олар бір эко­но­ми­ка­лық кеңістік­те бәсе­келік басым­ды­ққа ие. Олар­мен теңе­су үшін, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі аграр­лы сала­ны қол­да­уға бөлі­нетін қар­жы мөл­шерін арт­ты­ру жөнін­де бір­не­ше рет ұсы­ныс жасаған. Бірақ Үкі­мет тара­пы­нан қол­дау тап­па­ды. Соны­мен қатар инфля­ция дең­гейі жыл сай­ын арту­да, ал суб­си­ди­яға индек­са­ция жасалмайды.

Қол­да­ны­стағы суб­си­ди­я­лау меха­низмдері жетіл­ме­ген және былы­ққа бел­ше­ден батқан. Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы агент­тік­тің тек­серіс қоры­тындысы – осы­ның айқын айғағы. Суб­си­дия жүй­есін жетіл­ді­ру керек деп Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өзі айтқан бола­тын. Сол тап­сыр­ма­ны орын­дау үшін Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гі бірқа­тар тың иде­я­лар­ды ұсы­нған еді. Бірақ олар да суб­си­ди­я­ны жеңіл табыс көзіне айнал­ды­рып алған лоб­би топ­тар­дың кесірі­нен қол­дау тап­па­ды. Тіп­ті кей­бір «бел­сен­ділер» тұщым­ды ұсы­ныс бер­ген мини­стр­лік­ке «екі» деген баға қой­ып, көп­шілік алдын­да масқа­ра қыл­ды. Мини­стр­лік­тің орын­ды ұсы­ны­ста­рын осын­дай жағ­дай­да қол­да­удың орны­на Үкі­мет дәр­мен­сіздік таныт­ты. Осы­дан кей­ін мини­стр­лік­те қан­дай бедел қалады?

Соны­мен қатар суб­си­дия меха­низмдеріне тәу­ел­сіз сарап­та­ма жүр­гізіл­мей­ді. Бюд­жет­тің қара­жа­ты жет­пей жатқан­да, ақша­ның әділ бөлі­нуін қам­та­ма­сыз ету керек. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы­ның қай сала­сы суб­си­ди­яға шынайы мұқтаж, ал қай­сысы суб­си­ди­я­сыз дами ала­ты­нын айқын аны­қтау қажет.

Соны­мен бір­ге аймақта­ры­мы­здың табиғи ерекшелі­гін де еске­ру керек шығар. Мәсе­лен, оңтүстік­ке қараған­да, сол­түстік­те мал шару­а­шы­лы­ғын жүр­гі­зуді былай қой­ған­да, өмір сүрудің өзі әлдеқай­да қым­батқа түсетіні бел­гілі. Алай­да бұл жағ­дай ескеріл­мей­ді. Үкі­мет­тің елді оңтүстік өңір­лер­ден сол­түстік­ке қоны­стан­ды­ру сая­са­ты­ның ақсап тұрға­ны да осыдан.

Субси­ди­я­лау мәсе­лесін­де эко­но­ми­ка­лық тиім­ділік, өнім­нің өзін­дік құны, гео­гра­фи­я­лық және табиғи ерекшелік деген ұғым­дар мүл­дем ескеріл­мей­тін бол­ды. Осы­ған Үкі­мет тара­пы­нан сапа­лы әрі тәу­ел­сіз сарап­та­ма қашан жасалады?

Сон­дай-ақ соңғы кез­де қоғам­дық ашы­қты­қты желеу қылып, өздерінің жеке мүд­де­лерін жүзе­ге асы­рып жүр­ген топ­тар көбей­іп кет­ті. Олар орын­сыз ұсы­ны­ста­ры­мен мини­стр­лік­тің тиім­ді жұмыс істе­уіне кедер­гі келтіруде.

Қоғам­дағы тұрақты­лы­қты сақта­уды көз­де­ген мини­стр­лік нара­зы­лық біл­дір­ген жеке топ­тар­дың ығы­на жығы­лып, керекті-керексіз жұмыс топ­та­рын құруға мәж­бүр. Мини­стр­лік тіп­ті өз көлең­кесі­нен өзі қорқа­тын жағ­дай­ға жет­ті. Азық-түлік қауіп­сізді­гі қорқақтың қолы­нан келетін шаруа емес. Мүм­кін, аталған мини­стр­лік батыл шешім қабыл­да­уы үшін, Пре­зи­ден­ті­міз айтқан про­ку­рор­лық сүй­е­мел­де­уді енгі­зу қажет шығар?.. 

Пікір­дің сана­лу­ан болуы­на қар­сы емес­піз. Алай­да кәсіп­кер­лер­дің басын қосып, ойла­рын сарап­тап, заңға сай келетін ортақ шешім шыға­рып, билік алды­на қою – «Ата­ме­кен» пала­та­сы­ның мін­деті емес пе еді?! Егер әрбір қоғам­дық ұйым бас-басы­на өзінің жеке пікірі­мен мем­ле­кет­тік орган­дар­дың уақы­тын ала­тын бол­са, «Ата­ме­кен» не үшін керек? 

Осы­лар­дың бар­лы­ғын қоры­тын­ды­лай келе, төмен­де­гі­дей депу­тат­тық сау­ал жолдаймыз:

Бірін­ші. Ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лай қол­дау мөл­шерін Ресей мен Бело­рус­сия дең­гей­іне жет­кі­зу тура­лы жеке өзіңіз не ойлайсыз?

Екін­ші. «Ата­ме­кен» ұлт­тық кәсіп­кер­лер пала­та­сы­ның быты­раңқы қоғам­дық ұйым­дар­дың басын бірік­тіріп, өзіне жүк­тел­ген мін­дет­терін толы­ғы­мен орын­да­уы үшін, қан­дай шара­лар қол­да­ны­луы тиіс?

Үшін­ші. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гінің сая­си беделін көте­ру мақ­са­тын­да мини­стр­ге қосым­ша пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры лау­а­зы­мын беру жөнін­де­гі көзқа­ра­сы­ңыз қандай?

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Ауыл» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депутаттары:

  • Анас Баққо­жа­ев, Серік Егіз­ба­ев, Жигу­ли Дай­ра­ба­ев, Аян Зей­нул­лин, Қарақат Әбден, Нико­лай Арсю­тин, Ербо­лат Сау­ры­қов, Таң­сау­ле Серіков.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн