Суббота , 10 мая 2025

ӘЛСІЗ ЗАҢ ҰРЫЛАРҒА ТИІМДІ

 «Заңсыз иеленген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң осы күйінде қабылданып кетсе, «Айран ішкен құтылар, шелек жалаған тұтылар» принципі жүзеге асуы мүмкін.

«Elge Qaitaru» қоғам­дық қоры­ның мүше­лері Болат Әбі­лов пен Ора­за­лы Ержа­нов Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Заң­сыз иелен­ген актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру тура­лы» заң жоба­сы­на қаты­сты пресс-кон­фе­рен­ция өткізді.

Бас­пасөз мәс­ли­ха­тын ұйым­да­сты­ру­шы­лар бұл заң жоба­сы­ның тек оли­го­по­ли­я­ның мүд­десін көз­дей­тініне алаң­дай­ды. «Elge Qaitaru» қоры «Ұрланған актив­тер­ді қай­та­ру тура­лы мұн­дай заң жоба­сы­ның әділ­дік­ті орна­туға және кор­руп­ци­яға қар­сы күрес­ке еш әсері бол­май­ды», «Егер заң осы күй­ін­де қабыл­да­нып кет­се, ұрланған актив­тер­дің елге қалай қай­тқа­нын халық көр­мей де қала­ды», – деп санай­ды. Бас­пасөз мәс­ли­ха­ты спи­кер­лерінің ойын­ша, елдің мүд­десі­нен шыға­ты­ны – заң жоба­сы­ның ата­уы ғана, ал заң­ның заты толы­ғы­мен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев режи­мі қалып­та­сты­рған оли­гарх­тар­дың ғана мүд­десіне қыз­мет ететіні сөзсіз.

Бас­пасөз мас­ли­ха­тын­да талқы­ға түс­кен тағы бір мәсе­ле – «Elge Qaitaru» қоры­ның «Евра­зи­я­лық топ» (ERG) тара­пы­нан әкім­шілік және қыл­мыстық қуда­лай­ға түс­кені тура­лы бол­ды. Заң­гер Ора­за­лы Ержа­нов ERG ком­па­ни­я­сы­ның 2022 жыл­дың жел­тоқ­сан айын­да Қор­ды «жала жап­ты және репу­та­ци­я­лық залал кел­тір­ді» деген желе­умен әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту тура­лы құқық қорға­у­шы орган­дарға арыз түсір­ген­ді­гі тура­лы ақпа­рат­ты жур­на­ли­стер­ге жеткізді.

Тіп­тен 2023 жыл­дың қаңтар айын­да «Евра­зи­я­лық топ» Қор­ды «ком­мер­ци­я­лық құпи­яға жата­тын ақпа­рат­ты жинап, таратқа­ны үшін» деген желе­умен «Elge Qaitaru» қорын «қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту керек» деген талап қойды.

Сол айып таққан мәлім­де­месін­де «Евра­зи­я­лық топ» (ERG) өздерінің шетел­дер­ге, яғни Қаза­қстан­нан тыс елдер­ге қар­жы аударға­ны тура­лы фак­тіні мой­ын­дай­ты­нын атап өтті. Бас­пасөз мәс­ли­ха­ты спи­кер­лерінің ойын­ша, оли­гарх­тар өздерінің көлең­келі істерін жасы­ру үшін оппо­нент­теріне қысым жасап отыр.

«Elge Qaitaru» қоғам­дық қоры­ның мүше­лері 30 жыл бойы елді тонаған «Евра­зи­я­лық топ» (ERG) пен басқа да оли­гар­хи­я­лық ком­па­ни­я­ларға өздері жол­даған бар­лық сұрақ-сау­ал­да­ры­на қаты­сты шын да әділ жау­ап алып, Қаза­қстан­нан шетел­дер­ге заң­сыз шыға­ры­лған бар­лық актив­тер­ді қай­та­руға бел буған­да­рын мәлімдеді.

 «Elge Qaitaru» қоғам­дық қоры бұл заң жоба­сы­на бірқа­тар түзе­ту­лер мен өзгер­ту­лер енгі­зуді ұсы­на­ды. Әйт­пе­се, олар­дың ойын­ша, қоға­мға ұсы­ны­лып оты­рған заң жоба­сы тона­лып шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру­дың орны­на клеп­то­крат­тарға жау­ап­кер­шілік­тен сыты­лып кету­ге және тонап алған капи­тал­да­рын шетел­дер­де жасы­рып қалуға мүм­кін­дік бере оты­рып, оларға рахым­шы­лық жасаған­дай болып шығады.

«Elge Qaitaru» қоғам­дық қоры елден ұрланған актив­тер­ден бір­жо­ла­та айы­ры­лып қал­мау үшін, Мәжіліс депу­тат­та­ры­на бұл заң жоба­сы­на қажет­ті түзе­ту­лер мен өзгер­ту­лер енгізіп үлге­ру керек екенін ескер­те оты­рып, бұл заң жоба­сы­на бірқа­тар түзе­ту­лер мен өзгер­ту­лер енгі­зуді ұсы­на­ды:

1. Осын­дай маңы­зды іске бара оты­рып, заң шыға­ру­шы заң­сыз ием­ден­ген орас­ан зор актив­тер­ді қай­та­ру­дың қажет­ті­гіне не себеп болға­нын, заң жоба­сын­дағы 5 бап­тың тала­бы­на сай атап айтуы керек. Ол себеп­тің Назар­ба­ев­тың билік­ті басып алға­ны екені және ол фак­тіні заң­да атап айтқан­да, жоба мәтіні бұлай­ша қисын­сыз жазыл­мас еді және оның жүзе­ге аса­ты­ны­на күмән да тумас еді.

2. Жоба пре­зи­дент Қ.-Ж.Тоқаевтың әле­умет­тік ӘДІЛДІКТІ орна­ту­дың қажет­ті­гі және отан­дық эко­но­ми­ка­ны оли­гарх­тар­дан тазар­ту тура­лы декла­ра­ци­я­сын тіп­тен құптамайды.

3. Заң жоба­сы ата­уы­ның мағы­на­сы тар және аталған мақ­сат­тарға сәй­кес емес, өйт­кені оли­гарх­тық дүние-мүлік­тің бар­лы­ғы дер­лік мем­ле­кет­тен заң­сыз ием­де­ну арқы­лы қалып­тасқан жоқ (мыса­лы, ӨТІЛАЛЫМ, Хор­гос, т.б.).

4. Заң жоба­сы­ның ең басты кем­шілі­гі – актив­тер­ді негіз­сіз бай­лық деп тану шар­ты ретін­де актив­тер сатып алы­нған қар­жы-қара­жат­тың ЗАҢДЫЛЫҒЫН қарас­ты­ру (2- және 17-бап­тар). Жоба­да мұн­дай актив­тер­ді сатып алуға қаты­сты келісім­нің өзінің заң­ды­лы­ғы тура­лы мәсе­ле тіп­тен қарас­ты­рыл­маған. Біздің оли­гарх­тар өзінің әрбір активін сатып алған кез­де жасаған неси­елік келісім­шар­тта­рын көр­се­те ала­ды. Содан-ақ мұн­дай заң­ның түк­ке тұр­май­ты­нын түсінеміз.

5. Тағы бір еле­улі кем­шілік – бұл заң қол­да­ны­ла­тын субъ­ек­тілер ретін­де тек жоға­ры лау­а­зым­ды мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер ғана таны­лған. ОЛИГАРХТАР бұл заң­ның аясы­нан тыс қалған! Бұдан бөлек, субъ­ект деп тану үшін қажет жиын­тық аны­қта­ма­ны талап ететін жоба­ның 2‑бабының 5‑тармағы кім­ді бол­ма­сын осы заң бой­ын­ша жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту мүм­кін­ді­гін мүл­дем жоққа шығарады!

6. Мұн­дағы ең ерсі нор­ма (2‑бап, 7‑тармақ) – субъ­ек­тінің әл-ауқа­ты АЕК мөл­шері­нен он үш мил­ли­он есе асып кет­се ғана оны негіз­сіз бай­лық ретін­де тану. Бұл 100 МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫНА пара-пар сома! Бұл нор­ма қабыл­да­нып жат­са, мем­ле­кет бұдан аз сома­ны ұрлаға­ны үшін сот­талған­дар­дың бәрін боса­туға тиіс бола­ды, өйт­кені ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 14-бабы­на сәй­кес «Бәрі де заң алдын­да тең». Бұл нор­ма қыз­мет­те жүр­ген шене­унік­тер үшін кең кор­руп­ци­я­лық мүм­кін­дік­тер туғы­за­ды, өйт­кені қоры­қ­пас­тан 100 мил­ли­он дол­ларға дей­ін ұрлай беру­ге болады.

7. Кей­біре­улер­ді люст­ра­ци­ядан құтқа­рып қала­тын, бәріне ортақ бір­тұ­тас сома бел­гіле­у­ге бол­май­ды. Әр субъ­ект үшін бұл сома жеке аны­қта­луы керек және оған негіз бола­тын жалақы­сы және басқа да заң­ды табысы ғана бол­са керек.

8. Заң­ның 5‑бабының 2‑тармағының 1‑тармақшасы мін­дет­тер­дің бірі ретін­де: «Актив­тер­ді шыға­ру сала­сын­дағы заң бұзу­шы­лы­қты аны­қтау, жолын кесу, ашу және тер­геу» деп көр­сет­кен. Алай­да жоба арнайы құры­лған өкілет­ті органға мұн­дай құзы­рет бер­мей­ді де, соған қарап, ол орган­ның өзіне жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді орын­да­уға құзы­ретінің жет­кілік­ті екеніне күмән кел­тіру­ге негіз бар. Сон­ды­қтан да мұн­дай жеке орган құр­май-ақ, бұл заң­ды атқа­ру­ды Бас про­ку­ра­ту­раға жүк­те­уді ұсы­на­мыз, бұл үшін оның қажет заң­на­ма­лық мүм­кін­дік­тері жет­кілік­ті. Сон­дай-ақ заң­ды жүзе­ге асы­руға тиісті құрал­дар қата­рын­да жаза­ла­у­шы шара­лар­ды қарас­ты­ру керек, оның ішін­де қыл­мыстық қуда­лау да бар.

9. Реестр (тізім) тура­лы. Реестр­ге тек субъ­ек­тілер-физи­ка­лық тұлға­лар жөнін­де­гі мәлі­мет­тер­ді ғана енгі­зу ұсы­ны­лған. Бұл тізім­ге субъ­ек­тілер­дің заң­сыз ием­де­ген деп таны­лған бар­лық актив­тері тура­лы мәлі­мет­тер­ді енгі­зу қажет. Заң тала­бын­дағы мақ­сат­тарға жету үшін, бұл тізім­де тір­келіп тұруға тиіс бір жыл аздық етеді.

10. Реестр­ге тір­кел­ген тұлға­ның актив­терін ашу тура­лы декла­ра­ци­я­ны көр­се­ту­ге құқы бар деген нор­ма күмән­ді. Ол оның мін­деті болуы тиіс!

11. Жоба­дағы актив­тер­ді өз еркі­мен қай­та­рып беру тура­лы келісім­ге қол қой­ған тұлға бола­шақта қан­дай да бір қуда­ла­удан боса­ты­ла­ды деген ере­же жөн­сіз. Бұл кор­руп­ци­я­лық ымы­ра­шы­лы­ққа соқтырады.

12. Жоба­да заң­сыз ием­де­ну­ге жата­тын актив­тер­дің 3 тобы қарас­ты­ры­лған: а) негіз­сіз бай­лық; ә) шығу тегі қыл­мысқа қаты­сы бар актив­тер; б) қыл­мыстық әре­кет­тер­мен (тір­лік­пен) бай­ла­ны­сы бар актив­тер. Тек бірін­ші топ­тың ғана аны­қта­у­шы мәні бар. Қалған екі топ­тағы аны­қта­у­шы мән­нің жоқты­ғы және шара қол­да­ну үшін аза­мат­тық-про­цес­су­ал­дық нор­ма­ларға жүгі­ну керек екені заң­ды осы жағ­дай­лар­да қол­да­нуға еш мүм­кін­дік бермейді.

13. Арнайы мем­ле­кет­тік қор және басқа­ру­шы ком­па­ния тура­лы. Біздің ойы­мыз­ша, ешқан­дай да қосым­ша құры­лым­дар құру­дың қажеті жоқ. Қай­та­ры­лған ақша­лай емес актив­тер­дің бар­лы­ғы да ҚР қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік мүлік­ті басқа­ру жөнін­де­гі коми­тетінің құзы­ры­на берілуі тиіс. Қай­та­ры­лған бар­лық ақша­лай қара­жат және ақша­лай емес актив­тер­ді сату­дан түс­кен қар­жы Ұлт­тық қор­дың құра­мын­дағы арнайы есеп­шо­тқа ауда­ры­луы тиіс. Оны пай­да­ла­ну тура­лы шешім­ді ҚР Пар­ла­мен­ті бюд­жет­ті бекіт­кен кез­де қабылдайды.

«Elge Qaitaru» қоғам­дық қоры жоба­ны толы­қты­рып жазу жұмысы­на қаты­су мүм­кін­ді­гіне ие болған жағ­дай­да, әр бап бой­ын­ша ескер­ту­лерін ұсы­нуға дайын.

ДАТ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн