Четверг , 3 июля 2025

Ұжымдастырудың

ҰЛТТЫҚ ҚАСІРЕТІ

Айнаш КЕРНЕЙ

  • 1927–1928 жыл­да­ры бай­лар­ды Қаза­қстан­нан тыс аумаққа жер ауда­ру бастал­ды. Бай­лар­дың мүл­кін тәр­кілеу науқа­ны­нан кей­ін айдалған­дар саны 6800 ада­мға жет­ті. Осы уақыт­та ұжым­да­сты­ру және көшпе­лі халы­қты күш­теп оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көші­ру басталды.

Қазақ АКСР Орта­лық коми­теті 1930 жылғы 8 қаңтар­да өткен сес­си­я­сын­да көшпе­лі және жар­ты­лай көшпе­лі қаза­қтар­ды оты­ры­қ­шы­лы­ққа көші­ру жос­па­рын талқы­ла­ды. «М.Г. Сири­ус 1926 жыл­дан 1941 жылға дей­ін­гі 15 жыл­да көшпе­лілер­дің 5–5,5%-ы ғана оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көшуі мүм­кін деп есеп­те­ді» [113; 233]. Осы­лай­ша көшпе­лі халы­қты оты­ры­қ­шы­лы­ққа көші­ру кезең-кезеңі­мен және ондаған жыл бойы жүзе­ге аса­ды деп жос­пар­лан­ды. «15 жылға жос­пар­ланған бірін­ші кезең­де 1 млн адам­ды оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көші­ру керек бол­ды (220 мың шару­а­шы­лық – аймақтағы көшпе­лі халы­қтың 50%-ы), ол үшін қажет 1 мың елді мекен­нің 150-ін жаңа­дан сала­тын бол­ды» [103; 127].

Бірақ жос­пар­ды асы­ра орын­да­уды көз­де­ген Голо­ще­кин про­це­сті жедел­де­ту­ге кірісті. «1928 жылы бүкіл шару­а­шы­лы­қтың 2%-ы ұжым­да­сты­ру нәти­же­сін­де бірік­се, 1930 жыл­дың көк­те­міне қарай бұл көр­сет­кіш 50%-ға жет­ті, ал 1931 жыл­дың күзін­де 65%-ға жуы­қта­ды. Оты­ры­қ­шы­лы­ққа көші­ру шең­берін­де мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са­тын қала­шы­қтар пай­да болып, ол жер­ге тұтас ауыл­дар­ды көшіріп әкел­ді. Бір жер­ге шоғыр­ланған мал жер­ді тақыр­лап, мұның соңы қуаң­шы­лы­ққа алып кел­ді» [72; 285].

Мал­ды күш­теп тар­тып алып, мәж­бүр­лі түр­де ұжым­да­сты­ру сал­да­ры­нан алды­мен ірі шару­а­шы­лы­қтар көшіп кетуді баста­ды да, артын­ша қару­лы қақты­ғыс бұрқ етті.

Асы­ра сіл­те­у­ге алға­шқы қар­сы­лық Семей облы­сын­да бай­қал­ды. БКП(б) Өлкелік коми­тетінің бюро оты­ры­сын­да БКП(б) Орта­лық коми­теті комис­си­я­сы­ның баян­да­ма­сын талқы­лау кезін­де Семей губер­ни­я­сын­дағы астық дай­ын­дау мен салық науқа­ны бары­сын­да рево­лю­ци­я­лық тәр­тіп­ті бұзу тура­лы Киси­лев: «Мәс­ке­у­ге Семей губер­ни­я­сын­да түсініксіз жағ­дай болып жатқа­ны тура­лы хабар жет­ті», – деп баян­да­ды [22; 329]. Голо­ще­кин шару­а­шы­лы­қтар­дың үде­ре көшуіне ала­шор­да­шы­лар кінәлі деп тап­ты: «Қазір бұл істі жан-жақты қарас­ты­ру керек. Шека­ра асып үде­ре көшу Семей губер­ни­я­сын­дағы асы­ра сіл­те­умен бай­ла­ны­сты деген түсінік қалып­тас­па­уы керек. Менің ойым­ша, кей­інірек оның әсер-ықпа­лы болуы мүм­кін еді, деген­мен о баста бәрі ала­шор­да­шы­лар­дың жап­пай үгіт-наси­хат жүр­гі­зуі­нен бастал­ды. Олар үгіт жұмысын бір сәт­ке де тоқтатқан жоқ, әлі де елді үгіт­теп жүр, әрі қарай да дәл осы қалып­та жалға­сты­ра­ды. Өйт­кені олар ала­шор­да­лы­қтар ғой» [22; 356].

Әрі қарай Голо­ще­кин ойын былай­ша түй­ін­деді: «Ала­шор­да­шы­лар қарап жатқан жоқ. Енді олар Семей­де­гі істі дау­ры­қты­рып, жақ­та­ста­ры­ның санын арт­ты­руға көшті. Бар­лық мате­ри­ал­дың түй­іні біреу: Семей­де­гі істі кәм­пес­ке­леу науқа­ны­ның жал­пы көрінісі ретін­де ғана қарас­ты­рып қой­май, бүкіл қазақ халқы­на өлкелік пар­тия коми­тетінің хат­шы­сы Голо­ще­кин кәм­пес­ке­ле­уді бастау арқы­лы сая­си тұрғы­да жеңіл­ді деген­ді көр­сет­кісі келіп отыр. Бүкіл жаман­ды­ққа мені кінәлі етпек. Мен мұны жоққа шыға­ра­мын, мен ғана емес, бүкіл өлкелік пар­тия коми­теті жоққа шыға­рып, қара басы­ның қамы үшін осын­дай ұсақ тір­лік­ке барып оты­рған оңбаған­дарға жау­ап беріп, өзі­мізді ақтап алуы­мыз керек деп санай­мын» [22; 367].

  • «1928 жылы күз­де бай­лар­дың мүл­кін кәм­пес­ке­леу науқа­ны бастал­ды. Ф. Голо­ще­кин тап күресіне бел шеше кірісіп, бай­ларға қар­сы соғыс баста­ды. Ком­му­ни­стер қазақ қоға­мын бай мен кедей деп бөлу арқы­лы олар­дың ара­сы­на жік салу­ды көздеді.

Голо­ще­кин «ала­шор­да­шы­лар мал-мүлік­ті тар­тып алып, ортақ қазан жаса­удың сая­си жағы бар екенін мең­зеп, бұл науқан­ның шару­а­шы­лық жағы­нан ешқан­дай да тиім­ді тұсы жоқ, болуы мүм­кін де емес деп жазға­нын еске ала­ды. Олар­дың ойын­ша, быты­раңқы мал шару­а­шы­лы­ғы ешқан­дай пай­да әкел­мей­ді. Сол себеп­ті ұжым­да­сты­ру­дың басталған тұсын халы­қтың нара­зы­лы­ғын ояту үшін пай­да­ла­нып қалу керек деп санай­ды. Олар әсіре­се шека­ра­лық аудан­дар­да халы­қты көте­ру­ге тыры­са­ды, ала­шор­да­лы­қтар­дың қаңтар айын­да құрған стра­те­ги­я­лық жос­па­ры осы. ˂…˃ Шека­ра асу кәм­пес­ке­ле­умен бай­ла­ны­сты бол­са, ком­му­ни­стер мен ком­со­мол­дар қашып кет­пес еді, өйт­кені олар бұл тұрғы­да тек пай­да көрер еді. Солар­дың өзі қашып кет­кен бол­са, яғни мұның басқа себебі бар…» [22; 372].

1930 жылы 1 қазан­да Алма­ты­да қала­ның пар­тия бел­сен­ділері алдын­да сөз сөй­ле­ген Голо­ще­кин пар­тия орган­да­ры­ның бұры­нғы ала­шор­да­лы­қтарға қаты­сты так­ти­ка­лық мін­деті «олар­ды жақын тар­тып, ауыл халқы­на билік жүр­гі­зу үшін пай­да­ла­ну, соның негізін­де Кеңес Одағын құру болға­нын» айта келіп, былай деп қосты: «Біз көп­шілік­ке билі­гі­мізді жүр­гізіп, олар­ды кедей­шілік­ке ұрын­ды­рған сай­ын, таяқтың бір ұшы бур­жу­а­зи­я­лық ұлт­шыл­ды­ққа да тиіп жат­ты, бұл уақыт­та біз өз маман­да­ры­мы­зды дай­ын­дап үлгер­дік. Енді уақыт­ша одақ­та­ста­ры­мы­здан бас тар­туға бола­ды» [78; 162].

Аза­мат соғы­сы, ұжым­да­сты­ру, ашар­шы­лық жыл­да­рын­да кеңес өкі­метінің қан­дай қан­ды қаса­пқа барға­нын түсі­нетін және оны ашық айту­дан қоры­қ­пай­тын аза­мат­тар­дың ізіне түсу бастал­ды. Қаза­қстан­да болған жағ­дай тура­лы ашық сұрап, әділет орна­ту­ды талап еткен­дер, орта­лы­қтың қазақ халқын жоюға бағыт­талған сая­са­тын сынап қана қой­май, соған қар­сы күрес­кен­дер қуғын-сүр­гін маши­на­сы­ның құр­ба­ны болып кете барды.

Ұжым­да­сты­ру баста­лып, мал-мүлік­ті кәм­пес­ке­леу жүріп жатқан­да, аштық қау­пі туып тұрға­ны­на қара­ма­стан, халы­қты құтқа­ра­тын ешкім бол­ма­ды. Интел­ли­ген­ция өкіл­дерін түр­ме­ге қамап, одан қалға­нын Қаза­қстан аумағы­нан тыс жер­ге айда­уға жібер­ді. Бай­лар мен билер­ді, ру бас­шы­ла­ры мен көсем­дерін жер аудар­ды, атты. Нәу­бет­тің бетін қай­та­рып, жағ­дай­ды қалы­пқа кел­ті­ру жолын­дағы ұсы­ныс-пікір­ді билік­ке жет­кі­зетін адам қал­ма­ды. Қазақ дала­сын­да қару­лы қар­сы­лық бұрқ етті.

***

1920 жыл­да­ры модер­ни­за­ция жөнін­де­гі кеңе­стік жоба­ны жүзе­ге асы­ру кезін­де пар­тия қыз­мет­кер­лері мен ғалым­дар­дың ара­сын­да көшпе­лі аймақтар­ды дамы­туға қаты­сты пікір­та­лас бол­ды. Ғалым­дар табиғат­тың жағ­дай­ын есеп­ке ала оты­рып, көшпе­лі шару­а­шы­лы­қты сақтау тиім­ді және ойға қоным­ды жалғыз жол екенін айтып, шару­а­шы­лы­қтың мей­лін­ше тиім­ді жолын сақтап қалу дұрыс деген ойда бол­ды, тіп­ті қажет болған күн­де де, көшпе­лі қоғам­ды бір­тін­деп қана өзгер­туді ұсын­ды. Ғалым­дар­дың баға­ла­уы бой­ын­ша, көшпе­лі эко­но­ми­ка «құнар­сыз» деген жер­дің өзін де өте тиім­ді екенін көрсеткен.

1926 жылы КСРО Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Қаза­қстан энцик­ло­пе­ди­я­сы­на ста­ти­сти­ка-эко­но­ми­ка отря­ды­ның жетек­шісі болып тағай­ын­да­лып, «Табиғи, тари­хи және тұр­мыстық жағ­дай­дағы қазақ шару­а­шы­лы­ғы. Қазақ авто­но­ми­я­лық кеңе­стік соци­а­ли­стік рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­ге орна­ла­сты­ру талап­та­рын бекіту мате­ри­ал­да­ры» деген ұжым­дық зерт­теу жинағын жары­ққа шығарған С.П. Шве­цов былай дей­ді: «Су көзі сирек кез­де­сетін және аз жер­де, жабайы дала­да адам тек қана мал шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­са ала­ды, ол шару­а­шы­лы­қтың өзі көшпе­лі бола­ды… Мал­ды мез­гіл-мез­гілі­мен көшірудің көзін жоя­тын бол­саңы­здар, ол жер­де қаза­қтар ештеңе істей алмай­ды, өйт­кені ол жер­де басқа­дай шару­а­шы­лық жүр­гі­зу мүм­кін емес. Олай бол­са, мил­ли­он­даған қаза­қты асы­рап оты­рған жер әншей­ін шөл далаға айна­ла­ды… Қаза­қстан­да көшпе­лі тұр­мыстың көзін құр­ту қазақ шару­а­шы­лы­ғы­ның түбіне жетіп қана қой­май, онсыз да сусыз дала­ны тірі жан жоқ, айда­лаға айнал­ды­ра­ды» [113; 238]. Ал Е.М. Тимо­фе­ев қаза­қтар­дың «жусан­ды дала неме­се сораң мен қамыс басқан дала­ны азық қылып-ақ, жүн, ет және тері ала­ты­ны­на» қай­ран қала­ды. Мем­ле­кет­тік жос­пар­лау меке­месінің қазақ бөлі­мі төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Е.А. Поло­чан­ский Қаза­қстан­дағы жай­ы­лым­дық алқап 75 мил­ли­он бас малға жем-көк бере ала­ты­нын айта­ды (1926 жылы мал басы 26,5 млн еді). Сон­ды­қтан да бұл аймақ «мал шару­а­шы­лы­ғы­ның бүкіл түрі бой­ын­ша Одақтың қажетін өте­у­ге толы­қтай қауқар­лы» деп санал­ды [104, 234–235].

1927 жылы жос­пар­лау орган­да­ры­ның бірін­ші өлкелік жина­лы­сын­да Қаза­қстан­ның жер­ге орна­ла­сты­ру халық комис­са­ри­а­ты­ның өкілі К. Сұл­тан­бе­ков жап­пай оты­ры­қ­шы­лы­ққа көшіретін­дей, басқа шару­а­шы­лық түрі­мен айна­лы­суға мүм­кін­дік жоқ екенін ескерт­ті. Көшпе­лі қаза­қты оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көшірудің қауіп-қатері тура­лы ұлт көш­бас­шы­ла­ры мен дін қай­рат­кер­лері де айту­дай айт­ты. Олар­дың қата­рын­да Ала­шор­да қай­рат­кер­лері А. Бай­тұр­сы­нов пен Ә. Бөкей­ха­нов та бол­ды. Ұлт қай­рат­кер­лері көшпе­лі тұр­мысты сақтап қалу­дың маңы­зын айта келіп, мұны «туа­біт­ті ком­му­низм» деп санады.

Боль­ше­вик­тер көшпе­лілер­ді күш­теп оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көші­ру керек деуден тан­ба­ды. Олар­дың бар айта­ты­ны: көшпе­лі өрке­ни­ет «арт­та қалған», «мәде­ни­ет­тен алыс», оны кеңе­стік жүйе құра­мы­на ендіріп, ел эко­но­ми­ка­сы­на инте­гра­ци­я­лау мүм­кін емес. Өз мақ­са­ты­нан басқа ештеңе көр­мей­тін боль­ше­вик­тер ғалым­дар­дың ұсы­ны­ста­рын да еле­меді. Бұл жос­пар­ды орын­да­удың ақы­ры 1930 жыл­дар­дың басын­дағы нәу­бет­ке – жап­пай ашар­шы­лы­ққа алып келді.

Билік басын­да оты­рған­дар асы­ғыс шешім­нің сал­да­ры ауыр бола­ты­нын жақ­сы біл­ді. Бірақ күш­теп оты­ры­қ­шы тұр­мысқа көшір­мек болған билік­тің көз­де­гені басқа еді. Ф.Л. Сини­цын 1920–1930 жыл­да­ры едел-жедел модер­ни­за­ция жаса­удың себеп­терін былай­ша көр­се­те­ді: «импе­ри­а­ли­стік блок» батыс, оңтүстік және шығыс шека­ра шабуыл жаса­уы мүм­кін деген болжам; 1931 жылы Мань­чжу­ри­я­ны жау­лап алған Жапо­ния; соғы­сқа дай­ын­ды­қ­пен бай­ла­ны­сты эко­но­ми­ка­лық себеп­тер; қорға­ныс қабілетін күшей­ту мақ­са­тын­да «көшпе­лі» аймақтарға елдің еуро­па­лық бөлі­гі­нен сенім­ді әрі кеңес өкі­метіне адал адам­дар­ды көшіріп әке­лу­мен бай­ла­ны­сты сая­си-демо­гра­фи­я­лық себеп­тер [105; 446–447].

1920 жыл­дар­дың соңын­да көшпе­лі шару­а­шы­лы­қты сақтап қалу керек екенін айтып, қазақ дала­сы­на мил­ли­он­даған адам­ды көшіріп әке­лу­ге қар­сы болған­дар қуғын-сүр­гін­ге ұшы­ра­ды. Ғалым­дар­ды «кон­дра­тьев­щи­на» деп айып­тып, «контр­ре­во­лю­ци­о­нер», «жер­гілік­ті ұлт­шыл», «зиян­кес» деп атады.

1928 жылы КСРО идео­ло­ги­я­сы­на сай кел­мей­ді деп жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты тоқтат­ты. Боль­ше­вик­тер енді ұжым­да­сты­ру­ды баста­ды, жап­пай ұжым­да­сты­ру 1932 жылы аяқта­ла­ды деген жос­пар бол­ды. Бес жыл­да жолға қой­ы­лған эко­но­ми­ка­ны құр­ту 1926–1927 жыл­да­ры егістік және жай­ы­лым­дық жер­лер­ді қай­та бөлу­ден бастал­ды. Жағ­дайы жақ­сы шару­а­шы­лы­қтар­дан 1360 мың деся­ти­на шабын­дық пен 1250 мың деся­ти­на егістік жер­ді тар­тып алып, кедей­лер­ге бер­ді [72; 284]. 1927–1928 жыл­да­ры бұл сая­сат астық дағ­да­ры­сы­на әкеп соқты. Не малы, не жер өңдей­тін тех­ни­ка­сы жоқ кедей­лер жер­ді қай­та­дан бұры­нғы иелеріне қай­та­рып бере бастады.

Алай­да ком­му­ни­стер бай­лар мен орта тап өкіл­дері­нен бәрін тар­тып алу керек деген ойдан арыл­май, жер­ді де, тех­ни­ка­ны да, жұмысқа қажет құрал-жаб­дық пен мал­ды да тар­тып алып, бай­лар­дың өзін тұрғы­лы­қты жері­нен кету­ге мәжбүрледі.

1928 жылы күз­де бай­лар­дың мүл­кін кәм­пес­ке­леу науқа­ны бастал­ды. Ф. Голо­ще­кин тап күресіне бел шеше кірісіп, бай­ларға қар­сы соғыс баста­ды. Ком­му­ни­стер қазақ қоға­мын бай мен кедей деп бөлу арқы­лы олар­дың ара­сы­на жік салу­ды көз­деді. Кре­пост­ной­лық құры­лыс кезін­де ұзақ уақыт бойы қалып­тасқан ресей­лік поме­щик­тер мен шару­а­лар­дың қарым-қаты­на­сын Қаза­қстан­да қай­та­ла­мақ болып, тара­зы­ның бір басы­на бай­лар мен билер­ді, ал келесі басы­на көп­шілік халы­қты қой­ды. Алай­да көшпе­лі қазақ қоға­мы оты­ры­қ­шы қоғам­нан ерекше­ле­нетінін ескер­меді (оның үстіне олар кре­пост­ной­лық жол­дан өткен бола­тын). Оты­ры­қ­шы шаруа мен про­ле­та­ри­ат өкіл­дері тым аз еді, оның үстіне халы­қтың негіз­гі бөлі­гі әлі де көшпе­лі және жар­ты­лай көшпе­лі тір­лік кешіп жатқан бола­тын. Бірін­ші­ден, көшпе­лі шару­а­шы­лық малы көп адам­дарға арналған. Аса бай емес, қара­пай­ым мал­шы­ның өзінің кемін­де жүз қой, екі-үш түйе, оншақты жылқы­сы бола­тын. Мал басы одан аз бол­са, көшіп-қону­дың қажеті де жоқ еді. Екін­ші­ден, көшпе­лі қоғам дәстүр­ді сақта­у­шы бол­ды, мұн­дай қоғам­да бай­лар мен билер қана­у­шы емес, туы­стар тобы­ның (ру, ел, ауыл) бас­шы­сы есебін­де еді. Рудың жері ұжым­дық мен­шік­те болды.

Кеңес өкі­меті бай­лар­дың тап жауы екеніне қаза­қтар­ды сен­ді­ре алма­ды, өйт­кені бай­лар мен билер олар­дың жақын туы­сы еді; олар ауқат­ты болу­мен қатар, ауыл-елдің ақсақа­лы ретін­де ағай­ын-туға­ны­на жау­ап­ты бол­ды. Шару­а­шы­лық жағ­дайы, эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер, көшіп-қону, сот оты­ры­ста­ры, басқа да жау­ап­ты шаруа ауыл ақсақал­да­ры­ның мой­нын­да еді.

Интел­ли­ген­ция өкіл­дерінің қаза­қтың құқын қорға­уы жолын­да да бай­лар мен билер көп қол­дау жаса­ды, мек­теп­тер ашты, кітап және газет шыға­руға ақша бер­ді, газет редак­тор­ла­ры­на салы­нған айып­пұл­ды төледі, қамауға алы­нған ұлт көш­бас­шы­ла­рын боса­тып алу үшін ақша төлеп, кепіл бол­ды. Әли­хан Бөкей­ха­нов «Қазақ» газетін­де «Ала­штың ауқат­ты адам­да­ры­на» үндеу тастап, басы­лым­ды шыға­руға көмек сұраған­да, бірін­ші болып көмек көр­сет­кен де бай­лар еді. Бай­лар­дың уни­вер­си­тет­те оқи­тын қазақ сту­дент­теріне деме­уші болуы өлше­усіз көмек болды.

Туыс болып келетін бай­лар мен қара­пай­ым көшпе­лі халы­қтың ара­сы­на жік салу­дың мүм­кін емес екенін түсін­ген ком­му­ни­стер бай­лар мен билер­дің көзін жой­ды. Осы­лай­ша рулар­ды көсе­мі­нен айырды.

  •  

Редак­ци­ядан: Қазақ халқы 1920–40 жыл­да­ры бастан кеш­кен сая­си қуғын-сүр­гін тақы­ры­бы қоға­мға таны­мал пуб­ли­цист-ғалым Айнаш Кер­ней (Мусто­я­по­ва) жуы­қта жары­ққа шығарған «Ұлт көш­бас­шы­ла­ры» тари­хи-био­гра­фи­я­лық кіта­бын­да жан-жақты және қара­пай­ым тіл­де қамтылған.

Саудаға түс­кен кітап құны 6500 тең­ге. Кітап­ты келесі мекенжай бой­ын­ша сатып алуға болады:

Алма­ты қала­сы, Гага­рин көше­сі, 311/А, Әл-Фара­би даңғы­лы­нан төмен, House & Home дүкені.

Сіз таң­даған курьер­лік қыз­мет­тер­мен үйіңіз­ге кітап жет­кізу­ге тап­сы­рыс бере ала­сыз. Кіта­пқа тап­сы­ры­сты +7701 111 71 71 теле­фо­ны­на WhatsApp-пен хабар­ла­ма жіберіп, Kaspi Pay арқы­лы төлем рек­ви­зит­терін алу арқы­лы жүзе­ге асы­руға болады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн