Четверг , 3 июля 2025

ЖАНПИДАЛЫҚ

жасаған азамат еді!

Құрмет­ті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қаза­қстанға 40 жыл бойы тажал болып, Ертіс бойы тұрғын­да­ры­ның жүз­де­ген кәрі-жасын ажалға жем етіп, мың­даға­нын мүге­дек­тік­ке ұшы­ратқан Семей атом-ядро­лық поли­го­нын жап­ты­руға алғаш ресми қар­сы­лық жасаған, 1989 жылы ақпан айы­ның 20‑ы күні СОКП Орта­лық Коми­тетінің Бас хат­шы­сы М.Горбачевқа поли­гон­дағы сына­уды шек­теп, басқа жаққа көшіруді талап етіп жедел­хат жазған Аза­ма­ты­мыз Кешірім БОЗТАЕВТЫҢ туға­ны­на алды­мы­здағы шіл­де айын­да 90 жыл толады.

Кешірім­нің хаты Кремль­ді, әрине, дүр­лік­тір­ді. Гор­ба­чев құрған Мем­ле­кет­тік комис­сия ақпан­ның 28‑і күні Кур­ча­тов қала­сы­на, одан соң Семей­ге келіп, жұрт­шы­лы­қ­пен бір­не­ше кез­де­су өткізді. Содан кей­ін облыс пар­тия коми­тетінің 1‑хатшысы Кешірім Бозта­ев­тың каби­нетін­де поли­гон мәсе­лесін талқы­лау жөнін­де бір­лес­кен мәжіліс өткізіледі. Өзінің аузын жабуға кел­генін біл­ген К. Бозта­ев комис­си­я­мен қат­ты айты­сып, ақы­рын­да жең­ген. Ол мәжілістің сте­но­гра­фи­я­лық есебін оқы­ған­дар: «Біздің Кешірім Бозта­ев – нағыз қаһар­ман!» деп жүрді.

1993 жылы К. Бозта­ев­ты жасы­ның алпы­сқа толуы­мен құт­ты­қтаған хатын­да пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаев мыр­за былай деп­ті (үзін­ді):

«Құр­мет­ті Кешірім БОЗТАЙҰЛЫ!

Өміріңіз­де­гі аса еле­улі жәйт – жасы­ңы­здың 60-қа толуы­мен шын жүрек­тен құттықтаймын!

…Сіздің Семей ядро­лық поли­го­нын жабу тура­лы мәсе­лені шешу­ге, атом­дық сына­у­лар­дан зардап шек­кен жұрт­шы­лы­ққа әле­умет­тік қамқор­лық көр­се­ту жүй­есін жаса­уға қосқан үлесіңіз теңдессіз!..

Кешірім Бозтай­ұ­лы, ыстық ықы­ласпен құт­ты­қтап, мықты ден­са­улық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт тілеймін!

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Н. НАЗАРБАЕВ.

25 мау­сым, 1993 ж. Алма­ты қаласы».

Ақиқат­ты айтқан! Алай­да Кешірім Бозта­ев қай­тыс болған­нан (1999 ж.) кей­ін­де: «Семей поли­го­нын біз жап­тық!»; «Семей­де­гі атом-ядро­лық поли­гон­ды мен жап­тыр­дым!»; «Поли­гон­ды біз емес, бір обком сек­ре­та­ры жап­ты-ау?!» деген­дей дақ­пырт­ты сөз көбей­ді. Ақы­рын­да поли­гон жай­ын­да ресми жиын­дар өткізіл­ген­де, К.Бозтаевтың аты-жөні атал­май­тын бол­ды. Әлі де солай. Өте өкіні­шті!.. «Елім үшін, халқым үшін жаным­ды қиюға бар­мын!» деген («29 ақпан» кіта­бы­нан) нағыз Адам­ның, Аза­мат­тың ару­ағын аттап кету тіп­ті мұсыл­ман­ды­ққа жат қаре­кет емес пе?!

Құр­мет­ті Қасым-Жомарт Кемелұ­лы! Семей поли­го­ны­на қар­сы күре­сті ресми жол­мен бастап, халы­қтың, КСРО Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті Е.Велихов, басқа да көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері, ғалым­дар, жур­нал­шы-жазу­шы­лар қостап, ядро­лық сына­у­ларға, қару-жарақты шыға­руға қар­сы халы­қа­ра­лық ұйым­дар қол­дап, соның нәти­же­сін­де зұл­мат поли­гон­ды жап­ты­ру мақ­са­тын іске асы­рған Кешірім БОЗТАЕВҚА «Қаза­қстан­ның Халық қаһар­ма­ны» атағын беруді өті­не­міз! Бұл – жасы 90-нан асқан біздің ғана емес, Кешірім марқұм­ның кім болға­нын жақ­сы білетін мың­даған қаза­қстан­ды­қтар­дың тіле­гі деп біліңіз.

Қаза­қстан­ды жаңар­ту істеріңіз­ге сәт­тілік тілеуші:

 Мың­бай РӘШ,

ақын, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на еңбе­гі сің­ген қызметкер,

Уахап ҚЫДЫРХАНҰЛЫ,

жазу­шы, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген мәде­ни­ет қызметкері,

21. 05. 2023 ж.

АТАҚТЫ МАРАФОНШЫ

экстремист ретінде тергелуде

  • Мамыр­дың 23-інде қоғам бел­сен­дісі, тір­кел­ме­ген оппо­зи­ци­я­лық «Алға, Қаза­қстан!» ұйы­мы­ның төраға­сы Марат Жылан­ба­ев­тың үйін поли­ция тінт­ті. Бел­сен­дінің Аста­на сыр­тын­дағы үйінің алдын­да поли­ция мен аза­мат­тық киім киген бел­гісіз адам­дар тұр­ды. Олар «Азатты­қтың» түсі­ру тобын үйге кіргізбеді.

Марат Жылан­ба­ев­тың қызы Азия Жылан­ба­е­ва таңер­тең әкесін қар­сы алуға барға­нын, бірақ оны поли­ция алып кет­кенін біліп, кей­ін қай­тқан­да, поли­ция үйіне кір­гіз­бей қой­ға­нын айт­ты. Оның сөзін­ше, поли­ция мән-жай­ды түсіндірмеген.

Поли­ция «Азаттық» тіл­шісінің сұрағын да жау­ап­сыз қал­дыр­ды. Бір­не­ше минут­тан кей­ін поли­ция фор­ма­сы мен жай киім­де­гі он шақты адам үйден шықты. Олар тін­ту­ге рұқ­сат беретін құжа­тын көр­сет­пе­стен кетіп қалды.

Мамыр­дың басын­да әкім­шілік сот шеші­мі­мен Марат Жылан­ба­ев 20 тәулік­ке қама­лып, әкім­шілік жаза мерзі­мі сей­сен­бі күні біт­кен еді. Бел­сен­дінің жақ­та­ста­ры сей­сен­бі күні таңер­тең оны абақты алдын­да күт­кені­мен, Жылан­ба­ев шық­паған. Туы­ста­ры бел­сен­ділер­ге Марат Жылан­ба­ев­ты изо­ля­тор­дан поли­ци­я­ның экс­тре­мизммен күрес бөлі­міне әкет­кенін айтқан.

Жылан­ба­ев­тың әйелінің сөзіне қараған­да, тін­ту­ге кел­ген қыз­мет­кер­лер рұқ­сат қаға­зы­на ұқсай­тын құжат көр­сет­кен және ешкім­нің келісі­мін­сіз-ақ тін­тетінін айтқан. Тін­ту жүр­гіз­ген­дер флеш­ка, теле­фон және «Алға, Қаза­қстан!» деген жазуы бар бір­не­ше фут­бол­ка­ны алып кеткен.

Қаза­қстан­ның бел­гілі мара­фон­шы­сы Марат Жылан­ба­ев­ты сая­си тұтқын­дарға бостан­дық талап етіп, наурыз айын­да акция өткіз­гені үшін мамыр­дың басын­да 20 тәулік­ке қамаған. Акци­яға қаты­сқан­дар Баты­сты «Путин­ге көмек­тес­кен» Қаза­қстан билі­гіне санк­ция салуға да үндеген.

Марат Жылан­ба­ев басқа­ра­тын «Алға, Қаза­қстан!» ұйы­мы пар­тия ретін­де ресми тір­ке­лу­ге әлде­не­ше рет тал­пы­нған. Ұйым­ның баста­ма­шыл тобы осы апта­да Әділет мини­стр­лі­гіне 15-ші рет құжат тап­сы­рға­лы отырған.

Cәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

ЖАСАРАЛ ДА

кетті

ЖАЛҒАННАН

  • «ДАТ» медиа-жоба­сы­ның редак­ци­я­лық ұжы­мы бел­гілі оппо­зи­ци­я­лық қай­рат­кер, мем­ле­кет­тік тір­ке­у­ге алын­баған «Алға, Қаза­қстан!» пар­ти­я­сы­ның негізін қала­у­шы Жаса­рал Қуа­ны­ша­лин­нің қай­тыс болуы­на бай­ла­ны­сты марқұм­ның отба­сы­на, туған-туы­ста­ры мен дос-жаран­да­ры­на қай­ғы­рып көңіл айтады.

90-жыл­дар­дың басын­да «Азат» қозға­лы­сы­ның бел­ді мүше­сі, 1994–1995 жыл­да­ры Қаза­қстан Жоғарғы Кеңесінің депу­та­ты болған Жаса­рал Қуа­ны­ша­лин 1949 жылы 7 сәуір­де Ақтө­бе облы­сы­ның Қара­бұтақ ауда­нын­да дүни­е­ге келген.

1966–1967 жыл­да­ры Ақтө­бе қала­сын­дағы №7 ПТУ-да «авто­кран маши­нисі» маман­ды­ғын­да оқы­ған. 1972–1978 жыл­да­ры Киров атын­дағы Қаз­МУ-дың фило­ло­гия факуль­тетін «орыс тілі мен әде­би­еті оқы­ту­шы­сы» маман­ды­ғы­мен тәмамдады.

1998 жылы әл-Фара­би атын­дағы Қазақ ұлт­тық уни­вер­си­тетінің заң факуль­тетін сырт­тай бітірген.

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі.

Бүкіл сана­лы өмірін сая­си қар­сы­лық күресіне арнаған ымы­рас­ыз қай­рат­кер аға­ның алды­нан жары­лқап, мәң­гілік мекені жұмақ бол­сын!

«DAT»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн