Четверг , 3 июля 2025

30 ЖЫЛДА 15 МИНИСТР

ауысқан білім саласында

БЕРЕКЕ ҚАШАН БОЛАДЫ?

  • «Адам­дар­дан өз пікір­лері­нен бас тар­ту­ды және өзге­лер­дің пікіріне бой­ұ­сы­ну­ды талап ету, ғылым мен көр­ке­мө­нер сала­сы­на мүл­дем надан адам­дар­ды тағай­ын­дау, не бол­ма­са ғалым­дарға білім­сіз адам­дар­ды төре­ші етіп қою – мем­ле­кет­ті қира­ту­шы және апатқа ұшы­ра­ту­шы­лар». Вольтер.

Қаза­қстан­ның білім сала­сын­да 1988–1991 жыл­да­ры Халық ағар­ту мини­стрі болған Шәй­сұл­тан Шаях­ме­то­вты қоса есеп­те­ген­де, 2023 жыл­дың қаңта­ры­на дей­ін­гі 30 жыл­да 15 министр келіп-кет­келі, оның ең көп оты­рға­ны 3 жыл­дан аспаған­ды­ғын қалай түсін­діру­ге болады?

Әулие Ахмет Ясса­уи баба­мы­здың: «Ақыр­за­ман­ның ғалы­мы залым бола­ды, залым­ды қол­даған­дар ғалым бола­ды» дегені бүгін­гі күні анық көрі­ну үстінде.

Мини­стр­лік­ті басқарғандар:

1. Ғалым Әбіл­сей­ітов 30 мау­сым 1992 – қазан 1994

2. Вла­ди­мир Школь­ник тамыз 1994 – қазан 1999

3. Қырым­бек Көшер­ба­ев қазан 1999 – 18 жел­тоқ­сан 2000

4. Нұра­лы Бек­тұрға­нов 18 жел­тоқ­сан 2000 – қаңтар 2002

5. Шәм­шә Бер­кім­ба­е­ва қаңтар 2002 – 14 мау­сым 2003

6. Жақ­сы­бек Күле­ке­ев 14 мау­сым 2003 – 14 жел­тоқ­сан 2004

7. Бірға­ным Әйті­мо­ва 14 жел­тоқ­сан 2004 – 19 қаңтар 2007

8. Жан­сей­іт Түй­ме­ба­ев 19 қаңтар 2007 – 22 қыр­күй­ек 2010

9. Бақыт­жан Жұмағұ­лов 22 қыр­күй­ек 2010 – 2 қыр­күй­ек 2013

10. Аслан Сәрін­жі­пов 2 қыр­күй­ек 2013 – 10 ақпан 2016

11. Ерлан Саға­ди­ев 10 ақпан 2016 – 2019

12. Күләш Шәм­ши­ди­но­ва 25 ақпан 2019 – 13 мау­сым 2019

13. Асхат Аймағам­бе­тов 2019 – 10 мау­сым 2022

14. Сая­сат Нұр­бек 11 мау­сым 2022

Мен КСРО зама­нын мақта­у­шы­ла­рын түсін­бей­тін адам­дар қата­ры­нан­мын. Себебі қызыл заман­ның Қазақ халқы­на әкел­ген зардаб­ы­на толы­қтай баға беріл­ме­ген және бар­лық мұрағат­тар зерт­теліп, кім­нің – кім болға­ны толы­қтай аны­қтал­май­ын­ша, мил­ли­он­дап құр­бан болған қаза­қтар­дың әру­ақта­ры тыным таба қой­ма­сы анық. Одан қал­ды, сол заман­да өз Қаза­ғын оры­стың қолы­мен өлтір­тіп, бүгін сол сатқын­дар­дың шалқып өмір сүріп жүр­ген бала-шаға­ла­ры, ата­ла­ры­ның кім болға­нын білу­лері тиіс деп есеп­тей­мін. Жарай­ды, бұл тұбе­гей­лі басқа тақы­рып, менің айтай­ын дегенім – сол сұра­пыл дәуір­дің қан­ша айтқың кел­ме­се де мой­ын­да­уға тура келетін жақ­сы жақта­ры да бар еді. Соның бірі – білім сала­сын­дағы бекітіл­ген бағыт (мұн­да мен білім­ді кере­мет деп тұрға­ным жоқ, тек ұсталған бағы­ты тура­лы айтып отырмын).

Біз бала күн­де ондаған жыл алдын ала шыққан кітап­тар­ды пай­да­ла­нып білім алдық, ол дегені­міз – ондаған жыл бойы оқу бағ­дар­ла­ма­сы да, оқу құрал­да­ры да өзгеріс­сіз, жыл­дан-жылға өтіп оты­рған. Бұн­дай тұрақты­лық өз кезе­гін­де ұста­здарға өз білі­мін жетіл­діру­ге және сапа­лы білім беру­ге мүм­кін­дік бер­гені сөз­сіз. Бүгін­гі күні әрбір жаңа­дан кел­ген білім мини­стрі жаңа бағ­дар­ла­ма ұсы­на­ды, жаңа рефор­ма жасай­ды, өз кезе­гін­де ол рефор­ма­лар жаңа кітап­тар мен жаңа бағ­дар­ла­ма­лар­ды талап ете­ді, демек бағыт өзге­реді. Әрбір бағыт ауы­сқан сай­ын, жүй­елі білім­нің бір бөлі­гі шет­тен тыс қала­ты­нын ескер­сек, бар­лық рефор­ма­лар­дан кей­ін білім­нің қан­ша саты­сы бағ­дар­ла­ма­дан шығып қал­ды, оны ешкім біл­ме­се керек.

Оның үстіне білім­ді емес, табысты көз­де­ген жеке мен­шік жоға­ры оқу орын­да­ры­ның қап­та­уы да өз үлесін қосты. Бұн­дай білім орда­ла­ры­нан шыққан ұста­здар не білім беріп жүр – ол да үлкен сұрақ.

Кезек­ті рефор­ма үш тіл­ділік деген түсінік әкел­ді, ондағы кере­мет иде­я­ларға толы баста­ма­лар қан­дай сер­піліс бер­генін кім айта ала­ды? Мил­ли­ард­таған қара­жат жұм­салға­ны бол­ма­са, ағы­л­шын тілін­де химия пәнін мең­гер­ген адам­ды мен өз басым көр­ген емес­пін, қате­лес­сем айты­ңы­здар. Осын­дай мағы­на­сыз рефор­ма­лар шыны­мен біздің білім сала­мы­зға қажет бол­ды ма?

Мысал ретін­де Жапо­ни­я­ның білім сала­сын қарас­тыр­сақ, онда шет тілі тек жоғарғы сынып­тар­дан баста­ла­ды, ол жасқа дей­ін бала­лар тек өз тілін­де білім ала­ды және тізім­де тұрған ең бірін­ші сабақ – ол жапон тілі. Бұл елде­гі білім жүй­есінің тиім­ділі­гін жапон­ды­қтар­дың әлем­де­гі алар орны дәлел­деп отыр.

Егер біз­де жасалған рефор­ма­лар арқа­сын­да білім сала­сы кере­мет дамы­са, әр қадам сай­ын орна­ласқан ҰБТ-ға дай­ын­дық неме­се ақы­лы қосым­ша сабақ беретін орта­лы­қтар қай­дан пай­да болып жатыр.

Әлем­де мен үшін білім дең­гей­інің кере­мет көр­сет­кі­ші – ол әр елдің жоға­ры оқу орын­да­ры­ның әлем­дік рей­тинг­те ала­тын орын­да­ры. Мыса­лы үшін әлем­нің ең үздік он жоға­ры оқу орын­да­ры­ның бесе­уі АҚШ-та, төр­те­уі Ұлы­бри­та­ни­яда және біре­уі Швей­ца­ри­яда орна­ласқан. Бірін­ші жиыр­ма­лы­ққа Еуро­па, Қытай, Жапо­ния сын­ды дамы­ған елдер­дің жоға­ры оқу орын­да­ры кіреді, ал біздің билік­тің пір тұта­тын орыс елінің ең кере­мет Ломо­но­сов уни­вер­си­теті осы тізім­нің 74-орнын­да бол­са, біздің сан рефор­ма­лар­дан кей­ін­гі «Ең үздік» атағын ұстап оты­рған Әл Фара­би уни­вер­си­теті­міз 165-оры­нға жай­ғасқан. Осын­дай рей­тинг­пен біздің елде ғылы­ми сер­піліс бола­ды деген­ге сенетін адам бар ма?

Тағы бір көр­сет­кіш – ғылым сала­сын­дағы патент­тер саны. 2021 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша әлем­де 16,5 млн патент бар бол­са, соның 3,6 млн Қытай­ға, 3,3 млн АҚШ-қа, 2 млн жапон­ды­қтарға тиесілі екен, олар­дан сон Оңтүстік Корея мен Гер­ма­ния орна­ласқан. Ал бұл тізім­де біздің ел қай орын­да екенін қара­ма­сақ та түсінікті. 

2021 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша біздің елде білім сала­сы­на бюжет­тің 20,5 % жұм­салған екен, әрине, бұл өте қомақты қара­жат, олай бол­са неге біз­де білім мен ғылым дамы­м­ай отыр? Бір­ден-бір себеп – бұл шығын­ның ішіне мини­стр­лер мен білім сала­сын­дағы шене­унік­тер­дің бар­лық шығын­да­ры ескеріліп, соңын­да бүкіл қара­жат білім сала­сы­на құй­ы­лған­дай көрі­неді, бұл таза көз­бо­я­у­шы­лық, бөлін­ген қара­жат­тың нақты қан­ша­сы білім­ге жұм­салға­нын көр­сет­пей­ін­ше және расын­да ол білім мен ғылы­мға жұм­сал­май­ын­ша, бұл ста­ти­сти­каға сүй­е­нудің мағы­на­сы жоқ деп есеп­тей­мін. Осы тақы­рып­ты жазып оты­рып, бүгін­гі Ғылым мен жоға­ры білім мини­стрі өз бала­ла­рын Кипр­де оқы­та­ты­ны есі­ме түсіп кет­ті, себебі ол өзі басқа­рып оты­рған мини­стр­лік­тің жасаған жұмысы­ның сапа­сы­на сен­бе­се керек, олай бол­са, біз­де ғылым қай­дан дамысын?!

Оңтүстік Афри­ка­дағы Стел­лен­бос уни­вер­си­тетін­де мынан­дай сөз­дер жазу­лы екен:

«Кез кел­ген елді жою үшін атом бом­ба­ла­ры неме­се алыс қашы­қты­ққа ұша­тын зымы­ран­дар­дың қажеті жоқ, бар болға­ны білім сапа­сын төмен­де­ту және сту­дент­тер­дің емти­хан кезін­де алдау фак­тілеріне көз жұма қарау қажет. Білім­ді осы­лай алған дәрі­гер­лер­дің қолы­нан науқастар өледі, осын­дай инже­нер­лер­дің қолы­мен ғима­рат­тар қирай­ды, осын­дай эко­но­ми­стер мен есеп­шілер­дің қолы­нан ақша жоға­ла­ды және осын­дай заң­гер­лер мен сот­тар­дың қолы­нан әділ­дік жоға­ла­ды. Білім­нің күй­ре­уі – ұлт­тың күй­ре­уі» делінген.

Бұл салаға шын мәнін­де Ұлтын, Елін, Жерін суй­етін және Халқы­ның ертеңі үшін қам жей­тін шынайы ұлт­шыл аза­мат­тар министр бол­май­ын­ша, бір­деңе өзге­реді деген­ге сену мүм­кін емес!!!

Олжас ӘБІЛҚАЙЫР,

арнайы «DАТ» үшін

ҰБТ ҰЛТ ТІЛІН

неге

ЕСКЕРМЕЙДІ?

  • Құр­мет­ті Сая­сат Нұр­бек мыр­за!* 
  • Рус­лан Емел­ба­ев мыр­за!** 

Еліміз­де­гі қазақ тілінің халі мүш­кіл екенін білесіздер. 

Желілер­ді ашсақ, қазақ тілі мұғалім­деріне қаты­сты сын пікір­лер көп айтылады. 

Мек­теп­ті 11 жыл оқы­ған оқу­шы қаза­қ­ша сөй­лей алмай­тын­ды­ғы неме­се мек­теп­ті «5» баға­сы­на бітір­ген оқу­шы қаза­қ­ша сөй­лей алмай­тын­ды­ғы­на қаты­сты көп сын­ның астын­да қаламыз. 

Оның себебі неде? 

1. Қоғам­да қазақ тілін біл­ме­се де, жақ­сы өмір сүру­ге мүм­кін­дік бар.

2. Қазақ тілін біл­ме­се де, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке орна­ла­са ала­ды. Депу­тат, министр, дирек­тор, басқар­ма бас­шы­сы бола бересіз. 

3. Көше­ге шық­саңыз, қаза­қ­ша сөй­леу мүл­дем сән емес. Сән­де басқа тіл­дер. Қаза­қ­ша сөй­ле­ме­сеңіз де, қоғам­мен ара­ла­са аласыз. 

Сон­ды­қтан қазақ тілін үйрен­бе­сеңіз де болады.

Ал «5» баға­сы­на келер бол­сақ, бала бар­лық сабақтан «5» ала­ды. Ондай балаға «4» баға­сын қой­саң, ата-ана­ның және дирек­тор­дың қысы­мы­на тап келесіз. Оны дәлел­деу үшін, шашы­ңыз ағарады.

Жыл сай­ын енгізіл­ген қазақ тілінің емти­ха­нын жау­ап ретін­де беріп жүр­меңіз­дер. Ол мәсе­лені шешпейді. 

Керісін­ше, басқа тіл­дер­ге жағ­дай жасалған. Қазір ЖОО көбі ағы­л­шын­ша оқиды.Егер бала сол ЖОО таң­да­са, ағы­л­шын­ша үйре­нуі қажет. 

Яғни, ағы­л­шын тілін үйре­ну­ге міндетті. 

Маги­стра­ту­ра­да оқу үшін де ағы­л­шын тілі­нен тест тап­сы­рас­ыз. Онсыз бол­май­ды. Бар өмір­ді ағы­л­шын тіліне бай­лап бер­ген. Дәл сол сияқты қазақ тілін де оқу­шы іздеп жүріп оқи­тын­дай жағ­дай­ға әке­лу керек. 

Ұсы­ныс: 

Мек­теп бітіру­шілер­дің Ұлт­тық біры­ңғай тестіле­уін­де өзге тіл­де мек­теп бітір­ген түлек­тер­ге қазақ тілінің оқу сау­ат­ты­лы­ғын қосу керек. Оның балл саны жиыр­ма­дан кем бол­ма­сын. Қазақ тілінің оқу сау­ат­ты­лы­ғы­нан алған бал­лы санал­са. Бала қай тіл­де мек­теп бітір­се, сол тіл­дің оқу сау­ат­ты­лы­ғы­нан тест тап­сы­ра­ды. Соны алып тастаңы­здар. Онсыз да білетін тіл­дері ғой. 11 жыл оқы­ды. Оның орны­на мем­ле­кет­тік тіл­ден тест тапсырсын! 

Бұл жағ­дай­да егер қазақ тілі­нен төмен балл алса, жал­пы балл­дың саны­на әсер ете­ді. Ондай талап­кер ЖОО грант ұтып ала алмайды.

1. Мем­ле­кет­тік грант­ты мем­ле­кет­тік тіл­ден тест тап­сырт­пай бер­меу керек. 

2. ЖОО бітір­ме­се, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке бара алмай­ды. Ақы­лы оқу­да оқи­тын шығар? 

Оқуға қабыл­даған­да да, грант­ты бере­рде де, мем­ле­кет­тік тіл­ден алған балл санын наза­рға алу керек. 

Сон­да ғана оқу­шы мем­ле­кет­тік тіл­ді жау­ап­кер­шілік­пен оқиды. 

Сон­да ғана мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­лей ала­тын болады.

Құр­мет­ті қазақ тілі мұғалімдері! 

Біз­ге Ота­ны­мы­здың ең маңы­зды қыз­меті ама­нат­тап беріл­ген. Ол мем­ле­кет­тік тіл­ді бала­ларға үйре­ту. Бүгін­гі бала – ертең­гі халық. Біз жау­ап­кер­шілік­тен қаша алмаймыз.

Сон­ды­қтан маған рен­жі­меңіз­дер. Оқу­шы­ға керек бол­са, сабағы­ңы­здан өзі-ақ жақ­сы оқи­ды. Бәрібір, түбі халы­қтың қаза­қ­ша­сы­на біз­ден жау­ап сұрай­ды. Сон­ды­қтан реніш болмасын! 

Құр­мет­ті Сая­сат Нұр­бек мырза! 

Ұсы­ны­сты тың­дай­ды деп үміттенемін! 

Айман САҒИДУЛЛА,

қазақ тілі мұғалімі

*Ғылым және жоға­ры білім министрі

** «Ұлт­тық тестілеу орта­лы­ғы» РМҚК директоры 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн