Четверг , 3 июля 2025

ҰЛТ

болудың

АЗАБЫ

Жам­был АРТЫҚБАЕВ, про­фес­сор

  • Менің кей­бір әріп­терім Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның (ҚХА) «Әділет­ті Қаза­қстан: бір­лік, тұрақты­лық, даму» тақы­ры­бын­дағы ХХХІІ сес­си­я­сы «Ұлт құру» ұра­ны­мен өткен­ді­гін жаза­ды. Мен сес­си­яға қаты­сқан жоқ­пын, әдет­те шақы­ру­шы еді, осы жолы шақырмады. 

Жалпы, сес­си­я­ны өткі­зу оңай емес, оған ұзақ уақыт дай­ын­да­ла­ды, сөй­лей­тін адам­дар арнайы ірік­те­леді. Олар­ды бір ай бойы Аста­наға жинап, биік мін­бер­ден сөй­ле­у­ге дай­ын­дай­ды: «Баян­да­ма­ның мына тұсын­да дауы­сы­ң­ды көтер, мына тұсын­да төмен­дет, мына тұсы­на кел­ген­де Елба­сы­на қарап көзіңді ойна­тып, былай деп айт», т.б. Әйте­уір Назар­ба­ев­тың кезін­де ҚХА сес­си­я­сы шоу фор­ма­тын­да өтетін, қазір де солай шығар. Менің сес­си­я­ның қалай өткен­ді­гін­де шатағым жоқ, бір жыл бойы Үкі­мет үйін­де қама­лып оты­рған КХА күн­делік­ті шару­а­дан мезі болып, осы­лай­ша бір шер тарқа­та­тын болар.

Мені осы сес­си­яда «Ұлт құру» ұра­ны­ның көтерілуі қызы­қты­ра­ды және ойлан­та­ды. Маған өтініш айтқан әріп­те­стерім де тарих­шы және этно­граф ретін­де өз көзқа­ра­сы­ңы­зды біл­діріңіз­ші дей­ді, яғни оларға да осы ұран­ды тал­дау маңызды.

  • Ұлт құру

 Ұлт құру – орыс тілін­де­гі «наци­е­стро­и­тель­ство» сөзінің тіке­лей аудар­ма­сы. Бұл совет кезеңін­де ғылы­ми және көп­шілік қол­ды әде­би­ет­те айна­лы­мға енген ұғым. Біз ол кез­де «түрі – ұлт­тық, маз­мұ­ны – соци­а­ли­стік» ұлт құрып жат­тық. «Маз­мұ­ны – соци­а­ли­стік» деген сөз шар­тты деп есеп­теңіз­дер, шын мәнін­де маз­мұ­ны – оры­стық деген дұрыс. 

Мәс­кеу «оры­стық» деген­ді ең бақыт­ты, ең тари­хи, ең озық – тағы басқа ұғым­дар­дың бала­ма­сы ретін­де ұсы­на­тын, біз, яғни ұлт­тық рес­пуб­ли­ка­лар оны, сөз жоқ, қабылдайтынбыз. 

Сіз ұлт­тық рес­пуб­ли­ка­лар­дың совет кезеңін­де­гі гимн­дерін оқып қараңыз – бәрін­де де адам­зат көшінің соңын­да қалған біз сияқты халы­қтар­ды алға, бақы­тқа, бола­шаққа жете­ле­ген «ұлы орыс халқы» бар. 

 Пара­докс мына­да еді – 1917 жылғы боль­ше­вик­тер­дің төң­керісіне дей­ін Ресей­де бізді «отар­ланған халық», «тузе­мец­тер», «ино­род­цы» деп, яғни әр нәр­сені өз аты­мен атай­тын. Ал 1917 жыл­дан кей­ін оры­стық совет үкі­меті бізді «іні», «қарын­дас» деп атай баста­ды, бірақ бір не екі саты өзі­нен төмен­деу, бөлек­теу, жабай­ы­лау, т.б. Міне, сол совет­тік кезең­де «түрі – ұлт­тық, маз­мұ­ны – соци­а­ли­стік» ұлт құру өте өзек­ті болды.

Бірін­ші рет бұл тақы­ры­пқа аспи­ран­ту­раға түс­кен кез­де ғана жақ­сы­лап көңіл ауда­ра баста­дым, оған дей­ін жұрт қатар­лы ғана білетін­мін. Бірін­ші кур­сқа түс­кен аспи­ран­тқа ол кез­де жатақ­ха­на­дан орын береді. Үш адам­дық бөл­ме­де­гі орным­ды іздеп кел­сем, бір маңғаз аға­мыз отыр, заң­гер­мін дей­ді. Біз­де кезін­де Құқы­қта­ну және фило­со­фия ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты бола­тын, сон­да док­то­ран­ту­ра­да оқи­ды екен. Ол кісі жұма­сы­на бір рет кіта­п­ха­наға шыға­ды да, бір боқ­ша кітап әке­леді. Поли­гра­фи­я­лық сапа­сы жақ­сы, ақ қағазға басы­лған, қалың кітап­тар. Көп­шілі­гі әр рес­пуб­ли­ка­да жүріп жатқан «наци­о­наль­но-госу­дар­ствен­ное стро­и­тель­ство», оның бары­сы және тәжіри­бесіне арнап, Мәс­ке­уде серия болып шыққан кітаптар.

Біз архив шаңын жұтып, ізде­гені­мізді айлап таба алмай, қина­лып жүре­міз, кей­бір керек кітап­тар ОҒК-дан табыл­май, «Меж­биб­лио­теч­ный» або­нент­те­гі қыздарға жалы­нып, Мәс­кеу, Петер­бор, Омбы кіта­п­ха­на­ла­ры­нан алғы­за­мыз. Аға­мыз бол­са, кітап­та­ры­ның бет­терін ашып, қатар-қатар тігі­нен қояды да, көшіріп жаза­ды да жата­ды. Орыс­ша­сы нашар­лау еді, біре­уі­нен бір сөй­лем, екін­шісі­нен екі сөй­лем ала­ды-ау дей­мін. Аға­мы­з­бен анда-сан­да әңгі­ме­лесіп, әкел­ген кітап­та­рын қарап қоя­мын, бірі­нен-бірі аумай­ды, стан­дарт. Бар­лы­ғы да өз тарихын 1917 жыл­дың Қазан төң­керісі­нен бастай­ды да, әрі қарай бесжыл­ды­қтар­мен жалға­сты­рып кете­ді. 1917 жылға дей­ін мем­ле­кет, ұлт бол­ды ма деген сұрақ бұл автор­лар­ды аса қызықтырмайды. 

Ол кез­де тарих­шы­лар­да Қазан төң­керісіне дей­ін­гі тарих аздап бар еді. Бірақ біздікілер «Доб­ро­воль­ное при­со­еди­не­ние Казах­ста­на к Рос­сии» деген­ді қой­ып, «Доб­ро­воль­ное вхож­де­ние казах­ских земель к Рос­сии» деген­ге көш­кен ғой. Дис­сер­та­ци­я­ның көп­шілі­гі «01» шиф­ры­на, яғни КПСС тарихы және ол шифр­мен қорғаған­дар маңғаз, біз сияқты­ларға жолы­қ­са, сен «коло­ни­за­ция» деген сөзді неге қол­да­на­сың, қара тізім­ге ілініп қал­ма деп ақыл айта­ды. Кей­ін көп­шілі­гі аза­мат­тық тарих­тың мама­ны болып шықты, ал сол кез­де­гі дис­сер­та­ци­я­ла­рын көр­сеңіз, «сов­ок­тың» иісі мұрын­ды жарады.

Соны­мен, «Ұлт құру» – КСРО-ға алды­мен одақ­тас болып енген, бір­те-бір­те кіші ұлыс қата­ры­на түс­кен біз­дер сияқты елдер­ге ұсы­ны­лған идео­ло­гем­ма. Бұл идео­ло­гем­ма­ны біз қабыл­да­дық, қабыл­да­маған­дар­ды қуғын­да­дық, әлі де ұлт және мем­ле­кет деген­ді өзі­міз­ге қаты­сты мой­ын­да­май­мыз, бәрін де жаңа­дан бастағы­мыз келеді. «Ұлт құру­дың» ар жағын­да қазақ ұлтын, мем­ле­кет­ті, ұлт­шыл­дық және мем­ле­кет­шіл­дік дәстүр­лер­ді мой­ын­да­мау жатқа­нын оп-оңай көру­ге болады.

  • «Біз 30 жыл бойы Назар­ба­ев­тың «Нұр­лы жолы­мен» жүр­дік, нәти­же­сін­де Либе­рия сияқты ел құр­дық. АҚШ-тан азаттық алып кел­ген құл­дар­дың Афри­ка жерін­де құрған мем­ле­кеті… Олар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз – біз­де ауыл­дың қаза­ғы орман негрінің орнын басты. Біз­де тек қана ҚХА емес, бар­лық мем­ле­кет­тік, ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың қуыс-қуы­ста­рын­да «сов­ок­тың» қара күй­есі личин­ка­лар салған, қолай­лы сәт бол­са, өсіп-өніп кетеді…

 Жә, соны­мен «сов­ок­тық» «Ұлт құру» иде­я­сын қай­та алып шықтық. Дәл қазір­гі жағ­дай­да бұл иде­яға жаңа маз­мұн беру мүм­кін емес. Кезін­де совет­тің лагерін ғана көр­ген қазақ тіп­ті жақ­сы ниеті болған күн­нің өзін­де, бей­са­на түр­де көр­генін жасай­ды, сол лагерь­ді қай­та құра­ды. Біз­де деко­ло­ни­за­ция жүр­ген жоқ, біз­де люст­ра­ция болған жоқ, біз­де совет­тік номен­кла­ту­ра билік­те қал­ды. Біз 30 жыл бойы Назар­ба­ев­тың «Нұр­лы жолы­мен» жүр­дік, нәти­же­сін­де Либе­рия сияқты ел құр­дық. Иә, АҚШ-тан азаттық алып кел­ген құл­дар­дың Афри­ка жерін­де құрған мем­ле­кеті. Бұлар өздерінің құл иелі­ну­шілері­нен бір­не­ше есе асып түсті, орман негр­лерін Аме­ри­ка­дан кел­ген өздерінің туы­ста­ры аза­пқа сал­ды. Олар­дан айыр­ма­шы­лы­ғы­мыз – біз­де ауыл­дың қаза­ғы орман негрінің орнын басты.

Біз­де тек қана ҚХА емес, бар­лық мем­ле­кет­тік, ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың қуыс-қуы­ста­рын­да «сов­ок­тың» қара күй­есі личин­ка­лар салған, қолай­лы сәт бол­са, өсіп-өніп кетеді. 

Қара күй­е­ге дез­ин­фек­ция жаса­са болар еді, бірақ ол үшін біз тарихқа үңілуі­міз керек, себебі ұлт­сызда­ну тарихы Совет­тен ерте­рек басталады.

  • Кері кету

Біз мем­ле­кет­тен қашан айы­рыл­дық? Қаза­қтың Бұқар жыра­уы «Алтын тақтың үстін­де, Үш жүздің басын құраған» деп мара­пат айта­тын Абы­лай хан қай­тыс болған 1781 жыл­дан бастап, оның неме­ресі Кене­са­ры хан қаза болған 1847 жыл­дар ара­лы­ғын­да. Бұл ауыр да қай­ғы­лы про­цесс 70 жыл­дай уақы­тқа созы­лып, «Зар заман­мен» аяқтал­ды. Нысан­бай жырау жыр­лаған­дай, Кене­са­ры хан өлген соң, шіл­дің боғын­дай тоздық. Ресей импе­ри­я­сы­ның 1822–1824 жыл­дар­дағы рефор­ма­сы бір­тұ­тас ханды­қты ондаған әкім­шілік округ­тер­ге бөліп тастады.

Ал 1867–1868 жылғы «Уақыт­ша ере­же» қазақ қолын­дағы билік­ті 2 мың шаңы­раққа жетер-жет­пес болы­сты­қтар­мен шек­те­ді. Тек­тілер төмен ығы­сты, енді билік­ке ман­сап, бай­лық ізде­ген әулет­тер кел­ді. Совет­тік орыс билі­гі ұлт­тық сана, тек иелері­мен қоса билік­ке қаты­сы бар­лар­ды тізім­деп атты, еркін­дік дәстүрі­нен шыға қой­маған жал­пы халы­қты қой­ша қырып таста­ды. Осы­лай­ша біздің мем­ле­кет болға­ны­мыз, ұлт екені­міз жады­дан жой­ыл­ды. Бір­не­ше мысал келтірейін:

Мен 2010 жыл­дар­дың басын­да Әз Тәу­ке хан зама­нын­да билік­те­гі екін­ші адам болған Барқы ата­лық тура­лы деректер­ді кез­де­стіріп, ата­лы­қтар тура­лы ізденістерім­ді баста­дым. Барқы­ның әкесі Ары­стан да ата­лық болған, Барқы­ның бала­сы Нияз да ата­лық. Енді келіп, елде­гі кәрі құлақтар­дан сұра­сам, Ары­стан ата­лық тура­лы дерек ұмы­ты­лған. Барқы тура­лы «хан да Барқы, қара да Барқы» деген сөзді біледі, бірақ осы сөз нені біл­діреді – ешкім біл­мей­ді. Нияз­ды қам­шы­гер батыр болған дей­ді, басқа тұщым­ды әңгі­ме жоқ.

Ал ата­лық кім десеңіз – ол хан­за­да­ның тәр­би­е­шісі, хан­ның қорға­у­шы­сы, орда (рези­ден­ция) ісін жүр­гі­зу­ші, елшілер­ді қабыл­да­у­шы, жиын­дар­ды, жарғы­ны ұйым­да­сты­ру­шы. Ата­лық – мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есінің ең басты тетігі.

Екін­ші әңгі­ме билер­ге қаты­сты. Қаза­қтың дәстүр­лі басқа­ру жүй­есін­де билер – әкім­шілік-тер­ри­то­ри­я­лық бір­лік­тер­дің (ру, жүз) бас­шы­сы және сол бір­лік­тің бүкіл мүд­десін қорға­у­шы­сы. Енді келіп, ауыз әде­би­етін­де­гі бүкіл жүзді басқа­рып оты­рған билер­дің ара­сын­дағы әңгі­ме­лер­ді еске түсірей­ік. Бір әңгі­ме­де қаза­қтың үш бір­дей басты биі бір ертоқым­ды бөлі­се алмай, дау­ла­сып оты­ра­ды, екін­ші бір әңгі­ме­де қыз бен жігіт­тің ара­сын­дағы дам­бал дауын шешіп оты­ра­ды, т.б. Бұл мысал­дар нені көрсетеді?

Бұл мысал­дар біздің ұлт есебін­де дең­гей­і­міздің ХХ ғасыр басы­на қарай әбден түс­кенін, мем­ле­кет­тік сана ұмы­ты­лға­нын көр­се­те­ді. Ала­штың азды-көп­ті аза­мат­та­ры­ның елді бостан­дық жолы­на бастай алмаға­ны да осы­дан. Себебі мем­ле­кет қыз­мет­кері, ұлт­тық тұлға тура­лы түсінік­тері­міз әбден дегра­да­ци­яға ұшы­раған. Отар­лы­ққа түс­кен қазақ бұры­нғы мем­ле­кет қай­рат­кер­лерін­нің бей­несін өздеріне ыңғай­лы, өздері күн­де көріп жүр­ген ұсақ болыс-билеріне қарап, жаңа заманға бей­ім­деп алған. 

ХХ ғасыр­да қаза­қтың есі­нен оның мем­ле­кет болға­ны да, мем­ле­кет қыз­меті тура­лы түсінік­тері де, соны­мен бір­ге ұлт екені де ығы­сты­ры­лып шығарылды. 

Ұлт тура­лы түсінік әлі де жоқ. Қазір­гі қаза­қтың, соның ішін­де жоға­ры қыз­мет­те оты­рған­да­ры­ның мем­ле­кет және ұлт тура­лы түсінік­тері жоққа тән, орыс­ша айтқан­да – «это у них не зало­же­но». Совет­тік тәр­бие моделі басым, көп­шілі­гін­де ата тәр­би­есі де жоқ, тіл мен діл орысша.

Бір мысал келтірейін:

1756 жылы Абы­лай хан бастаған қазақ қолы­ның Қытай экс­пан­си­я­сын тоқтатқан Шүр­шітқы­рған тауы­на бел­гі қоя­лық деп, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын Әске­ри-тари­хи музей­мен бір­ге біраз жұмыс жүр­гіздім. Қорға­ныс мини­стр­лі­гі қаза­қтың жауын­гер­лі­гі тура­лы әңгі­ме­лер­ге ерте­гі деп қарай­ды деген соң, Шүр­шітқы­рған соғы­сы тура­лы Ресей-Қытай деректерін кел­тіріп, мақа­ла жаз­дым, олар қаза­қ­ша түсін­бей­ді деген соң, орыс­ша ауда­рып бер­дім. Алға­шқы бет­те жас әске­ри қыз­мет­кер­лер­ді тәр­би­е­лей­тін, ант беретін қаси­ет­ті орын жасай­мыз деп, энту­зи­азм күшті бол­ды. Кей­ін қарай­мын – бір­тін­деп сұй­ы­лып бара­ды. Әске­ри мек­теп шәкірт­терін алып баруға Қорға­ныс мини­стр­лі­гі қар­сы деді. Одан Қытай атын ата­май­ық деген әңгі­ме шықты, ең соңын­да бір мик­ро­ав­то­бу­спен Аста­на­дан жиналған оншақты адам бар­ды. Шүр­шітқы­рған басы­на үш най­за орна­та­мыз деп, үш тру­ба мен жазуы бар қаңы­л­тыр әкел­ген екен. Был­тыр барып едім – таудың басын­да құлап жатыр, енді­гі жанын­дағы Степ­ное ауы­лы­ның бала­ла­ры алып кетпесе… 

Қазір­гі уақыт­та қазақ қоға­мы­ның, қазақ мем­ле­кет­тік билі­гінің қай шаруа­сын алып қара­саң да – дәл осы. Жоға­ры оқу орын­да­ры, жал­пы білім беру, эко­но­ми­ка мен сая­сат, мәде­ни­ет пен тарих ескерт­кі­ш­тері – жүз­де­ген мысал кел­тіру­ге бола­ды. Мем­ле­кет­тік сана жоқ, ұлт намысы жоқ.

Бірақ бұл мысал­дар біз­де ұлт бол­ма­ды деген сөз емес. Ұлт болған­да да, мықты ұлт болған. 

 Ұлт болып тұрған күнін­де қазақ қал­мақ пен өзге түр­кі тіл­дес түгілі, оры­стың өзін асси­ми­ля­ци­яға түсіріп, «жеп қоя­ты­нын» толып жатқан мысал­мен дәлел­де­у­ге бола­ды. Ең ұсақ деген этни­ка­лық топ­тар­дың өзі асси­ми­ля­ци­яға оңай түс­пей­ді, барын­ша қар­сы­ла­са­ды, өзінің түп мәде­ни­етін сақта­уға күш сала­ды. Оны қаза­нға түсі­ру үшін, сіздің мәде­ни­етіңіз, ұлт­тық санаңыз, мем­ле­кет­шіл­ді­гіңіз өте күшті және озық дең­гей­де болуы керек. Соның арқа­сын­да біз Абы­лай хан зама­нын­да жүз­де­ген мың қал­мақ, естек, қырғыз, түрік­пен, қарақал­пақ, татар-ноғай, т.б. қазақ ұлты­ның құра­мы­на енгіздік. 

Енді келіп, сіз­дер жаңа­дан ұлт құрай­ық дей­сіз­дер?! Мәсе­ле ұлт құру­да емес, жады­да сақталған, сана­да бар дүниенің қадірін біліп, ұлт­тық қаси­ет­ті жаңғыр­ту­да! Оны қалай жаңғыртамыз?

  • Ассам­блея және «Ұлт құру»

Мен жал­пы «ұлт құру» ұғы­мын сынап оты­рған жоқ­пын, ғылы­ми әде­би­ет­те қалып­тасқан ұғым­ды сына­удың қажеті не? Мәсе­ле – «ұлт құру» ұғы­мы­ның маз­мұ­нын­да. Біздің идео­лог­тар ұлт құру­ды «совок» кон­тексін­де қабыл­дай­ды және қоға­мға ұсы­на­ды. «Совок» кон­тексін­де бұл ұғым «мы ста­рый мир раз­ру­шим» деген боль­ше­вик­тік кон­цеп­тің жалға­сы, яғни ескі әлем­ді, ескі ұлт­тар­ды жой­ып, орны­на жаңа ұлт құру. 

Шын мәнін­де «ұлт құру» тер­мині баты­стық әде­би­ет­те Nation- building түрін­де қол­да­ны­ла­ды, бірақ Батыс антро­по­лог­та­ры­ның еңбек­терін­де Nation-building сөзі «Мем­ле­кет құру» деген­ді біл­діреді. 1991 жылы КСРО ыды­раған соң, Баты­ста «Nation-building and Social integration in post-soviet societies» (1999) сияқты көп­те­ген еңбек­тер жарық көр­ді, маз­мұ­ны­на қара­саңыз, әңгі­ме пост­кеңе­стік аймақтар­да жаңа мем­ле­кет­тер­дің құры­луы туралы.

Егер КХА және оның ғылы­ми құры­лым­да­ры жаңа мем­ле­кет құра­мыз десе, жал­пы менің қар­сы­лы­ғым жоқ. Неге құр­масқа, құрып көр­сін! Ал жаңа ұлт құра­мыз десе, оған мен қар­сы­мын, егер мүм­кін­дік­тері бол­са, басқа кон­ти­нент­тер­де, тіп­ті арал­дар­дың бірін сатып алып, жаңа ұлт құрып көру­ге бола­ды. Жоға­ры­да айты­лған Либе­ри­яда аме­ри­ка­лық құл­дар құрған мем­ле­кет тұқы­мы­м­ы­зды жаңар­та­мыз деп, Тынық мұхит арал­да­ры­нан қыздар­ды көп­теп сатып алып, олар­ды жер­гілік­ті орман негр­лері­мен будан­да­сты­рып, жаңа ұлт жаса­мақ болған. Қай­та­лап көр­се болар еді, тек соған бізді ара­ла­стыр­ма­саңыз деген өтіні­ші­міз бар.

Біз жақ­сы бол­сақ та, жаман бол­сақ та – қазақ деген ұлт­пыз, әрине, кем­шілік­тері­міз бар. Совет­тік қырып-жою­лар, қай­та тәр­би­е­леу, ұлт құру кезін­де этнос өзінің тек­тілі­гін әлсірет­кені сөз­сіз. Кез кел­ген этно­стың ұлт­тық сана­сын, мем­ле­кетін ұстап тұра­тын он пай­ы­здай ғана бөлі­гі, қалға­ны солар­дың ізі­мен жүреді, қара шаруа­сын жасай­ды. Оның үстіне біздің ата-баба­ла­ры­мыз Қазақ ханды­ғы зама­нын­да есер­лік­пен құл сатып алғыш бол­ды – қыз ұзатса, жаса­уы­на қосып береді, құн төле­се, құл баста­тып береді, ас бер­се, бәй­ге­ге тігеді, т.б. Құлақ кесті құл­дар­дың көп­шілі­гі совет­тік «наци­о­наль­но-госу­дар­ствен­ное стро­и­тель­ство» кезін­де бізді басқар­ды, кей­біре­улерінің тұқым­да­ры әлі де қызметте. 

Совет­пен бір­ге тәу­ел­сіздік­тің 30 жылын­да шаң басып қалған «Ұлт құру» ұғы­мы неге жан­дан­ды? Басты себеп­тің бірі – біз арғы тарих тура­лы айт­паған­ның өзін­де, совет­тік кезең­де басы­мы­здан өткен әртүр­лі экс­пе­ри­мент­тер­ді, олар­ды ұйым­да­сты­ру­шы күш­тер мен иде­я­лар­ды, олар­дың не мақ­сат­пен жасалға­нын және қан­дай нәти­же бер­генін сара­лай алмай келе­міз. Екін­ші­ден, біз ХХ ғасыр­дың 70-жыл­да­ры ғана жаңа бағыт, пән ретін­де пай­да болған «Этно­по­ли­то­ло­гия», «Этно­со­цио­ло­гия», «Сая­си социо­ло­гия» сияқты ғылым­дар­дың соңын­да кетіп, Баты­ста осы­лар­дың бәріне негіз болған іргелі дүни­е­лер­ді, ғылы­ми мек­теп­тер­ді игер­ген жоқпыз. 

Этнос – өте күр­делі табиғи ағза, соны­мен бір­ге оның тір­шілік әре­кеті әле­умет­тік-сая­си бет-бей­несін қалып­та­сты­ра­ды. Этно­стың сая­си бей­несін түсі­ну үшін, сіз­ге сая­си антро­по­ло­ги­я­ның негізін салған Эванс При­чард­тың бір-екі кіта­бын мін­дет­ті түр­де оқу керек. Тек қана кітап­ты оқу ғана емес, сіз сая­си антро­по­ло­ги­я­ның әдісте­месін пай­да­ла­нып, этно­гра­фи­я­лық экс­пе­ди­ци­я­ларға шығуы­ңыз керек. Социо­ло­ги­я­лық онлайн сау­ал­на­ма арқы­лы этнос табиға­тын, оның ішкі құн­ды­лы­қта­рын, оның қан­дай әре­кет­ке бей­ім және қан­дай әре­кет­ке дай­ын екенін ашу мүм­кін емес. Қазақ-дүн­ген қырғы­ны­нан кей­ін бәрі­міз шулап, зерт­теу инсти­ту­ты керек деген соң, 2020 жылы құры­лған Қол­дан­ба­лы этно­са­я­си зерт­теу инсти­ту­ты жұмысы­ның нәти­же бер­мей оты­рға­ны да осы себеп­тен. Этно­гра­фи­я­лық зерт­те­улер­сіз этно­са­ра­лық қарым-қаты­нас, соның ішін­де сый­ла­стық және араз­дық себеп­терін, жан­жал, қақты­ғыс болу мүм­кін­дік­терін аны­қтау қиын.

Этнос – тірі ағза, ұлт этно­стың өмір­лік тәжіри­бесі, сая­си түсінік­тері негізін­де құры­ла­ды. Этнос пен ұлт­ты бір-бірі­нен бөлек қарас­ты­руға бол­май­ды. Әрине, ұлт аясы кең, себебі ұлт этно­стың сая­си туындысы. Бел­гілі бір этни­ка­лық негіз­ге, этнос өзінің сан ғасыр­лық тарихын­да қалып­та­сты­рған құн­ды­лы­қтарға, дәстүр-сал­тқа сүй­ен­бе­ген мем­ле­кет­тің адам­зат мәде­ни­етіне қоса­тын үлесі де, бола­шағы да жоқ. Біздің көз алды­мы­зда этно­стар­ды судай сапы­рған, сан рет қырғын-сүр­гін жасаған, бауыр басқан ота­ны­нан көшір­ген, тілі­нен және тарихы­нан айы­рған, мидай ара­ла­сты­рған Ресей мыса­лы тұр. ҚХА-ның төлқұ­жат­тың негізін­де ғана сая­си ұлт құра­мыз деген қия­лы­на күл­кің келеді. Қаза­қстан­дық төлқұ­жат тіп­ті аза­мат­тық біре­гей­лік­ті де көр­сет­пей­ді. Сіз қаза­қтың 90 пай­ы­зы Укра­и­на­ны, оры­стың 90 пай­ы­зы Ресей­ді қол­дап оты­рға­ны­нан-ақ ойла­на беріңіз.

Тіп­ті Ресей емес, мына біздің Шор­тан қалаға келіп, этно­гра­фи­я­лық экс­пе­ди­ция жүр­гіз­сеңіз, сіз «совок» атты қауым­да­сты­қтың қалай пай­да болға­нын, қан­дай құн­ды­лы­қтар­мен өмір сүретінін көресіз. Бұлар­да этно­стық негіз жоқ, баяғы­да жоғал­тқан, оры­спыз дей­ді, бірақ сұра­с­ты­ра кел­сең, әкесі – татар, шеше­сі – бело­рус, неме­се әкесі –морд­ва, шеше­сі – чуваш, т.б. Бұл будан қауым сіздің құра­мыз деп оты­рған ұлты­ңы­зға қан­дай құн­ды­лы­қта­рын алып келеді? Қазақ бола­ты­ны­на сенім­дісіз бе? Олар­дың жал­пы саны Қаза­қстан бой­ын­ша 3 мил­ли­он адам. Ойла­на­тын мәсе­ле ме, әрине, тек қана ойла­нып қой­май, осы орта­да зерт­теу жұмыста­рын жүргізіңіз.

Біздің басты мақ­сат жаңа ұлт құру емес, қазақ ұлтын қай­та жаңғыр­ту, жаңа сапа­лық дең­гей­ге көте­ру. Бола­шақта Қаза­қстан халқы түріне, тіліне, тәр­тібіне қара­ма­стан, тұтас қазақ ата­нуы керек. Қазақ тілі бәріне ортақ тіл болуы керек. Қазақ ұлты­ның ішін­де әр этни­ка­лық топ өз беті­мен, жабық тұруы мүм­кін деген бос сөз.

Мем­ле­кет – ұлт – ол бір тіл­де, біре­гей­лік қалып­тасқан уақыт­та ғана пай­да бола­ды. Nation State деп осы­ны айта­ды. Бұл мақ­сат іске асу үшін, ҚХА үкі­мет үйі­нен шығып, қазақ қоға­мы­на жақын­да­ма­са бол­май­ды. Қоғам негізі­нен қазақ тіл­ді, ал ҚХА мен оның құры­лым­да­ры орыс тіл­ді, «совок» дәстүр­лі болуы – нонсенс.

Кезін­де ҚХА-да «Қаза­қта­ну» бағ­дар­ла­ма­сын жаса­дық. Мен «Қаза­қтың таным­дық этно­гра­фи­я­сын» жаз­дым. «Қоғам­дық келісім» шығар­ды. Сол кітап­тың негізін­де қазақ этно­гра­фи­я­сын оқу, үйре­ну іске асы­ры­луы керек еді. Қай­да сол сабақтар?

Соңғы кез­де «Қоғам­дық келісім» жылы­на бір рет, бір күні, бір сағат­та бүкіл Қаза­қстан­да семи­нар сияқты жиын өткі­зеді. Бүкіл Қаза­қстан­ды қам­ти­тын­дай сіздің қол асты­ңы­зда қан­ша антро­по­лог бар? «Қоғам­дық келісім» жұмысын қай­та құр­ма­са болмайды.

«Этно­са­ра­лық қаты­на­стар­ды дамы­ту коми­теті» не істеп жатқа­нын тіп­ті біл­мей­ді екен­мін. Соңғы уақыт­та «Қаза­қтың сал­та­нат мәде­ни­еті» (Цере­мо­ни­аль­ная куль­ту­ра каза­хов) кіта­бын жазып жатыр­мын. Бір­не­ше бөлі­мін әле­умет­тік желі­ден алып, жур­на­ли­стер пор­тал­дар­да жари­я­ла­ды. Қазақ этно­сы­ның біре­гей­лі­гі – дұрыс сәлем беру­ден, қошта­су­дан, дастар­хан­нан баста­ла­ды. Сіз­дер жос­пар­лаған қазақ ұлты да осы ере­же­лер­ді қабыл­да­удан бастап құры­луы керек деп ойлаймын.

Біздің бас­шы­лық кезін­де­гі КСРО сияқты этни­ка­лық қазан­ды тек әкім­шілік ресур­стар арқы­лы қай­на­та­мыз деп ойлай­ды. Әле­умет­тік про­це­стер­ді басқа­руға бола­ды, ал этни­ка­лық оған бағы­на қой­май­ды. Мүм­кін­дік бол­са, қаза­қты Nation State негізі ретін­де қол­дап, мате­ри­ал­дық, мәде­ни, интел­лек­ту­ал­ды әле­уетін күшей­туді қолға алу керек. Әле­уеті күшті этнос арғы жағын өзі шешеді.

  •  

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн