Четверг , 3 июля 2025

Жоба қабылданған соң, ЗАҢ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

  • Ернұр Бей­сен­ба­ев, мәжіліс депу­та­ты, Заң жоба­сын дай­ын­да­у­шы топ­тың мүшесі:

Қазір әлем­де актив­тер­ді іздеу және қай­та­ру – бар­лық елдің өзек­ті мәсе­лесі болып отыр.

2022 жыл­дың басын­да мем­ле­кет бас­шы­сы, халы­қа­ра­лық сарап­шы­лар­дың пай­ым­да­уын­ша, елі­міз­де­гі бай­лы­қтың тең жар­ты­сы 162 ада­мға тиесілі екенін айтқан болатын.

Сон­дай-ақ әлем­дік қар­жы сарап­шы­лар­дың жасаған баға­ла­у­ы­на сүй­ен­сек, даму­шы елдер пара алу, қара­жат­ты заң­сыз ием­де­ну сияқты жол­дар­мен жыл сай­ын шама­мен 30 млрд дол­ларға дей­ін жоғал­та­ды екен.

Актив­тер­ді елден шыға­руға қар­сы күрес – мем­ле­кет­тің мін­деті. Өйт­кені ол эко­но­ми­каға кері әсер етіп, қоғам­ның тұрақты­лы­ғы мен қауіп­сізді­гіне айтар­лы­қтай қауіп төн­діреді, елдің про­грес­сив­ті дамуы­на зиян келтіреді.

Қыл­мыстық жол­мен тапқан табыст­ың қомақты бөлі­гі әлем­дік қар­жы орта­лы­қта­ры­нан әртүр­лі жол­дар­мен «қауіп­сіз, жай­лы орын» тауып жатады.

Бұл қара­жат заң­сыз түр­де жыл­жы­ма­лы және жыл­жы­май­тын мүлік нысан­да­ры­на, баға­лы қағаз­дарға және басқа да қар­жы құрал­да­ры­на салы­на­ды, шетел­дік банк­тер­де­гі шот­тарға орна­ла­сты­ры­ла­ды, офф­шор­лар­да жатады.

Ұрланған, заң­сыз алы­нған актив­тер­ді қай­та­ру про­цесі – мем­ле­ке­та­ра­лық тиім­ді ынты­мақ­та­сты­қты талап ететін, мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дағы жүй­елі еңбек­ті қажет ететін өте күр­делі жұмыс.

Осы рет­те аталған олқы­лы­қты тез ара­да шешу үшін, Мәжіліс депу­тат­та­ры «Заң­сыз алы­нған актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру» тура­лы заң жоба­сын әзір­леді. Бұл заң­ды қабыл­дау бүгін­де өте өзек­ті болып отыр.

Заң жоба­сы­ның басты мақ­са­ты – Қаза­қстан аумағын­да және одан тыс жер­де заң­сыз алы­нған актив­тер­ді қай­та­ру­дың заң­на­ма­лық тетік­терін айқын­дау, олар­ды шетел­ге шыға­ру жағ­дай­ла­рын аны­қтап, жолын кесу және болдырмау.

Соны­мен, заң жоба­сы аясын­да Арнайы уәкілет­ті орган мен комис­сия құры­ла­ды, заң­ды және жеке тұлға­лар­дың жабық реест­рі жаса­лып, мем­ле­кет­тік қор жасақталады.

Заңға жеке және заң­ды тұлға­лар­дың шек­те­улі тобы, яғни заң­сыз әре­кет­тер арқы­лы бай­лы­ққа, актив­тер­ге ие болған адам­дар жатады.

Бұл рет­те жеке тұлға­лар қата­ры­на лау­а­зым­дық шен­ді пай­да­ла­ну арқы­лы негіз­сіз бай­лы­ққа ие болған және оларға қаты­сы бар адам­дар­ды жатқы­зуға бола­ды, оның ішінде:

1) жау­ап­ты мем­ле­кет­тік лау­а­зым­ды, мем­ле­кет­тік ұйым­да неме­се ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор­да басқа­ру функ­ци­я­ла­рын орын­дау бары­сын­да әкім­шілік-билік ресур­ста­ры­на ие болған адам­дар жатады;

2) әкім­шілік-билік ресур­ста­рын пай­да­ла­на оты­рып, актив­тер­ді заң­сыз ием­де­ну мен кәсіп­кер­лік­ке заңға қай­шы, бәсе­ке­ле­стік­тен тыс арнайы қолай­лы жағ­дай жаса­уға ықпалдасу.

Актив­тер­ді қай­та­руға бағыт­талған шара­лар осы жеке тұлға­лар­мен тығыз бай­ла­ны­ста болған, заң­сыз сыбай­ла­стық орнатқан өзге тұлға­ларға да қол­да­ны­ла­ды. Мәсе­лен, жақын туы­ста­ры, таны­ста­ры, көлік жүр­гі­зу­шісі, қыз­мет­шісі және олар­дың мүл­кіне номи­нал­ды иелік ететін адамдар.

Осы­лай­ша, аталған заң жоба­сы ірі сыбай­лас жемқор­лы­ққа және рес­пуб­ли­ка­лық, жер­гілік­ті дең­гей­де­гі әкім­шілік-билік­пен біте қай­на­сқан оли­го­по­ли­я­лық топ­тарға қар­сы пәр­мен­ді шара­лар енгізеді.

Заң­ның новел­ла­сы­на – шетел­де актив­тер­ді қай­та­ру бой­ын­ша жұмысты заң шең­берін­де жүр­гі­зу тетік­тері қарастырылған.

Заң жоба­сын­да актив­тер­ді қай­та­ру­дың ерік­ті неме­се мәж­бүр­лі тәр­тібі көз­дел­ген:

1) ерік­ті түр­де қай­та­ру. Өздеріне тиесілі мүлік­ті мем­ле­кет­ке өте­усіз беру жолы­мен жүзе­ге асырылады;

2) сот­тар­дың шешім­деріне сүй­ене оты­рып, қыл­мыстық про­цесс шең­берін­де заң­сыз алы­нған актив­тер­ді тәркілеу;

3) мүлік­тің қыл­мыстық шығу тегі болған кез­де заң­сыз алы­нған актив­тер­ді мәж­бүр­леп қайтару;

4) сот­тар­дың неме­се шет мем­ле­кет­тер­дің өзге де уәкілет­ті орган­да­ры­ның шешім­дері негізін­де тәр­кілеу.

Жал­пы заң аясын­да – арнайы комис­сия құры­ла­ды, заң­ды және жеке тұлға­лар­дың реест­рі пай­да бола­ды, арнайы Мем­ле­кет­тік қор мен уәкілет­ті орган құры­ла­ды.

Заң жоба­сын­да Аза­мат­тық про­цесс шең­берін­де тәр­кіле­удің мына­дай алго­рит­мі көзделеді:

Бірін­ші. Егер мони­то­ринг және ақпа­рат­ты тал­дау қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша уәкілет­ті орган­да құны 100 млн АҚШ дол­ла­ры­нан аса­тын актив­тер­ді сатып алу көз­дерінің заң­ды­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты негізді күмән туын­да­са, уәкілет­ті орган субъ­ек­тіні және оның үле­стес тұлға­ла­рын реестр­ге енгі­зу мәсе­лесін комис­си­я­ның қара­уы­на шығарады.

Екін­ші. Мате­ри­ал­дар­ды қарау қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша комис­сия адам­ды реестр­ге енгі­зу неме­се қос­пау тура­лы ұсы­ныс береді.

Үшін­ші. Уәкілет­ті орган реестр­ге енген аза­мат­тарға олар­дың актив­тері тура­лы декла­ра­ци­я­ны тап­сы­ру құқы­ғы­ның бар екенін жет­кі­зеді. Декла­ра­ци­я­лар­ды тек­се­реді және тек­се­ру нәти­же­лерін комис­си­я­ның қара­уы­на шыға­ра­ды. Соның нәти­же­сін­де комис­сия одан әрі шара­лар қабыл­дау тура­лы ұсы­ным­дар шыға­ра­ды (тізілім­нен шыға­ру неме­се АПК және ҚПҚ көз­дел­ген одан әрі іс жүр­гі­зу шара­ла­рын қабыл­дау).

Төр­тін­ші. Егер адам декла­ра­ци­я­ны тап­сы­ру арқы­лы өз актив­терінің шығу тегін рас­тай алма­са, не декла­ра­ци­я­ны табыс етпе­се, мұн­дай актив­тер негіз­сіз бай­лық ретін­де таны­лып, мем­ле­кет кірісіне қай­та­ры­луы мүмкін.

Адам­дар­дың құқы­қта­рын қорға­уға, ашы­қты­ққа кепіл­дік беру және аза­мат­тық қоғам тара­пы­нан бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да Заң жоба­сы­мен: 1) адам­дар­дың жабық реест­рі; 2) комис­си­я­ның алқа­лы қара­уы, 3) депу­тат­тар мен қоғам бел­сен­ділерінің комис­сия құра­мы­на қаты­суы; 4) адал сатып алушы­лар мен адал кре­ди­тор­лар­дың құқы­қта­ры қорға­ла­ды; 5) бар­лық саты­лар­да сотқа шағым­да­ну мүм­кін­ді­гі бар; 6) келісім­дер­дің талап­та­рын орын­даған адам­дар үшін кепіл­дік­тер беріледі;

Заң жоба­сын­да арна­у­лы мем­ле­кет­тік қор мен басқа­ру­шы ком­па­ни­я­ның қыз­меті регламенттелген.

Арнайы мем­ле­кет­тік қор – қай­та­ры­лған актив­тер­ді жинақтау және өткі­зу үшін қазы­на­шы­лық орган­да­рын­да ашы­лған Үкі­мет­тің қол­ма-қол ақша­сын бақы­лау шоты.

Басқа­ру­шы ком­па­ни­я­ның мін­дет­тері: мем­ле­кет аты­нан өзіне қай­та­ры­лған актив­тер­ді мен­шік­ке қабыл­дау мен заң­ды басқа­ру, қара­жат­ты арнайы мем­ле­кет­тік қорға ауда­ру­ды қам­та­ма­сыз ету болып табылады.

Заң жоба­сын іске асы­ру үшін, түзе­ту­лер­ді көз­дей­тін төрт іле­с­пе заң жоба­сы әзірленді:

1) «Про­ку­ра­ту­ра тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заң;

2) Салық кодексі (салық құпи­я­сы­на қол жет­кі­зу);

3) Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекс;

4) Өзге де кодек­с­тер мен заң­дар (АК, АПК, ҚК, ҚПКӘРПК).

Бұның бәрі «Заң­сыз алы­нған актив­тер­ді мем­ле­кет­ке қай­та­ру тура­лы» заң­ның әділ­дік­ті орна­ту­ды көз­дей­тін негіз­гі қадам­дар­дың бірі саналады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн