Пятница , 4 июля 2025

АПАТТЫҢ

алдын алудың

6 АМАЛЫ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­мьер-мини­стрі Әли­хан Смай­ы­лов мырзаға

  • Абай облы­сын­да болған және адам өлі­міне алып кел­ген ала­пат өрт – бүкіл халқы­мыз үшін үлкен қай­ғы­лы оқиға бол­ды. Қоғам­ды дүр сілкіндірді.

Прези­дент Қасым-Жомарт Кемелұ­лы Тоқа­ев осы кез­де Абай облы­сын­да халы­қтың орта­сын­да болып, қаза тапқан­дар­дың туы­ста­ры­мен кез­де­сті және оларға жан-жақты көмек көр­се­туді тап­сыр­ды. Бұл кез­де­судің өте ауыр жағ­дай­да өткенін бар­лы­ғы­мыз көрдік.

Пре­зи­дент Үкі­мет, уәкілет­ті мини­стр­лік­тер мен өңір әкім­ді­гінің алды­на мін­дет­тер қой­ды, тиісті шешім­дер­ді қабыл­дап, жағ­дай­ды толық бақы­ла­у­ға алды. Бас про­ку­ра­ту­ра қозғаған қыл­мыстық іс аясын­да жау­ап­ты лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың іс-әре­кетіне құқы­қтық баға беріліп, кінәлілер­дің бар­лы­ғы заң бой­ын­ша жау­а­пқа тар­ты­ла­ты­ны айтылды.

Өз кезе­гін­де Пар­ла­мент Мәжілісінің депу­тат­та­ры Абай облы­сы­на барып, өрт сөн­діру­шілер­мен және тұрғын­дар­мен кез­де­сті, ерік­тілер­дің жұмыста­рын ұйым­да­сты­руға атса­лы­сты. Шынын айту керек, жер­гілік­ті жер­де орын алған жағ­дай аза­мат­тық қорғау орган­да­ры, тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар табиғи апат­тарға дай­ын бол­маға­нын тағы да көр­сет­ті. Депу­тат­тар Үкі­мет­тің наза­рын орман шару­а­шы­лы­ғын­дағы өрт­ке қар­сы және құтқа­ру қыз­метін­де­гі жүй­елі про­бле­ма­ларға ауда­рып, бір­не­ше депу­тат­тық сау­ал­дар жол­даған болатын.

Бірақ іс жүзін­де мәсе­ле­лер толық шешіл­ме­ген. Мұн­дай салғырт­ты­қтың орны тол­мас ауыр қай­ғы­ға алып келетінін өмір көр­сетіп отыр. Мем­ле­кет бас­шы­сы төтен­ше жағ­дай­лар жөнін­де­гі жедел шта­б­тың оты­ры­сын­да был­тыр Қоста­най облы­сын­да болған өрт­тен қоры­тын­ды шыға­рыл­маға­нын, беріл­ген тап­сыр­ма­лар сапа­сыз орын­далға­нын қатаң сынға алды.

Осы­ған бай­ла­ны­сты бола­шақта төтен­ше жағ­дай­лар­дың алдын алу үшін жүй­елі шара­лар қабыл­дау қажет деп санай­мыз. Атап айтқанда:

Бірін­ші. Орман және дала өрт­терін уақты­лы аны­қтау және олар­дың алдын алу жөнін­де нақты жұмыс істей­тін іс-қимыл алго­рит­мін әзір­леу қажет.

Себебі осы жолы тиісті мем­ле­кет­тік орган­дар ара­сын­да үйле­стіріл­ген жұмыстың бол­мауы­на бай­ла­ны­сты қауіп­ті қатер­ді уақты­лы болжау және алдын алу мүм­кін болмады.

Өрт ошағы тура­лы алға­шқы деректер 8 мау­сым сағат 11:23-те ғарыш аппа­рат­та­ры­нан алы­нып, 8 мау­сым сағат 13.20-да Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гінің мәлі­мет­тер база­сы­на беріл­се де, қауіп дең­гейі лай­ы­қты бағаланбады.

Екін­ші. Өрт­ті жоға­ры дәл­дік­пен аны­қтай­тын зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну аясын кеңейту:

– орман алқап­та­ры мони­то­рин­гінің қол­да­ны­стағы ақпа­рат­тық жүй­е­лерін дұрыс әрі бар­лық жер­де пай­да­ла­ну­ды қам­та­ма­сыз ету;

– өрт ошақта­рын аны­қта­удың қосым­ша жерүсті жүй­е­лерін орнату;

– жер­ді зондтай­тын Қаза­қстан спут­ник­терін жоға­ры дәл­ді­гі бар жылу дат­чик­тері­мен жарақтандыру;

– табиғи апат­тар жағ­дай­ын­да тиісті қыз­мет­тер­ді фото және бейне-түсі­ру мүм­кін­дік­тері бар дрон­дар­мен жаб­ды­қтау қажет.

Үшін­ші. Орман шару­а­шы­лы­қта­ры, резер­ват­тар­ды басқа­ру орта­лы­қта­ры орна­ласқан ауыл­дық елді мекен­дер­де сапа­лы инфрақұры­лым болуға тиіс. Олар­ды бай­ла­ныс жүй­есі­мен және жыл­дам интер­нет­пен, сапа­лы жол­дар­мен қам­та­ма­сыз ету керек.

Төр­тін­ші. Орман сала­сы­ның маман­да­рын даяр­лау және қол­дау, орман шару­а­шы­лы­қта­ры­ның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын нығай­ту өте маңызды.

«Семей орма­ны» орман табиғи резер­ва­ты­ның балан­сын­да 363 тех­ни­ка бар. Онда нелік­тен адам­дар өрт­ті сөн­діру­ге жеке көлік­тері­мен барған? Тех­ни­ка­ның жай-күйі қан­дай? Тіп­ті қажет­ті тех­ни­ка бар ма? Сон­ды­қтан орман шару­а­шы­лы­қта­ры­ның мате­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық база­сын жаңар­тып, өрт­ке қар­сы арнайы тех­ни­ка­мен толық жаб­ды­қтау қажет.

Сон­дай-ақ резер­ват жанын­да табиғи апат­тар­мен күре­су­ге арналған арнайы бөлім­ше болуға тиіс және оны бар­лық қажет­ті жаб­ды­қтар­мен, соның ішін­де орман қоры­ның жай-күй­ін бақы­ла­у­ға арналған дрон­дар­мен жарақтан­ды­ру керек.

Орман шару­а­шы­лы­ғы қыз­мет­кер­лерін әле­умет­тік қол­дау шара­ла­рын күшей­тіп, олар­дың жалақы­сын үне­мі арт­ты­рып оты­рған жөн. Сон­дай-ақ қыз­мет­кер­лер­ді арнайы киім­мен және жаб­ды­қтар­мен қам­та­ма­сыз ету қажет.

Бесін­ші. Төтен­ше жағ­дай­лар мини­стр­лі­гінің жеке құра­мы­ның санын көбей­ту, өрт­ке қар­сы арнайы тех­ни­ка­мен және жүріп өту мүм­кін­ді­гі жоға­ры тех­ни­ка­мен жарақтан­ды­ру, аза­мат­тық қорғау қыз­мет­кер­лерін әле­умет­тік қам­сыздан­ды­ру мәсе­ле­лерін шешу (бұл тұрғын үй мәсе­лесі және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер үшін өте­мақы), сон­дай-ақ «Қаза­виақұтқа­ру» АҚ авиа­пар­кін жаңар­ту және ұлғай­ту керек.

Алтын­шы. Бұл мәсе­ле­лер кезек күт­тір­мей­ді, шұғыл шешім­дер­ді қажет етеді.

Сон­ды­қтан Үкі­мет­ке ведом­ство­ара­лық жұмыс тобын құрып, орман шару­а­шы­лы­ғы сала­сын­дағы және өрт­ке қар­сы қорға­уды қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі мәсе­ле­лер­ді толық қар­жы­лан­ды­ру және заң­на­ма­ны, оның ішін­де мем­ле­кет­тік сатып алу заңы­на өзгерістер енгі­зу мәсе­лесін қай­та қарау керек. Бұл жұмысқа депу­тат­тар да қаты­суы қажет.

Нұр­тай СӘБИЛАНОВ, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

 

«АГРО» УНИВЕР

талан-таражаға түскен

МҮЛКІН ІЗДЕЙДІ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Бас Про­ку­ро­ры Берік Асы­лов мырзаға 

  • «Aма­нат» пар­ти­я­сы елі­міз­де­гі заң­сыз иелен­ген актив­тер­ді қай­та­ру мәсе­лесіне ерекше назар аударады.

Жақын­да Қазақ ұлт­тық аграр­лық зерт­теу уни­вер­си­тетінің бір топ оқы­ту­шы-ғалым­да­ры «Aма­нат» пар­ти­я­сы­на уни­вер­си­тет­тен заң­сыз шыққан актив­тер­ді оқу орны­на қай­та­ру жөнін­де жүгінді.

Уни­вер­си­тет ұжы­мы басқа мен­шік иелеріне заң­сыз өткен актив­тер тізі­мі­мен таны­стыр­ды. Бұл тізім­де – 3 сту­дент­тік жатақ­ха­на (1000 төсек-оры­нға), 5 оқу-зерт­ха­на­лық кор­пус (18828,5 ш.м), әкім­шілік-шару­а­шы­лық ғима­рат­тар және өзге де жыл­жы­май­тын мүлік объ­ек­тілері (700 ш.м), уни­вер­си­тет ғима­рат­та­ры­на ірге­лес жер учас­ке­лері (шама­мен 5 га), уни­вер­си­тет­тің Алма­ты облы­сы­ның Талғар және Еңбек­шіқа­зақ аудан­да­рын­да орна­ласқан оқу-тәжіри­белік шару­а­шы­лы­қта­рын­дағы жер учас­ке­лері (12 га) бар.

2006–2007 жыл­да­ры «Ири­да Инвест» ЖШС Оқу-спорт кешені және ірге­лес жер учас­ке­лері бар ста­ди­он­ды, оқу және әкім­шілік ғима­рат­тар­ды, аяқтал­маған құры­лыс объ­ек­тісін және Абай, 28 мекен­жайы бой­ын­ша жер учас­кесін, сон­дай-ақ Абай, 8 мекен­жайы бой­ын­ша жер учас­кесі бар Әкім­шілік-шару­а­шы­лық ғима­рат­тар­ды мен­шік­ке алды. Ста­ди­он маңын­дағы учас­ке­лер­дің бірін­де «Exclusive DUET» тұрғын үй кешені пай­да болды.

Сон­дай-ақ кез­де­су бары­сын­да ЖОО бас­шы­лы­ғы уни­вер­си­тет аумағын­да «РАМС-Қаза­қстан» ЖШС көп­пә­тер­лі тұрғын үй сала бастаға­нын, алай­да жақын маң­дағы үйлер тұрғын­да­ры­ның, оқы­ту­шы­лар мен сту­дент­тер­дің тала­бы бой­ын­ша құры­лы­стың 2021 жылы тоқта­ты­лға­нын хабарлады.

Аны­қта­ма: «Ири­да Инвест» ЖШС құры­л­тай­шы­лар арқы­лы «РАМС-Қаза­қстан» ЖШС-мен бай­ла­ны­сты. Бірін­шісі тұрғын емес ғима­рат­тар салуға маман­данған және 2015 жыл­дан бастап шама­мен 11,4 млн тең­ге салық төле­ген. Оған актив­тер­ді беру кезеңін­де ком­па­ни­я­ның тең құры­л­тай­шы­сы бел­гілі «Базис‑А» ЖШС құры­лыс кор­по­ра­ци­я­сы бол­ды. 2017 жылы ол құры­л­тай­шы­лар құра­мы­нан шықты, қазір «Ири­да Инвест» ЖШС иесі және бас­шы­сы Баим­бе­то­ва Дина­ра Алматқы­зы болып табы­ла­ды. Ол – бірқа­тар басқа құры­лыс фир­ма­ла­ры­ның бас­шы­сы және құры­л­тай­шы­сы, сон­дай-ақ «РАМС-Қаза­қстан» ЖШС құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның тең иесі Баим­бе­тов Алмат Олжа­бай­ұлы­ның қызы. Агро­но­мия факуль­тетінің сту­дент­тік жатақ­ха­на­сы – ЖОО мәлі­мет­тері бой­ын­ша, тұрғын үйге айнал­ды­рыл­ды және оны кей­бір «жеке тұлға­лар» жеке­ше­лен­дір­ді. Қазір үйдің бір бөлі­гін «IBIS» қонақ үйі алып жатыр, соны­мен қатар бірін­ші қабат­та бар­лар мен кара­оке орналасқан.

«Зоо­ин­же­не­рия» факуль­тетінің сту­дент­тік жатақ­ха­на­сы – ортақ үле­стік мен­шік­те, жер пай­да­ла­ну­шы бой­ын­ша деректер жоқ, ныса­на­лы мақ­са­ты – «фер­мер­лер­ді даяр­лау орта­лы­ғы». Сон­ды­қтан мекен­жайы «ХЗ» мей­рам­ха­на­сы («жақ­сы меке­ме»).

«Зоо­ин­же­не­рия» және «Вете­ри­на­рия» факуль­тет­терінің оқу-зерт­ха­на­лық кор­пу­ста­ры болған алты қабат­ты әкім­шілік ғима­рат­та «CONCORD» биз­нес орта­лы­ғы орналасқан.

Бұры­нғы «Ауыл шару­а­шы­лы­ғын меха­ни­ка­лан­ды­ру» факуль­тетінің оқу кор­пу­сы­ның бір бөлі­гі – 2001 жылғы мау­сым­да «ҚР Үстел тен­нисі феде­ра­ци­я­сы» ҚБ мен­ші­гіне беріл­ді (мем­ле­кет­тік мен­шік­ті сатып алу-сату­дың №1963 шар­ты бой­ын­ша). Содан кей­ін Үстел тен­нисі феде­ра­ци­я­сын Сер­гей Рыж­ков басқар­ды, ал қазір Тимур Құлы­ба­ев­тың серік­тесі Дани­яр Әбілға­зин басқарады.

«Зоо­ин­же­не­рия» факуль­тетінің сту­дент­тік жатақ­ха­на­сы­ның бір бөлі­гін­де – «Қай­нар» ака­де­ми­я­сы мен гүл база­ры орналасқан.

Бұры­нғы «Ауыл шару­а­шы­лы­ғын элек­тр­лен­ді­ру» факуль­тетінің оқу ғима­ра­ты 2001 жылы Халы­қа­ра­лық биз­нес уни­вер­си­тетіне сатыл­ды (мем­ле­кет­тік мен­шік­ті сатып алу-сату №2032 келісім­шарт бой­ын­ша).

Ұжым өкіл­дері Актив­тер­ді сату неме­се олар­ды сенім­гер­лік басқа­руға беру тура­лы бар­лық шешім­дер рек­тор Т.И. Еспо­ло­втың (2001 жыл­дан 2022 жылға дей­ін) және Алма­ты қала­сы­ның бұры­нғы әкі­мі И.Н. Тасмағам­бе­то­втың (2004 жыл­дан 2008 жылға дей­ін) тұсын­да қабыл­дан­ды деп айтады.

Ерлан САЙЫРОВ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

ЖЕТІ ЖЫЛҒА

созылған жол құрылысы 

ҚАШАН БІТЕДІ?

ҚР пре­мьер-мини­стрінің бірін­ші орын­ба­са­ры Роман Скляр мырзаға

  • «Қал­ба­тау – Май­қап­шағай» бағы­ты бой­ын­ша 415 шақы­рым­дық жол бүгін­гі күні Абай облы­сы бой­ын­ша 197 шақы­рым, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да 218 шақы­рым­ды құрай­ды. Бұл жол Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қар­жы­лан­ды­руы­мен салынуда.

Жұмыс 2016 жыл­дың шіл­де айы­нан 2024 жыл­дың қара­ша­сы­на дей­ін аяқта­луы керек еді. Бірақ осы жеті жыл­дың ішін­де бар салы­нға­ны 156 шақы­рым ғана. Ол Май­қап­шағай­дан Ақ мек­теп­ке дей­ін­гі ара қашы­қтық, оның өзі де үзік-үзік, тек биы­лғы жылы ғана толы­ғы­мен аяқта­луы тиіс. Бұл аталған бес лот­ты Қытай­дың «Синь-Синь» ком­па­ни­я­сы салу­да. Абай облы­сы­ның Көк­пек­ті, Ақсу­ат аудан­да­ры, Шығыс Қаза­қстан­ның Тар­баға­тай, Зай­сан, Марқа­көл аудан­да­ры ешқай­да не ауру­ха­наға, не тау­ар тасы­ма­лы­на қаты­на­са алмай отыр.

Бүгін­де «Май­қап­шағай» кедені жұмыс істеп тұр, тран­зит­тік жүк тасы­мал­да­у­шы­лар апта­лап осы жол­дың бой­ын­да қиын­дық көру­де. Өзі­міздің халы­қты айт­паған­да, шетел жүр­гі­зу­шілерінің біздің елі­міз тура­лы не ойлай­ты­ны белгілі.

Соны­мен қатар «Өске­мен – Алтай – Рах­ман қай­на­ры» жолы, айты­лған шека­ра­лық аймақтарға айна­лып өтетін жол құры­лы­сы да, сақал­ды құры­лы­сқа айналды.

Бұл құры­лы­сқа да қар­жы­лан­ды­ру қарастырылмаған.

«Aма­нат» пар­ти­я­сы­ның сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­сын­да шека­ра­лық аудан­дар­ды басым дамы­ту мәсе­лесі ерекше көр­сетіл­ген. Аталған жол құры­лы­ста­ры – шека­ра­лық аудан­дар­дың инфрақұры­лы­мы болып табылады.

Жоға­ры­да айты­лған­дар­ды еске­ре оты­рып, мына сұрақтарға жау­ап беруіңізді сұраймын:

  1. «Қал­ба­тау – Май­қап­шағай» авто­мо­биль жолын қай­та жаңар­ту және «Тал­ды­қорған – Қал­ба­тау – Өске­мен» авто­мо­биль жолын қай­та жаңар­ту нысан­да­рын толы­ққан­ды аяқтау үшін, Үкі­мет қан­дай шара­лар қолдануда?
  2. Аталған нысан­дар нақты қашан аяқта­ла­ды деп жоспарлануда?
  3. «Өске­мен – Алтай – Рах­ман қай­на­ры» жолын қар­жы­лан­ды­ру қашан басталады?

Ұлы­қ­бек ТҰМАШИНОВ,

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты,

«Aма­нат» фрак­ци­я­сы­ның мүшесі

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн