Среда , 18 июня 2025

БИЛІК ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНАН САБАҚ АЛҒАН

Елі­міздің тарихы­на қара әріп­пен жазы­лған қан­ды Қаңтар оқиға­сы әлі талай жыл­дар бойы жұм­бақ болып қала­тын сыңайы бар. Оқиғаға қаты­сы бар деген лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың істері құпия түр­де өтті. Деген­мен, шын­ды­ққа жете­міз деген аза­мат­та­ры­мыз да жоқ емес. Сон­дай адам­дар­дың бірі, таны­мал құқы­ққорға­у­шы Бақыт­жан ТӨРЕҒОЖИНА ханым­ды әңгі­ме­ге тар­тып, Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты сөз қозғадық. 

– Бақыт­жан Аманға­лиқы­зы, күні кеше Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты «Стре­лять на пора­же­ние» атты кітап­ты басып шығар­ды­ңыз. Осы кітап­тың жарық көруіне не түрт­кі бол­ды, кітап­та қан­дай деректер бар және оны қай­дан сатып алуға болады?

– Бұл кітап – Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты деректер­ді құжат­тау жұмысы­ның нәти­же­сі. Біз, бір топ құқы­ққорға­у­шы, о бастан осы жұмысты қолға алып, оқиғаға қаты­сқан адам­дар­ды іздеп тауып, олар­дың про­тестке не себеп­ті қаты­сқа­нын, қан­дай жарақат алған­да­рын аны­қтап, бастан өткер­ген жағ­дай­ла­рын құжат­тан­дыр­дық. Қаңтар оқиға­сы кезін­де қай­тыс болған адам­дар­дың туы­ста­ры­нан сұх­бат алдық. Осы жұмыстың бәрін қоға­мға шынайы ақпа­рат жет­кі­зу және айғақтар­ды жинау үшін жасадық. 

Кітап Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты баян­да­ма­лар­дың негізін­де дай­ын­дал­ды. Саты­лым­да жоқ. Бар-жоғы 100 дан­амен шыққан кітап­ты про­ку­ра­ту­ра, қала және ҚР Пре­зи­ден­ті әкім­шілі­гіне, сон­дай-ақ поли­ция қыз­меті бас­шы­лы­ғы­на жол­да­дық. Нақты айтқан­да, бірін­ші кезек­те, Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты шешім қабыл­дай­тын адам­дар осы кітап­пен таны­сып шық­са екен дедік. Кітап­та құқы­ққорға­у­шы­лар тара­пы­нан бірқа­тар ұсы­ны­стар кел­тіріл­ді. Сол ұсы­ны­ста­ры­мыз ескеріледі деген үміті­міз бар.

– Кітап­тың ата­уы Пре­зи­дент Тоқа­евқа тіке­лей қаты­сты екен. Атап айтқан­да, Пре­зи­дент­тің қару қол­да­ну тура­лы бұй­ры­ғы­на. Айты­ңыз­шы, сол жағ­дай­да Пре­зи­дент қат­ты шара­ларға бар­маған­да, Қаңтар оқиға­сы­ның артын­да тұрған күш­тер, нақты айтқан­да, тұңғыш пре­зи­дент­тің туы­ста­ры жеңіп кетер еді деген пікір­ге қалай қарайыз?

– Қаңтар оқиға­сы кезін­де бұрын-соң­ды көр­ме­ген нәр­сені бастан өткер­дік. Ол – Пре­зи­дент­тің қару қол­да­нуға бер­ген бұй­ры­ғы және қаза тапқан­дар саны. Осы екі дүние – сол қан­ды күн­дер­дің басты мәселесі.

Қаңтар оқиға­сы­на тұңғыш пре­зи­дент­тің туы­ста­ры­ның қаты­сы бар деген тұжы­рым әзір­ше тек болжам ғана. Біз­де тұңғыш пре­зи­дент­тің туы­ста­ры Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сы бар деген ресми мәлі­мет жоқ. Бұл жөнін­де тек құқық тұрғы­сы­нан сөй­леу керек, ал әзір­ше олай айта алмаймыз.

Ал Пре­зи­дент­тің қатаң қада­мға баруы, адам­дарға оқ ату деген сөз емес. Қатаң қадам­ды басқа­ша да жүзе­ге асы­руға болар еді. Адам­дарға қару қол­да­нып, оқ жауды­ра­тын­дай жағ­дай болған жоқ. Оқтан қаза болған адам­дар­дың көп­шілі­гінің қолын­да қару­ла­ры бол­маған. 4 жастағы Айкөр­кем мен 12 жасар Сұл­тан деген бала­лар­дан қан­дай қауіп бол­ды, айты­ңыз­шы! Сот бары­сын­да көп­те­ген әске­ри­лер­дің өздері айтып отыр, әйел­дер мен бала­ларға қар­сы қару қол­да­нуға бол­май­ты­ны тура­лы біле­міз деп. Соған қара­ма­стан, бей­біт халы­ққа қар­сы ескер­тус­із қару қол­да­ныл­ды. Адам­дар­ды қырып сал­ды. Біз өз баян­да­ма­мы­зда қару қол­да­ну асы­ғыс және төн­ген қауіп­ке сәй­кес емес деп кел­тіріп өттік. Қаза болған 238 адам­ның 19‑ы әске­ри­лер, ал қалға­ны жай адам­дар. Тарап­тар шығы­нын салы­сты­руға да кел­мей­ді. Осы тұрғы­да мем­ле­кет адам­дар­дың өмір сүру құқы­ғы­на кепіл емес екенін көр­сет­ті. Бұн­дай жағ­дай­да өзге құқы­қтар­дың сақта­луы жөнін­де сөз қозға­удың өзі артық сияқты. Мем­ле­кет бас­шы­сы адам­дар­дың өмір сүру құқы­ғы­на кепіл болу­дың орны­на, керісін­ше, өмір­лерін қия­тын бұй­рық берді.

Сот­та­лып жатқан әске­ри­лер­дің сөз­дерін тың­да­сақ, қару қол­данған оқиға­лар кезін­де көп жағ­дай­да әске­ри­лер­дің өміріне тіке­лей қауіп бол­маған. Жап­пай тәр­тіп­сіздік­тер­ді тоқта­ту­дың қару қол­дан­бай­тын талай жол­да­ры бар еді, бірақ мем­ле­кет оны жасамады.

Басты­сы – қару қол­да­ну тура­лы бұй­рық беріл­ген кез­де бей­біт және қыл­мыс­кер ара­сын­дағы айыр­ма­шы­лық тура­лы түсінік­те­ме болған жоқ. Билік осы­ны жаса­маған­ды­қтан, көп­те­ген бей­біт адам­дар­дың өмірі қиыл­ды. Бұл – халы­қа­ра­лық құқы­қтар­дың прин­циптеріне қай­шы дүниелер. 

  • …Сот­та­лып жатқан әске­ри­лер­дің сөз­дерін тың­да­сақ, қару қол­данған оқиға­лар кезін­де көп жағ­дай­да әске­ри­лер­дің өміріне тіке­лей қауіп бол­маған. Жап­пай тәр­тіп­сіздік­тер­ді тоқта­ту­дың қару қол­дан­бай­тын талай жол­да­ры бар еді, бірақ мем­ле­кет оны жасамады.

– Қаңтар оқиға­сын ұйым­да­сты­ру­шы­лар халы­қты нелік­тен оп-оңай іле­стіріп әкет­ті деп ойлайсыз?

– Бірін­ші кезек­те ұйым­да­сты­ру жағы жоға­ры дең­гей­де бол­ды. Осы рет­те Пре­зи­дент­тің оқиғаға алдын ала дай­ын­далға­ны тура­лы пікіріне қосы­ла­мын. Оны өз көзі­міз­бен көр­дік. Сол күн­дері бей­біт шеруді күштік қақты­ғы­старға апа­ра­тын сая­си тех­но­ло­ги­я­лар да жетік қол­да­ны­лған. Қала­ның шет жағын­да жиналған адам­дар қала орта­лы­ғы­на бағыт­талған сай­ын, олар­дың саны өсіп оты­рған. Әле­умет­тік желілер мен мес­сен­джер­лер кең пай­да­ла­ны­лған. Көп жағ­дай­да қыл­мыстық әлем­нің өкіл­дері ара­ласқан. Олар­дың күштік құры­лым­дар­дан кура­тор­ла­ры болған деген де болжам бар. 

– Күштік құры­лым­дар­дың Қаңтар оқиға­сы кезін­де­гі әре­кет­теріне қан­дай баға берер едіңіз?

– 2022 жыл­дың 5 қаңта­рын­да 17:00 сағат шама­сын­да елі­міздің көп­те­ген қала­ла­рын­да поли­ция қыз­мет­кер­лері алаң­дар­ды боса­тып, үйлеріне тарқау тура­лы бұй­рық алған. Ол тура­лы құжат­тар қолы­мы­зда бар. Күштік құры­лым қыз­мет­кер­лері әдейі ала­ста­ты­лған. Соны­мен қатар ұлт­тық гвар­дия мен әске­ри қыз­мет­кер­лер­дің көп­теп зақым алу­ла­ры олар­дың кәсі­би дай­ын­дық дең­гей­інің төмен­ді­гін көр­се­те­ді. Ашы­ғын айтқан­да, біздің құқық қорғау мен әске­ри күш­тері­міз шынайы төтен­ше жағ­дай­ға еш дай­ын емес. Оны бүкіл ел көрді.

– Сіз­дер­дің мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, Қаңтар оқиға­сы бой­ын­ша неше адам сот­та­лып, қан­ша­сы ақта­лып шықты?

– Біз­де 576 іс құжат­тан­ды­рыл­ды. Оның 175 ісі қаза болған­дарға қаты­сты. Қалған­да­ры жап­пай про­те­стік шараға қаты­сқан­дар бой­ын­ша. 40 шақты ада­мға қаты­сты қыл­мыстық істер тоқта­тыл­ды. Біздің қазір­гі жұмысы­мыз адам­дар­дың бұзы­лған құқы­ғын қал­пы­на кел­тіру­ге бағытталған. 

– Қаңтар оқиға­сы бой­ын­ша тіке­лей жұмыс жасаған адам ретін­де­гі өзіңіздің жал­пы ойы­ңыз қан­дай және оның артын­да кім тұр­ды деп ойлайсыз?

– Не десек те, бірін­ші кезек­те адам құқы­қта­ры жап­пай бұзыл­ды. Жағ­дай­ды ресми жари­я­ланған 238 қаза болған адам саны­ның өзі-ақ айтып тұр емес пе?! Қаза болған­дар­дың ішін­де қарт­тар мен бала­лар да бар. Оны мем­ле­кет­тің өзі де мой­ын­дап отыр. Бола­шақта мұн­дай тра­ге­ди­я­ның қай­та­ла­нуы­на қоғам мен мем­ле­кет болып жол бер­ме­уі­міз керек. Қаңтар оқиға­сы­ның артын­да нақты мынау тұр­ды деп айта алмай­мын. Өйт­кені билік жағ­дай­дың жай-жап­са­рын толы­қтай жария еткен жоқ. Мем­ле­кет тер­геу мен сот­ты ашық жүр­гіз­ген­де ғана оқиға­ның қалай болға­нын, қалай ұйым­да­сты­ры­лға­нын және артын­да кім­дер­дің тұрға­нын білер едік. Кәрім Мәсі­мов пен оның орын­ба­сар­ла­ры­ның тер­ге­уі мен соты құпия түр­де өткен­дік­тен, болжам­дар дең­гей­ін­де ешнәр­се айта алмаймын.

– Қаңтар оқиға­сы­на қаты­сты кінәлілер­дің бар­лы­ғы әділ жаза­сын алды деген­мен келі­сесіз бе?

–  Жоқ. Қаза болған 226 адам­ның ісі бой­ын­ша кінәлілер аны­қталған жоқ. Қазір тек қаза болған 12 ада­мға қаты­сты сот істері жүріп жатыр. Өкініш­ке орай, 226 адам­ның өлі­міне кім кінәлі деген сұраққа мем­ле­кет жау­ап бер­мей отыр. Сон­ды­қтан әділ жаза тура­лы айту әлі ерте. 

– Қаңтарға дей­ін­гі және қаңтар­дан кей­ін­гі Тоқа­ев­тың айыр­ма­шы­лы­ғы бар деп ойлай­сыз ба?

– Иә, бар. Қаңтарға дей­ін дипло­ма­ти­я­лық білі­мі бар интел­ли­ген­ция өкілі біздің мем­ле­кет­ті адам құқы­қта­ры сақта­ла­тын, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қта­ры биік қоға­мға жете­лей­ді деген ойда бол­дық. Ал Қаңтар­дан кей­ін оның бәрі сағы­мға айнал­ды. Бей­біт халы­ққа қар­сы қару қол­да­нуға бұй­рық бер­ген Пре­зи­дент­ке сұрақта­ры­мыз көп. 

– Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін билік қат­ты абды­рап қал­ды. Адам­дар енді халық билі­гі үстем­дік ете­ді деген ойда бол­ды. Өкініш­ке орай, олай бол­май шықты. Бас көтер­ген адам­дар­ды ұстау, қамау, айып­пұл салу секіл­ді амал­дар қай­та күшейе түсті. Бәрі бұры­нғы қал­пы­на қай­та кел­ді. Аза­мат­тық бел­сен­ділік­тің төмен­ді­гін немен түсін­дірер едіңіз?

– Сіз­бен келі­се­мін. Бәрі бұры­нғы қал­пы­на қай­та кел­ді. Оның түп­кі себебі сая­си ойлау, жап­пай бақы­лау, шексіз билік, жемқор­лық және аза­мат­тық қоғам­ды сый­ла­мауда деп ойлаймын. 

Басты­сы – біздің билік­те­гілер «не жаса­саң да, жау­ап­кер­лік арқа­ла­май­сың» деген ойды әбден сіңір­ген. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін амни­стия жари­я­ла­нып, оқ атқан­дар­ды жау­ап­кер­шілк­тен алып кету ама­лы жасал­ды. Біздің заң­да­ры­мы­зды мұқи­ят зерт­те­сеңіз, билік­ті жау­ап­кер­шілік­тен барын­ша қорға­уға бағыт­талған. Ең өкіні­штісі – біздің билік Қаңтар оқиға­сы­нан сабақ алған жоқ.

– Аза­мат­тық қоға­мы­м­ы­здың даму жол­да­рын қалай көресіз?

– Жаңа­дан бір нәр­се ойлап табу­дың қажеті жоқ. Үнде­мей оты­руға бол­май­ды. Өз құқы­қта­ры­ңы­зды қорғап, мем­ле­кет­тің өз халқы­ның алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гі тура­лы ашық айту­дан қоры­қ­пау керек. Дамы­ған аза­мат­тық қоға­мға жете­лей­тін қадам­дар­ды тоқтат­па­уы­мыз шарт.

Сая­си пар­ти­я­лар құрып, өз аза­мат­тық ұста­ным­да­ры­мы­зға берік болуы­мыз керек. Қай­да жүр­сек те, жемқор­лы­ққа қар­сы тұрып, біз мем­ле­кет­ке емес, мем­ле­кет біз­ге жұмыс жасау керекті­гін есте сақтай­ық! Сон­да ғана мықты аза­мат­тық қоғам бола аламыз.

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рақмет!

Аза­мат МОЛДАСАНОВ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн