Четверг , 3 июля 2025

Халықтың қарызы қайтарылмай,

ДИВИДЕНД

НЕГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

  • «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы­на сәй­кес, елде әле­умет­тік әділет­тік орны­қты­ру жөнін­де­гі талап­тар жиі-жиі есті­ле баста­ды. Бұл рет­те экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың желеу-жебе­уі­мен Қаза­қстан­ның бай­лы­ғы­на қарық болған бұры­нғы «бірін­ші отба­сы» мен оли­гарх­тар­дың ныса­бын ноқта­лау қажет-ақ. Өткен дүй­сен­бі күні ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депу­та­ты Ермұрат Бапи осы орай­да Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кінің төраға­сы Ғалым­жан Пір­ма­тов пен Қаза­қстан Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің төрай­ы­мы Мәди­на Әбілқа­сы­мо­ваға депу­тат­тық сау­ал жол­даған еді. 

Елдің бар­лық аза­мат­та­ры­на бел­гілі болған­дай, 2007–2009 және 2017–2021 жыл­да­ры экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тіке­лей нұсқа­уы мен қол­да­уы бой­ын­ша, Қаза­қстан Үкі­меті рес­пуб­ли­ка­ның банк сек­то­ры­на орас­ан зор қар­жы­лық көмек көр­сет­ті. Ол көмек­тің аты «сауы­қты­ру» деп аталды.

Естеріңіз­ге салай­ын: трил­ли­он тең­ге­мен өлше­нетін бұл «сауы­қты­ру» көме­гі бола­шақ ұрпаққа деп бел­гі­лен­ген Ұлт­тық қор­дың есебі­нен беріл­ді. Яғни, біз банк­тер­ді «сауы­қты­руға» халы­қтың ортақ қазы­на­лық қар­жы­сын жұм­са­дық. Халық есебі­нен май­шел­пек­ке батқан банк­тер: «Жусан­мен» бірік­кен «АТФ-Банк» пен «Цес­на банк», «Халық банк», «Евра­зи­я­лық банк», Банк «Цен­тр­кре­дит», «Нұр­банк» және «РБК банкі».

Деген­мен, 2017 жыл­дан бері тағы да мүд­делі клан­ның коман­да беруі­мен банк­тер­дің бірін екін­шісіне қосуға арналған көп­те­ген қитұрқы схе­ма­лар жаса­лып, нәти­же­сін­де бір отба­сы бір­не­ше банк­ті толы­ғы­мен «жұтып қой­ды». Бұның ақы­ры экс-пре­зи­дент­тің қоры мен «Жусан банк­ке» бай­ла­ны­сты әлем­дік шырға­лаң­мен аяқтал­ды. Дәлірек айтқан­да, бұл скан­дал әлі біт­кен жоқ, ел аза­мат­та­ры мен Мәжіліс депу­тат­та­ры бола­шақта бұл афе­ра­ның анық-қаны­ғын аны­қта­уы тиіс.

Депу­тат мыр­за­лар­дың есіне салай­ын: егер Жур­на­ли­стер­дің Халы­қа­ра­лық Зерт­теу Кон­цор­ци­у­мы (ICIJ) бол­маған­да, біз қазақ бан­кін шетел­дік­тер иеленіп кет­кенін біл­мес те едік. Шетел­дік қожай­ын­ның ешқай­сысы ақша шыға­рып, «Жусан банк­ті» сатып алған жоқ. Тіп­ті «Жусан» «жұтып қой­ған» қаза­қстан­дық банк­тер­ді «сауы­қты­руға» бұл қожай­ын­дар көк тиын шығармады.

Енді, міне, менің сай­ла­у­шы­ла­рым Ұлт­тық қор­дың есебі­нен той­ы­нған банк­тер өз акци­о­нер­леріне неге диви­денд­тер төлей­ді деген сұрақ қою­да. Естеріңіз­де бол­са, өткен шақы­ры­лым­дағы Мәжіліс депу­та­ты Нұров мыр­за­ның бел­сен­ділі­гі мен табан­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да, 2021 жылы «Жусан банк» диви­денд төле­уді тоқта­туға мәж­бүр болған еді.

Бұл жағ­дай­ды тәп­ті­ш­теп айтып оты­рған себебім – Ұлт­тық қор­дан мил­ли­ард­таған дол­лар көмек алған банк­тер халы­қтың қары­зын қай­тар­май тұрып, неге диви­денд төлей­ді? Мәсе­лен, алдағы мау­сым айын­да «Халық бан­кі» өз акци­о­нер­леріне диви­денд ретін­де жар­ты мил­ли­ард дол­ларға жуық ақша төлемек.

Түсінік­ті болу үшін, осы орай­да ресми тараған ақпа­ратқа көңіл ауда­рай­ық (қаз-қал­пын­да):

  • «Народ­ный Банк Казах­ста­на» может напра­вить на выпла­ту диви­ден­дов за 2022 год до 50% чистой при­бы­ли за этот пери­од, сле­ду­ет из мате­ри­а­лов к годо­во­му обще­му собра­нию акци­о­не­ров, кото­рое прой­дет 25 мая 2023 года. Раз­мер выплат соста­вит 25,38 тен­ге за одну бума­гу (око­ло 277 млрд тен­ге из чистой при­бы­ли 554 млрд тен­ге), в два раза боль­ше, чем диви­ден­ды за 2021 год (138,64 млрд тенге). 

Жал­пақ жұр­тқа мәлім деректі еске сала кетей­ін: «Халық бан­кінің» 56,39% акци­я­сы «Алм­экс» ком­па­ни­я­лар тобы арқы­лы Дина­ра және Тимур Құлы­ба­ев­тар­дың иелі­гін­де. 23,13 %-дың иесі – The Bank of New York.

Енді осы орай­да сіз­дер­ге нақты сұрақ:

  • Ұлт­тық қор­дың алдын­дағы қары­зын қай­тар­маған «Халық банк­тің» бұл 554 мил­ли­ард тең­ге «таза пай­да­сы» қай­дан және қалай пай­да болды?
  • «Халық банк» және халы­қтың есебі­нен көмек алған басқа банк­тер Ұлт­тық қор­дың алдын­дағы қары­зын халы­ққа қай­тар­май тұрып, диви­денд төлеу прак­ти­ка­сын сіз­дер қалай түсіндіресіздер?
  • Өткен алты жыл­да және қай жыл­да­ры қай банк, оның ішін­де «Халық бан­кі» бар, Ұлт­тық қор­дың қан­ша қары­зын қай­тар­ды?

Осы­ған бай­ла­ны­сты мен Мәжіліс депу­тат­та­рын «Халық бан­кі» мен ҚР Ұлт­тық бан­кінің есебін тың­да­уға шақы­ра­мын. Бұл фин­ин­сти­тут­тар Мәжілістің алдын­да есеп бер­ген­ге дей­ін, диви­денд­тер төле­уді тоқта­та­тын құжат қабыл­да­уды ұсынамын.

Ермұрат БАПИ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

  • Бұл депу­тат­тық сау­ал­ды қол­даған Мәжіліс депу­тат­та­ры: Қазы­бек Иса, Нұр­гүл Тау, Абзал Құс­пан, Әділ Жұба­нов, Гауһар Танашева.

Семейдің

СОРЫН

өтеу керек

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Ә.А. Смай­ы­ло­вқа

Абай облы­сын­да тұрғын­дар­мен кез­де­су­лер өткіз­ген­де, Семей поли­го­нын­да 40 жыл бойы жүр­гізіл­ген ядро­лық сынақтар­дың сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­ды әле­умет­тік қорғау шара­ла­рын жетіл­ді­ру мәсе­лесі жиі көтеріледі.

Бірін­ші­ден. Зей­не­тақы­ға үсте­ме­ақы алу құқы­ғы төтен­ше және ең жоғарғы ради­а­ци­я­лық қауіп­ті аймақтар­да тұрып жатқан және 1998 жылға дей­ін зей­нет­ке шыққан­дарға беріледі. Ал 1998 жыл­дан кей­ін зей­нет­ке шыққан­дарға, жоғарғы және ең төмен­гі ради­а­ци­я­лық қауіп­ті аймақтар­да тұрып жатқан­дарға, басқа аймақтарға көшіп кет­кен­дер­ге зей­не­тақы­ға қосым­ша үсте­ме­ақы берілмейді.

Екін­ші­ден. Көп­те­ген кәсіп­кер­лік субъ­ек­тілері, жұмыс беру­шілер заң­да көр­сетіл­ген қосым­ша еңбе­кақы­ны және жыл сай­ы­нғы ақы­сы төле­нетін қосым­ша дема­лы­сты бермейді.

Yшін­ші­ден. Поли­гон­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­дың бар­лы­ғы кешен­ді меди­ци­на­лық тек­се­ру­ден өткізіл­ме­ген. Олар­ды жеке есеп­ке алу ісі толық жүр­гізіл­ме­ген. Көп­шілі­гі оңал­ту орта­лы­қта­рын­да емде­лу­ге қол жет­кі­зе алмай отыр. Бұл мәсе­лені кешен­ді түр­де шешу керек.

Төр­тін­ші­ден. Поли­гон­нан зардап шек­кен аза­мат­тар­дың зей­нет­ке шығу жасын төмен­де­ту – өте өзек­ті мәсе­ленің бірі. Халық әсіре­се әйел­дер­ді 58 жастан зей­нет­ке шыға­ру­ды талап етуде.

Бесін­ші­ден. Зардап шек­кен аза­мат­тар­дың көп­шілі­гін­де тұрақты жұмыс орны жоқ. Олар мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жар­на­ла­рын төлей алмаған­ды­қтан, толық көлем­де меди­ци­на­лық көмек ала алмай отыр. Бұл мәсе­лені де түбе­гей­лі шешу қажет.

Жал­пы, осы мәсе­ле­лер­ге қаты­сты өткен шақы­ры­лым­дар­да бір­не­ше рет депу­тат­тық сау­ал­дар жол­данған бола­тын. Сол кез­де Үкі­мет арнайы зерт­те­улер жүр­гізіл­ген­нен кей­ін поли­гон­нан зардап шек­кен­дер­ге әле­умет­тік көмек көр­се­туді қай­та қарай­ты­нын жазған еді. Қазір­гі уақыт­та арнайы зерт­те­улер толық жүргізілді.

Осы­ған орай, Сізден:

– ядро­лық сынақтар­дың сал­да­ры­нан зардап шек­кен аза­мат­тарға мін­дет­ті меди­ци­на­лық сақтан­ды­ру жар­на­ла­рын мем­ле­кет тара­пы­нан төлеуді;

– зардап шек­кен аза­мат­тар­дың зей­нет­ке шығу жасын төмен­де­туді және зей­не­тақы­ға үсте­ме­ақы алу құқы­ғын бар­лық зей­нет­кер­лер­ге беруді, оның мөл­шерін екі есе арттыруды;

– қосым­ша еңбе­кақы мөл­шерін екі есе ұлғай­ту­ды, қосым­ша еңбе­кақы­ны және жыл сай­ы­нғы ақы­сы төле­нетін қосым­ша дема­лыс алуға мем­ле­кет­тен қол­дау көрсетуді;

– поли­гон­нан зардап шек­кен бар­лық аза­мат­тарға тиісті меди­ци­на­лық көмек көр­се­ту және олар­дың меди­ци­на­лық оңал­ту ұйым­да­рын­да емде­луін қам­та­ма­сыз етуді сұраймыз.

  • «Amanat» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы аты­нан: Нұр­тай Саби­лья­нов және Ж. Сүлей­ме­но­ва, С. Нұр­та­за, Р. Заи­тов, М. Толы­қ­ба­ев, М. Рожин, Е. Әбдиев

ЖЕР ДАУЫ

доктринамен

ШЕШІЛЕДІ

ҚР Пре­мьер-мини­стрінің орынбасары

С. М. Жұманғаринге

  • Жер рефор­ма­сын бастап, оның негіз­гі бағы­ты болып сана­ла­тын оли­го­по­ли­ядан шынайы ары­лу керек, жер сала­сын­да моно­по­ли­я­лар­дың қалып­та­суы­на құқы­қтық жол­мен той­та­рыс беруі­міз қажет.

30 жыл бойы ауыл­дың жер­лері көрін­ген­ге қол­ды болып кел­ген. Халы­қтың ауыл шару­а­шы­лық жер­леріне заң­сыз ие болған­дар оны игер­мей, дереу сатуға не банк­ке кепіл­ге қоюға тыры­са­тын. Екі орта­да сыбай­ла­стық жемқор­лы­қтың нәти­же­сін­де зардап шек­кен – қара­пай­ым халық және мем­ле­кет­тің мүд­десі. Сон­ды­қтан да алдағы уақыт­та ауыл шару­а­шы­лы­ғы жер­леріне түбе­гей­лі рефор­ма қажет. Рефор­ма­ның негіз­гі мақ­са­ты – жер қаты­на­ста­ры бой­ын­ша халы­қтың құқы­қта­рын күшей­ту және мем­ле­кет­тік қорғау жасау керек.

Мен жер сала­сын­дағы кәсі­би сарап­шы ретін­де келесі шара­лар­ды ұсынамын:

Бірін­ші­ден, жер кадаст­ры­ның және ауыл шару­а­шы­лық мақ­са­тын­дағы жер иелерінің аты-жөн­дерінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету қажет. Мың­даған, мил­ли­он­даған жер­лер­дің иелерін біз – Қаза­қстан халқы білуі­міз керек.

Екін­ші­ден, жер­ге бақы­лау жасай­тын әкім­ге де, Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гіне де бағын­бай­тын, Үкі­мет құра­мы­на кіретін тәу­ел­сіз, дер­бес мем­ле­кет­тік орган – Жер ресур­ста­рын басқа­ру агент­ті­гін құру қажет.

Үшін­ші­ден, Мем­ле­кет­тік жер кадаст­рын бір қолға беру керек, яғни Цифр­лық даму, инно­ва­ци­я­лар және аэроға­рыш мини­стр­лі­гі­нен алып, Жер ресур­ста­рын басқа­ру агент­ті­гіне беру қажет.

Төр­тін­ші­ден, Жер рефор­ма­сы­ның ұзақ мерзім­ді Док­три­на­сы (одан әрі – Док­три­на) керек. Бұл кон­цеп­ту­ал­дық Док­три­на­да 10–15 жыл ара­лы­ғын­да мем­ле­кет­тің жер сала­сын­дағы сая­са­ты айқын көрініс таба­тын бола­ды. Жер сала­сы бой­ын­ша бар­лық баста­ма­лар, заң жоба­ла­ры­на енгізілетін өзгерістер біры­ңғай кон­цеп­ту­ал­дық Жер док­три­на­сы­на бағы­на­тын болады.

Жер рефор­ма­сы Үкі­мет пен мини­стр­лік­тер­дің айтуы бой­ын­ша емес, Док­три­на бой­ын­ша жүзе­ге асуы тиіс.

Бесін­ші­ден, қай­та­дан жер амни­сти­я­сы бой­ын­ша айта кетей­ін. 2025 жылға дей­ін жер амни­сти­я­сын жари­я­ла­сақ, бұл амни­стия аясын­да қара­пай­ым жер үлес­кер­лерінің шар­тты жер үле­стерін өздерінің кәсі­по­рын­да­ры­нан шыға­руға мүм­кін­дік туа­ды және сая­жай, бағ­бан­дық коопе­ра­тив­терін­де тұрып жатқан аза­мат­тарға өздерінің жер­лерін заң­да­сты­руға, жеке тұрғын үй құры­лы­сын рәсім­де­у­ге жол ашылады.

Алтын­шы, жер рефор­ма­сын жүр­гі­зу бары­сын­да әкім­дік­тер­ге және сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы бірқа­тар шара қол­дан­дық: қағаз­дар­ды элек­трон­дық нұсқаға ауы­стыр­дық, жер қаты­на­ста­рын цифр­лан­дыр­дық, ЕГКН база­сын енгіздік, соны­мен қатар әкім­дер­дің сай­ла­у­ы­на көшіп отыр­мыз. Бірақ та жер сала­сын­да сыбай­лас жемқор­лық әлі де азай­май отыр.

Сон­ды­қтан да жоға­ры­да айтып кет­кен Док­три­на аясын­да 2028 жылға дей­ін толы­ғы­мен әкім­дер аппа­рат­та­рын, жер қаты­на­сы, сәу­лет және қала құры­лыс бөлім­дері мен басқар­ма­ла­рын бір­тін­деп 80 пай­ы­зға қысқар­тып, оны цифр­лық меха­ним­дер­мен, жасан­ды интел­лек­ті­мен ауы­сты­руы­мыз қажет. Жемқор­лы­ққа жол беріп жатқан шене­унік­тер­дің аппа­ра­тын асы­ра­уға арналған ақша­ны циф­ро­ви­за­ци­яға жібе­ру керек.

Бақыт­жан БАЗАРБЕК,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Көп балалы анаға көмек

КӨП МӘСЕЛЕНІ ШЕШЕДІ

Қаза­қстан Республикасы 

Премьер-министрінің орын­ба­са­ры

А.С. Көл­гі­нов­ке

  • «Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы» өзінің сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сын­да екі маңы­зды мәсе­лені көтер­ді: 1. Төрт және одан да көп бала­ны дүни­е­ге әкелген/асырап алған көп бала­лы ана­ның өмір бой­ғы мәр­те­бесін бекіту; 2. Осы санат­тағы ана­лар үшін зей­нет­кер­лік жастың төмендетілуі.

Мемле­кет бас­шы­сы осы жыл­дың 19 сәуірін­де өткен әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық даму мәсе­ле­лері жөнін­де­гі кеңей­тіл­ген оты­ры­ста бала­лар­дың қауіп­сізді­гі және отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды дамы­ту мәсе­лесін көтерді.

2023 жылғы 20 сәуір­де Пре­зи­дент Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның әле­умет­тік кодексіне қол қой­ды. Бұл кодекс ұлт­тық демо­гра­фи­я­лық сая­сат­тың негіз­гі фак­то­ры ретін­де ана мен бала­ны қол­да­уға басым­дық береді. Көп бала­лы отба­сы­лар­ды қол­дай оты­рып, біз ұлт­тық қауіп­сіздік­тің бір­не­ше негіз­гі тап­сыр­ма­ла­рын шешу­ге ықпал етеміз.

Бірін­ші­ден, халық саны­ның артуы сая­си қауіп­сіздік­ті нығай­туға, сон­дай-ақ Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық мәр­те­бесін арт­ты­руға ықпал ете­ді. Қаза­қстан жер аумағы бой­ын­ша әлем­де 9‑орында тұрға­ны­на қара­ма­стан, біздің елі­міздің халық саны басқа мем­ле­кет­тер­мен салы­сты­рған­да әлі де аз. Көп бала­лы отба­сы­лар елі­міздің демо­гра­фи­я­лық өсуін қам­та­ма­сыз ету­де маңы­зды рөл атқарады.

Екін­ші­ден, көп бала­лы отба­сы­лар­дан шыққан бала­лар елі­міздің бола­шақ қорға­у­шы­ла­ры бола ала­ды, бұл әске­ри қауіп­сіздік­ке тіке­лей қаты­сты. Қазір­гі таң­да көп бала­лы отба­сы­лар­дың саны 530 мың­нан аса­ды. Біздің елі­міз­де­гі кәме­лет­ке тол­маған бала­лар­дың жал­пы саны шама­мен 6,5 млн, оның тең жар­ты­сы көп бала­лы отба­сы­лар­дан шыққан балалар.

Үшін­ші­ден, халық саны­ның өсуі – елдің эко­но­ми­ка­лық қауіп­сізді­гінің маңы­зды фак­тор­ла­ры­ның бірі. Яғни, жұмыс­шы­лар, тұты­ну­шы­лар, салық төле­ушілер саны көбей­іп, мем­ле­кет­те өндірістің өсуі мен эко­но­ми­ка­лық даму­ды қам­та­ма­сыз етеді.

Төр­тін­ші­ден, халық санын көбей­те оты­рып, біз мем­ле­кет­тік тіл­дің тара­лу және даму мүм­кін­ді­гін арт­ты­ра­мыз. Елі­міздің мәде­ни мұра­сын, оның ішін­де қазақ тілін сақта­удағы маңы­зды аспект.

Біздің ойы­мыз­ша, бірқа­тар мәсе­ле­лер­ді шешу үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Неке және отба­сы тура­лы» заңын­да «көп бала­лы отба­сы» мәр­те­бесін өмір бойы бекіт­кен жөн болар еді, 4 және одан да көп бала­сы бар ата-ана­ларға бала­лар­дың жасы­на қара­ма­стан, көп бала­лы­ларға берілетін жәр­де­мақы­ны кіші бала кәме­лет­ке толғанға дей­ін беруді қарас­ты­ру орын­ды болар еді. Қазір­гі таң­да мұн­дай көп бала­лы отба­сы­лар үлкен бала­сы кәме­лет­ке толған­нан кей­ін неме­се сту­дент қата­рын­дағы бала­ла­ла­ры 23 жасқа толған­нан кей­ін көп бала­лы отба­сы мәр­те­бесі­нен айырылады.

Екін­ші ұсы­ны­сы­мыз – 4 бала тәр­би­е­леп оты­рған көп бала­лы әйел­дер­дің зей­нет­кер­лік жасын 53 жасқа дей­ін төмен­де­ту керек. Қазір­гі заң­на­маға сәй­кес, 5 неме­се одан да көп бала туып/асырап алған және олар­ды сегіз жасқа дей­ін тәр­би­е­ле­ген көп бала­лы ана­лар ғана 53 жасын­да зей­нет­ке шыға­ды. Сон­дай-ақ бала­ны сегіз жасқа дей­ін тәр­би­е­леу мін­дет­те­месін алып тастау жөнін­де­гі мәсе­лені қарас­ты­руы­ңы­зды сұраймыз.

Жау­ап­ты Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мерзім­де жаз­ба­ша түр­де беруіңізді сұраймыз.

Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­ры, «Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы» фрак­ци­я­сы­ның мүше­лері Г. Тана­ше­ва (сурет­те), М. Магер­ра­мов, И. Смир­но­ва, Қ. Сей­іт­жан, И. Сұңқар.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн